girniy.ru 1 2 ... 7 8
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Салық және салық салу


Павлодар

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Қаржы-экономикалық факультеті


Қаржы кафедрасы


салық және салық салу


пәнінен экономика мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу құралы


Павлодар

Кереку

2012

ӘОЖ 366.22 (075.8)

КБЖ 65.261.4я73

С 18


С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономикалық факультетінің қаржы кафедрасының отырысында басуға ұсынылды


Пікірсарапшы:

Д. З. Айгужинова – экономика ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы ПМУ доценті;

Д. Ж. Тұрсынханов ­­– экономика ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Еуразия университетінің доценті, Қаржы кафедрасының меңгерушісі;

Г. Е. Нурбаева ­– экономика ғылымдарының кандидаты, Инновациялық Еуразия университетінің аға оқытушысы.


Құрастырушылар: А. Х. Амерханова, Г. З. Фахрутдинова


С18 Салық және салық салу пәнінен экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы / құраст. : А. Х. Амерханова, Г. З. Фахрутдинова. – Павлодар : Кереку, 2012. – 67 б.


Оқу құралында салықтар негіздері, оның мазмұны, салық жүйесі, салықтардың түрлері және оларды есептеу беріледі. Өткен материалды бекіту үшін тестілер бар. Оқу құралы «Салық және салық салу» экономика мамандықтарының студенттеріне арналған.


ӘОЖ 366.22 (075.8)

КБЖ 65.261.4я73


© Амерханова А. Х., Фахрутдинова Г .З., 2012

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012

Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты


Мазмұны





Кіріспе.......................................................................................................

3

1

Салықтардың экономикалық мәнi мен табиғаты .................................

4

2

Қазақстан Республикасының салық жүйесi: құрылу кезеңдері мен бүгiнгi жағдайына сипаттама..................................................................

8

3

Салық саясаты және оның мемлекетiмiздiң экономикалық саясатындағы алатын орны. Салық механизмі......................................

12

4

Көлiк құралдарына салынатын салық....................................................

16

5

Жер салығы...............................................................................................

19

6

Мүлiк салығы............................................................................................

24

7

Қосылған құн салығы...............................................................................


29

8

Акциздер...................................................................................................

30

9

Корпоративтiк табыс салығы..................................................................

34

10

Жеке табыс салығы..................................................................................

38

11

Шет елдiк заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салық салу ерекшелiктерi............................................................................................

40

12

Әлеуметтiк салық.....................................................................................

41

13

Экспортқа рента салығы. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу............................................................................................................

43

14

Ойын бизнестерiне салық салу...............................................................

45


15

Шағын бизнес субъектiлерiне арналғак арнаулы салық режимi.........

48

16

Шаруа немесе фермер қожалықтары үшiн арнаулы салық режимі....

50

17

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимi............

52




Тестілер.....................................................................................................

54




Әдебиеттер................................................................................................

66



Кіріспе


«Салық және салық салу» пәнi экономика мамандықтарының бакалавриат бағытында оқитын студенттерiне арналады.

«Салық және салық салу» курсының негiзгi мақсаты:


  • салықтар мен салық салу жүйесiнiц қызмет етуiнiң теориялық аспектiлерiн оқып үйрену, яғни салықтардың экономикалық мазмұнын қарастырумен бiрге салықтардың функциялары мен принциптерiн, Қазақстан Республикасында салықтар мен салық жүйесiнiң құрылуы мен тарихи дамуының кезеңдерiн, елiмiздегi салық реформаларының негiзгi концепциялық бағыт-бағдарын ашып қарастырып оқыту;
  • салық салудың практикалық есептiлiктерiн терең қарастырумен қатар, нақты салық түрлерiнiң практикалық есептелуін жетiк меңгеру, салық заңдарын жан-жақты оқып үйренумен бiрге салықтық тетiктердiң асер етуiн оқып-бiлу. Қазақстан Республикасының салық заңнамасына «бой алдыру».


Курс бағдарламасын оқып-үйренуге негізгі бағыт-бағдарлар:

  • Салықтардың қызмет етуi мен дамуының теориялык аспектiлерi;

  • Қазақстан Республикасының салық жүйесiнiң құрылуы мен дамуының кезеңдерi;

  • Бюджет жүйесi арасында салықтар мен алымдардың бюджетаралық бөлiнуi;

  • Қазақстан Республикасының салық жүйесiн де салықтардың негiзгi топтарының қалыптасуы мен оларды есептеу мен төлеу механизмiнiң ерекшеліктері;

  • Салық төлеушiлердiң жекелеген санаттарына арнайы салық режимдерiн қолдану ерекшелiктерi; Қазақстан Республикасындағы салық жүйесiндегi алымдар, баждар мен басқа да мiндеттi төлемдердi есептеудiң ерекшелiктерi.

«Салық және салық салу» оқу пәнi «Экономикалық теория», «Менеджмент», «Макроэкономика», «Микроэкономика», «Бухгалтерлiк есеп және аудит», «Қаржы» (теория және оны ұйымдастыру) сияқты оқу пәндерiнің жалғасы болып келедi.

«Салық және салық салу» курсы «Шет мемлекеттер салығы», «Қаржы менеджменті», «Корпоративтiк қаржы», «Банк iсі» пәндерімен сабақтас пән болып табылады.

1 Салықтардың экономикалық мәнi мен табиғаты


Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық тетігі, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.

Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен ажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады.


Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса, оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.

Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған.

Мысалы: бір адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған.

Тауар-ақша тауарларының нығаюмен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізілген).

Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.

Салықтардың мынадай негізгі қызметтері (функциялары) бар:

- реттеушілік;

- фискалдық;

- қайта бөлу.

Фискалдық функция – барлық мемлекеттерге тән негізгі қызмет. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін толтыра отырып, экономикада әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеушілік функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады.

Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың ставкаларының, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.



Тест сұрақтары


1. Салықтар қай кезде пайда болды?

А) сауданың дамуымен;

Б) мемлекеттің пайда болуымен;

С) өндірістің дамуымен;

Д) тауар-ақша қатынастарының дамуымен;

Е) бюджет жүйесінің дамуымен.


2. Салық дегеніміз не?

А) мемлекетбір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз сипатта бюджетке төленетін міндетті төлемдер;

Б) мемлекеттік органдар көрсеткен қызметтер үшін төленетін және оны төлеушіге белгілі бір құқық не рұқсат беретін қайтарымды, баламалы міндетті төлем;

С) заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік мүліктерді пайдаланғаны үшін төлейтін алымы;

Д) заңды және жеке тұлғалардың арнайы қорларға төлейтін төлемдері;

Е) мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғаларға көрсеткен қызметінің белгілі бір түрлері үшін алынатын ақшалай алымы.


3. Салық – бұл:

А) экономикалық категория;

Б) заңды тұлғаның табысы;

С) қаржылық ресурстар;

Д) жиынтық табыс;

Е) әлеуметтік қатегория.


4. Салықтардың экономикадағы ролі қандай?

А) жоспарлы;

Б) реттеушілік;

С) бағалық;

Д) шаруашылық есеп;

Е) ұдайы өндірістік.


5. Салықтар қандай қызмет атқарады?

А) реттеушілік, фискалдық, ынталандыру;

Б) фискалдық, қайта бөлу, реттеушілік;

С) бақылау, жоспарлау, ұйымдастыру;

Д) бағалау, басқару, бөлу;

Е) бақылау, тексеру, фискалдық.


6. Салықтар қай кезден бастап дами бастады?

А) мемлекетпен бірге;

Б) тауар-ақша қатынастары кезінде;

С) нарықтық қатынастар кезінде;

Д) алғашқы қауымдық қоғам кезінде;


Е) қаржы-бюджет жүйесімен бірге.


7. Түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл салықтардың қай қызметі?

А) бақылау;

Б) реттеу;

С) қайта бөлу;

Д) ынталандыру;

Е) қазыналық.


8. Салықтардың экономикалық мәні мынада:

А) олар салық төлеушілер мен мемлекет арасындағы қарым қатынасты анықтайды;

Б) олар мемлекет өз функцияларын жүзеге асыру үшін шаруашылық субъектілер мен азаматтардағы жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін орталықтандыру жөніндегі экономикалық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады;

С) олар салық төлеушілердің ақшалай табыстарын қайта бөлу жөніндегі экономикалық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады;

Д) олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс мүмкіндіктерін шектейді;

Е) олар өндірістің бір бөлігі ретінде экономикалық категория болып табылады.


9. Салықтардың фискалды функциясы:

А) мемлекеттік бюджетке жұмылдырылған мемлекеттің ақшалай табыстарының қалыптасуымен тікелей байланысты;

Б) бұл функция біртіндеп тартылатын функция болып табылады;

С) бұл ақшалай табыстарды қайта бөлумен байланысты;

Д) салық төлеушілердің қаржы –шаруашылық қызметін бақылаумен байланысты;

Е) әлеуметтік мақсатты көздейді.



следующая страница >>