https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Абденбаева Самал Сүйіндікқызы

дайындық тобының тәрбиешісі

Павлодар қаласының №122 мектепке дейінгі

гимназия бала-бақшасы”

Қоршаған айналамен танысу сабағы

Түсінік хат.



Балалар мектепке дейінгі шақта жаратылысынан зерттеушілікке, эксперимент жасауға, білім құмарлыққа және мәселелі жағдайяттарды өзбетінше шешуге ықылас таныту тиісті. Сол себепті де, ерте жастан бастап баланың табиғи қажеттілігін қолдана отырып, оның қоршаған орта құбылыстар мен заттарға көңілін аудартып, ерекше тапсырмалармен материалдарға қызықтыру, белгісіз зерттеулерге талпынысын ынталандыру, оның құпиясын ашуда қуаныш сезімін ояту керек.

Бақылау кез келген эксперименттің бөлігі болып табылады, себебі, оның көмегімен жұмыс барысы және оның қорытындысын қабылдау икемі жүзіге асырылады, сондықтан бала тәжірибе барысында алгоритм бойынша өз ойын реттеуге үйренеді.

Дайындық топ балалары зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде, нәтижелерін жеке-жеке символдар көмегімен қортындылайды.

Эксперименттік тәжірибе сусымал заттармен жүргізіледі. Берілген сабақтан бұрын тұз, қант сусымалы заттар зерттелінді. Құмның қасиетіне бақылау тәжірибе жасау кезінде балалар бұрын танысқан сусымалы заттармен ұқсастығы және айырмашылығы салыстырылып ой қорытындысы кесте бойынша анықталады.


Тақырыбы: Құмның қасиеті

Мақсаты: Құмның қасиетін зерттеу барысында басқа сусымалы заттармен салыстыруға үйрету. Баланың логикалық ойлау қабілеттін дамыту, дәлелдеу дағдысын қалыптастыру. Ұйымдасып жұмыс істеуге, байқағыштық, мақсатқа жету қасиеттерін тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, тәжірибе жасау, логикалық ойындар қолдану.

Құралдар: 1. 7х10см қағаз, желім жағылған қағаз, лупалар.

2. Құм, банка, трубочка.

Барысы:

1Ұйымдастыру, тақырыпқа еңгізу кезеңі

Тәрбиеші: -Шашылған әріптерден, сан реті арқылы жүріп сабақтын тақырыбын шығарасыңдар.


Қ А М Н Ң С Ұ І Е Т Ы Қ И .

1 7 3 4 6 8 21210115 6 9

Қандай сөз шықты? – Құм сусымалы зат.

-Балалар, өткен сабақта біз тұз бен қантты сусымалы заттар деп анықтадық.. Олар туралы не білдік? Өткен сабақтағы толтырған кестеге қараймыз, есте сақтағанды айтамыз.


II Негізгі бөлім: - Тәжірибе жасау.


  1. Үстелдің үстінде балалардың алдында карточка белгі текшелермен, желім жағылған қағаз, ыдысқа салынған құм.

Тәрбиеші: Балалар сусымалы затты зерттегенде қандай алгоритм бойынша жұмыс істедік? – Біз сусымалы затты зерттегенде түсін, түрін, салмағын, қолдануға келетін қасиеттерін зерттедік

  • Тәрбиеші: Дәл осы алгоритм бойынша жұмыс істеп, тәжірибе арқылы құмның сусымалы зат екенін дәлелдеуміз керек.

1-тәжірибе: Құмның құрылымын анықтау: Құмды қасықпен алып қағаздың үстіне құяды.

  • Қағазда нені көріп тұрсыңдар?

  • Қолдарыңмен ұстап көріңдерші? Лупа арқылы қарандар.

  • Желім жағылған жеріне құмды шашып көрейік.

  • Қағазды еңкейтіп көріңдер.

  • Құм жерге шашылды ма?

  • Неге?

  • Өйткені ол желімге жабысып қалды.

  • Құм неден тұрады?- Құмшықтан тұрады.

  • Оның түсі бар ма? - Қоңыр, кейбір құмшықтар сары түсті

Құмның арасында не бар? - Ауа бар.

Балалар суретті белгілермен ой қорытындысын жасап кестені толтырады.

Шешімдерін дәлелдейді: Құм құмшықтардан тұрады, арасында ауа бар, құмшықтардың түстері әр түрлі қоңыр, сары, ұсақталған тасқа ұқсайды

2-тәжірибе: - Бөтелкенің астынғы тесігін қапсыра декемен (дәке бинтінің үзіндісімен) таңып қойған ыңғайлы болады, құм салардың алдында тығынның немесе воронканың тесігіне бір шөкім ылғал сіңіргіш мақта төсеп қояды. Егер воронканың тура склянканың тесігіне келтіріп қоятыг болса, склянканың жиегі мен воронканың арасында бірнеше қабат етіп бүктелген қағаз тілімдерін қояды. Бұл су ығыстырған ауаның еркін шығып кетуі үшін жасалады.


Шешімі: Су мен араластырғанда судың астында батады.Құмның арасына су құйса дымқыл болады. Сулы құмды қалбырға салса пішінің сақтайды, құрылыста қолданылады.

3-тәжірибе: Дауыл деген сөзді қалай түсінесіңдер?


  • Банка ішінде дауыл істеп көрейік. (Қалбырдағы құм таразыға салынып өлшенеді, содан кейін бос банканың құм құйылады, аузы целофан қағазбен жабылады, тесіліп трубочка еңгізіледі, әр бала трубочка арқылы үрлеп банканың ішінде дауыл көтереді)

  • Ал, енді өз ойларыңды айтыңдар.

Шешімі:Құмның салмағы бар, өлшенеді, бірақ қ ұм жеке құмшықтардан тұрғандықтан жел болғанда әр бағытта қозғалады.


III Қортынды кезен:

  • балалар, құмның қасиетімен таныстық. Оның алдыңғы сабақта тұз, қантпен жасадық.

  • Енді, осы екеуінің айырмашылығын салыстырып көрейік. Қараңдар.

  1. Осы заттардың түстері қандай?- Қоңыр, сұр, ақ

  2. Дәмі қалай? - Дәмі жоқ, ащы

  3. Түрі қандай? -Сусымалы.

  4. Қайда пайдаланады? -Құрылыста, тамаққа қосамыз.

  • Осы құммен тәжірибе жасадық, енді оның қасиетін айтыңдаршы.















Құм – салмағы бар;

Төгіледі;

Сусымалы;

Түсі бар;

Қолға ұстауға болады;

Құмның үстінде жүруге болады;

Құрылыста қолданамыз.


Құм Тұз





  1. Түсі қандай? (қоңыр, сұр)

  2. Дәм қандай?

  3. Сусымалы, төгіледі (бірдей)


Қорыта келе балалармен осылай сызба таблицалар арқылы жобалап қорытындылауға болады.

Сабақтың қорытындысы: сонымен сусымалы заттарды жалпы қасиеттрі қандай? Немен бір бірімен ұқсайды – ұсақ бөліктерден тұрады, сондықтан құйылады, қалбырдың пішінің қабылдап алады, салмағы бар, бірақ үрлегенде ұшып кетуге тиісті