https://electroinfo.net

girniy.ru 1



Білім беру мекемелеріндегі әдістемелік кабинеттер арасында

«Ең үздік әдістемелік кабинет» байқауының жаңа үлгідегі

ЕРЕЖЕСІ


Жалпы ережелер


Байқауды ұйымдастырушы: Астана қаласы Білім басқармасы.

Байқау Астана қаласы Білім басқармасы бастығының бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Әдістемелік кабинеттер арасындағы байқау үш жылда бір рет өткізіледі.


Байқаудың мақсаты:


  • Мектептегі әдістемелік кабинеттердің жаңа типтегі жұмысын ұйымдастыру арқылы педагог қызметкерлердің біліктілігін үздіксіз көтеру жұмыстарын жандандыру;

  • Қазақстандық білім берудің ұлттық модельдерін дамытуда, стратегиялық бағыттарына сәйкес жұмыс формаларын, ұйымдастырушылық жүйелерін, әдістемелік қызметтерін, инновациялық өзгерістерін анықтау;

  • Педагогикалық кадрлар қызметін жаңа әдістемелік сапалы жүйемен қамтамасыз ету тәсілдері арқылы әдістемелік қызметтерінің инновациялық модельдерін анықтау.


Байқауды ұйымдастырушы комитет:


  1. Әдістемелік кабинеттер байқауын өткізу мен ұйымдастыру, байқау туралы ережені құрастыру және орындау, материалдарды барлығына бірдей сұрыптау механизмін бақылауға және қамтамасыз етуге арнайы ұйымдастырушылық комитет құрылады.

  2. Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

  • Байқауды өткізу тәртібін, кестесі мен орнын, формаларын;

  • Қатысушылар тізімін;

  • Әділқазылар алқасы құрамын;

  • Байқаудың номинациясын;

  • Байқаудың өткізу күнін белгілейді.

  1. Ұйымдастыру комитетінің құрамына: төрағасы /төрайымы/, төрағасының /төрайымы/ орынбасары, жауапты хатшы, ұйымдастыру комитетінің мүшелері кіреді.

  2. Байқауды ұйымдастыру комитетінің төрағасы / төрайымы/ басқарады.
  3. Тізімдегі құрамының басым бөлігі дауыс бергенде ғана ұйымдастыру комитетінің шешімі қабылданды деп саналады. Қабылданған шешім хаттама түрінде рәсімделіп, төраға /төрайымы/ мен жауапты хатшы қол қою арқылы жүзеге асырылады.



Байқауды ұйымдастыру мен өткізу


  1. Байқау екі кезеңнен тұрады:

- сырттай кезең;

- іштей кезең;

2. Қалалық байқау төмендегідей мәселелерді қарастырады:

- Ұйымдастыру комитетінің жолдаған құжаттарын сұрыптауды (мектептегі әдістемелік кабинеттердің даму бағдарламасы, әдістемелік кабинеттің төлқұжаты);

- Баға критерийлерінің шешіміне сәйкес әдістемелік кабинеттің сараптамасы; (Қосымша 1)


Байқауға қатысушылар:


Байқаудың қалалық кезеңіне жаңа үлгідегі жалпы білім беретін мекемелердегі әдістемелік кабинеттер (гимназия, лицей, мектеп - гимназия, мектеп-лицей) кіреді.

Байқаудың қалалық кезеңіне қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне төмендегідей құжаттарды тапсыру керек:

  • Жалпы білім беретін мекемелерден қатысуға сұраныс (Қосымша 2)

  • Әдістемелік кабинеттің даму бағдарламасы;

  • Әдістемелік кабинеттің төлқұжаты

  • Бағалау критерийлеріне сәйкес әдістемелік кабинеттердің сараптамасы. (Қосымша1)


Байқаудың әділқазылар алқасы мен ұйымдастырушы комитеті


  1. Байқауды ұйымдастыру мен өткізу және қорытындысын шығару үшін арнайы ұйымдастыру комитеті құрылады.

  2. Байқауды сараптама жүйесі негізіне сүйене отырып, ақпараттық - әдістемелік ұйымдастыруды, ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етуге тиісті. Ол үшін:

  • Байқаудың қаржыландыру тәртібін;

  • Байқау кезеңін, өткізу күнін, орнын, формаларын, тәртібін;

  • Байқауға ұсынылатын құжаттардың талаптарын;

  • Байқауға ұсынылған материалдарды бағалау критерилерін дайындайды;

  • Байқауды хабарлау туралы хабарламаны, БАҚ көздеріне шығарумен қамтамасыз етеді.
  1. Ұйымдастырушы комитет әділқазылар алқасының құрамын және ұсынылатын жұмыстардың уақытын бекітеді.




Марапаттау, қорытындысын шығару


  1. Әділқазылар алқасы қарапайым түрде дауыс беру басымдылығына қарап шешім шығарады.

  2. Ұйымдастыру комитеті, Әділқазылар алқасының бағалау нәтижелері мен талдауын хаттамаға енгізіп, шешімін рәсімдейді.

  3. Қалалық байқау конкурсының жүлдегерлері І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

  4. Байқаудың жеңімпазы қаланы Республикалық деңгейге танытатын болады.



Білім беру мекемелеріндегі әдістемелік кабинеттер арасында «Ең үздік әдістемелік кабинет» байқауын өткізу және ұйымдастыру комитетінің құрамы:


Ұйымдастыру комитетінің төрайымы:

Коржикова Асият Досымбековна – Астана қаласы, Білім басқармасы бастығының орынбасары


Ұйымдастыру комитетінің төрайымының орынбасары:

Джакупова Гульнара Абдумаликовна – әдістемелік кабинеттің меңгерушісі


Жауапты хатшы:

Альбекова Галия Шакировна – қалалық әдістемелік кабинеттің әдіскері


Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

  1. Джакупова Гульнара Абдумаликовна – әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

  2. Альбекова Галия Шакировна – қалалық әдістемелік кабинеттің әдіскері

  3. Кылышпаева Жаныл Ашмухановна - әдістемелік кабинеттің әдіскері



Білім беру мекемелеріндегі әдістемелік кабинеттер арасында «Ең үздік әдістемелік кабинет» байқауын өткізу мен ұйымдастырудағы әділқазылар құрамы


Әділқазы төрайымы: Коржикова Асият Досымбековна – Астана қаласы, Білім басқармасы бастығының орынбасары


Әділқазылар мүшелері:


  1. Джакупова Г.А. – әдістемелік кабинеттің меңгерушісі

  2. Әлбекова Г.Ш. – әдістемелік кабинетің әдіскері
  3. Кылышпаева Ж. А. – әдістемелік кабинеттің әдіскері


  4. Лютая Е.П. - №36 ОМ директордың ҒӘЖ орынбасары

  5. Короткова П.В. - № 18 ОМ директордың ҒӘЖ орынбасары

  6. Қарабаева Қ.Қ. - № 37 ОМ директордың ҒӘЖ орынбасары

  7. Сыздыкова С.Н. - № 45 ОМ директордың ҒӘЖ орынбасары



Қосымша 4


Астана қаласының білім беру мекемелеріндегі әдістемелік кабинеттер байқауы


БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Әдістемелік кабинет __________________________________________________________________

(ББМ толық атауы)

__________________________________________________________________


__________________________________________________________________

(кабинет меңгерушісінің аты-жөні)

__________________________________________________________________

(эксперттің аты-жөні, лауазымы)


«___» _____________ 20__ ж.



Бағалау критерилері

Орта баллдық саны

Сарапшы бағасы


І. ББМ әдістемелік жұмыстардың ұйымдастырылуы мен нормативтік құжаттары

10




1.1. Білім және ғылым министрлігінің Нормативтік құжаттары ( пәндік бағыт бойынша )

1




1.2. Білім басқармасы әкімшілігінің құжаттары

1




1.3. ББМ әкімшілік бөлімінің округтік құжаттары

1




1.4. Локалдық актілер

2




1.5. Пәндік оқу (білім туралы) бағдарламасы

1




1.6. Әдістемелік кабинеттің төлқұжаты

2




1.7. Әдістемелік кабинеттің даму бағдарламасы

1




1.8. Әдістемелік кабинеттің жұмыс кестесі

1




ІІ. Педагогикалық кадрлармен жұмыс

16




2.1. Білім беру мекемесінің педагогикалық кадрлары туралы мәлімет

2




2.2. ББМ қызметкерлерінің педагогикалық кадрларды аттестациялау мен біліктілігін көтеру бойынша перспективті жоспарлау және есеп жүйесін ұйымдастыру бойынша материалдардың қамтылуы

3




2.3. Жас мамандармен жүргізілген жұмыстың материалдары

2




2.4. Педагогтың кәсіби мамандығының өсу бағдарламасы мен мониторингісін шығару

5



2.5. Озық іс-тәжірибені жалпыға таратудағы материалдар жинақтамасы



4




ІІІ. Дидактикалық-әдістемелік, ұсынылған -әдістемелік және практикалық материалдар

14




3.1. ББМ-де заманауи технологияларды қолдану әдістемелік нұсқамалар мен материалдардың қамтылуы

2




3.2. Педагогика және психология жайлы әдеби әдістемелік журналдар

3




3.3. Білім беру үрдісіндегі жаңа технологиялар мен әдістемелік ұсынылған материалдар жинақтамасы

3




3.4. Әдістемелік жұмыстарды тәжірибелерге енгізу бойынша тәжірибелік- эксперименттік жұмыстар және ғылыми - әдістемелік (ғылыми-әдістемелік практикалық конференция, әдістемелік күн, семнарлар т.б.)жоспарлардың болуы

3




3.5. Заман талабына сай өткізілген сабақ: оқу құжаттарының үлгісі, өз сабағын талдау және ұсыныстар сыныптан тыс іс-шаралардың болуы

3




ІҮ. АКТ-ны оқу үрдісінде қолданылуы

22




4.1. Әдістемелік кабинет меңгерушісінің АКТ меңгеру деңгейі

5



4.2. Әдістемелік кабинетте web- сайттың болуы


2




4.3. Электронды мекен - жайдың болуы

2




4.4. Педагогикалық форумдар мен жобаларға қатысуы

2




4.5. Мультимедиялық орталық жинақтамасы: компьютер, бейнепроектор, интерактивті тақта, лицензиясы бар бағдарламамен қамтылуы, медиатекалар

2




4.6. АКТ-ны оқу үрдісіне енгізу тәжірибелік –эксперименттік жұмыстар және ғылыми - әдістемелік жоспарлардың болуы

4




4.7. Электрондық білім кеңістігін құру (ақпаратты жүйелеу, жинақтау, әдістемелік кабинетке сәйкестендіріп)

5




Ү. Сақтау орнын көрсету және кабинеттегі әдістемелік материалдардың орналасуы (библиографиялық каталогтар, картотекалық тізімдер және т.б.)

5




ҮІ. Әдістемелік кабинеттің эстетикалық талғамға сай рәсімделуі

3




БАРЛЫҚ БАЛЛ САНЫ:

70






Сарапшы қолы: ________ _______________________________________

(қолы)


Сарапшының негізгі пікірлері:

Қосымша 1.2



Білім беру мекемелеріндегі әдістемелік

кабинеттер байқауының қалалық

кезеңін ұйымдастыру комитетіне


«Ең үздік әдістемелік кабинет» байқауының қалалық кезеңіне қатысуға


С Ұ Р А Н Ы С

___________________________________________________________ ( білім мекемесінің толық атауы)

_____________________________________________________________

_________________________________________________________ (білім беру мекемесінің директорының аты-жөні)

___________________________________________________________ (әдістемелік кабинеттің меңгерушісінің аты-жөні)


Байқаудың ережелерімен таныстық:

________________ __________________________________ (қолы) (аты - жөні)

________________ __________________________________ (қолы) (аты - жөні)


« » ______________ 2011 жыл


Қабылданды: « » ______________ 2011 жыл

__________________________________________________________ (қолы, аты-жөні, лауазымы)