https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 2 3 4 5 6

4.Лизингтік тәуекел

Соңғы кездері банк қызметінда лизингтік және факторингтік операциялар қолд-ды олар банкті тәуекелге ұшыратуы мүмкін.

Лизинг – бұл лизинг берушінің қзіне тиесілі құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

       Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.


  1. Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құның толық өтемеуін сипаттайды.

  2. Қаржылық лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтуімен байланысты сипатталады.

Сондай-ақ, л-тің отандық ж/е халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

  • Ішкі л-г –бұл оның қатысушыларының бір елден б/п келуімен бай-ты сипат-ды.

  • Халықаралық л-г бұл тарап н/е барлық тараптардың әр елден б/п келуін сипат-ды

Сыртқы л-г бұл эксппорттық ж/е импорттық б/п бөлінеді.Экспорттық л-гте шетел л-г алушы болса, импорттық л-гте шетел л-г беруші б.т.

Лизингтік опера/р жүргізу үшін ең алдымен лизинг алушыға банк көрсетілетін қызметке жарнама жасау керек, лизингтік нарықты жақсы білу керек, оның тенденцияларын,қандай құралдарға үлкен сұраныс бар екендігін анықтау керек.Сонымен қатар нарықтық бағаларды, тарифтер мен лизингтік қызметтерді ескеру керек.

Лизингтік опера/р тәуекелімен бай-ты басты фактор- лизингтік мәміленің сапасы және құралдарды жеткізу мерзімінің бұзылуы.Сонымен қатар лизинг алушының төлем қабілетін, қаржылық жағдайын, мерзімінде төлеп отыруын,нарық кньюктурасын ж/е т.б. талдау керек.

Факторингтік тәуекел


Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Факторинг жабдықтаушы-клиенттің жабдықтаған тауары мен көрсеткен к,ызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Банк төленбеген төлем талабының иесі ретінде, борышқордың несиелік қабілетін тексергенімен де олардың төленбей қалуына байланысты тәуекелге барады.

Келісімшартқа сәйкес банк жабдықтаушының контрагенттері өздерінің қарызын өтегеніңе қарамастан төлемталабындағы соманы төлеуге міндеттеме алады. Дәл осы жерде факторинг пен банктік кепілдеменің арасындағы айырмашылық байқалады. Яғни, банктік кепілдеме бойынша банк өзінің есебінен, оған тиісті соманы клиент төлемеген жағдайда төлеуге міндетті болып табылады. Факторингтік қызметтің мақсаты төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.

Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

1.Факторингтік компания (банктің факторинг бөлімі) —өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

2.Клиент (тауарды жабдықтаушы, несие беруші) — факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

3.Кәсіпорын (қарыз алушы) — тауарды сатып алушы фирма

Факторингтік тәуекелді төмендету үшін келесі әдістер қолданылады:

- ақы төлеуге клиент шотының барлық сомасы емес , ал тек оның ,төлеушіден түскен құралдарынан кейін қалған соманы санап шығу (перечесление)

- төлеушінің төлеу қабілеті кепілдігінің артынан комиссиондық сыйлық беру алынады



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Актив операциялар тәуекелі дегеніміз не?

2. Лизинг тәуекелді қалай түсінесін?

3. Банктің активті операциялар тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?

4.Инфляция тәуекелдің пайда болу себептері?

5.Портфелдік тәуекелдің түрлері?


Ұсынылатын әдебиеттер:


1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.

2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.


7 Тақырып. Несиелік тәуекелдерді басқару.


1.Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.

2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.


1. Несиелік тәуекел және оның пайда болу себептері.

Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарылымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақтылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банкпен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

  • несиелік қызметті ұйымдастыру;

  • лимиттер белгілеу;

  • несиелік ұсынысты бағалау және қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау;

  • несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;

  • несиелер бойынша мүмкін болар зияндарды есепке ала отырып, сыйақы мөлшерлемесін анықтау;


  • несиелік шешімдерді қабылдау барысында құзіретті бөлу несиелерді авторизациялау;

  • несиелік монитооринг;

  • несиелік порттфельді басқару;

  • проблемалық несиелерді қалпаны келтіру.

Кез келген банктік несие белгіленген мөлшер шегінде (лимит) беріледі. Несиенің мөлшерін банк мекемесі қарыз алушымен бірлесі отырып, материалдық қорлардың құралу қажеттілігін зерттеу негізінде шығындарды, өндіріс көлемі мен өнімінің өтімделігін, аулы шаруашылық өнімдерін, оның қайта өнделуі және басқа да шығындарды ескере отырып анықтайды.

Қарыз алушыға берілген несиенің мөлшері әр түрлі жағдайларға байланысты болып келеді. Біріншіден, қарыз алушыға берілетін несие шамасы қарыз алушының жасаған өтінішіне байланысты. Бірақ та, бұл өтініштегі несие мөлшері несиені қайтарудағы нақты мүмкіндіктермен, осндай-ақ банктің нақты есебімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Екіншіден, несиенің мқөлшері экономикалық жағдайларға байланысты, осның ішінде:

  • қарыз алушының төлем айналымындағы алшақтық шамасына;

  • несиені қамтамасыз ететін нақты тауарлы-материалды бағалылар қорына және олардың өтімділік дәрежесіне;

  • маржа деңгейіне;

  • несиелік тәуекел дәрежесіне және банктің клиентке деген сенім дәрежесіне;

  • банкте бар ресурс көлеміне және т.б.

Несиелерді авторизациялау – несиелік тәуекелді төмендету мақсатында жүргізілетін анықтамалар тексерулер процесін білдіреді.

Несиелік мониторинг – несие бойынша мәселе туындай қалған жағдайда, қарыз алушының несиелік қабілетінің өзгерісін қадағалап отыруға байланысты шаралар жүйесі болып табылады.

Несиелік портфельді басқару – бұл банк қабылдауға дайын болып отырған тәуекел түрлерінің барлығын айқындауды және олардың ең жоғарғы жететін деңгейін анықтауды талап ететін жоғарғы жетекшілер қызметі болып табылады.


Несиелік портфельді басқаруды іске асырудың ортақ алғышарттарына жататындар:


  • нақты қарыз алушылар мен олардың топтары үшін несиелеудің ішкі банктік лимитін белгілеу;

  • несиелік рейтингпен байлансты болатын, жекелеген қарыз алушылардың тәуекел деңгейін көрсететін несиелік тәуекелді талдау формасын жасау;

  • әр түрлі салалар бойынша несиелеуді диверсификациялау;

  • төменгі тәуекел теңгейі бар ең маңызды саларды анықтау;

  • жоғарғы тәуекел теңгейі бар салаларға қатысты несиелік саясатты қатаңдату;

  • несиеге баға белгілеу саясатын дайындау.

Несиелеу лимиттерін белгілеу – несиелік портфельді құруға бақылау жасауда тәуекелдерді төмендету және ұзақ мерзімді өміршендік қабілетті жақсатру үшін пайдаланылатын басты тәсіл.

Проблемалық несиелерге:

  • несиелік келісім-шартта көрсетілген уақытта қайтарылмаған, уақыты кешіктірілген және қосымша келісім берілегн несиелер;

  • сақтандыру, кепіл-хат немесе кепілдемемен қамтамасыз етілген несиелер бойынша сақтандыру компанияларының, кепіл-хатты және кепілдеме берушілердің банк алдындағы міндеттемелері орындалмағандар;

  • несиелерге есептелетін пайыздың несиелік келісім-шартта көрсетілегн күннен 30 күн өткенге дейін қайтарылмаған несиелер жатады.

Сондай-ақ проблемалық несиелерге қарсы шараларға мыналар жатады.

  • қарыз алушының қызметін қайта құру;

  • несиені қайтару кестесін өзгеру;

  • пайыз (сыйақы) төлеу тәртібін өзгерту.

Несие үшін төлейтін сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесі – несиенің бағасын білдіреді. Оның мөлшері, жалпы жағдайда тартылған ресурстарға төлем мен сыйақы маржасының қосындасынан құралады.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарыз және несиегерге жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.



2.Несиелік тәуекелді азайту әдістері.

Банктер кредит нарығында таралған ақпараттың сапасын төмендегі факторлардың есебінен жақсартады:


  • банк пен клиенттің арасында қалыптасқан қатынастар, клиенттің кредиттік тарихы жағымды болған жағдайда ол қаржы делдал­дарына инвестициялық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Тек банк қана клиенттер туралы мәліметтерді пайдалана алады, ал мұның өзі капитал нарығында бәсекелестер мен кредиторлар алдында оған артықшылық берілуін қамтамасыз етеді;

  • кәсіпорынның банк кредитіне қол жеткізуі нарыққа оның қаржылық жай-күйін және даму келешегін жариялау болып табылады;

  • қарыз берушілерді бақылауды жүзеге асырғанда банктердің сараптама жүргізуі капиталдар нарығымен салыстырғанда олардың осы салада да артықшылыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

Кредиттік тәуекелді төмендетуде ықтимал қарыз алушылардың қаржылық жай-күйі мен кредиттік тарихтары туралы мәліметтер бар, шетелде кеңінен таралған дерекқорлардың маңызы зор. Кредиттік талдау үшін кәсіпорындар бойынша кешенді анықтамалар дайындайтын кредиттік бюро маңызды ақпарат көзі болып табы­лады. Ақпараттық компаниялар осы тектес қызметтер көрсетеді, сондай-ақ олар рейтингтер жасап, оларды жариялайды.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Несиеліктәуекел дегеніміз не?

2. Несиелік тәуекелдің пайда болу себептері?

3. Несиелік тәукелдерін азайту тәсілдеріне не жатады?

4. Несиелеу лимиттерін белгілеу дегеніміз не?

5. Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.

2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.




8 Тақырып. Тәуекелді азайтуға байланысты банктің стратегиясы

1.Банктік тәуекелдерді басқару стратегиялары.

2. Тәуекелді бағалау әдістері.


1.Банктік тәуекелдерді басқару стратегиялары.

Банктердің тәуекелдерін басқару банк қызметінің негізгі қызметі болып табылады. Банк қызметінің тәуекелдерінің негізінде банк қабілеттілігі түсіндіріледі:

  • біріншіден, банктің өзіне алатын тәуекелділік көлемін дұрыс бағалау;

  • екіншіден, кез-келген уақытта өзіне алынған тәуекелділік көлемін дұрыс бағалау;

  • үшіншіден, қабылданып алынған несиелік тәуекелдің көлемін жоспарланған көлемде ұстап тұру және оны қажет кезінде көлемін өзгерту.

Мықты банкті құрудың алдын – ала шарты тәуекелді басқару процесінің тиімділігін құру болып табылады. Тәуекелді басқарудың негізгі мақсаты келесі міндеттерден тұрады:

  • тәуекелді басқарудың жақсы жетілдірілген саясатын және шараларын қалыптастыру;

  • жақсы және оңтайлы басқару;

  • тәуекелді тиімді бақылау;

  • жоғары білікті қызметкерлер құрамының болуы.

Активтердің сапасы басқару сапасын көрсететін болса да, оған басқа факторлар да әсерін тигізеді.

Банктердің тәуекелділігі сыртқы (экономикалық ортаның жай – күйімен, коньюктурасымен) және ішкі (банктің өзінің қателескен іс-әрекетімен байланысты) факторларға тәуелді болады.

Сондай – ақ тәуекелді басқару қабілеті банк басшылығының біліктілігіне және оның несиелік нақты жобаларды таңдап алумен айналысатын, сондай – ақ несиелік өзара келісімге келу шартын жасайтын қызметкерлерінің біліктілігіне байланысты болады. Банктердің алдында тәуекелді басқару ісінде көптеген қиыншылықтар тұр. Саясаттағы ішкі және сыртқы жағдайлардың қысымы, өндірістегі қиыншылықтар, қаржылық шектеу, нарықтың жаңылысуы, қаржы әлеміндегі тұрақсыздық клиенттер жағдайын әлсіретеді.


Сондай – ақ қаржылық ақпарат әрдайым сенімді емес, алынған қарызды уақытында қайтару міндетіне құқықтық құрылымның араласпауы да әсерін тигізеді. Сондай – ақ сыртқы қиыншылықтар ішкі әлсіздіктермен ұштасып, әрі қарай активтердің әлсіреуіне әкеліп соқтырады.

Банктердің көпшілігінің тәуекелді басқарудың дамытылған іс-қимыл мүмкіншілігі болмайды. Көп кездесетін кемшіліктердің ішінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:


  • тәуекелді басқару процедурасының және жазбаша саясаттың көрсетілуінің болмауы;

  • портфельдің концентрациясына шектеудің болмауы;

  • банктердің тәуекелдігін үстірт талдау;

  • клиентпен жеке байланыстың жетіспеушілігі;

  • тәуекелділікті бақылаудың жетіспеушілігі;

  • тәуекелділіктің іс-қағаздарының нашар бақылануы;

  • тәуекелді аудиттеу және жүйелі бақыланбауы;

  • тәуекел іс-қағаздарының толық болмауы.

2. Тәуекелді бағалау әдістері.

Банктік мекемелердің және банк қызметінің тәуекел деңгейін басқарудың келесідей төмендегі негізгі тәсілдерін көруге болады:

  • банктің өз қызметі туралы нақты статистикалық және динамикалық ақпараттары талдау әдісін қолдану арқылы банктің қанша жоғалтулары болатының болжамдап соңғы баға қоюға болады. Осы мақсатқа жету үшін коммерциялық банктер маркетиг жүйесін басқаратын және тәуекел деңгейін талдайтын және оларды төмендетуде әр түрлі әдістерді қолданатын бөлімдерді құру керек;
  • пайыздық ставкалардың динамикасы олардың дәрежелерінің жоғарлауы кезінде тәуекел деңгейі де өседі және де керісінше; банкаралық нарықтағы операциялар мен пассивті операциялардың савкалары клиенттің несиелік және активті операцияларына ставкалар-дан төмен; ұзақ мерзімділер қысқа мерзімділерге қарағанда баяу өзгереді; қымтамасыз етілген несие ставкалар мен қысқа мерзімді операциялар бойынша ставкалары қамтамасыз етілмеген және қысқа мерзімді операцияларға қарағанда төмен;


  • несиелерді сақтандыру, яғни ол жаман жағдай кезінде кепіл ретінде болады;

  • хеджирлеу, яғни тәуекелдерді сақтандыру;

  • үлкен тәуекел болған кезде қарызгердің ұсынысын қабыл алмау;

  • тәуекелдерді диверсификациялау;

  • несие шарттарын қарастыру және т.б.

Банк тәуекелдерін хеджирлеу

Банк қызметінде көптеген тәуекелдер болып отырады.Оларды төмендетудің бір тәсілі ол – хеджирлеу.Хеджирлеу – әр бір тәуекелді мәмілеу үшін өтеуші валюталық позицияны құры.Басқаша айтқанда бір валюталық тәуекелді табыстар мен шығыстарды басқа тәуекелмен өтеу жүзеге асады.

Хеджирлеу (хеджирлеу мәмілесі) – белгілі бір шетел валютасында активтерді және міндеттемелерді сатып алу барысында бағамдық айырманың пайда болуымен байланысты мүмкін болар зияндардан қорғау (сақтандыру) тәсілі болып табылады.

Хеджирлеу шетел валютасындағы қарсылық талаптар мен міндеттемелерді болжайды.Валюталық т/лдердің төмендеуі үшін әр түрлі жағдайларда хеджирлеудің төмендегідей әдістері қолд-ды:

1.Бірінші жағдайда – ұлттық валютаның бағамының төмендеуі күтіледі.Бұл жағдайда:

-ұлттық валютаны сатып, мәміледегі екінші валютаны тандап алу қажет

-ұлттық валютадағы құнды қағаздарға қатысты опер/рлардың көлемін, сонымен бірге ақшаның көлемін қысқарту

-ұлттық валютадағы несиелік қарызды төлеуді кейнге қалдыру

-ұлттық валютадағы қарызға алуды арттыру

-тұрақты валютадағы өнімдердің импортын арттыру және жеделдету

-еңбекақы, дивидендтерді, сыйақыларды төлеуді жеделдету

-импортерларға ұлттық валютамен және экспортерларға шетел валютасымен шот жіберу

2.Екінші жағдайда – ұлттық валютаның бағамының өсу мүмкіндігі.Бұл жағдайда банк 1-жағдайларда көрсетілген іс-әрекетке қарама-қарсы әрекеттер жасауы тиіс.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1.Тәуекел дегеніміз не?

2. Банк тәуекелдерін азайту жолдары?


3. Тәукелдер бағалау тәсілдеріне не жатады?

4. Банктік тәукелдерді басқару стратегияларына не жатады?


Ұсынылатын әдебиеттер:


1. Шаяхметова К.О. Банк тәуекелдері: Оқу құралдары.-Алматы: Қазақ унирверситеті, 2004. -78 бет.

2. Шелекбай Ә.Д., Әлмерепов Н.А. Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент: теориясы, әлемдік практикасы, Казақстан тәжирибесі: Оқу құралы. Алматы: Экономика., 2007.- 208 бет.



<< предыдущая страница   следующая страница >>