https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 9 10

/ПОӘК 042-14-3-05.-01.20.03/03-2009


Баспа №1

- бет -ден







ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

МСЖ құжат 3 деңгейлі

ОӘК


ПОӘК 042–14.3.05.01.20.03/03–2009

«Экономикалық теория» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен


Баспа № 1 20.02.2008

жыл



«Микроэкономика» пәні бойынша

пәні бойынша барлық экономикалық мамандықтар үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР


Семей 2009


МАЗМҰНЫ

  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Сарамандық және зертханалық сабақтар

4. Курстық жұмыс және дипломдық жұмыс

5. Студенттің өздік жұмысы



  1. ГЛОССАРИЙ


Микроэкономика – ресурстардың шектеулігі жағдайында ұтымды шешім қабылдау туралы ғылым. Микроэкономика жекелеген экономикалық агенттердің атап айтқанда, тұтынушылар мен фирмалардың іс -әрекетін зерттейді.

Бюджеттік шектеулік – тұтынушының қолында бар қаражаты және берілген баға деңгейінде екі тауарды сатып алудың мүмкін болатын барлық комбинациясын көрсетеді№

Жалпы пайдалылық – бұл тауар мен қызмет көрсетудің белгілі – бір жиынтық бірлігін тұтынудан алынатын қанағаттану.

Изокванта – бірдей көлемін қамтамасыз ететін, өндіріс факторларының көптеген комбинацияларын көрсететін қисық.


Қарыз пайызы – бұл белгілі уақыт аралығында оның ақшалай қаржыларын қолданғаны нәтижесінде капитал иесімен алынатын табыс.

Нарық – бұл тауар және қызмет көрсетулерді сатып алушылар (сұраныс) мен сатушыларды (ұсыныс) байланыстыратын құрал немесе механизм. Нарық жағдайы сұраныс және ұсыныс шамасы қатынасымен анықталады.

Акциз – жанама салықтың түрі. Ол тауар бағасына немесе көрсетілген қызметтер үшін белгіленген тарифке кіреді.

Акционерлік қоғам - акцияларды сату арқылы ақша қаражаттарын біріктіру (жеке капиталды, мемлекеттік қаражаттар, жеке жинақтар) нәтижесінде пайда болатын ірі кәсіпорын.

Акция – иесіне акционерлік қоғамның пайдасының үлесін алуға және оның істерін басқаруға құқық беретін бағалы қағаз.

Ақша – айырбастау қасиетіне ие жалпыға бірдей құндылық, ерекше тауар.

Баға – тауардың ақшалай көрінісі.

Орташа шығындар - өнімнің бірлігіне кеткен шығын. Оны есептеу үшін жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлеміз.

Өндірістік функция – ол ең жоғарғы өнім көлемінің өндірісте қолданылатын әр түрлі факторлардан тәуелділігі.

Парето-оңтайлы жағдай – бұл біреудің әл-ауқатын нашарлатпай, басқа біреудің әл-ауқатын жақсарту мүмкін еместігін көрсететін игіліктерді өндіру және тарату.

Ресурстардың шектеулігі – тауар және қызмет көрсетуге қажеттілік пен оларды қанағаттандыру құралдары арасындағы теңсіздік.

Сұраныс бағасы – ең жоғарғы баға, осы баға бойынша берілген өнімді тұтынушы сатып алуға даяр.

Сұраныс икемділігі – бағаның өзгеруіне байланысты экономикалық және әлеуметтік факторлардың ықпалымен берілген тауарға сұраныс көлемінің өзгеруі.

Сұраныстың қиылысқан икемділігі – басқа өнім (У өнімі) бағасының өзгерісіне қандай да бір өнімнің (Х өнімі) тұтынушылық сұранысы қаншалықты сезімтал екендігін өлшейді.

Сұраныс функциясы деп сұраныс көлемінің оны анықтайтын факторлардан тәуелділігін айтамыз. Оны кестелік, графиктік, алгебралық тәсілдердің біреуімен көрсетуге болады.

Сұраныс кестесі мүмкін болатын баға деңгейі мен осы баға бойынша тұтынушылар сатып алатын өнім көлемі арасындағы кері байланысты көрсетеді.

Табыс бойынша сұраныс икемділігі – табыстың өзгерісіне тұтынушылық сұраныс қаншалықты сезімтал екенін өлшейді.

Ұсыныс икемділігі – нарықтық бағаның өзгеруіне жауап ретіндегі ұсыныс көлемінің өзгеру шамасы .

Шекті пайдалылық – бұл берілген тауарды тұтыну көлемін бір бірлікке көбейткен кездегі жалпы пайдалылықтың өсімшесі.

Шекті пайдалылықтың кемімелі заңы – уақыттың салыстырмалы қысқа аралығында өнімнің әрбір келесі бірлігінің шекті пайдалылығы кемиді, өйткені тұтынушы осы нақты өнімге қанағаттанады.

Шекті өнімнің кемімелі заңы – басқа факторлар тұрақты болып, айнымалы факторларды қолдануды арттыру нәтижесінде ең жоғарғы нүктеге жеткеннен кейін, осы факторды қосымша қолданудың өнім көлемінің төмендеуіне әкелуі.

Шекті шығындар – қосымша бір өнім бірлігін өндіруге жұмсалған шығын.

Экономикалық модель – экономикалық құбылыстарды немесе оның белгілі бір фрагментін қарапайым түрде көрсету .

Экономикалық рента – жерді және басқа қатаң шектеулі ресурстарды қолданғаны үшін төлем.

Абсолюттік рента – ол барлық жерден және топырақтың құнарлығына, тұрған жеріне байланыссыз алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болуы салдарынан жер қожасы иемденеді.

Биржа- ақша-сауда ісін жүргізетін мекеме. Бұл жаппай көпшілік қолды стандартты не үлгі түріндегі тауарларды (астық, мақта, кофе, түсті металл т.б.) көтерме нарықта сату, мұнда бағалы қағаздар да (акция, облигация, вексель), шетелдік валюта да сатылады.

Брокер – бұл тауар өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдық сауда қызметтерін көрсетуге барлық кезде әзір маман.


Бизнес – заңға қайшы келмейтін әдістер арқылы пайда алу мақсатындағы кәсіпкерлік қызмет.

Валюта – бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі бірлігі (теңге, доллар евро, йена т.б.)

Вексель - даусыз ақшалай қарыздық құжат.

Венчурлық фирма – «тәуекел» технологияны өндіріске енгізу үшін қрылатын «тәуекел» кәсіпорны. «Тәуекел» технологияға біршама тәуекелге баруға тура келетін өнертапқыштар, пайдалы үлгілер т.б. жаңалықтар жатады.

Девальвация – қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналымнан шығарып, оның орнына толық құнды кредит билеттерін шығарады.

Демпинг – бәсеке күрес түрлерінің бірі. Тауарларды әдейі арзандатылған бағамен шетелге сату, сөйтіп бәсекелестерді ығыстыру және сыртқы нарықты иемденуге жәрдемдесу.

Деноминация – ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.

Дотация – шығындарды өтеу үшін кәсіпорындарға берілетін мемлекеттік ақшалай жәрдем

Жалақы – қызметкерлердің белгілі бір уақыт кезеңінде алатын ақшалай немесе заттай нысанындағы төлемдерінің жиынтығы. Түрлері: атаулы жалақы – қызметкерлер белгілі бір кезеңде алатын төлемдерінің абсолюттік сомасы; Нақты ж. – атаулы емес жалақының осы деңгейде алынуы мүмкін қызметтің саны, ең төмен деңгейдегі жалақы – кәсіпорындарда жалақыны есептеу мен жоспарлау кезінде негізгі және қосымша жалақы түрлеріне бөлінеді.

Инвестиция – пайда, не түрлі табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына : кәсіпорындарға (өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа т.б.) күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.

Капитал - қосымша құн әкелетін материалды – заттай құндылық.

Кәсіпкерлік - тәуекелге бара отырып, пайда табу мақсатындағы адамның инициативалық іс-әрекеті


Қаржы - ақшалай қорларды қалыптастыру, тарату, қайта тарату және пайдалану бойынша экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы

Қаржылық жүйе – қаржы ресурстарын аккумуляциялау әдістерінің жүйесі.

Қор биржасы – бағалы қағаздарды сату – сатып алу әрекеттері жүретін мекеме.

Құнсыздану - бағалар деңгейінің өсуі әсерінен ақшаның құнсыздану процесі.

Меншік – қоғамдық өндіріс шарттары мен нәтижелерін өндірушілермен иемдену формасы

Монополия – максималды пайда алу мүмкіндігі бар экономиканың белгілі бір саласында басымдық орын алатын кәсіпорын.

Нарық – тауарлардың, сауданың айналымы (айырбасы) жүретін орын.

Пайда – сатудан түскен түсімнің өнім шығаруға кеткен шығындардан артып түсетін сомасы.

Салық - жеке және заңды тұлғалармен мемлекетке міндетті түрде төленетін төлемдер

Субсидия - нақты бір мақсатқа жеке кәсіпорындарға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қайтарымсыз ақшалай сома.

Тауар – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру қасиетіне ие айырбасталатын зат.

Экономикалық заңдар – адамзат қоғамы дамуның түрлі сатыларында өндіру, бөлу айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.

Экономикалық категориялар – экономикалық қатынастарды зерттеу процесінде экономикалық теория логикалық ұғымдарды қалыптастырады, бұл ұғымдар экономикалық категориялар деп аталады.

Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық шараларының жүйесі. Экономикалық саясат елдің саяси-шаруашылық, мәдени құрылыс істерін және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту міндетіне бағындырыла жүргізіледі.

Экономикалық теория – қоғамның материалдық игіліктерін өндіру, тарату және айырбастау бойынша қарым-қатынастар жиынтығын зерттейтін ғылым

Экономикалық тиімділік – атқарылған жұмыстың сандық және сапалық көрсеткішін білдіретін ұғым. Өндіріс нәтижесінің өндіріс шығындарына қатынасы арқылы анықталады.


2. Микроэкономика пәні бойынша дәрістердің қысқаша курсы


Тақырып 1. ҚАЗІРГІ МИКРОЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ОНЫҢ МЕТОДОЛОГИЯСЫ.

1.1. Микроэкономика пәні

1.2. Ресурстардың шектеулігі. Экономикалық талғам

1.3. Микроэкономика әдістемесі: теория және модель


Біз оны сезінеміз бе, жоқ па оған байланыссыз, экономика, оның ішінде микроэкономика біздің күнделікті өміріміздің айырылмас факторы болды. Біз кім болсақта – мамандар, үй шаруасындағы әйел, фермер немесе студент - егер біз өзіміздің елімізде саналы тұтынушы болғымыз келсе, экономика негіздерін түсінуді үйренуіміз қажет. Ал микроэкономика негізін түсінумен біз өзіміз оңтайлы саяси және экономикалық шешімдер қабылдауды үйренеміз.


1.1. Микроэкономика пәнi зерттейдi.


Микроэкономика тұтынушылар, фирмалар мен үкiмет сияқты шағын экономикалық бiрлiктер жасайтын таңдауды зерттейдi.

Микроэкономиканың пайда болуы үшiн алғышарттар 19 ғ. екiншi жартысында, экономикалық ғылымда психологиялық факторға үлкен назар аударыла бастаған кезде қалыптасты. Шектi пайдалылықтың австриялық мектебi экономикалық ғылымның берiлген нүктесi ретiнде қоршаған ортадан тәуелсiз жеке индивидтарды қарастыра бастады. Оның қызметiнiң негiзгi мiндетi- ресурстардың шектеулiгi жағдайында қажеттiлiктердi қанағаттандыру. Бұл индивидтiң тәртiбi әртүрлi болжамды жағдайларда қолайлы вариантты таңдау мақсатында қарастырылады.

Микроэкономикада бiз жеке сала, фирма, үй шаруашылығы терминдарын пайдаланып, назарымызды өндiрiс не нақты тауар бағасы, бiр фирмада жұмыс iстейтiн жұмысшылар саны, жеке үй шаруашылығы мен фирманың түсiмi немесе пайдасы, олардың шығындары сияқты шамаларға аударамыз. Микроэкономикада бiз бейнелеп айтсақ орманды емес , ондағы ағаштарды жете зерттеймiз. Микроэкономикалық талдау бiздiң экономикалық жүйенiң кейбiр компоненттерiн өте жақын арақашықтықтан көру үшiн қажет.


Қазiргi микроэкономика - шешiмдердi қабылдау туралы ғылым. Ол кәсiпкерлiк шешiмдер мен жеке таңдауды түсiну үшiн негiздi қалайды. Аты айтып тұрғандай, микроэкономика (micros- кіші) экономикалық өзара қарым-қатынастарды егжей-тегжейлi қарастырады. Күнделiктi менеджерлер, тұтынушылар, жұмысшылар, инвесторлар қабылдайтын сансыз шешiмдер- экономика қалай әрекет ететiнiн түсiну үшiн кiлт болып табылады.


1. 2. Ресурстардың шектеулiгi. Экономикалық талғам


Экономикалық ғылым алдымен экономикалық қажеттiлiктер мен оны қанағаттандыру тәсiлдерiн зерттейдi. Қажеттiлiктердi қанағаттандыратын заттар игiлiктер деп аталады. Олардың бiреулерi шексiз, ал басқалары шектеулi мөлшерде болады. Соңғылары экономикалық игiлiктер деп аталып, олар зат және қызмет көрсетулерден тұрады. Экономикалық игiлiктердi алу үшiн қосымша құралдар - ресурстар қажет.

Адамдардың қажеттiлiктерi мен тiлегi оларды қанағаттандыру үшiн қажет ресурстарға қарағанда шексiз екенi айқын.

Ресурстардың шектеулiгi тауар және қызмет көрсетуге қажеттiлiк пен оларды қанағаттандыру арасындағы теңсiздiк.

Ресурстардың шектеулiгiнiң салдары болып оларды жақсы, тиiмдi пайдалануға тырысу табылады. Осыған байланысты экономикалық ғылым алдында екi мiндет тұрады- объективтi және субъективтi немесе позитивтi және нормативтi.

Позитивтi экономика фактiлермен және нақты тәуелдiлiктермен жұмыс жасайды.

Нормативтi экономикада қандай нақты жағдайлар экономикаға қажеттi не қажетсiз екенiн анықтауға тура келедi. Дәлiрек айтсақ, позитивтi экономика не болып жатқанын, ал нормативтi не болу керек екенiн оқытады.

Мысалы, позитивтi ұйғарым “Жұмыссыздық 5 пайызға қысқарды”,

“Жұмыссыздықты қысқарту керек” нормативтi ұйғарымға жатады.

Ресурстардың шектеулiгi кезiнде экономикалық мақсаттардың

көптiгi экономикалық таңдау мәселесiн туғызады, яғни, оларды қолданудың балама вариантарынан ең жақсысын таңдау мәселесi. Әрбiр адам, фирма мен қоғамның алдында негiзiнен не, қалай және кiм үшiн өндiру керек, яғни шектеулi ресурстарды пайдаланудың бағыттары мен жағдайларын қалай анықтау қажет жөнiнде мәселелер туады.


Нақты жағдайда адамдар әрқашан балама шығындармен кездеседi. Бiр өнiмдi өндiру екiншiсiн өндiруден бас тартуды бiлдiредi. Рационалды адам қолайлы экономикалық таңдау жасау үшiн келешектегi шығындармен қатар қолданылмаған өндiрiстiк мүмкiндiктер шығынын (балама шығындар) да есептеуi қажет.

Қарапайым экономикалық үлгi және өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы көмегiмен экономиканың тиiмдiлiк деңгейiн, өндiрiстiң таңдалған құрылымы қолайлығын және екi тауар өндiрiсiнiң балама шығындарын шамасын зерттеуге болады.

Оны мысалмен түсiндiрейiк. Айталық, қоғамда тек екi тауар өндiрiледi. Оларды шартты түрде А және В тауарлары деп белгiлеймiз.

Егер қоғам өзiнiң ресурстарын А тауары өндiрiсiне қолданса,

онда ол өнiмнiң ең жоғарғы мөлшерi 6 мың бiрлiк , егерде тек В өнiмiн өндiрсе 5 мың бiрлiк өндiрiледi. Ал қисықтың бойындағы кез келген нүкте екi тауарды бiр уақытта өндiру мүмкiндiгiн қарастырады. Алайда одан А тауары өндiрiсiн арттыру В тауары өндiрiсiн кемiтетiндiгiн көруге болады. Өндiрiстiк мүмкiндiктер қисығы iшiнде жатқан нүкте ресурстарды толық пайдаланбағанын бiлдiредi (сурет 1.1.).

В

5 Л • Е


С

•К М


0 6 А
















следующая страница >>