https://electroinfo.net

girniy.ru 1

«Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

(қызметтің атауы)

1. Жалпы ережелер


1. «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын әзірлейтін мемлекеттік органның атауы – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).

3. Қызмет берушінің атауы: «Біліктілік санатын бермей маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары мен жұмыс кестелері осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық департаменттері (бұдан әрі – қызмет беруші), сондай-ақ «электрондық үкімет» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы немесе «Е лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) қызмет берушіге жүгінген кезде:

қызметті алушы тестілеуді оң нәтижемен өткен жағдайда осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсетe нәтижесін алған сәтке дейін – он жұмыс күні;

құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

құжаттарды алу кезінде кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

құжаттарды тапсыру кезінде кезекте қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;


құжаттарды алу кезінде кезекте қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минуттан аспайды;

2) порталға жүгінген кезде:

қызметті алушы тестілеуді оң нәтижемен өткен жағдайда осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін – он жұмыс күні.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны - электрондық (ішін ара автоматтандырылған).

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша электрондық түрде біліктілік санатын бермей маман сертификатын (бұдан әрі - сертификат) беру немесе электрондық құжат түріндегі бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың себептері көрсетілген сертификат немесе дәлелді жауапты қызметі алушы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі қызметті алушыға:

1) қызмет берушіге жүгінген кезде – осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша электрондық құжат түрінде қолма-қол (қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке келуі) немесе қызметті алушы көрсеткен электрондық мекенжайға;

2) Порталға жүгінген кезде қызметті алушының «жеке кабинетіне» жеткізіледі.

Қызметті алушы сертификатты қағаз тасымалдағышта алу үшін қызмет берушіге жүгінген жағдайда сертификат электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, қызмет берушінің басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.

Сертификат Қазақстан Республикасының аумағында қызмет берушінің басшысы оның берілгені туралы шешім шығарған күннен бастап бес жыл ішінде қолданылады.


Қызмет беруші шектеулі көлемді таңдау әдісімен ұсынылған мәліметтерді тиісті құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып тексеру арқылы ақпараттың дұрыстығына деректерді ұсынған үміткерлердің жалпы санының бес пайызын тексереді.

Таңдау қызмет беруші қызметкері ұсынылған құжаттардың толықтығын тексерген кезде автоматты тәсілмен жүргізіледі.

Қызмет берушінің қызметкері қызметті алушыға жазбаша, электрондық түрде немесе телефонограмма арқылы хабарлама жіберу жолымен шектеулі көлемді таңдаумен белгіленген қызметті алушыны құжаттардың түпнұсқаларымен ұсынылған деректермен салыстырып тексеру үшін шақырады.

Порталда хабарлама қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Хабарламаны алған қызметті алушылар қызмет берушіге тестілеу күні, олар тестілеуден өткенге дейін құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.

Ұсынылған деректерді тиісті құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып тексеру кезінде белгіленген дұрыс ақпараттың ұсынылмағаны анықталған жағдайда қызметті алушы тестілеуге жіберілмейді.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Қызмет берушінің жұмыс кестесі:

1) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін санамағанда, күн сайын сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Құжаттарды қабылдау қызмет берушінің басшысы бекіткен және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген сайтта орналастырылған белгіленген кестеге сәйкес жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылу және тездетілген қызмет көрсету көзделмеген.

2) порталда – тәулік бойы, қызмет берушінің басшысы бекіткен және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған кестеге сәйкес жұмыс күндері.


9. Қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет берушіге:

1) осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты;

3) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді ұсынады.

Қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда - өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік құқығына өкілеттікті куәландыратын құжат ұсынылады.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылатын жеке басын куәландыратын құжаттардың деректерін қызмет беруші портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжаттар түрінде алады.

Қызметті алушы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекіткен денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдарының біліктілік сипаттарына сәйкес келген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды береді.

Порталда:

1) қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;

2) осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер.

Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің нысаны Министрліктің интернет-ресурсында www.mz.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылады, сондай-ақ қызмет берушінің үй-жайының жалпыға қол жетімді жерлерінде ілінеді.

Мемлекеттік қызметті портал арқылы алу үшін қызметті алушы электрондық құжат нысанында сұратуды толтырады.

Құжаттарды қабылдау осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қызмет берушінің кеңсесі арқылы «бір терезе» принципі бойынша жүзеге асырылады.


Порталда электрондық сұратуды жіберу қызметті алушының «жеке кабинетінен» жүзеге асырылады. Сұрату таңдалған қызметке сәйкес мемлекеттік органның мекенжайына автоматты түрде жіберіледі.

Құжаттарды қызмет берушінің кеңсесі арқылы беру кезінде қызметті алушыға:

1) өтініштің нөмірі мен қабылданған күні;

2) сұратылған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) өтінішке қоса берілген құжаттардың саны;

4) тестілеуден өтудің күні мен уақыты (құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша жіберілген жағдайда);

5) өтінішті қабылдаған кеңсе қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

Портал арқылы жүгінген кезде қызметті алушыға «жеке кабинетіне» тестілеуден өту күні мен уақытын көрсете отырып мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұратудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі (құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша ол жіберілген жағдайда).

Қызмет берушінің қызметкері қызметті алушының құжаттарының толықтығын және тізбеге сәйкестігін тексереді, қызметті алушының құжаттарын деректер нысаны тарауының барлық тармақтарының дұрыстығына зерттейді.

Құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда қызмет берушінің қызметкері оларды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелді бас тартуды береді.

Құжаттар қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні өткен соң қызмет берушінің құжаттардың толық еместігіне байланысты мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға құқығы жоқ.

Егер құжаттар толық көлемде ұсынылса және мәліметтер нысаны Ережеге сәйкес толтырылса және қызметті алушы дәлелді бас тарту алмаса, ол тестілеуге жіберіледі.

Құжаттарды қарау нәтижесі оң болған кезде қызметті алушы тестілеуге жіберіледі.


Тестілеу уәкілетті орган белгілеген тәртіпте жүргізіледі.

Қызметті алушы тестілеуге қолхатта (хабарлама) көрсетілген мерзімде келуі тиіс.

Тестілеуге келмеген жағдайда немесе тестілеудің нәтижесі теріс болса, қызметті алушыға сертификат берілмейді.

Тестілеуден оң өткен кезде қызметті алушыға басшының қолы және қызмет берушінің мөрі қойылған сертификат беріледі.

Сертификат бес жыл мерзіміне беріледі.

10. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту үшін:

1) тестілеуге келмеу;

2) тестілеудің теріс нәтижесін алу;

3) денсаулық сақтау қызметкерлерінің лауазымдардың біліктілік сипаттарына сәйкес келмеуі негіздеме болып табылады;

4) ұсынылған деректерді тиісті құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырып тексеру кезінде қызмет беруші анықтаған қызметті алушының дұрыс ақпаратты ұсынбауы.

Қызмет берушіге жүгінген кезде қызметті алушы мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың себептері көрсетілген дәлелді жауапты осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша - қолма-қол (қызметті алушының немесе оның өкілінің жеке келуі), қағаз түрінде – поштамен, электрондық түрде қызметті алушы көрсеткен электрондық мекенжайға немесе телефонограммамен жіберу арқылы алады.

Порталда қызмет берушінің мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартудың себептері көрсетілген дәлелді жауабын қызметті алушы «жеке кабинетінде» электрондық құжат түрінде алады.

3. Қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11. Қызмет беруші қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағымды дайындауға көмек көрсету осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша жүзеге асырылады.


Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» сall-орталығының (1414) телефоны бойынша алуға болады.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген, ол дұрыс көрсетілмеген жағдайларда немесе оның сапасы мәселелері бойынша шағым осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша қызмет берушінің басшысының атына немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) беріледі.

Шағымдар пошта бойынша жазбаша түрде немесе қызмет берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол жұмыс күндері қабылданады.

Шағымда қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға қызметті алушы қол қояды.

Шағым берген кезде қызмет берушінің атауы, әрекеттеріне шағым берілетін лауазымды тұлғалардың лауазымдары, тегі, аты-жөндері, өтініш пен уәждері және талаптар көрсетіледі.

Қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу (мөр, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Шағымдарды қарау «Мемлекеттік қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте және мерзімдерде жүзеге асырылады.

Шағымды қарау нәтижелері қызметті алушыға пошта арқылы тапсырысты тәртіпте жазбаша түрде немесе қол қою арқылы қолма-қол хабарланады.

Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген Комитеттен және қызмет берушіден алуға болады.


Шағыммен порталға жүгінген кезде қызметті алушыға электрондық өтініш «жеке кабинеттен» жіберілгеннен кейін өтініш туралы ақпарат қол жетімді болады, ол қызмет беруші өтінішпен жұмыс істеу барысында (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарау туралы жауап немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін есепке алғандағы басқа талаптар
12. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері –  қызмет автоматтандырылған, ақпараттық жүйе арқылы құжаттарды қабылдау және аттестаттау куәлігін беру мүмкіндігі бар, бұл жеке қатысуды көздемейді.

Қызмет берушіге жеке келу тестілеу мен әңгімелесуді өткізу кезеңінде қажет.

Мемлекеттік қызмет дене мүмкіндігі шектеулі мемлекеттік қызметті алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген мемлекеттік қызметті алушылардың тұратын жері және негізгі жұмыс орны бойынша қызмет берушінің ғимаратында да сондай-ақ порталда жеке кабинетте көрсетіледі.

Қызметті алушыға арналған мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы қысқаша ақпарат осы стандартқа 5-қосымшада сызба түрінде келтірілген;

Дене мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандустар мен лифтілер қарастырылған.

13. Мемлекеттік қызмет қызмет беруші ағымдағы жылға бекіткен, қызмет берушінің үй-жайларының жалпыға қол жетімді жерлерінде орналасқан қабырғаларда ілінетін және осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша интернет-ресурста орналастырылатын кестеге сәйкес көрсетіледі.

14. Қызметті алушы ЭЦҚ болған кезде порталға жүгіне алады.

15. Қашықтықтағы қол жетімділік режимінде мемлекеттік қызмет көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты алу мемлекеттік қызметке портал арқылы жүгінген кезде мүмкін.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығынан – тәулік бойы, үзіліссіз, демалыс және мереке күндерсіз, 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы, www.1414.kz интернет-ресурсы бойынша, [email protected], [email protected], [email protected] электрондық мекенжайынан алуға болады.


17.Қызметті алушыларға арналған қосымша ақпарат:

қызметті алушыға арналған мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес жадынама түрінде ұсынылған;

қажет болған жағдайда қызметті алушыға арналған қысқаша ақпаратқа осы стандартқа 6, 6.1- қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызметті алу сызбасы қоса беріледі.

18. Қызметті алушыға арналған мемлекеттік қызметті алу тәртібі туралы қысқаша ақпарат «электрондық үкіметтің» веб-порталында орналастырылады.


________________________

«Біліктілік санатын бермей, маман

сертификатын беру» мемлекеттік

қызмет стандартына

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің және оның аумақтық департаменттерінің байланыс деректері


Р/с №

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттерінің атауы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті және оның аумақтық департаменттерінің орналасқан мекенжайы

Жұмыс кестесі

Сайтының

мекенжайы


Аттестаттау, аккредиттеу және лицензиялау бөлімінің телефон нөмірі

Басшының телефон нөмірі

1

2

3


4

5

6

7

1

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті» ММ (бұдан әрі – Комитет)


Астана қаласы, Министрліктер үйі,

5-кіреберіс

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін

түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

http://www.mz.gov.kz

8(7172)

74-33-83

8(7172)

74-32-79

2

«Комитеттің Астана қаласы бойынша департаменті» ММ


Астана қаласы,

Иманов к-сі, 19

«Алматы» бизнес-орталығы,

11-қабат

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін

түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

www.dkkmfdastana.kz


8(7172)

91-74-65

8(7172)

91-75-09



3

«Комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті» ММ



Алматы қаласы,

М. Маметова даңғылы, 3

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

www.kkmfd.kz

8(7272)

73-12-92

8(7272)

71-22-74


4

«Комитеттің Ақмола облысы бойынша департаменті» ММ


Көкшетау қаласы, Әуелбеков к-сі, 98

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

adkkmfd.kz

8(7162)

25-14-43

8(7162)

40-18-86

5

«Комитеттің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» ММ


Ақтөбе қаласы, Селиверстов к-сі, 9Б (Тілеу батыр)

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін


http://www.aktobe-dkkmfd.kz

8(7132)

50-15-28

8(7132)


50-15-61


6

«Комитеттің Алматы облысы бойынша департаменті» ММ


Талдықорған қаласы, Жансүгіров к-сі, 149

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін


http://www.medfarm-almobl.kz

8(7282)

24-43-59

8(7282)

21-02-23



7

«Комитеттің Атырау облысы бойынша департаменті» ММ


Атырау қаласы, Байтұрсынов к-сі, 53

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін


http://www.atyrau-medfarm.kz

8(7122)

27-31-94

8(7122)

27-31-94


8

«Комитеттің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ


Орал қаласы,

Достық-Дружба даңғылы, 215

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

www.dkkmfd-zko.kz

8(7112)

51-04-75

8(7112)

51-21-11

9

«Комитеттің Жамбыл облысы бойынша департаменті» ММ



Тараз қаласы,

Қазыбек би к-сі, 142 а

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

http://www.medfarm.kz


8(7262)

45-59-12

45-99-60

8(7262)

50-07-92

10

«Комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаменті» ММ


Қарағанды қаласы, Шахтерлер даңғылы, 78

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

http://www. fcontrol.kz

8(7212)

33-43-74

8(7212)

33-43-21


11

«Комитеттің Қызылорда облысы бойынша департаменті» ММ


Қызылорда қаласы,

Мұратбаев к-сі, 13

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

http://www.kyzylordamedfarm.kz

8(7242)


26-45-34


8(7242)

27-48-91


12

«Комитеттің Қостанай облысы бойынша департаменті» ММ


Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 195

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

dkkmfd-kos.kz

8(7142)

54-36-26

8(7142)

54-98-90


13

«Комитеттің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ

Ақтау қаласы,

9-шағын аудан, 23

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

[email protected]

8 (7292)

42-09-47

8(7292)

42-09-47


14

«Комитеттің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ


Шымкент қаласы,

Н. Төрекулов к-сі

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

http://www.medfarm-aktau.kz


8 (7292)

42-09-47

8(7292)

42-09-47


15

«Комитеттің Павлодар облысы бойынша департаменті» ММ


Павлодар қаласы, Лермонтов к-сі, 59

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

http://mfc-pvl.gov.kz

8(7182)

55-02-86

8(7182)

55-57-09

16

«Комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ

Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы

к-сі, 36

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

http://www.dkkmfd.sko.kz

8(7152)

46-97-39

8(7152)

36-02-22


17

«Комитеттің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» ММ


Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 9/1

жұмыс күндері

9-00-ден 18-30-ға дейін түскі үзіліс

13-00-ден 14-30-ға дейін

www.dkkmfd-vko.kz

8(7232)

76-13-23

8(7232)

76-54-44



___________________________

«Біліктілік санатын бермей, маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

2-қосымша



нысан

Маман сертификаты

Осы маман сертификаты______________________________________________
                                (тегi, аты, әкесiнiң аты)
__________________________________________________________________
__________________________________________________мамандығы бойынша
(номенклатура бойынша мамандық)

біліктілік санаты тағайындалмай берілді.

Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының 20_____ жылғы «___»_____________ № _____ бұйрығы

Сертификат 20 ____ жылғы « ___» ____________ дейiн жарамды

Оны беру туралы шешiм шығарған мемлекеттiк орган басшысының қолы
________________     

М.О.   

Тiркеу №  ___________                 

Берiлген күнi 20__ жылғы «__»___________

___________________________

«Біліктілік санатын бермей, маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет стандартына

3-қосымша

нысан

____________________________________

____________________________________

(уәкілетті органның атауы)
басшысына
____________________________________

(кімнен)

____________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
Тұрғылықты мекенжайы:

___________________________________

___________________________________

ӨТІНІШ


 

Сізден____________________________________________________________

__________________________________________________________________

мамандығы бойынша біліктілік санатын бермей, міндетті біліктілік емтиханына жіберуіңізді сұраймын.
 

_______________________

(қызметті алушының қолы)
___________________

     (толтырылған күні)
___________________________




«Біліктілік санатын бермей,

маман сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

4-қосымша



___________________________



«Біліктілік санатын бермей,

маман сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

5-қосымша

Қызметті алушының «Біліктілік санатын бермеу маман сертификатын беру» мемлекеттік қызметін алу тәртібі туралы жадынамасы

(мемлекеттік қызметтің атауы)

Қызмет беруші туралы ақпарат:

Қызмет берушінің атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурсының мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген








Құжаттарды қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жүзеге асыратын қызмет беруші туралы ақпарат осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген







«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу тәсілі туралы ақпарат осы стандарттың 6, 9-тармақтарында көрсетілген





Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 10 жұмыс күні





Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі: өтініш, осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша деректер



Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:

Электрондық нысандағы маман сертификаты




Қосымша ақпарат:

Бірыңғай байланыс орталығының телефоны бойынша: 1414, 8 800 080 7777, www.1414.kz интернет-ресурсы бойынша, egov@nitec.kz, support@pki.gov.kz, sd@nitec.kz электрондық мекенжайына.



Приложение 6



«Біліктілік санатын бермей,

маман сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

6-қосымша

Қызмет берушіге жүгінген кезде
мемлекеттік қызметті алу сызбасы


















Белгіленген талаптарға Белгіленген талаптарға

сәйкестік сәйкессіздік












Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі

қанағаттанарлықсыз болғанда










«Біліктілік санатын бермей,

маман сертификатын беру»

мемлекеттік қызмет стандартына

6.1-қосымша
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы

мемлекеттік қызметті алу сызбасы































Белгіленген Белгіленген

талаптарға талаптарға

сәйкестік сәйкессіздік








Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

қанағаттанарлықсыз болған кезде