https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 7 8 9 10

Практикалық тапсырмалар: есептер


1. Бір егістікте фермер 500 тонна картоп немесе 200 тонна бидай өндіре алады. Басқа егістікте 1 тонна бидай өсірудің альтернативті құны 600 тонна тең, картоптың ең жоғарғы астығы кезінде 2 тонна қартопқа тең екені белгілі. Өндірістік мүмкіндіктер қисығын сызыңыз .

2. Жылына 120 000 теңге жалақысы бар ұста жұмысынан немесе жылына

60 000 теңге мөлшерінде оқу ақысымен колледже оқудан бас тартқан Аман, жылына 100 000 теңге жалақысымен референт болып жұмысқа тұрды . Осы жылдағы оның шешімінің альтернативті құны қандай ?

3. Белгілі бір тауарға тұрғындардың сұраныс функциясы келісідей:

Qd = 7-5р, ал тауарға ұсыныс функциясы Qs = -5+ р мұндағы Р- тауар бағасы. Тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемді аңықтаңыз. Егер баға деңгейі (әкімшілікпен бектілген) 3 ақша бірлігі болса онда өндіруші табысы қандай болады? Нарықта қандай жағдай орын алады ?

4. Белгілі тауарда сұраныс пен ұсыныс функциясы келесідей :

Qd= 200-2р және Qs = 20+2р, мұндағы Р- тауар бағасы . Тепе-теңдік бағаны және тепе-теңдік көлемі анықтаңыз . Тауардың әр бірлігіне 15 теңге мөлшерінде салық салынған деп қарастырсақ, сол кезде тепе-теңдік көлемі қандай болады? График түрінде көрсетіңіз .

5. Келесі кестеде біраз сатып алушылар үшін тең бағалы болып табылатын, алма мен алмұрттың әр түрлі санынан құралған, өнімнің 4 тұтынушылық қоржыныы берілген :


Корзина

Алма саны

Алмұрт саны

А

4

9

В

5


6

С

6

4

Д

7

3

Берілген сатып алушының талғамсыздық қисығын тұрғызыңыз . Кемімелі шекті пайдалылықтың заңы көмегімен алмасудың шекті нормасын есептеңіз


6. Суретте тұтынушының талғамсыздық қисығы және бюджет сызығы бейнеленген . У тауарының бағасы 5 теңгеге тең . Тұтынушы табысын және Х тауарының бағасын анықтаңыз . Бюджет сызығы теңдеуін жазыныз . В нуктесіндегі алмасудың шекті нормасы неге тең?


У

10




В


0

25 Х


7. Индивид Х тауарынан 4 бірлік және У тауарынан 9 бірлік сатып алады,оның табысы 100 ақша бірлігі . егер алмасудың шекті нормасы 4-ке тең екені белгілі болса, Х және У тауарының бағаларын аңықтаңыз .

8. Индивидтің табасы 100 ақша бірлігіне , Х және У тауарының тұтыну көлемдері сәйкесінше 10 және 30 бірлікке тең, ал Х тауарының бағасы У тауары бағасынан екі есеге артық болғандағы, Х тауарының бағаларын табыңыз.

9. Халықтың Х тауарына сұраныс икемділігі 0,25-ке тең ,табыс бойынша сұраныс икемділігі 0,8-ге тең . Егер баға 8 % -ке төмендесе , ал табыс 5 % -ке жоғарыласа, онда Х тауарына сұраныс көлемі қанша пайызға өзгереді ?

10. Төмендегі суретте ескі және жаңа түрдегі 100 тонна картоп өндірісінің екі технологиясы екі изокванта түрінде көрсетілген . А қисығы белгілі өнім көлемін химиялық тыңайтқыштарды қолданбай өндіру әдісін сипаттайды :










В

А

0 L

Келесідей сұрақтарға жауап беріңіз :

а) қай кисыққа қолданған технология тиімді?

б) қай изоквантада технологиялық алмасудың шекті нормасының маңызы көбірек ?

11. Келттірілген кестедегі бос орындарды толтырыңыз .


Еңбек шығындары

Жиынтық

өнім

Еңбектің орта өнімі

Еңбектің шекті өнімі

3

-

30

-

4

-

-

20

5

130

-

-

6

-

-

5

7

-

20

-

12. Фирма қолданылатын капиталды 100-ден 125 бірлікке дейін көтергенде және қолданылып еңбекті 300-ден 375-ке дейін жоғарылатқанда, өнім шығару 150-ден 165 бірлікке дейін жоғарылайды . Өндіріс ауқымы өсуінің қандай тиімділігі орын алады? Фирма жетекшілері өндірістік қуаттылықты кеңейтуді қарастырады . Бұл жөнінде сіз қандай кеңес бере аласыз?


13. Келесі суретте берілгендерді пайдаланып өндіріс ауқымы тиімділігін бағалаңыздар :


К




20 Q = 150




Q = 100




L


14. Есептік кезеңде орта өнім 20-ны құрайды, ал өндірістік үрдісте 10 бірлік еңбек қолданады . Егер еңбектің он бірінші бірлігінің шекті өнімі 50-ге тең болса, онда L = 11 кезінде еңбектің жалпы өнімі нешеге тең?

15. Орташа өзгермелі шығындар келесідей тәуелділікпен сипатталады :

AVC =2Q+6. Егер тұрақты шығындар 200-ге тең болса, онда 30 өнім бірлігін шығарғандағы жалпы шығын мөлшері қандай болады ? 20 өнім бірлігін өндіру кезіндегі жалпы өзгермелі шығындарды анықтаңыз .

16. Жалпы өзгермелі шығандар өзгерісі мен өнім көлемі арасындағы байланыс төмендегі кестеде көрсетілген:


Q

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

VC

0

50


78

98

112

130

150

175

204

242

300


Егер өнім көлемі 10, орта тұрақты шығындар 50-ге тең болса, онда өнім көлемі 2 кезінде орта жалпы шығындар нешеге тең ? Өнім көлемі 5 кезінде шекті өнім қанша ?

17. Ұзақ мерзімді орташа жалпы шығындардың қисығы келесідей түрде:






0 20

Егер өндіріс көлемі 20 мың бірлікті құраса, өндіруші өнім шығару көлемін 30 мың бірлікке жеткізе ала ма? Өнім көлемі 25-ке тең болғанда ұзақ мерзімді шекті шығын неге тең? 25 және 30 мың бірлік өнім көлеміне ұзақ мерзімді шекті шығын мөлшері қалай сәйкес келеді?

18. Кәсіпорын жетілген бәсеке жағдайында бір өнім түрін шығарады . Жалпы шығындардың өнім көлемінен тәуелділігі кестеде берілген .


Өнім

Көлемі

0

1

2

3

4

5

Жалпы шығын

400

600


1000

1600

2800

4100

Нарықта 1000 ақша бірлігі деңгейінде баға бекітілді . Кәсіпорын қандай өндіріс көлемін тандайды?


19. Бәсекелес фирманың өнімнің бағасы 8-ге тең . Фирманың жалпы шығындары ТС = 15+Q²

а) Қандай өнім көлемі кезінде фирма шығынға ұшырайды?

б) Тепе-тендік өнім көлемі және максималды пайданы табыңыз


20. Бәсекелес фирманың өнімінің бағасы 34-ке тең .Фирманың жалпы шығындары АТС = 2+4Q

а) Қандай өнім көлемі кезінде фирма шығынға ұшырайды?

б) Тепе-тендік өнім көлемі және максималды пайданы табыңыз


21. Нарықта екі сатып алушы және монополия . 10,20 және 30 бағалары кезінде бірінші сатып алушының сұранысы сәйкесінше 5,3,1, ал екінші сатып алушының сұранысы - сәйкесінше 2,2,1.

Монополияның тұрақты шығындары 5-ке тең, ал шекті шығындары -3 .

Монополияның максималды пайдасын табыныз .


22. Монополия жағдайында өнім шығару көлемі өскен сайын оның бағасы төмендейді . Пайда барынша жоғары болатын өнім көлемін анықтаңыз .


Өнім көлемі,бірлік

Баға,ақша бірлігі

Жалпы шығындар,

а.б.

1

4 000

1 500

2

3 000

2 500

3

2 500


3 000

4

2 000

5 000

5

1 500

8 500


23. Егер фермер тыңайтқыштарды қолданбаса, ол ардан 25 бушель жүгері жинайды . Тыңайтқыштың шекті өнімі МР = 1-0,01 В тең екені белгілі , Мұндағы В- тыңайтқышты қолдану көлемі . Егер жүгерінің бағасы 4 долл. Бушельде болғандағы фермердің тыңайтқышқа сұраныс функциясын сызыңыз .

24. Сіз – қала әкімсіз . Қалаға жаңа спорт кешені қажет . Спорт кешенін екі фирма салуды ұсынады : біреу екі жыл ішінде, екіншісі үш жыл ішінде . Олардың сметасына сәйкес кешен құрылысы құны жылдар бойынша құрайды :





2006ж

2007ж

2008ж

1-фирма

2000

5000

0

2-фирма

3000

2000

500


Жобалардың қайысы тиімдірек?Шешім қабылдауда пайыз ставкасының болжаулы шамасын ескеру қажет пе және неге?


25. Жерге сұраныс келесі теңдеумен берілген : Q = 100-2R,

Мұнда Q- пайдаланытын жер ауданы

R- рента ставкасы (гектарға,млн.тенге)

Егер егіндік жер ауданы 90га болса рентаның тепе-тендік ставкасы қанша? Егер банктік пайыз ставкасы 12% болса 1га дердің бағасы қанша болады? Мемлекет рентаның максималды деңгейін гектарына 3 млн. тенге бекітеді. Бұл шара қоғамның әл-ауқатына қалай ықпал етеді .



26. Жеке жұмысшы үшін пайдалылықты барынша жоғарылату суретін қолдана отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз?

а) А нүктесінде бюджет сызығының сағат бойынша жалақысы қандай?

в) Жалақы 300 теңге болғанда, бұл жұмысшының қандай санын ұсынады?

с) В нүктесіндегі жұмысшының ақшалай табысы қандай?

д) Жалақы қай уақытта көбейеді, жұмысшы үшін пайдалылық қалай өзгереді: төмендейді ме әлде жоғарылайды ма?









Н (бос уақыт, күніне сағат)


27. Американдық сатып алушылар қосымша автомобильдерге 10 000 долл. Төлеуге дайын деп ұйғарайық . Берілген кезеңде машина өндірісінің шекті шығыны 7000 долл. Болса, тиімділікке жетпегендігін көрсету үшін шекті пайдалылық пен шекті шығынды график жүзінде талда .

28. Болжаулы экономикалық жүйеде Х және У тауарлары үшін өндірістік мүмкіндіктер қисығы суретте бейнеленген . Келесі сұрақтарға жауап берініз:

а) Неге В нүктесінде трансформацияның шекті нормасы 4/3-ке өседі?

в) Берілген экономикалық жұйеде бір уақытта 80 бірлік У тауар және 40 бірлік Х тауары өндіріле ала ма?

100

80

60


0 Х


Практикалық тапсырмалар: тесттар

  • 1. Өндірістік мүмкіндіктер қисығында бір өнім турі өндірісінің өсуі сәйкесінше сипаталады:


А. басқа өнім түрі өндірісінің кемуімен

В. басқа өнім түрі өндірісінің өсуімен

С. басқа өнім түрі өндірісінің тұрақты көлемімен

Д. көрсетілген варианттардың кез келгені болуы мүмкін

Е. дұрыс жауап жоқ

  • Экономикалық жүйе келесі сұрақтады шешеді?

А. не, қайда, кім үшін өндіру қажет

В. не, қалай, кім үшін өндіру қажет

С. қашан,неге,қайда,және кім үшін

Д. жұмыссыздық пен инфляция себептері қандай

Е. кім үшін, не үшін.

2. Микроэкономика макроэкономикаға қарағанда мынаны оқытады:

А. жеке тұтынушының іс-әрекетін

В. бір аумақтың экономикасын

С. қысқа уақыт аралығындағы экономикалық құбылысты

Д. әрбір экономикалық көтсеткіштің өзгеруін

Е. Экономика құрылымы бірліктерінің өзара байлынысы

  • Төмендегілердің қайысы микроэкономикалық үлгі (модель)

А. фирманың моделі

В. инфляцияның үлгісі

С. тұтынушылардың үлгісі

Д. нарықтық тепе-тендік үлгісі

Е. сала үлгісі

3. Нарықта тұтынушылар санының кемуі сұраныс қисығына қалай әсер етеді:

А. сұраныс қисығы орнын ауыстырады және төмендейді

В. сұраныс қисығы орнын ауыстырады және көбейеді

С. сұралатын көлем төмендейді

Д. сұралатын көлем жоғарлайды

Е. дұрыс жауап жоқ

  • Ұсыныс функциясы төмендегі көрсеткіштердің арасындағы тәуелділікті көрсетеді дейміз:

А. сатыладын заттың бағасы мен шығындардың

В. затың сатылатын көлемі мен оның бағасының

С. технология түрі мен шығындардың

Д. сатып алынатын зат пен бағаның

Е. сатып алынатын зат пен табыстың


  • 4. Сұраныс Qd=20-Р пен ұсыныс Qs=10+P функциялары берілген . Онда тауардың теңдестік бағасы мен көлемі қандай болады?


А. P=10, Q =12

В. Р= 5, Q =15

С. Р=7, Q =15

Д. Р=6, Q =12

Е. Р=4, Q =13

  • Нарықтық ортаад тауалар тапшылығы болу үшін:

А. тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болуы қажет

В. тауарды сату бағасы теңдестік бағадан төмен болуы қажет

С. тауарды сату бағасы теңдестік бағадан жоғары болуы қажет

Д. тауарға деген сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен көп болуы қажет

Е. сұраныс бағасы ұсыныс бағасына тең болуы қажет

5. Шекті пайдалылықтың кему заңы дегеңіміз:

А. тұтынушы табысы өскен сайын сатып алынған тауарлардың пайдалылығының кемуі

В. шекті пайдалылықтың бағаға қатынасы барлық тауарлар үшін бірдей болуы

С. бағалы тауарлардың шекті пайдалылығының бағаға қатынасы

Күнделікті қажетті рауарлардың осындай көрсеткішінен аз шама болуы

Д. сатып алынатын тауарлардың саны көбейген сайын әрбір қосымша тауардың пайдалылығының кемуі

Е. ешқайсысы дұрыс емес.

  • Талғамсыздық қисығының кез келген нүктесінде:

А. тұтынушы ең жоғары пайдалыққа ие болады

В. пайдалықтың мәні тұрақты болады

С. алмастырудың икемділік коэффициенті тұрақты

Д. өнім көлемі тұрақты болады

Е. жоғарыда айтылғандардың ешқайсысы дұрыс емес.


6. Бюджеттік сызық графиктерінің қайсысы тұтынушының тұрақты табысы кезінде А тауарының қымбаттағанан көрсетеді:










А. А С. С

В. В Д.Д.


  • Бюджеттік сызық иілуі қай қатынаспен анықталады?



А. MUX/MUу

В. d/ dx

С. Px/Ру

Д. MUX/Pу

Е. Muу/Рх


7. А және В өнімін сатып ала тұрып,тұтынушы келесі жағдайда тепе-тендікте болады:

А. MU a/Pa = MU b/Pb

В. MUa/pb = MU b/Pa

С. MUa - MU Pa/Pb

Д. MUa*Pa = MUb*Pb

Е. MUa + MUb =Pa/Pb.


  • Тұтынушылық тәртіп теориясы тұтынушы көрсетілгендердің қайсысын максимизациялауға ұмтылады деп қарастырады:

А. жалпы және шекті пайдалылық арасындағы айырманы

В. жалпы пайдалықты

С. орта пайдалықты

Д. шекті пайдалықты

Е. көрсетілген шамалардың әрбірін


8. Табыс-тұтыну қисығы Энгель қисығы үшін сияқты, «баға-тұтыну» қисығы ...

А. ұсыныс қисығы үшін

В. Лоренц қисығы үшін

С. Сұраныс қисығы үшін

Д. Лаффер қисығы үшін

Е. Барлық варианттар дұрыс емес

  • Алмасу эффектісі немен аңықталады?

А. сатып алу құрылымын қымбат игілікті алуға өзгертуге мүмкіндікдік беретін номиналды табыстың өсуімен

В. тұтынушы ұнатуы өзгерумен

С. игіліктің салыстырмалы бағасының өзгеруімен

Д. сәнің өзгеруімен


Е. тұтынушылар саны өзгеруімен

9. Келесі ұйғарымдардың қайсысы тауарға икемді сұраныс сипатына жатпайды?

А. бағалық икемділік коэфициенті бірден кем

В. егер баға сатушының жалпы кысқарады

С. сатып алушылар баға өзгерісіне салыстырмалы сезімтал болады

Д. егер баға төмендесе, сатушының жалпы кірісі артады

Е. сұраныс көлемі өзгерісіне қарағанда көп


  • Х және тауары бар . Қисылысқан бағалық икемділігі Еху=-3. Бұл білдіреді, яғни:

А. Х және У тәуелсіз тауарлар

В. Х және У тауарлар толықтыратын тауарлар

С. Х және У өзара алмастырылатын тауарлар

Д. Х және У күнделікті қолданылатын тауарлар

Е. жеткілікті ақпарат берілмеген

10. Өндірістік функцияның жалпы қасиеттері бойынша:

А. өндіріс факторының Т есе өсуі өндірілетін өнім көлемін де осы шамаға өсіреді

В. қолданылатын өндіріс факторының көлемінің артуы өндіріс деңгейін төмендеппейді

С. тек қана бір факторлың санын арттыру нәтижесінде өнім көлемін өсіргенмен оның шекті тиімділігі кемиді

Д. өндіріс өсіргенмен бірін-бірі алмастырады және толықтырады алады

Е. в,с, д жауаптары дұрыс

  • Изокванта қисығының бойында:

А. қолданылатын өндіріс факторларының саны тұрақты

В. өндетін өнім көлемі тұрақты болады

С. қолданылатын еңбек күштері тұрақты болады

Д. қолданылатын капитал саны тұрақты болады

Е. жогарыда айтылғандардың бәрі дұрыс

11. Егер шекті өнім өзгермелі фактордың белгілі бір мәнінде нөлге тең болса,онда ол осы нүктедегі қандай жағдайды

А. жалпы өнім максималды шамада болады

В. орта өнім артады

С. жалпы өнім кемиді

Д. жалпы өнім артады, ал орта өнім кемиді

Е. орта өнім артады


  • Екі өзгермелі фактордың технологиялық алмасуының шектінормасы қай формуламен көрсетілген:

А. MRTS = K / L

В. MRTS = K / L

С. MRTS = - dK / dL

Д. MRTS = K+L

Е. MRTS = - K / L


12. Изокванта , не изоизокостада орналасқан кез келген нүкте білдіреді:

А. өндірілген өнім мөлшерін

В. ақшалай мәндегі өнім көлемі

С. ресурстардың физикалық көлемі

Д. шығындар сомасын

Е. тұрақты шығындар сомасын.

  • Фирманың тепе-тендік жағдайын көрсетініз:

А. MP/MR = TP/MR

В. MRk/w = MPl/r

С. MR = P

Д. AR = P

Е. MPk / r = MPl / w

13. Қысқа мерзімді кезең дегеніміз:

А. негізгі өндірістік қолдардың көлемдері тұрақты болатын уақыт аралығы

В. өндірісте қолданылатын материалдар мен шикізаттардың құны тұрақты болатын уақыт аралығы

С. негізгі қолданылатын материалдар мен шикізаттардың құны тұрақты болатын уақыт аралығы

Д. факторлардың бәрі де тұрақты болатын уақыт аралығы

Е. факторлардың бәрі де өзгертуге болатын уақыт

  • Егер өндірістік факторлары 10% -ке өскен кезде өнім көлемі 15% -ке артса, онда өндіріс ауқымынан масштаб қандай қайтымдылық болады?

А. өспелі

В. кемімелі

С. тұрақты

Д. оң да, теріс те

Е. ешқайсысы емес

14. Көрсетілген теңдеулердің қайсысы изокоста теңдеуі:

А. C = P(L/K)+P(L/K)

В. C =wL+rL

С. C = K+wr

Д. C =K+w/r

Е. C =L+w/r

  • Өнім көлемі өскен кезде изокванта қай жаққа орнын ауыстырады?

А. жогары және оңга

В. төмен және оңга

С. жоғары және оңга

Д. төмен және оңга


Е. өзгермейді

15. Фирманың бухгалтерлік және экономикалық шығындары арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз:

А. бухгалтерлік шығындар ақшалай мәнде, ал экономикалық шығындар натуралды мәнде есептеледі

В. бухгалтерлік шығындар – бұл жұмсалған ресурсдың кұны ал экономикалық – бұл шығындардан балама вариантарының кұны

С. экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындардан сыртқы эффект шамасына ерекшелінеді

Д. бухгалтерлік шығындар фирманың бухгалтерлік теңгерімі арқылы, ал экономикалық – TC =FC +VC формуласы бойынша аңықталады

Е. дұрыс жауап берілмеген


  • Изокоста – бұл

А. тең шығындар қисығы

В. екі фактор шығындарының қатынасын, ол кезде өндіріс шығындары тең болатын білдіретін қисық

С. тең көлемдер қисығы

Д. тең пайдалылық қисығы

Е. а,в жауабы дұрыс

16. Көрсетілген анықтамалардың қайсысы дұрыс емес:

А. шекті шығындар- бұл қосымша өнім бірлігін өндірумен байланысты қосымша шығындар

В. шекті шығындар- бұл жалпы шығын өзгерісінің өнім көлемі өзгерісіне қатынасы

С. шекті шығындар- бұл тұрақты шығындарға тәуелді шама

Д. шекті шығындар- бұл өзгермелі шығырдарға тәуелді шама

Е. жауаптар барлығы дұрыс

  • Жалпы шығындардың қисығы қандай формада болады?

А. парабола түрінде

В. алдымен кемімелі сызық, бірақ белгілі бір өнім көлемінен кейін өсе бастайды

С. үнемі өспелі қисық

Д. ординат осінен тұрақты шығындар шамасына көтерілген, өзгермелі шығындар қисығына параллель

Е. доға тәріздес.


17. Тең жағдайлар кезінде егер фирма жұмысшыларына төленетін жалақы өссе,онда біз көреміз:

А. AFC, AVC, ATC және МС қисықтарының өскенін

В. AVC, ATC және МС қисықтарының өскенін

С. AFC және АТС қисықтарының өскенін


Д. жщғарғы айтылғандардың төмендегенін

Е. а,в жауабы дұрыс


  • Мына мәндердің қайсысы орта шығындарды білдіреді :

А. TC = FC+VC

В. MC = dTC/dQ

С. AVC = VC/Q

Д. AC = AVC +AFC

Е. AFC = FC/Q

18. Пайны барынша жоғарлату кімнің мүддесіне сай?

А. жеке меншік фирмалардың

В. жер иелерінің

С. жұмысшылардың

Д. тұтынушылардың

Е. ешқайсысының


  • Монополистің жалпы шығын функциясы: TC = 100+3Q, ал сұраныс функциясы: P = 200-Q мұнда, Q- және P өнім көлемі мен тауардың бағасы . Егер монополия айына 20 өлшем өнінің пайдасы қанша?

А. 3000

В. 3440

С. 2500

Д. 1654

Е. 3600


19. Келесі ұйғарымдардың қайсысы жетілген бәсеке жағдайында орындалмайды:

А. фирма оның шекті шығындарға тең болғанда тепе-тендікте болады

В. шекті шығын қисығы орта шығын қисығын оның ең төменгі мәнәнде қиып өтеді

С. фирма өніміне сұраныс қисығы теріс көлбеулі

Д. орта және шекті шығындар доға тәрізедес болады

Е. фирма өніміне сұраныс қисығы-көлденең сызық


  • Егер таза бәсеке жағдайында жұмыс істеуші фирма қысқа мерзімде жабылса, онда:

А. оның шығындары нөлге тең болады

В. ол бухгалтерлік пайда көреді

С. ол өзінің өзгермелі шығындарына тең шығын көреді

Д. ол кәдімгі пайда көреді

Е. дұрыс жауап жоқ

20. Келесі ұйғарымдардың қайсысы жетілген бәсеке жағдайында орындалмайды:

А. фирма оның шекті табысы шекті шығындарға тең болғанда тепе- теңдікте болады

В. шекті шығын қисығы орта шығын қисығын оның ең төменгі мәнінде қиып өтеді

С. фирма өніміне сұраныс қисығы теріс көлбеулі

Д. орта және шекті шығындар доға тәріздес болады

Е. фирма өніміне сұраныс қисығы – көлденең сызық.


  • Егер таза бәсеке жағдайында жұмыс істеуші фирма қысқа мерзімде жабылса, онда:

А. оның шығындары нөлге тең болады

В. ол бухгалтерлік пайда көреді

С. ол өзінің айнымалы шығындарына тең шығын көреді

Д. ол кәдімгі пайда көреді

Е. ол экономикалық пайда көреді.


21. Баға дискриминациясы дегеніміз:

А. берілген тауарды әрбір дербес сатып алушыға әр түрлі бағамен сату

В. жалақыны ұлтына қарап әр түрлі төлеу

С. тұтыну тауарларына жоғары баға қойып, еңбекшілерді қанау

Д. жоғары сапалы тауарлардың бағасын көтеру

Е. жоғары сапалы тауарлардың бағасын төмендету.

  • Қай кезде өнімнің қандай мөлшерін өндіру монополист-фирмамен пайданы барынша жоғарлату шарты болып табылады:

А. P>ATC

В. MR = MC

С. P = MC

Д. P>AVC

Е. P >MR

22. Бағалық соғыс қай нарық құрылымына тән:

А. жетілген бәсеке

В. олигополия

С. таза монополия

Д. монополиялық бәсеке

Е. монопсония.

  • Олигополия дегеніміз нарық құрылымы және ол кезде:

А. бірдей тауарлар өндіретін өзара бәсекелес фирмалардың саны көп болады

В. өзіндік ерекшеліктері бар тауарлар өндіретін өзара бәсекелес фирмалардың саны көп болады

С. бәсекелес фирмалардың саны өте көп болмайды

Д. тек қана бір ірі фирма болады

Е. тек қана бір ірі сатып алушы болады.

23. Ресурсқа нарықтық сұраныс-бұл:

А. саланың барлық фирмалары жағынан сұраныс

В. жеке фирма сұранысы

С. осы ресурс қолданылатын барлық саланың барлық фирмаларының сұранысы

Д. тұтынушылардың жеке сұранысы

Е. мемлекеттің сұранысы.


  • Экономикалық рента – бұл:

А. кез келген ресурс үшін қаржылық төлем

В. бәсекелес анрықтағы ресурсты қалыпты бағасы

С. шектеулі ресурс үшін төлем

Д. дайын өнім бағасы

Е. а,б жауабы дұрыс.


24. Фирманың жалпы инвестициясы 200 мың долл., амортизациясы- 200 мың долл. Бұл білдіреді:

А. таза инвестицияның нөлге тең екенін

В. фирманың таза инвестициясы 200 мың долл.

С. фирманың таза инвестициясы 400 мың долл

Д. фирманың таза инвестициясы 1000 мың долл

Е. амортизацияның инвестициясы жалпы көлеміне тең болуы мүмкін еместігін

  • Пайыз – бұл:

А. дайын өнім бағасы

В. қарыз қардыларын пайдаланғаны үшін төлем

С. монопольді пайда

Д. материалды ресурс үшін төлем

Е. жер үшін төлем

25. Жер ұсынысы:

А. өте икемсіз

В. бірлік икемді

С. өте икемді

Д. икемді

Е. икемсіз

  • Жердің бағасы қалай анықталады?

А. жер рентасы/ банктік пайыз

В. банктік пайыз/ жер рентасы

С. жер рентасы/ дивиденд

Д. дивиденд/ жер рентасы

Е. дивиденд/ банктік пайыз


26. Шекті өнімділік теориясына сәйкес бәсекелес нарықта еңбекке сұраныс қисығы:

А. еңбек ақыға шекті шығындар қисығымен бірдей

В. еңбектің шекті қисығымен бірдей

С. ақшалай мәндегі еңбектің шекті өнімі қисығымен бірдей

Д. өндірілген өнім кұнына байлыныста емес

Е. өндірілген өнім шекті байлыныста емес


  • Көрсетілгендердің қайсысы еңбекке сұранысқа ықпал етпейді?

А. дайын өнімдерге сұраныс

В. еңбектіңшекті өнімнің басқа ресурстың шекті өніміне қатынасы

С. өндіріс технологиясы

Д. инфляциялық құбылыстармен байланысты номиналды жалақыдағы өзгерістер

Е. барлығы еңбекке сұранысқа әсер етеді


27. Экономикада Х және тауарлары өндіріледі . Төменде көрсетілген шарттадың қайсысында өнімді өндірудің тиімді құрылымы орын алады:

А. MRTxy = MRSxy

В. MRSxy = Px * Py

С. барлық тұтынушылар үшін MRSxy тең болуы қажет

Д. MRTxy = MCx / MCy

Е. MRSxy = MCx /MCy.


  • Экономика Парето-қолайды жағдайда болады, егер:

А. жаңа технология қолданылса

В. ешкім өз жағдайын басқа біреудің жағдайын нашарлатпай жақсарта алмаса

С. шекті шығын шекті табыстарға тең болса

Д. барлығын қанағаттандыратын табыстарды таратуға қол жетсе


Әдебиеттер




1. Негізгі



1.1. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тiлеужанова М.Ә. Микроэкономика/ Оқу құралы.-Алматы.2000,

1.2.Айдарханов М.Х., Жұмашбекова С.Қ. Микроэкономика/Оқу құралы. Семей, 2004

1.3. Нуреев Р.Б. Курс микроэкономики.- Москва: Норма-Инфра М, 1998

1.4. Есенғалиева К.С. Микроэкономика . Қысқаша дәрістер, есептер ,тестілер- Алматы , 2007

1.5. Молдахметова А.Б. , Өтебаев М.О. Микроэкономика (оқулық)- Астана, 2007


2. Қосымша


2.1. Гальперин В.С., Гребенников И.И. Микроэкономика. Москва ,2000

2.2. Долан Эд., Линдсей Е. Рынок.Микроэкономическая модель.С-Пб, 1996

2.3. Дорнбуш, Фишер, Шмалензи. Экономика. Москва: 1994

2.4. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Микроэкономика.-Спб: Питер,2000

2.5. Емцов Р.Г..\, Лукин М.Ю. Микроэкономика.-М.: Дис,1997

2.6. Кац М, Микроэкономика – Мн.: Новое знание,2004.- 828 с.

2.7. Мухамедиев Б.М. Микроэкономика.- Алматы: Казахский Университет,2001


2.8. Макконнелл К., Брю С. Экономикс .Москва,1992, т-2

2.9. Микро-,макроэкономика.Практикум / под.ред. Огибина О.Ю: С-Пб, 1998

2.10. Микроэкономика/ Под.общ. ред. Н.И. Базылева.-Минск: БГЭУ,2000

2.11. Микроэкономика/ Под.общ. ред. Яковлевой Е.Б.- Спб:Поиск,2000

2.12. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. Москва,1992

2.13. Тарануха Ю.В. Микроэкономика – М.: Дело и сервис, 2006. -634с.

2.14.Тарануха Ю.В. Микроэкономика (тесты, граф.упражнения, задачи)– М.: Дело и сервис, 2006. -206 с.

2.15. Хайман Д.Н Современная микроэкономика: анализ и применение. Москва ,1992

2.16. Хейне П. Экономический образ мышления. Москва, 1992

2.17. Хэл Р. Вэриан. Микроэкономика: промежуточный уровень.- М.: Юнити,1997


<< предыдущая страница