https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2


ӘӨЖ:611.428:611.617:611.621–053.15-055.1/.2/043.3 Қолжазба құқығында


ЖАНАЛИЕВА МАРИНА КӨБЕНҚЫЗЫ


Постнаталды онтогенез кезіндегі жасына, жынысына байланысты адам несепағары мен қуығының лимфоидты түзілістерінің анатомо- топографиялық ерекшеліктері


14.00.02-Адам анатомиясы


Медицина ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

авторефераты


Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Диссертациялық жұмыс «Астана медицина университеті» АҚ орындалған



Ғылыми жетекшілері:

медицина ғылымдарының докторы, профессор Аубакиров А.Б.


ҚР Еңбек сіңген қайраткері,

МҒА Академигі, медицина

ғылымдарының докторы,

профессор Идрисов А.А.


Ресми оппоненттер:

медицина ғылымдарының докторы,

профессор Мукашев М. Ш.


медицина ғылымдарының кандидаты,

доцент Салимгереева Б.Ж.



Жетекші ұйым:

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан

мемлекеттік медицина университеті



Диссертация 2010 жылдың «28» желтоқсанында сағат 10.00-де С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы Д 09.01.03 диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады. Мекен жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі,94, ректораттың мәжіліс залы.

Диссертациямен С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050012, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 153.



Авторефераттың таратылған күні «26» қараша 2010 ж.


Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы,медицина


ғылымдарының докторы, профессор Нұрмұхамбетова Б.Н.


КІРІСПЕ


Тақырыптың өзектілігі

XX ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басында жеткен иммунология жетістіктері морфологиялық аспектілерде үлкен қызығушылық тудырды, жалпы және жергілікті иммунитеттің жүзеге асуының механизмін морфологиялық тұрғыдан дәлелдеу болды. Қазіргі таңда ішкі ағзалардың кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты ұлпалар жиынтығы, лимфалық және қан тамырлар жүйесіне көңіл бөлу үлкен рөл бөлінетіні ешкімге күмән тудырмайды (Сапин М.Р., Этинген Л.Е., 1996).

Қазіргі кезде лимфоидты түзілістер мен түйіншелер тыныс алу, ас қорыту және зәр бөлу жүйелерінің кілегейлі қабығында табылған. Лимфоидты ұлпа асқазан- ішек жолында шоғырланған кілегейлі қабығымен дәлірек зерттелген, әсіресе ол жіңішке, тоқ ішек және аппендиксте зерттелген.

Сонымен бірге лимфоидты аппарат пен адамның ішкіағзалық лимфалық арнасы ғана емес, сонымен қатар кейбір жануарларда белсенді, дәлірек зерттелді. Бұл сұрақтар бойынша адам организмінің физиологиялық жағдайында, әр түрлі әсерлердің әрекет етуі, оның ішінде жедел немесе созылмалы хромдық интоксикациясы зерттелген. Бұл Батыс Қазақстан өңіріне тән (Т.Ж.Умбетов, А.А.Идрисов, Т.А.Адайбаев, 2008).

Ішкі ағзалардың кілегейлі қабығында лимфоидты ұлпаның жоғарғы даму дәрежесін, көптеген авторлар бұл ұлпалардың эндодермалды (Хлыстова З., Минина Т.А., Работникова Е.Л. 2006; Сапин М.Р, 2007) шығу тегінің эпителийіне айқын тропизмімен түсіндіреді. Лимфоидты ұлпаның дамуын күшейтетін басқа әсер, ол кілегейлі қабықтың эпителийіне айқын антигенді әсер болып табылады. Зәр бөлуші ағзалар жүйесіне аталған екі әсер де тән. Адам зәр бөлу жүйесінің ағзаларында, сонымен бірге сүт қоректілерде тағы бір әсер кездеседі. Бұл әсер жалпы және жергілікті иммунитеттің механизмін реттеу мен дамуына ықпал етеді.


Бұл әсер – жоғарылаушы инфекция жалпы барлық «шартты» дені сау адамдарда кездеседі. Зәр бөлу жүйесінің ағзаларының кілегейлі қабығының ауыспалы эпителиімен астарланған. Бұл эпителийдің көршілес орналасқан лимфоидты ұлпамен қарым-қатынасын анықтау қызығушылық тудырыр еді.

Кейбір авторлардың пікірі бойынша (Сапин М.Р., З.А.Кахаров, 1988) зәр бөлу жүйесінің кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түйіншелер көп саны балдырған шақта кездесетіндігі айтылды.

Біздің көзқарасымыз бойынша, зәр бөлу жолдарының кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты ұлпалар толық анықталмаған, сондықтан қосымша, морфологиялық және жас шамалық аспектіде толығырақ зерттеуді қажет етеді.

Ғылыми әдебиеттерден несепағар мен қуықтың әрбір бөлігіне байланысты лимфоидты түйіндердің саны, пішіні туралы деректер бытыраңқы және үздік-создық берілген.

Сол себептен, ұсынылған жұмыстың жаңалығы – несепағар мен қуықтың кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түзілістерді зерттеу және осы ағзалардағы лимфоидты ұлпалардың анатомо-топографиялық, гисто-морфологиялық ерекшеліктерін толығырақ анықтау.

Зерттеу кезінде зерттелетін субъектілердің жасы, жынысы сияқты параметрлері ескеріледі.

Зерттеу мақсаты

Поснаталды онтогенез кезіндегі адамның жасы және жынысына байланысты несепағар мен қуықтың әр бөлігіндегі лимфоидты түзілістердің топографиясын, макро- және микроскопиялық анатомиясын зерттеу.

Зерттеу міндеттері

1. Постнаталды онтогенез кезіндегі адам несепағары мен қуығындағы лимфоидты түзілістердің анатомо-топографиялық ерекшеліктері мен морфометриялық көрсеткіштерін анықтау.

2. Адам несепағары мен қуығының лимфоидты түзілістерінің анатомиясын жасына, жынысына, меншікті ерекшеліктеріне байланысты анықтау.

3. Қуық сфинктері мен несепағар-қуық сфинктерлерінің лимфоидты түзілістерінің анатомиялық ерекшеліктерін анықтау.

4. Постнаталды онтогенез кезіндегі адамның несепағары мен қуығының кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түйіншелердің гисто-морфологиялық тұрғыдан анықтау.


Жұмыстың ғылыми жаңалықтары

Зерттеу нәтижесінде несепағар мен қуықтың кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түзілістердің топографиясы мен анатомиясы зерттелді, сонымен бірге қуықтың сфинктерлі аумақтарында лимфоидты түзілістердің сақинатәрізді орналасқанын анықтадық.

Несепағар мен қуықтың әртүрлі бөлігінде орналасқан лимфоидты түйіншелердің саны, өлшемі, пішіні бойынша жаңа мағлұматтар алынды. Постнаталды онтогенез кезіндегі адамның несепағары мен қуығында лимфоидты түзілістердің жас шамалық, жыныстық ерекшеліктері, саны, өлшемдері анықталды.

Лимфоидты түйіншелердің саны, өлшемі және несепағар мен қуықтың кілегейлі қабығында орналасу деңгейі туралы статистикалық мәліметтер лимфоидты түзілістердің анатомиясы мен топографиясына нақты анықтама беруге мүмкіндік береді.

Адамның несепағары мен қуығының қабырғаларында лимфоидты ұлпалар морфологиялық жетілудің әртүрлі кезеңдерінде болады. Оның диффузды түрі бар, лимфоидты түйіншелер көбею орталығымен және орталықсыз бар екені көрсетілген.

Басқа аймақтармен салыстырғанда, сфинктерлі аймақтарда лимфоидты ұлпалар жиынтығы көп, олардың саны көп екені бірінші рет анықталды.

Практикалық құндылығы

Постнаталды онтогенез кезіндегі адамның жасы мен жынысына қарай несепағар мен қуықтың кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түйіншелердің морфо-функционалды күйі туралы толық деректер, негізгі теориялық және практикалық маңызы және орындалған жұмыстың құндылығын құрайды.

Өткізілген зерттеулер бойынша келесі деректер анықталды:

Әртүрлі жастағы кісілердің несепағары мен қуығының кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түйіншелердің өлшемі, саны, топографиясы бойынша деректер осы ағзалардан лимфоидты ұлпаның орналасу нұсқаларын маңызды өзгертті. Сонымен бірге әртүрлі аурулар күйін бағалауға, ғылыми, тәжірибелік зерттеулерді жоспарлауға қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар


1. Несепағар мен қуықтың кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түйіншелердің саны, пішіні және өлшемі көп жағдайда морфологиялық ерекшеліктері адамның жасы мен ағза бөлігіне, аз жағдайда оның жынысына байланысты болады.

2. Несепағар мен қуықтың кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түйіншелердің орналасуы мен тығыздығы жасына байланысты. Жасқа байланысты несепағар мен қуықтағы лимфоидты түйіншелердің саны мен өлшемінің кемуі мен, көбею орталықтарының жойылуымен сипатталады.

3.Несепағардың кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түйіншелердің көбею орталығы байқалмайды.

4. Несепағар мен қуықтың кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түйіншелердің жасушалық құрамы кіші және орташа лимфоциттермен берілген.

Басылымдар

Диссертация тақырыбы бойынша 8 ғылыми жұмыс, оның 5 білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған басылымдарда жарық көрді

Зерттеу нәтижесінің сыннан өтуі

Диссертациялық жұмыстың негізгі нәтижелері: - Облыстық анатомдар, гистологтар мен эмбриологтардың (морфолог) қоғамы бас қосуында, 2006 жылы, Астана қаласы;

- ОҚММА қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі, доцент А.С.Сахипбаевтың туғанына 70-жыл толуына арналған « Қазіргі заманғы теориялық және клиникалық морфологияның мәселері» атты халықаралық қатысумен өткен ғылыми- практикалық конференцияда, 2006 жылы , Шымкент қаласы;

- М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының 50 жылдығына арналған – «Қазіргі заманғы теориялық, клиникалық медицина мен медициналық білім берудің өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысумен өткен Республикалық ғылыми- практикалық конференцияда, Ақтөбе, 2006 жылы;

- Астана медицина университетінің медицина- биологиялық пәндер бойынша ғылыми семинарында (Астана, 2010) баяндалды.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі

Диссертациялық жұмыс кіріспе, әдеби шолу, зерттеу әдістері және материалдары, зерттеу нәтижелері және оны талдау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімі бөлімдерінен тұрады. Диссертация көлемін компьютермен терілген 106 бет құрайды. Жұмыс 42 суретпен, 18 кестемен көркемделген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 187, оның ішінде 35 шет ел әдебиеттері.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Зерттеудің материалдары мен әдістері

Постнаталды онтогенез кезіндегі адам несепағары мен қуығының кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түзілістердің морфо-функционалды ерекшеліктерін, анатомия мен топографиясын зерттеуге бағытталған жұмыста екінші балалық шақ (8-12 жас) пен егде жас (61-74 жас) аралығында иммунды жүйе мен несеп-жыныс аппараты ауруына байланысты емес, сонымен бірге әртүрлі жарақат салдарынан қайтыс болған 87 мәйіттерден биологиялық препараттар алынды.

Жасы мен қайтыс болу себептері сот-медицина орталығы және патолого-анатомиялық мәйітті ашу акті тізбесінен алынған. Біз оларды В.В.Бунак (1965) кестесі бойынша жас шамалық кезеңдерге бөлдік.


Кесте 1- В.В.Бунак бойынша адам онтогенезінің жас шамалық кезеңдері



Реті

Кезеңдері

Жасы

Жынысы

1

II балалық шақ

8-12

8-11

Ұлдар

Қыздар

2

Балдырған шақ

13-16

12-15

Ұлдар

Қыздар

3

Ержеткен, бойжеткен шақ

17-21

16-20

Жасөспірімдер

Қыздар

4

Кемел шақ I кезеңі

22-35

21-35

Ер кісілер

Әйелдер


5

Кемел шақ IІ кезеңі

36-60

36-55

Ер кісілер

Әйелдер

6

Егде жас

61-74

56-74

Ер кісілер

Әйелдер


Қайтыс болу себептерінің ішінде: жүрек қантамырлық жетіспеушілік - 21, жүректің ишемиялық ауруы - 6, атеросклероз - 5, механикалық асфиксия - 8, көміртегі оксидімен улануы – 3, гипертониялық ауру - 7, инсульт – 7, интоксикация – 4, бассүйек ми жарақаты - 5, жарақаттық және геморрагиялық шок – 8, басқа себептермен – 13.

Адам несепағары мен қуығының кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты ұлпаның анатомия және топографиялық зерттеуде олардың жасы мен жынысы бойынша зерттелген.

Зерттеу барысында несеп-жыныс және иммунды жүйеге байланысты аурулары бар материалдарды алып тастадық. Биологиялық материалдар Астана қаласы филиалының сот-медицина орталығы мен патология-медицина орталығынан алынды. Материалдардың бөлінуі келесі кестеде көрсетілген.

Кесте 2- Жасы және жынысы бойынша зерттелген материалдар




n

Жасы

Бақылау саны

Жынысы

ер адамдар

әйелдер

1

Екінші балалық шақ

5

3


2

2

Балдырған шақ

6

4

2

3

Ержеткен, бойжеткен шақ

8

5

3

4

Кемел шақтың І кезеңі

19

13

6

5

Кемел шақтың ІІ кезеңі

21

11

10

6

Егде жас

28

15

13







87

51

36


Аутопсиядан кейін, мәйіттен ағза тұтастығын бұзбай несепағар мен қуық материалдары алынды. Несепағар бөлімдеріне лигатура қойып немесе түсті маркермен белгіленді. Несепағар мен қуық жанында жанасқан ұлпалармен қантамырларымен алынды. Материал алынғаннан кейін несепағар мен қуық 40 минуттай сумен жуылды. Содан кейін препараттарды алдыңғы бетінен кесеміз. Кейін оған жақын орналасқан майлы және дәнекертін, қан тамырлар да алынады. Содан кейін несепағар мен қуық судың астында 15-20 минут жуылады. Алынған тоталды жазықтықтағы препараттар (ал қуықта қосымша көлденең және диагоналды кесінділер) жасалды.

Алғашында несепағар мен қуық 3 % мұз сірке қышқылының ерітіндісіне, оны дайындау үшін 3мл сірке қышқылына 97 мл су қосылады.


Осы 3 % мұз сірке қышқылында препараттар 16-18 сағат препараттар ашық түске боялғанша қойылады.

3 % сірке қышқылының ерітіндісі экспозициясынан кейін препараттар суық суда сірке қышқылының иісі кеткенше жуылады (әдетте 2 сағат көлеміндей). Кейін препараттар 1 % гематоксилин Гаррис ерітіндісінде, 18-20 сағатқа салынады (ол препараттардың қалыңдығы және жасына байланысты).

Балалар мәйітінен алынған препараттан экспозицияны аз қажет ететінін айта кетуге болады. Сапалы боялған несепағар мен қуықтың тоталды препартаттары суда 40 минуттай жуылады. Осыдан кейін препараттар 2 % мұз қышқылы ерітіндісінде 10-12 сағаттай салынады.

Айта кететін бір жәйт, гематоксилин Гаррис ерітіндісі экспозициясында, 2 % мұз қышқылы ерітіндісінде препараттарда бояу тек лимфоидты түзілістерде ғана сақталады. Бояу сапасына байланысты олар қоңыр сия немесе қара түске боялады. Ал қалған ұлпалардан гематоксилин толығымен жуылып кетеді. Сөйтіп ашық түсте тоталды препараттарда боялған лимфоидты түзілістерді көреміз.

Бұл бізге лимфоидты түйіншелердің көлем бірлігін есептеп өлшеуге, олардың өлшемі мен пішінін аныктауға мүмкіндік береді.

Соңғы этапта несепағар мен қуықтың тоталды препараттары бір сағат көлеміндей суық сумен сірке қышқылының иісі кеткенше әбден жуылады. Кейін 10% бейтарап формалинге көп уақытқа дейін сақтауға қойылады.

Барлық препараттарда лимфоидты түзілістер боялып, бізге пішіні, көлем бірлігінде орналасу тығыздығын, өлшемін анықтауға көмектеседі.

Лимфоидты түзілістерінің бірлік көлемі соның 1 см² көлемде стандарттық трафарет, ал несепағар үшін көлемі 0,25 см² (0,5х0,5) қолданылды.

Әрбір несепағар мен қуықтың кілегейлі қабығында 5 есе сан ауыстырулары өткізілді. Контрастты үлкейту және лимфоидты түзілістердің макроскопиялық қарым-қатынасын, кілегейлі қабықтың жабын эптелийімен анықтау үшін негатоскоп және стереомикроскоп МБС-9 (окуляр-8, объективтер-1,2,4 есе).

Несепағар мен қуықтың кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түзілістер өлшемі микроскопиялық қондырғымен М-70 А есептелінді. Онда лимфоидты түйіншелерінің ұзындығы мен ені өлшенді. Ұзындығы – түйіншенің максималды өлшемі, ал ені – оның көлденең максималды өлшемі.


Несепағар мен қуықтың кілегейлі қабығындағы орналасқан лимфоидты түзілістер мен түйіншелердің микроскопиялық зерттеу мақсатында лимфоидты ұлпаның қоршаған ұлпалық құрылымдар мен эпителиалды жабын, бұл ағзалардың әртүрлі бөлімдеріндегі кілегейлі қабықтың қатынасын, 10% бейтарап формалин ерітіндісіне салып, спиртті жорғалаушы концентрациясы мен воск-парафин блоктарына құйылды. Осыдан кейін қалыңдығы 5-7 мкм сериялық кесінділер жасалды. Кесінділер жалпыға белгілі гистологиялық әдістермен: гематоксилин эозин, Ван-Гизон бойынша боялды.

Несепағар мен қуықтың кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түзілістердің сандық деректері сапа мен өлшем нұсқаларынан алынған қорытындылар варияциялық статистика бойынша өңделді.

Бұл өңдеуде варияциялық қатарлар құрылып олардың ортаңғы арифметикалық қатары есептелініп, сонымен бірге шынайылық айырмашылығы 95 % (р<0,05) дәлелде есептелінді. Статистикалық өңдеу Фишер критерийлері бойынша компьютерлік дайын программа қолданылады.

Зерттеу нәтижелері және оларды талдау

Зәр бөлу жолдарының тоталды препаратында біз морфометриялық әдістер арқылы осы ағзалардың қабырғаларында орналасатын лимфоидты түйіншелерінің санын зерттедік. Берілген 1 - суретте бұл көрсеткіштің жастық немесе аймақтық өзгеруін бейнелейді.

Жастық аспекттегі зәр бөлу ағзаларындағы лимфоидты түйіншелерінің санын қарастыру келесі нәтижелерді көрсетті: оң жақ несепағардағы лимфоидты түйіншелерінің саны біртіндеп төмендейді. ІІ-балалық кезеңмен салыстырғанда балдырған кезеңде тек 1,08 есе (р<0,05) кемиді, кемел шақтың І кезеңінде 1,28 есе (р<0,05) , кейін біртіңдеп кемел шақтың ІІ кезеңінде 1,12 есе (р<0,05) көбейеді. ІІ балалық кезеңмен салыстырғанда, егде жаста оң жақ несепағарда лимфоидты түйіншелері 1,2 есе (р<0,05) төмендейді. Сол жақ несепағарда бұл көрсеткіштер біртіндеп төмендейді. Балдырған шақта 1,08 есе (р<0,05), кемел шақта І кезеңінде лимфоидты түйіншелер саны балдырған шақпен салыстырғанда І балалық шақта 1,15 есе (р<0,05), кемел шақтың І кезеңінде 1,16 есе, егде жаста 1,97 есе төмендейді.


Сурет 1- Әр түрлі жастағы адамдардың несепағары мен қуығындағы лимфоидты түйіншелерінің жалпы саны (Х±Sx, min-max)


Барлық зерттелген жас шамалық топтарда бірлік аумағына сәйкес келетін лимфоидты түйіншелердің саны қуықта басымырақ екені жоғарыда көрсетілген кестеде келтірілген. Біздің көзқарасымыз бойынша бұл түсінікті және заңды. Зәрдің тітіркендіргіш әсері мен оның құрамдас жиынтықтары несепағардың кілегейлі қабығына қысқа уақыт әсер етеді. Бұл оның тасымалдаушы және өткізгіш қызметін түсіндіреді. Несепағарға қарағанда қуықтың кілегейлі қабығында антигендер ұзақ әсер етеді, өйткені қуық зәрді бөлуден басқа оны жинау және резервуарлық қызметін атқарады. Сонымен қатар қуыққа жоғары жолдармен жиі инфекция түседі.



Сурет 2- Қуықтың кілегейлі қабығында орналасқан лимфоидты түзілістер.

Ұл бала 11 жас. Хеллман әдісімен боялған макропрепарат


Ескерту – сфинктерлі аумақта лимфоидты түзілістердің көп орналасу тығыздығы көрінген, лимфоидты түйіншелер концентрлі бағытталған. Қуықтың денесі аумағында лимфоидты түзілістердің өлшемдері кішкене аздау








Сурет 3- Қуықтың кілегейлі қабығы. Ер кісі 73 жас. Хеллман әдісімен боялған макропрепарат



Ескерту – қуықтың сфинктерлі аумағында лимфоидты түзілістері «сақина» тәрізді орналасады









Сурет 4- Қуықтың кілегейлі қабығындағы лимфоидты түзілістер. Әйел 27 жас. Хеллман әдісімен боялған макропрепарат


Ескерту – лимфоидты түзілістердің қою, сирек болып кезектесіп орналасуы.





Сурет 5- Қуықтың кілегейліқабығы. Ұл бала 14 жас.

Хеллман әдісімен боялған макропрепарат


Ескерту – Оң жақ несепағар тесігі аумағында (несепағар-қуықтық сфинктер) лимфоидты түзілістердің ірі өлшемдері кездеседі. Қуық үшбұрышы бағытына қарай оның өлшемі мен тығыздығы бірлік аумағына төмендейді, бірақ қоюланған бағыт белгілері көрінеді.


Кесте 3- Әр түрлі жастағы адамдардың несепағары мен қуығындағы лимфоидты түйіншелерінің жалпы саны (Х±Sx, min-max)



Жасы

n


n

Ағза атауы және олардың қабырғасындағы лимфоидты түйіншелерінің саны

Оң несепағар

Сол несепағар

Қуық

Екінші балалық шақ

5

29±2,2

20-38

28±2,09

19-37

90,0±7,92

72-108

Балдырған шақ


6

27,5±3,02

20-35

28±3,08

19-37

88,5±9,73

70-107

Ержеткен, бойжеткен шақ

8

27±2,97

18-36

26±2,86

17-35

86,5±9,51

68-105

Кемел шақтың І кезеңі

19

23±2,53

14-32

22±2,42

13-31

82±9,02

64-100

Кемел шақтың ІІ кезеңі

21

22±2,42

12-32

23±2,53

13-33

81,5±8,96

63-100

Егде жас

28

20±2,2

10-30

19±2,09

9-29

62,5±6,87

40-85

Мұндағы:1. n – бақылау саны. Сенімді ерекшеленетін шамалар (р<0,05)



Несепағар мен қуықтың лимфоидты түйіншелері санының ең жоғарғы және ең төменгі көрсеткіштері ІІ балалық шаққа дейін көбейеді, кейін төменделу байқалады.

Біз зәр бөлу ағзаларындағы лимфоидты түйіншелердің санын салыстырдық.

II балалық шақта оң несепағарда сол жақ несепағармен салыстырғанда 1,01 есе (р<0,05) көп, ал қуықпен салыстырғанда 3,47есе ( p<0,05) аз.

Балдырған шақ кезінде лимфоидты түйіншелердің саны оң жақ несепағарда сол жағына қарағанда 1.01 есе (р<0,05) көп, сонымен бірге, қуықтан 3,28 есе (p<0,05) аз.


Егде шақта көрсетілген көрсеткіш оң жақ несепағарда, сол жаққа ұқсас, ал бірақ қуықтан 2,36 есе, (p<0,05) аз.

Лимфоидты түйіншелердің саны қуықта ең жоғарғы, ал несепағарда ең төменгі көрсеткіштерді көрсетеді.

Зәр бөлу жолдарының тоталды препараттары ер және әйел жынысты мәйіттерден алынғандығын есепке ала отырып, біз постнаталды онтогенездегі жыныстық ерекшелігіне қарай лимфоидты түйіншелерінің жалпы санының өлшемін есептедік. II балалық шақтағы ұл балаларымен салыстырғанда, ержеткен, бойжеткен шақ кезеңде зәр бөлу жолдарындағы лимфоидты түйіншелерінің мөлшері 1,14 есе (р<0.05) , жетілген шақтың I кезеңінде 1,23 есе егде шақта – 1,75 есе (p<0.05) кемиді.

Әйелдерде берілген көрсеткіштің мәні ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, II балалық шақта 1,69 есе (p<0.05), ал кейінгі жаста біртіңдеп төмендейді. II балалық шақпен салыстырғанда, бұл көрсеткіш бой жеткен, ер жеткен кезеңінде 1,10 есе (р<0.05) кемиді, кемел шақтың I кезеңінде – 1,22 есеге (p<0.05), егде шақта – 1,70 есе (p<0.05), кейінгі кезде әйелдердің зәр бөлу ағзалардағы лимфоидты түйіншелерінің саны жалпылама 1,04 есеге (р<0.05) өседі.

Зәр бөлу ағзаларының лимфоидты түйіншелері жалпы санының жеке көрсеткіштері II балалық шаққа дейін өседі, ал кейін баяу төмендейді. Оның ең жоғарғы және ең төменгі жеке мәнінің арасындағы айырмашылық үлкен адамдармен салыстырғанда, бойжеткен мен ержеткендерде аз.

Кесте 4- Әр түрлі жастағы адамдардың несепағарының әр бөліміндегі лимфоидты түйіншелерінің саны


Жасы

n


Несепағардың бөлімі, лимфоидты түйіншелерінің саны

Жоғарғы үштен бір бөлігі

Ортаңғы үштен бір бөлігі


Төменгі үштен бір бөлігі

Екінші балалық шақ

5


-

9±0,9

4-14

15,9+1,0

7-18

Балдырған шақ

6


-

9,5±1,0

4-15

15,9+1,0

7-18

Ержеткен, бойжеткен шақ

8


-

9±0,9

4-14

15,0+1,11

6-18

Кемел шақтың І кезеңі

19

-

8±0,8

3-13

13,2+0,98

6-18

Кемел шақтың ІІ кезеңі

21

-

8±0,8

3-13

13,0+0,94

6-19

Егде жас

28

-

7±07

2-12

12,2+0,80

5-16

Мұндағы: n-бақылаулар саны. (-) белгінің мүлдем болмауын немесе жеке дара күйінде кездесуін білдіреді. Сенімді ерекшеленетін шамалар (р<0,05)


Сурет 6- Әр жастағы адам қуығының әр бөлімдеріндегі лимфоидты түйіншелерінің саны

Оң жақ несепағардағы лимфоидты түйіншелерінің жасына байланысты орналасу тығыздығы ерекшелігінің анализі келесі нәтижелерді көрсетті. Осы ағзаның ортаңғы үштен біріндегі тығыздық көрсеткішінің мәні ІІ балалық шақта ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, ал кейінгі жастық топтарда лимфоидты түйіншелерінің орналасу тығыздығы аздап кемиді. Бұл көрсеткіш ержеткен, бойжеткен шаққа қарағанда ІІ балалық шақта 1,07 есе (р<0,05), кемел шақтың І кезеңінде – 1,04 есе, егде шақта – 2,33 есе (р<0,05) көп.

Берілген көрсеткіш несепағардың төменгі үштен бірінде ІІ балалық шақпен салыстырғанда (максимум кезеңі) ержеткен, бойжеткен шақта 1,07 есе (р<0,05), кемел шақтың І кезеңінде – 1,14 есе (р<0,05) , егде шақта – 2,0 есе (р<0,05) кемиді.

Оң жақ несепағардағы лимфоидты түйіншелерінің орналасу тығыздығының жеке көрсеткіштері жасқа сәйкес айтарлықтай өзгерістерге ұшырамайды. Оның ең жоғарғы жеке өлшемі егде жас кезеңіне қарай кемиді. Сол жақ несепағар қабырғасының ортаңғы үштен біріндегі лимфоидты түйіншелердің орналасу тығыздығы ІІ балалық шақпен салыстырғанда (максимум кезеңі) бұл көрсеткіш ержеткен, бойжеткен шақта 1,18 есе (р<0,05), кемел шақтың І кезеңінде – 1,13 есе (р<0,05), егде шақта – 2,6 есе (р<0,05) кемиді.

ІІ балалық шақпен салыстырғанда, сол жақ несепағарда лимфоидты түйіншелердің орналасу тығыздығы ержеткен, бойжеткен шақта 1,15 есе (р<0,05), кемел шақтың І кезеңінде – 1,07 есе(р<0,05), егде шақта – 2,5 есе (р<0,05) кемиді.



Сурет 7- Әр жастағы адам қуығының әр бөлігіндегі лимфоидты түйіншелердің ұзындығы

ІІ балалық шақпен салыстырғанда балдырған шағында бұл көрсеткіштер қуықтың жоғарғы үштен бір бөлігінде 1,05 есе (р<0,05), І кемел шақта 1,25 есе (р<0,05), егде жаста 1,99 (р<0,05) азаяды.


ІІ балалық шақтағы лимфоидты түйіншелердің ұзындығы, балдырған шақта қуықтың ортаңғы үштен бір бөлігінде 1,05 есе (р<0,05), кемел шақтың І кезеңінде лимфоидты түйіншелердің ұзындығы 1,12 есе (р<0,05), егде жаста 1,68 есе (р<0,05) төмендейді.

Қуықтың төменгі үштен бір бөлігінде лимфоидты түйіншелердің ұзындығы ең жоғарғы көрсеткішке жетіп, біртіндеп төмендейді.

ІІ балалық шақпен салыстырғанда балдырған шақта лимфоидты түйіншелердің ұзындығы 1,22 есе (р<0,05) азаяды, кемел шақтың І кезеңінде 1,40 есе (р<0,05), егде жаста 1,78 есе (р<0,05) төмендейді.

Қуықта берілген көрсеткіштер ІІ балалық шақпен салыстырғанда балдырған шақта 1,12 есе (р<0,05) төмендейді, жетілген шақтың І кезеңінде 1,26 есе (р<0,05), егде жаста 1,78 есе (р<0,05) төмендейді.

Қуықта берілген көрсеткіштер ІІ балалық шақпен салыстырғанда балдырған шақта 1,80 есе (р<0,05) төмендейді.

Ең жоғарғы және ең төменгі көрсеткіштер арасындағы қуықтың лимфоидты түйіншелерінің айырмашылық көрсеткіштері үлкен жастағы топтарда балалар шағына қарағанда көп.

Гистоморфологиялық сараптау адамның несепағары мен қуығының лимфоидты түзілістері, көбінесе диффузды лимфоидты ұлпа және лимфоидты түйіншелермен берілгенін көрсетті. Аздаған эпителийішілік лимфоциттерден басқа диффузды лимфоидты ұлпалар, негізінен, субэпителиалді, жабын эпителийінің астында, кілегейлі қабығының меншікті пластинасында орналасады.





Сурет 8- Несепағардың кілегейлі қабығы. Гемотоксилин эозин бойынша бояу Үлкейту х200. Ер кісі 56 жаста.


Ескерту – морфофункцияналды күйдегі кілегейлі қабығында түіншеалды кезегінің лимфоидты ұлпаларының ошақтары көрінген



Сурет 9- Қуықтың кілегейлі қабығының меншікті пластикасындағы лимфоидты түйінше. Қыз бала 12 жас. Гематоксилин және эозин бояулары



Ескерту – лимфоидты түйінше сопақша пішінді, шекералары мен контуры айқын. Лимфоидты түйіншелердің герминативті орталықтары жоқ. Түйінше шеттерінде ірі талшықты дәнекер тін. Түйіншенің жасушалық құрамын орташа лимфоциттермен берілген




Сурет 10- Несепағардың көлденең кесіндісі. Гематоксилин және эозин бойынша бояу. Үлкейту х200. Әйел 67 жас


Ескерту – лимфоидты түйіншелер байқалмайды




Сурет 11- Қуықтың кілегейлі қабығы, ірі лимфоидті түйінше. Ер кісі 48 жас. Гематоксилин және эозин бойынша бояу. Үлкейту х200


Ескерту – лимфоидты түйінше ретикулярлы қабаттың гиперплазия белгілерімен берілген







Сурет 12- Әр жастағы зәр бөлу жолдарының әр пішініндегі лимфоидтық ұлпаларының %-құрамы (Х±Sx; min - max %)


Зәр бөлу ағзаларында домалақ және сопақ пішінді лимфоидты түйіншелер (түйіншелердің жалпы санының (36,24 % және 36,32 %) ІІ балалық шақ кезеңінде басым болады да, кейін ержеткен, бойжеткен шақта олардың пайыздық қатынасы 2,03 есе, ал егде шақта 2,44 есе (р<0,05) төмендейді. Жалпы алғанда, сопақ пішінді түйіншелер домалақ пішіндіден бірнеше көп және олардың арасындағы айырмашылық 2-5 % көлемінде өзгеріп отырады.

Постнаталды онтогенезде көбінесе созылыңқы пішінді лимфоидты түйіншелердің пайыздық жиынтығы айтарлықтай өзгермейді, тек егде жаста, балалық шақтың ІІ кезеңімен салыстырғанда, мәнсіз көлемде төмендейді 1,08 есе (р<0,05) төмендейді.

Бұрыс пішінді лимфоидты түйіншелер тек балалық шақтың ІІ кезеңінде пайда болады (барлық лимфоидты түйіншелердің 7,3 %). Бұл көрсеткішпен салыстырғанда кемел шақтың І кезеңінде оның мәні 5,9 есе (р<0,05), егде шақта 6,91есе (р<0,05) көбейеді.

Зәр бөлу ағзаларындағы әр түрлі пішінді лимфоидты түйіншелердің ең жоғарғы жастық динамикасы мен жеке ең жоғарғы пайыздық жиынтығы орташа арифметикалық көрсеткіштердің жастық өзгерістерін көрсетеді.



следующая страница >>