https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 2 3 4 5

ҚК 381 бабына сәйкес бастықтың немесе лауазымды адамның қызметке селқос қарауы елеулі түрде зиян келтірген әрекетті алгаш рет жасаса, қылмысты жеңілдететін мән - жайларда, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

8. Шын жүректен өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

ҚК 65 бабында шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың жаңа түрі корсетілген. Жауаптылықтан босатудың бүл түрін қолдану үшін мына негіздер танылады :

1) қылмысты бірінші рет жасау;

2) қылмыс кішігірім немесе орташа ауырлықта болуы тиіс;

3) айыбын (кінәсін) мойындап оз еркімен келу;

4) қылмысты ашуға жәрдемдесу ;

5) келтірілген зиянды озгеше қалпына келтіру Заң шыгарушы қылмыстық жауаптылықтан босатуды біріктіріп нақтылайды. Шын өкіну бүл " жасалған іс- әрекеттің салдарын іс жүзіндегі зиянды болдырмауға, жоюға немесе азайтуға не болмаса қылмысты ашуға қүқық қорғау органдарына көмек көрсетуге бағытталған" қылмыстық іс әрекет жасаған түлғаның қылмыс

жасаганнан кеиінп позитивтік жүріс түрысы.

Заң қажетті шарттардың бірі ретінде айыбын кінәсін мойындап келуді бегілейді. Кінәсін мойындап оз еркімен келу кінәлінің өз еркімен өзі жасаған қылмыс туралы отінішімен қүқық қоргау органдарына келуінен түрады.

Қылмысты ашуға жәрдемдесу тергеу органдарына жасалган іс әрекетінің барлық мән жайларын анықтауға, қылмысқа қатысушышарды әшкерелеуге, қылмыс жасау қүралын беруге, қылмыс жолымен алынган заттарды қайтаруға бағытталған белсенді көмектесуін білдіреді.

29Никулин . Деятельное раскаяние и его значение для органов внутренних дел в борьбе с приступностью. Москва.1985.с.23.

Қылмыстық жауаптылықтан босатудың соңғы бір қажетті шарты келтірілген зиянның орнын толтыру болып табылады.Келтірілген зиянды өтеу еркін сипатта болуы тиіс.

Ол бүлінген мүлікті қалпына келтіру, оны жөндеу немесе ақшалай өтемазы беру түрінде болуы мүмкін. Сонымен бірге, материалдық зиян ғана емес, моральдік зиян да өттелуге жатады. Мысалы, жала жабу немесе қорлау кезінде жария түрде жәбірленушіден кешірім сүрау.


ҚК 65 бабының 2 болігінде жеке адамдарға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаган адам, егр ол үйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық ( қылмыстық үйым) жасаган қылмыстарды болғызбауға ,ашуға немесе тергеуге, үйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық ( қылмыстық үйым ) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе,қылмыстық жауаптылықтан босатулуы мүмкін екендігі көрсетілген.

Басқа санатагы қылмысты жасаган реттерде гана қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

9. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.

ҚК 68 бабы қылмыс белгілері бар әрекетті жасаған адамды, егер істі сот караган кезде жағдайдың озгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін екендігі туралы корсетеді.

Бүл өзгерулердің қүрамы кінәлінің тілегіне және еркіне байланысты емес, субъективтік жағдайларға байланысты.

ҚК 68 бабының 2 болігінде бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-қүлқына байланысты істі сотта қарау барысында ол қогамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы анықталса,сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін екендігі туралы қарастырылган.Бүл баптың екінші бөлігіндегі норманы қолдану кезінде қылмыс жасаганнан кейінгі кінәлінің жеке басының мінездемесіне назар аударылады. Кiнәлінің жеке басының озгеруіне әсер ететін жағдайрлар әскерге шақыру, лауазымынан босату сияқтылар жатады.

10 Қажетті қорғану шегінен асу жагдайына байланысты қылмыстық істі қысқарту.

Қажетті қорғану жағдайында келтірілген зиян қылмыстық іс әрекетті жоятын қоғамға пайдалы жағдай ретінде қарастырылады. Бірақта, заң, қажетті қорғану шегінен асумен байланысты іс -әрекеттің жазалануын жоққа шығармайды. ҚК 32 бабының 3 бөлігіне сәйкес қажетті қорғану шегінен шығуы деп нәтижесінде қолсүғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіретін, қолсүғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне корінеі сай келмеуі танылады.


ҚК 66 бабына сәйкес қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үйрейлену, қорқу немесе саскалақтау салдарынан қажетті қоргану шегінен асқан адамды, сот істің мән - жайын ескере отырып, қылымстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.Босатудың бүл түрін қолдану коғамға қауіпті қолсүғүшылықтан қоргаушының жүріс -түрысын тиянақты бағалауды талап етеді.

3 тарау. Қылмыстық істі қысқартудың процессуалдық

тәртібі. 3.1. Қылмыстық істі ақталатын және ақталмайтын негіздер

бойынша қысқартудың процессуалдық тәртібі Күші жүріп түрған қылмыстық іс жүргізу заңы алдын ала тергеуді аяқтаудың келсі түрлерін қарастырады :

-айыптау қорытындысын толтыру ;

медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа қылмыстық істі жіберу туралы қаулыны толтыру ;

-қылмыстық істі қысқарту туралы қауылыны толтыру.

Кез-келген бүл процессуалдык шешімдерді қабылдауды бір уақыттагы техникалық әрекет ретінде түсінуге болмайды.Қүқық қоргау органдарының қылмыстық іс жүргізу теориясы мен тәжірбиесінде алдын ала тергеуді аяқтау түсінігіне тек шешімнің өзін ғана емес, сонымен бірге, мазмүны бар шешімді қабылдау мен қатар жүретін жүмыстың қажет кезеңдері де кіреді. Қылмыстық істі қысқартуға қолданылатын бүл негізгі ережелер алдын ала тергеудің осы түрінің мазмүнын қүрайтын келесі процессуалдық әрекеттерді нақтылайды :

-қылмыстық іс материалдарын жүйелеу және ойдағыдай рәсімдеу;

-істі қысқарту үшін негіз ретінде, заңмен көрсетілген жагдайлардың біреуінің болуына байланысты тергеуді жалғастыру мүмкін еместігі туралы екені анық қорытынды жасау үшін, олардың жеткіліктігі түрғысынан алғанда,іс бойынша жиналған дәлелдемелер жиынтығын талдау және бағалау ;

-қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жасау ;

-істі қысқарту туралы шешімнен туындайтын ( айыпталушыга немесе сезіктіге қатысты бұлтартпау шарасының күшін жою ; мүліктен

әрестті алып тастау. Алынған заттарды қайтару және т.б. ) бірқатар процессуалдық сүрауларды шешу ;


-қылмыстық істі қысқарту туралы айыпталушыга, сезікгіге және басқада процессуалдық мүдделі түлғаларға хабарлау ;

қылымстық істі қысқарту туралы шешімді қабылдаумен байланысты келіп түскен арыздарды шешу. 30

Қылмыстық істі қысқарту сотпен, прокурормен,тергеушімен және анықтама органымен жүзеге асырылып, тиісінше қаульшен рәсімделеді.Онда іс бойынша туындаған сүрақтар түпкілікті шешілуге тиіс. Қаулы негізді және заңды болуы тиіс.

Қаулы негізді деп саналады, егер ол келесі талаптарға жауап берсе:

1) процессуалдық актілерде қалыптасқан түжырымдар істегі дәлелдемелермен расталса ;

2) іс бойынша барлық дәлелдемелер есепке алынса ;

3) бүл дәлелдемелер жиынтығымен алынса :

4) түжырымдар іс жүзіндегі жағдайлармен қарама-қайшылықта жатпаса ;

5) бүл дәлелдемелер негізінде тек бір ғана түжырым жасауға болса;

6) процессуалдық актінің карар бөлімі сипаттама бөліміне толықтай сәйкес келсе.

30Подробно см : Дубинский А.Я. Прскращение уголовного дела в стадии предварительного расследования. Киев . 19 7 5. С. 8

Жалпы алғанда,қарастырып отырған процессуалдық шешімнің негізділігі мен дәлелдігі онын фктілік және қисындылық жагын көрсетеді.

Сонымен катар, қылмыстық істі қысқарту туралы шешімді қабылдау кезінде қылмыстық іс жүргізуші орган басшылыққа алган қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларына дүрыс және дәл сілтеме жасаудың да маңызы зор.

Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы заңды болуы қажет. Заңды дүрыс қолдану ҚК Жалпы болімінін барлык ережелерін қатаң сақтаудың және әрекетті дәл саралауды білдіреді. Қылмыстық істі қысқарту кезінде қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарын орындау -бүл іс бойынша өндірісті дүрыс жүзеге асырудың қажетті кепілдігі.

Қабылданатын процессуалдык шешімнің заңдылығы мен негізділігі, елеулі дәрежеде қылмыстык істі жүргізуші органның қүқықтық мәдениет деңгейіне, біліктілігіне және тәжірбиесіне байланысты болады.


Қылмыстық істі қысқарту туралы шешім тіисті қаулыда көрсетіледі. Мүнда істің мәні мен қысқартудың негізі көрініс табады. Қаулы үш бөлімнен түрады. Олар : кіріспе болім, сипаттама бөлім және қарар бөлім.

Қіріспе бөлімде келесі мәліметтер болуы тиіс :

1) қүжатты толтыру уақыты -күні ,айы,жылы ;

2) процессуалдық қүжатты толтыру орны ( елді - мекеннің атуы)

3) қүжатты толтырған түлғаның аты -жоні және лауазымы (әскери немесе арнайы атағы не болмаса,оған берілген сыныптык шені корсетіле отырылып ).

Сипаттама бөлімде істі қозғауғауға болған негіз және себеп болган жағдйлар , қылмыс жасауга іс бойынша айыпталған немесе сезіктелген түлгалар мәліметтерді көрсете отырып, оны тергеудің нәтижелері,оның мәні,қылмыстық - қүқықтық саралау және қолданылған бүлтартпау шаралары корсетіледі.

Қаулының қарар бөлімінде істі кысқарту үшін негізболған ҚІЖК бабына бөліміне тармагына сілтемесімен істі қысқарту туралы шешім көрсетіледі.сондай -ақ бүлтартпау шарасының күшін жою туралы, мүлікке қойылған аресттің күшін жою туралы, уақытша лауызымынан шектеудің күшін жою туралы және заттай дәлелдемелердің тағдыры туралы көрсетіледі.

ҚІЖК 269 бабының 8 бөлігіне сәйкес заң бойынша істі қысқарту тек айыпталушының немесе сезіктінің келісімі бойынша гана жол берілетін жагдайда осындай келісімнін болуы туралы қаулыда тікелей көрсетілуі тиіс.

Қылмыстық істі ҚІЖК 37 бабының 1 болігінің 1,2 тармагында және 3 бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қысқарту кезінде қысқартылған іске қатысты түлганың кінәсіздігіне күмән келтіретін жобаны қаулыға қосуға жол берілмейді.

Қылмыстық істі кысқарту туралы қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі.

Тергеуші ҚІЖК 38 бабы бойынша қылмыстық істі қысқартқан жағдайда міндетті түрде прокурордың келісімін алу керек.

Тергеуші істі қысқартқаннан кейін қысқарту және қысқартудың негізі туралы сезіктіге, айыпталушыларға, олардың қоргаушыларына, жәбірленушіге және онын өкіліне,азаматтық талапкерге,азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне,сондай-ақ отініші бойынша іс


қозғалған түлғаға немесе үйымға хабарлайды.Бүл түлгаларға іс матералдарымен танысу қүқығы және қысқарту туралы қаулыға шагымдану тәртібі түсіндіріледі. Осы түлғалардың өтініші бойынша істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі беріледі.

3.2. Қылмыстық істі қысқартудағы процессуалдық кепілдіктер

Жалпы процессуалдық кепілдіктер ретінде іскеқатысушылардың заңда белгіленген қүқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін түсінеміз. Бүл мүмкіндіктер ҚР Конституциясынан бстау алады.

ҚІЖК 51 бабының 2 бөлігіне сәйкес сезіктелушіге, айыпталушыга қылмыстық іс қысқартылганға деііін қысқартудың негізін және соны негіз бойынша оныи кысқартуға қарсы қарсылық білдіруүкарсы қарсылық білдіру қүқығы түсіндіріледі. қарсылық білдіру бүл ақтайматын негіздер бойынша іс қысқартылатын жағдайда орын алуы мүмкін.

ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 1,2,3,5,7,8 тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы қылмыстық қүдалау органының қаулысы шыққан түлга және сондай -ақ сотпен ақталған түлға кінәсіз деп саналады және ҚР Конституциясында кепілдік берілген қүқықтары мен бостандықтары қандай да болмасын шектеуге жол берілмейді. Сот, қылмыстық қүдалау органы жогарыда корсетілген түлғаларды ақтау жөнінде және қылмыстық істі жүргізуші органның заңсыз әрекеті нәтижесінде оған келтірілген зиянды өтеуге барлық заңмен корсетілген шараларды қолдануға тиіс. Бүдан көріп түрғанымыздай түлғаның келтірілген зиянды өтеттіруге қүқыгы бар.

ҚІЖК 270 бабына сәйкес тергеуші кылмыстық істі қысқарту туралы және қысқартудың негізі туралы сезіктіге, айыпталушыға, оның қорғаушыларына жәбірленушіге және оның өкілдеріне, азаматтық талапкерге,азаматтық жауапкерге және оның өкіліне,сондай -ақ іс өтініші бойынша қозгаған түлғаға немесе үйымға жазбаша түрде хабарлайды.Бүл түлғаларға іспен танысу күқығын және оны қысқарту туралы қаулыға шагымдану тәртібін түсіндіреді. Ал осы түлғалардың өтініші бойынша істі қысқарту туралы қаулының кошірмесім береді. Бүлда кепілдіктің бір түрі болып табылады.


Сонымен қатар, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыға шағым беру де процессуалдық кепілдіке кіреді. Бүл норма ҚІЖК 271 бабында көрсетілген.Қылмыстық іс жүргізуші органның қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысы сезіктімен, айыпталушымен, оның қорғаушысымен, азаматтық талапкермен,азаматтық жауапкермен және оның өкілімен, сондай-ақ өтініші бойынша қозгалган түлгамен немесе мемлекеттік органның өкілімен немесе үйыммен анықтауға және тергеуге қадағалауды жүзеге асыратын прокурорға шагымдалуы мүмкін.

Ал қылмыстық істі қысқарту прокурордың келісімімен болған жағдайда,каулы жогары түрган прокурорга шагымдалады.

Прокурордың қылмыстық істі қыскартуға байланысты шағымды қанағаттандырудан бас тартуы сотқа шағымдануға әкеп соғуы мүмкін.

ҚІЖК 109 бабына сәйкес прокурордың шешіміне түлганың шағымы сот тәртібімен шешіледі. Сот шағымды негізді деп тапса, заңсыз деп танылған процессуалдық шешімнің күшін жоятын қаулы шағарады не азаматтың немесе үйымның қүқықтары мен заңды мүдделерінің бүзылуын жоюды прокурорға міндеттейді. Шағьшды

қанағаттандаруға негіз болмаған кезде,сот оны қанагаттандырусыз қалдыру туралы қаулы шығарады.Осы баптың ережелері сақтала отырып шыгарылган соттын каулыс шағымдануға және наразылық келтірілуге жатпайды.

3.3. Қылмыстық істі қысқартудың салдары

Қылмыстық істі қысқартудың жеке түлғалардың қүқықтары мен мүдделеріне, мекемелерге, кәсіпорындарга және қоғамдық үйымдарга қатысты әр түрлі салдарлары болады. Барлык осы салдарларды қылмыстық қүқықтыққа ,азаматтық қүқықтыққа және процессуалдыққа бөліуге болады. Қылмыстық күқықтық салдар болып аталуы оның, ең алдымен, түлғаны қылмыстық қүқықтық жауапкершіліктен босатуын білдіреді.Олар әр түрлі болуы мүмкін және ол істі қысқартудың негізіне байланысты.

Қылмыстық істі қысқартудың барлық негіздері ішінен, бірінші кезекте мүлдем айыптауды болдырмайтын немесе айып тағылған болса, оның күшін жоюды талап ететін негіздер бөлінуі керек. Бүлар осы түлғаға қылмыстық жаза шарасын қолдану Імүмкіндігін толықтай жоққа шығарады.Мүндай негіздерге мыналар жатады : қылмыс оқигасының болмауы ( ҚІЖК 37 б.І.б.І.т.) Әрекетте қылмыс қүрамының болмауы (ҚІЖК 37 6.1.6.2. т.), жәбірленушінің шағымының болмауы (ҚІЖК 37 6.1.6.5. т.) , өзіне қатысты бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімінін не болмаса, қылмыстық қүдалаудың мүмкін болмауын белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысының болуы (ҚІЖК 37 6.1.6.7. т.) , Өзіне қатысты бір айыптау боынша қылмыстық қүдалаудан бас тарту туралы қылмыстық қүдалау органының күшін жоймаған қаулысының болуы (ҚІЖК 37 6.1.6.8. т.) , сондай -ак қылмыс жасауға айыпталушының қатысуының болмауы (ҚІЖК 37 6.1.6.2.6 т.) Бүл негіздер бойынша


қылмыстық іс қысқартылған кезде адам кінәсіз деп танылады және оның барлық қүқықтары қалпына келтіріледі.

Сондай- ақ қылмыстық істі қысқаргудың негіздеріне мыналар жатады : рақымшылық актісінің болуы ( ҚІЖК 37 6.1.6.3. т.),ескіру мерізімінің бітуі (ҚІЖК 37 6.1.6.4. т.); қылмыс жасаган адамның қайтыс болуы (ҚІЖК 37 6.1.6.11. т.) және т.б. Бүл негіздер бойынша істі қысқарту түлғаны қылмыстық жауаптылыктан босатуға әкеп соғады. Осы топтагы және алдындағы корсетілген істер бойынша айыптау тағу істі қысқартудың міндетті шарты болып табылмайды. бірақ мүнда қылмыс оқигасының және қылмыс қүрамының анықталуы міндетті.

Бүл топқа, сонымен бірге, ҚІЖК бабынын болігінің тармағында көсертілген негізде кіреді. Бгер іс кылмыс фактісі бойынша қозғалған болса, тергеу барысында қоғамға қауіпті іс-әрекетті қылмыстық жауаптылыққа тартылу жасына жетпеген адам жасағандыгы анықталса,онда іс қысқартулыға жатады.

Қылмыстық істі қысқарту кезінде айыпталушы ретінде тартылған адамды ақтау туралы мәселені шешудің де маңызы зор.



<< предыдущая страница   следующая страница >>