https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 5 6


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университеті.

3 деңгейлі СМЖ құжат

ПОӘК



ПОӘК 042-18-4.1.-37/03 -2014

« Банкік тәукелдер » пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер

Баспа № 1 11.09.2014ж.



5В050900 «ҚАРЖЫ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

«БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕР»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МӘЛІМЕТТЕР


Семей

2014


Мазмұны


1.

Глоссарий




2.

Дәрістер




3.

Практикалық сабақтар




4.

Оқушылардың өздік жұмыстары






1ГЛОССАРИЙ


Апат жағдайларының (форс-мажорлы) тәуекелі – тәуекелдің бұл түрі белгілі бір банкке жер сілкінісі, су тасқыны, өрт сияқты апаттардың болуынан материалды шығын әкелуі мүмкін. Сонымен қатар бұл тәуекел тек банкке ғана емес, оның клиенттері мен қызметкерлеріне де зиянын тигізеді.

Саяси тәуекел – мұнда саяси Өкіметтің ауысуы нәтижесінде немесе Мемлекетпен жүргізілетін саяси бағдарламаның ауысуы нәтижесінде банк қызметіне өз әсерін тигізетін тәуекел. Саясаттық тәуекел тағы банктың ұлттандырылуында, заңды өзгерістер мен жаңа бір шектеулер қойылғанда пайда болады. Осының барлығы банк жағдайы мен оның клиенттерінің жағдайын нашарлатуы мүмкін.


Жалпы экономикалық тәуекел – мемлекеттің экономикалық жағдайы төмендегенде пайда болады. Мысалы, ЖҰӨ деңгейі құласа, мемлекеттік бюджетінің тапшылығы өссе,инфляция деңгейі көтерілсе және т.б.

Депозиттік тәуекел – сыртқы ортадан салымдарды, несиелерді, депозиттерді және тағы басқа қаржыландыру қайнар көздерін тарту тәуекелі.

Несиелік тәуекел – бұл тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауымен немесе мүлдем банкротқа ұшырауымен байланысты алған қарызын бөлшектеп немесе толықтай қайтара алмауымен байланысты.

Валюталық тәуекел - әлемдік нарықта шетел валюта курсының тез өзгеруінің нәтижесінде пайда болатын шығындар тәуекелі. Бұл тәуекелге тек шетел валютасы бойынша ашық валюталық позициясы бар банктер ғана ұшырайды.

Пайыздық тәуекел – мемлекеттік не болмаса әлемдік нарықта бір немесе бірнеше құрал бойынша пайыз ставкаларының жағымсыз түрде өзгеруінен болатын тәуекел.

Инвестициялық тәуекел - әлемдік нарық конъюктурасының өзгеруі нәтижесінде бағалы қағаздар құнсыздану тәуекелі.

Банк бағытының тәуекелі – банк қызметінің мақсатты бағытталуы мен, оның қызмет ету аясы мен даму приоритеттерінен туындайды.

Жартылай басқарылатын сыртқы тәуекелдер – бұл тәуекелдер сыртқы ортада қалыптасады, бірақ банк олармен толық немесе жартылай басқара алады.

Клиенттің тәуекелі – клиенттің экономикалық жағдайының нашарлауынан не болмаса тіпті банкроттыққа ұшырауынан туындайтын тәуекел.

Ішкі тәуекелдер – банк ішінде болатын тәуекел.

Стратегиялық тәуекелі – ішкі стратегияны, құралдарды қолдану приоритеттерін дұрыс құрмауынан пайда болатын тәуекел.

Құрылымдық тәуекелі – банк құрылымының тиімсіздігінен туындайтын тәуекел.

Басқару тәуекелі – банкті авантюристік жолмен басқарудың нәтижесінде пайжа болатын тәуекел түрі.

Кадрлық тәуекелі – ұжымның, яғни мамандардың психологиялық жағынан бір-біріне сәйкес келмейтіндігіне байланысты тәуекел.


Ынталандырушылық тәуекелі – бірдей жасалған қызметке түрліше ынта ету, яғни басшы өз қызметкерлеріне бірдей қарамай, теңбе-тең қарамауынан пайда болады.

Шектен шығу тәуекелі – банктік коррупция, қылмыстық топтар мен байланыс, өз туыстарын жеңілдік беріп несиелендіру арқылы тәуекелге ұшырауға болады.

Бақылаушылық тәуекелі – егер, бақылау жүйесі банктің жеке бөлімшелерінің қызметін тиімді қадағалай алмаған жағдайда тәуекел туындайды.

Қаржылық тәуекелі – банктің қаржылық қызметімен байланысты тәуекелдер.

Операциялық тәуекелі – жеке банктік бөлімшелерін басқару деңгейінде банк қызметінде күнделікті болатын ағымдағы тәуекелдер.


Ұйымдастырушылық тәуекелі – операция мен есеп жүргізу тәжірибесінде, құрылымында банк бөлімшелерінің тиімсіз ұйымдастырылуында болады.

Ақпараттық тәуекелі – банк операцияларына өз жағымсыз әсерін тигізетін жалған мәлімет алу тәуекелі.

Ұжыммен байланысты тәуекелі – ұжымның тәртібінің ерекшелігіне байланысты туындайтын тәуекел.

Техниканы қолданумен байланысты тәуекелі – компьютер немесе басқа да техниканың бұзылуынан шығындар шығару тәуекелі.

Саудалық тәуекелі – саудалық құрал-жабдықтармен, депозиттермен, бағалы қағаздармен, валюталармен оларды сатып, сауда-саттық жасағанның нәтижесінде болады.

Табыстылықты азайту тәуекелі – басқаруға дұрыс жол таппау нәтижесінде банк табыстылығын сипаттайтын тәуекел.

Әртараптандыру тәуекелі – жеке қарыз алушыларға, бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне өте үлкен салым салудан туындайтын тәуекел.

Мемлекеттік тәуекелі – егер банк клиенті экспорт-импорттық қызметпен шұғылданып немесе егер банк шетел қарыз алушыларын несиелендірген жағдайда болады.

Портфельдік тәуекелі – бағалы қағаздардың жеке түрлері бойынша және ссудалардың барлық категориялары бойынша шығындар шығару тәуекелі.


Жүйелік тәуекелі – акция бағасының өзгеруі, оның табыстылығы, облигация бойынша күтілетін және ағымдағы проценттердің, дивиденттердің күтілетін мөлшерімен байланысты түрі.

Жүйелік емес тәуекелі – нарық жағдайына байланысты болмайды және банк, кәсіпорынның нақты спецификасы болып табылады.

Жалпы нарықтық бағалардың құлау тәуекелі – белгілі бір қаржы активтері бойынша алынбайтын табыс тәуекелі.

Инфляциялық тәуекелі – бөлімшенің өмірлік циклымен анықталатын тәуекел.

Көліктік тәуекелі – өзі жекелей 4 топшаға бөлінген.

E тобы - сатушы өз тауарын өзінің қоймаларында сақтайды. Тауармен байланысты бар тәуекелдерді сатушы мен банк оны сатып алушы сатып алмағанша өз мойнына алады.

F тобы – тәуекел мен жауапкершілік сатушыдан сатып алушыға белгіленген жерде жүктеледі.

C тобы – егер экспорттаушы, сатушы және банк сатып алушымен тауарды жеткізу туралы келісім-шарт жасасады, бірақ өз мойнына ешқандай тәуекел мен жауапкершілікті алмайды.

D тобы – барлық тәуекелдер сатушының мойнында болады.

Трансляциялық (бухгалтерлік) тәуекелдер – баланспен, «Шығындар мен кірістердің» шоттарындағы активтермен пассивтердің қайта бағалау кезінде пайда болуы мүмкін.

Форфейтингтік тәуекелдер – егер форфейтор немесе банк өз мойнына регресс құқығынсыз экспортердің барлық тәуекелдерін алады.

Табысты ала алмау тәуекелі – банктің таза табысына (барлық шығындарды есептегенде) байланысты түрі.

Активті операциялардың тәуекелдері – банктер үнемі өз қызмет процесінде ұшырайтын пайыздық тәуекелдер деңгейімен байланысты болады.

Өтімділік тәуекелдер – қысқа мерзімді ссудалар бойынша міндеттемелерін орындауға өтімді қаражаттарының тапшылығы болу тәуекелі.

Базалық тәуекел – пайыздық ставкалардың құрылымында болатын өзгерістермен байланысты келеді.


Уақытша бөлектену тәуекелі – егер банк ресурстарды тартып орналастырса, бірдей базалық ставкамен тек оларды қарастыру мерзімі әртүрлі болады.Қарастыру мерзімін таңдауына байланысты тәуекел пайда болады.


Есептер тәуекелі – егер банк контрагентпен алдын-ала ақылдасып алмай төлемдерді жүзеге асырған жағадайда болады.

Капиталдық тәуекелі – тәуекелдің бұл түрі мына жағдайда пайда болады – банк келісімге отырып, серіктеске қаражаттарды төлеуі тиіс және де серіктесі келісім бойынша толық өз міндеттемесін орындай алатындығына күмәні бар болса.

Кіші тәуекелі – стандарттан төмен немесе стандартты емес тәуекел.

Маржиналды тәуекелі – клиент форвардтық келісімге отырғаннан кейін банкрот болып қалуы мүмкін, банк нарықта оның міндеттемелерін жабуға мәжбүрленеді, яғни тәуекелділікке бет бұрады, себебі валюта курсы жағымсыз жаққа өзгеруі әбден мүмкін.

Ипотекалық тәуекелі – кепілдікпен қамтамасыз етілген ссудаларға тән күтілетін пайызбен негізгі соманы жоғалту тәуекелі.

Ағымдық тәуекелі – қызметкерлердің персоналдық қажеттіліктері, техникалық жаңылуы, банк бөлімшелерінің тиімсіз ұйымдастырылуы себебінен күнделікті қызмет нәтижесіндегі мүмкіндіктерді білдіреді.

Своп-ставкалардың өзгеруінің тәуекелі - егер своп-позициялары келісілмеген немесе мерзім бойынша мүлдем жабылмаған болса пайда болады.

Контрагенттің тәуекелі – бұл тәуекелдің түрі мына жағдайда пайда болады, егер контрагент келісім бойынша орындауы тиісті міндеттемелерді орындамаса, осы тәуекел туындайды.

Орындаушылық тәуекел – форвардтық келісімнің орындалу тәуекелі спот келісімінің орындалу тәуекеліне қарағанда едәуір жоғары, себебі, форвардтық келісімнің мерзімінде болатын курстағы жағымсыз өзгерістер спот келісімінің 2 күн ішінде пайда болмайды.

Төлем тәуекелі – бұл да валюталық келісімнің орындалмауымен байланысты, бірақ ол төлем төленетін күні пайда болады.



2 ДӘРІСТЕР – мақсаты болып ұсынылатын пән теориялық сұрақтарын ұстамды нысанда қарастыру табылатын оқу сабағының нысаны.


Тақырып 1. Банктік тәуекелдер. Банктік тәуекелдерінің жіктелуі.


1.Банктік тәуекелдер үғымы және мәні.

2.Банктің тәуекелдерінің жіктелуі

3.Банктік тәуекелдер түрлері.


1.Банктік тәуекелдер ұғымы және мәні.

Тәуекелділік - негізінде ықтималдылықты ал нақтырақ айтсақ банктің қаржылық операцияларды жүргізу кезінде өз ресурстарының табысының бір бөлігін жоғалту немесе қосымша шығын шығару қаупін түсіндіреді. Банктік қызмет зиянсыз болуы үшін келесі категорияларды ескеру қажет: жоғалтулар, шығындар, залалдар.

Банктік қызметке тән тәуекелділікті сипаттайтын жалпылама көрсеткіш ретінде жоғалтуларды банктік табыстың төмендеуі ретінде түсінеміз. Осы көрсеткіш өзінде шығын мен залалды үйлестіреді. Сондықтан тәуекелділік деңгейін жақсы бейнеде сипаттайды.

Шығындар – банктер өз қызметі барысында белгілі бір шығындар шығарады. Бұл салымшыларға төленетін пайыздар. Басқа қаржыылқ институттардан қарызға алынатын несиелік ресурстар үшін төлем, есеп айырысу операциясымен, бағалы қағаздармен байланысты шығындар, жұмыскерлерді, ғимараттарды т.б. ұстауға кететін шығындар. Табысты толық ала алмай немесе көзделген мөлшерден артық шығынның жұмсалу формасында көрініс табатын - залалдар. Алдағы операцияларды есептеулерге жасалатын талдаудың жеткіліксіздігінен немесе жағдайдың болжана алмауына байланысты болады. Сол сияты залалдар тәуекелділігі нашар несиелік портфельмен коньюктураның толық есептелуімен байланысты болғанда банкке әрқашан қолайсыз жағдайға ұшырауына қауіп төндіреді.


2. Банктің тәуекелдерінің жіктелуі

Тәуекел банк қызметтiң ажырамас бөлігі болып табылады. Ол банк қызметiнiң қаржы нәтижелерiн құрастырудағы белгілі бір рөлдi атқарады, банктердiң активтер және пассивтер қызмет сапаның маңызды мiнездемесiмен көрсетедi және олардың қаржылық күйiнің салыстырмалы талдаудауында қолданылады. Банктiк тәуекел өз қораларының бір бөлігін ала алмау, белгілі бір қаржылық операцияларды жүзеге асыру кезінде қосымша шығын шығару мүмкіндігін білдіреді. Банктік тәуекел бұл қолда бар немесе жоспарлалған нәтиженiң алынбау қауiп-қатері. Банктік тәуекел 3 топқа бөлінеді:


- қаржылық тәуекелдер;

- функционалдық тәуекелдер;

- басқа да тәуекелдер.

Банктік тәуекелдер жүйесінде қаржылық тәуекелдер ерекше орын алады. Олар көлемде, пайдалылықта, актив және пассивтердің құрылымында ойда болмаған өзгерiстерге алып келедi. Қаржылық тәуекелге келесілер жатады: несиелік, өтімділік, пайыз, нарық, валюталық, инфляциялық, төлей алмау қабілеттілік тәуекелдері.

Функционладық тәуекелдер кез келген өнiмнiң жасалуы немесе қызмет көрсету процесіне қатысты тәуекелдер. Функционалдық тәуекелдер қаржылық шаруашылықты уақытында және толық көлемде тексере алмау салдарынан пайда болады. Функционалдық тәуекелге келесілер жатады: стратегиялық, технологиялық, операциялық н/е қосымша шығындар және жаңа технологиялар мен өнімдерді ендіру тәуекелдері.

Басқа да тәуекелдерге келесілер жатады: банктің абыройын жоғалту тәуекелі және мемлекеттік реттеу шарттарына сай келмеу тәуекелдері.

Банк тәуекелінің жіктелуі тәуекелдердің спецификаларына байланысты жүзеге асырылады. Банктік тәуекелдерді жіктеу қағидалары келесілер:


- банк клиенттерінің құрамы;

  • банктік операциялардың сипаттамасы;

- коммерциялық банктердің түрлері.

Әсер ету әне қызмет ету сферасына байланысты банк тәуекелдері : сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы тәуекелдерге: банктік қызметке тікелей байланысты емес немесе белгілі бір клиентпен байланысты емес тәуекелдер жатады. Сыртқы тәуекелдерге: саяси, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, бәсекелестік, қаржылық және басқа да факторлар әсер етеді. Ал ішкі тәуекелдерге: тікелей банк операциялармен банк қызметімен байланысты тәуекелдер жатады.

Тәжірибеде 4 басты портфельдік тәуекелділік түрлері белгілі:

  1. несиелік тәуекел;

2.өтімділік тәуекел;

3.пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелі;


4.валюталық тәуекелділік.

Несиелік тәуекелділік - қарыз алушының өз қаржылық міндеттемесін орындауымен байланысты банктік қарыз бойынша төлем төлемеу тәуекелділігі. Ол қарыз портфелінің сапасымен тікелей байланысты.

Несие тәуекелділігін 3 түрге бөлуге болады:


  1. қиянаттылық жасау тәуекелділігі; 2.шетел несиелері бойынша т/лділік; 3.ішкі зайымдар бойынша төлем төлемеу т/лігі.

Несиелік тәуекелділікті төмендетудің бірнеше тәсілдері бар:

1. банктік қарыздар портфелін диверсификациялау, яғни бір қарыз алушыға берілетін несиенің мөлшерін несиелеу шегін белгілеу арқылы азайту. Бұл тәсіл банк клиентінің несиелік қабілетінің жеткіліктігіне сенімсіз болған кезде қолданылады.

2. несиелік қабілетін талдау, яғни қарыз алушының несиені өтеу мүмкіндігін талдау. Көптеген банк осы әдісті қалайды, себебі ол несиенің қайтарылмауына байланысты мүмкін болар барлық зиянның алдын алады

Өтімділік тәуекелділігі оны балансталмаған өтімділік тәуекелділігі деп атау керек. Ол қаржылық активтерді тез арада шығынсыз төлем қаражаттарына айналдыру мүмкінсіздігімен байланысты. Банктерде өтімділікті қамтамасыз етудің 2 түрі болады: 1.ішкі; 2.сыртқы.

Ішкі өтімділік инвестордың көзінше ақшаны орналастырудың сенімді объектісі болып табылмайтын тұрақты нарығы бар, тез іске асырылатын активтер. Бұған мемлекеттің бағалы қағаздары; 1 – 3 – 6 – 9 ай ішіндегі қазыналық вексельдер жатады.

Сыртқы өтімділік оның өнімді қаражаттар қорын ұлғайтатын кейбір міндеттемелерді банктің нарықтан сатып алу жолымен (басқа банктер, федералдық қорлардың қалдықтарын сатып алу, қолма – қол ауыспалы салым сертификаттарын т.б. сатып алу) қамтамасыз етілуі мүмкін.

Бұл тәуекелді Ұлттық банктің белгіленген міндетті өтімділік нормасын сақтау жолымен, сол сияқты орналастырылған активтер мен банк пассивтерінің қайтару мерзімдерін көлбеу қамтамасыз ету тәсіліне төмендегілер жатады:


1. пайыз мөлшерлемесін өзгерту жолымен жаңа депозиттер атрту;

2. айналыста жүретін депозиттік сертификаттар, облигациялар т.б. шығару;

3. қарыздар және бағалы қағаздар портфелінің бір бөлігін сату;

4. пассивтерді диверсификациялау, яғни қарыздарды ұсақ мөлшері бойынша жинақтау;

5. несиелерді қайтарып алу;

6. Ұлттық банктен т.б. несиелер алу.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелділігі бұ пайыз мөлшерлемелерінің ауытқуы салдарынан болуы мүмкін. Пайыз тәуекелділігін келесідей тәсілдер көмегімен төмендетуге болады:

1. пайыз тәуекелділігін сақтандыру – несиелік тәуекелділіктен сақтау сияқты тәуекелділікті толығымен сақтаныдру ұйымына беруді білдіреді;

2. өзгермелі пайыз мөлшерлемесінен несиені беру банкте шарт өзгерген жағдайда, соған сәйкес пайыз мөлшерлемесін өзгертуге мүмкіндік береді;

3. мерзімді келісімдер банк пен қарыз алушының арасында арнайы форворд келісімін жасау, яғни қарызды келісілген мерзімде белігілі бір сомадан және белгіленген мерзімге беру туралы келісім жасаумен байланысты тәуекелден қоғрғану әдісі;

4. пайыздық фьючерстік (болашақ) контрактілер. Олар пайыз мөлшерлемесіндегі ойындар үшін пайдаланылатын мерзімді контрактілерді білдіреді. Шарт бойынша құжатты (қарыз немесе депозитті) белгілі бір мерзім өткеннен кейін, келісілген уақытта болашақтағы тұрақты бағада сатып алады;

5. пайыздық опциондар опцион ұстаушыға қысқа мерзімді қарыз немесе депозитті тұрақты бағада мерзімді қарыз белгілі бір күн жеткенге дейін сатып алуға немесе сатуға құқық беретін келісімді білдіреді;

6. пайыздық своптар бұ белгілі бір сомаға, бірақ әр түрлі шартпен жасалатын несиелік міндеттеме бойынша пайыздық төлемдердің айырбасын түсіндіреді.

Валюталық тәуекелділік ұлттық валютаға қатысты шетел валюталарының бағамдарының өзгерісімен байланысты валюталық зиян шегу қаупі.


Валюталық тәуекелділікті төмендету мақсатында көбіне пайыздық тәуекелділік қолданылатын әдістер пайдаланылады: валюталық фьючерс, контрактілер, валюталық опциондар, валюталық своптар.



следующая страница >>