https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 4 5
Дәріс №1. Кіріспе. Зоология пәнінің мақсаты мен міндеттері. …


Зоологияның даму зандылығы мен негізгі кезеңдері.

Жануарлар әлемі туралы алғашқы деректерді адамдар тас дөуірінен (палеолиттен) бастап жинаған. Жануарларды аулап, қоректену, қолға үйретіп, өсіру арқылы олардың қүрылысы, тіршілігі жөне ауырулары туралы мөліметтер жинап отырған, яғни алғашқы зоологиялық материалдар адамдарға практикалық жағынан белгілі болған. Жануарлар туралы шығармалар Ертедегі Қытайда, Индияда жазылған. Жануарлардың суреттері үңгірлердің қабырғаларывда, тастарда көптеп бейнеленген. Бірақ ғылыми зоологріяның негізін салушы гректің үлы ғалымы жөне ойшысы Аристотель (біздің эрамызға дейінгі IV ғасырда, 384-322 ж.). Ол өзінің "Жануарлар тарихы","Жануарлардың дене бөліктері туралы", "Жануарлардың пайда болуы туралы" деген еңбектерінде жануарлардың 454 түрін сипаттаған. Аристотель жануарларды екі топқа бөлген: 1) қаны бар жануарлар, 2) қаны жоқ жануарлар.

Бірінші топқа барлық жоғарғы топтағы жануарларды (андар, қүстар, гадтар) бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер (жөне балықтарды), ал екінші топқа - бунакденелілерді, піаян төрізділерді, былқылдақденелілерді, басқа төменгі сатыдағы жануарлар-көп аяқтыларды жөне өрмекші төрізділерді жатқызды. Аристотельдің осы алғашқы зоологиялық жүйесі 2000 жыл бойы қолданылып келді. Аристотельдің еңбектерінде адамдар мен жануарлардың салыстырмалы-анатомиялық сипаттамасынан басқа балықтардың, қүстардың жөне сүт қоректілердің (төрт аяқты тірі туушылардың) үрықтық дамуы, жыныс ерекшеліктері мен көбею төсілдері, бунакденелілердің метаморфозы жөне басқа да көптеген мөселелер көрсетілген. Осы сияқты Аристотель жануарлардың тіршілігіне, мінез-қүлқына, сыртқы ортаның қолайлы жөне қолайсыз жағдайларының өсеріне көп коціл болген. Жануарлардың топтарын салыстырған кездс гомологиялық жөне аналогиялық мүшелерді ажьфатқан жөне корреляция, яғни мүшелердің ара кдтьшастары туралы түсінікті енгізді.

Орта ғасырдағы феодалдық қоғамда шіркеу ғылымды алға бастырмады, тек XV ғасырдан бастап жаратылыстану ғылымы, оның ішінде зоология дами бастады. XV-XVI ғасырлардағы бүкіл жер шарындағы географиялық зерттеулер көптеген жануарлар мен өсімдіктердің жаңа түрлерімен танысуға мүмкіндік берді. Швейцария ғалымы К.Геснер, Франция ғалымдары Г.Ронделе мен П.Белон алғаш жануарлардың көп түрлілігі, қүрылысы, тіршілігі туралы шығармалар жазды. XVI жөне XVII ғасырларда зоологияның дамуына микроскоптың жасалуы үлкен өсерін тигізді, себебі ең үсақ тірі жөндіктер өлемін білуге, организмдердің нәзік қүрылысы мен үрықтың дамуын зерттеуге жол ашылды (А.Левенгук Голландияда, М.Мальпиги Италияда, У.Гарвей Англияда жене т.б.). Жануарлар мен өсімдіктердің нағыз ғылыми жүйесінің негізін ірі швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) жасады. Оның 1735 жылы жарық .көрген "Табиғат жүйесі" деп аталатын еңбегі систематиканың ғылым ретіңде дамуына көп әсерін тигізді.


К.Линней бір-біріне бағыныңқы төрт жүйелік категория-таксондар енгізді: түр, туыс, отряд, класс.

Линней жануарлардың 300 туысын, 4200-ге жуық түрлерін сипаттап, жүйеге келтірді, оның 400 түрі омыртқасыздар еді. Ол барлық жануарларды 6 класқа бөлді: І.Сүтқоректілер; 2.Қүстар; З.Гадтар (қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылар); 4.Балықтар; 5.Бунақценелілер; б.Қүрттар. Сонымен барлық омыртқалылар бірінші төрт класқа біріктірілді. Барлық омыртқасыздар екі класқа ғана топтадды.

Түрлерді сипаттау үшін Линней қосарлы немесе бинарлы номенклатура енгізді.Әрбір түр екі латын көзімен айтылады. Біріншісі туыс аты, екінішсі - түр атауы. Линней ғылымға енгізген бинарлы номенклатура жануарлар мен, өсімдіктердің түрлерін бірыңғай халық аралық атпен атауға мүмкіндік береді. Мысалы, Мшса сіотекгіса - үй шыбыны. Линней түрдің өзгермейтіндігін мойындады.

XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басыңда француз зоологы Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясының негіздерін, оның іпіівде корреляция туралы үғымды жасап шығарды. ЖКювье мен оның шөкірті Бленвиль 1825 жылы ең жоғарғы таксономды үғым "типті" ғылымға енгізді. Олар жануарларды 4 типке бі-ріктірді: 1) Омыртқалылар, 2) Былқылдақденелілер, 3) Бунақтылар (мүшелілер), 4) Сәулелілер. Кювье де түрдің өзгермейтіндігін мойындап, органикалық дүниенің эволюциясын жақтамады.

Органикалық дүниенің эволюциясының теориясын "Зоология философиясы" (1809) деген еңбегінде ғылыми түрде бірінші дәлелдеген француз ғалымы Жан Батист Ламарк (1744-1829) болды. Ол Аристотельдің жануарларды бөлген екі үжен тобын қүптап, омыртқалылар жөне омыртқасыздар. деген атаулар берді. Барлық омыртқасыздарды Ламарк 10 класқа топтастырды: 1. Инфузориялар, 2. Полиптер, 3. Сөулелілер, 4. Қүрттар, 5. Бунақденелілер, 6. Өрмекші төрізділер, 7. Шаян төрізділер, 8. Буылтық қүрттар, 9. Мүртаяқтылар, 10. Былқылдақденелілер. Омыртқалылар 4 класқа топтастырыдды: 1. Балықтар, 2. Рептилиялар (бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділер), 3. Қүстар, 4. Сүтқоректілер.


Ламарк жануарлар әлемінің эволюциялық теориясын жасап, алғашқы рет түрдің өзгермейтіндігі идеяға қарсы шыққан ғалым болды. Зоологияның міндеті - жануарлардың сыртқы жөне ішкі қүрылысын, тіршілік әрекетін, жеке жөне тарихи дамуын, басқа жануарлармен қарым-қатынасын, тіршілігінің сыртқы орта жағдайларына (климат,рельеф,өсімдіктер жөне т.б.). Бірақ бүл жағдайлардағы бір мүшелердің регресі басқалардың прогрессивті дамуына жол береді, (бекіту мүшелері, жыныс жүйесі жөне т.б.).

Биология ғылымдары жүйесіндегі «Зоология» орны.


{Дәріс конспекті} Зоология адамның практикалық өрекетімен тығыз байланысты. Табиғатты қорғау жөне оның байлықтарына үқыпты қарау - бүкілхалықтық іс. Сондықтаң адамдарда қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілік сезімді тәрбиелеу қажет. Ол үшін жануарлар дүниесін, олардың бір-бірімен және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын түбегейлі зерттеу керек, яғни зоологияны ғылым ретінде қарастыру қажет.

Жануарлар әлемі біздің планетаның биосфера қабатында, яғни жер қыртысының ауа қабатына жақын жоғарғы бөлімінде тірішілік ететіні белгілі. Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің жалпы саны орта есеппен 2 млн. Жердің жоғарғы қабатын мекендеуші жануарлардың сипаттамасына байланысты жер қыртысы бірнеше ірі аймақтарға бөлінеді.

Жануарлардың таралуы туралы ғылым-зоогеография бойынша жер қыртысы 6 аймаққа бөлінеді: 1) Голарктикалық, бүкіл Еуропаны (Африканың солтүстік жагалауымен бірге), Солтүстік Азия жөне Солтүстік Американы алып жатады; 2) Эфиопиялық, яғни Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан Африка; 3) Шығыс немесе Индо-Малай-Азияның тропикалық бөлімін алып жатады; 4) Неотропикалық, яғни Оңтүстік Америка; 5) Австралиялық қатар орналасқан аралдарымен Австралия; 6) Антарктикалық аймақ-Оңтүстік Мүзды Мүхит және оның араддары мен жағалаулары.

Әр аймақ тек өзіне ғана тән эндемикалық жануарлар санымен сипатталады, сонымен қатар ең үлкен Голарктикалық аймақ жануарлар қүрамына байланысты Палеоарктикаға, яғни Еуропа мен Азияға (тропикадан басқа) жөне Неоарктикаға, яғни Солтүстік Америкаға бөлінеді. Қазіргі кездегі жануарлар өлемі. Жер бетінің өткен кезеңдерінде тіршілік еткен жануарлардың үзақ эволюциясының нөтижесінде геологтар жер тарихын 5 негізгі эраларға, ал оларды дәуірлік кезеңдерге бөледі. Жасы үш жөне одан да көп миллиард жылдық қазбалардаи клеткасы прокариот деңгейіндегі микроскоп-тық организмдер табылған. Тіршілік дамуының өте ерте кезеңінде цианеялар (көк-жасыл балдырлар) алғашқы фотосинтездеуші (аутотрофты) организмдер ретінде үлкен рөл атқарды жөне олардың қызметінің өсерінен жер атмосферасында молекулалы оттегі жинала бастады. 1,5-2 млрд. жыл бүрын жеке клетка ядросы мен хромосомды геномы бар эукариот клеткасының пайда болуы тіршілік эволюциясының негізгі кезеңі болып саналады.


Протерозой эрасының қазбаларынан радиоляриялардың қалдықтары; фораминифералардың таңбалары; губкалардың ине қаңқалары; буылтық қүрттардың түтіктері; иінаяқтылар мен былқылдақценелілердің бақал шақтары жөне тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Сол кездің өзінде жануарлар әлемінің барлық типтері пайда болған, яғни алғашқы өте үзақ эволюцияның нөтижесінде дамудың жоғарғы сатысына жеткен.

Ертедегі геологиялық дәуірлерде тіршілік еткен жануарлардың қазба қалдықтары қанша бағалы болғанымен, жануарлар әлемінің филогенетикалық түбірін (не тегін) қүру үшін жеткіліксіз. Біріншіден, палеонтология жануарлардың негізгі топтары-типтер мен кластар пайда болған (архей эрасы) эволюцияның ең үзақ жөне маңызды алғашқы кезеңі туралы ештеңе жарытып айтпайды. Екіншіден, бір-бірімен туыстық арқылы байланысқан қазба түрлердің филогенетикалық қатарын анықтау мүмкін емес. Сондықтан, жануарлардың кейбір топтарының шығу тегі мен олардың эволюциясы туралы қосымша мағлүматты тек палеонтология емес, қазіргі жануарлардың салыстырмалы анатомиясы мен эмбриологиясының негізіне сүйеніп қана алуға болады. Кейінгі кезде тәжірибелік зоология мен биохимия қүнды қорытьнды жасауға көмектесуде.

Барлық тірі организмдер екі патшалықтан түрады: өсімдіктер жөне жануарлар. Көппшгік өсімдіктер мен жануарлар бір-бірінен оңай ажыратылады, бірақ, үзақ уақыт бойы кейбір жануарлар топтарын мысалы, қарапайымдыларды, губкаларды,гидроидты полиптерді, маржандарды жөне т.б. өсімдіктерге жатқызып келді.

Жануарлардың өсімдіктерден негізгі айырмашылық белгілері: көпшілік жануарлар қозғалғыш, ал өсімдіктер бекініп тіршілік етеді; жануарлардың клеткасы жүқа жарғақпен қапталса,өсімдік клеткасы жарғақтан басқа целлюлоза қабатымен қапталады; жануарлардың көптеген мүшелері дененің ішінде орналасып, түрақты піпгінде болса, өсімдіктердің мүшелері сыртында және дене пішіні үнемі өзгермелі; жануарлар белгілі бір даму кезеңінен кейін өсуін тоқтатады, бірақ, әртүрлі тканьдердің клеткалары үнемі жаңарып (ауысып) отырады, ал өсімдіктер өмір бойы өседі; сол сияқты өсімдіктердің жануарлардан негізгі айырмашылығы - зат алмасуында. Жануарлар өсімдіктер мен басқа жануарларды жеп, күрделі органикалық заттармен қоректенеді. Осындай тәсілді гетеротрофты қоректену деп атайды және зат алмасудың немесе метаболизмнің ақтық өнімдеріне көмірқышқыл газ, су жөне несеп қышқылы жатады. Өсімдіктер көмірқышқыл газды ауадан сіңіреді, ал су мен бейорганикалық заттарды топырақтан алуға қабілетті. Күн энергиясының өсерінен жөне жасыл пигмент хлорофилдің болуына байланысты өсімдіктер фотосинтез жолымен күрделі органикалық қосылыстар жасайды, нөтижесінде оттегі қосымша өнім ретінде босап шығады. Осындай өсімдікше қоректену төсілін аутотрофты деп атайды.


Айтылып кеткен айырмашылықтар салыстырмалы. Мысалы, өсімдіктердің арасында да гетеротрофтарды (саңырауқүлақтар, көптеген бактериялар, бунақденені жегіш өсімдіктер жөне т.б.), ал жануарлардың арасында клеткаларының целлюлоза қабықтары бар қабықтыларды да кездестіруге болады.

Зоологияның міндеті - жануарлардың сыртқы жөне ішкі қүрылысын, тіршілік әрекетін, жеке жөне тарихи дамуын, басқа жануарлармен қарым-қатынасын, тіршілігінің сыртқы орта жағдайларына (климат,рельеф,өсімдіктер жөне т.б.) байланыстылығын, географиялық таралу заңдылықтарын жөне т.б. зерттеу.

Өте көп материалдың жиналуы, әржақты міндеттер мен зерттеу әдістерінің көптүрлілігінің нәтижесінде жеке зоология пәңдері бөлініп шықты. Сонымен зоологияны бір-бірімен тығыз байланысқан ғылымдар жиынтығы деп қарастыруға болады.

Жануарлардың жіктелуі және негізгі систематикалық категориялар

{Дәріс конспектері} Эволюция - негізінде монофилетикалық процесс, яғни бір жалпьы тамырдан дамиды. Ч.Дарвин (1859) көрсеткендей, организмдердің табиғи топтары (түр, туыс жөне т.б.) жалпы бағанадан дивергенция, яғни белгілердің ажырау жолымен дамыған, ал нашар бейімделген аралық формалар жойылып кеткен. Дивергентті дамудың нәтижесі - эволюциялық бүтақтардың бір-бірінен алшақтай беруі. Бір түрдің ішіндегі эволюциялық процестің алғашқы кезеңінде ол жергілікті географиялық және экологиялық формаларға бөлінеді де әрі қарайғы эволюцияның нәтижесінде белгілері онан сайын ажырап, түрлерге айналады. Түрлердің ішінде де сүрыптау, жіктеу мен дивергенция жүріп, олар енді туыстарға, туыстар түқымдастарға жөне т.б. ажырайды. Бірақ дивергенция екі жаңа форманың ғана бөлінуімен шектелмейді, сол сияқты бірнеше жөне тіпті көптеген филогенетикалық бүтақтардың бір мезгілде бөлініп кетуі де жиі байқалады. Сонымен қатар, дивергенция арқылы ажырасып кеткен туыс емес формалардың қүрылысында үқсастықтар жиі көрініс береді. Бүл үқсастық - белгілердің жақындасуы, яғни конвергенция, үқсас орта жағдайларына бейімділік ретінде даму. Мысалы, су жануарларының бекініп тіршілік етуі олардың туыстығы мен жүйелік алар орындарына байланыссыз қүрылымдарында үқсас белгілердің пайда болуыйа әкеліп соғады, немесе денесі сөулелі (радиальды) симметриялы, субстратқа қарама қарсы полюстегі ауыздың айналасында қармалауыштар шоғыры дамиды, қоректенуі самарқау жөне судағы қалқып жүрген ас бөліктері кірпікшелері арқылы өкелінеді, кейде аналь тесігі жануардың жоғарғы жағына ауысады, ал ішегі иірімделген, жыныссыз жолмен көбею қабілеті дамиды. Бүл 'белгілер туыс емес қозғалмай бекініп тіршілік ететін жануарларға төн, сондықтан олардың сыртқы пішіндерінің үқсас болуы таңқаларлық жай емес. Мысалы, мшанкалар (Вгуогоа), қозғалмайтын көп қылтанды қүрттар (Роіусһаеіа, Зесіепіагіа), қанатгы желбезектілер (РіегоЪгапсһіа), погонофорлар (Ро£опорһога), төменгі сатыдағы тікен терілілер жөне т.б. Кейде үқсас белгілер эволіоцияның нөтижесінде үқсас ортадағы туыс бүтақтарда біріне-бірі байланыссыз дамиды. Осындай қүбылысты бір мезгілде даму деп атайды. Сол сияқты өрмекші төрізділердің өртүрлі отрядтары да ерте бөлініп кеткен дамудың жеке бүтақтары. Олардың шығу тегі бір, себебі көпшілік қүрылыс белгілері үқсас, бірақ ауа толы түтікшелер-трахеялар (кеңірдектер) ауамен тыныс алуға қажетті бейімделу ретівде жеке пайда болған. Өкпелі бауыраяқты былқылдакденелілердің өртүрлі бір-біріне қатыссыз бақалшақ жойылып, бүл түқымдастарда бір мезгілде жалаңаш шырыш төрізді формалар пайда болуға өкеліп соққан.


Жануар организмі - барлық бөліктері мен мүшелері бір-бірімен байланысқан біртүтас оргаңизм. Эволюция процесінде бір мүшенің қүрылысы мен функциясы (қызметі) өзгерсе, ол онымен физиологиялық, морфологиялық байланысқан басқа мүшелерде де коррелятивті өзгерістерге түқым қуалаушылық арқылы үшырайды. Корреляция заңьш немесе мүшелердің арақатынасты дамуын Ж.Кювье (1812) ашқан. Осы заңға сүйене отырып, қазбалы бүтін организмді бөлшектерден, мысалы, қаңқа бөлшегі бойынша қайта қалпына келтіруге болады.

Корреляциялы байланыстарға мысал келтірсек: буынаяқтылардың эволюция процесіндегі ең маңызды, прогрессивті өзгерістері- мықты сыртқы кутикула қаңқасьшың пайда болуы. Бүл басқа көптеген мүшелерге өсерін тигізді; қатты сыртқы сауыттың астындағы түтас тері-бүлшықет қапшығының қызметі бүзылып, жеке бүлшықет шоғырына бөлініп кетті; дененің екініпі кезектегі қуысы (целом) өзінің тірек қызметін жойды да, оның орнына шығу тегі басқа тасымалдаушы (трофикалық) қьізметін атқаратын аралас дене қуысы (миксоцель) пайда болды; дененің өсуі түлеу арқылы жүзеге асатын болды. Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі мен қан тамырларының арасында корреляция айқын байқалады. Оттегін керек жеріне апарып түратын кеңірдектер өте күшті дамыған кезде қан тамырларының қажеті болмайды да жойылып кетеді.

4.Эволюция - қайталанбайтын процесс. Эволюцияның қайталанбас заңын Бельгия палеонтологы Долло (1893) аіпқан. Егер бір мүше редукцияға үшьірап жойылып кетсе, ол қайтадан еш уақытга пайда болмайды. Жоғалған мүшенің орнына соған үқсас қызмет атқаратын оның ізбасары пайда болуы мүмкін, бірақ ол мүлде басқа мүше жөне шығу тегі де бөлек.

5. Организмдердщ эволюциясы әрқашан да бөліктер мен мүшелердің дифференциялануы (жіктелуі) арқылы жүзеге асады. (Мильн-Эдвардс,1851). Дифференциялану кезінде, алдымен организмнің біркелкі бөліктері біртівдеп бір-бірінен пішіні жөне өрекеті бойынша ажыратыла басггайды немесе өртүрлі қызметті бөліктерге бөлінеді. Белгілі бір қызметті атқаруға бейімделіп олар бүдан бүрын атқарып жүрген қызметін жойып, организмнің басқа бөліктеріне төуелді болады. Сонымен, дифференциялану өрқашанда организмді күрделендіріп қана қоймайды, сол сияқты бөліктерді бүтінге бағындырады - бір мезгілде организмді морфофизиологиялық бөлшектеумен қатар гармониялық бүтін жасау, яғни интеграция деп аталатын кері процесс жүріп жатады.



  1. Зоологияның ежелгі грек кезеңіне сипаттама.

  2. Зоологияның салыстырмалы- эволюциялық көзеңіне (18-19
    ғасыр) сипаттама.

  3. Зоологияның қазіргі заманғы кезеңіне сипаттама.

  4. Методология, метод және зерттеу методикасы деген не?

  5. В.А. Догельдің зоологияның дамуына қосқан үлесі.

  6. Зоологияның негізгі мақсаттары және оның теориялық,
    практикалық маңызы.



следующая страница >>