https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4 5
    1. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТ:

  1. Б.С.Каленова., Практикалық информатика курсы, ШҚМУ баспасы,2003 ж

  2. Информатика. Базовый курс: Учеб. для вузов / Под ред. С. В. Симоновича.- СПб.: Питер, 2002.- 640 с.: ил.

  3. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева. Информатика: Оқу құралы – Астана 2004, 232 бет

  4. Кушниренко А. Г. Основы информатики и вычислительной техники.- М.: Просвещение, 1993.

  5. Шафрин Ю. Основы компьютерных технологий. М:ABF,1997.

  6. Ефимова О., Моисеева М., Шафрин Ю. Практикум по компьютерной технологии. М:ABF,1997.

  7. Рыжиков, Ю.И. Информатика: Лекции и практикум/ Ю.И Рыжиков.-СПб.:КОРОНА принт,2000.-256 с.:ил.-(Учебное пособие)

  8. Савельев, А.Я.Основы информатики: Учеб. для вузов/А.Я.Савельев.-М.:Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана,2001.-328 с.:ил.-(Информатика в техническом университете)

  9. Серова Г.А. Учимся работать с офисными программами.

  10. Могилев А.В., Хеннер Е.К., Пак Н.И. «Информатика», М-2000 г.

  11. Байбурин Е.М., Нугуманова А.Б., Кудинов А.И. Практикум по текстовому редактору WORD / Учебное пособие – Усть-Каменогорск: Изд-во ВКГУ, 1998г.

  12. Мухамедиева С.М., Сабыржанова А.Т. ЕхсеІ практикумы\оқу құралы. – Өскемен қаласы, ШҚМУ, 2002 ж.

  13. Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б. Информатикадан 30 сабақ\1999ж

Қосымша әдебиет:

  1. Лавренов С.М. Excel. Сборник примеров и задач.М-2000г.

  2. Левин А. Самоучитель полезных программ. Питер-2002 г.

  3. “Информатика и образование”/журнал. 1997-2003г.

  4. “Компьютер-пресс”/журнал.2000-2003 г.

  5. Фигурнов В.Е. IBM PC для пользователя. – М.: Инфра, 1997 г.

  6. Энди Ратбон. Windows95 – «для чайников». Учебный курс. Киев-Москва: Диалектика, 1996, 2-ое издание – 1997 г.

3.7 Рейтинг-шкала

Бақылау түрі

Балы

Ағымдық


30

Аралық (рубеждік)

30

Қорытынды

40

Барлығы:

100

Ағымдық – дәріс, зертханалық жұмыс, реферат

Аралық – тест, ӨБЖ.

3.8 Әр түрлі жұмыстарды бағалау критериі мен шкаласы:

  1. дәріс – 0,2*15д – 3 балл

  2. зертханалық жұмыс–1*15 з.ж –15 балл(тақырыпты қамтуы-1б)

  3. ӨБЖ – 0,5*16ср - 8балл (қорғау-0,5 б)

  4. тестілеу - 2*11т – 22 балл (90%-100%)-2б, (75%-89%)-2,5б, (55%-74%)-1б.

  5. Реферат – 4*3реф – 12 балл (мазмұны-3б, көркемдеу-1б)

Барлығы: 60 балл


4. Курс саясаты :

  • Себепсіз дәрістік, зертханалық сабақтарды босатпау, себеп болған жағдайда мұғалімге ескертіп, зертханалық жұмыстарды белгіленген уақытта өткізу керек;

  • Зертханалық және ӨБЖ –тарды өз уақытында өткзі керек, уақытынан кешігіп өткізген жағдайда 0,5 балл шегеріліп тасталады;

  • Аралық және қорытынды бақылауға студент міндетті түрде қатысу керек.

2. мамандық бойынша оқыту-әдістемелік материалдары

2.1 Пәннің мазмұны

Барлығы 3 кредит



тақырыптардың аттары.

Сағат саны

Дәріс

Зерт-хана

СӨЖ

СО

ӨЖ




ЭЕМ даму тарихы.

1







1



Ақпарат және информатика.

Ақпарат туралы жалпы мағлұмат. Информатика пәні мен объектісі және құрылымы

1







1



ЭЕМ де ақпараттың бейне-ленуі. Ақпаратты кодтау. Санау жүйесі, . Файлдар. Ақпаратты сақтау тәсілі мен құралы – жад.

1




4

2



Даму тарихы. Ақпарат және ақпараттану.










2



Есептеуіш техникасының даму деңгейлері. ЭЕМ буын-дары.

1







1



Дербес есептеуіш техника-сының архитектурасы.

1







1



ЭЕМ архитектурасы.










1



Қазіргі кездегі дербес ЭЕМ-нің аппараттық сипаттамалары.










2



Дербес компьютердің бағдарламалық жабдықтары

1







1



Қазіргі кездегі дербес ЭЕМ-нің бағдарламалау жабдық-тары.










2



MS-DOS операциялық жүйесі. Norton Commander қабықшасы

1




4

3



MS-DOS операциялық жүйесі. Norton Commander қабықшасы










2



Windows пайдаланушы интерфейсінің негізгі элементері.

1


2

2

3



Windows операциялық жүйесі










1



Антивирустық және архивтеу бағдарламалары.

1







1



Стандартты бағдарламалар.

1




2

2



Microsoft Word мәтіндік редакторы. Word бағдарла-масының терезі. Құжатты құру және сақтау. Формат-тау. Дұрыс жазу ережесін тексеру. Табуляция. Тізімдер. Колонтитулдар. Нөмірлену, нұскама, колонкалар. Алдын ала көру. Шаблондар, суреттер, жазулар, кестелер, өрістер.

2

8

10

4



Word мәтіндік редакторы.










1



Excel электрондық кестелер.

Абсолют және салыстыр-малы, аралас сілтемелер.


Электрондық кестедердегі есептеулер. Негізгі опера-торлар мен кірістірілген функциялар. Ұяшықтарға есімдер меншіктеу, есімдер-мен жұмыс.

Диаграммалар тұрғызу.


1

10

10

3



MS Excel-де мәліметтер қорымен жұмыс. Сұрыптау, іздеу, сүзгіден өткізу. Windows қосымшалар арасындағы байланыс және деректермен орын алмастыру.

1

8

5

3



Excel электрондық кестесі










1



Стандарты емес мини қо-сымшаларды жасауға Excel бағдарламасының стандарт-ты мүмкіншіліктерін қолдану.










2



Компьютерлік жүйелер және желілік технологиялар

Есептеу желілері. Жергілікті желі. Ауқымды желі. Электрондық пошта.

1

2

10

3

18

Компьютерлік жүйелер. Жүйелік технологиялар.








2

бар/ғы




15

30

45

45

2.2 дәріс сабақтарының тезистері.

Дәріс №1 тақырыбы: эем даму тарихы

1642 жылы француз механигi Блез Паскаль ең бiрiншi механикалық калькулятор ойлап шығарған, ол Париждың саудагерлерiне, ростовщиктерiне арналған болатын. Ол калькулятор екi операцияны жасауға дағдыланған +, –. 1673 жылы немiс математигi, философ Лейбниц калькуляторды жаңартып, ол 4 операция жасайтын болған.

19 ғасыр басында есептеуiш операциялармен программа (бағдарлама) арқылы басқару мүмкiншiлiгi бар деп ағылшын математигi және изобретателi И. Бэббидж айтқан болатын. Ол кiсi қағаз бетiнде Аналитикалық машина деген есептеуiш машина құрып шығарған. Ол машинаның ерекшелiгi мынада: ең бiрiншi рет есептеуiш операцияларында қолданылатын информация екi түрге бөлiнгенi: командалар мен деректер (данные). Ал осы командаларды перфокарта арқылы машинаға енгiзуi дұрыс болады деген идея Ада Лавлейс математигiне жатады. Бұл өте маңызды табыс кейiн ең алғашқы программалар жасау принциптерiнiң негiзi болып табылды. ұсынған перфокарталар 20 ғасырдың 80-90 жылдарға дейiн қолданылып келдi. Кейiн программалау тiлдер шыққан кезiнде сол кiсiнiң аты Ада деген программалық тiлiне берiлдi.

19 ғасыр бойы техника саласындағы ғалымдардың еңбегi арқылы ең бiрiншi санап-есептейтiн машиналар шығарылған. Оларды арифмометр деп атаған.

Өткен Совет Одағында ЭЕМ дамуы академик С.А. Лебедев атымен өте тығыс байланысты. Оның басқармасымен бiрiншi одақтық ЭЕМдар шығарылды: 1951 жылы Киевте МЭСМ.

Компьютерлердiң негiзгi функциялары – деректердi енгiзу, сақтау, реттеу және шығару. ЭЕМнiң бастапқы жұмыс iстеу негiздерiң 40 жылдары американдық математик Дж. фон Нейман айқындады. Оның айтуынша кез келген ЭЕМдi үш басты компонент құрайды:


Процессор – командаларды орындаушы




ОЗУ – ақпаратты сақтаушы




Енгiз-шығару құрыл – ақпаратты жадқа енгiзiп, шығарып алуға ар-ған құр-лар

Негізгі әдебиеттер:1,3,5,7,8

Қосымша әдебиеттер:5,6

Дәріс №2 тақырыбы: Ақпарат және информатика.

Информатиканы жалпы тұрғыдан қарастырғанда теоретикалық және қолданбалы болып екі бөлікке бөледі.

Теоретикалық информатика:

  • ақпараттық ресурстарды, оларды қызмет ету және әлеуметтік прогресстің қозғаушы күші тұрғысынан пайдаланудың жалпы заңдылықтарын;

  • автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құрудың барлық аспектілері: жобалау, жасау және пайдалану формальды – техникалық, мазмұндық, әлеуметтік қозғалысқа кешенді әсері тұрғыларынан;

  • барлық ақпараттық технологиятал, үрдістер мен олардың өту орталарына тән ортақ жалпы қасиеттер мен заңдылықтарды зерттейді.

Қолданбалы информатика – мамандырылған ақпараттық жүйелердің негізінде қалыптасатын ақпараттық технологиялардың белгілі бір түрін зерттейді.

Информатиканың негізгі базалық ұғымы болып ақпарат ұғымы табылады. «Ақпарат» термині латынның “information”- түсініктеме, баяндама, хабар басу деген сөзінен шыққан. Ақпарат- біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстаның қасиеттері мен қатынастарының бейнелері. Ақпатар түрлері: таңбалы – мәтіндік, графикалық, дыбыстық, сигнал. Пайда болу және қолдану аумақтарына байланысты түрлері: биологиялық, әлеуметтік, ғылыми, экономикалық т.с.с. Берілу және қабылдау тәсілдеріне байланысты түрлері: визуальды, аудиальды, тактильдік, органалептикалық, машиналық т.с.с. Кез келген ақиқат өмірдегі объектілерге тән ішкі және сыртқы қасиеттерін анықтауға болады. Мысалы: Объектілік және субъектілік, толықтық, өзектілік, ақиқаттық, қатынау мүмкіндігі, адекваттық, эргономдық т.с.с.


Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8

Қосымша әдебиеттер:5,6

Дәріс №3 тақырыбы: ЭЕМ де ақпараттың бейнеленуі. Ақпаратты кодтау. Санау жүйесі, . Файлдар. Ақпаратты сақтау тәсілі мен құралы – жад..

Компьютерде қолданылатын информация 0 мен 1 цифрлар арқылы сақталынады, ол есептеуiш машина екiлiк санау жүйесiмен пайдаланатындығын айқындайды. Екiлiк санау жүйесiндегi сан бит деп аталады. Биттiң мәнi 1 немесе 0 тең. Бит информацияның ең кiшкентай бөлшегi болып келедi. Информацияны санауға арналған биттан да басқа өлшемдер бар: байт, кб, мб, гб.

Компьютердiң жады деп ерекше электронды ұяшықтар жиынтығын атайды. Ол ұяшықтардың әр қайсысында ноль мен бiрден тұратын комбинация сақталады. Компьютердiң жадының үш түрi бар: негiзгi НСқ, сыртқы ССқ, тұрақты ТСУ. НСқ – есептеуiш машинамен жұмыс бастауға керек түрi. Адам қай программамен жұмыс iстеймiн деседе, ол алдымен негiзгi компьютердiң жадына енгiзiлуi керек.

Кез келген информацияның анықталған атымен компьютерде көрсетiлуi файл деп айтылады. Файлдың толық атауы өзiндiк аттан және оның кеңейтуiнен тұрады. ´зiндiк атауды пайдаланушы өзi бередi, ал атаудың ұзындығы 255 символға дейiн барады. Файылдың кеңейтуi оның шыққан жерiн, арналуын, қай топқа кiретiндiгiн көрсетiп тұрады. ұзындығы 1 ден 3 символға дейiн барады. Жиi кездесетiн топтардың жазылуы:


  1. .exe, .com, .bat – орындалатын файлдар.

  2. .txt, .dos – тексттi документтер.

  3. .prg, .bas, . pas – программалар жазылған тексттерi.

Файлдар екi негiзгi түрге бөлiнедi: құжаттар, бағдарламалар.

Каталог дегенiмiз файлдардың реттеу құралы болып табылады. қазiргi белгiлi Windows программада Каталог немесе папка (қапшық) деп айтылады

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8

Қосымша әдебиеттер:5,6

Дәріс №4 тақырыбы: ЭЕМ буындары..


Ендi ЭЕМ жiктеуiн қарастырайық. Жiктеудiң де бiрнеше түрлерi болады, мысалы өлшемi бойынша. Бiз ЭЕМнiң элементтiк база арқылы жiктелуiн көрейiк. Айтылған негiзi бойынша 4 ЭЕМ буыны бар. ЭЕМ әр буыны пайда болған кезеңiнде негiзгi мiнездемелерiнiң өзгеруiмен сипатталады. ЭЕМ-дың жылдарға байланысты буындарға бөлiнуi өте шартты. Бiр буын ары қарай дамып жатқан уақытта, келесi буын пайда болуға жұмыстар өткiзiлiп жатты. Бұл буындар арқылы ЭЕМдердiң сипаттамасын мына таблица арқылы көрсетейiк.


N

ЭЕМ негiзiнде қолданылатын элементтердiң базасы

таралған мезгiлi (жылдар)

жылдам-дығы (1сек. орындалатын опер.саны)

ЭЕМ түрлерi

1


2


3


4



электролампа- лық генератор


жартылай өткiзгiштер транзисторы

кiшi интег-қ схемалар, микросхема-р


микропроцес- соры


46-56


56-63


64-71


71- қазiргi кезең


10 мыңға дейiн


100-500 мың


1 млн. -ға дейiн


500-1000 млн.



БЭСМ 1, -3

ЭНИАК(1946) МЭСМ(1952)

БЭСМ 6, Минск 22,32


IBM 360,370 (1964)

EC 1060, 1062, 1022, 1035

IBM, ЭЕМ

Apple I (1976)

IBM PC (1981)

Macintosh (1984)

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8

Қосымша әдебиеттер:5,6

Дәріс №5 тақырыбы: Эем архитектурасы.


ЭЕМ архитектурасы дегеніміз – ЭЕМ жұмысын программалық басқаруға және оның негізгі функционалдық бөліктерінің өзара әсерлесуін жүзеге асыратын оны құрудың жалпы принциптері. ЭЕМ архитектура зерттеулерінің алғашқы негізін қалаған американ математигі Джон фон Нейман. Ол бұл тұжырымдарды 1944 жылы ENIAC машинасын құру барысында, Г.Голдстайн мен А.Беркспен дискуссия барысында принципиалды жаңа машина құру идеясы түрінде берді. Бұл принциптер төмендегідей тұжырымдалады:


  1. Фон Нейман машинасының негізгі блоктары болып БҚ (басқару құрылғысы), АЛҚ (арифметико-логикалық құрылғы), жад, сыртқы жад, енгізу-шығару құралдары болып табылады.

  2. Ақпараттарды екілік кодтауды қолдайды және ақпараттар сөз деп аталатын бірліктерге бөлінеді.

  3. «Сақталатын программа» принципі.

  4. Программа мен мәліметтер бір жадта сақталады.

  5. БҚ мен АЛҚ орталық процессоа деп аталатын бір құрылғыға біріктіріледі.

Блоктардың негізгі қызметі:

  • процессор жадыдан команданы оқу арқылы орындалатын қимылды анықтайды, оларды кодтайды немесе декодтайды, машинаның әр бөлігінің жұмысын сәйкестендіреді;

  • жад мәліметтер мен программаларды сақтайды. Ол көпқабатты. Жад түрлері:

а) оперативті жад –жұмыс істеу кезінде мәліметтер сақталынады;

б) сыртқы жад – көлемі үлкенірек, жетуі баяулау, ақпараттарды ұзақ уақытқа сақтауға қолданылады;

с) тұрақты жад – мәліметтерді ұзақ уақытқа сақтайтын және арнайы мамандармен ғана өзгертілетін жад бөлігі.

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8

Қосымша әдебиеттер:5,6

Дәріс №6 тақырыбы: Дербес компьютердiң бағдарламалық жабдықтары.

Дербес компьютердiң бағдарламалық жабдықтары деп оның есептеу процесiн ұйымдастыруға, есептеу жүйесiнiң ресурстарын тиiмдi қолдануға, көп қосымша функцияларды жасауға және неше түрлi қолданбалы есептер шығаруға арналған программалар комплексi жиынтығы.


Функционалды тағайындауына қарасақ бағдарламалық жабдық үш топқа бөлiнедi: жүйелiк программа жасау, қолданбалы, инструменттiк құралдар. Екi топтың арасында инструменталдық құралдар жатыр.

ДКПЖ құрылымын келесi схема арқылы көрсетiп өтейiк.


ДКПЖ






Жүйелiк ПЖ




Иқ




қолданбалы ПЖ




ОЖ

опер-қ жүйелер

Windows, MS-DOS




Сервистiк програм-р

1)Драйверлер

2) Утилиттер

3) Програм-қ

қоршамдар

Програм-у тiлдерi, интерпр-р, компиля-р

1) Текстiлiк мәтiн-р 2) Граф-қ мәтiн-р

3) Электрон-қ кес-р

4) Деректер базасын басқаратын жүйе

5) АЖО (авт- ған

жұмыс орны).

Қолданбалы программалар – адам қай салада еңбек iстесе де жұмыс барысында кездесетiн есептердi шығаруға арналған программалар, ARM-финансы, ARM-статистика.


  1. Текстi мәтiндер деп тексттердi компьютерге енгiзуге, өзгертуге, форматтауға, басып шығаруға арналған программалар жатады: ChiWriter, Lexicon, Word.

  2. Графикалық мәтiндер – сурет салуға, рекламалық құжаттар жасауға арналған документтер: Paint, Corel Draw, Photoshop.

  3. Электронды кестелер – мектеп шығаратын жұмыстарға арналған программалар: SuperCalc, Excel.

  4. ДББЖ – бұл программалар жиыны бiр типтi информация жинаған деректер базасы мен жұмыс iстейдi: DBase (Ребус) орысшаға аударған нұсқасы, FoxBase, FoxPro, Clipper, Microsoft Access.

  5. АЖО – адамның еңбек жасайтын саласына байланысты жасалған программалар жиыны.

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8

Қосымша әдебиеттер:5,6

Дәріс №7 тақырыбы: MS-DOS операциялық жүйесі. Norton Commander қабықшасы.

MS-DOS тың негізгі құрылымдық компоненттері төмендегідей:

  • енгізу – шығарудың базалық жүйесі (BIOS);

  • енгізу – шығарудың жүйесін кеңейту модулі (IO.SIS);

  • жүйелік жүктеуіш (SB);

  • құрылғылар драйверлері;

  • базалық модуль (MS DOS.SYS);

  • командалық процессор;

  • DOS утилиттері.

MS DOS –тың командаларын бірнеше принциптермен жіктеуге болады:

  1. жүзеге асырылу әдістері бойынша: резидентті, транзитті;

  2. функционалдық қызметтері бойынша: каталогтармен, файлдармен, дискілермен жұмыс ісиеу командалары, жадты және құрылғыларды басқару, жүйені конфигурациялар командалары және т.б.

Резидентті командалар – тез орындалатын, жиі қолданылатын қарапайым командалар: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б.


Транзитті кірме командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындағаннан бұрын дискіден оқу керек: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISK COPY , ASSING және т.б.

Peter Norton Computing фирмасы жасап шығарған NORTON COMMANDER программасы MS DOS операциялық жүйесімен жұмыс істеуге арналған программалық қабықша болып табылады. Оның көмегімен каталогтарды көріп шығуға, көшірмесін алуға, жоюға, атын өзгертуге болады. NORTON COMMANDER іске қосылғаннан кейін экранның жоғарғы жағында екі панель, төменгі жағында негізгі функционалдық пернелері көрсетіледі:

Ғ1 – көмекші,

Ғ2 – менюден шығу,

Ғ3 – файлдың құрамын көру,

Ғ4 – файлды редакторлеу,

Ғ5 – файлдың көшірмесін алу,

Ғ6 – файлдың атын өзгерту,

Ғ7 – каталог ашу,

Ғ8 – файлды, каталогты өшіру,

Ғ9 – менюге шығу,

Ғ10 – шығу.

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8

Қосымша әдебиеттер:5,6

Дәріс №8 тақырыбы: : Windows операциялық жүйесi

Windows (ағылшын тiлiнен аударғанда “терезе”) ортасында қолданбалы программаларға ерекше терезе бөлiп отырады. Ол терезе бүкiл немесе экранның бiр бөлiнiн алып тұруы мүмкiн. Терезе арқылы жасалған диалог бiр уақытта бiрнеше программалардың жұмыс iстей алатындығын нақты, көрнекi көрсетiп отырады.

Windows программасының ерекше артықшылықтарын айтып өтейiк:


  1. барлық программалардың бiр типтi ережелерге қанағаттандырылуының бекiтiлуi

  2. бiрнеше программалардың бiр уақытта жұмыс iстеуi, олардың арасындағы информация ауыстырылуы

  3. бiр команданың неше түрлi жолдармен орындалуы

  4. файылдар атауының ұзындығы 255-ке дейiн кеңейтiлуi

  5. кейбiр қолданбалардың жүйелiк программасымен бiрге орнатылуы

Windows программасының негiзгi элементтерi:


  • Жұмыс Столы

  • Меню және құрал-саймандар панелi

  • Терезе

Жұмыс столының бетiнде пиктограммалар орналасқан. Пиктограммалар – Windows программасының объектiлерiнiң көрсетiлуi. Пиктограмманың 4 түрi болады: программалар, құжаттар, таңбалар, қапшықтар. Қапшықтар өз бетiнше 2 түрге бөлiнедi: ерекше қапшықтар (Мой Компьютер, Корзина), жәй қапшықтар (пайдаланушылардың құжаттарын сақтайтын орын). Құжаттар - программалар арқылы пайда болатын объектiлер. Таңбалар дегенiмiз жиi қолданып жүрген объектiлерге жасалатын сiлтеме. Таңбалар жойылған жағдайда олар сiлтеген объектiлер сақталып қалады.

Меню дегенiмiз орындауға берiлген объектiлер тiзiмi. Менюдiң келесi түрлерi болады: негiзгi, контекстiлiк, горизонталь, жолдық меню, жұйелiк.

Терезе – Windows ортасының негiзгi объектiсi. Қандай программа жүктелсе де әр қайсысына да бөлек терезе ашылып отырады. Барлық терезелердiң түрлерiн шартты келесi топтарға бөлуге болады:

  1. қапшықтар терезесi

  2. қолданба программалар терезесi (құжаттар терезесiмен бiрге)

  3. диалог терезесi

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8

Қосымша әдебиеттер: 5,6

Дәріс №9 тақырыбы: Антивирустық, архивтеу программасы.

Компьютерлiк вирус деп - өзi шағын, пайдаланушының файлдарына көрiнбей енгiзiлiп алып, жүйелiк файлдарға, пайдаланушының жұмысына зиян көрсететiн, өзiн-өзi көбейтiп отыруға мүмкiншiлiгi бар программаны айтады.

Әрекет жасау бағытына байланысты вирустарды үш топқа бөлуге болады:

  • файлдық, әсiресе орындауға арналған файлдарды, драйверлердi бүлдiрiп отыратын вирус;
  • жүктеулiк, жүйелiк вирустар. Олар компьютердiң ең маңызды жүйелiк, жадтың аймақтарын бүлдiрiп, (ФОК) файлдар орналасатын кестенi бұзып, компьютер жүктелуге мүмкiншiлiгi келмей қалатын жағдай тудырады;


  • желiлiк, к. желiлерiнде таратылып жүретiн вирустар.

Вирустардың таратылып отыратын жолдары:

  1. дискета арқылы программаларды компьютерден компьютерге тексермей көшiру

  2. электронды пошта арқылы программа алу.

Вирустарға қарсы шығу жолдарын екi топқа бөлуге болады:

  1. дербес компьютермен жұмысты дұрыс ұйымдастыру

  2. антивирустық программаларды жиi, дер кезiнде қолданып отыру.

Архивтендiру дегенiмiз ол файлды немесе файлдар тобын қысып олардың алып тұратын жадының көлемiн азайту. Келесi программаларды архиваторлардың мысалдары түрiнде қарастыруға болады: WINRAR, WINZIP.

Архивтендiру жұмысын келесi жағдайларда қолданады:

  1. ең маңызды программалардың және құжаттардың көшiрмелерiн дискет пен қатқыл дискте сақтау үшiн

  2. сатуға арналған программалардың дистрибутивтi нұсқаларын дискетке тиiмдi орналастыру үшiн

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8

Қосымша әдебиеттер: 5,6

Дәріс №10 тақырыбы: стандартты бағдарламалар

Windows жүйесінің стандартты программалар құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді. Іске қосу үшін: Іске қосу  программалар  стандартты ішінен керекті программамызды іске қосамыз. Стандартты программаларға: блокнот, картотека, күнтізбе, калькулятор, сағат, дыбыс жазу, Word Pad, Paint жатады. Paint нүктелік графиктік редакторы – графиктік бейне түріндегі суреттер салуға және оларды өңдеуге арналған арнайы бағыттағы программа. Paint графиктік редакторында сызықтар мен доғалар, геометриялық фигураларды салуға және ішкі аймақтарды бояуға, текст енгізуге, микроскоп тәртібін орнатуға, фрагменттермен жұмыс істеуге болады.

Блокнот – кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор.


Калькулятор – компьютерлік калькулятор.

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8

Қосымша әдебиеттер: 5,6

Дәріс №11 тақырыбы: Текстiлiк редакторлар

Текстiлiк файл деп алфавиттi-текстiлiк информацияның ең жеңiл, көрнектi көрсетiлуiн айтады. Текстiлiк құжаттарды жасауға, оларды көрiп өзгертiп отыруға арналған арнайы қолданбалы программаларды текстiлiк редактор деп атайды. Кәзiргi кезеңде дамып жетiлген текстiлiк редакторларының қатарына Microsoft Word программасы жатады.

Текстiлiк редактордың мүмкiншiлiктерi:


  1. символдарды форматтау (қарiп-шрифт, символдардың қарiпiнiң түрiн, өлшемiн, түсiн өзгерту).

  2. абзацтарды форматтау (тексттi жолдың енi бойынша туралау, сөздердi автоматтық тасымалдау, қызыл жол жасау, жоларалық қашықтықты өзгерту, абзацты колонкiге бөлу).

  3. тексттiң беттерiн әшекерлеу (парақтарды автоматтық нөмiрлеу, парақтарға коллонтитул мен нұсқамаларды қолдану).

  4. құжатты түгел форматтау (мазмұндаманың автоматтық құрылуы).

  5. кестелердi енгiзiп, өңдеу.

  6. тексттiң дұрыс жазылуын тексеру.

  7. тексттiң арасына графикалық объектiлердi енгiзу: дайын суреттердi, диаграммаларды.

  8. формулаларды енгiзу.

Белгiлi текстiлiк редакторларды үш топқа бөлуге болады:

  1. жалпы тағайындалған: Лексикон, Word.

  2. ғылыми құжаттарды жасауға арналған: ChiWriter, TEX.

  3. программалау тiлiнде тексттердi жасауға арналған құрамдас тексттi редакторлар: Basic, Pascal тiлдердiң құрамдас редакторлары.

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8

Қосымша әдебиеттер: 5,6

Дәріс №12 тақырыбы: Excel электрондық кестесі


«Электрондық кесте» термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған программаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс - әрекеттер.

1. Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әртүрлі есептеулер жүргізу.

2. Түрлі – түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

3. Тиімді мәселелерін шешу.

4. Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

5. Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу.

6. Мәліметтерді статистикалық таңдау.

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған бағдарламалық кестелердің бірі. Элетрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағаналардан ( тік және жатық жолдар ) тұрады. Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағаналар саны 256-ға тең. Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды, ол ұяшыққа мәліметтерді ( мәтін, формула, сан) енгізеді.

Excel –де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула «=»таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек Сонымен қатар кіріктірілген функцияларды да қолдануға болады. Ол үшін: Вставка Функция командасын орындаймыз.

Excel- де 14 түрлі екі және үш өлшемді диаграмма түрлері бар. Диаграмманы немесе графикті даярлау үшін Диаграмма шебері деген функцияны пайдаланған жөн.

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8,12

Қосымша әдебиеттер: 1,5,6

Дәріс №13 тақырыбы: MS Excel-де мәліметтер қорымен жұмыс

Excel электрондық таблицасы мәліметтер базасы режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Әрине , оның мүмкіндіктері арнайы жасалған мәліметтер базасынан гөрі әлсіздеум, дегенмен мұнда да көптеген жұмыстар істеуге болады.


Біз мәліметтер базасынан, әр түрлі белгілері бойынша керекті информацияны іздеуді және оларды сұрыптауды қалай жүзеге асыруға болады Осыларды түсіндіру үшін мысал:

Мәліметтер базасының негізгі ұғымдары.

Кестенің В3:Ғ13 аймағын мәліметтер базасы ретінде қарастыруға болады. Бұл кестенің СDE бағаналары өрістер 3-13 жолдары жазбалар деп аталады

Мәліметтер базасының құрылымына мынадай талаптар қойылады:


  • мәліметтер базасының бірінші қатарында қайталанбайтын өріс атаулары орналасуы тиіс.

  • Мәліметтер базасының қалған қатарлары бос болмай, онда жазбалар орналасуы тиіс

  • Өріс бойымен орналасқан мәліметтер бір тектес болуы керек, яғни олар тек сандардан немесе мәліметтерден тұруы керек.

  • Кез келген мәліметтер базасымен атқарылатын негізгі жұмыс оның құрамынан белгілі критерийлерге ( айрықша белгілерге ) байланысты қажетті ақпаратты іздеп табу. Жазбалар саны көбейген сайын ақпаратты іздеу

  • қиындайды, дегенмен Excel бағдарламасы мәліметтерді сүзгілеу арқылы бұл процессті оңайлатады.

Мәліметтерді сүзгілеу.Мәліметттер→ сүзгі ( Данные →фильтр) меню бұйрығы керекті жазбаларды сүзгілеуге мүмкіндік береді. Сүзгілеуді автоматты түрде →Автофильтр арқылы және қолмен де – күшейтілген (усиленный) түрде жүргізуге болады.

Мәліметтерді сұрыптау. Мәліметтер сұрыптау (данные сортировка) командаларын мәліметтер базасын сұрыптайды.

Негізгі әдебиеттер: 1,3,5,7,8,12

Қосымша әдебиеттер: 1,5,6

Дәріс №14 тақырыбы: Есептеу желісі

Компьютерлiк желi деп бiр-бiрiмен байланысқан есептеуiш жүйенiң неше түрлi ресурстарын бiрге қолдануға бағытталған компьютерлердiң тобын атайды. Есептеуiш жүйенiң ресурстарына программалар, құжаттар, жадтар түрлерi, принтерлер жатады.


Егерде желi шағынды, бiр бөлмеде, бiрнеше сыныпта немесе бiр мекемеде орналасқан компьютерлердi байланыстырып отырса, онда бұл желiнi жергiлiктi желi деп атайды.

Желiге қосу жiктеудi қарастырсақ, мынадай желi түрлерi бар: бiр рангiлi жергiлiктi желi, орталықтан басқарылатын желi

Егерде желi бiр мемлекеттiң, немесе бүкiл әлемнiң компьютерлерiн байланыстырып отырса, мұндай желiнi ауқымды желi деп атайды.

Интернет желiне қосылуының екi жолы бар: спутник арқылы, модем көмегiмен

Интернет желiне қосылған пайдаланушыларға келесi қызмет көрсетiледi:


  1. электронды пошта

  2. телемәслихат

  3. интерактивтi қарым-қатынас, сөйлесу

  4. мультимедиа технологиялар

бүкiл әлемдiк ақпарат қорына қол жеткiзу

Негізгі әдебиеттер: 1,3,7,10

Қосымша әдебиеттер: 3,4

2.3 Семинар сабақтары жоспар бойынша қарастырылмаған.

2.4 Зертханалық жұмыстардың жоспары

Зертханалық жұмыс №1 «Windows. Объектілермен жұмыс істеуді үйрену»



<< предыдущая страница   следующая страница >>