https://electroinfo.net

girniy.ru 1






Баспасөз мәлімдемесі


Хоум Кредит Банкі 2012 жылы депозит қоржынын екі есе көбейтті, ХҚЕС бойынша


Алматы, 2013 жыл 2 сәуір — Бүгін Қазақстанда тұтынушылар несиесін берудің жетекшілерінің бірі—«Хоум Кредит Банкі» АҚ (бұдан әрі – Банк) ХҚЕС бойынша аудиттелген шоғырландырылған есеп-қисабының деректеріне сәйкес 2012 жылдағы қаржы және операциялық қызметінің нәтижелері жөнінде жариялады. Банктің аталған кезең бойынша негізгі жетістіктері – несиелік және депозиттік қоржындарды екі есе сәйкесінше 66 859 және 28 558 млн теңгеге дейін көбейту.

Банк қызметінің 2012 жылдағы нәтижелеріне түсініктеме бере отырып, Басқарма Төрағасы Павел Мацо былай деді: «2012 жылы Хоум Кредит Банкі өзінің өсуін жалғастырды. Біз несиелік және депозиттік қоржындарды 2 есе көбейтіп, өзіміздің бөлімшелеріміз арқылы аймақтардағы қатысуымызды кеңейттік. Сонымен қатар, біз шығыстар басқарудағы тиімділікті арттыруды жалғастырып келеміз. Биыл біз Банктің республикадағы бөлімшелері желісі мен өнімдер желісін кеңейту арқылы бизнесімізді дамытып, шығыстар басқару тиімділігін арттыруды көздеп отырмыз».

2012 ж. несиелік қоржынның өсуі көбінесе «Қазпочта» АҚ бөлімшелері желісі арқылы несие берудің өсуіне негізделді. 12 ай ішінде Банкпен 38 777 миллионнан аса теңге берілді, бұл 2011 жылға қарағанда 152%-ға көп. Банк серіктестері-сауда орындарында несие беру көлемі 74,6%-ға өсіп, 2012 жылдың аяғында 32 132 млн теңгені құрайтын болды.

Несиелік қоржындағы күдікті және сенімсіз несиелердің үлесі1 5% болды, бұл орта нарықтық көрсеткіштен төмен. Сонымен қатар Банк шығыстар тиімділігін ұлғайту бойынша жұмысын жалғастыра түседі2, олар 2011 жылғы 37%-дан 2012 жылы 30%-ға дейін төмендеді.


Банк клиенттерінің салымдары 2 есе өсіп, 28 558 млн теңгеге жетті. 2011 жылдың қорытындылары бойынша депозиттік қоржынның жалпы сомасы 14 238 млн теңгеге тең болды. Депозит сомасының міндеттемелердің жалпы сомасына қатыстығы бұрынғы деңгейде сақталып, 50,3% болды, салыстыру үшін 2011 жылы аталған көрсеткіш 53,2% тең болды. Бұл Банктің қаржыландыру көздері құрылымын одан әрі әртараптандырып, халықтан салымдарды тартуға жұмыс істеуді көздеп отырғанын дәлелдейді.

«Хоум Кредит Банкі» АҚ көбінесе өзінің филиалдық желісін кеңейту есебінен Қазақстанның барлық аймақтарында өзінің қатысуын кеңейтуде. 201 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Банк желісі 2 665 сауда орнын, Қазпочтаның 202 бөлімшесін, 30 банк бөлімшесін, 30 шағын кеңсені және бір толық жабдықталған call centre-ды қамтиды.

2013 жылы 30 қаңтарда Банктің акционерлік пакетінде айтарлықтай өзгерістер орын алды. Ресей Федерациясында тіркелген «Хоум Кредит энд Финанс Банк» (ХКФБ) Қазақстан Республикасында тіркелген «Хоум Кредит Банкі» АҚ ағымдағы акционерлерінен оның капиталындағы 100%-дық үлесті сатып алғаны жөнінде жариялады. Мәміле тиісті реттеуші органдармен мақұлданды.

Павел Мацоның айтуынша: «Бұл мәміле Хоум Кредит Тобының ТМД-дағы стратегиялық жоспарларының бір бөлігі болып табылады. Ресейлік және қазақстандық активтердің шоғырлануы бизнес синергиясын қамтамасыз етуге, тәжірибе алмасуды реттеуге және соның нәтижесінде Ресей мен Қазақстандағы жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстанда Банкке ХКФБ бірге Хоум Кредит Тобы да (Home Credit B.V.) қолдау көрсететін болады».

Банктің жаңа маркетингтік стратегиясы да қабылданды, ол қазақстандық нарықта белсендірек қатысуды көздейді. Марияна Василеску, Банк Басқармасының мүшесі: «Банк өзінің филиалдар желісін өсірумен қатар бөлшек клиенттерге арналған өнімдер желісі мен қызметтер тізімін кеңейтуде – осының барлығы көбірек коммуникациялар мен клиенттермен көбірек араласуды талап етеді», - деп түсінік береді.



2012 жылғы күзде Банк қаржы сауаттылығы бойынша көлемді жобаны іске асыра бастады, оның аясында «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамымен бірге жұртшылыққа арналған семинарлар жүргізіліп жатыр, www.prodengi.kz, сайтында онлайн-тарауы іске қосылып, журналистер арасында жарияланымдар байқауы жарияланды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында Банктің бітіруші курстар студенттеріне арналған «Табысқа бірге жетейік — Start Smart with Home Credit!» білім беру жобасы ресми түрде іске қосылды. Жобаға қатысу үшін студенттерді таңдау 2012 жылдың аяғында басталды, 2 айдың ішінде Алматы жоғары оқу орындары студенттерінен 200 жуық өтінім алынды. Бүгінгі күні үміткерлердің 20 Банкте студенттерді оқыту бойынша арнайы бағдарламадан өтіп жатыр, сонымен бірге шәкіртақысын да алып отыр. Мамыр айының басында қорытындылар шығарылып, Банктен жұмысқа орналасу жөнінде ұсыныс алатындардың аттары белгілі болады.


Қосымша ақпарат алу үшін келесі деректер бойынша хабарласыңыз:


«Хоум Кредит Банк» АҚ жұртшылықпен байланыстар қызметі




Әсел Ахметова

Тел.: +7 (727) 244 54 84 (ішкі 1993)

E-mail: [email protected]

www.homecredit.kz


Редакторларға ескерту:

«Хоум Кредит Банк» АҚ - Қазақстанда тұтынушылар несиесін беру нарығындағы жетекшілердің бірі. Банк тұтынушыларға серіктестерінің сату орындарында несиелерді, ақшалай несиелер мен депозит өнімдерін ұсынады.

Home Credit B.V. Компаниясы («HCBV») – Орталық және Шығыс Еуропада, ТМД және Азияда мықты жайғасымдары бар тұтынушылар несиесін беру нарығындағы жетекшілердің бірі. HCBV 1997 жылы құрылды. Топ Чех Республикасында, Словакияда, Ресейде, Беларусьта, Қазақстанда, Қытайда, Үндістанда, Индонезияда тұтынушылар несиесін берудің сегіз негізгі нарығында шоғырланады, және де Филиппиндерде жаңа бизнес ашқалы жатыр*. Хоум Кредит Тобының негізгі бизнесі тұтынушылар несиесін берудің жаппай нарығында сапалы қызметтерді көрсетуге байланысты (POS несиелер, қолма-қол ақша несиелері, револьверлік несиелер, несие карталары мен автонесиелер). Кәсіпорындардың тиісті банктік лицензиясы бар жеке елдерде HCBV депозиттер мен клиенттер депозиттері сияқты басқа бөлшек банк қызметтерін табысты түрде дамытып келе жатыр. Топтың 38 800 қызметкері 108 945 сауда орнынан, кеңселерден, филиалдар мен почта бөлімшелерінен тұратын дистрибуция желісі арқылы 32 млн аса клиентке қызмет көрсетеді. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша HCBV шоғырланған активтерінің көлемі 9,4 млрд еуроға жетті.


Қосымша ақпарат www.homecredit.eu сайтында қол жетімді

Home Credit B.V. PPF Group N.V. («PPF») компаниясының толық меншігінде, аталған компания Орталық және Шығыс Еуропадағы аса ірі инвестициялық-қаржы топтарының бірі болып табылады. Жалпы сомасы 17,6 млрд. еуроға жуық болған (2012 жылғы 30 маусымдағы деректер бойынша) активтермен жұмыс жүргізіп, PPF қызметтің әр түрлі түрлеріне белсене инвестициялайды: банк және сақтандыру қызметерінен, жылжымайтын мүліктен, энергетика, тау-кен өндірісі мен ауыл шаруашылығынан тұрмыстық электрониканың аса ірі бөлшек сауда желісіне дейін. PPF бизнес жүргізіп, Орталық, Шығыс Еуропа, Ресей және Азия аумағында қызметін іске асырады.

Қосымша ақпарат www.ppf.eu сайтында қол жетімді


* Сонымен бірге Home Credit B.V. PPF N.V. компаниясымен келешекте Home Credit Consumer Finance Co, Ltd (Қытай), СF Commercial Consulting (Пекин) Co. Ltd (Қытай) және PPF Vietnam Finance Company Limited (Vietnam) компанияларындағы үлестердің 100% сатып алу жөнінде келісімге жетті. Мәмілені аяқтау Қытай мен Вьетнамдағы тиісті реттеуші органдардың мақұлдауына байланысты болады. Осылайша, 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша аталған компаниялар HCBV шоғырландырылмады.


1 NPL коэффициенті несиелердің ортақ жалпы сомасына бөлінген қайтарылмаған несиелердің жалпы сомасы есептеледі. Қайтарылмаған несиелер 90 күннен жоғары мерзімге кешіктірілген болса, және де жеке түрде сәтсіз болып есептелсе, Банк олардың барлығын жалпы сәтсіз несиелер деп анықтайды.

2 Шығыстар мен кірістер өзара қатыстығы негізгі қызмет бойынша жалпы әкімшілік және басқа да шығыстар сомасының негізгі қызметтен келіп түскен кірістер сомасына қатыстығы ретінде есептеледі.



Лицензия № 1.1.188 от 28.11.08. Агентство РК по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций