https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4


s:\bota info\bota logo\color logo. jpg.jpg

ƏҚҚБ ЖОБАЛАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

7-ші РАУНД


ЖЕРГІЛІКТІ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ ƏРЕКЕТ ЖОСПАРЫН

ДАЙЫНДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ГРАНТТАР

ГРАНТ СОМАСЫ - 290 000 ТЕҢГЕДЕН АСПАЙДЫ


БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАҒЫТЫ: БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫ ҚОРҒАУ




Грант #

КЕҰ

Орналасқан жері

ЖОБАНЫҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ




SSP-2013-1012

"Амелия" Қоғамдық бірлестігі

Талдықорған қаласы

Талдықорған қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасында тұратын, туберкулезден емделіп жатқан балалар мен жастарды қолдауға бағытталған жергілікті қауымдастықтың әрекет жоспарын дайындау. Грант алушы 100 баладан сауалнама алады, балалармен, ата-аналармен және мамандармен 5 фокус топ, мүдделі тұлғалармен сауалнама нәтижелерін талқылау және әрекет жоспарын ұсыну және келісу үшін дөңгелек үстел жүргізеді; Жобаның нәтижесінде грант алушы әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан, Талдықорған қаласында туберкулезден емделіп жатқан балалар мен жастарға әлеуметтік қызмет көрсету үшін жергілікті қауымдастықтың әрекет жоспарын дайындайды.




SSP-2013-01122

«Қазақ зағип жандар қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы

Тараз қаласы,

Жамбыл облысы

Жамбыл облысы, Ботамойнақ ауылдық округінің Ботамойнақ және Байзақ ауылында тұратын әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларындағы 5-24 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдауға арналған жергілікті қауымдастықтың әрекет жоспарын дайындау. Грант алушы Байзақ ауылында ЕҚ бар балалардың белсенді ата-аналары/қамқоршыларынан құралған 12 еріктіге, Ботамойнақ ауылындағы 5 еріктіге сауалнама жүргізу бойынша 2 тренинг өткізеді; Байзақ ауылында ЕҚ бар 170 бала мен жас және Ботамойнақ ауылындағы ЕҚ бар 40 бала мен жасөспірім, екі ауылдағы ЕҚ бар 360 баланың ата-аналары/қамқоршыларынан қажеттіліктерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізеді; КЕҰ 15 өкілі, мемлекеттік ұйымдардың және ЕҚ бар балалар мен олардың ата-аналарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізеді. Жобаның нәтижесінде грант алушы ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсету үшін жергілікті қауымдастықтың әрекет жоспарын дайындайды.




SSP-2013-001007


«Аңсар» Жеке қайырымдылық қоры» Коммерциялық емес ұйымы

Семей қаласы,

ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында тұратын 14-24 жас аралығындағы ерекше қажеттілігі бар балалар мен жастарды қолдауға арналған жергілікті қауымдастықтың әрекет жоспарын дайындау. Грант алушы «Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-да ЕҚ бар балалар мен ата-аналардың және «Есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернат» ҚМК 10-15 жас аралығындағы балалар мен жастардыңиқажеттілігін бағалау жұмыстарын жүргізеді. Грант алушы «Семей қаласы Ішкі саясат бөлімі» ММ, КЕҰ өкілдерімен және жергілікті бизнес басшыларымен 9 кездесу; 25-30 шамасындағы мүдделі тұлғалардың қатысуымен болашақ жобаның жұмыс жоспарын таныстыру үшін дөңгелек үстел өткізеді. Жобаның нәтижесінде грант алушы ерекше қажеттілігі бар балаларға әлеуметтік қызмет көрсету үшін жергілікті қауымдастықтың әрекет жоспарын дайындайды.


БАҒДАРЛАМАЛЫҚ БАҒЫТЫ: МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ




SSP-2013-1137

«Шаңырақ» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Астана қаласындағы филиалы

Астана қаласы

Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, «Өндіріс» ықшам ауданында тұратын 4-6 жас аралығындағы балаларға мектепке дейінгі білім беру бойынша жергілікті қауымдастықтың әрекет жоспарын дайындау. Грант алушы мектеп жасына дейінгі баласы бар 90 ата-анадан сауалнама алады, ата-аналармен, мемлекеттік орган өкілдерімен, мектеп және балабақша тәрбиешілерімен 3 фокус-топ өткізеді. Жергілікті қауымдастықты жұмылдыру үшін грант алушы әкімдіктің, Халықты әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдерімен, мектеп және балабақша, қоғамдық ұйымдар директорларымен кездесу жүргізеді. Жобаның нәтижесінде жергілікті қауымдастықтардың әрекет жоспарының қолжазбалық нұсқасын талқылау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Жобаның нәтижесінде грант алушы 4-6 жас аралығындағы балаларға мектепке дейінгі білім беру үшін жергілікті қауымдастықтың әрекет жоспарын дайындайды.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР

Грант сомасы - 3,625,000 теңгеден аспайды

ҚИЫН ӨМІРЛІК ЖАҒДАЙДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАР




SSP-2013-1011

«Қазақстан қамқоршылар одағы» Қоғамдық қоры


Алматы қаласы

Алматы қаласындағы қамқоршы және патронат отбасында тәрбиеленіп жатқан 100 жетім балаға қатысты зорлық көрсету және қатал қараудың алдын алуға бағытталған. Грант алушы 100 қамқоршы және патронат отбасының психологиялық портретін жасайды, қатаң қарау тәуекелі бар 10 отбасы үшін әлеуметтік патронаж ұйымдастырады, тұрақты негізде отбасыларға психологтың консультациясын ұсынады. Жобаның аясында қамқоршылар және патронатты тәрбиешілер үшін 10 тренинг, қамқоршы отбасындағы 100 бала үшін зорлық-зомбылықтың алдын алу және қарым-қатынас дағдыларын дамыту бойынша 10 тренинг, әлеуметтік педагогтар, психологтар мен мұғалімдер үшін 5 тренинг өткізеді.

Жобаның нәтижесінде отбасында балаға қатаң қарау тәуекелі төмендейді, 100 қамқоршы, патронаттық тәрбиеші және балалардың шағым айтқан арналарына қол жеткізу мен зорлық алдын алу бойынша ақпараттану деңгейлері артады, 50 әлеуметтік педагог, психолог және қиын жағдайдағы балаға көмек көрсету тәсілдері бойынша білім алады.




SSP-2013-1020

«Азимут клубы» Қоғамдық қоры

Маловодное ауылы, Алматы облысы

Жоба Алматы облысы, Маловодное ауылында тұратын қиын өмірлік жағдайдағы 50 бала мен жасөспірімнің тәуекелшіл әрекеттеріне балама ұсынуға бағытталған.

Грант алушы балалар үшін спорттық бағыттау, туризм, шахмат, дойбы және шаңғы спорты бойынша апта сайын теориялық және практикалық сабақтар; жергілікті, облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысуын; жазғы уақыттарда астық жинау және дайындау бойынша жастар бригадасының жұмысын; балалар мен жасөспірімдер үшін тәрбиелеу жұмыстарын: ата-аналардың жиналысын, ауылдық жиындарға қатысу, қабырға газетін шығару, қарттар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету, ауыл әкімшілігінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырады.


Жобаның нәтижесінде қиын өмірлік жағдайдағы 50 бала мен жасөспірімнің өзіндік бағасы артады, денсаулығы мен спорттық, командада жұмыс істеу дағдылары жақсарады, ал ата-аналар және жұртшылық ауыл жастарының мәселесін шешу жұмысына тартылады.





SSP-2013-1021

«Жаным»

Қоғамдық қоры

Қостанай қаласы

Жоба Қостанай қаласындағы қиын өмірлік жағдайдағы 8-14 жас аралығындағы 54 жасөспірім мен баланы сәтті әлеуметтендіруге, олардың дағдыларын дамытуға және тәуекелшіл әрекеттеріне балама ұсынуға бағытталған. Грант алушы қиын өмірлік жағдайдағы 54 жасөспірім мен бала үшін тұлғалық даму бойынша 8 тренинг, шешендік өнер, вокал, заманауи би және актерлік шеберлік, ритмопластика бойынша сабақтарды ай сайын ұйымдастырады. Жобаның аясында 50 отбасы үшін тұрақты түрде жеке психологиялық консультация өткізеді, отбасылық жағдайды бақылау үшін үйлеріне барады.

Жобаның нәтижесінде қиын өмірлік жағдайдағы балалар мен жасөсіпірмдер өзіндік бағаларын арттырады, шығармашылық және жұртшылық алдында сөйлеу дағдыларын дамытады, 50 отбасына психологиялық көмек көрсетеді және оларға отбасында балаларға қатысты мәселелерді шешуді үйретеді.




SSP-2013-1027

«Үміт» Қоғамдық бірлестігі

Қарағанды қаласы

Жоба Қарағанды облысы, Қарабас ауылындағы АК №159/18 колониясында жазаларын өтеп жатқан 18 -24 жас аралығындағы 160 жасты бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға бағытталған. Грант алушы тұлғалық өсу, босап шыққаннан кейін қоғамға қайта әлеуметтену дағдыларын және даму ынталарын қалыптастыру бойынша тренингтер өткізеді, психологиялық консультация жүргізеді, «тең-теңімен» қағидасы бойынша жұмыс істеу үшін бас бостандығынан айырылғандардың ішінен консультанттар дайындайды және колонияларда өзара көмек көрсету тобын ұйымдастырады. Жоба барысында бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан соң өзекті болып табылатын әлеуметтік-құқықтық, заңгерлік мәселелер бойынша консультациялар жүргізеді. Жобаның нәтижесінде 160 жас бас бостандығын айыру орындарынан босап келген соң қоғамға ықпалдасуға дайын болады, психологиялық көмек және әлеуметтік көмек көрсетіледі, ол қайталап құқық бұзу тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.





SSP-2013-1029

«Жолдас» қызмет көрсету ұйымдары - ЖТҚБ қауымдастығы

Шымкент және Леңгір қалалары, Оңтүстік Қазақстан облысы

Жоба Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын 3 -18 жас аралығындағы 100-ге жуық қараусыз балаларды әлеуметтік- психологиялық сауықтыру және балалардың қараусыздығын алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған. Грант алушы СӨС орталықтары, медициналық мекемелер және қаланың әлеуметтік қызметтерімен бірлесе отырып, Шымкент және Леңгір қаласында 80 рейд жүргізеді, әлеуметтік қолдау және қараусыз қалған балалардың өмірлік маңызды қызметтер алуына қайта бағыттау жүйесін ұйымдастырады; психологиялық және заңгерлік консультация жүргізеді; өзара көмектесу топтарымен кездесулер ұйымдастырады. Жоба барысында ата-аналармен 3 ақпараттық кездесу, балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша 4 тренинг өткізеді, сондай-ақ дағдарыс жағдайында балаларға қызмет көрсететін Шымкент және Леңгір қалаларында көрсетілген қызметтер туралы ақпараттар жазылған брошюралар дайындалады.

Жобаның нәтижесінде кем дегенде 100 қараусыз бала анықталды, оларға психологиялық және заңгерлік көмек көрсетілді, 100 ата-ана отбасылық жанжалды шешу, сәтті әлеуметтену үшін балаларға көмектесу және көше өмірінен кейін әлеуметтік бейімделу, «қиын» балалардың тәрбиесі бойынша білім алады.




SSP-2013-1031

«Ару ана» Қоғамдық бірлестігі

Ақтөбе қаласы


Жоба Ақтөбе облысы, Мартұқ, Алғы аудандары және Нокин атындағы ауылда тұратын 15-24 жас аралығындағы интернаттың 90 бітірушісі және тәрбиеленушісін әлеуметтік бейімдеуге бағытталған. Грант алушы тұрақты негізде заңгерлік және психологиялық консультация, кәсіби бағдарлау, көшбасшылық, менеджмент, келіссөздер жүргізу, бизнесті жоспарлау психологиясы бойынша курстар, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда жеке бизнесін ашу тақырыбында көшпелі шеберлік кластарын ұйымдастырады. Жобаның барысында көшпелі фотокөрме, дөңгелек үстел және баспасөз конференциясы өткізілді.

Жобаның нәтижесінде интернаттың 90 бітірушісі және тәрбиеленушісі құқықтық мәселелер, көшбасшылық, кәсіпкерлік дағдылары бойынша білімдерін жетілдіреді, психологиялық қолдау көрсетіледі, ұйым қызметкерлері қиын өмірлік жағдайдағы жастардың мәселесін шешетін механизмдерді құру бойынша мемлекеттік органдармен және КЕҰ-мен ынтымақтасу нәтижелерін ұсынады.




SSP-2013-1036

«Балаларды қорғау және отбасын қолдау орталығы» Қоғамдық бірлестігі

Алматы қаласы

Жоба Алматы қаласында тұратын қиын жағдайға тап болған, бейберекет отбасындағы 70 бала мен жасөспірімді әлеуметтік-психологиялық сауықтыруға бағытталған. Грант алушы қиын өмірлік жағдайдағы 70 балаға әлеуметтік-психологиялық қолдау көресетеді, отбасы мен балаларға тұрақты негізде заңгерлік және психологиялық консультация ұсынады, сондай-ақ жасөспірімдердің құқықтық мәселелер және құқығын қорғау дағдылары, міндеттерін сақтау бойынша ақпаратану деңгейін арттыруға арналған 55 семинар өткізеді.

Жобаның нәтижесінде кем дегенде 70 бала мен жасөспірім психолог пен заңгердің көмегін алады, отбасылық жағдай қалпына келеді, жанжалды жағдайлар шешіледі, серіктес ұйымдарға қайта бағыттау жүйесі арқылы қажетті қызметтерге қолжетімділік артады.





SSP-2013-1041

"Назым-Шымкент» Қоғамдық бірлестігі

Шымкент қаласы

Жоба Шымкент қаласында тұратын қиын өмірлік жағдайдағы 100 жасөспірімнің аутодеструктивтік (өзіне-өзі қол жұмсау) қылықтарын төмендетуге бағытталған. Грант алушы тәуекел тобындағы жасөспірімдерге тұрақты түрде психо-коррекциялық қызметтерін көрсетуді ұйымдастырады, шығыс биі үйірмелерінде, жаттығу залында, компьютерлік курстарда сабақ өткізу арқылы тәуекелшіл әрекеттеріне балама ұсынады. 50 мұғалім мен мектеп психологы үшін «Мектеп жасындағы балалардың аутодеструктивтік қылықтарының алдын алу» тақырыбында 2 ТаТ, ал ата-аналар үшін тоқсан сайын балалардың жағдайын байқау және жанжалды шешудің тәсілдерін талқылау бойынша ақпараттық кезесулер ұйымдастырылады.

Жобаның нәтижесінде тәуекел тобындағы 100 жасөспірім әлеуметтік маңызды дағдыларды қалыптастыруға, кемшіліктерін жеңуге, көңіл күйін бақылауға мүмкіндік алады, ол тұлғалық ресурстарын арттырып, өзіне-өзі қол жұмсау тәуекелін төмендетеді. Ата-аналар мен мамандар жасөсіпімдердің аутодеструктивтік қылықтарының алдын алу және жасөсіпімдердің аутодеструктивтік қылықтарын болдырмау шаралары туралы ақпараттарды уақтылы алатын болды.




SSP-2013-1053

«Сау Заман» Қоғамдық бірлестігі

Жезқазған қаласы

Жоба Жезқазған қаласында тұратын патронаттық отбасындағы және қамқорлыққа алынған 70 жасөспірімнің әлеументтенуіне жағдай жасауға бағытталған.


Грант алушы тұрақты негізде психолог пен заңгердің консультациясын ұйымдастырады, жасөспірімдер үшін ай сайын психологиялық семинар-тренингтер өткізеді, отбасыларға әлеуметтік қолдау және құжаттарын ресімдеу, шаштараз өнері бойынша сабақтар, киім пішу және тігу, макияж және визаж курстарын, сондай-ақ компьютерлік сауаттылық бойынша сабақтар өткізу кезінде жеке көмек көрсетеді.

Жобаның нәтижесінде жасөспірімдерде қажетті әлеуметтік дағдылар қалыптасады, қарым-қатынас жасау дағдылары артады, кәсіби және шығармашылық әлеуеттері жоғарылайды, ол болашақта жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.





SSP-2013-1055

«Талдықорған құқық қорғау ортылығы» Қоғамдық бірлестігі

Талдықорған, Үштөбе қалалары, Алматы облысы

Жоба Алматы облысы, Талдықорған және Үштөбе қалаларында тұратын 15-23 жас аралығындағы балалар үйі мен жасөспірімдер үйінің 100 тәрбиеленушісін әлеуметтік бейімдеуге бағытталған. Грант алушы құқық негіздері бойынша ай сайын сабақтар ұйымдастырады, тұлғалық даму бойынша 5 тренинг, психологтың жеке консультациясы, 100 тәрбиеленуші үшін тәртіп негіздері мен ережелері бойынша сабақтар өткізеді, тәрбиеленушілер құрамынан қабырға газеттерін және ай сайынғы бюллетендерді шығаратын редакция алқасын құрайды. Жобаның аясында 20 тәрбиеленушіге психологиялық көмек көрсетіледі, балалар үйі мен жасөспірімдер үйінің тәрбиешілері үшін ай сайын семинарлар жүргізіледі, сондай-ақ жеткен нәтижелерді көрсету мақсатында сұрақ-жауап сайыстары мен турнирлер өткізіледі.

Жобаның нәтижесінде 2 балалар үйі мен жасөспірімдер үйінің 100 тәрбиеленушісі құқықтық мәселе бойынша білімдерін жетілдіреді, коммуникация дағдыларын қалыптастырады, психологиялық қолдауға ие болады, 20 маман балаларды қорғау, сондай-ақ балаларға қатал қарау және зорлық көрсетудің алдын алу мәселелері бойынша қажетті білім алады.





SSP-2013-1069

«Дәулет» Қоғамдық денсаулық орталығы» Қоғамдық бірлестігі

Жезқазған қаласы


Жоба Жезқазған қаласындағы ата-аналары жеңіл белсенді заттарды қолданған, бейберекет отбасындағы 60 жасөспірімге әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған «Арман» шағын орталығын құруға бағытталған. Грант алушы 60 жасөспірімге психологиялық диагностика жүргізеді, соның негізінде әр жасөспіріммен жұмыс жүргізу үшін психологтың жеке жоспарын дайындайды, базалық және жалғастырушы компьютерлік курстар жүргізеді, сондай-ақ фото сурет және бейне түсіру үйірмелерін ұйымдастырады; дұрыс өмірлік сценарий құру бойынша семинар-тренингтердің курсын, қатысушылардың арасынан салауатты өмір салты тақырыбында сабақ жүргізетін тренерлерді дайындауға арналған 2-күндік ТаТ тренинг, сот-атқарушылық билік органдарына 4 саяхат, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторлармен ай сайын кездесулер өткізеді.

Нәтижесінде 60 жасөсіпірімнің әумесерлік қылығы төмендейді, отбасындағы қарым-қатынасы жақсарады, өзіндік бағасы көтеріледі, өмірлік мақсаттары қалыптасады, 40 жасөсіпірім компьютерлік сауаттылық бойынша білімдерін жақсартады, базалық және жалғастырушы бағдарламалармен жұмыс істеу дағдыларын меңгереді, 20 жасөспірім шығармашылық әлеуетін жүзеге асырады, фото және бейне түсіру дағдыларын меңгереді.




SSP-2013-1070

«Павлодар облысы бойынша Қазақстандағы іскер әйелдер қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігі


Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Павлодар облысы

Жоба Павлодар қаласындағы отбасы типіндегі балалар ауылы мен Павлодар облысы, Кенжекөл ауылындағы отбасылық типтегі балалар үйінің 12-17 жас аралығындағы 60 тәрбиеленушісі бойында кәсіпкерлік және өмірлік дағдыларды дамытуға бағытталған. Грант алушы 30 мұғалім, әлеуметтік педагог, ата-аналар, қамқоршылар үшін қаржылық сауаттылық бойынша тренингтер өткізеді; 60 жасөспірім үшін «Қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік мектебі» аясында тренингтер жүргізеді; 25 жасөспірім үшін кәсіпорын базасында тәжірибе ұйымдастырады; жеке бизнес жоспар жазу бойынша консультация ұсынады. Грант алушы Форум ұйымдастырады, онда 60 тәрбиеленуші өзінің жеке ісін дамытуға арналған жоспарын ұсынады және инвестор табу мүмкіндігіне ие болады.

Жобаның нәтижесінде балалар үйі мен балалар ауылының 60 тәрбиеленушісі қаржылық сауаттылық және кәсіпкерлік, бизнес жоспар құру бойынша білімдерін жетілдіреді, оның ішінде 25 жасөспірім алған білімдерін тәжірибеде нығайтады, 30 мұғалім, әлеуметтік педагог, ата-аналар, қамқоршылар қаржылық сауаттылық бойынша білімдерін жақсартады.



следующая страница >>