https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3

6М072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша магистратураға қабылдау емтихандарының


БАҒДАРЛАМАСЫ


«Технологиялық машиналарды жинақтау (монтаждау) және пайдалану»


Технологиялық машиналар мен жабдықтарды конструкциялаудың, жасау мен пайдаланудың негізгі ғылыми-техникалық проблемалары. Механикалық жабдықтарды пайдаланудың озық әдістері.

Технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдаланумен байланысты жұмыстарды ұтымды және қауіпсіз жүргізу бойынша негізгі талаптар. Технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде жобалық және техникалық кұжаттаманың талаптары және мазмұны.

Технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдаланудың негізгі қағидалары мен ережелері.

Жинақтау мен пайдалану процесінде технологиялық машиналарға, кешендерге, агрегаттарға қойылатын талаптар, қауіпсіздік техникасы және еңбек қорғау, сенімділік пен ұзақ мерзімділік, стандарттау, жөндеуге жарамдылық, техникалық талғам талаптары.

Берілген ресурс бойынша және тораптар мен машиналар тетіктерінің жағдайы бойынша пайдалану жүйелері; оларды жүзеге асыру мақсаттары, міндеттері, әдістері мен құралдары.

Бақылау мен күйін анықтаудың техникалық құралдары. Жабдықтардың техникалық күйін анықтау әдістері мен құралдары.

Жабдықтардың негізгі түрлері және істен шығу себептері, оларды жою шаралары мен құралдары. Электр қозғалтқыштарының істен шығу себептері.

Технологиялық машиналар мен жабдықтарды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері.

Іске қосу-баптау жұмыстары. Машиналарды құрастыру және сынау.

Технологиялық машиналар жұмысының тиімділігі мен сапасын техникалық жетілдіру көрсеткіштері.

Heгізгi функционалды машиналар мен жұмыс органдарының жұмыстық процестерінің көрсеткіштері. Процестердің энергия сыйымдылығы, энергия ресурсы, технологиялық машиналар жұмысының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштері.

Жұмыс өнімділігінің теориялық есептеуі.

Функционалды машиналардың техникалық деңгейі мен сапасының және олардың


жұмыс icтey сұлбасын жетілдіру дәрежесінің негізгі көрсеткіші ретінде машина мен агрегаттың техникалық өнімділігі.

Функционалды машиналар мен агрегаттарды пайдаланушылық өнімділігі жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі көрсеткіші және машиналардың пайдалану шарттарына сәйкестігі ретінде.

Технологиялық машиналар мен жабдықтарды құрастыру әдістері және ұйымдастыру түрлері. Такелаж, такелаждық құрылғылар, такелаждық ғимараттар. Іргетастардың тағайындалуы және құрылғысы. Іргетастарды жабдықтарды жинақтауға қабылдау. Іргетастардың өлшемдеріне койылатын талаптар, шақтамалар. Жинақтауды геодезиялық камтамасыз ету. Машиналар­ды іргетасқа және жинақтау жүргізуге кондыру тәсілдері. Бұрандалы, ойма кілтекті және кілтекті қосылыстарды құрастыру. Цилиндрлік және бұрамдылық берілістерді, муфталарды құрастыру және біліктерді жартылай муфталар бойынша центрлеу. Теңестірілмегендік түрлері. Құбырларды, көпірлік крандарды, үздіксіз көлік машиналарын жинақтау. Технологиялық машиналар мен жабдыктардың жұмыс жағдайлары. Технологиялық машиналарды пайдалану қасиеттері. Температуралық коррозиялық әсерге ұшыраған технологиялық машиналарды пайдалану қасиеттері. Технологиялық жабдықты майлау. Жағар майлар. Жағар майларға қондырмалар. Қоюланған майлар. Майлауды таңдау, келтіру және жұмсауды есептеу тәсілдері. Машиналардың тipeкті тораптарын майлау. Майлаудың орталықтандырылған жүйелері. Майлау жүйелерінің құбырлары және арматурасы.


Негізгі әдебиеттер

1.Батищев А.Н и др. Монтаж, эксплуатация и ремонт технологического оборудования М.: КолосС, 2007. – 424с.

2.Жунусбаев Б., Кашаган Б. Технологиялық машиналарды монтаждау және пайдалану. Алматы , 2009. – 272 б.

3. Саматурин В.И. Технология ремонта и монтажа машин и агрегатов металлургических заводов. - М: Металлургия, 1991.

4. Кружков В.А., Чиченев Н.А. Ремонт и монтаж металлургического оборудования. М: Металлургия, 1985.

5. Лазарев И.А. Ремонт и монтаж оборудования пищевой промышленности -М.: Легкая и пищевая промышленность, 1982.


6. Трение, изнашивание, смазка. -Под ред. И.В. Крагельского и В.В. Алисина -М.: Машиностроение, кн. 1 1978, кн. 2, 1979.

7. Цуркан И.Г., Кузнецов В.П., Гвирцман А.А. Смазочные и защитные материалы, - М: Транспорт, 1988.

Қосымша әдебиеттер

1. Шиповский И.А. Эксплуатация и ремонт оборудования шахт. - М.: Недра, 1987г.

2. Молоконов Б.К., Харас З.Б. Монтаж аппаратов и оборудования для нефтяной и газовой промышленности. М.: 1990 г.

3. Коваль А.Н., Горлин А.М. и др. Техническое обслуживание и ремонт горно-шахтного оборудования. - М: Недра, 1987 г.

4. Калиниченко Ю.П. Монтаж, эксплуатация и ремонт транспортных машин горнорудных шахт. - М.: Недра, 1992 г.

5. Кружков В.А., Чиченев Н.А. Ремонт и монтаж металлургического оборудования. М: Металлургия, 1985.

6.Фарамазов С.А.Ремонт и монтаж оборудования химических и нефтеперерабатывающих заводов. - М.: Химия, 1985.

7.Лазарев И.А. Ремонт и монтаж оборудования пищевой промышленности -М.: Легкая и пищевая промышленность, 1982.

8.Альсенов Ж.К. Организация обслуживания и ремонт горных машин. -Караганда, 2005.


«Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы » және «Құрастыру негіздері және машина бөлшектері»

«Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» курсының зерттеу пэні. Курстың мақсаты мен тапсырмалары. Қазіргі кездегі конструкциялық және инструменталдық материал. Машиналар бөлшектері мен бұЙыңдар алудың прогрессивті технологиялық эдістері. Материалдардың қурылу негіздері, олардың қасиеттерінің қалыптасуы және қолдану салаларының тағайындалудьі.

Матернаддар қасиеттері. Курстың мақсаты мен тапсырмалары. Технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтарды құру кезіндегі материалдар ролі. Материалдардың консгрукциялық беріктігі. Конструкциялык материалдар классификациясы. ДаЙындамалар мен машина бөлшектерін алу үрдісінің негізгі кезендері.


Қара және түсті металдар өндірісіМеталлургия негіздері. Металдар мен қорытпалар өндірісіне арналғал материалдар. ІІІоиын, болат, түсті металдар мен қорытпалар өндірiсі.

Құю әдістерімен дайындамалар алуМашина жасау бұйымдарын дайындауда құю өндірісінің мәні. Құю қорытпалары мен олардың қасиеттерІ. Құю қалыптарын дайьгадау тэсІлдері классификациясы. Бір реттік қум-балшық қалыптарында кұймалар дайындау.

Қуймалар алудың арнайы түрлері. Қабыршакты қалыптарға, балқитын үлгілер бойынша, кокильге, қысыммен, центрден тепкіш. Металдарды қысыммен өндеп дайындамалар алу (МҚӨ)Металдарды қысыммен өңдеудің физика-механихалық негіздері. Металдарды қысыммен өңдеудің негізгі түрлері классификациясы. Прокатка. Прокат өндірісінің өнімі. Шыңдау және штамптау. Негізгі операциялар мен қолданылатын құрал-жабдықтар. Ыстық көлемдік штамптау. Суық көлемдік штамптаумен бөлшектер даЙындау. Престеу және созу. Өндіріс технологиясы, кұрал-жабдықтары, б^йымдар касиеттері мен олардың тағайындалуы

Данекерлеу өндіріс. Дәнекерлеудің жалпы сипаттамасы және тәсілдері классификациясы. Доғалы дәнекерлеу. Қорганыс газдары ортасы мен флюспен дәнекерлеу. ТүЙістіріп дәнекерлеу. Дәнекерлеудің арнайы түрлері: суых. әсіре дыбыстық, қопарылыспен. Металдарды қысыммен өңдеу негіздері

Дайындамаларды токарлык жэне фрезер станоктарында өңдеу. Беттерді бөлшектеп өңдеу әдістері: үйкелеумен, сулер фиништеу, хонингтеу, шевенгтеу. Металдарды өндеудің электрофизикалык және электрохимиялык әдістері.

Ұнтақ металлургиясы әдістерімен бұйымдар алу.Ұнтақ металлургиясы негіздері. Металл ұнтақтары өндірісі тәсілдері. Металл ұнтақтарынан бұйымдар дайындаудың технологиялык үрдісі. Металлокерамикалық материалдар және олардан жасалған бұйымдар.

3. Матерналтану

Металдар мен қорытпалардың кұрылуы жэне қасиеттерін бағалау әдістері

Материалдардың қазіргі кезендегі техника мен технологияның инновациялық-өнеркәсіптік дамуындагы ролі. Темір негізіндегі қорытпалар жэне оны алмастыра алатын материалдар. Металдардың құрылуы. Кристаллық торлар типтері. Реалдық кристалдар кұрылуы. Кристалдық кұрылу ақаулары және олардың кристалдық құрылу қасиеттерІне әсері. Материалдар қасиеттерін талдау эдістері.


Металдар мен қорытпалардың кристаллануыБалку жэне кристаллану үрдістері. Фазалық түрленулердің термодинамикалық негіздері. Аморфты материалдар. Металл кұйылмаларының құрылуы. Дәнекше шамасы, кристалдар пішІндері. Модифицирлеу үрдістері.

Пластикалык деформация және металдардың механикалық касиеттері.Кернеу мен дефомация. Серпімді жэне пластикалық деформация. Металдардың теориялык және практикалық беріктігі. Деформациялық беріктендіру. Металдардың қирауы. Деформацияланган металдың кұрылымы мен касиеттеріне кыздырудың әсері. Материалдардың механикалык касиеттері. Механикалық сынактар эдістері.

Қорытпалар теориясы.Қорытпалар теориясынан негізгі мәліметтер. Қорытпалардын фазалых құрамы. Қатты ерітінділер. Химиялых қосылыстар. Қос қорьггпалардың күй диаграммасы. Фазалар ережесі мен кесінділер ережесінің қолданылуы. "Темір-цементит" және "темір-графит" күй диаграммалары. Болаттар мен шойындардың классификациясы және маркалануы. Металдар мен корытпаларды стандарттау. Қасиеттері.

Термиялық өңдеу негіздері.Термиялық өңдеу үрдістерінің жалпы сипаттамасы. Болатты қыздыру кезіндегі түрленулер. Перлитгі, бейнитті және мартенситгі түрленулер. Болатты термиялық өңдеудін негізгі түрлері. Қыздыру температурасын тандау. Суьгту және суыту орталары. БІрінші жане екІнші текті күйдіру. Нормальдау. Шындау және босату. Болаттардың шындалуы мен шынықтырылуы. Әр түрлі термиялық өңдеулер жүргізу технологиясы. Металдар мен корытпаларды химика-термиялык өндеу. Бұйымдарды цементтеу, азоттау, нитроцементация, оксидтеу, жабынды қабаттармен қанықшрып жалату.

Конструкциялық жэне құрал-сайман болаттары.Әдеттегі сапалы көміртекті болаттар, сапалы болатгар. Лепрленген болаттар. Рационал легірлеу негіздері жэне легірлеуші элементтер ролі. Лепрленген болатгар классификациясы жэне маркалануы. Қасиеттері.

үсті металдар мен қорытпалар. Алюминий жэне оның қортьшалары. Деформацияланатын жэне ку-йылатын алюминилі қорытпалары. Мыс жэне оның қорытпалары. Магний, цинк, қалайы жэне олардың қорытпалары. Түсті металдар мен қорытпалдарды термиялық өндеу. Қасиеттері.


Металл емес материалдар. Пластикалық массалар, резина материалдары. Жалпы сипаттамасы, қздэамы, құрылуы, қасиеттері, маркалануы. Қолдану салалары.

Композиттік материалдар. Жалпы сипаттамасы. Композиттік материалдарды құру принциптері. Композиттік материалдар түрлері. Композиттердің металл, керамикалық және полимер матрицамен қасиеттері. Қолдану салалары.


4. Құрастыру негіздері және машиналар бөлшектері


Курстың негізгі мақсаттары мен міндеттері. Курстың жалпы теориялық және арнайы пәндермен байланысы. Ұсынылатын әдебиеттер. Машина, механизм, бұйым, бөлшек, құрама бірлік ұғымдарын анықтау. Машиналардың бөлшектерін жіктеу: корпустық бөлшектер; қосылыстар; берілістер; осьтер; біліктер; подшипниктер және бағыттауыштар; муфталар; серіппелер, рессорлар және басқа серпімді элементтер; машиналардың жеке типтеріне тәи бөлшектер.

Машиналар конструкцияларының дамуына қысқаша тарихи шолу. Машиналар бөлшектері саласындағы негізгі бағыттар. Курсты дамытуда отандық және шет елдік механиктер мен ғалымдардың ролі. Леонардо да Винчидің машиналар бөлшектерінің саласындағы жұмыстары. Бөлшектер теориясының дамуы (Л. Эйлер, Н.П. Петров, Н.Е. Жуковский, С.А. Чаплыгин, О. Рейнольдс, А. Зоммерфельд және басқалар). Жалпы машина жасау және машиналардың бөлшектері курсының дамуы. Машина жасауды дамытудағы негізгі бағыттар. Машиналар мен олардың бөлшектерін жобалау кезінде қойылатъш талаптар. Машиналар бөлшектерін есептеу және жұмысқа жарамдылыганың негізгі критерийлері. Жобалық және тексеру есептеулері. Шекті және шақтамалы кернеулер. Беріктік қорының коэффициенттері. Машина жасау материалдары туралы қысқаша мәліметгер. Жобалауды автоматтандыру.

Механизмдерді, тораптар мен бөлшектерді жіктеу. Механизмдерді жобалау мен құрастырудың жалпы пришцштері. Машиналар тетіктерінің конструкциясына қойылатын технологиялық талаігтар. Материалды таңдауды негіздеу. Машиналар бөлшектеріне әсер етртін жүктемелер түрлері. Бөлшектерге қойылатын талаптар, олардың жұмысқа қабілетгілігі мен есептеудің негізгі критерийлері.


Машина жасаудағы қосыныстардың тағайындалуы және ролі. Мапшналар бөлшектері мен тораптарының қосылыстарын жіктеу. Өзектердің, қаңылтырлар мен корпустық бөлшектердің қосылыстары; білік-күпшек қосылыстары, біліктер қосылыстары, құбырлар қосылыстары. Ажырамайтын және ажырамалы қосылыстар.

Бұрандалардың тағайындалуы және геометриялық пішіні бойынша жіктелуі. Бұрандалардың негізгі параметрлері. Бұрандалық қосылыстарды жіктеу. Бекіткіш бұрандалардың негізгі типтері. Гайкалардың негізгі типтері. Бұрандалық берілістерді өздігінен бұралудан сақтау. Бұрандаларды, гайкаларды және шайбаларды жасау үшін қолданылатын материалдар. Бұрандалық берілістерді есептеу.

Кілтектердің негізгі типтері: призмалық, сегменттік, сыналы және арнайы. Қолданылу саласы. Кілтекті қосылыстардың стаандарттары. Кілтекті қосылыстарды есептеу. Мүмкіндік кернеулер. Оймакілтекті қосылыстар. Қолданылу саласы. Тік бүйірлі, үшбұрышты және эвольвентті оймакілтекті қосылыстар. Центрлеу тәсілдері. Беріктікке есептеу.

Пісірме қосылыстар және олардын ролі. Доғалы электр дөнекерлегішпен қосудын негізгі түрлері. Электршлакты пісіріп қосу. Түйісті пісіріп қосу. Пісіру жіктерін беріктікке ессптеу. Мұмкіндік кернеулер және беріктік қоры.

7.1-тақырып. Керілісті қосылыстар және қолданылу салалары. Жанасатын бөлшектердің беріктігі. Есептік және технологиялық керілістер.

Тойтармалы қосылыс туралы негізгі ұғымдар. Тойтармалардың негізгі түрлері. Есептеу критериялары. Айнымалы және тұрақты жүктемелер кезінде беріктікке есептеу. Мүмкіндік кернеулер.

Сыналы және қысқышты қосьілыстар туралы негізгі ұғымдар. Қолданылу салалары. Қосылыстардағы күштер мен кернеулер. Қосылыстардың беріктік шарты. Қысқышты қосылыстарды қолдану кезінде бұрандаларды тартып қысу күштерін есептеу.

Машиналардағы берілістердің тағайындалуы және ролі. Механикалық берілістердің жұмыс істеу принциптері мен жіктелуі. Ілініспен беру және үйкеліспен беру. Механикалық жетектің тағайындалуы жөнс құрылымы. Механикалық берілістердегі кинематикалық және күштік ара қатынастар.


Тісті берілістердің жұмыс істеу принципі, жіктелуі, қолданылу саласы. Ілінісудің негізгі элементгері мен сипаттамалары. Цилиндрлік тісті доңғалақтардың кинематикалық және геометриялық параметрлерін анықтау. Тісті доңғалақтарды корриляциялау. Тістерді кесу өдістері. Цилиндрлік тісті берілістерді жасау дәлдігі. Цилиндрлік тісті доңғалақтар ілінісуіндегі күштер. Тістердің бүзылу түрлері және жұмысқа қабілетгілік көрсеткіштері. Қисық тісті және шевронды доңғалақтарды есептеу ерекшеліктері. Жанасу кернеулері және иілу кернеулері бойынша цилиндрлік берілістер тістерінің беріктігін есептеу.

Конусты тісті берілістерді есептеу ерекшеліктері. Жіктелуі және қолданылу саласы. Кинематикалық және геометриялық параметрлерді анықтау. Тік тісті конусты берілістердегі күштер. Тік тісті конусты доңғалақты эквивалентті цилиндрлі доңғалаққа әкелу. Жанасу кернеулері және иілу кернеулері бойынша тік тісті конусты берілістің тістерін есептеу. Тісті доңғалақтарды жасау кезінде қолданылатын материалдар және оларды беттік беріктендіру әдістері.

Жалпы мәліметтер, әрекет ету принципі, жіктелуі және қолданылу саласы. Бұрамдық доңғалақтарды және бұрамдықтарды жасау үшін қолданылатын материалдар. Бұрамдықты берілістегі негізгі геометриялық, кинематикалық және күштік тәуелділіктер. Бұрамдыкгы берілістегі сырғанау және ПӘК.

Бұрамдықты берілістерді беріктікке және қатгылыққа есептеу. Бұрамдықты доңғалақтар тістерінің бүзылу түрлері және жұмысқа қабілетгілік критерийлері. Бұрамдықты доңғалақгың тістерін жанасуға беріктікке және иілу кернеулері бойынша есептеу. Бұрамдықгы редукторлардың температуралық режимін есептеу. Майлау жүйелері.

Анықтамасы. Құрылғысы. Жұмыс принципі. Планетарлық дифференциалдық, қарапайым механизмдер. Осы механизмдердің артықшылықтары мен кемшіліктері. Жанасу кернеулері және иілу кернеулері бойытиа беріктікке есептеу ерекшеліктері.

Анықтамасы. Құрылғысы. Толқынды тісті берілістердің істен шығу критерийлері. Типтік өлшем мен жүктеме қабілетін анықтауға арналған ықшамдалған тәуелділіктер. Ілінісудің геометриялық параметрлері. Толқынды берілістің негізгі тармақтарына әер ететін күпггер.


Жұмыс прищипі. Қолданылу саласы. Жалпы пайдалану сипатгамалары. Конструкция элементгері. Жасауға арналған материалдар.Сатысыз берілістер - вариаторлар. Берілістің кинематика-лық, геометриялық және күштік параметрлерін аныктау. Жанасу кернеулерін тексеру.

Жалпы мәліметгер, жұмыс принципі, конструкциясы және қолданылу саласы. Белдіктердің негізгі типтері және материалдары. Негізгі кинематикалық, геометриялык және күштік параметрлерді анықтау. Белдіктерді керіп созу тәсілдері. Біліктер мен тіректерге түсетін жүктеме. Белдікті берілістердің шкивтері - материалдары мен конструкциясы.

Әрекет ету прийципі, конструкциясы, қолданылу саласы. Жетекті тізбектердің жіктелуі. Негізгі кинематикалық, геометриялық және күііггік параметрлер, олардың берілістегі ара қатынастары. Шынжырлы берілістерді есептеу жүйелілігі. Шынжырлы берілістерді майлау.

Қолданылу саласы. Біліктер мен осьтердің жіктелуі. Конструкциялары. Жұмысқа қабілетгілік және есептеу критерийлері. Біліктерді жасау үшін қолданылатын материалдар. Есептеу жүктемелерін таңцау. Осьтер мен біліктерді алдын ала (жобалық) есептеу. Беріктікке тексеріп есептеу.

Сырғанау подшипниктері. Тағайьгадалуы, құрылғысы, жіктелуі. Конструкциясы және материалдары. Жұмысқа қабілеттілік және есептеу критерийлері. Жылулық есептеу. Майды жеткізу.

Домалау подшипниктері. Домалау подшипниктерінің Қазіргі машиналардағы ролі. Қолдаяылу саласы мен жіктелуі Домалау подшипниктерінің жұмысқа кабілеттілік және есептеу критерийлері. Подшипниктерді статикалық жүк көтергіштікке есептеу. Динамикалық жүк көтергіштігі және ұзақ мерзімділігі. Типтік подшипникгі тораптардың конструкциялары. Домалау подшипниктерін майлау және тығыздау құрылғылары.

. Муфталардың жіктелуі. Конструкциялары және есептеу сұлбалары. Муфталарды іріктеу. Стандарттар. Материалдарды таңдау. Басқару механизмдері.

. Серіппелер мен серпімді элементтердің жіктелуі. Керілу мен кысылудың цилиндрлік орама серіппелерін конструкциялау және есептеу. Табақшалы серіппелер. Жазык спираль серіппелер. Рессорлар. Серпімді резина элементтер: амортизаторлар және демпферлер.


Корпустық бөлшектердің жіктелуі. Станиналар, тақталар, қораптар. Оңтайлы қималарды, бүйірлер мен ара жабындарды тавдау. Қабырғалар қалыңдығын таңцау. Қүйма және дәнеркерленген бөлшектерді жобалау негіздері. Сырғанауды бағыттаушылар. Домалауды бағыттаушылар. Есептеудің негізгі ережелері.

. Жұмысқа қабілеттілік пен сенімділіктің негізгі критерийлеріне сөйкес машиналардың бөлшектерін сынау. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді сынақтар. Оқу зертханалық сынақтар. Үйкелу шығындарын зерделеу. Беріктікті зерттеу әдістері. Бөлшектердің дөлдігін, қаттылығын, үйкелуін және тозуын, температуралық өрістерді және деформацияларды, тербелістерді зерттеу. Машиналар мен жабдықтың ұзақ мерзімділігін және сенімділігін жоғарылатудың негізгі бағыттары.

. Машиналардың бөлшектерін автоматтандырылған жобалау - АЖЖ-ның құрама бөлігі. АЖЖ-ның құрылымы және материалдық-техникалық негізі. АЖЖ қамтамасыз ету түрлері: техникалық, әдістемелік, математикалық, лингвистикалық, программалық, ақпаратгық және үйымдастырушылық. Математикалық моделъ құрылымы. ЭЕМ-да машиналардың бөлшектері мен тораптарын жобалау әдістері. Графикалық деректер банкі. Автоматгандырылған жобалау нәтижелері.

Жаңа машиналар мен жабдықты жасаудың техника-экономикалық мақсатқа лайықтылығы: жасауға жұмсалатын шығындар, үнемдеу көздері, күтілетін тиімділік, таңдалған нұсқаны негіздеу. Жобалық жұмыстарды автоматтандыру нәтижесінде жобалаудың құны мен еңбек сыйымдылығын азайту. Бұйымның жұмыс істеуі кезінде күтілетін техника-экономикалық керсеткіштерді есептеу.

. Машиналардағы үйкелу және тозу. Үйкелу, сырғанау табиғаты. Үйкелу, сырғанау режимдері және олардың машинаның жұмысы кезіндегі ролі. Тозу табиғаты. Жанасулардың тозуға төзімділігін бағалау әдістері. Жанасулардың тозуға төзімділігін жоғарылатудың конструктивтік және технологиялық тәсілдері. Майлау материалдары. Тозу мен үйкелуге стендтік сынақтар. Тозумен күресудің қазіргі тәсілдері.

Конструкторлық кұжаггаманың бірыңғай жүйесі. Бірыңғайлау, стандарттау, шақгамалар мен қовдырмалар. Бөлшектерді жасау делдігі. Пішіннің ауытқуының жене беттердің орналасуының шақтамалары. Беттердің кедір-бұдырлығы. Бөлшектерді жасау үшін қолданылатын материалдар, олардың сызбаларда белгіленуі. Материалдарды таңдау және оларды беріктендіру әдістері бойынша нұсқаулар.



следующая страница >>