https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 4 5

Келісілді


Оңтүстік Қазақстан облысы

жер қатынастары басқармасының бастығының м.а.

________________А.Мырзаев


2010 жыл «_____» ____________


Шымкент қаласының

әкімдігінің

2010 ___________ ___________

___________

қаулысымен бекітілген








«Шымкент қаласының

жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


Шымкент қаласы – 2010 жыл


«Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

2011-2015 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары


1 бөлім.

1.Миссиясы (міндеті) және пайымдауы

Шымкент қаласының жер ресурстарын пайдалану және оны қорғау барысында ҚР Жер кодексінің баптарын, Үкімет Қаулыларын басшылыққа алып, үйлестіру жұмыстарын жүргізу.

Қаланың жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану. Жер ресурстарының сапасы мен көлемі жөнінде толық шынайы ақпараттандыру.


2 бөлім.

2.Ағымдағы ахуалды талдау және 2010 жылдың 1 қаңтарына қарағанда Шымкент қаласының жерлерінің қысқаша сипаттамасы

Шымкент қаласының жер аумағы 40,1 мың га құрайды.

№№



Жер санаттары

Жалпы алаңы


га

2009 жыл


Жалпы алаңы

га

2010 жыл

2010ж 2009ж/ға %

1.

Ауыл шаруашылығына арналған жерлер, барлығы оның ішінде:

  • азаматтардың бау-бақша және саяжай құрылыстарын жүргізетін жерлері;




  • азаматтардың шаруа шаруашылығын жүргізетін жерлері;




  • шаруашылық серіктестіктер және акционерлік қоғамдар жерлері




  • ауыл шаруашылық кооперативінің жерлері;

  • басқа мемлекеттік емес кәсіпорындардың жерлері;

  • ауыл шаруашылық ҒЗИ-ң және оқу орындарының жерлері;

  • басқа да кәсіпорындардың жерлері.

16997


794


1391


300


14170

300

--

44

14650


1574


1257


303


11160

311

-

44

86


198


90


100


79

103

-

100

2.

Елді мекен жерлері (қала және ауыл елді мекендері )

18565

19542


105

3.


Өнеркәсіптік, көлік, байланыс, қорғаныс және басқа да ауыл шаруашылық емес саланың жерлері

3265

3392

104

4.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың жерлері

191

191

100

5.

Орман қорының жерлері

419

439

104

6.

Су ресурстарының жерлері

621

621

100

7.

Арнайы жер қоры

20

1245

620




Қаланың жер жинағы

40080

40080

100




Оның ішінде қала аумағы шетінде Сайрам ауданында

4197

4197

100


Қала жерлері

35883

35883

100


Ауыл шаруашылығы пайдалануындағы жерлер 14650 га, оның ішінде:

  • егістік жер 6211 га, оның ішінде ал суармалы егістік жері – 1662 га.

  • көп жылдық екпе ағаштары – 403 га.

  • жайылым – 5695 га.

  • басқа да жерлер – 170 га.


Шымкент қаласының 4,2 мың га жерлері басқа аудандармен пайдаланылуда.

Жер саласындағы жүргізілген жұмыстар, реформа басталған 1993 жылмен салыстырғанда жер қорының санаттары мен алқаптарын орналастыруда айтарлықтай өзгерістерге әкелді.

Жер реформасын жүргізу, жерге жеке меншіктік құқығының аясын біртіндеп өсуіне ықпал етті.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендіру шаралары негізінде 2011 жылдың 1-ші қаңтарына 130 шаруа қожалықтары (фермер) құрылған, 4 ЖШС, 32 ауылшаруашылық кооперативтері құрылған. Іріленген кооперативтер жерлерінің есебінен 3 жаңа шаруа қожалықтары құрылған, 15 ұсақ шаруа қожалықтары басқа жерлер санатына (елді мекендер жерлеріне) ауыстырылды. «Ынтымақ» ӨК жерлерінен 1 кооператив құрылды.

2.1.Стратегиялық бағыт 1.

Жеке тұрғын үй құрылысын салуға сұранысты жер учаскелермен қамтамасыз ету.

2.1. 1)Жеке тұрғын үй құрылысын салуға сұранысты жер учаскелермен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Қала бойынша жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін 01.01.2010 жылға жер учаскесін алуға кезекте тұрғандардың саны 56604 адам.

www.shymkent.gov.kz сайтында азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін берген арыздарының кезегін білуге болады.

Сонымен қатар, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін сұрап жазған өтініштерін арнайы есепке алып, кезекке қоятын «КВАНТУМ» электронды бағдарламасы енгізілген.


Кезекте тұрған азаматтар тізімінің тым көбеюіне негізгі себеп – қажетті инфрақұрылымы бар дайындалған құрылыс алаңшаларының болмауы, жаңа Бас жоспардың жоқтығы.

Шымкент қаласы бойынша кезектегі азаматтар тізімі:




Аудан мен қала атауы

01.01.2005ж бері жазылған арыздар саны

01.01.2005 ж. бері бөлінгені

берілген барлық арыздары санына қарай % (пайызы)

Кезекте тұрған азаматтар саны 01.01.2010 ж

1

Шымкент қаласы

57784

1180

2

56604



следующая страница >>