https://electroinfo.net

girniy.ru   1 ... 11 12 13 14

11. Жобаның тиімділігі

11.1 Cash-flow проекциясы

Cash-flow проекциясы (Ақша қаражаты қозғалысының есебі. 1-қосымша) нақты ақша ағынын, яғни қолма-қол ақша ағыны (нақты ақша ағынын) мен төлемдерді (нақты ақшаның кетуін) көрсетіп отыр.:


  • операциялық қызмет — қызметтің негізгі түрі, сондай-ақ компанияның ақша қаражатының түсуі мен жұмсалуын құрайтын нақты қызмет;

  • инвестициялық қызмет — айналымнан тыс активтерді (негізгі қаражат, материалдық емес активтер) және басқа да инвестицияларды құрумен және сатумен байланысты қызмет түрі;

  • қаржы қызметі — компанияның капиталы мен қарыз қаражатының мөлшері мен құрамының өзгеруіне алып келетін қызмет түрі. Әдетте, мұндай қызмет операциялық және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін қажетті кредиттер мен қарыздарды тарту мен қайтаруға байланысты болады.

Ақша ағынына жасалған талдау жобаның жылдар бойынша оң серпінін көрсетіп отыр.

11.2 Пайда мен залалдардың есептері


Жоспарланған пайда мен залалдардың есебі 2-қосымшада айқарма түрінде көрсетілген.


-кесте - Рентабельділік көрсеткіштері

Жылдық пайда (7 жыл), мың теңге

13 830

Активтердің рентабельділігі

27%



11.3 Баланс проекциясы


2016 жылғы баланстық есептің коэффициенттері төмендегі кестеде берілген:


-кесте - Баланстық есеп коэффициенті

Активтер құрылымындағы негізгі қаражаттың үлесі, жобаның 7 жылына


0,8

Міндеттемелерді өз капиталымен жабу коэффициенті, жобаның 5 жылына

1,4



11.4 Қаржы индикаторлары


10% дисконттау ставкасы кезінде 12 жылға арналған инвестицияланған капиталдың таза дисконтталған кірісі 14 568 мың теңгені құрады.


-кесте - Жобаның қаржылық көрсеткіштері

Ішкі кірістілік нормасы (IRR)

13%

Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге

14 568

Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл

6,9

Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл

9,6


-кесте - Жобаның залалсыздығын талдау, мың тг.

Кезең

2013

2014

2015

2016


2017

2018

Қызметтерді сатудан түсетін кіріс

19 780

33 109

29 315

25 509

31 463

36 733

Баланстық пайда

-4 940

9 230

6 042

2 382

8 639

14 713

Қызметтердің толық өзіндік құны

24 720

23 879

23 273

23 127

22 824

22 020

Тұрақты шығындар

16 997

16 176

15 358

14 542

13 730

12 921


Ауыспалы шығындар

7 723

7 703

7 915

8 584

9 094

9 099

Шекті кіріс сомасы

12 057

25 406

21 399

16 924

22 369

27 635

Пайдадағы шекті түсімнің үлесі

0,610

0,767

0,730

0,663

0,711

0,752

Залалсыздық шегі

27 884

21 080

21 038

21 918

19 312

17 176

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық қоры (%)

-41%

36%


28%

14%

39%

53%

Залалсыздық

141%

64%

72%

86%

61%

47%


Кесте кәсіпорын үшін залалсыздықтың шегі сату көлемінің 21 918 мың теңге болып табылатынын көрсетеді (2016 жыл).

Қаржылық тұрақтылық қоры 2014 жылы 36 % құрайды, бұдан әрі бұл көрсеткіш өсетін (53% дейін) болады.


-кесте - Болжамдау кезеңіндегі салықтық түсімдердің көлемі (7 жыл), мың теңге

Салықтың түрі

Сомасы,мың теңге

ҚҚС

2 747

Табыс салығы

1 525

Мүлік пен көлік салығы

547

ЕТҚ салықтар мен міндетті төлемдер

16 542

Барлығы

21 361

Осы жобаны іске асыру нәтижесіндегі салықтық түсімдердің көлемі 7 жылда 21 361 мың теңгені құрайды. Кәсіпорынның ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатыны назарға алынды, соған сәйкес КПН, ҚҚС сияқты салықтар, мүлік салығы мен әлеуметтік салық 70%-ға азаяды.



12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер

12.1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні


Жобаны іске асыру кезінде мынадай міндеттерді шешу көзделген:

  • Жаңа жұмыс орындарын құру, бұл жұмысшылардың тұрақты пайда табуына мүмкіндік береді;

  • Ет алынатын ірі қара малды өсіру үшін жаңа ферма құру;

  • Алматы облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі (7 жылда 21 млн. теңгеден астам).

Әлеуметтік әсерлер арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:

  • Халықтың ет өніміне деген сұранысын қанағаттандыру;

Жобаны іске асыру нәтижесінде 23 жұмыс орны құрылады. Біліктілікті арттыру жоспарлануда.

12.2 Қоршаған ортаға әсер


Қазіргі заманғы өнеркәсіпті мал шаруашылығында энергияны қажет ететін технологияларды көптеп қолдану қоршаған ортаға антропогенді жүктеменің ұлғаюымен қатарлас жүреді. Бұл мал шаруашылығы кешендері келтіретін ластаулардың кері әсерлерінің алдын алу шығыындарының артуына алып келеді.

Әсіресе болуы мүмкін кері салдарларды анықтаудың және оның алдын алу әдістерін айқындаудың маңызы зор. Бұларға атмосфералық ауаға ластаушы және басқа да заттардың шығарындыларын; су және жерасты су объектілері мен су жинау алаңдарына шығарындылар; топырақтың ластануын; өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуын жатқызуға болады.

Мал шаруашылығы кәсіпорындарынан шығатын ластаушы заттар көзін мыналарға бөлуге болады:

  • газ тозаңы шығарындылары —органикалық қалдықтардың шіру немесе жану өнімдері; микроорганизмдер; тозаң; күкірт; көмірсутегі;
  • қатты тозаң түйіршіктері, жемазық қалдықтары полидисперлі массасы бар ағынды сулар, сондай-ақ азот, нитрит, нитрат, хлорид, сульфат, фосфат, патогенді микробтар, майлар, темір, бактериологиялық (БПК) және химиялық (ХПК) ластаушы заттар, мұнай өнімдері, СПАВтар;


  • көптеген микроорганизмдері бар өндірістің органикалық қалдықтары;

  • мал шаруашылығы кешенінің азықтық емес қалдықтары: ветеринарлық конфискаттары; құндылығы аз өнімдері, сондай-ақ өлген мал.






-кесте - Жобаның шеңберінде табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі

Іс-шараның мақсаты

Іс-шара

Табиғатқа кері әсерді азайту

1.Технологиялық жабдықты жаңғырту және жаңалау

2.Аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды енгізу

3.Органикалық қалдықтар, газтозаңды шығарындылар, су тұтыну және ағынды сулар қалдықтары көлемдерін азайту

Газтозаң қалдықтарымен ластанудың алдын алу

  1. Тозаңгаз ұстайтын аппаратура орнату

Органикалық қалдықтарды азайту

1.Көң-қоқысты дұрыс сақтауды, тасымалдауды, кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді ұйымдастыру

2. Кәдеге жаратудың заманауи әдістерін қолдану және қайталама өнім алу


Табиғатқа кері әсерді азайту мақсатында кәсіпорынның жоспарларында бөлімшелердегі технологиялық жабдықтарды жаңғырту және жаңарту, заманауи экологиялық нормаларға сәйкес келетін шаруашылық қызметтерін ұйымдастыруға өзгерістер енгізу.

Бұл шаруашылықтарда үнемі жиналатын және жинақталатын барлық шикізат ресурстарын шаруашылық айналымына енгізуге негізделген аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды енгізу жолымен мүмкін болады. Органикалық қалдықтардың, газтозаң шығарындыларының, суды және ағынды су қалдықтарын тұтыну көлемін азайта отырып қоршаған ортаға кері әсерді азайтуға болады.


Газтозаң шығарындыларымен ластанудың алдын алу үшін кәсіпорындарда ауа желдеткіштерін атмосфераға шығарындылар алдындағы қолайсыз иістен тазартуды қамтамасыз ететін тозаңгаз ұстағыш аппаратуралар орнатылатын болады.

Органикалық қалдықтарды азайтуға органикалық қалдықтарды сақтауды, тасымалдауды, кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді ұйымдастыру, кәдеге жарату мен қайталама өнім алудың әдістерін қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Қосымшалар



<< предыдущая страница