https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Қазақстан Республикасы

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы


«Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

Ережесі


Жаңақорған 2009 жыл

Аудан әкімдігінің 2009 жылғы


  1. желтоқсандағы № 441 қаулысымен

бекітілген


«Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі жөніндегі

ЕРЕЖЕ


1.Жалпы ережелер


1. Мемлекеттік мекеме «Жаңақораған ауданы әкімінің аппараты» (бұдан әрі аудан әкімінің аппараты) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқару органы болып табылады, оның негізгі міндеті аудан әкімдігі мен әкімінің іс қимылын қамтамасыз ету болып табылады.

2. Аудан әкімі аппараты жұмысын Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, аудан әкімдігі мен әкімінің актілеріне, басқа нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүргізеді.

3.Аудан әкімі аппараты заңнамамен белгіленген тәртіпке құрылған, ұйымдастыру-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеме болып табылады.

Аудан әкімі аппараты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрге, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөртабандарға, белгіленген үлгідегі бланкілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі қазынашылық органдарындағы заңнамаға сәйкес есеп-шоттарға ие.

Аудан әкімінің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.

Аудан әкімі аппараты, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы ретінде шығуға құқығы бар.

4. Аудан әкімінің аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамамен белгіленген тәртіппен бұйрық түрінде актілер шығарады.

5. Аудан әкімі аппараты жөніндегі Ережені, сондай-ақ, оның құрылымы мен шекті штаттық кестесін аудан әкімдігі бекітеді.

6. Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының заңды мекен –жайы: Жаңақорған кенті, М.Көкенов көшесі № 37

7. Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік тілдегі толық атауы – «Жаңақорған ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде- государственное учреждение «Аппарат акима Жанакорганского района».

8. Аудан әкімі аппаратының құрылтайшысы Жаңақорған ауданы әкімдігі болып табылады, аудан әкімі аппаратының құрылтайшы құжаттары оны құру туралы акті және осы Ереже болып табылады.

Құрылтайшы құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар заңнамамен белгіленген тәртіппен жасалады.

9. Аудан әкімі аппаратының жұмысын қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.


2.Аудан әкімі аппаратының функциялары мен негізгі міндеттері


10. Аудан әкімі аппараты мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) әкімдік және аудан әкімінің жұмысын ақпараттық-талдамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

2) өз құзіретінің шегінде аудан әкімдігінің Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;

3) әкімдік және аудан әкімінің жұмысын құжаттамалық қамтамасыз ету мен қызмет ету, іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу;

4) Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тілді енгізу;

5) аудан әкімдігінің мәжілістерінде қарау үшін мәселелердің тоқсандық тізбесін дайындауды ұйымдастыру;

6) аудан әкімінде, оның орынбасарларында өтетін жиналыстарды ұйымдастыру;

7) аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат жетекшісінің тапсырмалары бойынша әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау;


8) әкімдік қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін шығару, оларды тарату және сақтау;

9) «Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы курес туралы» Қазақстан Респуликасының Заңдарына, Қазақстан Респуликасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексі» Жарлығына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару органдарында кадр саясаты мәселелерінде Қазақстан Ресубликасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімдігінің және облыс әкімінің бағытын жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

10) аппарат кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлауын ұйымдастыру, оның қызметкерлерін аттестациялау;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасын орындаудағы, аудан экономикасын тұрақтандыру мен көтеруге, әлеуметтік ахуалды жақсартуға, нарықтық қатынастарды, шағын кәсіпкерлікті, гендерлік және отбасылық-демографиялық мәселелерді, меншіктің барлық түрлерін дамытуға жағдай жасау;

12) аудан әкімдігі мен әкімге және оның орынбасарларына ауданның әлеуметтік –тапсырмасы бойынша басқа да ақпарат дайындау;

13) аудан әкімінің және оның орынбасарларының өткізетін кездесулерін, ресми сапарларды, басқа шараларды ақпарттық-талдау, құқықтық ұйымдастыру, кеңестік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

14) аудан әкімдігі мен әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысын қамтамасыз ету;

15) аудан әкімінің іс-қимыл бағдарламасы мен облыстық бағдарламалардың, облыс әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, оның тапсырмаларының орындалу барысы туралы аудан әкімдігі мен әкімін хабардар ету;

16) Алдағы кезеңге аудан әкімінің жұмысын жоспарлау;

17) жалпы міндеттілік маңызы бар, ведомствалық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілерді мемлекеттік тіркеуге дер кезінде ұсыну;


18) азаматтар мен заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша жолдауларын қарау;

19) азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;

20) заңнамаға сәйкес өзге де функциялар;

11. Аудан әкімі аппаратының негізігі міндеттері:

1) әкімдік және аудан әкімінің қызметін ақпараттық-талдаулық, құқықтық ұйымдастыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

2) аудан көлемінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдармен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамысыз ету;

3) экономика мен әлеуметтік саланың дамуы, аудандық ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау бойынша материалдар мен ұсыныстар дайындау, Қазақстан 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес аумақты дамытудың перспективалық бағдарламаларын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу;

4) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс, аудан әкімдігінің және әкімінің актілерін орындауды ұйымдастыру;

5) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың өкілді және өзге де мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарымен өзара іс қимылын үйлестіру;

6) аппарат қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, олардың денсаулығын қорғау, құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін сақтау мәселелерін белгіленген тәртіппен шешу болып табылады;

12. Аудан әкімі аппараты өзінің міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен тұлғалардан аудан әкімдігі мен әкімінің құзырына жататын мәселелер бойынша тиісті ақпараттар мен құжаттар сұратуға және алуға, сараптама және кеңес жүргізу үшін мамандар мен тәуелді сарапшылар тартуға;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімінің, аудан әкімдігі мен әкімінің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған бұрмалаушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауға;


3) жергілікті атқарушы органдардың мәжілістеріне, жиналыстарына қатысуға;

4) аудан әкімдігінің мәжілісіне, аудан әкімінің қарауына ұсынылған мәселелерді дайындауға аудан әкімі аппараты, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін қатыстыруға;

5) нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;

6) оқшауланған мүліктік емес құқықтарға ие болуға;

7) мүліктік және мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жасауға;

8) құрылтайшы құжаттарда қаралған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға қаражаттар пайдалануға;

9) сотта талапкер және жауапкер болуға;

10) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес аудан әкімі аппаратының негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;

13. Егер аудан әкімі аппаратына заңнаманың актілерімен табыс алып келетін іс-қимыл жасауға құқық берілсе, онда іс қимылдан түскен табыс мемлекеттік бюджеттің табысына жолданады.


3.Аудан әкімі аппаратының мүлкі


14. Аудан әкімі аппараты жедел басқару құқығы мен оқшауланған мүлікке ие;

Мүлік оған құрылтайшы берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ, құны аудан әкімі аппаратының балансында көрсетілген басқа мүліктен тұрады.

15. Аудан әкімі аппаратына бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншік болып табылады.

16. Аудан әкімі аппараты өзіне бекітілген мүлікті және оған смета бойынша бөлінген қаражат есебінен алынған мүлікті өзінше беруге немесе басқа тәсілмен билік етуге, егер басқа Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне белгіленбесе құқығы жоқ;

4. Аудан әкімі аппаратының іс-қимылын ұйымдастыру

17. Жаңақорған ауданы әкімінің аппаратын аппарат жетекшісі басқарады, ол оның бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді және бағыттайды, аудан әкімінің аудандық мәслихат, әкімдік, кент, ауылдық округі әкімдерімен, басқа мемлекеттік органдарымен және басқа субьектілермен оперативтік байланыстарын қамтамасыз етеді.


Аппарат жетекшісі қызметіне тағайындау конкурстық негізінде жүзеге асырылады.

Аудан әкімі аппараты жетекшісі қызметіне тестілеуден нәтижелі өткен және конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған талапкер тағайындалады.

Аудан әкімі аппаратының жетекшісі аудан әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады, аудан әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап береді.

18. Бұл мақсаттарда аппарат жетекшісі заңнамамен белгіленген тәртіппен өз құзіреті шегінде:

1) аудан әкімі аппаратын мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;

2) аудан әкімі аппаратының актілеріне қол қояды;

3) аудан әкіміне аппараттың құрылымы, бөлінген еңбекке төлеу қоры шегінде аппарат қызметкерлерінің лауазымды жалақыларына үстеме және қосымша ақшаларды белгілеу, өзгерту мен алып тастау, сыйақы мәселелері бойынша ұсыныстар береді;

4) барлық аппараттың бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелердің іс қимылына жалпы басшылық жасайды;

5) аудан әкімі аппараты жетекшісі бөлім меңгерушілерін лауазымға тағайындау және босату жөнінде аудан әкіміне ұсыныс енгізеді;

6) аудан әкімінің келісімімен аудан әкімі аппаратының техникалық қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады.

7) аппараттың лауазымды тұлғаларын мараппаттауға және тәртіптік жаза қолдануға ұсыныс береді

8) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларының орындалуы мәселелері бойынша тексерулер ұйымдастырады және аудан әкімдігі мен әкімді хабардар етеді;

9) аудан әкімі аппаратының бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелері жөніндегі Ережелерді, аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларын бекітеді;

10) аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, басқа шығыс құжаттардың жобаларын облыс әкіміне ұсынады;


11) өз құзіреті шегінде аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларына, аудан әкімдік мәжілістерінің хаттамаларына, басқа құжаттарға бұрыштама соғады;

12) аппарат құзіреті шегінде қызметтік құжаттарға және аудан әкімі апаратының қызметкерлерін іссапарға жіберу туралы бұйрықтарға қол қояды;

13) аппарат жұмысының ішкі тәртібін белгілейді, оның орындалуына бақылау жасайды;

14) аппарат бойынша бұйрықтар шығарады, сондай-ақ аппараттың қызметкерлеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді .

15) аудан әкімі аппаратының Қазақстан Республикасы Әкімшілігі, Қазақстан Респуликасы Премьер-Министрі Кеңесі, Қазақстан Республикасы Парламенті, Министрліктер, ведомстволар, аудандық мәслихат, әкімдік, кент, ауылдық округтер әкімдерімен басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын ұйымдастырады.


16)Мемлекеттік органдағы сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін дербес жауапкершілікте болады

17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа міндеттерді жүзеге асырады.

19. Аудан әкімі аппаратының жетекшісі:

1) мүдделі органдарға аудан әкімдігі мәжілісіне, аудан әкімінің қарауына ұсынылған мәселелерді әзірлеу мен келісу бойынша нұсқаулар беруге;

2) аудан әкімінің тапсырмалары мен шешімдерінің орындалуы туралы қажетті материалдар, анықтамалар, ақпараттар, есептер талап етуге;

3) аудан әкімдігі мен әкімнің қарауына түскен материалдар мен құжаттардың жобаларын белгіленген талаптар енгізу тәртібіне сәйкес келмеген жағдайда қайтаруға;

4) аудан әкімі атына түскен азаматтардың шағымдарын өзі қарау, олар бойынша аудандық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органдардың, ведомстволардың басшыларына, аудан көлеміндегі кент, ауылдық округі әкімдеріне тапсырма беруге;

5) аудан әкімдігінің, әкімінің және әкім аппаратының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша келісім-шарттар (контрактілер) жасауға, сенімхаттар беруге;


20. Аудан әкімінің құрылымдық бөлімшелері осы Ереже, аудан әкімдігінің Регламенті және құрылымдық бөлімшелер жөніндегі ережелер негізінде жұмыс жасайды;

21. Құрылымдық бөлімшелердің меңгерушілері:

1) құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауды қамтамасыз етеді;

2) құрылымдық бөлімшелер аудан әкімінің, оның орынбасарларының, сондай-ақ аппарат жетекшісінің тапсырмаларын орындайды;

3) еңбектің тиімді және нәтижелі ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;

4) аппаратта қолданыстағы Регламент пен Нұсқаулықтарға сәйкес құрылымдық бөлімшедегі істің жүргізілуіне, құжаттарды есепке алу, сақталуына, дер кезінде өтуі мен орындалуына, мұрағатқа тапсырылуына жауапты;

5) өзге де өкілеттіктерді іске асырады .

1) аудан әкімдігінің, аудан мәжілістеріне, жергілікті атқарушы органдары өткізетін басқа шараларына қатысуға;

2) мемлекеттік органдар дайындаған аудан әкімдігінің қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің және басқа құжаттардың аудан әкімдігі мен әкімінің құзіретіне кіретін жобаларына сараптама жасауға;

3) белгіленген тәртіп бойынша аудан әкімі аппараты басшылығына ұсынылған құжаттарды, егер олар ұсынылатын талаптарға жауап бермесе, пысықтауға қайтару туралы ұсыныс беруге;

4) аппарат жетекшісінің тапсырмасы бойынша, аудан әкімі аппаратының құзыры шегінде, басқа да тиісті өкілеттіктерді атқаруға құқылы.

23. Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің меңгерушілері жүктелген міндеттерді, басшылық тапсырмаларының уақтылы және толық орындалуына жауапты , аудан әкімі аппараты жетекшісіне өздері басқарып отырған бөлімдердің қызметкерлерін марапаттау және тәртіптік жаза беру туралы ұсыныстар енгізу;

24. Аппарат қызметкерлері өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде:

1) аудан әкімдігі, кент, ауылдық округ алқаларына, консультативтік-кеңесші органдардың ведмоствоаралық сипаттағы мәселелері жөніндегі мәжілістеріне, жергілікті атқарушы органдардың басқа шараларына қатыса алады;


2) жергілікті бюджеттен қаржыланатын атқарушы органдардың жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша басшылыққа ұсыныс беруге құқылы;

3) аудан әкімінің, оның орынбасарлары және аппарат жетекшісінің тапсырмасы бойынша аудан әкімі аппаратының құзыры шегінде, басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.


5.Аудан әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және жою


25. Аудан әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және жоюды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудан әкімдігі жүзеге асырады.

26. Жойылған аудан әкімі аппаратының мүлкі заңнамамен белгіленген тәртіппен қайта бөлінеді.

Аппарат жетекшісі Қ. Бүркітбаев