https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


3 дәрежедегі СМК құжат

ОӘМ

ОӘМ 042-14-1.02.1.20.119/03-2009

«Құрылыс конструкциялары»

пәннінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 1 баспасы







«Құрылыс конструкциялары»

050730 – «Қоршаған ортаны қорғау және

өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»

мамандығына арналған


ПӘННІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ




Семей 2009


Мазмұны

1

Глоссарий

4

2

Дәріс тақырыптары және олардың қысқыша мазмұны:

7




Дәріс 1. Кiрiспе. Негiзгi түсiнiктер мен терминдер

7




Дәріс 2. Металл конструкциялардың материалдары.

8



Дәріс 3. Материалдар жұмысы.


11




Дәріс 4. Металл конструкциялар элементтерінің жұмысы және есептеу ерекшеліктері.

12




Дәріс 5. Металл конструкциялар элементтерінің жұмысы және есептеу ерекшеліктері.

13




Дәріс 6. Темірбетон негізі.

15




Дәріс 7. Алдын-ала кернелген темірбетон.

17




Дәріс 8. Темірбетон кедергісі теориясының эксперименталды негіздері

18




Дәріс 9. Темірбетон элементтердің тік және қиғаш қимасы бойынша беріктік есебі

19




Дәріс 10. Тас және армотас конструкциялардың түрлері

20




Дәріс 11. Тас конструкция элементтерінің есебі

21




Дәріс 12. Армотасты конструкция элементтері.

22




Дәріс 13. Ағаш пен пластмассалар-конструкциялық құрылыс материалдары

23




Дәріс 14. Тұтас қималы конструкция элементтерін есептеу

25




Дәріс 15. Ағаш конструкциялар элементтерінің қосылыстары

27

3

Практикалық сабақтардың атауы және олардың қысқаша мазмұны.

29



1. Глоссарий


Оқу-әдістемелік кешенде келесідей терминдер мен анықтамалар берілген:

Адгезия – әртүрлі дене беттерінің ілінгіштік қабілеттілігі.

Атмосфераға тұрақтылық – заттардың атмосфералық факторлар әсеріне төтеп беру қабілеттілігі.

Аморфты күй анықталмағандық құрылымдағы зат.

Ылғалға тұрақтылық – материал қасиетінің ылғал әсеріне ұзақ кедергі көрсетуі. Су өткізгіштік – материалдың қысымда ылғал өткізу қасиеті.

Суға тұрақтылық материалдың суға қаныққан шегінде беріктік деңгейінің төменеуі.

Су ұстағыш қабілеттілігі – ерітінді қоспаның артық суды ұстау қабілеттілігі.

Толық беріктікке жету уақыты – байланыстырғыш сипатына қарай материалдың толық беріктікке жету уақыты.

Түзету уақыты – материалдың серпімділігін сақтау уақыты.

Қатаю уақыты – материалдың серпімділігін жоғалту уақыты.

Гигроскопиялық – ауадағы ылғалды сіңіру қабілеттілігі.


Гидрооробность – су жұқпайтындық қасиеті.

Ерітіндінің қажеттілік қабілеттілігі – ерітіндінің жұмысқа қабілеттілік уақыты.

Дыбыс жұтқыштық – қарқынды дыбысты әлсіздендіру қабілеттілігі.

Үйкелгіштік – материалдың үйкелгіш күштер әсеріне кедергі қасиеті.

Конгломерат күрделі құрам.

Колеровка – ақ бояуға пигментті пасталарды қоса отырып дара бояу дайындау процесі.

Ағару коэффициенті – материалдың ағару деңгейінің көрсеткіші.

Суыққа төзімділік – материалдың маусымды мұздату және ерітуге қабілеттілік қасиеті.

Пластикалық, эластикалық – материалдың жүктеме әсерінен пішіні мен өлшемін жүктемеден кейін пішіні мен құрылымын сақтай отырып өзгертуі.

Ерітінді массаның қозғалғыштығы – ерітінді қоспаның өз күшімен немесе ішкі күштер әсерінен ағу қабілеттілігі.

Сығуға беріктігі – бұзылу басталғанға дейін материалдың максималды қысымы.

Ілінісу беріктігі – бұзылу басталғанға дейін материалдың максималды созылуы.

Жарыққа тұрақтылық – ультра күлгін сәуле әсерінен материалдың түсін өзгерту қабілеттілігі.

Жылу өткізгіштік – материалдың жылу өткізгіштік қабілеттілігі.

Релаксация – деформация әсерінен кернеудің өздігінен төмендеуі.

Ретардация – деформацияның өздігінен өзгеруі.

Седиментация – қатты фазаның отыруы.

Отыру – материалдың кебу, қатаю кезінде өлшемі мен көлемінің кішірею қасиеті.

Шликер – сулы суспензия.

Эвтетика – қоймалжыннан қатты күйге өту қабілеттілігі.


2. Дәріс сабақтарының тақырыптары және олардың қысқаша мазмұны.

Дәріс 1. Кіріспе. Негізгі түсініктер.


Дәріс жоспары:

1. Құрылыс конструкцияларының түрлері және оларды қолдану аясы.

2. Құрылыс конструкцияларының есептеудің негізгі ережелері.

1. Бірде-бір ғимаратты құрылыс материалдары мен олардың қасиеті туралы жан-жақты білімсіз жобалап тұрғызу мүмкін емес. Барлық материалдар белгілі МЕСТ-ке, сонымен қатар Құрылыс нормалары мен ережелері деп аталатын нормативті құжаттар жүйесіне сәйкес келеді.

Бұл құрамның байланысын, материалдардың қасиеті мен құрылуын, сонымен қатар олардың физика-химиялық, физикалық, механикалық және басқа да әсерлердегі өзгерісі заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Кез келген материал құрылымда жүктемеге немесе қоршаған орта әсеріне ұшырайды. Материалдың ғимаратта қолданылу жұмыс шартына байланысты құрылыс материалдары төмендегідей жіктеледі:

1. әмбебап типтегі материалдар (қатаң құрылымдарға арналған)

2. арнайы бағыттағы материалдар (әсерден қорғауға арналған)

Олардың қолданылу аймағы материалдардың қасиеттеріне байланысты. Барлық қасиеттері өзіндік ерекшеліктеріне қарай төмендегідей жіктеледі:

1. Физикалық. Оларға салмақтық сипаттамалары, тығыздығы, сұйықтар, газдар, жылу мен радиосәулелер үшін өткізгіштік, қоршаған ортаның агрессивті әсеріне кедергілік қасиеті жатады.

2. Химиялық. Материалдардың қышқыл, сілті, тұзды ерітінділерге тұрақтылық көрсеткіштерімен бағаланады.

3. Механикалық. Қысу, созу, соққылау, майыстыру және тағы да басқа күштік әсерлерге кедергілік қабілетімен сипатталады.

4. Технологиялық. Материалдың бұйым даярлау кезінде өңдеуге төзімділік қабілеттілігі.

Бұйымның құрылымы эксплуатацияға сенімді (жарамды) және төзімділікті қамтамасыз ету қажет.

Сенімділік дегеніміз төзімділік, бұзылмау, жөндеуге жарамдылық, сақталғыштық.

Төзімділік – бұйымның қасиеті жұмысқа жарамдылығын қажетті аралық жөндеулермен шектік деңгейге дейін сақтауы. Шектік деңгейі бұзылу, техника қауіпсіздігі немесе экономикалық мәселелермен анықталады. Төзімділік эксплуатация режимі мен нақты климаттық шарттарда эксплуатациялық сапасын жоғалтпай қызмет көрсету мерзімімен өлшенеді.


Бұзылмау – эксплуатация шарты мен белгілі режимде белгілі уақыт аралығында жөндеуге түспей бұйымның жүмысқа қабілеттілігін сақтауы.

Жөндеуге жарамдылық – техникалық сипаттамасын сақтай отырып қайта қалпына келуге қабілеттілік қасиеті. Орташа уақыт, еңбек сыйымдылығы, бір бұзылуды жөндеу бағасы көрсеткіштер болып табылады.

Сақталғыштық – техникалық құжаттамада белгіленген сақтау мерзімінде және сақтау мерзімінен кейін, тасымалдауда негізделген эксплуатациялық көрсеткіштерді сақтау қасиеті.


Қажетті әдебиет:

Сетков В.И., Сербин Е.П. Строительные конструкции- М.: ИНФРА-М,2005 г., 448 с.

Бубнович Н.В. и др. Строительные конструкции. Алматы, Изд-во «ЭВЕРО», 2005г. 116 с.


Дәріс 2. Металл конструкциялардың материалдары.

Дәріс жоспары:


  1. Құрылыс болаттары.

2. Алюминий қорытпалары

1. Адамзат тіршілік ету үшін негізгі материалдық жағдайы – баспана болып табылады. “Адамдар саясат, ғылым, өнер, дінмен толыққанды айналысуы үшін алдымен ішіп-жеп, киініп өз баспанасының қожайыны болуы керек”,-деп Энгельс айтқан. Қолданылуына, қабаттылығына, сонымен қатар ғимарат құрылымының материалына байланысты әртүрлі кластарға жіктеледі. Олардың әрқайсысының өз қолданылу аймағы бар.

Ғимарат – адамзат қоғамының қажеттіліктерін қамтамасыз ететін ішкі кеңістігі бар жер үсті құрылысы. Ішкі кеңістігі жоқ жер үсті құрылысы, сонымен қатар барлық жер асты және су асты құрылыстарын инженерлік құрылыстар деп атайды.

Ғимараттардың пайдалану мақсатына байланысты азаматтық, ауылшаруашылық және өндірістік болып үш топқа жіктеледі.

Азаматтық ғимараттар тұрғындық және қоғамдық болып бөлінеді. Азаматтық ғимараттар орналасқан орнына қарай қалалық және ауылдық болып ажыратылады.

Өндірістік ғимараттар орындалатын өндірістік процестердің сипатына қарай химиялық, металлургиялық, машина жасау, транспорттық және қоймалық болып бөлінеді.


Ауылшаруашылық ғимараттар ауылшаруашылық өндірісінің әртүрлі салалары (мал өсіру фермалары, құс фермалары) үшін қызмет етеді.

Ғимараттың ішкі кеңістігі жеке бөлмелерден тұрады. Бөлмелер – ғимарат ішіндегі барлық жағынан жабылған тұтас кеңістік.

Бір деңгейде орналасқан бөлмелер мен едендер қабат құрады. Ғимараттар қабат санына қарай аз қабатты (1-2), орта қабатты (3-5), көп қабатты (6-10), жоғары қабатты (11-16) және биік (16-дан жоғары) болып бөлінеді. Қабаттардың орналасуына байланысты жертөлелер, цокольды, жер үсті және мансардты болып келеді. Егер қабаттың төмендеуі бөлме биіктігінің жартысынан төмен болса цокольды қабат, ал жоғары болса жертөлелер болып бөлінеді. Жер үсті қабаттары – еден деңгейі ғимарат маңындағы жер деңгейінен жоғары барлық қабаттар. Мансардты қабаттар - чердак деңгейінде орналасқан қабаттар. Ғимараттың қабаттылығын анықтауда тек жер үсті қабаттары ғана есепке алынады. Төменге түскен қабаттар бірінші қабат еденінің деңгейі жер деңгейінен 2 м немесе одан да жоғарыда орналасса ғана есепке алынады.



Қажетті әдебиет:

Сетков В.И., Сербин Е.П. Строительные конструкции- М.: ИНФРА-М,2005 г., 448 с.

Бубнович Н.В. и др. Строительные конструкции. Алматы, Изд-во «ЭВЕРО», 2005г. 116 с.


Дәріс 3. Материалдар жұмысы.

Дәріс жоспары:

1. Бір мәрте статикалық созуға және сығуға болаттың қорытпаларының жұмысы

2. Бір мәрте статикалық созуға және сығуға алюминий қорытпаларының жұмысы

1. Құрылыс материалдарының өртке тұрақтылығына ғимараттың өртке тұрақтылығы байланысты болады. Ғимараттар өртке тұрақтылығына қарай жанбайтын, ауыр жанатын және жанатын болып жіктеледі. Жанбайтын материалдардан орындалған құрылымдар жанбайтындар категориясына жатады. Ауыр жанатын және жанатын материалдардан орындалған, бірақ өрттен сылақ (штукатура) немесе қаптама (облицовка) арқылы қорғалған құрылымдар ауыр жанатын категорияға жатады.


Тұрақтылық шегі ғимараттың өрт немесе температура әсерінен қабілеттілігі мен тұрақтылығының шығынына, немесе тесілген жарықтардың пайда болуына, өртке қарсы бетте температураның қауіпті жоғарылауына кедергісі. Тұрақтылық шегі сағатпен белгіленеді. Сонымен тұрақтылық шегі дегеніміз құрылымның беріктік сапасын жоғалтпай өрттің таралуына бөгет немесе жану объектісі болатын уақыт.

Өртке тұрақтылығына қарай ғимараттар V деңгейге бөлінеді.

I деңгей – жанбайтын материалдардан орындалған ғимарат, мұнда сыртқы қабырғалары үшін өртке тұрақтылық шегі 2,5 сағаттан аз емес, жабындар (темірбетонды және кірпіш құрылымдар)үшін – 1 сағат.

II деңгей – ауыр жанатын материалдардан орындалған ғимараттар, тұрақтылық шегі 0,25 сағат.

III деңгей – ауыр жанатын материалдармен жабылған ғимараттар.

IV деңгей – барлық негізгі құрылымдар ауыр жанатын материалдардан орындалған ғимарат.

V деңгей – толығымен жанатын материалдардан орындалған ғимараттар.

Архитектуралық айқындық архитектураның әдемілігімен сипатталады.

Құрылыстың тиімділігі – құрылыс масштабы, массалық сипаты ұлғайған сайын мағынасы өсетін негізгі талаптардың бірі.

Арқалық, рама, стойка сияқты жапсырылған құрылмалар ғимарат элементтерін жабуға арналған. Оларды суға төзімді желімдермен жапсырады. Суға төзімді желім ФБА, ФОК.


Қажетті әдебиет:

Сетков В.И., Сербин Е.П. Строительные конструкции- М.: ИНФРА-М,2005 г., 448 с.

Бубнович Н.В. и др. Строительные конструкции. Алматы, Изд-во «ЭВЕРО», 2005г. 116 с.


Дәріс 4. Металл конструкциялар элементтерінің жұмысы және есептеу ерекшеліктері.

Жоспар:


  1. Металл конструкциялар элементтерінің жұмысы және есептеу ерекшеліктері.

2. Ортадан жүктелген элементтердің жұмысы және беріктікке есептеу


1. Құрылыс процесінде және эксплуатациялауда ғимарат көптеген әртүрлі жүктемеге түседі. Бұл күштерге құрылым материалдары қарсыласу нәтижесінде онда ішкі кернеу туындайды. Осы күштердің бірі ғимаратқа үздіксіз әсер етеді – тұрақты жүктеме (өз салмағы), басқалары уақыт бөліктерінде әсер етеді – уақытша. Жаңа неғұрлым берік материалдарды үздіксіз пайдалану және ғимарат құрылымының салмағын азайту нәтижесінде құрылысшылардың алдында жаңа міндет пайда болды. Негізгі уақытша жүктемелердің бірі жел жүктемесі. Ғимарат неғұрлым биік болған сайын соғұрлым желдің әсері де күштірек. Ғимараттың жел соғып тұрған жағынан кеңістік пайда болады. Ол кері қысым туғызады да осының әсерінен желдің әсері артады. Желдің қатты күші соққылық, динамикалық әсерлер туғызып ғимаратты эксплуатациялау шартын қиындатады. Қар жүктемесі де уақытша жүктемеге жатады. Әртүрлі биіктіктегі ғимараттарға көп көңіл бөлінуі қажет. Ғимараттың жоғары және төмен бөліктерінің шекарасында қар көшкіні деп аталатын құйын түзіледі. Ауыспалы температура әсерінен қар массиві мұзға айналып ауырлайды және қауіпті бола бастайды. Қар көшкіні желдің әсерінен біркелкі болып жатпайды және ассиметрия түзе отырып құрылымға қосымша кернеу туғызады. Уақытша жүктемеге сонымен қатар пайдалы жүктеме де жатады. Күн жылуы мен аяздан туындаған кернеу температуралы-климаттық деп аталады. Құрылым қызғанда көлемі мен өлшемін үлкейтеді, ал салқындағанда көлемі азайып кернеу туады. Ғимараттың жоғары қауіптілігінде кернеу жоғары мәнге ие болады, яғни мүмкіндік кернеуден асып кетеді. Осыған ұқсас ғимарат біркелкі емес отыруда пайда болады. Отыру және температуралық әсерлерден кернеуді алу үшін ғимаратты деформациялық шекті жеке бөліктерге бөледі. Егер ғимаратты температуралық деформациядан қорғаса, онда шекті температуралық, ал отыру деформациясынан болса онда – отыру. Сонымен қатар ғимаратқа ерекше әсерлер де бар: сейсмикалық, жарылыс әсерлері, авария немесе технологиялық жабдықтардың сынуы әсерінен туындайтын жүктемелер және т.б. Жүктеменің таралу орнына байланысты: нақтыланған және біркелкі тараған. Әсер сипатына қарай: статикалық, динамикалық. Ғимараттың өз салмағымен қоса барлық жүктемелер іргетас арқылы грунтқа беріледі. Грунт уақыт бойынша өзгеретін және ғимаратты бекіту үшін орта немесе материал ретінде негіз үшін пайдаланылатын көп компонентті жүйеден тұратын кез-келген тау тілімі немесе түрі. Жүктемені тікелей көтеретін грунт негіз деп аталады. Ғимарат жүктемесін өзінің табиғи қабілетімен көтеретін грунт табиғи деп аталады. Қажет болған жағдайда оны жасанды бекітеді, ол – жасанды.


Ежелден үш құрылымды жүйе белгілі: 1. тіректі-арқалықты, мұнда горизонтальды элемент арқалық иілуге жұмыс жасайды. 2. арнайы, мұнда материал қысылуға қызмет етеді. 3. аспалы, мұнда горизонтальды элементтер созылуға қызмет етеді. Қазіргі заманғы жалпы ғимарат құрылымында құрылымдық сұлбаның үш түрі бар. Оның негізгісі тіректі-арқалықты жүйе: көтергіш сыртқы және ішкі қабырғалар, сыртқы көтергіш қабырғалармен ішкі жеке тіректер, көтергіш жеке тіректер.


Қажетті әдебиет:

Сетков В.И., Сербин Е.П. Строительные конструкции- М.: ИНФРА-М,2005 г., 448 с.

Бубнович Н.В. и др. Строительные конструкции. Алматы, Изд-во «ЭВЕРО», 2005г. 116 с.



следующая страница >>