https://electroinfo.net

girniy.ru 1






ӨНДІРІСТІК КЕҢЕС ХАТТАМАСЫ № 7


04 ақпан 2013 жыл Мәртөк селосы


Төрағалық етуші: сот төрағасы Олжаш Ж.

Құрамында: судья М.Сарсенов, кеңсе меңгерушісі Бекмухамбетова Д.Ж


Хатшы: Қ.Мынгжанов


Қатысқандар: сот мәжілісінің хатшылары: Прокофьева И А.Бекетов, кеңсе бас мамандар: Кузбаева Ж.М А.Хабирова.

Қатыспағандар: кеңсе меңгерушісі К.К Жасарова бала бағу демалысында болуына, бас маман Утаралина –бала күтіміне демалыста болуына байланысты.


КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Мәртөк аудандық сотының 2013 жылының 1 жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2012 жылы ҚР ҚК-нің 175 бабы бойынша қаралған қылмыстық істерге талдау жасау.

Сағат 18-00- де төрағалық етуші кеңес мәжілісін ашық деп жариялады.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Мәртөк аудандық сотының судьясы Сарсенов баяндады:

Мәртөк аудандық сотының 2013 жылы 1 жартыжылдығының жұмыс жоспарын орындау мақсатында 2012 жылы ҚР ҚК-ң 175 бабы бойынша қаралған қылмыстық істерге талдау жасалды.

Статистикалық деректемелеріне сай, ҚР ҚК-ң 175 бабы бойынша 59 қылмыстық іс түскен немесе барлық түскен қылмыстық істердің 50 % құрайды. Оның ішінде 175 бабы 1 бөлігі бойынша 20 іс, 175 бабы 2 бөлігі бойынша 38 іс , ал 175 бабы 3 бөлігі бойынша 1 іс құрайды.

2011 жылы осы бап бойынша 86 қылмыстық іс сот өндірісінде болған. Салыстарғанда 2012 жылы 27 қылмыстық іске түсуі азайды. Қаралған істердің ішінде 7 адамға қатысты 6 үкім шығарылған, ал 69 адамға қатысты 67 қылмыстық іс қысқартылған, оның ішінде бітімгершілілке байланысты 66 қылмыстық іс қысқартылған.

№ 1-97/2011 жылғы Мукангалиев пен Тлеугалиев ҚР ҚК-нің 251 бабы 1 бөлігі және 175 бабы 3 бөлігіне сай үкімі бойынша 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған, сонымен үкімі апелляциялық алқасында өзгертусіз қалдырылған.


Ұрлық меншікке қарсы қылмыстардың біреуі.

ҚР ҚК-нің 175 бабы бойынша ұрлық, яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау.

Аталмыш бабының 1 бөлігімен екі жүзден жеті жүзге дейін айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл, не жүз сексеннен екі жүз қырық сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не екі жыл түзеу жұмыстарына тарту, не үш жылға дейін бас бостандығын шектеу, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың екінші бөлігімен мүлік тәркіленіп немес онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осы баптың үшінші бөлігімен мүлкі тәркіленіп үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2012 жылы 6 адамға қатысты 5 айыптау үкімі шығарылды, ал 50 адамға қатысты 48 қылмыстық іс қысқартылды, 2 адамға қатысты 1 іс соттылығы бойынша жолданды, үш адамға қатысты үш қылмыстық іс іздеу жариялауына байланысты прокуратура органдарына қайтарылды.

ҚР ҚК-нің 67 бабы бойынша 47 адамға қатысты 44 қылмыстық іс қысқартылған, ал 4 адамға қатысты 4 қылмыстық іс бойынша ҚР «Рақымшылық туралы» Заңына сәйкес қысқартылған.

Үкімі шығару арқылы қаралған істер бойынша № 1-38/12 санды 175 бабы 1 бөлігі сай Шандыбасовқа қатысты қылмыстық іс бойынша сотталушы 1 жылға бас бостандығы шектелді, үкім шағымдалмаған.

№ 1-20/12 санды 175 бабы 2 бөлігі сай Ахмедчин мен Дюкаревқа қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімімен шартты түріндегі 3 жылға бас бостандығынан айырылған, үкім шағымдалмаған.

№ 1-60/12 санды ҚР ҚК-нің 175 бабы 2 бөлігі сай Желтяковқа қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімімен 3 жылға шартты түріндегі бас бостандығынан айырылған.

№ 1-38/12 санды 175 бабы 3 бөлігі сай Мухангалиевке қатысты қылмыстық іс бойынша сотталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылған, үкім шағымдалмаған.

Қаралған қылмыстық істер бойынша ешқандай мәселелер мен сұрақтар туындалмаған.


Төрағалық етуші жарияланған мәліметтер бойынша қандай сұрақтар болады деп сұрады.


Сұрақтар түспеді.

Өндірістік кеңес қаулы етті :


  1. Өндірістік жиналыста талқыланған жағдайлар жұмыс барысында негізге алынсын.

Сағат 18.30 да төрағалық етуші өндірістік кеңес мәжілісін жабық деп жариялады.


Төрағалық етуші: Ж.Олжаш

Хатшы : К.Мынгжанов