https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


Оқу әдістемелік кешенінің құжаты 3 деңгейлі

ПОӘК

ПОӘК

042-14-4.04.01.20.23/03-2011

ПОӘК

«Биологияны оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығы

2 басылым




050607 – «Биология» мамандығына арналған


«Биологияны оқыту әдістемесі»


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР


СЕМЕЙ

2011


Мазмұны


1. Глоссарий

2. Дәрістер

3. Практикалық сабақтар

4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары


  1. Глоссарий


Анықтама-ұғымның мазмұнын дәл ашу.

Оқыту әдісі- мұғалімнің мектеп оқушыларына танымдық қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және өмір сүруге дайындайтын білім мен іскерлік, дағды беру әдісі.

Әңгіме- нақтылы материалды жүйелі баяндау немесе табиғи обьектінің не табиғат құбылыстарының әйтеуір біреуін сипаттау.


  1. Дәрістер

Тақырып 1. Кіріспе. Биологияны оқыту әдістемесі- педогогикалық ғылым.

Ғылым белгілері, құрылым жүйесі, негізгі әдебиеттер. Методикалық зерттеулер-мектеп әдіскерлерінің іс тәжірибесін оқып үйрену. Бақылау және эксперимент, оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы. Оқыту әдістемесінің методикалық негізі, міндеттері, құрылу жүйесі. Студенттерге қойылатын талаптар. (курс жұмысы, диплом жұмысы, зачет, экзамен

Методиканың міндеті- студенттерге курстың мазмұнын , хабарлау формаларын, әдістері мен тәсілдерін іріктеу. Биологияны оқыту әдістемесі дидактика принциптеріне, студенттердің жаңа білім игеруінің психологиялық заңдылықтарына, биология курсының мазмұына сүйенеді. Биологияны оқыту әдістмесі педагогикалық ғылымдар цикліне жатады. Болашақ мұғалім биология курсының мазмұнын , оқушыларды бұл пәнге оқытудың негізгі формаларын, әдістерін және тәсілдерін айқын білуі керек.


Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің сабақтың мақсатына, оқылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей биология сабақтарында қалай пайдаланатынын ұғып алу қажет. Болашақ мұғалімдер мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болу үшін биология бағдарламаларын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білу тиіс: оқыту процесінде тәрбие берудің, оқушылардың жалпы дамуының және олардың политехникалық дайындығы мен еңбек дайындығының міндеттерін жүзеге асыра білуі; оқытудың сан алуан формаларын, әдістерін және методикалық тәсілдерін игерулері; сан алуан сыныптан тыс биология жұмыстарын ұйымдастыра жіне жүргізе білулері керек.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,3,4,5.

Тақырып 2. Оқу әдістемесі дамуының негізгі этаптары мен бағыттары.

Революцияға дейінгі кезең. Алғашқы жаратылыстану оқулығы.

В.В. Зуев-еңбегінің маңызы, алғашқы орыс әдіскері А. Я. Герд- еңбегінің маңызы, оның методикалық еңбектері

Ушинский Константин Дмитриевич- бастауыш білім беру саласындағы аса ірі методист және педагог. Ол мектеп жасындағылардың логикалық ойы мен тілін дамыту үшін мектептерде жаратылыстануды оқып үйренуге үлкен мән берді. Ол оқушыларды оқыту сөзге негізделмей, олардың тікелей қоршаған әлемнен алған әсерлеріне негізделуі керек деп есептеді. К.Д. Ушинский білімді саналы игеруге орасан зор мән берді және оқу анық, жүйелі және бір ізді болғанда ғана оқушыларға толық мағыналы білім бере алады деп есептеді. Ол көрнекі құралдармен оқытудың қажеттігін дәлелдей келе көрнекілік теориясын талдап жасады.

К.Д. Ушинский табиғат құбылыстарын бақылау және оны қорыту білімнің негізгі қайнар көздері болуы керек деп атап көрсетті. Ол: табиғат- адам өз мақсаттарына пайдалана отырып, өз іс-әрекетін өрістететін табиғи орта дейді. Адам табиғаттың заңдарын ашады да, оны өзіне қызмет еткізеді. «Жаратылыс ғылымдары,-деп жазды ол, түгелдей адамның ақыл ойының табиғат құпиясымен осынау мәңгілік күресі болып табылады ».


Россия мектептерінде жаратылыстанудан сабақ берудің озық орыс методикасының негізін қалаушы. Ол мектепте оқушыларды жаратылыс ғылымдарының негіздеріне дұрыс оқыту мүмкіншілігі үшін күресті Ч. Дарвиннің ізбасары оның еңбектерінің аудармашысы болып және Россияда алғашқылардың бірі болып орта мектепке арналған зоология оқулығында дарвинизм идеясын жүзеге асырды. Өзінің методикалық пікірлерінде А.Я. Герд оқытудың озық әдістері мен тәсілдерін: оқушылардың табиғатта өз бетімен бақылау жасауын, балалардың табиғатқа экскурсияға шығуын, зертханалық жұмыстарды заттық сабақтар жүргізуді жақтады. «Заттық сабақтар» деген бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған методикалық құралында А.Я. Герд мұғалімдерге бастауыш сыныптарда табиғат зерттеу жөнінде қалай жұмыс істеу керек екенін түсіндіреді, неліктен алдымен өлі табиғатты, ал содан кейін барып тірі табиғатты зерттеу керектігін дәлелдейді. Ол заттық сабақтардың мақсаты оқушыларды дамытумен қатар, оларға қоршаған әлем туралы, Жер туралы және Жерде тіршілік ететін жан иелері туралы дұрыс және біртұтас ұғым беру деп жазды. «Заттық сабақтарда» А.Я.Герд бұл сабақтардың үлгілерін беріп, қандай құралдар пайдаланатындығын, оқушылардың қандай тәжірибелерді қалайша жүргізетіндігін сонымен бірге олардың қандай қорытындыларға келулері керектігін көрсетті.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,3,4,7.

Тақырып 3. Оқыту әдістемесінің қазіргі кездегі дамуы.

Биологияны оқыту әдістемесі биологиялық ғылымдармен тығыз байланысты. Мектептегі биология пәні мен биология ғылымы арасында мақсаты, көлемі , құрылымы және әдістері бойынша өте үлкен айыпмашылық бар. Биология ғылымының мақсаты- зерттеу жолдарымен табиғатта жаңа мәліметтерді алу. Мектеп биология пәнінің мақсаты- оқушыларға алынған ғылым мәліметтері мен заңдылықтарын хабарлау. Мектеп пәнін оқытуда негізгі ғылыми мәселелерді артық ақпараттарсыз жеткізетін шектеулі уақыт бөлінеді. Биология ғылымында мысалы, ботаника, зоология өз кезегінде морфология, анатомия, физиология, экология т.б. деп жіктеледі. Мектеп пәнінде тірі организмдерді оқыту үшін бұлар біріктіріледі. (Х-Х1 сыныптарда). 1932 жылы 25 тамызда бастауыш пен орта мектептерде оқу бағдарламалары мен қатаң белгіленген сабақ кестесі бекітілді. “Мұғалім жүйелі түрде белгіленген уақытында сабаққа кіріп балаларға білім бере отырып, оқулық және кітаппен жұмыс істеуге үйретуге міндетті. “ “Оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге ( есептер шешуге және жаттығулар орындауға, моделдерді жасауға) үйрету ”. “ Жекелеген пәндерге оқыту әдістемелерін жазып шығару ” Мұғалімдердің көмегімен 1935 жылы “ Биология және химия в школе” журналы шыға бастады. 1948 жылы Ленинградта “Естествознание в школе” журналы шыға бастады. Кейінірек ғылымның дамуына байланысты мектеп биологиясына эксперимент және демонстрация енгізіле басталды. Ең негзгі мәселе мектепте биологиядан сабақ беру әдістемесін шешу болды. Осы негізде биологияны оқыту әдістемесі мәселелерімен педагогтар және әдіскерлер институттарында арнайы секторлар ашыла бастады.


Қолданылған әдебиеттер: 1,2,4,5.

Тақырып 4. Оқыту әдістемесінің советтік кезеңінен одан әрі дамуы.

Педагогика мен психология ғылымдарымен байланыстың тереңдеуі.

Ұғым даму теориясының құрылуы, пән аралық байланыстың тереңдеуі. Оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуы. 60-70 ж дамуы. Құрамындағы өзгерістер

Биологияны оқыту әдістемесіндегі үлкен жаңалық ұғым даму теориясы.

Биологияны оқыту әдістемесі дидактика принциптеріне, студенттердің жаңа білім игеруінің психологиялық заңдылықтарына, биология курсының мазмұына сүйенеді. Биологияны оқыту әдістмесі педагогикалық ғылымдар цикліне жатады. Болашақ мұғалім биология курсының мазмұнын , оқушыларды бұл пәнге оқытудың негізгі формаларын, әдістерін және тәсілдерін айқын білуі керек.

Педагогикада оқытылатын жалпы дидактикалық принциптердің сабақтың мақсатына, оқылатын материалдың көлеміне, оны оқушылардың ұғу ерекшеліктеріне байланысты тікелей биология сабақтарында қалай пайдаланатынын ұғып алу қажет. Болашақ мұғалімдер мектеп алдында ғылыми жаратылыстың білім беру саласында тұрған міндеттерді жүзеге асыра алатын болу үшін биология бағдарламаларын, оқулықтар мазмұнын, олардың идеялары мен құрылу принциптерін жақсы білу тиіс: оқыту процесінде тәрбие берудің, оқушылардың жалпы дамуының және олардың политехникалық дайындығы мен еңбек дайындығының міндеттерін жүзеге асыра білуі; оқытудың сан алуан формаларын, әдістерін және методикалық тәсілдерін игерулері; сан алуан сыныптан тыс биология жұмыстарын ұйымдастыра жіне жүргізе білулері керек.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,3,4,5.


Тақырып 5. Мектеп биология курстарындағы биологиялық ұғымдардың дамуы.

Ұғымның даму тарихы, қалыптасу жағдайлары, даму методикасы. Ұғым қалыптасуымен іскерлік дағдының дамуы. Қайталау жүйесі. Негізгі жалпы биологиялық және арнаулы биологиялық ұғымдардың жүйесі. Пән аралық байланыстар

Оқушылардың айқын және дәл түсініктерінің болуы бұл ұғымдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ұғымның белгілі бір мазмұны мен көлемі болады. Ұғымның мазмұнына заттың немесе табиғат құбылысының оны басқалардан ажырататын маңызды белгілері кіреді. Биологияда ұғымның екі түрімен танысамыз. Географиялық ұғымдарға жеке және жалпы ұғымдар; биологиялық ұғымдарға түр және туыс ұғымдары жатады.


Жалпы ұғымдар терминдермен, ал жеке ұғымдар атаулар немесе жалқы есімдермен аталады. Биологиялық түр ұғымдары – қоян, шырша, көктікен. Биологиялық туыс ұғымдары- жануар, қылқан жапырақты өсімдік, гүлді өсімдік. Туыс немесе жалпылама ұғымдарының барлық маңызды белгілері әрбір жеке объектіге, яғни жеке немесе түр ұғымына да қатысты. Бірақ, әрбір объекті маңызды туыстық немесе жалпы белгілерден басқа оларды жеке ұғымға жатқызатын өзіндік дербес қасиеттерге де ие болады. Оқушылар биологиялық ұғымдармен қатар жалпы жәнен жеке географиялық ұғымдарды да түсініп игереді. Оқушыларға табиғат заттары мен құбылыстары туралы түсінік беріп ұғымдарын қалыптастыра отырып, мұғалім табиғаттағы бақылауларға сүйене отырып, заттардың негізгі қасиеттерін айқындайтын әр түрлі көрнекі құралдар қолданады. Таулар туралы ұғым қалыптастыруда мұғалім оқушыларға картадан тауларды табуды ұсынады да, соның арқасында тау туралы жалпы түсінікті баянды еткендей болады. Осыдан кейін Орал, Алатау т.б. нақтылы тауларды көрсете бастайды.

Ұғымның мазмұнын дәл ашуды анықтама деп атайды. Ұғымға байланысты жұмыс қашанда балалардың сөздік қорын молайтумен ұштасып отырады. Сезім мен қабылдаудан түсінікке, ал одан әрі ұғымға дейінгі жол оқушылардың санасында болмысты оның маңызды байланыстарымен қатынастарымен қоса толық бейнелеуге баратын жол болып табылады.

Сабақта жұмыстың әртүрлі тәсілдері мен әдістерін қолданып балалардың бұрынана бар түсініктерін пайдалану, түрліше көрнекі құралдар қолдану мұғалімге жалпы биологиялық ұғымдар қалыптастыруға көмегін тигізеді. Ұғымдардың қалыптасуында мұғалімнің баяндауының белгілі жүйеде болуының үлкен мәні бар. Жүйелілікке оқу процесінің барлық бөліктері жетекші идеямен байланысқан және оны ашуға, қоштауға қызмет еткен жағдайда жетуге болады. Мұғалімнің жүйелі әңгімесінде көрнекілк үлкен орын алады., балалар көрнекі қабылдаудан қорытуға, яғни ұғым құруға оңай барады. Көрнекі құралдар тек жеке нақтылы заттардың түсініктері мен бейнелерін туғызу үшін ғана емес , соныменбірге ұғымды қалыптастыру үшін бастапқы материал ретінде де пайдаланылады. Балалардың бақылаулары, көрген фильмі, талқылаған картиналары немесе диафильмдері бойынша жүргізілген әңгіме оқушылардың программалық материалды саналы түрде игеруіне көмектеседі. Ал оны саналы түрде игеру негізінде балалардың дұрыс биологиялық ұғымдары қалыптасады. Мұғалім заттар мен құбылыстардың негізгі белгілері мен қасиеттерін ашушы әңгімелерге жауапты қарау керек. Балалардың тек есте сақтауын ғана талап ететін және программалық материалдарды саналы түрде меес, тек тек механикалық игеруін көрсететін сұрақтар қоймау керек. Сұрақтарды оларға қайтарылатын жауап оқушылардың берілген анықтамаларды түсінгенін көрсететіндей қою керек.


Мұғалім мұнан басқа оқушылардың табиғат құбылыстары мен объектілерін картиналардан, коллекциялар мен гербарийлерден көрсете алуына және олар туралы сол құбылыстың сипатты белгілеріне тоқтай отырып, әңгімелеп беруіне қол жеткізуі керек. Биология сабақтарында практикалық жұмыстар мен бақылауларға сүйене олтырып балалардың кеңістік жайлы түсініктері мен қарапйым ұғымдарын (көкжиек, көкжиек тұстары,бағдарлау туралы) қалыптастыру керек.

Сонымен оқушылардың ғылыми білімдірді берік игеруі және ұғымдарының қалыптасуы қабылдау, түсініктер қалыптастыру және олардың мәнін ұғу арқылы өтеді.

Қолданылған әдебиеттер: 2,3,4,5,7.


Тақырып 6. Биологияны оқытудың тәсілдері мен әдістері. Оқыту тәсілдері ұғымы.

Тәсілдің үш жағы: білім көзі, оқыту іс-әрекеті, олардың бірлігі.

Тәсілдің түрлері, сөздік, көрнекілік, практикалық.

Әрбір тәсіл түріне сипаттама. Тәсіл және әдістер.

Тәсіл -әдістер жүйесі. Жоспарлы оқыту.

Оқыту әдісі дегеніміз ол мұғалімнің мектеп оқушыларына танымдық қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері. Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан білім беріп бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді. Оқыту әдістері оқытудың мазмұнымен тығыз байланысты. Мұғалім мазмұны бойынша қажетті оқу материалын іріктей отырып одан сабақ берудің белгілі бір формасын анықтайды. Оқушылардың міндеті мұғалімнің берген білімін меңгеріп, оны оқу және практикалық іс-әрекетке қолдана білу болып саналады. Демек, программадағы қандайда бір мәселені оқып үйрету әдісін анықтаған кезде мұғалім мен оқушылар іс әрекеттерінің сипатын, сондай-ақ осы кезде пайдаланылатын білім көзін ескеруі керек.

Оқушыларға бір жағынан, әдістердің қай-қайсысы болса да , біріншіден, мұғалім баяндап берген даяр білімді игеруге; екіншіден, мұғалімнің басшылығымен өздігінен жұмыс істеуге,; үшіншіден, ешкімнің жәрдемінсіз өздігінен жұмыс істеуге көмектеседі.


Екінші жағынан әдіс білім игеру барысындағы мұғалімнің жетекшілігіне және мектеп оқушыларының танымдық қабілетінің дамуына бағытталаған іс әрекеттерін де қамтып көрсетеді. Осы жұмыстың барысында балалар оқуға үйренеді, яғни білім игеру әдістерін меңгереді.

Белгілі бір әдіс сабақтың мақсатына, оқу материалының мазмұнына және танымдақ іс әрекетінің сипатына байланысты әртүрлі бағыт, түрліше күрделілік дәрежесіне ие болады.

Биологияда сабақ беру барысында әрбір әдістерді тақрыптың мазмұнына оқушылардың жалпы дамуына және мұғалімнің шеберлігіне сәйкестендіре отырып, пайдалана білген қажет. Оқыту әдісіне жұмыстың әр алуан тәсілдері енеді., оларды әдістің детальдары ретінде қарасьыру керек.

Қолданылатын тәсілдің әрқайсысы оқушылардың білімді тиімді игеруіне барынша жәрдемдесе алатын болу керек. Оқылатын мәселеге белсенділік туғызып, қызығуға мүмкіндік туғызатын әдісчтерді қолдана білген жөн. Жаратылыс ғылыми, демек, ғылыми жаратылыс циклді пән ретіндегі биологияда жергілікті жерде бақылау жасау, экскурсия, жаппай және демонстрациялық тәжрибелер, практикалық жұмыстар жүргізу және т.б. әдістерді қолдануды талап етеді.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,3,4,5.


Тақырып 7. Сөздік тәсілі.

Оның түрлері, әңгіме, әңгімелесу, түсіндіру, лекция тәсілдерін жүргізу ерекшеліктері мен оларға қойылатын талаптар.

Әңгімелесу- бастауыш сыныптардағы кең таралған және тиімді әдіс. Мұғалім әңгімелесу барысында мақсатқа бағытталған сұрақтар жүйесінің көмегімен төменгі сынып оқушыларын бақылау және өмірдегі тәжіибесі негізінде оқушыларды жаңа материалды қабылдай білуге әзірлейді, олардың өздігінен қорытынды, талдап қорыту жасауына түрткі болып, жаңа білімді игеруіне ықпал жасайды. Мұғалім әңгімелесуді іскерлік пен пайдалана отырып, оқушылдардың танымдық әрекетінің жандануына жәрдемдеседі, әңгімелесі процесінде олар ойлауға, талқылауға, талдау жасауға, өз бетімен қорытындылар жасауға үйренеді. Әңгімелесу мұғалімнің әрбір оқушымен олардың ой-өрісінің дамуы мен дайындығына қарай жеке-жеке жұмыс жүргізуіне көмектеседі. Әңгімелесуге оқушылардың барлығы қатыса алады. Оқу процесіндегі әңгімелесуді қолдану кезеңі сабақтың мақсатына, оқу материалының сипатына , оқушылардың білім қорына байланысты белгіленеді. Әңгімелесуге даярлық процесінде мұғалім оның логикалық жүйелі өткізілуін ойластырып, әңгімелесу кезінде қатаң сақталғаны жөн. Мұғалім оқушылардың ақыл-ой жұмысын жұмылдыра отырып, олардың ойын материалдарды терең ой елегінен өткізіп, берік есте қалдыруына жәрдемдесе отырып, өздігінен қорытынды шығара білуге бағыттайды. Әңгімелесу процесінде нақтылы фактілер мен өміршең айқын бейнелерді кең пайдалана білу керек., оқушыларда солардың негізінде белгілі көзқарастар мен сенім қалыптастырады. Мұғалім әңгімелесуге белсене араласып, көңіл күйі көтеріңкі болса, балаларды әңгімелесуге тартып, қызықтыра білсе, тіпті нашар оқитын оқушылар да жалпы әңгімелесуге араласып кетеді. Әңгімелесудің қандай мақсатта және биология сабақтарында қай кезеңінде жүргізілуіне байланысты әңгімелесуді түрлендіріп пайдалануға болады.


Кіріспе әңгімелесудің мақсаты- оқушылардың оқып үйрену барысында бұрын алған немес өздігінен итерген білімін еске түсіру, сөйтіп соның негізінде балаларды жаңа материалды берік қабылдауға әзірлеу. Әңгімелесудің мұндай түрі әдетте тақырыпты немесе тарауды оқып үйренудің алғашқы кезеңінде өткізіледі.

Жаңа білімді хабарлау. Мұғалім мектеп оқушыларының бұрынғы біліміне сүйене отырып, белгілі мақсатта ойластырылған сұрақтар жүйесінің жәрдемімен оларды қажетті қорытынды жасауға және жинақтауға алып келеді., табиғаттағы жеке фактілер мен құбылыстар арасындағы байланыс пен заңдылықты анықтауға көмектеседі. Мұндай әңгімелесу барысында ең алдымен мұғалім оқытылатын табиғи обьектілер мен құбылыстардағы елеулі белгілерді, заңдылықтарды қарастыруы қажет.

Пысықтап қорытындылай әңгімелесу мұғалімнің оқушылармен жұмыс істегенде оқытылатын мәселедегі аса маңызды кезеңді бөліп көрсетіп, табиғаттың зерттелетін құбылыстары арасындағы байланыстарды кең және тереңірек анықтауға мүмкіндік береді. Оның негізгі міндеті- алған білімді жинақтап, жүйеге келтіру. Әңгімелесудің бұл түрі әсіресе табиғаттағы маусымдық өзгерістерге жасалған бақылауларды жинақтау кезінде, экскурсия соңынан, белгілі тақырыпты немесе бөлімді оқып үйрену соңынан жиі қолданылады.

Түсіндіру әңгімесі аса қиын мәселелерді оқушыларға ашып көрсетуге мүмкіндік береді, табиғат құбылыстарының маңызды белгілерін айқындап, оқушыларды қажетті қорытынды жасауға және жинақтауға бағыттай отырып, себеп-салдарлық байланыстар мен өзара тәуелділікті анықтай түседі.

Қолданылған әдебиеттер: 1,2,3,4,5.

.



следующая страница >>