https://electroinfo.net

girniy.ru 1



Жыныстық қатынастар арқылы жұғатын аурулар

Сифилис. Бұл дертті негізінен арнайы микробтар таратады. Әсіресе, спирохеттер (Sрігоһеtа). Дене қызарады, жара пайда болып, кейін іріңдейді.

Біршама уақыттан кейін (6 аптадан 1 жылға дейін) дененің кез келген жері бөртіп, қызарып кетеді. Бөрткен ауырмайды, не қышымайды. Жалпы адамды мазаламайды. Бұл аурудың осы кездегі белгілері, алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда мүлдем басқаша болады. Шаш таңба-таңба болып түсіп, тамақ қырылдай бастайды, адамның басы ауырып, дене қызуы көтеріледі. Бірақ бұл белгілер болмауы да мүмкін. Егер сифилисті емдемесе, ол адам ағзасына төтенше құбылыстар туғызуы сөзсіз. Адам сал ауруына (паралич) шалдығуы, көзі көрмей, құлағының естімей қалуы, есінен мүлдем айырылуы, тіпті, тіршілік дүниесімен қоштасуы ықтимал. Сифилис жүкті анадан балаға тарауы сөзсіз. Сәби ауру, сүйектері кемтар болып дүниеге келеді.

Гонорея. Бұл дертті де микробтар таратады. Оны гоноккокк деген микроағза жұқтырады. Жыныстық қатынаспен берілетін аса ауыр дерт. Ер адамдар әсіресе несеп шығару кезінде қатты ауырсынады, ірің ағады. Әйелдерде пайда болатын белгілер одан ауыр. Сыртқы несеп жолдары үнемі ашып ауырып, адамның жүйке жүйесіне ерекше әсер етеді. Олар жыныстық қатынастан кейін 2-20 күннің ішінде байқала бастайды. Емделмеген жағдайда әйелдердің бедеулігіне алып келеді. Ер адамдардың буындары ісіп, жүре алмай қалады.

Гениталдық герпес. Жыныс мүшелеріне шығатын ұшық сияқты вирустан болатын ауру. Әдетте адамның бетінде сулы көпіршік қалпында байқалады. Гениталды герпес жыныс

қатынасы мен адам ағзасына жұғады. Кейін үлкен ойық-ойық жараға айналып, жүйке жүйесін тежеп жібереді. Адам өте ашушаң болады. Гениталды герпес алғашқы кезде түсі қызыл, бөртпе ретінде пайда болады. Кейін үлкен іріңді жараға айналып кетеді. Өте қиын емделетін аурулардың бірі. Гениталды герпес тұқым қуалайтын дерттердің қатарына жатады. Өйткені ол анадан балаға таралады. Гениталды герпестен туындайтын қорытынды: бала соқыр, керең болып тууы мүмкін. Дүниеге өліп болып келуі де ықтимал. Герпестен туындайтын күйзелістен, психологиялық азаптап, бас ауруынан адам шаршап-шалдығып кетеді.


Хламидия. Жедел түрде дамитын жыныстық жолмен берілетін аурулардың бірі. Оны табу, анықтау оңай емес. Дегенмен емдесе, адам бұл аурудан тез арада айығып кетеді.

Жыныс мүшелерінің гениталды сүйелдері (полип). Жанға онша азап келтірмейтін дерт. Дегенмен, сырқаттың ешбірі ағзаға жақсы әсер етпейді. Гениталды сүйел папиллома деп аталатын вирус арқылы дамиды. Сүйелді арнайы ерітінділер мен сұйық азот ерітінділерін жағып, күйдіру арқылы емдеуге болады. Ем онша қиынға түспейді. Оны емдеуден бас тартуға болмайды. Аурудың өршуіне жол бермеу керек.

Вагинит. Бұл дертті микробтар туғызады. Жазылатын ауру, емдеуге болады. Ауруды жасыруға болмайды. Қазіргі медицина жақсы дамуда. Көптеген ауруларды әу-бастан жазуға болады.

ЖИТС. (Жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромы, АИТВ-ның соңғы сатысы).
ЖИТС — ағзаның қорғаныш қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам ағзасындағы иммундық жүйені бұзатын вирустар. Олар барлық ауруларды денеге дарытпай қорғайтын иммундық жүйені жойып жіберіп отырады. ЖИТС-пен өмір сүретін адамдар арасында кеңінен таралған сырқат түрлері: 1) кальций саркомасы, терінің қатерлі ісігінің бір түрі, 2) пневмококкті пневмония.

ЖИТС-тің алғаш рет 1981 жылы Америкада пайда болды. 1985 жылы ғалымдар ЖИТС ауруын қоздыратын НІV вирусының құрылымын анықтады. Кейіннен бұл вирус әлем кеңістігіне кеңінен тарай бастады. ЖИТС-ті болдырмайтын, оған қарсы тұратын алдын алатын вакцина осы күнге дейін табыла қойған жоқ.
ЖИТС-тің жұғу жолдары. ЖИТС — бірнеше жолмен жұғатыны анық. Олардың ішінде медицина ғылымдарына белгілі болғаны мына төмендегілер:
1. Жыныстық қатынас.
2. Теріасты инъекциясын жасау үшін бірнеше адамның ортақ бір инені пайдалануы.

3. ЖИТС жұқтырған жүкті әйелден жатырдағы баласына берілуі.

4. Қан құю кезінде АИТВ-жұқтырған донордан берілуі.
5. ЖИТС вирусының қолдағы, тістегі және аяқтағы кішігірім жаралар арқылы ағзаға өтуі және т.б.

ЖИТС ауруларының белгілері.
1. Адам өте қажып, жалқау үрдісі басып, денесі көтертпей қояды, көңіл-күйі төмендеп, тәбеті бұзылады.
2. Дене жиі терлейді.
3. Бездердің мөлшерден тыс өсіп кетуі (лимфа түйіндерінің өсуі, әдетте мойында, қолтықта, шашта) және көзге түсетін өзге де бірнеше өзгерістер болады.
4. Ауыз қуысында ерекше көзге түсетін теңбілдер пайда болады.
5. Адам үнемі құрғақ жөтелмен жөтеліп, тыныс алуы бұзылады.

ЖИТС-тің анықталуы.
ЖИТС-ті жұқтырған адамның қанындағы АИТВ-ға антиденелерді табудың бірнеше тәсілі бар.

Бүгінгі күні ЖИТС-пен ауыратын адамдар саны әлемде және Қазақстанда жыл санап артып келеді. Олардың дені жастар, тіпті жиырма жасқа толмаған тұлғалар да бар. ЖИТС-қа шалдықпас үшін профилактикалық шараларды қатаң сақтау қажет.

Астана қалалық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Абугалиева М.М. және эпидемиолог көмекшісі Нургалиева С.Т.