https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 14 15


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ


БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

4 деңгейлі СМЖ құжаты

УМКД


УМКД 042-Х.01.20.57

/01-2011

УМКД

Оқытушыға арналған пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

«Мамандандыру практикумы-3»



Редакция №2 от ______



ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Мамандандыру практикумы 3»

«050503» – «Психология» мамандығына арналған




ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





Семей 2011







Алғысөз


ЖАСАЛЫНДЫ

Құрастырушы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “ Психология” кафедрасының аға оқытушысы Абдуллина Г.К.

“______” __________ 2011ж


2.ҚАРАЛДЫ

    1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің “Психология” кафедрасының отырысында

Хаттама №______”__»________ 2011 жыл


Кафедра меңгерушісі: Сатиева Ш.С..


2.2.ӘГҒменҚИ оқу-әдістемелік бюросының отырысында

Хаттама №______”__»________ 2011жыл


Төрағасы _______________


3.БЕКІТІЛДІ

3.1.Университеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды

Хаттама №______”__»________ 2011 жыл

ОӘК төрағасы, бірінші проректор______________ Рскелдиев Б.А.



4.АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ


Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәрістер

3 Практикалық және лабораториялық сабақтар

4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау

5 Студенттің өздік жұмысы


1 ГЛОССАРИЙ





Терминдер

Түсініктер

1.

Глоссарий

(лат.glossarium словарь)мәтінге байланысты ескі немесе аз қолданылатын сөздер тізбегі

2.

Абстракция

(от лат. abstraction - елеңдеу)

3.

Абулия

(от греч. a-терістеу, бөлшек bule - воля - жігерсіздік) – ерік кемістігі

4.

Авторитет

(нем.autoritat, лат autoritas – власть, влияние) – бедел, абырой

5.

Агрессия

(лат.aggressio) агрессиялылық

6.

Адаптация

(лат. adaptation –приспособлять) – бейімделу

7.

Аддиктивті тәртіп

Психоактивті заттарды пайдалану барысында шындықтан аулақтау үшін жасалытын ауытқу тәртібі.

8..

Мінез акцентуации


К.Леонгард еңгізген ұғым. Мінез екпіндеуін білдіреді.

9.

Анализ

(гр.analysis- талдау) - Тұтас бөлікті жеке бөлшектерге бөлудің әдістемесі.

10.

Анализатор

И.П.Павлов еңгізген ұғым-талдағыштар дегенді білдіреді.

11.

Апперцепция

(лат. ad при, к + receptio) қабылдаудың өткен өмірге тәуелділігі.

12.

Апраксия

(гр.apraxia)-мидың бөліктерінің зақымдануы негізінде мақсатты қимыл-қозғалыстарды жасай алмау.

13.

Аромафито-эргономика

Өсімдік иістерін пайдалану арқылы адаға психикалық, эмоционалды және физиологиялық әсер ету.

14.

Ассоциация

(лат. association - соединение) – байланыс қатынастарын айтамыз.

15.

Аутоагрессивті тәртіп

Суицидалды ойлар нәтижесінде қоршаған ортаға қауіп көрсететін пікірлер, әрекеттер.

16.

Аутогенді жаттығу

(от греч.autos – сам, genos- пайда болу)-емдеудің психотерапиялық әдісі. психотерапевтический метод лечения, предполагающий обучение

17.

Аффект

(лат. affectus-душевное жан күйзелісі) – қысқа мерзімде бұрқ етіп көрінетін жан күйзелісі.


18.

Ұрыс әрекеті


Әскери қызметкерлердің ұрысқа белсенді дайындығы.

19.

Әскери шаршау (немесе психонев

роз)

Әртүрлі психосоматикалық бұзылулар барысында әскери қызметкерлердің эмоционалды өзгерісі.

20

Әскери дәстүр

Отан алдында өзінің абыройын, дәстүрін, тәртібін адал атқару.

21

Әскери психология

Психологияның бір саласы.

22.

Әскери басқару

Командирдің әскери қызметкерлер, ұжымды немесе жеке әлеуметтік-психологиялық процестерді басқару арқылы жеке тұлғаға әсер ету.

23.

Әскери тәртіп

Әскери қызметкерлердің қатаң түрде орындайтын және сақтайтын заңдар тізбегі.

24.

Әскери ұжым

Әскери қызметкерлердің әскери, оқу, ұрыс т.б. мақсаттарды жеке орындай алатын жоғары ұйымдасқан топ.

25

Ерік

Өз мінез құлқын меңгере алу қабілеті.

26.

Еріктік әрекет

Белгілі бір әрекетті мақсатты түрде орындауға ішкі, ерекше жағдайы.

27

Қабылдау


-психикалық процесс.

28

Қиял

-психикалық процесс.

29.

Гиподинамия

Қимыл-қозғалыс компоненттерін күшін әлсірету.

30

Іс-әрекет

-психикалық процесс.

31

Делинквентті тәртіп

Қоғамға қарсы бағытталған тәртіп ауытқушылығы, көп жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады.

32

Девиантты тәртіп

Қоғамға қарсы бағытталған адамгершілік бағыттағы тәртіп ауытқушылығы

33

Әрекет ете алу

Өзінің жұмыс істей алу қабілеттілігін көрсете алатын адам психикасының жағдайы.

34

Тілек

Мақсатты ықылас.

35

Мақсат

Белгілі бір процедураға сәйкес іс-әрекет мақсаты.

36

Иллюзии

Алдану

37

Ұжымдық пікір

Тәртіп пікірлерінің қосындысы.

38

Ұжымдық көңіл-күй

Ұжымның көп бөлігіне ие болған біріккен күйзелісі.


39

Мотивация

Іс-әрекетке ұмтылдыратын қосынды

40

Мотив

Субъектінің қажеттілігін өтеуге ұмтылдыратын әрекеттер.

41

Бағыттылық

Жеке тұлғаның күрделі қасиеті.

42

Дағды

Іс-әрекеттің автоматтанған түрі.

43

Ес

-психикалық процесс.

44

Үрей

Қорқыныштың уақытша меңгерілмейтін гипертрофтық күйзелісі.

45

Патомінездік тәртіп

Тәртіп дефектісі негізінде пайда болатын тәртіп ауытқушылығы.

46

Әлуметтік бағдар

Адамдардың қарым-қатынасы мен сенімі.

47.

Тәртіп стандарты

Индивидуалды формалды емес қатынастар.

48

Қызметтік қарым-қатынас

Кәсіби мақсаттарды шешуде пайдаланылатын адамдар қарым-қатынасының негізі.

49

Қызметтік іс-әрекет

Жоғары әскери дайындықты көрсететін әскери қызметкерлердің белсенділігі.


50

Уставты қарым-қатынастар

Әскери уставта көрсетілген қарым-қатынастар.

51.

Экстремалды жағдай

Кез-келген жағдайда адамның өзін-өзі үйлесімді сезінуі.

52

Физиологиялық адаптация

Адамның қоршаған ортаға бейімделе алу қабілеті.



2 Дәрістер

Әскери психология-психология ғылымдар саласы ретінде

Дәріс №1

Жоспар

1.Әскери психологияның дамуы және қалыптасуы.

2. Әскери психологияның тарихы.

3. Ресей психологтарының әскери психологияны зерттеу тарихы.

4.Әскери психология қазіргі психологиялық ғылымдардың саласы ретінде, оның құрылымы және қызметі.


Қазіргі психология ғылымы көптеген салалардан, бөлімдерден, бағыттардан тұрады.Олар психология ғылымдарының даму үрдісінде құрылған.Сонымен қатар мынаны атап өтуге болады, психология өте даудамай кезінде пайда болады, яғни адамдардың іс- әрекетін қандай жағдайларда қиын,кездейсоқ кездерде қалай шешім қабылдау керек тағы да басқа. Осындай әрекеттер қатарына әскери психологияның толық негізбен жатқызуға болады.

“Жауынгердің жан дүниесіне” қызығушылықты антика заманынан бастап-ақ көптеген белгілі қолбасшылар білдірген. Сарбаздың ерік күшін шынықтыру жайлы А.Македонский да айтқан. Жауынгердің псигологиялық дайындығына орыстың қолбасшылары да көп көңіл бөлген. Ресейде әскеи псигологияның дамуына аса маңызды мән берген А.В.Суворов(1730-1800). Негізінен Суворов әскерді психологиялық дайындық жүйесін құрып, іс-тәжірибеде қолданған.Жауынгерлердің ақыл- ой дамуының мәнін түсініп, “әскердің басы болмаса, ешбір жауды жеңе алмаймыз” деп түсіндірген. Сондықтан А.В.Суворов жауынгерлерді қызықтыратын, оларды әрбір жағдайда қалай әрекет ету керегі жайлы, ойландыратын сабақтарды беруге тырысты. Оларға сергек, батыл, табанды әрі жүректі болуға үйретті.А.В.Суворов жауынгерлердің бойына нағыз сарбаздың бойында болатын жеке қасиеттерді атап айтты, олар: Отанға сүйіспеншілік, әскеи борыш сезімі, жеңіске деген сенімділік, тапқырлық, өзін құтқару, ерік, иннициатива, әскеи мінез-құлық, белсенділік және тағы басқа.


А.В.Суворовтың шәкірті М.И.Кутузов(1745-1813)үнемі соғыста адамдардың шешуші ойды айту үшін қолданған. Флотта теңізшілерді моральдық-психологиялық дайындықтан өткізу туралы көп айтқан, осыны көптеген іс-тәжірибеде қолдана білгендер Ф.Ф.Ушаков (1745-1817), Д.Н.Сенявин(1763-1831), М.П.Лазерев (1788-1851), П.С.Нахимов(1802-1855)және тағы басқа.

Адмирал П.С.Нахимов былай деген: “Теңізші ол әскери кеменің қозғауышы, ал біз тек қана оған әсер ететін серіппеміз.теңізші желкендерді реттейді, кеме сыртына секіреді, барлық керек нәрселерді теңізші атқарады... Міне, біз осыларды оқытып, олардың бойына батылдық пен ерлікті игерте білу керек...”

Әскери психологияның XIX аяғында ХХ ғасыдың басында дамуына үлес қосқан С.О.Макаров(1848-1904). Ол үнемі мынаны айтқан,әрбір қадам жасағанда міндетті түрде білім, іскерліктіқолдана білу керек, яғни ол батылдық, тапқырлық,суыққандылық, төзімділік сияқты қасиеттерді құру үшін өте қажет. Тек осындай жоғары моральдык күрестің құрылымы теңізшіге кез келген теңіз күресінде дайын болуға көмектеседі.

С.О.Макаровтың ең алғаш рет теңізшілер мен офицерлердің кемеде қаншалықты өмір сүре алатындығын тексеретін арнайы психологиялық дайындық өткізілетін кемені ұйымдастыруды ұсынды.

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында әскери психологияға үлкен үлесін қосқан генерал М.И.Дрогомиров(1830-1905). Оның еңбектерінде көбінесе әскери тәрбие мен жауынгердің білімі жайлы талқыланған. Әскерді дайындау кезінде ол тәрбие мен оқытуды нақты айыра білді, бірақ оларды бір-бірінен ешқашан айырған жоқ.Ең біріншіден ол белгілі ақыл- ой, адамгершілік қасиеттерді еріктің дамуын моральдық- күрестік күйін және күреске дайындықтың құрылымын бекіту процесінен бастады.

М.И.Дрогомировтың айтуы бойынша оқытуды күрестік жағдайда жасауды ұсынды. Оның мәнін былай түсіндірді, яғни оқытуды жүргізген кезде соғысты елестеттіріп, шынайы қылып жүргізген кезде сарбаздар мен офицерлерде күреске керекті деген психологиялық дайындық туындайды.Күреске психологиялық дайындықты құру мақсатында ол жауынгерлердің бір-бірлеп нысананы ату, траекториялық снарядтардың астында оқыту, екі жаққа күрестік зеңбірекпен атуды ұсынды.


М.И.Дрогомировтың әскери психологиялық көзқарастар жүйесінде орталық орынды екі түсінік алады- өзін-өзі қорғау және жанқиярлық әрекеттер.Соғыстағы адамдардың мінез-құлқын ол осылардың арасындағы күреспен анықтады: жанқиярлық ол еріктерге байланысты құрылып,дамиды. Ал өзін-өзі қорғау- ақылмен байланысты. Еріктің аймағында- тәрбие, ал ақылдың аймағында- оқыту жатыр.Соғыста ең бірінші кезекте жанқиярлық керек , өйткені әскери іс ол көбінесе ақылға емес, ерікке сүйенеді. Сондықтан М.И.Дрогомировтың айтайын дегені оқудан қарағанда, сарбаздың тәрбиесі маңыздырақ.

Психологияның әскери істе толық қолданыуы мүмкін,тек ХХ ғасырда берілді. Қайткенмен де, Бірінші Дүниежүзі соғысында әскерде психологиялық білімді қолданбалы қолдануға итермеледі, сонымен қатар практикалық психологияның толық дамуына түрткі болды. Осы кезге дейін сарбаздың психикасы негізінен тек көбінесе алдыңғы әскери басшылар мен әскери псхиатр – дәрігерлерді ғана қызықтырса, ал одан кейін, яғни Дүниежүзі соғысынан шынайы қауіп төнген соң, психологияға деген қызығушылық арта түсті. Бұған ең алғашқы себеп адами қорды рационалды қолдану мүмкіндігі, ол тек психологиялық ерекшелік пен адамның мүмкіндігі.

Сонымен, АҚШ Бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысуға ерекше белсенді дайындықтарды, бірақ ол кезде ешқандай әскери потенциал болмаған. 1917 жылы соғысқа кірмес бұрын, әскери өкімет мемлекеттің ең ірі психологтарына - Э.Торндайк, Р. Йеркс,Г.Уипплға мынадай ұсыныс жасайды.Олар толық ғылыми бағытты басқаруды сұрайды, яғни ол әскери іске психологияны қолдану жайлы.Американдық психологтар ассоциацисы және ірі университеттер қатары бұл істі осы бағытта тез дамытты. Арнайы секциядан құралған психологиялық комиссия құрылып, олар келесі мәселелерді шешті: әскери психологияны зерттеу,әуе қызметіне жарамдылығына психологиялық сынақ, интеллектіні зерттеуге байланысты жалпы сынақ және тағы басқалары.Комиссияны Р.Йеркс басқарды. Оның басқаруымен ең алғаш әр түрлі бөлімшелердегі қызметке шақыртылғандардың жарамдылығын жалпы бағалауға арналған топтық тест құрылады:әскери тест “альфа”сауаттыларға және әскери тест “бетта”сауатсыздарға арналған.


Бірінші Дүниежүзілік соғысқа кірмес, яғни қатыспас бұрын, американдық психологтар 1700-ден астам сарбаздарды және 40000-ға жуық офицерлерді зерттеген.Қорытындысында олар тек қана бірінші массалық зерттеудің ұйымын ғана шығарған жоқ, сонымен қатар психолгия ғылымын қолдану принципі ол кәсіби психологиялық таңдаудың қолданбалы тәсілін шешуге арналған, ал соғыс жылдарындағы әскери қызметшілерді кәсіби психологиялық таңдау ұйымы қарап, өмрде өзінің көп қолдануына көп мүмкіндік алды.

Бірінші Дүниежүзілік соғыс Ресейде әскери психологиялық дамуына ықпал етті.1897 жылы жаттықтырушы- әуе қалықтауыш саябағында әскери- хирургиялық академияның тілегі әскери дәрігер С.П.Мунт Ресейде ең алғаш арналған физиологиялық және пихологиялық зерттеулер, яғни әуе шарымен ұшқанда оның адамдарға әсер етуі туралы жүргізд.1911жылы Императорлық Бүкіл Ресейлік аэроклуб кеңесінің отырысында С.П.Мунт сөз сөйледі, яғни әуе қалықтауштармен ұшқыштарды зерттеген зерттеудің қорытындысын жария етті. Осыны әскери министрліктерге жеткізеді,оның бұйрығы бойынша 1913 жылы Гатчинстік авиациалық мектептерге ең алғаш Ресейде арнайы физиологиялық зертхана ашылады.

1920 және 1930 жылдың І жартысында Ресейде кәсіби әрекеттің әр түрлі жағдайларда психологиялық білімді қолдану арқылы шешім шығаруға қызығушылық арта түсті.Наркомат еңбектерініңжүйесінде РСФСР кәсіби консультация бюросы ұйымдастырылды,арнайы зертханалар мен кабинеттер ашылды.Олардың міндеттеріне кәсіби бағдар берукешін ұйымдастыру және дайындау, әртүрлі еңбек әрекеттерінің психологиялық анализі жеке ерекшеліктерді зерттеу және адамдардың кәсіпке дайындығын бағалау,нақты ұсыныстарға байланысты мамандарды таңдау.

Психологияның қарқынды дамуына осы кезеңде әскери –саяси және экономикалық факторлар жоғарғы дәрежеде әсер етті. Жас Кеңес үкіметіне мықты әскер қажет болды.Сол кездегі психоллогтардың негігі міндеттері әскери білімді құру спецификасын реттеу,білік және іскерлікті анықтау;оқуға кандидаттың кәсіби жарамдылығын бағалау және әдістер мен әдістемелерді таңдау;әскери мамандардың дайындық үрдісін белсендендіру.Аймақтарда ұшқыштарға арналған әскери мектеп және басқа оқу орындарында психо-физиологиялық зертханалр ашылып, өздерінің зерттеулерін Респупбликаның әскери кеңесімен, кіші академиялық кеңестер психо-физиологтардың секциясыменбасқарылады.


Ресейде 1920 жылы әскери психологияның дамуына өзінің үлесін қосқан М. В. Фрунзе.Қарулы күщтердің әскери психологтардың ең бір маңызды міндеті психолгиялық зерттеуді іріктеу мақсатында және жеке құрамды болу 1924-1925 жылдары М.В.Фрунзе Қарулы күштерді басқарған кезде нұсқау беріп және ол психо-физиологиялық зертхананың әскери еңбекті қолға алуды айтты. Әскери психологтар әр түрлі мамандықтағы сарбаздардың жұмыстарының психофизиологиялық мінездемесін зерттеумен айналысты.Олар кәсіби іріктеу әдісін меңгерумен, бірнеше әскери мамандарға – зеңбірекші, пулеметші және тағы басқа профессиограмма құрумен, әскери мамандарға керек психологиялық қасиеттерді таңдаумен жұмыс істеді. Сонымен қатар олар әртүрлі әскери қызметтен шаршауды азайту және жұмыс қабілетін жоғарлатуға байланысты психологиялық әдісті және физикалық жаттығуларды ойлап шығарды.

Мынаны атап өткен жөн,әскери қызметкерлер мен әскери ұжымның әрекеттеріндегі психологиялық проблемаларды зерттеуде ең мықты мамандар қатысқан.

Сонымен, Б.М.Теплов –ең ірі совет психологы – он жылдан астам әскери мәселелерді психологиялық зерттеумен айналысқан. Оның зерттеулерінің қорытындысы Ұлы Отан соғысы кезінде іс-тәжірибе жағынан көрінді. Көптеген психологиялық әдістер сол кезде тікелей далада өткізілді, ол оған теориялық және практикалық құндылық береді. Көптеген ғылыми зерттеу зертханасындағы тәжірибелер кітап болып әскери- медициналық академияда “РККА –ғы психофизиологиялық еңбектер туралы материалдар” деген тақырыппен жариялады.

1937жылы әскери психология аймағындағы практикалық және зерттеу жұмыстары бәсеңдеді, ол педологияны талқандау кезінде психологиялық және психофизиологиялық зертханалардың жабылуымен түсіндіріледі. Бұл, әрине , Ресейде әскери психологияның дамуы тоқталды деген сөз емес, бірақ оның дамуы қарқыны төмендеді.

Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери психологиялық білімді қолдаудағы және оны таратуға көп жұмыстар жасалды. Әскери психология проблемалары әдістеріне азаматтық психологтар үлес қосты.олар әскери ұжымның психологиясы жөнінде әскери психологиялық зерттеулерде жүргізуге белсенеқатысты,сонымен қатар топ құрамының іс-әрекеттері мен қасиеттерінің ерекшеліктері жайлы, күреспсихологиясы, арнаулы күрескеарнаулы әрекетжаттығуларына араласты. Психологтардың негізгі әрекеттеріндегі ерекше бағыт, ол медико-психологиялық ақтау және күреске деген қабілетін қалпына келтіру және жаралы әскери қызметкердің еңбекке қабілеті. Осы проблеманы шешуге көмектескен совет психологтары Б.Г.Ананьев, С.Г.Геллерштейн, А.В.Запорожец, А.Н.Леонт, А.Р.ЛурияД.Н.Узнадзе және тағы басқалары.


Соғыс жылдарында кейбір жеке проблемаларға байланысты психологиялық зерттеулержүргізіледі, әскери істе практикада кең қолданады.К.Х.Кекчеевкөру және есту сезімталдығын көтеру, көздің бейімделуін жылдамдату әдісі, барлау жұмысының психофизиологиялық негіздері және тағы басқа жолдарды ойлап тапты. Б.М.Теплов “Ум полководца”деген әскери психологиялық зерттеуді басып шығарды. Сарбаздың мінез- құлық мотивациясы сұрағымен С.Л. Рубинштейн айналысты.

Соғыстан кейінгі жылдары әскерде психлогияға дегень қызығушылық бірталай өсті. Бұнда , яғни бейбіт уақытта бөлімдер мен бөлімшелердің жүйесін өзгерту негізінде күрестік тәжірибені жоғарлату .Осымен байланысты 1946-1947 жылдары әскери оқу орындарында әскери психология және педогогика курстары еңгізілді, сол кезекте , ескери психологиялық белсендендіреді зерттеулер оқыс.

Әскери-педагогикалық институттарда студенттер мен оқытушылар және әскери педагогикалық және психологиялық кафедрасының адъютанттарының қатысуымен үлкен ғылыми- зерттеу жұмыстар жүргізілді, оған белсене қатысқан азаматтық психологтар Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин және онын қызметкерлері болды. Олар әскери психологтарға дәріс оқуда,курстық әдістемесіне, оқу –материалдар базасы және ғылыми кадрларды дайындауға көмектесті. Кеңес Әскерінің әскери- институттарының жалпы және әскери психология кафедрасында, М.И.Калинин атындағы жоғарғы әскери- педагогикалық институттардың педагогика және психология кафедрасында зерттеулер жүргізілді.Онда мынадай тақырыптар талқыланған атуға үйрету кезіндегі дайындық жаттығулар психологиясы, оқу есебін шешудегі ойлау процесі, типографиялық картаны оқу процесінде психологиялық анализ жасау, ерік әрекеттінің құрылым психологиясы, суворовшылардың әскери идеялары, кеңес жауынгерлердің ерлігіне психологиялық анализ жасау және тағы басқа.

1948 жылдан бастап медицина ғылымдарының докторы, профессор К.К.Платоновтардың басқаруымен көптеген эксперементтерді жүргізіп, олардың қорытындысы “психология летного труда” монографиясында жазылды. Бұл зерттеулер тек қана ұшу құрамын оқытуға көмектескен жоқ, сонымен қатар жылдам әрі әскери қызметкерлердің кәсіби әрекетін психологиялық қамтамасыз етуде жаңа проблемаларды тиімді шешуге көмектеседі.


1960 жылы әскери психолгия аймағында жоғары квалификациялы ғылыми кадрлары дайындау кеңейе түсті ; оқу құралдары ,монографиялар және басқа жұмыстар дайындала бастады. 1960 жылы І жартысында әскери-психологиялық білімдердің жаңа бөлімдері, сонымен қатар әскери- инженерлік психология пайда болды.

1980-1990 ж.ж. әскери қызмекерлердің кәсіби әрекеттерінепсихология қамтамасыз етуге көп көніл бөлді. Бұл бөлімдер мен бөлімшеге әскери қызметкерлерді кәсіби психологиялық іріктеу. Жоғары әскери оқу орындарында және оқу орындарындағы штаттарға кәсіби психологиялық іріктеу бөлімшесі штаттары еңгізілді.

Өте қысқа уақыт ішінде кәсіби психологиялық іріктеу кең таралды. Бір маманды дайындау – бұл жеткілікті қымбат процедура және үлкен қаржылық шығынды қажет ететіні анық. Егер де оқу процестерінде жеке бастық және әскери қызметкердің жеке психологиялық мінездемесі өзінің болашақ маманына келіспейтіні анықталса, оның дайындалуына кеткен шығын мағынасыз болып қалады. Көптеген зерттеулердің қорытындысы бойынша мынадай жағдай анықталды, жеке психологиялық және әскери қызметкердің жеке мінездемесі болашақ маманына келісіп тұрса ғана, оқуға әсер етеді. Егер де осы сәйкестік жоғарғы деңгейде болса, оқу процесі тез және тиімді жүреді. Сол уақытта әскери қызметкерлер өздерінің жеке психология ерекшеліктері болашақ мамандықтарына сәйкес келмесе, тек қана оқу процестерінде қиыншылық көрмей, сонымен қатар көп жағдайда оқу бағдарламасын меңгере алмайды. Сондықтан кәсіби психологиялық іріктеу, әскери қызметкерлердің сол мамандықтың таланттарына сай келуі, экономикалық жағынан пайдалы.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Ресей Солтүстік Кавказ елдерімен локальді әскери конфликтерге қатысқан әскери қызметкерлерге медико-психологиялық көмек көрсету тиімді жүргізілді. Осы жүйеге негізгі ат салысқандар әскери –медициналық институттардың қызметтері болып табылады.

Қазіргі кезде отандық әскери психология әскери іс-тәжірибеде кездескен проблемаларды шешуге көмектеседі, Қарулы күштің күреске қабілетін жоғарлатуға күш салуда. Әскери психологтар мен әскери дәрігер-психофизиологтардың мақсатқа бағытталған зерттеулер процестерінде көптеген фактылар анықталды, олар тек қана әскери психологияда ғана емес, әскери медицинада, сонымен қатар басқа қазіргі ғылым мен практикада мәнді әрі мағыналы.



следующая страница >>