https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 9 10 11 12 13

13-тақырып. Жас ерекшелік психологиясының пәні және міндеттері. Жас шамасының мәселесі. Педагогикалық психология әлеуметтік институттардың оқу мен тәрбиелеу жүйесіндегі психика мен сананың дамуының заңдылықтары туралы ғылым ретінде. Оқу іс-әрекетінің қалыптасуы мен құрылымы


Дәріс мақсаты: Студенттерде жас ерекшелік психологиясының пәні және міндеттері, жас шамасының мәселесі, педагогикалық психология әлеуметтік институттардың оқу мен тәрбиелеу жүйесіндегі психика мен сананың дамуының заңдылықтары туралы ғылым ретіндегі рөлі, оқу іс-әрекетінің қалыптасуы мен құрылымы туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылған сұрақтар:

1.Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы.

2. Жеке адам дамуының қозғаушы күшi.


Дәріс тезисі.

1. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының пайда болуы және алғашқы дамуы. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының өмірге келуі XIX ғасырдың екінші жартысына жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның енуімен байланысты. Даму үстіндегі психологиялық-педагогикалық ой-пікірге көрнекті орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің еңбектері, алдымен оның «Адам - тәрбие тақырыбы» деген жұмысы едәуір үлес қосты. Адамды жан-жақты тәрбиелеуге ұмтылған педагог, алдымен оны барлық жағынан танып білуі тиіс деп есептей отырып, К. Д. Ушинский мүғалімдер мен тәрбиешілерге арнап: «...өздеріңіз басқарғыларыңыз келетін психикалық құбылыстардың заңдарын зерттеңіздер, осы заңдарға және оларды қолданғыңыз келетін жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасаңыздар»— деп жазды. Ғалымдар психикалық дамудың қайнар көздері мәселелеріне зейін аудартты. Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі психикалық іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымы И. М. Сеченовте атап көрсетті.

Бала психикасының даму және оны оқыту процесін бақылау эмпирикалық материалдарының жинақталуы және корытылуымен қатар педагогикалық және балалар психологиясына эксперименттік зерттеулер енгізе бастайды. Эксперименттік зерттеу балалар мен жеткіншектердің психикалық дамуына объективті сипаттама беріп оқыту мен тәрбиелеуге ғылыми тұрғыдан келуді негіздей алатыны педагогтар мен психологтарға айқын болды. Алайда XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында психологиялық экспериментті педагогикада қолданудың арнайы жолдары әлі табыла қоймады. Эксперименттің жалпы психологиядағы едәуір жетістіктері (Вебер мен Фехнердің психофизикалық заңды ашуы, Эббингауздың есті зерттеуі, Гельмгольцтің сезім мүшелерінің психофизиологиясын талдауы, пен физиологиялық психологиядағы қимыл-қозғалыстарды зерттеуі т. б.), оны педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Ашылған заңдылықтарды педагогикалық және балалар психологиясына тек жай ауыстыра салса жетіп жататын тәрізденуі болып көрінді. Психофизиология заңдарын немесе мәселен қимыл-қозғалыс реакцияларының жылдамдығы мен формасына қатысты фактілерді біле отырып, мұғалімдер міндетті түрде баланың жан дүниесі мен оқу материалдарын игерудің заңдарын түсіне алады деген жорамал болды. Орыс психологы П. Ф. Каптеревтің америка психологы У. Джемстің «Психология жөнінде мұғалімдермен әңгіме» (1902) атты кітабы және сол кездегі басқа да психологиялық-педагогикалық еңбектер осындай сенімде жазылды.


2. Жеке адам дамуының қозғаушы күшi.

Адамның психологиялық дамуын зерттеу сипатты ғана емес, сонымен қоса түсіндіру, фактілердің интерпретациясын болжайды. Нақты фактілер белгілі теориялар контекстінің мағынасында болады, ол негізгісін тұрлаусызынан бөліп көрсетеді және психологиялық дамудың негізгі заңдылықтарын түсіндіреді.

Кез-келген психологиялық дамудың шешуші сұрағы қозғаушы күштерді және психикалық дамудың көздерін анықтау болып табылады. Оған адамдағы табиғи бастау (немесе оның тұқымқуалаушылығы) немесе орта (әлеуметтік айналасы, игерілген тәжірибе) жатады. Бұл шешуші сұрақ қалай шешілгеніне байланысты психологиялық теория екі бағытқа бөлінеді.Тарихи тұрғыдан бұл өзгешелік баланың дамуын әр жағынан көрсететін әр түрлі екі философиялық ағымға бағытталған.

Соның бірі XVII ғасырдағы ағылшын философы Джон Локктың есімімен байланысты. Ол баланы таза тақта деп қарастырды, оған қоршаған орта мен қоғам өз өкілдерінің бейнесінде оларға керектіні жазады. Бұл теорияға сәйкес психологиялық даму әрекеттердің әлеуметтік формаларының жинақталуымен және пайдалы қылықтарды өңдеуден тұрады.

Басқа бағыт XVII ғасырдағы француз философы Жан Жак Руссо көзқарастарына негізделеді. Ол жаңа туған баланың өзінен адамдық тұлғаны көре білді. Оның ойынша психикалық даму табиғи құбылыстардың жетілуі және олардың орындалуы ретінде қарастырылады.

Сонымен, психологияда психикалық даму заңдылығының интерпретациясы 3 негізгі жолмен қалыптасты:


  • Биогенетикалық – негізіне биологиялық үрдістердің жетілуі жатады, ал қалған даму үрдістері жанама түрде қарастырылады;

  • Социогенетикалық – назар ең алдымен әлеуметтену үрдістерінде және қоғамды өмір жолына қатысты этапқа қоятын істерден көрінеді;

  • Психогенетикалық - негізіне психикалық үрдістер мен қызметтің өзіндік дамуы жатады.

Қазіргі кездегі психологтер бұл көзқарастарды сирек қолдайды. Жалпы адамның психикалық дамуында тұқымқуалаушылықтың рөлі қандай болса, ортаның да рөлі сондай.


Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер


  1. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  2. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  3. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  4. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  5. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  6. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  7. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  8. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  9. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  10. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


9 Бөлім. Әлеуметтік психология

Глоссарий:

Бейімделу орта нормалары, әрекеттеріне бейімделу.

Индивидуализация – «максималды тұлғалаудағы индивтдттің қажеттіліктерін» қанағаттандыру.

Ықпалдастық – қоршаған ортамен ықпалдасу.

Өмірге келген нәрестеде қоршаған ортамен ерекше, қайталанбас қарым-қатынас қалыптасады, мұны әлеуметтік жағдай дейміз (Л.С.Выготский).

Дамудың әлеуметтік жағдайы – адамның бүкіл өміріндегі динамикалы өзгерістердің бастамасы.


14-тақырып. Ғылыми білімнің жүйесінде әлеуметтік психологияның орны. Үлкен әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы. Әлеуметтенудің психологиялық-әлеуметтік негіздері.

Дәріс мақсаты: Студенттерде ғылыми білімнің жүйесінде әлеуметтік психологияның орны, үлкен әлеуметтік топтардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы, әлеуметтенудің психологиялық-әлеуметтік негіздері туралы білімдерін тереңдету.


Қарастырылатын сұрақтар:

1. Жеке адамның әлеуметтенуі мен дамуы.

2. Әлеуметтенудің сатылары.

Дәріс тезисі.

1. Жеке адамның әлеуметтенуi мен дамуы. Әлеуметтену процесі, жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерінен игеруіне қажет бүкіл әлеуметтік процестерінің жиынтығы.

Әлеуметтенудің мәнісі, ол – екі жақты процесс екендігінде, біріншіден, әлеуметтік ортаға кірудің арқасында индивидтің әлеуметтік тәжірбиені игеруі, екіншіден, индивидтің осы әлеуметтік байланыстар әлеуметтік ортаға белсенді араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі - әлеуметтік тәжірбиені игеру ортаның адамға әсерін сипаттаса, екіншісі, адамның өз іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді.

Әлеуметтену процесінің мазмұны: тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен үш сферада; іс-әрекетте, қарым-қатынаста, өзіңдік сананың қалыптасуында іске асырылады.

Әлеуметтену процесінің барысында индивид іс-әрекет «каталогының» молаюымен (А.Н.Леонтьев) айналысады, яғни неғұрлым жаңа іс-әрекет түрлерін игерумен болады. Осы жағдайда өте маңызды тағы да үш түрлі процестер іске асырылады. Біріншіден, әрбір іс-әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану (бағыттану). Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс-әрекеттің жеке тұлғалық таңдалуы деп атауға болар еді. Осыдан туындайтын екінші процесс – жетекші, таңдалынған іс-әрекетке баса назар аудара отырып, басқаларын соған бағындыру. Және үшінші процесс, барысында жеке тұлғаның жаңа рөлдерді игеруі мен олардың маңыздылығын түсінуі. Осының бәрін индивидтің іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею процесі деп тұжырымдауға болады. Бұл бағытта жүргізілетін эксперименттік зерттеулер, негізінен әлеуметтік және жас ерекшелігі психологиясының ара жігінде іске асырылады.


Екінші – қарым-қатынас сферасы іс-әрекетпен тығыз байланыты болғандықтан, оның кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым-қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңіндегі осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым-қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым-қатынастан  диалогтыққа көшуі, партнерге бағыттану, оны неғұрлым дәл қабылдаумен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым-қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау. Мұндай зерттеулер де пәнаралық болып келеді, себебі жас ерекшелігі психологиясы үшін де, әлеуметтік психология үшін де бірдей маңызды. Әсіресе, мектепке дейінгі және жеткіншектік кезеңдерге жүргізілген зерттеулер көп.

Әлеуметтенудің үшінші аймағы - тұлғаның өзіндік сана-сезімінің дамуы. Бұл мәселе тұлғаның «Мен» бейнесінің қалыптасуымен байланысты.

2. Әлеуметтенудің сатылары. Әлеуметтенудің барлық сатыларында қоғамның тұлғаға әсері не тікелей, не топ арқылы, Ж.Пиаже көрінетін әдет-ғұрып, дәстүрлер, дағдылар, өмір сүру бейнесі де өзінің әсерін тигізеді. Сонымен бірге, қала мен ауылдың әлеуметтік-экономикалық айырмашылығы, әртүрлі елдердің тарихи-мәдениеттік ерекшеліктері, т.с.с. факторларды есепке алу қажет. Қорыта айтқанда, әлеуметтенудің нақты нәтижесі осылардың барлығының тең әсерлі күші қандай болуына байланысты. Яғни әлеуметтену мәселесі өз ретінде шағын және үлкен топтарды байланыстыратын көпір іспетті зерттелуі қажет. 

 Э. Эриксон әлеуметтену процесін талдады. Ол «әлеуметтену, норма ережелерден тұрады» - деді.

Жас ерекшелік дағдарысы адам дамудында белгілі бір жас кезеңінен, екінші жас кезеңінде өтудегі күйзелісі немесе өтпелі кезеңі деп қарастырылады.Бұл дағдарыс екі жас кезеңінің қосылуы деп те қарастырылады, оның сипатына бірінде даму кезеңі бойынша аяқталу процесі болса, екінші кезеңнің басталу белгісі болып табылады. Жас ерекшелік дағдарыс кезеңінің айырмашылығы: адамның темпераментіне қатысты, мінез-құлқына, биологиялық және әлеуметтік қатынасына байланысты өзгерістердің көрінуі. Бала кезеңдегі дағдарысты төрт кезеңге бөлініп қарастырылады.


Жаңа туылған шақтағы дағдарыс-0-2ай аралығы.

Жаңа туылғаннан кейінгі алғашқы күндері дене салмағын жоғалтуы. Ал әлеуметтік жағдайына келсек екі жақты қарастыруға болады.

1. Балада үлкендердің көмегінсіз биологиялық қозғалыстың болмауы және қажеттілігін өтей алмауы.

2. Балада қарым –қатынасқа түсетін сөйлеу тілі қалыптаспағандықтан үлкендерге деген тәуелділігі арта түседі. Бұл жаста жаңа білім алуы, жеке психикалық өмірде «жандану кешенімен» оған бірнеше құбылыстар жатады:


  • үлкендер жақындағанда жалпы қимыл –қозғалыстың қозуы;

  • өзіне назар аударту үшін жылауы немесе шыңғыруы;

- анасымен қатынаста жымиюы және уілдеу дыбыстарын шығаруы.

«Жандану кешені» кезеңі бала үшін қиын себебі, ол қалыпты психикалық даму көрсеткіштері болып табылады.

Бір жастағы дағдарыс, нәрестелік жастан сәбилік шаққа дейінгі аралық. Бұл жаста тәуелсіздікке байланысты жаңа аффектілі құбылыстар байқалады. Бала кішкентайынан «болмайды» сөзімен таныс, осы дағдарыс кезеңінде ол өзектеліне түсетін болады. Эмоционалды кері кету «болмайды» сөзінің күшін жылау ,шыңғыру, еденде құлау, тепкілеу, біреуді ұруға дейінгі әрекетте көрсетеді. Бұл жастағы жаңа білім – баланың өзіне тән - сөйлеу тілі /автономды тіл./

Бір жастағы дағдарыста жалпы кері кету әрекеті яғни бұзылуы төмендегідей :

-биоырғақ процесінің бұзылуы /ұйықтамау/.

-өзін қанағаттанудыру қажеттілігінің бұзылуы./ аш сезінуі, өзінің ұнататын тамағын жемеуі, тамаққа тәбетінің болмауы/.

-ашу қысуының /жылауық, өкпелегіш, жабырқаулы/ көрінуі.

Өткір дағдарыс кезеңі –үш жас болып табылады. Бала өзінің бейнесін айнадан көруге және өзгенің өзіне қалай назар аударатыны қызықтыратын болады. Үш жастағы баланы түзетудің қажеті болмайды себебі бұл дағдарыстағы нышан жеті негізгі элементтен тұрады:
  1. Жағымсыз. Баланың үлкендер сөзіне қарсыласуы ол мазмұнына қарай емес, тек үлкендер айтқандықтан керісінше жасауды ұнатады.


  2. Бір беткейлік. Өзіне қажет ету үшін емес, талап қойып сол бағытта өзін ұстануы.

  3. Қыңырлық .Ол осы жасқа дейін қалыптасқан тәрбиеге қарсы шығуы.

  4. Еріктік. Балада бәрін өзім істеймін қабілетін меңгеруі.

  5. Бүлік-наразылық. Бала қоршаған орта мен жауласу деңгейінде.

  6. Құнсыз ету . Бала өзінің жақынын, ата-анасын мазақтау, ызаландыру, ұрсу.

  7. Қаталдық. Бала өзінің талабын ата-анасына орындатады. Қаталдық кіші сіңлі немесе ініге байланысты қызғаныштан туындайды.

Дағдарыс барысында бала өзіндік сананы әлеуметтік қатынаста қалыптастырады. Баланың көз-қарасында «Мен»,«Мен өзім», КЕРЕК және ТИІСТІ сөздерінің мағынасын түсініп қолданатын болады.

Жеті жастағы дағдарыс. Бұл бір жастағы дағдарыспен өзіндік реттелумен айқындалады. Бала өзі қажет деген мінез-құлық ережелермен өзін реттей алады. Л.С.Выготский ұсынған белгілер: сырбаздану және қылықтану. Дағдарыстың қайнар көзі: ерте жастағы сипатқа мектеп жүйе қатынасының сәйкес келмеуі . Бала өзінің сезімін ұстай, меңгере, басқара алмайды. Себебі бір мінез-құлықты жоғалта отырып, орнына жаңа қылық меңгере қойған жоқ Жеті жастағы дағдарысты меңгерген бала өз эмоциясын басқара алып, жағдайдан еркін немесе әдейі шыға алуды меңгереді

Жеткіншек кезеңіндегі дағдарыс.13-14 жас-элеуметтік даму дағдарысы, бұл да үш жастағы « Мен өзім», енді әлеуметтік мағынада қолданылады. Әдебиеттерге жүгінсек, бұл жасты екінші рет кіндік кесу жасы деп те қарастырады. Негізгі сипаты өткірлік деңгейінде, оның белгілері төмендегідей: баланың оқу әрекетіндегі жемістілігі, дарынды жағының көрінуі төмендейді. Дағдарыстың екінші белгісі –жағымсыздық. Бұл кезеңді кейде үш жастағы дағдарыспен ұқсас қарастырады. Бала ортадан өзін шектейді, ұрысқа дайын тұрады, сенімсіздік, жалғыздыққа қарай өзі талпынады. Ер балада жағымсыздық ерте және ашық байқалады, ал қыз балада 14-15 жаста көрінеді. Жеткіншекте дағдарыс кезінде анау айтқан мінез – құлқында жағымсыз сипат көрінбеуі мүмкін. Осы туралы Выготский мінез-құлықты үш вариантта қарастырады.


Бірінші варианты – жеткіншекте жағымсыздық барлық жағынан ашық байқалады. Оның мерзімі бір-екі аптадан, бірнеше айға дейін созылуы мүмкін, осындай құбылыс 20 ұпайға жуық жеткіншекте көрінеді. Екінші типте балада-күшті жағымсыздық. Балада ол өмірлік жағдайдың кейбір жерінде байқалады. Қоршаған ортаның ұнамсыз құбылысына: отбасындағы қақтығыс, үлкендер жағынан қысым көрсетілуі, қолайсыз жағдай тудыруы, оған 60 ұпайдағы жеткіншектер жатады. Ал үшінші жағдайда - жағымсыз жағдай жалпы байқалмайды немесе жоқтың қасы. Ол 20 ұпайға жуық жеткіншектерде кездеседі. Жеткіншекте психологиялық қақтығыс көбіне өзіне ғана емес, тікелей қоршаған ортаға деген көз қарастан туындап отырады .

Жастық шақ дағдарысы 18-19 жас, зерттеулер көрсеткішіне сүйенсек, бұл жаста дағдарысты жеңу жағдайы төмендегідей. Алғашқы - ішкі мүмкіндіктерге сай дағдарыс жағдайынан шығуда мәнді саналы кең стратегияны пайдалана алады. Екінші жағдайда - өзінің эмоционалды күйзелісіне қарай дағдарыстан шығуда мәнді шешілу жағын қарастыра және ойын жинақтай алмауы. Үшіншіден – дағдарысты шешуден қашу, оның себебі жағымсыз күйзелістен, оны жеңуге күш салмай, басқа біреуге аудара салу, өзіне жауапкершілік алмау. Жастық шақтан ересектікке өту кезеңі 22-23 жас аралығы. Басты анықтау себебі - барлық өмір сүру жылдары ұстанатын жол деп қарастырылған.

Есею кезеңіндегі дағдарыс 33жастан ары қарай. Психологиялық ерекшелігі: адам өзінің мүмкіндігін нақты көре отырып, өзіне шектеу қою, жастық шақпен толық қоштасады. Осы жастағы басты ерекшелік – мамандықты яғни кәсіпті өзгерту болып табылады. Кәсіпті өзгерту дағдарыстан шығудың бір жолы, сондықтан 30 жастағылар түгелдей басқа кәсіпке төселе алады. Жұмысты өзгерту тәуекелге бару табысқа жететініне толық іштей сену арқылы қызығады.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер


  1. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.
  2. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.


  3. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  4. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  5. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  6. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  7. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  8. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  9. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  10. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.



<< предыдущая страница   следующая страница >>