https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 12 13
№2 Асқазан-ішек жолдарының хирургиялық аурулары



№1 ӨҢЕШ ПЕН АСҚАЗАН АУРУЛАРЫ


Тест

1.Өңештің шырышты қабатының күлдіреп өліеттенуіне не себеп болады?

А.сірке қышқылы

Б.ацетон

В.тосол

Г.ас содасы

Д.күкірт қышқылы


2.Өңештің шырышты қабатының қабыршықтанып өліеттенуіне не себеп болады?

А.сірке қышқылы

Б.ацетон

В.ас содасы

Г.мүсәтір спирті

Д.тосол


3.Өңештің тыртықтанып тарылуының емі

А.Ниссен операциясы

Б.өңешті буждау (кеңіту)

В.Блекмор зондын қою

Г.кардиодилятация

Д.кардиомиотомия


4.Өңештің күйігінен кейінгі профилактикалық буждаудың (кеңітудің) мерзімі:

А.1апта

Б.2апта

В.3апта

Г.1ай

Д.6ай


5.Өңештің созылмалы тыртықтанып тарылуының оперативті емі:

А.Ниссен операциясы

Б.Өңештің пластикамен экстирпациясы

В.Экстрамукозды эзофагопластика

Г.Өңештің резекциясы

Д.Эзофагокардиомиотомия


6.Өңешті буждауға (кеңітуге) көрсеткіш:

А.Гастроэзофагальді рефлюкс

Б.Өңештің тыртықтанған тарылуы

В.Кардидің ахалазиясы

Г.Өңештің жайылмалы тарылуы

Д.Өңештегі бөгде зат


7. Өңеш күйігінің клиникалық ағымының сатылары:

А.-2; Б.-3 ; В.-4; Г. -5; Д.-6;


8.Өңеш күйігінің кеш асқынуы:

А.қан кету

Б.эзофагит

В.медиастенит

Г.өңештің тарылуы

Д.перфорация


9. Өңеш күйігінің ерте асқынуы:

А.өңештің тыртықтанған тарылуы

Б.жедел медиастенит

В.рефлюкс-эзофагит

Г.парадоксальды дисфагия

Д.кардиоспазм

10.Өңештің физиологиялық тарылуының қанша түрі бар:


А.-2; Б.-3; В.-4; Г.-5; Д.-6;


11.1-сатыдағы кардидің ахалазиясы кезіндегі ақпараттылығы жоғары зерттеу әдісі:

А.Өңешті рентгенконтрасты зерттеу

Б.Эзофаготонокимография

В.УЗД

Г.КТ

Д.селективті ангиография


12.Өңeштің моторикасының бұзылуы байқалады:

А.ахалазия

Б.гастроэзофагальды рефлюкс

В.эзофагит

Г.дивертикул

Д.өңеш ісігі


13.Кардийдің ахалазиясын емдеу әдісі:

А.кардиодилятация

Б.өңештің буждауы (кеңеюі)

В.Блекмор зондын орнату

Г.Ниссен отасы (операциясы)

Д.өңештің резекциясы


14.Кардидің ахалазиясының сатылары:

А.-2;Б.-3;В.-4;Д.-6;


15.Кардидің ахалазиясының операциясы:

А.өңештің резекциясы

Б.Ниссен операциясы

В.эзофагокардиомиотомия

Г.өңеш қабырғасының инвагинациясы

Д.өңеш қабырғасын тілу


16.Эзофагокардиомиотомия жасауға көрсеткіш:

А.ахалазияның 1сатысы

Б.ахалазияның 2 сатысы

В.асқыну болған жағдайда

Г.кардиодилятациядан нәтиже болмағанда

Д.ахалазияның 4 сатысы


17.Кардидің ахалазиясына тән симптом:

А.дисфагия

Б.парадоксальді дисфагия

В.қыжылдау

Г.ықылықтау

Д.кекіру


18.Кардий ахалазиясының 1сатысының емдеу әдісі:

А.емдәм,физиотерапия

Б.өңешті буждау(кеңейту)

В.кардиомиотомия

Г.экстрамукозды эзофаготомия

Д.кардиодилятация


19.Кардиодилятация жасауға көрсеткіш:

А.1сатысы

Б.2сатысы

В.асқыну болған жағдайда

Г.4сатысы

Д.өңештің толық тарылуы

20.Кардий ахалазиясының 4сатысындағы ең көп мәлімет беретін тексеру әдісі:


А.өңешті рентгенконтрастымен тексеру

Б.УДЗ

В.КТ

Г.ФГДС

Д.селективті ангиография


21.Кардий ахалазиясында өңештің кеңеюі қайсы сатыда басталады:

А.1-саты

Б.2-саты

В.3-саты

Г.4-саты

Д.асқыну кезінде


22.Кардий ахалазиясының 4-сатысын емдеу әдісі:

А.кардиодилятация

Б.кардиомиотомия

В.өңешті пластикамен экстирпациялау

Г.экстрамукозды кардиопластика

Д.Ниссен операциясы

23.Кардий ахалазиясының 1-сатысының клиникасы:

А.ауыспалы дисфагия

Б.тұрақты дисфагия, ауру сезімі,регургитация

В. .тұрақты дисфагия, ауру сезімі, тамақтан кейін құсу

Г.дисфагия, ауру сезімі, тамақтың шіріген иісімен құсу

Д.жүдеу, толық обструкция, өңештің кенеттен кеңеюі


24.Кардий ахалазиясының 4-сатысының клиникасы:

А.ауыспалы дисфагия

Б.тұрақты дисфагия, ауру сезімі,регургитация

В. тұрақты дисфагия, ауру сезімі, тамақтан кейін құсу

Г.дисфагия, ауру сезімі, тамақтың шіріген иісімен құсу

Д. жүдеу, толық обструкция, өңештің кенеттен кеңеюі


25.Өңеш дивертикуласын емдеу әдісі:

А.дивертикул инвагинациясы

Б.дивертикулды сына тәрізді кесу

В.өңешті дивертикулмен резекциялау

Г.өңештің пластикамен экстирпациясы

Д.экстрамукозды эзофаготомия


26.Өңештің Ценкеров дивертикулы бұл:

А.жұтқыншақ- өңештік

Б.эпибронхиальды

В.эпифренальды

Г.тракционды

Д.пульсионды

27.Өңеш дивертикулын анықтауда нақты мәлімет беретін әдіс:

А.рентгенконтрастымен тексеру

Б.эндоскопия

В.УДЗ

Г.КТ

Д.селективті ангиография

28.”Қыжылдау” симптомы көбінесе көрініс береді:


А.гастроэзофагальды рефлюкс

Б.өңеш ісігі

В.өңеш дивертикулы

Г.өңештің тыртықтанып тарылуы

Д.өңештегі бөгде зат

29.Гастроэзофагальды рефлюкс кезіндегі операция:

А.Ниссен операциясы

Б.кардиомиотомия

В.экстрамукозды эзофаготомия

Г.өңештің пластикамен экстирпациясы

Д.өңештің резекциясы


30.Гастроэзофагальды рефлюкс асқынуларын анықтауда нақты мәлімет беретін әдіс:

А.эндоскопия

Б.УДЗ

В.КТ

Г.рентгеноскопия

Д.селективті ангиография


31.Гастроэзофагальды рефлюкстің ерте асқынуы:

А.эзофагит

Б.перфорация

В.қан кету

Г.өңештің тарылуы

Д.өңештің ісігі


32.Өңеш дивертикулын консервативті емдеуге көрсеткіш:

А.іркілісі бар үлкен көлемдегі дивертикул

Б.клиникалық көрінісі жоқ аздаған дивертикулдар

В.дивертикулит

Г.Ценкеров дивертикулы

Д.эпифренальды дивертикул


33.Өңештегі бөгде затқа тән емес асқыну:

А.қан кету

Б.перфорация

В.эзофагит

Г.медиастенит

Д.өңештің тыртықталған тарылуы


34.Өңеш пластикасында қолданылмайтын ағза:

А.асқазан

Б.тоқ ішек

В.ащы ішек

Г.он екі елі ішек

Д.кеуде қуысының меншікті терісі


35. Гастроэзофагальды рефлюкс асқынуына тән емес:

А.қан кету

Б.малигнизация

В.перфорация

Г.тарылу

Д.пенетрация


36.Өңеш дивертикулын хирургиялық емдеу әдісі:

А.дивертикулды сына тәрізді кесу

Б.дивертикулэктомия

В.өңешті дивертикулмен резекциялау

Г.өңешті пластикамен экстирпациялау

Д.экстрамукозды эзофаготомия



37. Гастроэзофагальды рефлюкстің консервативті емі:

А.емдәм, спазмолитиктер, антацидтер

Б.антибиотиктер,антикоагулянттар, спазмолитиктер

В.емдәм, салацилаттар, антикоагулянттар

Г.емдәм, дәрумендер, стероидты препараттар

Д.цитостатиктер, спазмолитиктер, дәрумендер


38. Кардий ахалазиясының 2-сатысының клиникасы:

А.ауыспалы дисфагия

Б.тұрақты дисфагия, ауру сезімі,регургитация

В. .тұрақты дисфагия, ауру сезімі, тамақтан кейін құсу

Г.дисфагия, ауру сезімі, тамақтың шіріген иісімен құсу

Д.жүдеу, толық обструкция, өңештің кенеттен кеңеюі


39. Кардий ахалазиясының 3-сатысының клиникасы:

А.ауыспалы дисфагия

Б.тұрақты дисфагия, ауру сезімі,регургитация

В. тұрақты дисфагия, ауру сезімі, тамақтан кейін құсу

Г.дисфагия, ауру сезімі, тамақтың шіріген иісімен құсу

Д.жүдеу, толық обструкция, өңештің кенеттен кеңеюі


40.Рефлюкс-эзофагит клиникасы:

А.төс артындағы ауру сезімі, дисфагия, регургитация

Б. төс артындағы ауру сезімі, қыжылдау, АҚ төмендеуі

В.төс артындағы ауру сезімі, жөтел, дене температурасының жоғарылауы

Г.төс артындағы ауру сезімі, көп рет құсу, коллапс

Д. төс артындағы ауру сезімі, ентігу, беттің цианозы


41. Асқазан резекциясынан кейінгі анастомоздың пептикалық жарасының себебі:

А.асқазанның дұрыс емес үнемделген резекциясы

Б.дуоденальды сұйықтықтың асқазан тұқылына рефлюксі

В.асқазан тұқылы шырышасты қабатының қан тамырлар өткізгіштігінің бұзылысы

Г.К дәруменінің жетіспеушілігі

Д. асқазан тұқылының перистальтикасының бұзылысы


42.Әкелгіш ілмек синдромы мына операциядан кейін болады:

А. Бильрот-1бойынша асқазан резекциясы

Б. Бильрот-2 бойынша асқазан резекциясы


В.гастроэктомия

Г.асқазанның проксимальды резекциясы

Д.Ваготомия пилоропластикамен


43 Демпинг-синдромының себептерінің бірі:

А. ішектің әкетуші ілмегіне тамақтық химустың тез лақтырылуы:

Б.асқазанның резекцияланған бөлігінің мөлшері

В.гастроэнтероанастомоз мөлшері

Г.асқазан перистальтикасының бұзылысы

Д.тоқ ішектің перистальтикасының бұзылысы


44.Демпинг-синдромының клиникасы:

А.илеусты синдром

Б.геморрагиялық синдром

В.вегето-қан тамырлық синдром

Г.дене температурасының жоғарлауы

Д.сарғаю


45. Асқазан резекциясынан кейін анемия дамуының себебі:

А.рефлюкс- гастрит

Б.ішкі Кастл факторының жетіспеушілігі

В.А дәруменінің жетіспеушілігі

Г.кальций сіңірілуінің бұзылысы

Д.тұз қышқылының жетіспеушілігі

46. Ойық жара ауруына жедел хирургиялық ем жасауға көрсеткіш

А.пенетрация

Б.перфорация

В.малигнизация

Г.тарылу

Д.жара ауруының өршуі


47.Асқазан мен 12-елі ішек ойық жарасының асқынуы:

А.пенетрация

Б. әкелуші ілмек синдромы

В.демпинг синдром

Г.сілтілі рефлюкс гастрит

Д.пептикалық жара


48. Асқазан мен 12-елі ішек жарасын анықтауда нақты мәлімет беретін әдіс:

А.рентгенконтрастымен тексеру

Б.УДЗ

В.КТ

Г.ФГДС

Д.дуоденальды зондтау


49. Асқазан резекциясынан кейінгі сілтілі рефлюкс гастритті оперативті емдеу:

А.асқазанның ререзекциясы

Б.бағаналы ваготомия

В.Ру бойынша У-тәрізді анастомозбен реконструктивті операция

Г. асқазан резекциясын Бильрот-2 ден Бильрот-1ге ауыстыру

Д.ваготомия пилоропластикамен



50.Анастомоздың пептикалық жарасының клиникасы:

А.қан кету

Б.іш өту

В.іш қату

Г.көп рет құсу

Д.метеоризм


51. Асқазан мен 12-елі ішек жарасында госпитализацияға көрсеткіш:

А.асқазан мен 12-елі ішек жарасының асқынған ағымы

Б.ремиссия сатысындағы жара ауруы

В.алғаш рет анықталған жара ауруы

Г.бәрі дұрыс

Д.бәрі дұрыс емес


52. Ойық жара ауруында ульцерогенездің негізгі тармағы болып табылады:

А.темекі тарту

Б.ішімдік пайдалану

В.құрғақ тамақтану

Г.ұйқысыздық

Д.хеликобактерлі инфекция

53. Он екі елі ішек ойық жарасына тән емес асқыну:

А.перфорация

Б.пенетрация

В.малигнизация

Г.тарылу

Д.қан кету

54. Операцияға абсолютті көрсеткіш болып табылады:

А.алып жара

Б.нашар бітісетін жара

В.тарылу дамуына әкелетін қақпа жарасы

Г.жара биоптатында атипиялық жасушаларды анықтау

Д.жара ауруына генетикалық бейімділік

55. Декомпенсирленген тарылуға тән емес:

А.айналымдағы қан көлемінің жоғарлауы

Б.гематокриттің жоғарлауы

В.гиповолемия

Г.гипокалиемия

Д.гипохлоремия


56. Жаралық қан кетудің консервативті емінде не қолданылмайды:

А.тамырды эндоскопиялық коагуляциялау

Б.кальций хлоридін т/і енгізу

В.зәр айдағыштарды енгізу

Г.викасол енгізу

Д.гемотрансфузия


57. Тұз қышқылы мына бездермен бөлінеді:

А.кардиальды бөлім

Б.асқазан денесі

В.антральді бөлім

Г.асқазанның барлық бөлімдерімен

Д.бәрі дұрыс емес


58. Ойық жара тарылуының клиникасы:

А.өт құсу


Б.іштің құрылдауы

В.алдын ішкен тамағын құсып тастау

Г.метеоризм

Д.іш өту


59.Жара ауруының диетотерапиясында белоктық тағамдар мынаған әкеледі:

А.асқазан сұйықтығының агрессивтілігін басады

Б. асқазан сұйықтығының агрессивтілігін жоғарылатады

В.агрессивтілігі өзгермейді

Г.іш өтеді

Д.шырышты- бикарбонатты тосқауылды төмендетеді


60. Асқазанның антральді бөлімінде эрозия болуы мынаған тән:

А.жедел гастрит

Б.аутоиммунды гастрит

В.гранулематозды гастрит

Г.Менетрие ауруы

Д.хеликобактерлі инфекция


61.Өңештің төменгі сфинктерінің асқазандық метеплазиясы мынаған тән:

А.эзофагит

Б.склеродермия

В.өңеш ахалазиясы

Г.диафрагманың өңештік саңылауының жарығы

Д.Беррет өңеші


62. Асқазан сөлінің бөлінуін қоздырады:

А) гастрин.

Б) секретин.

В) холецистокинин.

Г) сомастатин.

Д) серотонин.


63. Он екі елі ішектің ойық жарасының пайда болуына әсер етпейтін жәйт:

А) тұз қышқылының көп бөлінуі.

Б) ұлтабар қабынуы.

В) өт қуығының қабынуы.

Г) хеликобактер жұқпасы.

Д) темекі шегу.


64.Асқазан пилорикалық бөлігі тарылуының жиі себебі болады:

А) асқазан қатерлі ісігі.

Б) ойық жара ауруы.

В) пилорус бұлшық еттерінің үлкеюі.

Г) шырышты қабатының босаңдығы.

Д) асқазанның қатерсіз ісігі.


65. Он екі елі ішектің ойық жарасы кезіндегі ауру сезіміне әсер етпейтін жәйт:

А) қышқылдық –пептикалық жәйт.

Б) пилородуоденальды бөлігінің жиырылуы.

В) ішек ішіндегі қысымның жоғарлауы.

Г) ойық жараның тереңдігі .

Д) хеликобактер жұқпасының болуы.


66. Асқазанның ойық жарасы ауруы кезінде:

А) көбінесе бұзылыстық әсердің күшеюінен болады.

Б) көбінесе қорғаныстық әсердің азаюынан болады.

В) қорғану мен бұзылыстық әсерінің тепе теңдігі бұзылмаған.

Г) бұзылыстық әсердің әлсіздігі болады.

Д) бәрі дұрыс.


67. Он екі елі ішектің ойық жарасының себебі болады:

А) бұзылыстық әсердің артық болуы

Б) қорғаныстық әсерінің күшеюі.

В) бұзылыстық әсердің әлсіздігі.

Г) қорғану мен бұзылыстық әсерінің бірдей болуы.

Д) бәрі дұрыс.


68. Қыжылдаудың себебі болып табылады:

А) асқазанның қышқыл бөлуінің жоғарлауы.

Б) ұлтабар сөлінің асқазанға кері құйылуы.

В) кардиальды қысқыштың жеткіліксіздігі

Г) асқазаннан шығар бөлігінің жеткіліксіздігі.

Д) асқазанның босаңдығы.


69. Қандай асқыну он екі елі ішек ойық жарасына тән емес:

А) тесілу.

Б) жабысу.

В) қатерлі ісікке айналу

Г) тарылу.

Д) қан кету.


70. Асқазанды Бильрот-1 әдісімен резекция жасау:

А) гастрогастроанастомоз.

Б) гастродуоденоанастомоз.

В) гастроеюноанастомоз.

Г) гастростома.

Д) гастрэктомия.


71. Асқазан Бильрот-2 әдісімен кесу бойынша:

А) гастрогастроанастомоз.

Б) гастродуоденоанастомоз.

В) гастроеюноанастомоз.

Г) гастростома.

Д) гастрэктомия.


72. Асқазан ойық жарасында жиі қолданады :

А) ойық жараны кесіп, ваготомию.

Б) ойық жараны кесу.

В) асқазан резекциясы.

Г) гастроэктомия.

Д) антрумэктомия.


73. Демпинг-синдром диагностикасында қолданады:

А)ФГДС.


Б) асқазанды рентгеноскопиялау.

В) ішектің бария пассажына қадағалау

Г) УДЗ.

Д) колоноскопия.


74. Демпинг-синдромына тән симптом :

А) эпигастрий аймағында ауру сезімі.

Б) лоқсу.

В) желенген тамақпен құсу.

Г) тамақтанғаннан кейінгі әлсіздік.

Д) ауамен кекіру.


75. «Кіші» асқазан синдромында қолданылатын ем:

А) ваготомия.

Б) диетотерапия.

В) реконструктивті операция.

Г) санаторлы-курортты ем

Д) физиоем.


76.Асқазан сөлінің қышқылдығын төмендетуге болады:

А)гастростомиямен

Б)гастроэнтеростомиямен

В)ойық-жараны кесіп алумен

Г) асқазанның қышқыл түзуші аймағының резекциясымен

Д)плоропластика арқылы


77.Ойық-жарадан қан кету кезіндегі емдік эндоскопия барысында қолдануға болмайды:

А)адреналинді ерітінділер енгізу арқылы жараны

Б)жылы физиологиялық ерітіндімен шаюға

В)электрокоагуляция жүргізуге

Г)қантамырларды бекіту

Д)лазерлік коагуляция


78.Асқазанның перфоративті ойық жарасының диагностикасы:

А)құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

Б)УДЗ

В)КТ

Г)селективті ангиография

Д)радиоизотопты сканерлеу


79.Ойық жаралық қан кетуге не тән емес?

А)брадикардия

Б)ОКҚ-ң төмендеуі

В)АҚ-ң төмендеуі

Г) кофе «қойыртпағы» тәрізді құсық

Д)мелена


80.Кеш Демпинг синдромның түсінігі:

А)әкелуші ілмектің кеңеюі

Б)гиповолемия

В)гипогликемия

Г) гипергликемия

Д)гиперволемия


81.Кардия ахалазиясы—бұл:

А)жұтынған кезіндегі кардиальді сфинктердің түйілуі

Б) кардиальді сфинктердің ашылып қалуы


В) кардиальді сфинктердің транспозициясы

Г)асқазанның кардиальді бөлігінің тарылуы

Д) асқазанның кардиальді бөлігінің кеңеюі


№2 ӨТ ТАС АУРУЫ. ХОЛЕЦИСТИТ.


Тестілер:

82.Гепатодуденальды байламдағы элементтердің дұрыс орналасуын атаңыз:

а). холедох, портальды вена, бауыр артериясы,

б). портальды вена, бауыр артериясы, холедох,

в). бауыр артериясы, холедох, портальды вена,

г). холедох, бауыр артериясы, портальды вена

д).бауыр артериясы, портальды вена, холедох.


83. Жедел тассыз холецистит жиі дамиды:

а). ұйқы безінің қабынуында (ферментативті),

б). инфекция және вируленттілігі жоғары микроорганизмдерде,

в). өт қалтасының аномалиялық дамуында,

г). өт қуығының артериясының тромбозы мен эмболиясында

д). созылмалы холециститтің ұзақ уақыт дамуында.


84. Өт тас ауруы бірнеше себебтерге байланысты дамиды:

а).өт іркілісі, аномалиялық даму, инфекция,

б). тұқым қуалаушылдық, аллергия, Одди сфинктерінің туа біткен тарылуы,

в). күйзеліс, өт жолдарының дискинезиясы, бауыр аурулары,

г).зат алмасу бұзылыстары, физиологиялық өзгерістер, тұқым қуалаушылдық

д). өт іркілісі, гиперхолестеринемия, кальция тұздарының жиналуы.


85.Кало үшбұрышын құрайды:

а). бауыр артериясы, өт қалтасы, бауыр,

б).өт қалтасы, жалпы өт өзегі, он екі елі ішек,

в). өт қалтасының артериясы, өт өзегі, бауыр өзегі,

г). оң жақ бауыр артериясы, өт қалтасының артериясы, жалпы бауыр артериясы,

д).сол жақ бауыр артериясы, оң жақ бауыр артериясы, бауыр.


86. Бауырдан тыс өт жолдарының бөліктерін атаңыз:

а).бауырлық, панкреатикалық, дуоденальды, асқазандық,

б).бауырлық, супрадуоденальды, ретродуоденальды, панкреатикалық,


в). супрадуоденальды, интрамуральды, дуоденальды, өт қалта,

г). панкреатикалық, өт қалта, бауырлық, дуоденальды,

д). бауырлық, өт қалта, асқазандық, дуоденальды.


87.Өт қалта шемені – бұл:

а). өт қалтасының склерозы

б).өт қалтасының қуысына жасуша аралық сұйықтықтың жиналуы

в).өт қалта сағасының немесе өт қалта өзегінің бітелуі

г).өт қалта қуысына іріңді сұйықтықтың жиналуы

д).холецистопанкреатит


88. Жедел холецистит түрлерін атаңыз:

а). катаральды, флегмонозды, гангренозды, перфоративті,

б).қарапайым, флегмонозды, флегмонозды-гангренозды,

в).жедел, созылмалы, қайталаушы,

г). қарапайым, катаральды, флегмонозды, тесілуі,

д). катаральды, флегмонозды, перфоративті.


89. Жедел ферментативті холецистит ненің салдарынан дамиды:

а). ішімдік және майлы тағамнан,

б). өт қалтасының өтті шығару қызметінің бұзылыстарынан,

в). ұйқы без сөлінің өт қалтасына енуіне байланысты,

г).өт қалтасының клегей қабатының қабынуы

д). өт жолдарындағы пайда болған тастың нәтижесінде.


90. Жедел холециститтің жиі клиникалық көрнісін атаңыз:

а). сарғаю, қалтырау, диспепсиялық бұзылысттар,

б). оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі, құсуы, дене қызуының жоғарылауы,

в). іштегі ауру сезімі, құсуы, лоқсуы, қан кетуі,

г). іштің оң жақ жартысындағы ауру сезімі, сарғаю, құсуы,

д). іштің кебуі, құсуы, сарғаю.


91. Люшке өзегі –бұл:

а). оң және сол жақ бауырішілік өзектерінің анастомозы,

б). өт қалтасының клегей қабатымен ұсақ бауырішілік өт өзегіндегі жолдар,

в). жалпы өт өзегімен өт қалтасы арасындағы қосымша өзек,

г). өт қалтасының қуысымен сірне қабатының арасындағы саңылау

д). өт қалтасының өзегінің қосарлануы.



92. Өт өзегінің қалыпты диаметрі:

а). 0,3-0,5 см,

б). 1,2 см – 2,0 см,

в). 0,5-1,0 см,

г). 1,0 -1,5 см,

д). !,5 -2,0 см


93. Өт қалтасы не үшін керек:

а). өтті жинау және қойылту,

б). өт қышқылын синтездеу және бөлу,

в).бауырдан тыс өт жолдарының қысымын жоғарылату,

г). өт қышқылының белсенділігін арттыру,

д). байланған билирубинді өндіру.


94. Жедел калькулезды холециститтің дамуындағы ең маңызды этиологиялық кезең:

а). бауырдан тыс өт жолдарының гипертензиясы,

б).гормондардың бұзылыстары,

в).гиподинамия,

г).өт қалтасының сағасының таспен бітелуі,

д). инфекция.


95. Ортнер симптомы –бұл:

а). семсер тәрізді өсіндіні басқанда кенеттен пайда болған ауру сезімі,

б). өт қалтасы тұсындағы ауру сезімі,

в). терең дем алу барысында оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі,

г). кіндіктің жоғары және оңға ығысуы,

д). оң жақ қабырғаны алақан қырымен соғу барысында пайда болған ауру сезімі.


96. Кер симптомы – бұл:

а). кеуде-бел омыртқаның паравертебральды сызықпен қиылысында пальпация кезіндегі ауру сезімі,

б). оң жақ қабырғаны алақан қырымен соғу барысында пайда болған ауру сезімі.

в). семсер тәрізді өсіндіні басқанда кенеттен пайда болған ауру сезімі,

г).оң жақ бұғана үстіндегі ауру сезімі,

д). өт қалтасы тұсындағы ауру сезім.


97.Мерфи симптомы – бұл:

а). оң жақ қабырғаны алақан қырымен соғу барысында пайда болған ауру сезімі,

б). семсер тәрізді өсіндіні басқанда кенеттен пайда болған ауру сезімі,

в). өт қалтасы тұсындағы ауру сезімі,

г). терең дем алу барысында оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі,

д). сол жақ омыртқа-қабырға бұрышындағы ауру сезім.



98.Курвуазье симптомы – бұл:

а). кіндіктің жоғары және оңға ығысуы,

б). семсер тәрізді өсіндіні басқанда кенеттен пайда болатын ауру сезім,

в).сарғаюмен қатар өт қалтасының ауру сезімінсіз кенеттен үлкейуі,

г). өт қалтасының кенеттен үлкейуі,

д). ішастардың тітіркендіру симптомы және механикалық сарғаю.


99.Механикалық сарғаюдың қарапайым көрнісі:

а). холемия, ахолия,

б). билирубинемия, дене қызуының жоғарылауы,

в). Курвуазье симптомы, құсуы,

г). ауру синдромы, зәр түсінің қоңырлануы,

д). терінің сары түске боялуы, дене қызуының жоғарылауы.


100.Жедел холециститтің шұғыл хирургиялық еміне көрсеткішін анықтаңыз:

а).механикалық сарғаю көрнісі,

б).перитонит көрнісі,

в). перитонитсіз, өт қалтасының деструктивті қабынуы,

г). консервативті емнің нәтижесіздігі, ауру сезімінің сақталуы,

д). қосымша панкреатит клиникасының дамуы.


101.Хирургиялық емге абсолюттік қарсы көрсеткішін анықтаңыз:

а). қант диабеті,

б). жедел миокард инфарігі,

в). цереброваскулярлы ауру,

г). бауыр циррозы,

д). науқастың операциядан бас тартуы.


102..Жедел холециститпен ауырған науқастарға көрсетілетін консервативтік ем:

а). наркотиктік анальгетиктер, детоксикациялық терапия, иммуностимуляторлар,

б). наркотиксіз анальгетиктер, детоксикациялық терапия, витаминотерапия,

в). спазмолитиктер, антибиотиктер, детоксикациялық терапия,

г). анальгетиктер, антибиотиктер, иммуностимуляторлар,

д). новокаин блокадасы, анальгетиктер, литолитикалық препараттар.


103. Жедел холециститпен түскен науқастарға жасалатын лабораториялық зерттеулер:

а). жалпы қан, зәр анализдері, билирубин, АСТ, АЛТ, креатинин, қант деңгейі,


б). жалпы қан анализдері, билирубин, жалпы белок, электролиттер,

в). қан құрамындағы лейкоциттер, билирубин, қант, амилаза,

г). қан құрамындағы лейкоциттер, билирубин, азот қалдығы, фосфатаза сілтісі,

д). билирубин, АЛТ, АСТ, фосфатаза сілтісі, ЛДГ.


104. Жедел холециститті құралсайман көмегімен зерттейтін ең ақпаратты әдісті атаңыз:

а).тамырішілік холангиография

б).рентгенографиялық шолу,

в). УДЗ,

г). КТГ,

д). диагностикалық лапароскопия


105. Холециститпен ауырған науқастарды ауруханаға жатқызуға дейінгі ақпаратты құралсайманды атаңыз:

а). лапароскопия,

б). УДЗ,

в). іш қуысын жалпы рентгенографиялық шолу,

г). эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография,

д).ЭКГ


106.Биохимиялық анализдегі билирубин, АЛТ и АСТ-інің қалыпты жағдайдағы көрсеткішін атаңыз:

а).8,0-20,0 мкмоль/л; 0,68 ммоль/л, 0,45 ммоль/л,

б).6,5- 12,0 мкмоль/л; 1,0 ммоль/л, 0,50 ммоль/л,

в).10,0-15,0 мкмоль/л; 0,65 ммоль/л, 0,48 ммоль/л,

г).8,0-15,0 мкмоль/л; 0,45ммоль/л, 060 ммоль/л,

д).6,5- 8,0 мкмоль/л; 0,62 ммол/л, 0,85 ммоль/л.


107.Холангиттің клиникалық көрнісі:

а). интоксикация,дене қызуының жоғарылауы, құсу,

б). қалтырауы, сарғаю, оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі,

в). бауырдың үлкейуі, жалпы әлсіздік, жүдеуі,

г). көк бауырдың үлкейуі, дене қызуының жоғарылауы, кенеттен басталуы,

д). өт қалтасының ауру сезімінсіз үлкейуі, сарғаю.


108.Сарғаюды дифференциальды диагностика жасау мақсатында қолданылатын ақпаратты әдіс:
а).ретроградты холангиопанкреатография
б) тамырішілік холангиография
в) пероральды холеграфия
г) лапароцентез
д) ангиография

109.Механикалық сарғаюдың асқынуы:

а) холангит,
б) бауыр жетіспеушілдігі,
в) кіші жамбас қуысындағы іріңдік,
г) ферменттердің жетіспеушілдігі,
д) жедел панкреатит.


110.Жедел холециститті басқа аурулармен ажырату керек, тек біреуінен басқасы:
а) бауыр шаншуы ,
б) жедел панкреатит,
в) асқазан және он екі ішек ойық жаралары,
г) жедел аппендицитпен,
д) сол жақ төменгі пневмониямен.

111.механикалық сарғаю кезінде операцияға қарсы көрсеткіші болған жағдайда қолданылатын шара:
а) назоинтестинальды интубация
б) гастродуоденоскопия
в) эндоскопиялық папиллосфинктеротомия
г) ультрадыбыс көмегімен тері және бауыр арқылы холангиография

д) лапароцентез

112.Механикалық сарған науқасқа жасалуы тиіс:
а) шұғыл операция,
б) тек консервативті ем,

в) 3-5тәуліктің ішінде тексеріліп, операцияға алынуы тиіс,
г) қуаттандыру терапиясы,
д) құрсақ діңін катетеризациялау.

113.Жедел холециститке тән және жиі кездесетін симптом:
а) тамақ ішкеннен кейін кенеттен пайда болатын ауру сезімі,
б) эпигастр аймағында ашығу ауру сезімі,
в) оң жақ қабырға астында ауру сезімі,
г) күйдіру, қыжылдау,
д) мезогастр аймағында толғақ тәрізді ауру сезімі.

114.Жедел холецистит кезінде қаламайтын тәсіл:
а) холецистостомия
б) тері және бауыр арқылы микрохолецистостомия
в) холедохостомия
г) холецистоэнтероанастомоз
д) холецистэктомия

115.Жедел холангитке тән емес клиника:
а) лихорадка
б) сарғаю
в) іш қатпа
г) оң жақ қабырға астында ауру сезімі
д) Ортнер симптомы оң.

116.Деструктивті холециститтің асқынуы:
а) өт қалтасының шемені
б) перитонит
в) пиелонефрит
г) үлкен емізікшенің тарылуы,

д) энтерит

117.Холедохолитиаздың интраоперациялық диагностика тәсілі:
а) холедохоскопия
б) бауырды сканирлеу
в)тамырішілік холеграфия

г) ангиография

д) каваграфия


118.Өт тас ауруларына тән емес көрініс:
а) илеофеморальды тромбоз
б) холангит
в) механикалық сарғаю
г) жедел холецистит
д) холедохолитиаз


119. Холедоханы құрал сайман тексеру қандай жағдайда көрсетілген:
а) өт қалтасындағы майда тастар
б) жедел холецистит
в) холедоханың кеңейуі
г) перехоледохеальды лимфаденит
д) созылмалы панкреатит.

120.Холедохолитиаздың асқынуы:
а) холангит
б) созылмалы абдоминальды ишемия
в)өт қалтасының қатерлі ісігі
г) Кароли ауруы
д) бауыр кистасы.


121.«Холедохолитотомия» термині нені білдіреді:
а) холедоханың қуысын ашу
б)холедоханы дренаждау
в) холедоханың қуысын ашу және тастарын алу
г) холедохаға тігіс салу
д) ішкі анастомоз салу.

122.Бауырдан тыс өт жолдарындағы тасты табу үшін қолданылатын ең ақпаратты тәсіл:
а) ультрадыбысты сканир
б)тамырішілік холеграфия
в) эндоскопиялық ретроградты панкреатохолангиография
г) пероральды холецистография
д) іш қуысына жалпы рентгенография жасау.


123.Механикалық сарғаю кезінде жиі өлімге әкелетін себеб:
а) миокард инфарігі
б) пневмония
в) перитонит
г) сепсис
д) бауыр-бүйрек жетіспеушілдігі

124.Өт тас ауруы кезіндегі механикалық сарғаюға жасалатын хирургиялық ем:
а) холецистэктомия
б) холецистэктомия өт қалтасының бөлектену кезіндегі
в) холецистэктомия және холедохолитотомия
г) холедохотомия
д) өт жолдарын буждау.

125.Механикалық сарғаюға әкелуі мүмкін емес:
а) ұйқы безінің басының қатерлі ісігі

б) өт қалтасының өзегіндегі тас
в) холедохтағы тас
г) Одди сфинктерінің қатерлі ісігі
д) жалпы бауыр өзегінің тыртықтанып тарылуы.

126.Механикалық сарғаюға тән емес:
а) ұстама тәрізді ауру сезімі
б) нәжістің ақ түске айналуы

в) зәрдің қара -қоңырлануы

г) билирубинемия
д) дисфагия

127.Өт тас ауруы барлығын шақыруы мүмкін , біреуінен басқасын:

а) жедел панкреатит;

б) механикалық сарғаю;

в) дуоденостаз;

г) ащы ішектің обтурациялық бітелуі;

д) холангит.

128.Холецистолитиаз салдарынан туындаған шаншуға тән емес:

а) оң жақ қабырға астындағы қатты ауру сезімі;

б) ауру сезімнің оң жақ жауырынға берілуі;

в) оң жақ қабырға астындағы Щеткина — Блюмберг симптомы;

г) Ортнер симптомы;

д) дене қызуының жоғарылауы.

129.Жедел деструктивті холециститпен науқасқа не істеу керек:

а) шұғыл операция;

б) тек консервативті ем жасалуы тиіс;

в) 3-5тәуліктің ішінде тексеріліп, операцияға алынуы тиіс;

г) ЭРХПГ;

д) құрсақ діңін катетеризациялау.

130.Асқынбаған өт тас ауруында қолданылатын ықшам диагностикалық тәсіл:

а) ретроградты холангиопанкреатография;

б) лапароскопия;

в) ультрасонография;

г) бауыр арқылы холангиография;

д) дуоденальды зонд.

131.Интраоперациялық холангиографияға көрсеткіш:

а) пальпация кезінде табылған өт қалтасындағы конкременттер;

б) үлкен дуоденальды емізікшенің тыртықтанып тарылуына күмән болғанда;

в)асқазанның шығарлығындағы ойық жараның тыртықтанып тарылғанда;

г) бауыр көлемінің ұлғайуы;

д) панкреатит көрнісі.

132.Өт қалтасындағы тастың әсерінен туындаған өт шаншуына қандай ем көрсетілген?

а) шұғыл операция;

б) консервативтік ем;

в) ауру сезімі басылғаннан кейін операция жасау;

г) антиферменттік терапия;

д) ауру сезімін басқаннан кейін лапароскопиялық холецистэктомия

133.Холедохолитиаз салдарынан туындаған механикалық сарғаюға тән белгі:


а) гипербилирубинемия;

б) лейкопения;

в) гемоглобинурия;

г) нәжістегі стеркобилинге оң реакция;

д) қандағы амилазаның жоғарылауы.


134.Механикалық сарғаюдың себебін анықтау үшін барлығын қолданады, тек біреуінен басқасын:

а) бауыр ферменттерін цитолитикалық зерттеу;

б) инфузиялық холеграфия;

в) ультрасонография,

г) ретроградты холангиопанкреатографии;

д) тері -бауыр арқылы холангиография.

135.Өт қалтада ұсақ тастар табылғанда хирургиялық емге көрсеткіш:

а) барлық жағдайда;

б) тек өт қалтасында қабыну болғанда;

в) анамнезінде бауыр шаншуы болғанда,

г) 60 жасқа дейінгі науқастарға;

д) Бақылау барысында тастардың көлемінің ұлғайуына байланысты.

136.Өт тас ауруында лапароскопиялық холецистэктомия жасауға қарсы көрсеткіш:

а). өт қалтасының жедел қабынуы,

б). созылмалы пиелонефрит,

в). аллергоанамнез,

г).анамнезінде іш қуысына бірнеше рет операция жасалғандығы

д).өт қалтасында көптеген ұсақ тастар.


137.Механикалық сарғаюдың ең ауыр асқынуын атаңыз:

а)ішектің сіңіру қаблетінің бұзылуы;

б)бауырдың белок синтездеу қаблетінің төмендеуі;

в) бауыр -бүйрек жетіспеушілдігі;

г) өт қалтасының шемені;

д)холедохо-дуоденальды жыланкөздің пайда болуы.

138.Постхолецистэктомиялық синдромы туындамауы мүмкін:

а). бауыр аурулары,

б).он екі елі ішектің ауруы,

в).операция барысында техникалық қателіктердің болуы,

г).ұйқы безінің ауруы,

д). асқазанға резекция жасау барысында жіберілген техникалық қателіктер

139.Өт тас аруы бар және ұзақ уақыт механикалық сарғаю, бауыр- бүйрек жетіспеушілдігімен ауырған науқасты операцияға дайындау барысында жасалмайтын операция:


а) лапароскопиялық холецистэктомия;

б) эндоскопиялық папиллотомия;

в) гепатикохоледоханы тері бауыр арқылы дренаждау;

д) эндоскопиялық папиллотомия және назобилиарлы дренаж.

140.Өт тас ауруларында қандай жағдайда лапароскопиялық холецистэктомия жасауға болады:

а) холангитте;

б) операцияға барар алдында сарғаю;

в) созылмалы калькулезды холециститте;

г) перитонитте;

д) ферментативті холециститте.


141.Гепатобилиарлы жүйенің қандай бөлігі зақымданғанда Курвуазье синдромы кездеседі:

а) ұйқы безінің басының қатерлі ісігінде;

б) асқазанның қатерлі ісігінде;

в)жалпы бауыр өзегінің қатерлі ісігінде;

г) бауырдың қатерлі ісігінде;

д) ұйқы безінің денесінің қатерлі ісігінде.

142.Өт тас ауруының қандай асқынуында шұғыл операциялық ем қажет етеді?

а) жайылған перитонит;

6) холедохтың тыртықтанып тарылуы;

в) холедохолитиаз;

г) ішекпен өт қалтасының жыланкөзі;

д) сарғаю.


143.Созылмалы холециститті қандай арумен ажырату керек?

а) асқазанның қатерлі ісігімен;

б)он екі елі ішектің ойық жарасымен;

в) созылмалы гастритпен;

г) асқазанның ойық жарасымен;

д) созылмалы панкреатитпен.

144.Холецистэктомия қандай жағдайда жасалмайды:

а) жедел холециститте;

б) тасқа байланысты шаншудың қайталануы;

в) өт қалтасындағы тастың симптомсыз дамуы,

г).қария кісілердің ұзақ уақыт механикалық сарғаю клиникасымен жүруі;

д) УДЗ барысында өт қалтасында бес тастан көп болған жағдайда.

145.Қандай асқыну өт қалтасынан тастың өт жолдарына ауысуына байланысты емес?

а) бауыр шаншуы;

б) сарғаю;

в) іріңді холангит;


г) тыртықтанып тарылу папиллиті;

д) портальды гипертензия.

146.Постхолецистэктомиялық синдромның қандай жағдайда болмауы мүмкін?

а) өт жолдарының тыртықтанып тарылуында;

б) операция барысында үлкен дуоденальды емізікшеде қалып қойған тас;

в) үлкен дуоденальды емізікшенің тарылуы;

г) холедохтағы резидуальды тас;

д) асқазан шығарлығының тыртықтанып тарылуы


147.Бауырдан тыс өт жолдарын интраоперациялық зерттеуге қатысы жоқ?

а) холедохты пальпациялау;

б) холангиоманометрия;

в)тамырішілік холеграфия;

г) холедохоскопия;

д) интраоперациялық холангиография.


148.Холецистэктомия жасау барысында не үшін интраоперациялық холангиография қолданылады:

а)Одди сфинктерін тексеру;

б) жалпы өт жолдарының өтімділігін зерттеу;

в) бауыр ішілік өт жолдарын ретроградты толтыру;

г) холедохолитиазды диагностикалау мақсатында;

д) холангитты диагностикалау мақсатында.:


149.Алғашқы жасалған операция барысында жіберілген қателіктерге байланысты дамыған постхолецистэктомиялық синдромның себебін атаңыз:

а) жалпы өт жолдарындағы резидуальды тас;

б) өт қалтасы өзегінің ұзын тұқылы;

в) он екі елі ішектің ойық жарасы;

г) жалпы өт өзегін кесіп алуынан;

д) Өт қалтасының өзегін байлау нәтижесінде жалпы өт өзегінің тарылуы.


150.Өт тас ауруын диагностикалау барысында төменде көрсетілген белгілердің ішіндегі шынайы ақпаратты көрініс?

а) Курвуазье симптомы оң;

б) Мэрфи симптомы оң;

в) холангиограммада конкременттер көлеңкесі;

г) қан сарысуындағы билирубин мөлшерінің 30 мкм/л жоғары болуы;

д) трансаминаз — АСТ и АЛТ деңгейінің жоғарылауы.

151.Қан құрамында билирубин деңгейі 60 мкм/л жоғары болғанда экскреторлы холангиограммада не себебтен өт жолдарына контраст бармайды?


а). Қан сарысуында билирубин деңгейі 60 мкм/л жоғары болса қаннан бауырға контраст бөліyeі мүмкін емес.

б). өт жолдарындағы гипертензия контрасттың өтуіне кедергі жасайды,

в). контрасттық зат қан тамырларында ыдырауға ұшырайды,

г).жоғарғы тығыздықтағы липопротеидпен контрастың байланысуының салдарынан,

д).контрасттың іш қуысына диффузиялық түрде өтуіне байланысты.


152.Созылмалы рецидивтік калькулезды холециститпен ауыратын науқастар не себебтен жиі төс артындағы ауру сезіміне шағымданады:

а).төстің семсер тәрізді өсіндінің артында өт қалтасының регионарлы лимфа түйіндері орналасуына байланысты,

б). өт қалтасын диафрагма нервінің инервация жасауына байланысты,

в).сезімтал аймақтарға ауру сезімінің берілуіне байланысты,

г). жақын орналасуына байланысты,

д). эмбриогенез кезінде ағзалардың бірге дамуына байланысты.

153.Жедел флегмонозды холецистит кезінде хирургтың тактикасын анықтайтын фактор:

а) дене қызуының жоғарылауы;

б) перитониттің жайылуы;

в) қосалқы аурулар;

г) науқастың жасы;

д) аурудың ұзақ мерізімі.

154.Гангренозды холециститке тән симптом:

а) ауру сезімінің басылуы;

б) оң жақ қабырға астындағы Щеткин—Блюмберг симптомы;

в) Ортнер симптомы:

г) тахикардия;

д) Бартомье—Михельсон симптомы.

155.Науқастың өт қалтасында үлкен тас бар , бауыр шаншуы басталып өз бетінше басылған. Осы науқасқа хирургтың тактикасын анықтаңыз:

а) шұғыл операция ұсыну,

б )өт айдайтын және емдәм тағайындау,

в) санаторлы курорттық ем нұсқау,

г) жоспарлы операция ұсыну,

д)келесі ауру синдромына дейін спазмолитиктер тағайындау.


156.Жедел холециститке толық диагнозды не арқылы пысықтайсыз:

а) науқас шағымы;

б) анамнез;

в) өт қалтасын және ұйқы безіне ультрадыбысты сканир жасау;

г) инфузиондық холангиография;

д) ретроградты панкреатохолангиография.

157.Жедел холециститтің асқынуына барлығының қатысы бар, тек біреуінен басқасы:

а) өңеш венасының варикозды кеңейуі;

б) механикалық сарғаю;

в) холангит;

г) бауырасты іріңдік;

д) перитонит.

158.Гангренозды холециститпен ауырған науқасқа көрсетілуі тиіс:

а) шұғыл операция;

б) кешіктетілген операция;

в) консервативтік ем;

г) консервативтік емнің нәтижесі болмаған жағдайда операция жасалуы;

д)науқастың қабылдаған шешіміне байланысты.


159.Өт қалтасының мойнынан жасалатын холецистэктомияның ерекшеліктері?

а)өт қалтасын алу барысында қан ағызбау үшін;

б) холедох бағытына іріңдеген өтті жібермеу мақсатында;

в) өт қалтасынан ұсақ тастардың холедохқа жылжымауын қамтамасыз етеді;

г) холедохотомия жасамауға мүмкіндік туғызады;

д) интраоперациялық холангиография жасамауды қамтамасыз етеді.


160.Жедел тассыз холецистит ненің салдарынан дамуы мүмкін:

а) өт қалтасына инфекцияланған өттің түсуіне байланысты;

б) өт қалтасында өттің іркілісі;

в) өт қалтасындағы тастар:

г) өт қалтасының артериясының тромбозы;

д) дуодено-гастральды рефлюкс.

161.Флегмонозды холециститпен түскен науқаста соңғы үшінші тәулікте сарғаю, дене қызуы, қалтырау пайда болған. Перитонит белгілері жоқ. Қандай асқыну болуы мүмкін?

а)үлкен дуоденальды емізікшенің тарылуы;

б) өт қалтасының эмпиемасы;

в) пиелонефрит;

г) перфоративті холецистит;

д) холангит.

№ 3 ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ СОЗЫЛМАЛЫ ПАНКРЕАТИТ



ТЕСТ

162. Шарбылық қаптың дренирлеу әдісі

а) Пиковский бойынша

б) Де Кервен бойынша

в) Шалимов бойынша

г) Федоров бойынша

д) Лаваш жүйесі


163. ¥йқы безінің абсцессінің ең қауіпті асқынуы

а) Интоксикация

б) Аррозивті қан кету

в) Парапанкреатикалық инфильтрат

г) Мезентериальді тромбоз

д) Сарғаю


164. Сыртқы панкреатикалық жыланкөздің қорытынды диагностикасында қандай зерттеу әдістері қарапайым және тиімді болып табылады.

а) ¥йқы безінің КТ

б) ¥йқы безінің УДЗ

в) Фистулография

г) МРТ зерттеулері

д) ЭРПХГ


165. ¥йқы безінің абсцессінің ең қауіпті асқынуы

а. Шарбы қапшығына іріңдіктің өтуі

б.Интоксикация

в. Панкреатикалық инфильтрат

г.Мезентериальді тромбоз

д.Сарғаю


166. Сыртқы панкреатикалық жыланкөздің қорытынды диагностикасында
қандай зерттеу әдістері қарапайым және тиімді болып табылады.

а. Ұйқы безінің КТ

б) Ұйқы безінің УДЗ

в) МРТ зерттеу

г) ЭРПХГ

д) Жыланкөз бөліндісіндегі панкреоферменттің белсенділігін анықтау


167. Лапороскопия кезінде анықталатын деструктивті панкреатитке тән ең негізгі

белгілер

а) Асқазан ішек жолының парезі

б) Құрсақ қуысындағы фиброзды сұйықтық

в) Бауырдың жұмыр байламының ісігі

г) Құрсақ қуысындағы іріңді сұйықтық

д) Құрсақ қуысындағы геморрагиялық сұйықтық


168. Лапороскопия кезінде анықталатын деструктивті панкреатитке тән ең негізгі

белгілер

а. Асқазан ішек жолының парезі

б) Құрсақ қуысындағы фиброзды сұйықтық

в) Бауырдың жұмыр байламының ісігі

г) Стеатонекроз табақшалары

д) Құрсақ қуысындағы іріңді сұйықтық


169. Шарбы қапшығы инфильтратының абсцестенуіне тән симптом

а) Диастазурияның жоғарлауы

б) Обухов ауруханасының симптомы

в) Гектикалық температура

г) Анемия

д) Көкбауырдың ұлаюы


170. Шарбы қапшығы инфильтратының абсцестенуіне тән симптом

а) Жалпы билирубиннің жоғарылауы

б) Диастазурияның жоғарлауы

в) Тікелей билирубиннің жоғарлауы

г) Инфильтрат көлемінің жоғарлауы

д) Цеге мантейфел симптомы


171. Шарбы қапшығы инфильтратының абсцестенуіне тән симптом

а) Эпигастрий аймағындағы кенеттен ауру сезімі

б) Диастазурияның жоғарлауы

в) Тікелей емес билирубиннің жоғарлауы

г) Ортнер симптомы

д) Хоманс симптомы


172. Төменде көрсетілгендердің қайсысы панкреонекроз кезіндегі лапаротомияға

көрсеткіш болып табылады?

а) Панкреотогендік (абактериальді) перитонит

б) Амилазаның жоғары активтілігі

в) Панкреотогендік шок

г) Инфицирленген панкреонекроз

д) Билирубиннің жоғары болуы


173. Төменде көрсетілгендердің қайсысы панкреонекроз кезіндегі лапаротомияға

көрсеткіш болып табылады?

а) Панкреотогенді шок

б) Комплексті консервативті емнің нәтижесіздігі

в) Амилазаның жоғары активтілігі

г) Панкреотогендік (абактериальді) перитонит

д) Тура билирубиннің жоғары болуы


174.Іш қуысында геморрагиялық сұйықтықтың және ішпердеде майлы некроз ошағының анықталуы кезінде не туралы ойлауға болады?

а) Бауырдың жарылуында

б) Жедел панкреатитте

в) Қуысты ағзаның зақымдануы

г) Мезентериальді тромбозда

д) Перфоративті асқазан жарасы



175. ¥йқы безінің қандануына қатыспайтын артерия

а) Көкбауырлық артерия

б) Бауырлық артерия

в) Жоғарғы шажырқай артериясы

г) Сол жақ асқазан артериясы

д) Оң жақ асқазан артериясы


176. Жедел панкреатит кезінде асқазанның бүйір қабырғасындағы цианоз дағы қай симптомға жатады?

а) Грей Тернер

б) Воскресенский

в) Грюнвальд

г) Мондор

д) Мэйо робсон



следующая страница >>