https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 7 8 9 10 11 12 13

3. Қазіргі кездегі тұлғаның теориялары. Гуманистік психологиядағы тұлғаны түсіну (К. Роджерс, А.Маслоу). Гуманистік келісте адам жағымды рухани қасиеттерімен жоғарғы рухани қажеттіліктер тән деп қарастырылады (өзін, өмірдің мәнін, әлемдегі орнын, сұлулыққа қажеттілігін, үйлесімділігін, түсінуге ұмтылу). Гуманистік психологияда адамды жағымды жақтарымен ғана қабылдайды және жақсы қырларына сенеді. Абрахам Маслоу - ХХ ғ. 60ж. Гуманистік психология терминін енгізген. Гуманистік психология психикалық дені сау, гармониялық тұлғаны зерттеді, яғни өзінің даму шыңына, өзін-өзі жетілдіруге жеткен адам. Бұндай тұлғалар тек ¼ % құрайды, ал қалғандары иерархияның кез-келген сатысында болады. Адам өзінің тағдыры үшін жауапты, өзін –өзі жетілдіруге ұмтылады, бүкіл өмір барысында жетілу, өзгеру, қалыптасу процесі болады. Маслоу бойынша гуманистік теорияның негізі әр бір адамды уникалды, ұйымдасқан, бір бүтін ретінде қарау керек.

А. Маслоу тұлғаның қажеттіліктерін түсіндіру үшін қажеттіліктер иерархиясын ұсынды (1954). Ол бойынша қажеттіліктердің ең біріншісі физикалық қажеттілік болса, ең жоғарғы өзін-өзі өзектендіру деді. Қажеттіліктер иерархиясы келесідегідей:


  • физиологиялық қаж-к (тамақ ішу, сексуалдылық, өзін өзі қорғау қаж-і)

  • қауіпсіздік және қорғаныс, сенімділікке деген қаж-гі ( материалды, денсаулыққа, қартайғанда қамтамасыз етілетіне сенімділік)

  • сүйіспеншілік, әлеуметтік қаж-р (кейбіреулерде қарым-қатынасты түсіну қаж-гі, өте жақсы көрген адамы, ал басқасы онша емес)

  • өзін-өзі сыйлау, сый-құрметке қажеттілігі ( престиж, статус)

  • өзін-өзі өзектендіру қажеттілігі, тұлғаның даму қаж-гі

Бұндағы басыңқы қажеттілік төменде орналасқан, ол одан жоғары орналасқан қажеттілікті мотивтілік мөлшерін сезгенде қанағаттандырылған болуы керек. Бір типтегі қажеттілік 2-ші қажеттілікке өткенге дейін қанағаттандырылуы қажет. Маслоу бойынша иерархияда жатқан қажеттіліктер адамның мотивациясы негізінде жатқан негізгі принцип болып табылады. Адам қажеттіліктер иерархиясына қаншалықты жоғары көтерілген сайын, оның сапасы, индивидуалдылығы , психикалық денсаулығы жоғарылайды. Гуманистік психологияда тұлға-қоғамдағы адамның өмір әрекетіндегі пайда болған психологиялық құрылым ретінде қарастырады. Бұл бағыт ХХ ғ. 50-60 ж. біршама дамыды. Гуманистік психология бастапқыда нейрофрейдистік концепцияға қарсы тұрды, яғни адамзаттың мінез-құлқы қанағат алуға, агрессияға, қоғамнан қорғауға тәуелді дегенге қарсыласты. Олар мінез-құлықтың көзі ретінде туғаннан пайда болған альтрустик мотив деп қарастырды. Осы бағыттың бір өкілі К. Роджерс. Ол өзінің әдіс терапиясында дәрігер пациентке қысым көрсетпеуі керек. Дәрігер мен пациент арасындағы контакт өзара сыйластыққа негізделуі керек. Роджерстің тұлға теориясының негізі өзіндік бағалау категориясы болып табылады. Баланың үлкен адаммен қарым-қатынасы нәтижесінде оның өзі туралы түсінігі қалыптасады. Бірақта өзіндік бағалау конфликсіз қалыптаспайды. Көбінде қоршаған ортаның бағалауы өзіндік бағалауға сәйкес келе бермейді. Адам қоршаған ортаның бағалауын қабылдау керек пе, әлде өз бағалауында қарау керек пе деген таңдауда қалады. Күрделі органикалық бағалау үрдісі жүреді, яғни бағалаудың көзі бастапқыда баланың ішкі организмінде жатады. Осылайша, Роджерс нейрофрейдизмдегідей, тұлғаның дамуы туғаннан пайда болған тенденция арқылы анықталады. Әлеуметтік рол тек сырттай. Гуманистік бағыттың өкілі А. Маслоу. Ол бойынша адамның негізгі қажеттілігі-ол өзін-өзі өзектендіруге тырысу. Өзін-өзі өзектендіру деген не дегенге Маслоу былай жауап береді: «Өзін-өзі өзектендіруші адамдар қандай да бір іспен әуестенген. Олар бір іске берілген, олар үшін ол өте құнды, бағалы болып табылады». Тұлғаның өмірінің әр сәтінде таңдау кездеседі: алға жылжу, кедергілердіжеңу, жоғарғы мақсатқа жету немесе күресуден бас тарту. Өзін-өзі өзектендіруші тұлға-үнемі алға ұмтылады, кедергілерді жеңеді. Өзін-өзі өзектендіру-бұл үнемі даму немесе өз мүмкіндіктерін практикада іске асыру процесі болып табылады. Маслоу бойынша - өзін-өзі өзектендіру туа пайда болатын құбылыс, ол адамның табиғатына жатады. Адам мейірімділік, адамгершілік, қайырымдылыққа деген қажеттілікпен туады. Ол адамның ядросын құрайды. Адам осы қажеттіліктерді жүзеге асыра алуы қажет. Сәйкесінше, өзін-өзі өзектендіру туа пайда болған қажеттіліктердің бірі. Американдықтар: Маслоу Абрахам Харольд (1908-1970); Роджерс Карл Рэнсом (1902-1987) және Виктор Франкл- «адам өмірі уникалды, өйткені ешкім оны қайталай алмайды»; Эрих Фром.

Индивидуалдылық ұғымы. Индивидуалдылықтың продуктивті және инструменталды көріністері.


Тұлғаның өмірлік жолы-оның даралылыққа айналу жолы. (С.Л. Рубинштейн, Б.Г. Ананьев)

Тұлғаның даралылық ретінде дамуын түсіну үшін тұлғаға – іс-әрекет субьектісі ретінде қарау керек. Тұлғаны іс-әрекет субьектісі ретінде зерттей келе, оның заттық іс-әрекеті жасайтынын, өз тәжірибесіне, өзінің потенциалды мотивіне, мінезіне, қабілеті мен іс-әрекетінің нәтижесіне сүйенетінін анықтады. Даралылық - өзінің әлеуметтік маңызды жағынан басқа адамдардан адамның ерекшеленуі, индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы, яғни темперамент, мінез, қызығушылық, қажеттілік, қабілеттіліктерінің қайталанбастығымен ерекшеленуі. Индивидуалдылықтың алғышарты болып анатомо-физиологиялық нышандар жатады. Тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретінде қарастырғанда осы құбылыстарды анализдеудің 2 жағы бөлінді:

Тұлғаның продуктивті көріністері, яғни тұлғаның түрлі мотивтер, позициялар, ролдер арасында таңдау жасау кезіндегі белсенділігінен көрінеді. Продуктивті көріністерге және де тұлғалың мәдениетке және т.б. өз әрекеттерімен үлес қосуы жатады. Ол өзіне ғана емес басқаларға да өз әсерін тигізеді.

Тұлғаның инструменталды көріністеріне-мінез бен қабілет жатады. Бұдан мінез тұлғаның мәндік тәжірибесі мен ұстанымдарын шегендейді, сол арқылы оның мотивтері жүзеге асады. Ал қабілет-іс-әрекеттің жемістілігі мен эффективтілігін анықтайды және соңында тұлғаның іс-әрекет субьектісі ретіндегі продуктивті көріну деңгейлерін анықтайды. Тұтастай тұлғаның индивидуалдылығы адамның әлемдегі мәндік (мысловых) қатынастары мен ұстанымдарының (установок) жиынтығы, бұл өмір сүру барысында, қоғамда игеріледі. Тұлғаның индивидуалдв дамуын анализдей келе оның дамуының функционалды динамикасы ажыратылады, бұның өзі проблемді-конфликтілік ситуацияларда көрінеді (мысалы, стресс, фрустрация, конфликт, кризис) және оның өмір сүру жолындағы психологиялық жасының өзгеруінде көрінеді.

Шетелдік психологиядағы тұлға құрылымы жайлы жалпы түсінік.


«Тұлға» термині латын тілінің «пенсона» сөзінен аударғанда «маска» деген ұғымды білдіреді. Тұлға түсінігіне, бұл саланың теоретиктері әртүрлі бағыттан қарады. М.К.Роджерс тұлғаны «сомость» терминімен түсіндірді, яғни ұйымдастырушы, ұзақ уақытты біздің барлық переживаниямызды субьективтік қабылдайтын сущность ретінде түсіндірді. Г. Олпорт индивидуум адамның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуін детермин ациялайтын сипат,, ішкі «нечто» ретінде анықтаған. Ал Э. Эриксон бойынша индивидуум бүкіл өмір барысында психосоциалды кристерден өтеді, оның тұлғасы крисизтық нәтиже функциясы ретінде қалыптасады. ЖД. Келли тұлғаны кез келген индивидуумға тән өмірлік тәжірибені тану қабілеттілігімен ерекшелігі арқылы сипаттаған. Р. Кеттел бойынша тұлға құрылымы 16 (жағымды және жағымсыз) қырлардан құралады. Бұл қырларды ол фактор деп атайды. А. Бандура тұлғаны индивидуум мінез-құлық және ситуацияның бір-бірімен өзара тығыз байланысының өзара әсер етуі түрінде қарастырады. Фрейд бойынша, тұлға үш деңгейден тұрады: ид, эго, Супер эго. Ид-психиканың санасыз бөлігі, биологиялық, табиғи, туа біткен инстинкті құмарлықтар көзі. Санасыздық жыныстық және агрессивті құмарлығын тудырады. Жыныстық энергия және жыныстық құмарлық либидо д.а. Ид санасыз деңгей бойынша қанағаттану принципіне тәуелді, ол либидо арқылы жүзеге асады. Фрейд бойынша екі инстинкті бар: танотос-өмірге деген талпыныс, эрос-өлімге деген талпыныс. Сублимация – қоғамға пайдалы әрекеттер арқылы негативті энергияны шығару. Агрессивті тұрғыда либидо энергияны шығару. Катарсис – эмоциясының кенеттен шығарылуы, ыза болғанда айғайлап, бір нәрсені лақтырып т.б.

Эго – қорғаныс деңгейін атқарады. адамның индивидтік өмір тәжірбиесінің өнімділігі болып табылады. Эго геоместаз, яғни ішкі тепе-теңдікті сақтау принципіне тәуелді. Инстинкт-құмарлықтар түрінде бейнеленетін қажеттіліктің психикалық бейнесі. Эго адам психикасының саналы деңгейі. Қоршаған ортаны қабылау мен қарым-қатынас қызметін атқарады.


Суперэго-моралді ережелердің тасушысы, ұят, сын, жектеу басқару ролін атқарады. Фрейд бойынша суперэго туа қалыптаспайды, баланың суперэгосы адаммен, ересектермен қарым-қатынаста қалыптасады. бала жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрысты айыра бастағанда пайда болады. Супер эго екі деңгейде: ұят және Эго идеал деп бөлінеді. Ұят ата-ананың жазалау нәтижесінде пайда болады. Өзін сын арқылы бағалауды моралді шектеулерді және кінәлілік сезімі қалыптасады. Эго идеал-ата-ананың мақтауы, марапаттауы негізінде қалыптасады. Егер мақсатына жетсе, бұл өзін өзі бағалау, құрметтеу сезімін тудырады. Фрейд бойынша тұлға дамуы жыныстық дамудан басталып және ол жыныстық даму кезеңіне бөлінеді: Оральді туғаннан 1,5 жас; анальді саты 1,5-3 жас; Фалидтік саты 3-6 жас; латентті саты 6-12 жас; генетальді саты 12-15-16 жас;

Юнг бойынша тұлға психикасы үш деңгейден тұрады.


  1. терең деңгей (коллективті санасыздық деңгейі)

  2. индивидуалды санасыздық

  3. сана деңгейі

Юнг «архетип» деген түсінік енгізді. Топтық санасыздық арқылы берілетін адамның шығармашылық салт-дәстүрде, әрекетінде фальколорда қалыптасқан көзқарасында орын алатын ой пікірлер.

Шетелдік және отандық психологиядағы тұлға дамуының қозғаушы күштері мәселесі. Дамудың қозғаушы күштері-қоршаған ортамен тепе-теңдікті орнатуға талпыныс (Фрейд, Левин). Дамудың қозғаушы күштері ортамен тепе-теңдікті жеңуге бағытталған талпыныс (Маслоу, Нюттен). Дамудың қозғаушы күштері-қажетіліктер бұл адам қандайда бір әрекетті, ойын жүзеге асыру кезінде туатын динамикалық қалып, белсенділік. Құмарлық- дамудың қозғаушы күштері ретінде Фрейд-құмарлық тітіркенуге қарама-қайшы. Тітіркену сыртқы ортадан әсер етеді. Өзіне жауап ретінде рефлекторлы әрекеттерді тудырады. Бұл рефлекторлы әрекеттің мәні-тітіркендіргіштің әсерінен организмді босату. Тітіркендіру қашу рефлекторды тудырады. Мақсатты әрекеттер арқылы тітіркендіруден қашып құтылуға болады. Құмарлық организмінің ішкі күші, ішінен шығады. олар субьектінің өзіне тән үнемі орын алатын күш болып табылады. Құмарлықты қанағаттандыруға байланысты, одан қашып кетуге болмайды. Егер сыртқы орта әсерлері құмарлықтан құтылу талабын қоятын болса, онда құмарлық субьектінің белсенділігін арттырады. Субьектіден құмарлықты қанағатандыру мақсатында, сыртқы ортаны өзгертуге бағытталған күрделі іс-әрекеттерді талап етеді. Сондықтан тітіркендіргіштер емес, құмарлық жеке адамның дамуының қозғаушы күші болып табылады ( мен құмарлығы, жыныстық құмарлықтар). Салливен-нәрестелік кезеңде баланың ортамен қарым-қатынасы негізін «ауыз аймағы» құрайды. Өйткені осы жастағы құмарлықтар «ауыз аймағымен» байланысты. Тамақтану балаға ең алғашқы интерперсоналды тәжірибе болады. Бұнын маңызы-өмір бойы сақталады.

Адлер-ерте балалық шақта қалыптасатын күштілікке талпынумен өзін-өзі кем санау сезімі арасындағы қатынас - жеке адамның негізгі формуласы бойынша анықталады. Ол адам өмірі барысында өзгеріссіз қала отырып, адамның басқалармен қарым-қатынасына, ерекшеліктеріне және оның мінезінің ерекшеліктерін тудырады.

А. Адлер – «толымсыздық» - ерте балалық шақта «ұятты» талпыныстармен тілектерін санадан ығыстырып шығарумен байланысты пайда болады: ойлар, сезімдер,күйзелістер. Адамның өмірлік жолы – адамның ішкі дүниесінде орын тепкен балалық – шақтағы толымсыздықтың өмір жағдайларымен әрекеттестік дамуы.


Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер


  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.
  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.


  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.

  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.

  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


6 Бөлім. Тұлғаның жеке-типологиялық қасиеттері.

Глоссарий:

Темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді.

Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.

Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.

Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.

Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес.

Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған.

Бихевиоризм – психология ғылымында ХХ ғасырдың басында АҚШ-та қалыптасқан механикалық теориялық және тәжірибелік бағыт.

Гештальтпсихология – Германияда ХХ ғасырда дүниеге келген идеалисчтік бағыт. Сананың алғашқы бөлшектері тұтас түрдегі «гештальттар» (психологиялық құрылымдар) деп санайды.

Фрейдизм – бұл ұғым Австрия ғалымы З.Фрейд атымен байланысты. Фрейдизм ХХ ғасырда психологияда кең тараған ағым. Фрейдтің зерттеуі бойынша адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы жыныстық еліктеу болып табылады.


10-тақырып. Темперамент

Дәріс мақсаты: Студенттерде темперамент, темперамент теориялары, темперамент типтері, сипаттары туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылатын сұрақтар:

1.Темперамент жайлы түсінік.

2. Темпераменттің физиологиялық негіздері.

3.Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамалары.

Дәріс тезисі.

1. Темперамент жайлы түсінік.

Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге деген қызығушылық ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.

Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.

Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:


  1. Адамның жалпы белсенділігінде;

  2. Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінде;

3. Эмоционалды процестер ерекшелігінде: эмоцияның туындау және өшу жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б.

Сонымен, темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және реактивтілігін біріктіреді. Темперамент бойынша адамдарды ажырату сыртқы өңдерінде, барлық мінез-құлықта және іс-әрекетте байқалады.

Ерте кезден осы көріністердің барлығы ғалымдардың назарын аударды. Темпераменттің туа біткен, адамның табиғи сипаты, яғни ағзаның физиологиясымен байланысты екеніне ешкім күмәнданбайды. Ғылым тарихында темперамент жайлы көптеген теориялар бар.

Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:

  1. Гуморальді теориялар;

  2. Конституционалды теориялар;
  3. Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты темпераментті түсіндіруші теориялар.


«Гумор» сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі және ең белгілі гуморальды теория антикалық Грецияда пайда болған, дәрігер және философ Гиппократтың теориясы.

Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар: қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай сұйықтық басым болса, соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай келеді: қан басым болса - сангвиник типі, сөл басым болса - флегматик типі, сары өт басым болса - холерик, қара өт басым болса - меланхолик типі. Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.

Темперамент типтерін б.д.д. өмір сүрген Рим дәрігері К.Гален 13 типке дейін жеткізді.

И. Кант темпераменттің көріну аймағын тарылтып көрсетті. Төрт темперамент типін Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне жылдам қимылдайтын холерик пен баяу қимылдайтын флегматикті жатқызды, әсершіл топқа оң эмоциялары басым сангвиник пен теріс эмоциясы басым меланхоликті жатқызды.

Темпераменттің гуморальді теориялары қатарына П.Ф. Лесгафтың көзқарасын жатқызуға болады. Ол психикалық әрекеттің динамикалық ерекшелік сипатын жүрек тамыр жүйесіндегі әр түрлі ұсақ тамырлардан күре тамырға дейінгі қан қозғалыс ерекшеліктерімен байланыстырды.

Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар қатарына Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.

1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі «Дене бітімі және мінез» атты еңбегі жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.


1. Лептосоматик – нәзік денелі, ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы тар, ұзын және арық аяқ-қолды.

2. Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.

3. Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.

4. Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.

Аталған типтерге байланысты үш темперамент типтерін бөліп көрсетеді: шизотимик, иксотимик, циклотимик. Шизотимикке астеникалық дене бітімі тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Иксотимикке атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Циклотимик пикник дене бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады, адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын.

АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент теориясы кең танымалдыққа ие болды. Темпераменттің негізін эмбриологиялық тұрғыда түсіндіруге тырысты.

Үш типті бөліп көрсетті: 1) эндоморфты – эндодермадан ішкі мүшелер жақсы дамиды; 2) мезодерма - бұлшық еттер жақсы дамиды; 3) эктоморфты – тері мен жүйке талшықтары жақсы дамиды.

У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне дененің белгілі функцияларына тәуелді белгілі темперамент типтері сай келеді: висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония (дене) және церебротония (ми).

Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты теориялар қатарына И.П. Павлов еңбегі жатады. Павлов зерттеулері темперамент тұлғаның тума сипатталатын қасиеттері екендігі жайлы көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Кеңестік психологияда темперамент теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан Б.М. Теплов еңбектері болып табылады. Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне психикалық іс-әрекет динамикасын сипаттайтын тұрақты психикалық қасиеттерді жатқызды. Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді. Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды:


1. Эмоционалды қозу;

2. Зейіннің қозуы;

3. Эмоцияның күші;

4. Мазасыздық;

5. Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;

6. Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің белсенділігі;

7. Майыспалылық – регидтілік;

8. Резистенттілік;

9. Субъективтілік..

2.Темпераменттің физиологиялық негіздері.

Темпераменттің физиологиялық негізі – жүйке жүйесінің жалпы типі болып табылады. И.П. Павловтың пікірінше, темпераменттің физиологиялық негізінде қозу мен тежелу процестерінің қасиеттері: қозу, мен тежелу күші, олардың тепе - теңдігі және қозғалымпаздығы жатыр. И.П. Павлов қозу күші мен тежелу күшін жоғары жүйке жүйесінің бір-бірінен тәуелсіз қасиеттері ретінде бөліп қарастырды. Қозу күші жүйке талшықтарының жұмысқа қабілеттілігін бейнелейді. Тежелу күші тежеуді жүзеге асыратын жүйке жүйесінің қызметі.

Жүйке процестерінің тепе-теңдігі қасиетін қарастыра отырып, И.П. Павлов қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдігін көрсетті. Егер қозу немесе тежелу процестерінің бірі басым болса, адам ұстамсыз болады. Жүйке жүйесінің келесі қасиеті – жүйке процестерінің қозғалымпаздығы – бір жүйке процесінің екіншісімен алмасу жылдамдығы.

Павлов жіктеген жүйке процестері жүйке жүйесі деп аталатын белгілі комбинацияларды қалыптастырады. Бұл тип индивидке тән негізгі жүйке жүйесі қасиеттерінің жиынтығынан құралады – күштер, тепе-теңдігі мен қозғалымпаздығы, қозу және тежелу процестерінің сәйкестігі.

И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің күшінің көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз кезегінде салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың тежелуден басымдылығымен сипатталады. Күшті ұстамды тип қозғалымпаз және инертті немесе енжар болып бөлінеді.

Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;


Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;

Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.

Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші де әлсіз тип.

3.Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамалары.

Темперамент типтері – тұлғаның психикалық қасиеттерімен сәйкес келетін заңды құбылыс немесе байланыс. Красис (лат.- темперамент) – Гиппократ бойынша қатынас, пропорция.

Темперамент типтері:

Сангвиник (лат. sanguis – қан) – жоғары психикалық белсенділікпен, қуаттылықпен, жұмысқа қабілеттілікпен, қозғалыс жылдамдығымен, мимиканың молдығымен және әртүрлілігімен, сөйлеудің жылдам қарқынымен сипатталады. Сангвинник әсерлердің жылдам алмасуына талпынатын, қоршаған оқиғаларға тез араласатын, қарым-қатынасқа жылдам түсетін адам. Эмоциялары – оң болып келеді – тез пайда болып, тез ауысады. Салыстырмалы түрде сәтсіздіктерді жеңіл және тез бастан кешіреді. Жағымсыздық пен тәрбиелік әсерлердің теріс жағдайларында сангвиниктердің қозғалымпаздығы шоғырланудың төмендеуіне, іс-әрекеттегі асығыстыққа, үстірттікке әкеледі.

Холерик (грек. chole - өт) – жоғары деңгейдегі психикалық белсенділікпен, әрекеттегі қуаттылықпен, қозғалыстағы күштілікпен, жылдамдықпен, талпыныспен, қарқынмен сипатталады. Холериктің көңіл-күйі жылдам алмасады, шыдамсыз, қызба, эмоционалды өзін басқаруы төмен, кей кезде агрессивті болып келеді. Тәрбиедегі кемшіліктер холериктің өмірлік күрделі жағдайларда эмоциясын бақылай алмауына әкеледі.

Флегматик (грек. phlegma – сөл) – психикалық төмен белсенділікпен, баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен екінші іске алмасуы және жаңа ортаға бейімделуі өте күрделі. Флегматиктің көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді. Тәрбиедегі жағымсыз әсерлер флегматиктің эмоциясының жұтаңдығына, бір тектес әдетті әрекеттерді орындауға бейімділігін тудырады.

Меланхолик (грек. melanos – қара, cole - өт) – психикалық белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады. Меланхолик типіндегі адамдар жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді. Тәрбиедегі теріс әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда жоғары эмоционалды жараланғыштықтың, тұйықтықтың, бөлектенудің қалыптасуына әкеледі.


Бақылау сұрақтары:


  1. Темперамент жайлы Гиппократ теориясының негізі қандай?

  2. Гален, Кант, Лесгафт еңбектерінің сипаттамасы.

  3. Конституционалды теориялар жайлы әңгімелеп беріңіз.

  4. Жоғары жүйке жүйесі типтерін атаңыз.

  5. Темперамент типтерінің сипаттары қандай?

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер

  1. Ә. Алдамұратов, М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық-практикалық сабақтар. Бірінші бөлім, алматы, 1978. екінші бөлім, Алматы, 1979.

  2. Ә. Алдамұратов және т.б. Жалпы психология. А.., 1996.

  3. Ә. Алдамұратов. Қызықты психология.-А., 1992.

  4. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.

  5. Намазбаева Ж.И., Сангилбаев О.С. Русско-казахский психологический словарь. Алматы, 2005.

  6. Намазбаева Ж.И. общая психология. Алматы, 2006.

  7. Ф.Н. Гоноболин. Психология. Мектеп., Алматы, 1976.

  8. Жалпы психология. В.В. Богословскийдің және т.б. редакциясымен.-А., 1980.

  9. Н.М. Итбаев. Жалпы психология.-Ақмола, 1992.

  10. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы, 2004.

  11. Жарықбаев Қ.Б., Озғанбаев Ө. Жантануға кіріспе. А., 2000.

  12. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – А., 1995.

  13. Қ. Жарықбаев, Ә. Абдрахманов. Психология терминдерінің орысша-қазақша сөздігі. Мектеп, Алматы, 1976.

  14. М. Мұқанов. Ақыл-ой өрісі. Қазақстан, Алматы, 1980.

  15. М. Мұқанов. Ми және сана. ҚМБ, Алматы, 1980.

  16. М. Мұқанов. Бақылау және ойлау. ҚМБ, Алматы, 1959.

  17. М. Мұқанов. Жасерекшелік және педагогикалық психология. Мектеп, Алматы, 1990.

  18. Тәжібаев. Жалпы психология. – А., 1993.

  19. А. Темірбеков, С. Балаубаев. Психология. – А., 1996.
  20. Сәбет Бап-Баба. Жалпы психология. Алматы – Дарын-2003.


  21. Жалпы психололгия. / Алдамұратов Ә. А.,1996.

  22. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. А., 1999

Қосымша әдебиеттер

  1. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002.

  2. Гальперин П.Я. Введение в психологию. М., 1999.

  3. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999.


11-тақырып. Мінез

Дәріс мақсаты: Студенттерде мінез, мінез бітістері, сипаттары туралы білімдерін тереңдету.

Қарастырылған сұрақтар:

  1. Мінез туралы түсінік.

  2. Мінез акцентуациялары.

Дәріс тезисі.

1. Мінез туралы түсінік. Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды қатынасы, ол берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқымен шартталған. Мінез тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерінде, ең алдымен - мамандыққа, адамға және өзіне деген қатынасынан көрінетін психикалық іс-әрекеттің өзіндік қалыптасуы.

Мінезді зерттеуде Теофраст пионер болып саналады. 18 ғасырда Европада мінездің типологиясына көптеген зерттеулер жүргізілді. Қазіргі уақытта “мінез” ұғымы туралы көзқарастар әртүрлі. Кейбір психологиялық ағымдарда бұл қоғамның өмір сүру құқығына мүлдем қарсы, ал шетел анықтамалар баспаларында және зерттеулерде мүлдем алынып тасталған. Бұл неге олай болды? Біріншіден, көптеген психологтердің пікірлерінше, мінездің өзіндік көрінулерін біріктіретін, әлдеқайда зерттелген тұлғаны мінезбен жалпылай теңдестіру беталысы бақыланады. Екіншіден, феноменология бойынша мінезді этикаға жатқызады, сондықтан оны психология жүйесіне қосу заңсыз болып саналады. Үшіншіден, жалпы дара құбылыс ретінде мінезді зерттеу мүмкіндігіне күмәндану байқалады, өйткені “кейіпкер”, “тұлға” ағылшын тілінде character деген мағананы білдіреді.

Кеңестік психологияда “мінез негізін” әрекетке тұрақтылықтың принципиалдылықтың, тұлға мен интеллекттің өзара қатынасының, өмірлік мақсаттың бар болуы - ерікті құрайтындығы баса қарастырылады. Шетелде, мінез элементін ескере отырып, өзіндік бақылау және өзіндік қалыптастырушыға синоним ретінде кейде “Мен Күші”, “Жоғары Мен Күші” ұғымдарын қолданады. Егер мінез және тұлға құбылыстары арасындағы бөлімдерді анықтау мүмкін болмаса, онда мінез және темпераментті бөлу одан да қиын. В. Кречмер келесі дифиницияларды қолданды. Темперамент - бұл психофизиологиялық ағымдардың тума ерекшеліктері (олардың қозғалыстары, инерттілігі, қызу т.б.). Мінез - бұл адамның өзіне, қоршаған адамға, әлемге деген қарым-қатынасының тұрақты ерекшелігі.

Б.Г.Ананьев кез келген мінез сипаты тұлғаның қоршаған дүниеге деген белгілі мәнді қатынасын көрсетеді, олардың ішінде төмендегілерді атауға болады::

1) табиғат, қоғам және қоғамдық идеялар (идеология);

2) еңбек - адам өмір сүруінің тәсілі;

3) индивидтің басқа адамдармен қоғамдық байланысы;

4) өзіндік әрекет және адамның тұлғасы.


<< предыдущая страница   следующая страница >>