https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 6 7




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің 2010 жылғы «4» қарашадағы

№ 392 бұйрығымен

бекітілген


Жарылыс өрт қауіпті өндірістерге арналған

өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жалпы талаптары


1 - тарау. Жалпы талаптар


1. Талап:

қауіпті өндірістік объектілерді жобалау, құрылысы, пайдалану, кеңейту, қайта салу, техникалық қайта жабдықтау, консервациялау және тарату кезінде:

мұнай және газ өңдеу, улы және тотықтандыратын заттардың айналымы мен сақтауға байланысты, сондай-ақ бу, газ және шаң ауалық жарылыс өрт қауіпті қоспаларды пайда болдыруға қабілетті химиялық және мұнай химиялық өнеркәсіптер мен басқа өндірістерде;

мұнай өнімімен қамтамасыз етуде;

жарылыс қауіпті заттарды, сутегі, аммиак, сұйытылған көміртсутекті газдар мен жылдам тұтанғыш сұйықтарды қоса алу, сақтау (құю - қотару) және пайдалануда;

осы объектілердің техникалық құрылғыларын дайындау, монтаждау, реттеу, қызмет көрсету және жөндеу кезінде;

қауіпті өндірістік объектілерде ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, пайдалану, консервациялау және тарату кезінде;

қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу кезінде пайдалануға арналған.

2. Технологиялық жүйеге кіретін технологиялық блоктардың барынша аз жарылыс қауіптілік деңгейі технологиялық регламентті өңдеумен, технологиялық жүйені жеке технологиялық блоктарға бөлумен, оның аппаратуралық безендірілуімен, ажырату құрылғыларының түрін таңдаумен және оларды орнату орындарымен, негізді технологиялық мақсатқа лайықтылық кезінде бақылау, басқару және аварияға қарсы қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі.

3. Жобалық ұйыммен әрбір технологиялық блоктың энергетикалық деңгейін бағалау жүргізіледі және санат есебі бойынша оның жарылыс қауіптілігі (1-қосымша) анықталады, шаралар мен қорғаныстың техникалық құралдарын пайдалану мен сенімділігінің тиімділігіне, олардың осы блоктың және жалпы барлық блоктың жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қабілетіне негіздеме беріледі.


4. Есеппен анықталатын блоктардың жарылыс қауіптілік санаттары егер технологиялық блокта айналыстағы заттар (шикізат, жартылай өнім, дайын өнім) қауіптіліктің І немесе ІІ сыныбына жататын болса немесе өткір бағытты әрекет механизміне ие болса біреуге жоғары деп қабылданады.

5. Технологиялық аппаратурада зиянды заттар болғанда немесе олардың пайда болу мүмкіндігі кезінде ұйымда персоналды бұл заттардың жарылысы, өрт немесе басқа авария кезінде қорғау шаралары өңделеді.

6. Жарылыс өрт қауіпті технологиялық процесстерді жүргізу өнім өндірісіне арналған технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

Технологиялық жүйеге, аппаратуралық безендіруге, бақылау, байланыс, хабарлау және аварияға қарсы автоматты қорғаныс (бұдан әрі - АҚАҚ) жүйелеріне өзгерістер енгізу жобаны дайындаушымен немесе осындай объектілерді жобалауға мамандандырылған ұйыммен келісілген жобалық және техникалық құжаттамаға өзгеріс енгізгеннен кейін, жобалық құжаттама бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптаманың оң қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады. Енгізілген өзгерістер технологиялық жүйенің жалпы барлық жұмыс қабілеті мен қауіпсіздігіне теріс әсер етпейді.

7. Қойылтылған жарылғыш заттарды (бұдан әрі - ЖЗ) сұйық немесе қатты фазада алумен, қайта өңдеумен және пайдаланумен байланысты өндірістер мен жекелеген технологиялық процесстер үшін, жарылыстан қорғау және жарылыстың алдын алу шаралары тиісті нормативтік құжаттама бойынша өңделеді.

8. Құрамында жарылыс қауіпті технологиялық блогы бар өндірістерде жаңа технологиялық процесстерді немесе жекелеген сатыларды өңдеу, қайтадан өңделетін жабдықтың бастапқы үлгілерін сынау, автоматтандырудың тәжірибелі құралдары мен жүйесін байқау бойынша тәжірибе жұмыстарын жүргізу бекітілген Қазақстан Республикасының «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» 2002 жылғы 3 сәуірдегі Заңымен ресімделеді.

9. Өндірістің технологиялық және басқа спецификалық ерекшеліктерін есепке алумен әрбір жарылыс өрт қауіпті объекті үшін аварияны тарату мен аварияны ескерту бойынша персоналдың әрекеті қарастырылатын, ал олар пайда болған жағдайда оның салдарының ауырлығын барынша азайту мен шектеу, бұл ретте пайдаланылатын теникалық құралдар мен жүйелер бойынша аварияны тарату жоспары өңделеді.



2 - тарау. Технологиялық процесстердің

жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар


10. Әрбір технологиялық жүйе үшін технологиялық блоктардың жарылыс қауіптілігін барынша азайтатын шаралар қарастырылады, оған:

технологиялық жабдық ішіндегі жарылыстар мен өрттердің алдын алу;

технологиялық жабдықты бұзылудан сақтауды қорғау және одан авариялық герметизациясын жою кезінде атмосфераға жанатын заттардың лақтырылуын барынша шектеу;

өндірістік ғимараттар, құрылыстар мен сыртқы қондырғылар көлемінде жарылыстар мен өрттің пайда болуын болдырмау;

өндірістік ғимараттар, құрылыстар мен сыртқы қондырғылар көлемінде жарылыстар мен өрт салдарының ауырлығын төмендету кіреді.

11. Технологиялық процесстер олардың өлшемдерінің регламенттелген мәндерінде жүйеде жарылыстың болу мүмкіндігін болдырмайтындай ұйымдастырылады. Процесстің жарылыс қауіптілігін анықтайтын өлшемдердің регламенттелген мәндері, олардың өзгеруінің диапазоны, процессті жүргізуді ұйымдастыру (аппаратуралық безендіру мен технологиялық аппараттардың құрылымы, айналымдағы заттардың фазалық жағдайы, гидродинамикалық режимдер және басқа) өлшемдердің сыни мәндері туралы деректер немесе процесске қатысатын заттар үшін олардың жиынтығы негізінде процессті өңдеушімен белгіленеді.

12. Әрбір технологиялық процесс үшін өлшемдердің сыни мәндерінің жиынтығы анықталады. Өлшемдердің өзгеруінің қол жетімді диапазоны технологиялық процесс сипаттамасын есепке алумен белгіленеді. Басқару және АҚАҚ жүйелерінің техникалық сипаттамалары талап етілетін диапазонда процесс өлшемдері мәнінің өзгеру жылдамдығына сәйкес болады (аспаптардың нақтылық сыныбы, өлшеу жүйелерінің инерциялығы, өлшеу диапазоны және басқалар).

13. Параметрлердің белгіленген шектен шығуын болдырмайтын тәсілдер мен құралдар жобалауға, сондай-ақ өндірістің жобалық құжаттамасы мен технологиялық регламентінде керекті деректерде келтіріледі.


14. Жекелеген технологиялық процессті немесе оның сатыларын жарылыс өрт қауіпсіз жүргізу шарттары:

жарылыс өрт қауіпті қоспалар мен өнімдердің пайда болуын барынша төмендетін немесе болдырмайтын шарттардан өзара әрекет ететін компоненттерді рационалды таңдаумен (процессті өңдеушімен белгіленеді);

компоненттерді мөлшерлеудің рационалды режимін таңдаумен, олардың қатынастарының регламенттелген мәндерден ауытқу мүмкіндігін болдырмаумен және жүйеде жарылыс қауіпті шоғырланудың пайда болуымен (жобаны өңдеушімен белгіленеді);

қажеттілігі кезінде процесстің қосымша заттарының: инертті араластырғыш-флегматизаторлар, инертті араластырғыштар пайда болуына соқтыратын немесе жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуына кедергі келтіретін физика-химиялық шарттардан туындай отырып, оны дайындаушы орнатқан технологиялық ортаға енумен (жобаны өңдеушімен белгіленеді);

процесстің гидродинамикалық сипатын (ортаны ауыстыру тәсілдері мен режимі және компоненттерді, ағын мен лек жылдамдығын араластыру) және жылу алмасу сипаттамаларын (жылу ағыны, жылу беру коэффициенті, жылу алмасу беті және басқа), сондай-ақ аппараттардың геометриялық өлшемдері және басқаларды (жобаны өңдеушімен белгіленеді) рационалды таңдаумен;

фазалық қалыпта жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайтын компоненттерді пайдаланумен (жобаны өңдеушімен белгіленеді);

оның жарылыс қауіптілігін төмендететін (жобаны өңдеушімен белгіленеді) технологиялық орта жағдайы өлшемдерінің мәнін (құрамы, қысымы, температура) таңдаумен;

сенімді энергиямен қамтамасыз етумен (жобаны өңдеушімен белгіленеді) қамтамасыз етіледі.

15. Технологиялық жүйенің жарылыс өрт қауіпсіздігінің оңтайлы шарттары:

технологиялық жүйені жобалау сатысында анықталатын оған кіретін технологиялық блоктарды барынша мүмкін қатысты энергетикалық потенциалдармен (Qв) рационалды таңдаумен;

жаралыс қауіптілік деңгейін төмендетуге мүмкіндік беретін жекелеген технологиялық операцияларды процесстерге немесе сатыларға бөлумен (бірнеше саты компоненттерін араластыру, процесстерді реакциондыға және май алмасулыға бөлу және тағы басқалар) немесе бірнеше операцияны бір технологиялық операцияға біріктірумен (реакциялық реакциялықпен, реакциялық май алмасумен және тағы басқа);


технологиялық жүйеге қосымша процессті енгізумен немесе келесі операцияларда (жарылыс өрт қауіпті қоспа пайда болдыруға қабілетті қоспалардан тазарту немесе ортаның қауіптілік деңгейін келесі сатыларда арттыру және т.б.) жарылыс өрт қауіпті ортаның пайда болуын болдырмау мақсатындағы сатыда қамтамасыз етіледі.

16. Құрамына кезеңді әрекеттің жекелеген аппараттары кіретін үздіксіз әрекеттегі технологиялық жүйелер үшін кезеңді әрекет ететін аппараттарды үздіксіз технологиялық желіден (желіге) ажыратудың (қосудың) регламенттелген операцияларын, сондай-ақ оларда ажыратудан кейін жүргізілген операцияларды жарылыс қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.

17. Технологиялық процессті жүргізудің регламенттелген режимінен ауытқыған кезде жарылыс өрт қауіпті қоспа тудыруға қабілетті технологиялық қондырғыларда (жабдық, құбыр өткізгіштер, аппараттар, технологиялық желілер және тағы басқа) желдету қарастырылады, не оларға инертті газдарды, салқындатушы қоспаларды беру жүйесімен немесе басқа да жарылыс қауіпті қоспалардың пайда болуын немесе пайда болу көзі болған кезде олардың жарылуы мүмкіндігін болдырмайтын техникалық құралдармен жабдықталады. Инертті газдар мен салқындатқыш қоспаларды беру жүйелерімен басқару технологиялық процессті жүргізу ерекшелігіне байланысты қашықтан (қолмен немесе автоматты) жүзеге асырылады. Құрамында жарылыс қауіптіліктің І және ІІ санатты технологиялық блоктары бар өндірістер үшін инертті ортаны беруді автоматты басқару қарастырылады; ІІІ санатты технологиялық блокты өндірістер үшін басқару қашықтан, автоматты емес, ал Qв  10 кезінде орын бойынша қолмен басқаруға рұқсат беріледі.

18. Технологиялық жүйенің жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жабдықты (аппараттарды, құбыр өткізгіш бөліктерін және т.б.) іске қосу немесе тоқтату кезінде жүйеде жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын болдырмайтын арнайы шаралар (сонымен қатар инертті газбен үрлеу) көзделеді.

Жобалық құжаттамада технологиялық процесстің ерекшеліктерін есепке алумен жабдықты іске қосу режимі мен тәртібі, оны тоқырау аумақтарын пайда болдырмайтын инертті газбен үрлеу тәсілдері өңделеді және регламенттеледі.


Үрлеудің тиімділігін бақылау автоматты режимде немесе сынаманы кезеңді алу әдісімен үрлеу процесін жүргізудің нақты шарттарын есепке алумен ағатын газдарда оттектің және (немесе) жанатын газдардың болуымен жүзеге асырылады.

19. Әрбір технологиялық блок үшін инертті газ мөлшері және оны тасымалдау жүйесі технологиялық жүйе жұмысының ерекшеліктерін есепке алумен, артудың бір уақыттылығымен таңдалады және жобамен анықталады. Инертті орта өлшемдері технологиялық процесстің жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шартынан туындай анықталады.

20. Технологиялық жүйелер көрсеткіштерді және олардың мәндерінің авария алды (қажеттілігіне қарай - ескерту) дабылын тіркеумен жарылыс қауіптілікті анықтайтын процесстің өлшемдерді бақылау құралдарымен, автоматты реттеу құралдарымен және аварияға қарсы қорғаныспен жарақталады.

Автоматтандыру жүйесі мен құралдарына қойылатын талаптар осы Талаптың 5 - тарауында анықталады.

Егер осы немесе басқа өлшемдерді автоматты бақылау және берілген диапазонда реттеу мүмкін болмаған жағдайда, процесстің жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар әрбір нақты жағдай үшін процессті жүргізу шарттарын есепке алумен анықталады.

21. Жарылыс қауіпті технологиялық процесстер үшін жұмыстың барлық режимінде процесс регламентпен көзделген барынша шекті рұқсат берілген өлшемдері мәндерінің ауытқуы кезінде авариялық жағдайдың туындауын ескертетін және қауіпсіз тоқтауды немесе процессті берілген бағдарлама бойынша қауіпсіз жағдайға ауыстыруды қамтамасыз ететін аварияға қарсы автоматты қорғаныс жүйелері қарастырылады.

22. Аварияға қарсы автоматты қорғаныс жүйелері технологиялық процессті басқарудың ортақ жүйесіне қосылады. Оның іске қосылуы үшін дабылдарды қалыптастыру айналымдағы заттардың қасиеттерімен және процесс сипаттамасымен анықталатын өлшемдердің регламенттелген барынша шекті рұқсат берілген мәндерінде базалануы тиіс.

23. Құрамында жарылыс қауіптіліктің І және ІІ санатты технологиялық блоктары бар кезеңді процесстермен технологиялық объектілер бақылау, басқару және регламенттелген жұмыс тәртібінде іске қосу мен шығарудың және тоқтаудың аварияға қарсы қорғаныс жүйелерімен жарақталады.


24. Технологиялық жүйенің оған кіретін блоктардың жарылыс қауіпсіздік санатын есепке алумен, технологиялық процесстің ерекшелігімен, энергетикалық тұрақтылығы энергиямен жабдықтаудың рационалды схемасын таңдаумен, электрмен қоректену көздерінің санымен (негізгі және резервті), олардың сенімділігімен қамтамасыз етіледі, мүмкіндікті болдырмайды:

жүйенің герметикалығының бұзылуы (жылжымалы қосылыстар тығыздауларының герметизациясын жою, жабдықтың қысымның артуынан бұзылуы және т.б.);

жүйеде жарылыс қауіпті ортаның пайда болуы (өнімдердің реакционды аймақта болу уақытының артуы есебімен, оған түсетін өнімдер қатынасының бұзылуымен, басқарылмайтын процесстердің дамуымен және т.б.).

Технологиялық процесстің энергиялық тұрақтылықтығын сипаттайтын өлшемдер, осы тұрақтылықты қамтамасыз ететін құралдар мен әдістер процессті өңдеу кезінде анықталады және регламенттеледі.

25. Технологиялық процесстер өлшемдердің критикалық мәндерінде, сонымен қатар жарылыс аумағында жүргізілмейді. Процессті критикалық мән аумағында (жарылыс аумағында) жүргізудің негізді қажеттілігі жағдайында жабдықтың ішінде жарылыс бастауы көздерінің туындауының алдын алатын немесе болдырмайтын (механикалық және электр ұшқындар, жылытылған денелер мен беттер және басқалар) процессте айналатын өнімдер үшін барынша аз энергиядан немесе жану температурасынан асатын энергиясы немесе температурасы бар әдістер мен құралдар қарастырылады.

Бұл жану көздерінің пайда болуын болдырмайтын әдістер мен құралдарды таңдау, әрбір нақты жағдайда жарылыс қауіптілік санатын, технологиялық процесс және осы Талап ерекшеліктерін есепке алумен анықталады.

26. Тұтанудың қауіпті көздерін болдырмау мүмкін емес жарылыс қауіпті орталы технологиялық жүйелер жарылысты ескерту және жабдық пен құбыр өткізгішті бұзылудан қорғау құралдарымен (мембраналы сақтандыру құрылғыларымен, жарылғыш клапандармен, инертті газбен салқындатқыш жүйелерімен, жалынды жайылтпау құралдарымен және басқа) жарақталады.


27. Жанатын өнімдер (газ тәрізді, сұйық, қатты) айналатын, ауамен жарылыс қауіпті қоспалар туғызуға қабілетті технологиялық жүйелер герметикалы және жұмыстың барлық тәртібінде қоршаған ортада осы заттардың қауіпті қойылуының пайда болуын болдырмайды. Герметизацияға қойылатын талаптар қауіптілік факторын есепке алумен осы Талаптың 3 - тарауында анықталады.

28. Жабдықта жарылыстар мен өрттердің алдын алу бойынша шаралар процесстің жұмыс өлшемдері кезінде айналатын заттардың жарылыс өрт қауіптілік көрсеткіштерін есепке алумен өңделеді.

29. Жарылыстар мен өрттердің алдын алу бойынша шараларды өңдеу кезінде ғимараттар мен құрылыстар көлемінде өрт қауіпсіздік талаптары ескеріледі.

30. Қатты шаңданатын және дисперсті заттарды пайдаланумен байланысты сатылардағы технологиялық жүйелер үшін жанатын шаңның үй-жай (жұмыс аумағы), сыртқы қондырғы атмосферасына түсуін және оның жабдықтар мен құрылыс құрылымдарында жинақталуын барынша азайтатын шаралар мен құралдар, шаң жинау құралдары, оның кезеңділігі мен ауаның шаңдануын бақылау қарастырылады.

Қатты дисперсті жанатын заттар аппаратураға жүктеледі және ерітінді, паста немесе суланған қалыпта қайта өңделеді.

31. Әрбір технологиялық блок үшін оның энергетикалық потенциалын есепке алумен жобалық ұйымда жанатын заттардың ауаға лақтырылуын ескертуге немесе оның санын барынша азайтуға, жарылысты ескертуге және өндіріс персоналының жарақаттануын болдырмауға бағытталған шаралар өңделеді және құралдар қарастырылады.

Таңдалған шаралар мен құралдардың жеткіліктілігі әрбір нақты жағдайда негізделеді.

32. Құрамында жарылыс қауіптіліктің І және ІІ санатты технологиялық блоктары бар өндірістер үшін, арнайы шаралар өңделеді:

технологиялық жабдықты арнайы жарылыстан қорғалған конструкцияларда орналастыру;

өндірісті процессті автоматты басқаруды және өндірісті арнайы бағдарлама бойынша авариясыз тоқтауды қамтамасыз ететін, авариялық лақтыру кезінде ажырату операциясын орындау уақыты мен кезектілігін анықтайтын, сондай-ақ прцессті жүргізу, іске қосу және өндірісті тоқтату және басқа шаралар кезінде өндірістік персоналдың қате әрекеті мүмкіндігін болдырмау басқарудың автоматтандырылған жүйесімен және микропроцессорлық техниканы пайдаланумен аварияға қарсы қорғаныспен жарақтау.


33. Құрамында жарылыс қауіптіліктің ІІІ санатты технологиялық блогы бар өндірістер автоматты (есептеу техникасын пайдаланумен немесе олсыз) реттеу жүйесімен, мәні процесстің жарылыс қауіптілігін анықтайтын өлшемдерді бақылау құралдарымен, технологиялық өлшемдерді регламентелген мәндерге немесе процесстің тоқтауына келтіруді қамтамасыз ететін тиімді жылдам әрекет ететін жүйелермен жарақталады.

Qв £ 10 бар технологиялық блоктар үшін өлшемдерді автоматты бақылау кезінде мәні процестің жарылыс қауіптілігін анықтайтын қолмен басқаруды пайдалануға рұқсат беріледі.

34. Жүйенің авариялық герметизациясын жою кезінде қоршаған ортаға жанатын және жарылыс өрт қауіпті заттардың лақтырылуын барынша азайту үшін:

жарылыс қауіптіліктің І санатты технологиялық блогы үшін – іске қосылу уақтыты 12 с артық емес автоматты жылдам әрекет ететін бекіту және (немесе) кесетін құрылғыларды орнату;

жарылыс қауіптіліктің ІІ және ІІІ санатты технологиялық блоктар үшін – іске қосылу уақтыты 120 с артық емес автоматты жылдам әрекет ететін бекіту және (немесе) кесетін құрылғыларды орнату;

энергетикалық потенциалының қатысты мәні Qв £ 10 блоктар үшін қол жетекті бекіту құрылғыларын орнатуға рұқсат беріледі, бұл ретте рационалды орналастыру (оператордың жұмыс орнына барынша жақындауы) есебінен оларды барынша аз, бірақ 300 с артық емес уақытта әрекетке келтіру қарастырылады.

Бұл ретте ағынның қауіпсіз кесілу шарты қамтамасыз етіледі және гидравликалық соққылар болмайды.

35. Жарылыс қауіпті өнімдер айналатын жарылыс қауіптіліктің барлық санатты және (немесе) жекелеген аппараттардың технологиялық блоктары үшін жылдам әрекет ететін бекіту құрылғыларымен жиынтықталатын авариялық босату жүйелері қарастырылады.

жарылыс қауіптіліктің І және ІІ санатты технологиялық блоктарын авариялық босату жүйелері автоматты басқарылатын жетекті бекіту құрылғыларымен қамтамасыз етіледі, ІІІ санатты блоктар үшін қауіпсіз орында орналасқан және іске қосылудың барынша аз уақытымен регламенттелген қол жетекті құралды пайдалануға рұқсат беріледі.


36. Технологиялық блоктарды айналған өнімдерден авариялық босату үшін технологиялық құрылғылар жабдықтары немесе авариялық босатудың арнайы жүйелері пайдаланылады. Авариялық босатудың арнайы жүйелері:

үнемі дайын болады;

жүйенің өзінде де, оны қоршаған атмосферасында да жарылыс қауіпті қоспаның пайда болуын, сондай-ақ аврияның дамуын болдырмайды;

босатудың барынша аз мүмкін уақытын қамтамасыз етеді;

бақылау және басқару құралдарымен жарақталады.

Авариялы босатудың арнайы жүйелері басқа мақсаттар үшін пайдаланылмайды.

37. Авариялы босатудың арнайы жүйелерінің сыйымдылығы технологиялық процессті қауіпсіз тоқтату шарттарымен анықталған мөлшерде өнімдерді қабылдауға есептеледі.

38. Лақтырылатын жанатын газдар мен ұсақ дисперсті материалдар одан әрі жойылу үшін жабық жүйелерге немесе ұйымдасқан жағу жүйелеріне жіберіледі. Таза сутегіге бұл қолданылмайды.

39. Араластырған кезде жарылыс қауіпті қоспа немесе тұрақсыз қосылыс түзуге қабілетті заттардан тұратын газды лақтырылуларды қосуға рұқсат берілмейді.

Әр түрлі қысымды аппараттардан булы газ ортасын лақтырудың газдық желілерін қосу кезінде жоғарғы қысымды аппараттан төменгі қысымды аппаратқа ортаның ағуын болдырмайтын шаралар қарастырылады.

40. Газ ағынында сұйық фаза болған кезде газдарды лақтыру желісінде оның ағып кетуін болдырмайтын құрылғы қарастырылады.

41. Берілген технологиялық тәртіптерден ауытқыған кезде жарылыс өрт қауіпті өнімнің инертті газды беру желісіне түсуі мүмкін процесстерде, инертті газ беру желісінде кері клапан орнатылады.



следующая страниц