https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 ... 6 7
В.А.Беспальконың пікірінше, педагогикалық технология — алдын ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы;


  • Б.Т.Лихачевтің тұжырымдауынша, педагогикалық технология — оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы;

  • В.М.Монаховтың айтуынша, педагогикалық технология — оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі;

  • М.В.Клариннің пікіріне қарағанда, педагогикалық технология — педагогикалық мақсатқа жету үшін колданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы мен жұмыс істеу реті ;

  • В.И.Андреев педагогикалық технологияны жобалау және берілген технологияны тәжірибеде педагогикалық заңдылықтарды, мақсаттарды, мазмұнын, формасын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын қолдану, сонымен қатар кейінгі жаңғырту ретінде түсінеді;

  • Н.Е.Щуркова педагогикалық технологияны балаға педагогтың шынайы өзара әрекетін қамтамасыз ететін қолданбалы ғылыми педагогикалық пән ретінде анықтайды;

  • А.К.Колеченконың тұжырымы бойынша, педагогикалық технология қойылған мақсатқа сәйкес білімді, білікті, дағдыны және қатынасты құрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны болып табылады;

  • Ш.Т.Таубаева мен Б.Т.Барсай педагогикалық технологияны оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі ретінде сипаттайды.

    Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар. Осы негізді арқау ретінде алып, педагогикалық технологияның мәнін былай сипаттауға болады: “Педагогикалық технологиялар — бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдама мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды. (М.М.Жанпейісова)(6).


    Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Сондықтан 1979ж. АҚШ-та педагогикалық коммуникация мен технология Ассоциациясында ресми түрде төмендегідей тұжырым қабылданды:

    “Педагогикалық технология — комплексті, интегративті процесс. Соның ішінде адамдарды, идеяларды, ұйым іс-әрекетінің құралы мен әдіс-тәсілін мәселенің анализі мен шешімін басқару, білімді меңгерудегі барлық аспектілердің орамды болуын іске асырады”. “Педагогикалық технология” ұғымы оқыту мен тәрбиелеу саласында кең қолданылады. Педагогикалық технологияның пайда болуының екі жолы бар. Алғашқысы технологияның теорияда пайда болуы (В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В.Кузьмина және т.б.). Кейінгісі технологияның тәжірибеде пайда болуы(Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, Б.Ф.Шаталов және т.б.)

    Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика ара-лығында орын алып отыр. Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз. (С.Сполдинг, 1969.) Сонымен, педагогикалық технология — оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, төмендегідей технология ұстанымдарына сүйенеді:

    а) технологиялық құрылымдық және азаматтық тұтастығы;

    ә) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық, әлеуметтік және табиғатқа сәйкестілік, барлық үрдістердің қарқынды жүруі (В.Беспалько, 1984.) Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырады. Педагогикалық технология Я.Коменскийдің модулі және жобалаудың ереже-нормасын, білім берудің тиімді жүйесі мен үрдістерін іске асыруды қамтиды. Мектептің әрбір басқышындағы қазіргі оқу жоспарлары мен бағдарламалары үнемі жақсартылуы керек, оларды қисындастыра және байланыстыра отырып алмастыруы керек. Тиімді педагогикалық жүйелерді осы заманғы жағдайда тәжірибелік жұмыстарда жобалап және тексеріп көрудің маңызы зор. Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз — белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. /Селевко Г./


    Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудын технологиясын қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы - оқыту іс - әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы. Сонымен, технологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістерден туындамайды, оқу үрдісінің дербес бағыты болып табылады. Технология оқу процесімен — оқытушы мен оқушының іс - әрекеттерімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері және түрлерімен тығыз байланысты. Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді. Сондықтан, педагогикалық технологияның құрылымы мына бөліктерден тұрады:

    1. Концептуалдық негізі.


    1. Оқытудың мазмұндық бөлігі:

      • оқытудың мақсаттары: жалпы және нақты;

      • оқу материалының мазмұны.

    2. Процессуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:

      • оқу үрдісін ұйымдастыру;

      • оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары;

      • оқушылардың оқу материалын игеруін басқарудағы оқытушының іс- әрекеті;

      • оқыту үрдісін диагностикалау .

    Сонымен бірге, кез келген педагогикалық технология мынадай негізгі әдіснамалық талаптарды қанағаттандыруы тиіс.

    Концептуалдық. Әрбір педагогикалық технология оқу мақсаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет.

    Жүйелілік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастық логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс. Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін жобалау, әрбір этапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс-тәсілдердің көп варианттылығы.


    Басқаруға оңтайлылық. Диагностикалық болжау жасауға, жоспарлауға, нәтижені өңдеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді кезектеп пайдалану мүмкіндігі болуы керек.

    Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нөтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет. Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бұл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъектілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.

    Қайталауға жарамдылығы. Басқа ұжымда, басқа сабақтарда дәл осы күйде пайдалануға, қолдануға мүмкіндіктің болуы.

    Педагогикалық технологияның құрылымы мазмұнды және процессуальды компоненттерден тұрады. Мазмұнды компонентті тұжырымдамалық – мақсатқа жету құралдары, оқыту-тәрбиелеу процесінің тиімділігі туралы білімдер жүйесі, диагностикалықпедагогтің кәсіби педагогикалық бет пердесі, тұлғаның дербес ерекшеліктері мен оқушылардың дайындық деңгейі, дидактикалықоқыту мазмұны, әдістер, әдістемелік тәсілдер; ұйымдастыру формалары; дидактикалық құралдар құрайды(7).

    Процессуальды компонент алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие процесін практикаға ендіру болып табылып, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды, оқу-тәрбие процесін басқаруды көздейді. Педагогикалық технологияның мазмұнын айқындауға В.Ю.Цитюков талпыныс жасайды. Оның ойынша, педагогикалық технология тәрбиеленушіге педагогикалық ықпал етуді ұйымдастыру бойынша мұғалімнің мәнді кәсіби біліктерінің жүйесін айқындайды, педагогикалық іс-әрекетті технологияландыруды саналы ой елегінен өткізу тәсілін ұсынады. Педагогикалық ықпалды педагогикалық технология қамтамасыз ететін болғандықтан, оның мазмұны педагогикалық ықпал ету құралдарынан тұрады: педагогикалық тіл табысу, педагогикалық баға беру, педагогикалық талап, ақпараттық тілдік және демонстрациялық ықпал. Бұл элементтер атқаратын нақты функциялары мен анықталған кілтті операцияларына сай педагогикалық технологиялардың мәнін құрайды, педагогты тәрбие процесінің субьектісі болатын тәрбиеленушіге ықпал ету үшін қажетті және жеткілікті кәсіби мәнді білікпен қамтамасыз етеді. Бірақ мұнымен педагогикалық технология шектелмейді. Қосымша элементтер – психологиялық климат, топтық іс-әрекет, жасаған қылығына педагогикалық реакция, ортаны ұйымдастыру және т.б. жалпылама немесе жеке сипатқа ие болып, ықпал етудің формаларын түрлендіруді және әрбір мұғалімнің дербестігін сақтауды қамтамасыз ететін әрекеттер қатарына жатады.


    Ғылыми зерттеулерге жасалынған талдау бүгінде педагогикалық технологияларды жинақтап, жүйелеп, оның жіктемесін жасауға бірнеше ғалымдар әрекет жасағанын көрсетті (Т.М.Давыденко, Г.К.Селевко). Солардың ішінде педагогика ғылымы мен практикасында белгілі барлық технологияларды неғұрлым жинақтап, жүйелеген Г.К.Селевконың жіктемесі көңіл аударарлық. Зерттеуші ғалым педагогикалық технологияларды былайша жіктейді:

    - қолдану деңгейі бойынша: жалпы педагогикалық, дербес әдістемелік (пәндік) және модульдік;

    - философиялық негіз бойынша: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ғылыми және діни, гуманистік және антигумандық, антропософиялық және теософиялық, прагматикалық және экзистенциалистік, еркін тәрбие және бағындыру;

    - психикалық дамудың жетекші факторы бойынша: биогендік, психогендік, социогендік және идеалистік;

    - тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті-рефлекторлы, бихевиористік, гештальт-технологиялар, интериозаторлық дамыту;

    - тұлғалық құрылымға бағдарлау бойынша: ақпараттық технологиялар, операциялық, эмоциональды көркем және эмоциональды - адамгершілік, өзін-өзі дамыту технологиялары, эвристикалық және қолданбалы;

    - мазмұны мен құрылымының сипатына қарай: оқытатын және тәрбиелейтін, жалпы білім беретін және кәсіби бағдарланған, гуманитарлық және технократтық, әр түрлі салалық, дербес пәндік, сонымен бірге монотехнологиялар, кешендік және кірме технологиялар;

    - ұйымдастыру формасы бойынша: сыныптық-сабақтық және альтернативтік, академиялық және клубтық, жеке және топтық, оқытудың ұжымдық тәсілдері, диференциялдық оқыту;

    - танымдық іс-әрекетті басқару типі бойынша: классикалық лекция, оқытудың техникалық құралдарының көмегімен оқыту, “кеңесші” жүйесі, кітап бойынша оқыту, аз топтардың жүйесі, компьютерлік оқыту, “репетитор” жүйесі, басқару бағдарламасы;


    - балаға қатынас жасау бойынша: авторитарлық, дидактикалық-орталықтандырылған, тұлғалық бағдарланған, ізгілікті-тұлғалық, ынтымақтастық технологиясы, еркін тәрбие, эзотериялық;

    - басым (үстемдік етуші) әдіс бойынша: догматтық-репродуктивтік, түсіндірмелі-иллюстративтік, дамыта оқыту, проблемалық, ізденгіштік, шығармашылық, бағдарламалық оқыту, диалогтік, ойын, өзін-өзі дамытушы оқыту, ақпараттық,

    - оқушылардың категориялары бойынша: бұқаралық технологиялар, оза оқыту, орнын толтыру, виктимиологиялық, қиын балалармен жұмыс істеу технологиялары, дарынды балалармен жұмыс істеу технологиялары.

    Бұл жіктеме педагогикалық технологиялардың мақсатын, мазмұнын және түрлерін ажыратуға көмектеседі және оларды атқаратын қызметіне сай пайдалануға негіз болады.

    Педагогикалық технология мынадай белгілермен сипатталады: (В.П.Беспалько бойынша)


    • анықтылық, жүйелі педагогикалық оқыту мақсатын дидактикалық өңдемесі;

    • құрылымдылық, реттік, ақпараттық тығыздануы;

    • комплексті түрде дидактикалық, техникалық, сонымен қатар компьютерлік, оқытудың құралы мен бақылауын қолдану.

    • күшейту, мүмкіндігіне қарай оқыту мен тәрбиелеудің диагностикалық қызметі.

    • оқытуды жоғары деңгейлік сапасына кепілдік. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялардың әр түрлілігіне орай дидактикада да жалпы жоспары мен анализі болады. Әрбір технологияларды авторлар мына жағдайда көрсету қажет:

    -қолдану деңгейі;

    -философиялық негізі;

    -білімді меңгерудегі жүргізілетін концепция,

    -білім мазмұнының ерекшелік сипаттамасы;

    -оқытудың ұйымдастыру формалары;

    оқыту әдісінің көптілігін (басым жағы)

    -үйретушілердің категориялары;

    Педагогикалық технологиялар қолданылу сипатына қарай дәстүрлі және инновациялық болып бөлінеді.

    1. Инновация (латын сөзі in-в, novis-жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді.


    С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновация бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын босатып, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.

    2. Инновация сөзі латын тілінен енген новый, яғни аударғанда “обновление-жаңарту”, “новинка-жаңалық”, “изменение-өзгеріс” деген мағынаны білдіреді. /Педагогикалық энциклопедия/.

    3. Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың – “инновация”, “нововедение”, “новшество”, “новое” т.б қазақша аудармаларын жасаған, Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институты әдіскері К.Құдайбергенова болып табылады. Өз еңбектерінде “инновацияны”– нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған:

    “инновация” – жаңарту

    “нововедение” – енген жаңалық

    “новое” – жаңа

    “новшество” – жаңалық

    “инновационный процесс” – жаңарту үрдісі.

    Инновация ұғымын ғалымдар әр түрлі түсіндіреді:


    1. жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі.

    2. өзгеріс

    3. құрал, әдіс.

    1957-1964ж. он жылдық тарихқа американдық білім беру жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.

    1. Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық мәні арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтеруді ұйымдастырушыларда, т.с.с.

    2. Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға келеді: “Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс” – дейді.

    3. Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады.

    “Инновация” ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда “инновация” ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.

    Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз

<< предыдущая страница   следующая страница >>