https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 2 3 4 5

Қылмыстық іс жүргізу заңында қылмыстық жауаптылыққа тартылган адамды ақтау барлық негіздер бойынша емес, тек кейбір негіздер бойынша ғана орын алуы мүмкін. Мысалы, қылмыс оқигасының болмауы.әрекете қылмыс қүрамының болмауы және қылмыс жасауга айыпталушының қатысуы дәлелденбеуі кездерінде.Айыптауды дәледдеу талап естілетін қылмыстық істі қысқартудың негіздері бойынша ақтау туындамайды ( мысалы, рақымшылық актісінің болуы кезінде ).

Кейбір негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту кезінде заң шагарушы айыпталушыға неічесе онын туыстарына айыпталушыны

ақтау мақсатында іс бойынша .ондірісті жалғастыру қүқыгын береді (ҚІЖК376.1.6.3. т. Пт)

Қылмыстық қүқықтық салдардан басқа, азаматтық қүқықтық салдарлар да қылмыстық істі қысқартумен тығыз байланысты. Бүл салдар қылмыспен келтірілген материалдық зиянды өтеу туралы, азаматтық, талаптың тағдыры туралы мәселені шешу кезінде туындайды.

ҚІЖК 162 бабына сәйкес қылмыстық істі жүргізу барысында жеке және заңды түлғаларға іткелей қылмыспен немеее есі дүрыс емес адамынң қоғамға қауіпті іс -әрекетімен келтірілген мүліктік зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жәбірленушіні емдеуге , жерлеуге кеткен шыгындарды,сақтандыру отемі ретінде төленген сомманы, жәрдемақыны және зейнетақыны, сонымен қатар, өкілдікке жүмсалган шығындарды қосқанда,анықтама өндірісіне, алдын ала тергеуге және сотқа қатысуға байланысты кеткен шығындарды өтеу туралы азаматтық талап қаралады.

Талап-арызды қанағаттандыру немесе одан бас тарту қүқыгы сотқа берілген.Талап -арыз азаматтық немесе қылмыстық сот ондірісі тәртібінде қаралады.Сондықтан қылмыстық істі қысқарту кезінде азаматтық іс анықтама органында немесе алдын ала тергеуде шешілмейді.

Қылмыстық істі қысқартудың процессуалдық негіздері болып процессуалдық мәжбүрлеу шарасының күшін жою және затгай дәлелдемелердің тағдыры туралы мәселені шешу таньлады.Процессуалдық мәжбүрлеу шараларына үстау,күштеп әкелу, бүлтартпау шаралары,тінту, алу, мүлікке арест салу және т.б. жатады. Бүл шаралар тергеу әрекеттері аяқталган кезде тоқтатылады.


Қылмыстық істі қысқарту кезінде заттай дәлелдемелердің тағдыры ҚІЖК 121 бабына сәйкес шешіледі.Демек :

1) қылмыс қүралы тәркіленуге жатады немесе тиісті мекемедегі белгілі бір түлғаға беріледі не болмаса жойылады ;

2) айналымда тыйым салынган заттар тиісті мекемеге берілуге жатады немесе жойылады;

3) күндылығы жоқ заттар және пайдалануға жатпайтын заттар жойылуға жатады , ал егер мүдделі түлғалардың немесе мекемелердің өтініштері болған жағдайда,олрға берілуі мүмкін;

4) қылмыс жолымен алынган акшалар және басқа да қүндылықтар соттың үкімі бойынша мемлкеттің кірісіне алынуға жатады,ал олар анықталмаған кезде мемлекеттің меншігіне өтеді. Бүл заттардың тиесілігі жөнінде дау болған жагдайда,дау азаматтық сот ондірісі тәртібінде шешілуге жатады ;

5) заттай дәлелдемелер болып табылатын қүжаттар бүкіл сақтау мерзімі аралығында істе қалады не ҚІЖК көрсетілген тәртіпте мүдделі адамдарға немесе үйымдарға беріледі. Қылмыстық істі қысқарта отырып, анықтама органы, тергеуші, прокурор және сот тергеу немесе істі қарау барысында қылмыс жасауға әсер- ететін себептер мен жагдайларды анықтаган кезде, оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға тіис. Бүл талап ҚІЖК 8 бабында көрсетілген -қылмыстың алдын алу міндетінен туындайды.

3.4. Қылмыстық істі қысқартудағы прокурорлық қадағалау.

Прокурор алдын ала тергеу және анықтама өндірісіне қадағалауды жүзеге асыра отырып, қылмыс жасаган кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тартылуына , бірде бір қылмыс ашылмай қалмайына және бірде -бір қылмыскер жауаптылықтан бой тасалап кетпеуіне шаралар қабылдауға тиіс. Сонымен бірге, прокурор негізсіз, заңсыз қылмыстық істі қысқаруға жол бермеу үшін және қылмыскер дүрыс қысқартылмаған істің нәтижесінде жазалаудан қашып кетуіне

жол бермеу үшін қадагалап отыруы керек. Прокурор өзінің қаулысымен қылмыстық қүдалаудың ескіру мерзімінің ережесін сақтай отырып , негіз болган кезде тергеушінің немесе анықтама органының істі қысқарту туралы қаулысынын күшін жойып, іс бойынша ондірісті жалғастыруға қүқылы .


Прокурор тергеушінің және анықтама органының заңдарды орындауына қадагалауды жсай отырып, бірде-бір адамныің негізсіз және заңсыз қылмыстық жауаптылыққа тартылмауына немес өзге де қүқықтарының шектелуіне жол бермеуге тіис. Бүл міндетті орындау тергеудің барысына жүйелі түрде прокурорлық қадағалау жасау арқылы қол жеткізіледі. Айыптау қортыныдысымен таныса отырып, прокурор істің материалдары бойынша оны қысқартуға әкеп согатын жағдайлардың жоқтаығын тексереді.Егер істе мүндай жагдайдың барлығы анықталса, қылмыстық іс толық колемде немесе ішінара, ягни жеке айпталушыға қатысты қасқартылады.

Прокурордың нүсқауы алдын ала тергеу және анықтама органдарына міндетті болып табылады. Бірак олардың жоғары түрған прокурорга шагымдануға қүқықтары бар.

Тергеуші және анықтама органы қылмыстық істі қысқартқан кезде қаулының кошірмесін 24 сағат ішінде прокурорға жәбереді. Егер прокурор қылмыстық істің заңсыз қысқартылғанын анықтаса,ол өзінің қаулысымен қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күшін жойып, іс бойынша өндірісті қайта жалгастырады.

Прокурор , ҚІЖК 38 бабы бойынша қылмыстық іс тергеуші қысқартқан кезде келісім беруді.

ҚІЖК 190 бабына сәйкес прокурор қылмыстық істі қозгаудың зандылыгын қадағалай отырып, тергеушінің және анықтама органының, егер тергеу әрекеттері жүргізілген болса, қылмыстық істі қозғау туралы қаулысының күшін жоя отырып қылмыстық істі қысқартуга қүқылы.

Сонымен қатар, прокурор кылмыстық күдалауды болдырмайтын жағдайларды анықтаған кезде,сотқа дейінгі өндірістің кез-келген сатысында қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шыгарады. Сондай -ак прокурордың басты сот талқылауында істі қарау басталғанга дейін соттан істі кері қайтып алуына немесе істі қысқартуға қүқығы бар.

Сонымен тергеудің аяқталу болімінің заңдылыгын қадагалауды жүзеге асыру жөніндегі прокурордың барлық іс- әрекеті қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің талаптарын дүрыс қолдануды қамтуға бағытталған, Бүл қадагалау істі қысқартудың негізділігі мен зандылығын қамтамасыз ету.


ҚОРЫТЫНДЫ

Алдан ала тергеу барысында қылмыстық істі қысқартуды жан -жақты қарастыра келіп мынадай қорытындыға келдім.

Сонымен.қы.Імыстык істі қысқарту бүл іс бойынша жиналган дәлелдемелері талдау және бағалау, қылмыстық іс материалдарын жүйелеу, аяқталған өндіріспен процеске қатысушыларды таныстыру және олардан келіп түскен арыздарды шешу, істің мән" бойынша және олардан туындаған шешімдерді және оларды жүзеге асыру жөнінде қорытынды жасау жөніндегі процессуалдық әрекеттер кешінін көрсететін тергеудің соңгы кезені.

Қылмыстық істі қысқарту қылмыстық іс жүргізудің маңызды институты болып табылады. Бүл алдан ала тергеудің бір түрі және ол іс материалдарын толық, жан-жакты және объективті зерттеудің заңга сай аяқталуы ретінде қарастырылуға тиіс.

Заң әдебиеттерінде істі қысқартудың негіздерін жіктеудің әртүрлі критерийлері үсынылған. Соның ішінде ,менің ойьшша,қылмыстық істерді қысқартуды ақталатын және ақталмайтын негіздерге бөліп қарастырған дүрыс болады.

Қылмыстық істі қысқартудын ақталатын негіздеріне мыналар жатады : қылмыс оқигасының болмауы (ҚІЖК 376. 16. 1т.), әрекетте қылмыс оқиғасының болмауы (ҚІЖК 376. 16. 2т.),жәбірленуші шыгымыныи болмауы (ҚІЖК 376. 16. 5т.),өзі туралы белгілі бір айыптау боыйнша соттың заңды күшіне енген үкімінің не қылмыстық ізге түсудін мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жойымаган қаулысынын болуы (ҚІЖК 376. 16. 7т.), өзі туралы белгілі бір айыптау боыйнша қылмыстық ізге түсу органының

қылмыстық ізге түсуден бас тарту туралы күшін жоймаган қаулысының болуы (ҚІЖК 376. 16. 8т.), қылмыс жасауға аәыпталушының қатысуының дәлелденбеуі (ҚІЖК 2696.26. т.), Бүл негіздер бойынша істі қысқарту адамды кінәсіз деп танып, оны ақтауды білдіреді.

Қылмыстық істі қысқартудың ақталмайтын негіздеріне мыналар жатады : рақымшылық актісінің болуы (ҚІЖК 376. 16. Зт), ескіру мерзімінің бітуі (ҚІЖК 376. 16. 4т.), түлғаның қайтыс болуы (ҚІЖК 376. 16. 11т.), айыпталушының жәбірленушімен татуласуы (ҚІЖК 376. 16. 6т.). Бүл негіз бойынша түлға кінәлі деп танылады, бірақ қылмыстық жауаптылықтан босатылады.


Істі қысқартудың үсынылып отырған жіктеуі жалпы негіздер жүйесінде әр - біреуінің орнын анықтауға комек береді, олардың ішкі мәнін үғынуга жәрдемдесін, осы негіздері заңды және негізді қолдану үшін жағдай туғызады.

Қылмыстық істі тек заңда көрсетілген негіздер бойынша ғана қысқартылуы тиіс. Айыпкер ретінде қателікпен тартылған адамга қатысты қылмыстық істі қысқарту , шын мәнінде, қылмыс жасаған адамды анықтаудан және әшкерелуден де маңызы зор. Кінәсіз адамды қоғам алдында ақтап және оның беделін қалпына келтіру керк. Ал кінәлі адамды іздеп тауып, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тарту керек не болмаса, оны ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқартып, қылмыстық жауаптылықтан босату керек.

Қылмыстық істі қысқартудің процессуалдык кепілдіктері бар.

Жалпы процессуалдық кепідіктер ретінде іске қатысушалрдың заңда белгіленген қүқықтарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін түсінеміз.

ҚІЖК 51 бабынын 2 бөлігіне сәйкес сезіктелушіге, айыпталушыға, қылмыстық іс қысқартылғанға дейін қысқартудың негізін және соы негіз бойынша оның қысқартуга қарсы қарсылық білдіру қүқығы түсіндіріледі. Қарсылық білдіру бүл ақтамайтын негіздер бойынша іс қысқартылған кезде орын алауы мүмкін.

ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 1,2,5,7,8 тармақтарында көсертілген негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қылмыстық қүдалау органының қаулысы шыққан түлға және сондай - ақ сотпен ақталқан түлға кінәсіз деп саналады және ҚР Конституциясында кепілдік берілген қүкықтары мен бостандықтары шектеуге жол берілмейді. Сот , қылмыстық қудалау органы жоғарыда көрсетілген түлғаларды ақтау жонінде және қылмыстық істі жүргізуші органның заңсыз әрекеті нәтижесінде оған келтірліген шараларды қолдануға тиіс. Бүдан көріп түрғанымыздай түланың келтірілген зиянды өтеттіруге қүқығы бар.

ҚІЖК 270 бабына сәйкес тергеуші қылмысьық істі қысқарту туралы және қысқартудың негізі туралы сезіктіге, айыпталушыға, оның қорғаушыларына , жәбірленушіге жіне оның өкілдеріне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және оның окіліне, сондй-ақ іс өтініші бойынша козғалған түлғаға немесе үйымға жазбаша түрде хабарлайды. Бүл түлғаларға іспен танысу қүқыгын және оны қысқарту туралы қаулыға шағымдану тәртібін түсіндіреді.Осы түлғалардың өтініші бойынша істі қысқарту туралы қаулының көшірмесін береді. Бүл түлгалар қаулыға шагымды прокурорга береді.


Ал қылмыстық істі қысқарту прокурордың келісімен болған жағдайда, қаулы жоғары түрған прокурорға шағымдалады.

ҚІЖК 109 бабына сәйкес прокурордың шешіміне түлғаның шағымы сот тәртібімен шешіледі.Сот шағымды негізді деп тапса, заңсыз деп танылған процессуалдық шешімнің күшін жоятын қаулы шығарады не азаматтың немесе үйымның қүқықтары мен занды мүдделерінің бүзылуын жоюды прокурорға міндеттейді. Шагымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы қаулы шағарады.

Қылмыстық істі қысқартудын негіздері және тәртібі туралы қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын сақтау қылмыстылықпен күресудің сәтті жагдайларының бірі және азаматтардың занды мүдделерін қорғау,сондай-ақ тиісті сот әділдігіне жіберудің кепілі болып табылады.

Қолданылған нормативтік актілер :

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж.

2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексі 13.12.1997ж.

3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі 16.07.1997ж.

4. "Қазақстан Республикасышын кейбір заң актілеріне қылмысқа қарсы күрес мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Респубилкасының Заңы 05.05.2000ж.

5. Постановление Президента РК от 17 марта 1995г. " О неотложных мерах по борьбе с преступностью и правопорядка " //Советы Қазахстана . 1995 N 30 (837) 18 марта . 4с.

6. Президент предложил радикальную программу борьбы с преступностью .// Советы Казахстана. 1995 N 31 (838) 22 марта7

7. Государственная программа правовой реформы в РК ( основные направления) Утверждено постановлением Президента РК. N1569 от 12.02.1994г.// Сборник актов Президента Рки Правительства РК. Алматы, 1994. N 9с.5.

Қолданылған арнайы әдебиеттер :

І.А.Я.Дубинский .Основания к преращению уголовного дела в стадии предварительного расследования. Киев НИиРИО КВШ МВД СССР.1973

2.А.Я.Дубинский.Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования .Киев . 1975г.


3. П.М.Давыдов,Д.Я. Мирский.Прекращение уголовных дел, М.,Госюриздат, 1963

4. А.С.Барабаш , Л.М. Володина.Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования .Томск -1986.

5. С.А.Рзаев .Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим Қолданылган нормативтік актілер :

6. В.З. Лукашевич.Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования по реабилитирующим обвиняемого основаниям .- "Правоведение ",1968.

7. Н.Я. Якубович .Окончание предварительного следствия, Москва,Госюриздат. 1962.

8. В.А. Михайлов.Процессуальный порядок прекращения уголовного дела в стадии предварительного расследования.Волгоград. Изд-во ВСШ МВД СССРД970.

9. Я.О.Мотовиловкер.Основания прекращения уголовного дела по реабилитирующим лицо мотивам.- "Советское государство и право" 1972.№ 9.

10. Н.В. Жогин., Ф.Н.Фаткуллин. Предварительное следствие в советском уголовном процессе. 'ЧОридическая литература". 1965

11. М.А.Чельцов.Советский уголовный процесс. Москва, 1962.

12. С.В.Бородин.Обстоятельства, исключающиее производство по уголовному делу - Ученые записи ВИЮН " ,вып. 13,М,1961.

13. Г.Чангули.Недоказанность участия обвиняемого в совершении преступления как процессуальное основание к прекрашению уголовного дела в стадии предварительного следствия. -"Социалистическая законность ", 1965,№ 3.

14. М.Рагинский, Г.Миньковский.Основания и порядок прекраще-ния дел на предварительном следствии."Социалистическая законность", 1957, N11.

15. Н.И.Гапанович. Отказ в возбуждении уголовного дела. Минск, "Высшая школа ", 1967.

16. С.А. Шейфер. Некоторые вопро�