https://electroinfo.net

girniy.ru 1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ



ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


БАЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛ АРАСЫН КӨБЕЙТУ БИТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Жоғарғы оқу орындарының «051201» - «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Семей, 2011


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ


ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


«БЕКІТЕМІН»

Оқу - әдістемелік кеңестің

төрағасы, бірінші проректор

Рскелдиев Б.А


« » 2011 жыл


БАЛЫҚ ЖӘНЕ БАЛ АРАСЫН КӨБЕЙТУ БИТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Жоғарғы оқу орындарының «051201» - «Ветеринариялық медицина» мамандығына арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


АВТОРЫ:

Ахметжанов О.Н., ветеримнария ғылымдарының кандидаты,

ветеринариялық медицина кафедрасының доценті міндетін атқарушы;


ПІКІР БЕРГЕН. Қажиев Х.Ж., биология ғылымдарының кандидаты, доцент


Ветеринариялық медицина кафедрасының отырысында мақұлданды.

Хаттама № 1 « 31 » 08 2011 жыл

Хаттама №1 « 20 » 09 2011 жыл


АЛҒЫ СӨЗ


«Балық және бал арасын көбейту биотехнологиясын ұйымдастыруы» пәні бойынша оқу бағдарламасы «051201» «ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алып, экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуіне және халықаралық қатынастардың аса қарқынды жүре бастауына байланысты, елімізде ауыл шаруашылығын, сонымен бірге ветеринария қызметін қайта құру қажеттілігі туындады.

Ветеринария қызметінің негізгі міндеттерінің бірі жануарлар ауруларының алдын алу, олардан алынатын өнімдерді cапасын артырып, көлемін молайту екені белгілі. Сонымен қатар бүгінгі таңда балық және бал арасы шаруашылықтарын өркендету де маңызды болып отыр. Өйткені бұл салалардың өнімдеріне ішкі, сыртқы нарықта сұраныс артып отыр.


Бұл пәннің негізгі міндеті балықтар мен бал арасын қолдан көбейту, өсіру биотехнологиясын оқыту.

Балықтарды қолдан көбейту, өсіру биотехнологиясы бойынша студенттерге:

- балықтардың биологиясы мен экологиясы, балық шаруашылығындағы биотехнология мен аквакультура, тоғандарда балық өсіру биотехнологиясы, балық уылдырығы мен шоғалын алу және шабақтарды өсіру биотехнологиясы, жылу сүйгіш және суық сүйгіш балық тұқымдарын өсіру биотехнологиясы, балық шаруашылығын интенсификациялаудың биотехнологиясы, тауарлы балық шаруашылығының арнайы түрлерінің биотехнологиясы, үй жанындағы балық шаруашылығы биотехнологиясы, табиғи су көздеріндегі балық шаруашылығы биотехнологиясы оқытылады.

Бал арасын қолдан көбейту, өсіру биотехнологиясы бойынша студенттерге:

- бал арасының жіктелуі мен экологиясы, бал арасының морфологиясы мен көбею биологиясы, бал арасын көбейту биотехнологиясы, бал арасы әулеті мүшелерінің даму биологиясы, бал ара әулетін көбейту биотехнологиясы, бал арасын сұрыптау (селекция) биотехнологиясы оқытылады.

Пәнін меңгеру үшін студенттер балық және бал арасы морфологиясы және физиологиясын, биологиясынн балықтар мен бал арасының ауруларын білулері қажет.


1. БАЛЫҚТАРДЫ КӨБЕЙТУ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Кіріспе


Балық және омарта шаруашылықтарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі орны. Балықтан және бал арасынан өндірілетін өнімдер. Қазақстандағы балық және омарта шаруашылықтары және оның жағдайы.

«Балық және бал арасын көбейту биотехнологиясын ұйымдастыру» пәнінің мақсаты мен міндеттері.


Балық шаруашылықтары туралы түсінік


Тауарлы балық шаруашылықтары. Қазақстандағы балық шаруашылықтары, оның жағдайы, мүмкіндіктері мен міндеттері. Биотехнология. Балық өсіруде биотехнологияның қолданылуы.


Балықтың биологиясы мен экологиясы

Балықтар. Балықтардың жіктелуі. Балықтардың жыныс мүшелерінің құрылысы. Балықтардың көбею биологиясы. Қазақстаның, оның ішінде Шығыс Қазақстанның ихтиофаунасы мен экологиясы.



Балық шаруашылығындағы биотехнология мен аквакультура


Балық шаруашылығындағы биотехнология және оның балық өнімдерін өндірудегі маңызы. Тауарлы балық өндірісінің даму тарихы. Балық шаруашылығындағы биотехнология мен аквакультура. Балық өсіру және балық өнімін көбейтуде аквакультураның маңызы. Аквакультураның нысандары мен негізгі бағыттары, құрылымы. Тоған – бөгет, көл, өнеркәсіптік аквакультура мен марикультура. Қазақстандағы аквакультураның даму мүмкіндіктері.


Тоғандарда балық өсіру биотехнологиясы


Тоғанда балық өсіру шаруашылығы және оның ерекшелігі. Тоғандардың категориялары. Тоғандардың құрылымы. Уылдырық шашу, құрт шабақтар өсіру, осы жылғыт шабақтар өсіру, шабақтар қыстайтын, тауарлық балық өсіретін, аталықтарды, аналықтарды және өсімге қалдырылатын шабақтар ұстайтын және қосалқы (карантиндік, инкубациялық, уылдырық шашар алдындағы, тірі балықтарды уақытша ұстау қоршауы т.б) тоғандарындағы балық өсіру биотехнологиясы.


Балық уылдырығы мен шоғалын алу және шабақтарды өсіру биотехнологиясы


Балық тұқымын алудың тоғандық және заводтық әдістері. Балық тұқымын алудың тоғандық әдісінің биотехнологиясы. Балық тұқымын алудың заводтық әдісінің биотехнологиясы. Балық уылдырығы мен шоғалын алу техникалары. Уылдырықты ұрықтандыру және инкубациялау техникасы. Құрт шабақтарды, осы жылғы шабақтарды өсіру, қыстату және тауарлық балықты өсіру биотехнологиясы.


Жылу сүйгіш балық тұқымдарын өсіру биотехнологиясы


Жылу сүйгіш балықтардың биологиялық ерекшеліктері. Жылу сүйгіш балықтардың өсіретін тоған шаруашылықтарының ерекшеліктері. Олардың гидрологиялық, гидробиологиялық тәртібі. Жылу сүйгіш тұқы тұқымдас балықтарды өсіру биотехнологиясының ерекшеліктері.


Суық сүйгіш балық тұқымдарын өсіру биотехнологиясы

Суық сүйгіш балықтардың биологиялық ерекшеліктері. Суық сүйгіш балықтардың өсіретін тоған шаруашылықтарының ерекшеліктері. Олардың гидрологиялық, гидробиологиялық тәртібі. Суық сүйгіш албырт балық тұқымдас бахтах балықтарын өсіру биотехнологиясының ерекшеліктері.



Балық шаруашылығын интенсификациялаудың биотехнологиясы


Балық шаруашылықтарын интенсификациялау туралы түсінік. Балық шаруашылығын интенсификациялаудың кешендік әдістері: жоғарғы өнімді балық тұқымдарын өсіру, тоғандарға балықты тығыз орналастыру, тоғанда балықтың бірнеше түрін бірге өсіру (поликультура), балқты қолдан азықтандыру, тоғандарды тыңайту және мелиорациялау.


Тауарлы балық шаруашылығының арнайы түрлерінің биотехнологиясы


Тауарлы балық шаруашылығының арнайы түрлері. Күріш – балық шаруашылығы, тұқы балық – үйрек, қаз шаруашылықтары, өндіріс орындарының жылы суларында балық өсіретін шаруашылықтар (индустральдық).


Үй жанындағы балық шаруашылығы биотехнологиясы


Фермерлік балық шаруашылығының мұмкіндіктері. Үй жанындағы балық өсіретін тоғандар. Үй жанындағы тоғандарда балық өсірудің биотехнологиялық ерекшеліктері.


Табиғи су көздеріндегі балық шаруашылығы биотехнологиясы


Табиғи су көздеріндегі балық шаруашылығы туралы түсінік. Көлдердің жіктелуі. Көлде балық шаруашылығын ұйымдастыру әдістері мен балық өсіру биотехнологиясының ерекшеліктері. Көлдің ихтифаунасын қалыптастыру.


2. БАЛ АРАСЫН КӨБЕЙТУ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ


Кіріспе


Омарта шаруашылығы, даму тарихы және оның ауыл шаруашылығында алатын орны. Бал арасынан өндірілетін өнімдер. Қазақстандағы омарта шаруашылықтары және оның жағдайы, мүмкіндіктері және міндеттері.


Бал арасының жіктелуі мен экологиясы


Бал арасы және оның жіктелуі. Бал арасының тұқымдары. Бал арасының экологиясы.


Бал арасының морфологиясы мен көбею биологиясы

Бал арасының сыртқы, ішкі құрылысы. Аталық аралардың жыныс мүшелері, сперматогенез. Аналық араның жыныс мұшелері.Жұмысшы аралардың жыныс мұшелері.Оогенез. Жұмыртқалардың ұрықтануы мен аналық араның жұмыртқалауы. Аралардың шағылысуы.



Бал арасы әулеті мүшелерінің даму биологиясы


Бал арасы әулеті, оның мүшелерінің эмбриональдық және постэмбриональдық дамуы. Ара аналығының даму ерекшеліктері. Аталық аралардың даму ерекшеліктері.


Бал арасы әулетінің көбею биологиясы

Бал арасы әулетінің құрылымы. Бал арасы әулеті мүшелерінің қарым қатынасы. Ара үясы. Ұя микроклиматы. Ұрпақ өсіру. Ара әулетінің өсуі. Үйірлену.


Бал арала әулетін көбейту биотехнологиясы


Бал арасын қолға үйрету тарихы. Бал арасы үялары мен құрал жабдықтары. Омарталар. Бал арасы әулетімен жұмыс істеу ережелері. Омарталардағы көктемгі жұмыстар. Ара әулетін қолдан көбейту биотехнологиясы. Аналық араны қолдан өсіру биотехнологиясы. Бал арасы пакеттерін дайындау биотехнологиясы.


Бал арасын сұрыптау (селекция) биотехнологиясы


Бал арасы әулетін – селекция нысаны ретінде қарастыру. Бал арасы қолтұқымдары. Фенотиптік корреляция. Аналық және аталық аралардың шағылысуын қадағалау. Аналақ аралар мен аталық аралар өсіру биотехнологиясы. Аналықтарды шағылыстыру, ұрықтанған аналық алу биотехнологиясы.


ШАМАМЕН ОҚУ УАҚЫТЫН БӨЛУ






Бөлім

Барлығы (сағат)

Дәрістер

(сағат)

Лабораториялық жаттығу сабағы (сағат)

1

Балықтарды көбейту биотехнологиясын ұйымдастыру

23



15

8

2

Бал арасын көбейту биотехнологиясын ұйымдастыру


22

15

7




Барлығы

45

30

15












Дәріс тақырыптары үлгісі

1

Кіріспе. Балық шаруашылықтары туралы түсінік

2

Балықтың биологиясы мен экологиясы

3

Балық шаруашылығындағы биотехнология мен аквакультура

4

Тоғандарда балық өсіру биотехнологиясы

5

Балық уылдырығы мен шоғалын алу және шабақтарды өсіру биотехнологиясы

6

Жылу сүйгіш балық тұқымдарын өсіру биотехнологиясы

7

Суық сүйгіш балық тұқымдарын өсіру биотехнологиясы

8

Балық шаруашылығын интенсификациялаудың биотехнологиясы

9

Тауарлы балық шаруашылығының арнайы түрлерінің биотехнологиясы

10


Үй жанындағы балық шаруашылығы биотехнологиясы

11

Табиғи су көздеріндегі балық шаруашылығы биотехнологиясы

12

Кіріспе. Бал араның жіктелуі мен экологиясы

13

Бал арасының морфологиясы мен көбею биологиясы

14

Бал арасы әулеті мүшелерінің даму биологиясы

15

Бал арасы әулетінің көбею биологиясы

16

Бал арала әулетін көбейту биотехнологиясы

17

Бал арасын сұрыптау (селекция) биотехнологиясы










Лабораториялық жаттығу сабақтарының тақырыбыүлгісі

1

Балықтың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу. Балықтың жынысын анықтау.

2

Балықтарды тоғандарда табиғи жолмен көбейту биотехнологиясымен танысу

3

Балықтан уылдырық және шоғал алу биотехнологиясы

4


Уылдырық пен шоғалдың сапасын анықтау және ұрықтандыру биотехнологиясы

5

Уылдырықтан пайда болған құртшабақтарды өсіру биотехнологиясы

6

Майда шабақтарды өсіру биотехнологиясы

7

Шабақ балықтарды қыстату және өсіру биотехнологиясы

8

Бал арасының сыртқа және ішкі құрылысымен танысу

9

Бал арасы әулетімен, оның мүшелерімен және ара ұясымен танысу

10

Бал арасымен жұмыс істеу ережелері және ара әулетін көбейту биотехнологиясы

11

Бал арасын көбейту биотехнологиясы

12

Бал арасының аналығын көбейту биотехнологиясы

13

Бал арасы әулеті пакеттерін өндіру биотехнологиясы



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ


Рет

саны

БАЛЫҚТАРДЫ КӨБЕЙТУ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1

Мұхит суында балық өсіру биотехнологиясы


2

Шаян тәрізділер мен ұлуларды өсіру биотехнологиясы

3

Балық шаруашылықтарында балықты азықтандыру және тасымалдау

4

Қазақстанның ихтиофаунасы

5

Балық аурулары




Барлығы




БАЛ АРАСЫН КӨБЕЙТУ БИОТЕХНОЛОГИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

6

Бал арасының тұқымдары

7

Омарталарда жүргізілетін бал арасы тұқымын асылдандыру жұмыстары

8

Бал арасының аурулары

9

Омарта шаруашылықтарын ұйымдастыру









ӘДЕБИЕТТЕР


НЕГІЗГІ:


1. Козлов В.И., Никифоров – Никишин А.Л., Бородин А.Л. АКВАКУЛЬТУРА. (учебник) «Колос», Москва, 2006 г.


2. Иванова З.А., Мерузи И.В., Пищенко Е.В. Алтайский зеркальный карп – новая высокопродуктивная порода прудовых рыб. Новосибирск. 2002 г.

3. Кривцов Н.И., Лебедев В.И., Туников Г.М. Пчеловодство. (учебник) Москва. «Колос». 1999 г.


ҚОСЫМША:


4. Булекбаева Л.Т., Искаков М.М. Балық аурулары. Астана. 2009


5. Прокопов К.П., Федотова Л.А., куликов Е.В., Кириченко О.И. Ихтиофауна Восточного Казахстана. Усть – каменогорск. 2006.


6. Микитюк П.В. Вет – санэкспертиза пресноводных рыб. Москва. 1989 г.


7. Нуждин А.С., Виноградов В.П. Основа пчеловодства. (Уч. Пособия). Москва. «Колос». 1982 г.


8. Аветисян Г.А. Пчеловодства. Москва. «Колос». 1982 г.


9. Кедельбаев Б.Ш., Мамырбекова А.К. Медициналық және ветеринариялық биотехнология. Алматы. 2009.


10. Пчеловодство. Журнал. Мерзімді басылым.


11. Интернет материалдары.


12. Современная ветеринарная медицина. Журнал. 2010 г.


13. ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы ХАБАРШЫСЫ. Аграрлық ғылым сериясы. №5. 2011 жыл.


«Балық және бал арасын көбейту биотехнологиясын ұйымдастыру» пәнінен емтихан сұрақтары.


  1. Балық шаруашылықтары туралы түсінік

  2. Балықтың биологиясы

  3. Балықтың экологиясы

  4. Балық шаруашылығындағы биотехнология мен аквакультура

  5. Балықты табиғи жолмен көбейту, өсіру биотехнологиясы

  6. Балықты қолдан көбейту, өсіру биотехнологиясы

  7. Жылу сүйгіш балық тұқымдарын өсіру биотехнологиясы

  8. Жылу сүйгіш балық тұқымдарын өсіру биотехнологиясы

  9. Балық шаруашылығын интенсификациялаудың биотехнологиясы

  10. Тауарлы балық шаруашылығының арнайы түрлерінің биотехнологиясы

  11. Үй жанындағы балық шаруашылығы биотехнологиясы

  12. Табиғи су көздеріндегі балық шаруашылығы биотехнологиясы

  13. Қазақстанның балық шаруашылықтары

  14. Қазақстанның балық ихтиофаунасы

  15. Балықтың сыртқы және ішкі құрылысым

  16. Балықтың жынысын анықтау
  17. Балықтарды қолдан тоғандық әдіспен көбейту биотехнологиясы


  18. Балықтан уылдырық алу биотехнологиясы

  19. Балықтан шоғал алу биотехнологиясы

  20. Балықтарды қолдан заводтық әдіспен көбейту биотехнологиясы

  21. Жылу сүйгіш балықтардың ұрықтанған уылдырығын инкубациялау биотехнологиясы

  22. Жылу сүйгіш балықтардың құртшабақтарын өсіру биотехнологиясы

  23. Жылу сүйгіш балықтардың шабақтарын өсіру биотехнологиясы

  24. Жылу сүйгіш балықтарды қыстату биотехнологиясы

  25. Суық сүйгіш балықтардың ұрықтанған уылдырығын инкубациялау биотехнологиясы

  26. Суық сүйгіш балықтардың құртшабақтарын өсіру биотехнологиясы

  27. Суық сүйгіш балықтардың шабақтарын өсіру биотехнологиясы

  28. Суық сүйгіш балықтарды қыстату биотехнологиясы

  29. Балық шаруашылықтарында ихтиопатологиялық зерттеу жүргізу

  30. Балық аурулары, анықтау, ветеринариялық – санитариялық шаралары

  31. Мұхит суында балық өсіру биотехнологиясы

  32. Шаян тәрізділер мен ұлуларды өсіру биотехнологиясы

  33. Балық шаруашылықтарында балықты азықтандыру биотехнологиясы

  34. Балық шаруашылықтарында тірі балықты тасымалдау ережелері

  35. Жылу сүйгіш балықтар және оларды өсіретін шаруашылықтардың ерекшеліктері

  36. Суық сүйгіш балықтар және оларды өсіретін шаруашылықтардың ерекшеліктері

  37. Балықты поликультурада өсіру

  38. Тоғанда балықпен үйрек – қаз өсіру биотехнологиясы

  39. Күріш алқабында балық өсіру биотехнологиясы

  40. Бал арасы, жіктелуі

  41. Бал арасының экологиясы

  42. Аналық араны қолдан ұрықтандыру биотехнологиясы

  43. Аналық араны табиғи жағдайда қадағалап ұрықтандыру биотехнологиясы

  44. Дернәсілден аналық және аталық ара өсіру биотехнологиясы

  45. Бал арасы әулетін көбейту биотехнологиясы
  46. Бал арасы әулетінің пакеттерін өндіру биотехнологиясы


  47. Бал арасының сыртқа және ішкі құрылысы

  48. Бал арасы әулетінің мүшелері

  49. Бал арасымен жұмыс істеу ережелері

  50. Бал арасы ұясы, құрылымы

  51. Бал арасының көбею биологиясы, аталық аналық ара мен мен аталық араның шағылысуы

  52. Бал арасы әулетінің көбею биологиясы

  53. Бал арасының тұқымдары

  54. Омарта шаруашылықтары

  55. Қазақстанның омарта шаруашылықтары

  56. Бал арасынан алынатын өнімдер

  57. Бал арасы тұқымын асылдандыру жұмыстары

  58. Бал арасының аурулары

  59. Бал арасын қыстамаға дайындау және қыстату

  60. Омартадағы көктемгі жұмыстар