https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 2 3 4 5

Тапсырмалар
    1. Келтірілген мәтінді теріңіз.
    2. Мәтінді пішімдеңіз.
    3. Би әріпін құрыңыз.
    4. Қажетті белгілерді мәтінге енгізіңіз.
    5. WordArt объектісін мәтінге кіргізіңіз.

Әдістемелік нұсқаулар

  1. Би әріпін құру үшін Формат-Буквица командасын таңдау керек.
  2. Арнаулы белгілерді мәтінге енгізу үшін Вставка-Символ командасын орындау керек.
  3. WordArt объектісін мәтінге енгізу үшін Вставка-Рисунок-Картинки командасын таңдау керек.

Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 6

Қосымша әдебиеттер: 14, 18, 20

Зертханалық жұмыс № 4 «Парақты пішімдеу»

Сұрақтар: Парақтың өрістерін, қағаз өлшемін, беттің бағытын тағайындау. Колонтитулдарды орнату жолы. Беттің нөмірін қалай қою болады. Мәтінде сілтемелерді қалай қоюға болады. Мәтінді колонкаларға бөлу.
Тапсырмалар

    1. Мәтінді теріңіз.

    2. Сілтемелерді көрсетілген сөздерге қойыңыз.

    3. Көрсетілген мәтінді 2 колонкаға бөліп теріңіз.

    4. Колонтитулдарды орнатыңыз.

    5. Беттерді нөмірлеңіз.

Әдістемелік нұсқаулар
  1. Сілтемелер Вставка-Сноска командасын орындау арқылы қойылады.
  2. Мәтінді колонкаларға бөлу үшін Формат-Колонки командасын таңдау қажет.
  3. Колонтитулдарды орнату үшін Вид-Колонтитулы командасын орындау керек.
  4. Беттерді нөмірлеу үшін Вставка-Номера страниц командасын таңдау керек.

  5. Парақ параметрлерін бекіту үшін Файл-Параметры страницы
командасы қолданылады.

Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 6

Қосымша әдебиеттер: 14, 18, 20

Зертханалық жұмыс № 5 «Кесте құру»

Сұрақтар: Қарапайым кестені қалай құруға болады. Күрделі кестені қалай құруға болады. Ұяшықтарды қалай біріктіруге болады. Бос жолды қалай қосуға болады.
Тапсырмалар
    1. Сабақ кестесін құрып, толтырыңыз.
    2. Көрсетілген күрделі кестені құрып, толтырыңыз.

Әдістемелік нұсқаулар

  1. Кесте құру үшін Таблица-Вставить-Таблица командасын таңдау керек. 2-ші тәсіл – Таблица-Нарисовать таблицу командасының көмегімен орындалады.
  2. Бағана тақырыптарының бағытын өзгерту үшін Формат-Направление текста командасын қолданылады.
  3. Күрделі кестені құрған кезде ұяшықтарды біріктіруге болады, кестені бірнеше бөліктерге бөлуге болады.

Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 6

Қосымша әдебиеттер: 14, 18, 20

Зертханалық жұмыс № 6 «Объектілермен жұмыс істеу»

Сұрақтар: Word-та қандай графикалық объектілерді қолданылады. Құжат мәтініне суретті қалай қоюға болады. Сурет салу саймандар тақтасын қолданып графикалық объектілерді салу. Математикалық амалдарды құжат мәтінінде қалай жазуға болады.

Тапсырмалар

  1. Формулалар редакторын қолданып математикалық амалдарды жазыңыз.

  2. Графикалық объектілерді қолданып геометриялық фигураларды салыңыз.

  3. Блок-схеманы құрыңыз.

Әдістемелік нұсқаулар

  1. Формулалар редакторын іске қосу үшін Вставка-Объект- Microsoft Equation Editor 3.0 таңдап алу керек.

  2. Блок-схеманы құру үшін сурет салу саймандар тақтасын қолдану керек.

Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 6

Қосымша әдебиеттер: 14, 18, 20

Тақырып Microsoft Excel кестелік процессоры

Зертханалық жұмыс №1 «Мәліметтерді ұяшықтарға енгізу»

Сұрақтар: Ағымдық ұяшық түсінігі. Ұяшық адресі неден тұрады. Кестеге еңгізетін мәліметтердің түрі. Бағаналар енін және жолдардың биіктігін өзгерту. Ұяшықтардағы символдардың қаріпін, өлшемін, қалындығын, ренін қалай өзгертуге болады.
Тапсырмалар «Excel практикумы» оқу құралында 10 б. көрсетілген.

Әдістемелік нұсқаулар сол оқу құралында 10-15 б. берілген.

Негізгі әдебиеттер: 2, 3, 4, 6, 8

Қосымша әдебиеттер: 14, 15, 19, 20

Зертханалық жұмыс №2 «Excel-де функцияларды қолдану»

Сұрақтар: Формула дегеніміз не. Формуланы енгізу үшін қандай ережелерді қолдану қажет. Функция дегеніміз не. Функцияны формулаға қалай дұрыс енгізуге болады. Excel-де қандай функциялар бар.



<< предыдущая страница   следующая страница >>