https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 ... 13 14

Кіріспе

Етті, әсіресе сиыр етін өндіруді ұлғайту мәселесі – мал шаруашылығы саласындағы барынша өзектілерінің бірі. Қазіргі уақытта Қазақстанда сүтті және құрамдастырылған тұқымды мал өсіру есебінен шешілуде.

Сонымен бірге ет ресурстарын ұлғайтудың маңызды резерві мамандандырылған ет шаруашылығын дамыту болып табылады, оның бірқатар экономикалық және өнімділік ерекшеліктері бар. Мамандандырылған ет тұқымды мал барынша жоғары ет өнімділігімен және сиыр етінің сапасымен, тез өсіп жетілетіндігімен ерекшеленеді. Оларды сойып, одан әлемдік стандартқа сай келетін, жоғары деңгейде тағам ретінде тұтынылатын ет өндіреді, жоғары сапалы тері шикізатын алады.

Бұл шығыны аз сала, капитал салудың, азық-түлік жағдайларының шектелуі, сүт өнімдерін өткізу нарығының қашықтығы сүт бағытындағы мал шаруашылығының дамуын тежейтін жерді пайдалану дамыған өңірлерде ет өнімдерін тиімді өндіруге мүмкіндік береді.

Ет бағытындағы малдың санын қалпына келтіру және одан әрі ұлғайту фермер шаруашылығын дамытуға, оларды нығайтуға, мамандандыруға, нақты табиғи, экономикалық жағдайлар мен нарық жағдаятына байланысты мал басын өнімді шоғырландыруға бағытталған. Міне, осындай шаруашылықтарда жемазық дайындаудан, төл алу мен өсіруден, оны жаю мен азықтандырудан бастап сатуға дейінгі сиыр етін өндірудің белсенді технологиясын тиімді пайдалануға болады.

Ауыл шаруашылығын қалыптастыруды ірілендірген кезде оған жаңа етті сиырларды кеңінен өсіру сияқты сүт және сүт-ет бағытындағы өнімділігі төмен сиырларды етті тұқымды бұқалармен шағылыстыру негізінде де қол жеткізуге болады.

Мал шаруашылығы өнімдерінің 80%-дан астамы үй шаруашылығында өнімділігі төмен малдан алынатынын ескерген жөн. Бұл секторда, атап айтқанда, сүт өндіру көлемі отбасы мен нарықтың қажеттілігінен асып түсетін шаруашылықтарда малдың ет өнімділігін арттыру үшін етті тұқымды бұқаларды өсірген орынды болып табылады.

1. Жобаның тұжырымдамасы

Жобаның тұжырымдамасы Алматы облысында ет өндіру үшін ірі қара мал өсіретін фермалар құруды қарастырады.

Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушылардың материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс түсіру болып табылады.

Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы өнімдерді тұтынушы – етті қайта өңдеу кәсіпорындары, облыстың және жақын орналасқан аудандардың тұрғындары болып табылады.

Өнімнің басымдылығы мыналарды құрайды:

- жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану;

- жоғары сапа;

- төмен баға.

Кәсіпорынның өз жемазық базасы бар – жайылым.

Сиыр тұратын орынның жалпы алаңы 764,4 шаршы метрді құрайды.

Бұл бизнес-жоспар басшылыққа алынатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана болып табылады. Сондықтан да осы жобаны іске асырған кезде жобаның басында жіберілген кемшіліктерді өзгертуге болады. Жоспарланған кәсіпорынның бәсекелестік басымдықтарын, сондай-ақ сатып алынатын жабдықтардың айырықша ерекшеліктерін барынша ашып көрсету қажет.

2. Өнімінің (қызметтің) сипаттамасы


Ет халық тұтынатын барынша толық және кеңінен тараған өнімнің түрі болып табылады. Еттің тағамдық және биологиялық құндылығын оның бай химиялық құрамы, әсіресе белоктық бөлігі құрайды. Ол тез қорытылатындығымен және құндылығымен ерекшеленеді.Кулинарлық түрде жеңіл өңделеді. Адам етті үнемі тұтынады, одан тағамның түр-түрін жасауға болады, бұл тағамның санын барынша түрлендіруге мүмкіндік береді.

Еттің құрамына толыққанды белок, сондай-ақ майлар, дәрумендер, белсенді және минералды заттар кіреді. Ет және ет тағамдары ағзаны белокпен және маймен қамтамасыз ету көздері болып табылады. Әсіресе сіңір тініндегі белоктар толыққанды болып келеді. Химиялық құрамы және сіңімділігі бойынша байланыстыратын, нерв тіндері мен сіңірлердегі белоктардың құндылығы төмен.


Ет – қорытылатын фосфор мен темір көзі болып табылады, оның құрамында калий натрий, цинк, йод, мыс және басқа да минералды заттар, дәрумендер (негізінен В тобындағы) бар. Етте қайнаған кезде сорпаға шығатын белсенді заттар көп, ол ас қорыту бездерінің қызметін жандандырады, тәбетті ашады, астың қорытылуын жақсартады, еттің дәмі мен иісі көбіне осыған байланысты болады.

Еттің химиялық құрамы малдың түріне байланысты болады. Еттің жоғары сапалылығы оның сыртқы түрінен, консистенциясынан, иісінен белгілі болады. Жаңа сойылған немесе салқындатылған етті түрі қызыл түсті, тығыз болып келеді.

Етті емдеуге де қолданады, өйткені ол амин қышқылына, белокқа, минералды заттарға, атап айтқанда темірге бай. Сондықтан да туралған еттен жасалған тағам жиі қолданылады, өйткені ол тез қорытылады.

Малды сою қызметтері

ІҚМ-ды ет комбинаттарында, сою пункттерінде союға ғана рұқсат етіледі. Союға жіберілетін ірі қара малдың әр партиясы үшін ІҚМ басының саны, бағыты көрсетілген, екпелері туралы мәлім еттері бар анықтама қағазы қажет.

Станцияға жіберер алдында ІҚМ-ды ветеринар немесе ветеринарлық-санитариялық қызмет фельдшері тексереді. Ол құжаттарды байқайды, малдың санын анықтайды, денсаулығын тексереді. Бәрін тексерген соң құжатқа белгі соғады. Етті қайта өңдеу зауыттарында ІҚМ-ды қабылдаған кезде барлық ілеспе құжаттамаларды тексереді, малдарды санитарлық жағынан қарайды, осыдан соң малды сою алдындағы базаларға жібереді.

Мамандандырылған ет бағытындағы шаруашылық мал шаруашылығындағы дербес сала ретінде Қазақстанда өткен ғасырдың 30-ы жылдарында құрыла бастады. Жергілікті (аборигенді) малды және калмық малын өсіру және герефордтармен жұтылып шағылыстыру жолымен 1950 жылы қазақтың ақбас тұқымы алынды және сынақтан өтті.

Осы алғашқы отандық мал тұқымы герефордтан алынған тез өсетін еттілігімен, сондай-ақ жергілікті жерге тез бейімделу және аналық қасиеттерімен ерекшеленді. Бұл осы тұқымды республиканың табиғи жайылымы кең барлық өңірлерінде өсіруге мүмкіндік берді.


Нарықтық экономикаға өткенге дейін республикада осы тұқымнан 1 млн. 144 мың бас мал, соның ішінде 440 мың сиыр болды. Қазіргі кезде қазақтың ақбас тұқымды малының саны 650-700 мыңның шамасында. Ресейде қазақтың ақбас тұқымының генефондын пайдалана отырып етті малдың жаңа түрі, ал Монғолияда – селенті тұқымы алынған.

1997 жылы осы тұқымының ішінде комол малының төрт зауыттық түрі сынақтан өтті, олар: республиканың батысында «Шағатай», «Анката», солтүстік-шығысында «Калбатау» және солтүстігінде «Алабота» түрлері.

1992 жылы ет малының тағы бір отандық түрі – Әулиекөл түрі сынақтан өтті, ол күрделі шағылыстырып өсіру жолымен алынды. Бұл үш етті тұқымның негізі – қазақтың ақбас, шароле және абердин-ангусс түрлері болып табылады. Бұл тұқым Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстарында кеңінен тараған.

Аталғандардан басқа, Қазақстанда –Оңтүстік Қазақстанның жартылай шөлді өңірінде шамалы қалмық тұқымды сиырлар бар. Балқаш өңірінде жергілікті селекциялы Санта-гертруда («Жетісу» аймақтық түрі) және облыстың Таулы Алматы ауданында Галловей түрі, Батыс Қазақстан, Ақмола және Алматы облыстарында Герефорд түрлері бар.

Алматы облысы үшін Алатау, Казақтың ақбас, Санта Гертруда, Әулиекөл, Герефорд и Галловей түрлері басымдықты болып табылады. Облыс тың асыл тұқымды шаруашылықтарында отандық селекционерлер елдің оңтүстік-шығыс аймағы үшін Санта Гертруда тұқымының «Жетісу» етті малының аймақтық түрін жасады.

Сүт және сүт-ет бағытындағы ірі қара малды жасанды ұрықтандыруды жақсарту бойынша белгілі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы барлық аналық мал басының 67,6 пайызы жасанды ұрықтандырумен қамтылды.



<< предыдущая страница   следующая страница >>