https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4 ... 9 10

3. Өндірістер бағдарламасы

2- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген.


-кесте - Планируемая программа производства по годам


Көрсеткіш

2 012

2 013

2 014

2 015

2 016

2 017

2 018

Қуаты, %

58%

78%

90%

95%

100%

100%

100%

Медициналық халат, дана

1 716

3 102

3 564

3 762

3 960

3 960

3 960


Ашық жұмыс комбинезоны, дана

572

1 034

1 188

1 254

1 320

1 320

1 320


Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулердің (тұтынушылардың арнайы киімінің дизайнына басымдығын айқындау мақсатында) нәтижелері негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.

Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылар кірісінің орташа деңгейімен анықталған сатып алу қабілеттілігі ескерілді.


-кесте – Сатуға жоспарланған баға, мың теңге

Атауы

Мәні, теңге

Медициналық халат

3 500

Ашық жұмыс комбинезоны

3 000


Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.

4. Маркетингтік жоспар

4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы


ҚР-да тоқыма бұйымдары мен киім өндірісінің нақты көлемінің индексі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда артты. Мәселен, тоқыма бұйымдары өндірісінің индексі 2009 жылы 83,8%, 2010 жылы – 103,1% (ұлғаюы 23% құрады) құрады. Киім өндірісі индексі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 23,5%-ға артты (1-сурет).


-сурет - ҚР тоқыма бұйымдары, киім өндірісінің нақты көлемінің индексі, %



Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі

Кәсіпорынның өнімдерін тұтынушылар Алматы қаласының қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының, сауда және ұқсас қызмет түрлерінің қызметкерлері болатындықтан осы қаланың еңбек нарығын қарастырған орынды.

Алматы қаласында кәсіпорындарға және ұйымдарға 2011 жылдың үшінші тоқсанында 48,9 мың адам, соның 1,1 мың адамы – жаңадан ашылған жұмыс орындарына қабылданды. Түрлі себептермен 44,6 мың адам, соның ішінде жұмыс санының босауына (қысқартылуына) байланысты – 1,4 мың адам, кадрлардың ауысуы себептеріне байланысты – 39,7 мың адам жұмыстан кетті (2-сурет).


-сурет - 2011 жылдың үшінші тоқсанында Алматы қаласындағы нақты жұмыс күші мен оның қозғалысы, мың адам


Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті

Ірі және орташа кәсіпорындарға 2011 жылдың үшінші тоқсанында 43,8 мың адам (жаңадан ашылған жұмыс орындарына – 0,8 мың адам) қабылданды, 40,9 мың адам кетті.

Есепті кезеңнің соңына бос жұмыс орындарының саны 3,7 мың бірлікті, ірі және орташа кәсіпорындарда - 3,2 мың бірлікті құрады.

Экономика секторлары бойынша Алматы қаласының жұмыспен қамтылған халқының құрылымы 3-суретте берілген.

-сурет - Экономика секторлары бойынша Алматы қаласының жұмыспен қамтылған халқының құрылымы, %


Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті

Бұдан әрі Алматы қаласының жұмыспен қамтылған халқының жалпы көлеміндегі қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, сауда және ұқсас қызметтер түрлері қызметкерлерінің үлесін бөліп көрсету қажет. Бұл үшін мынадай сурет жасалды:


-сурет - Доля работников сферы обслуживания, жилищно – коммунального хозяйства, торговли и родственных видов деятельности в общем объеме занятого населения г. Алматы (2010 год), %


Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті


Бұдан әрі Алматы қаласындағы денсаулық сақтаудың жай-күйін қарастырамыз, өйткені кәсіпорын медицина қызметінің қызметкерлері үшін арнайы киімдер шығаратын болады.

Алматы қаласындағы дәрігерлер саны 2010 жылы 11 266 адамды құрады, бұл 2009 жылғыдан 854 адамға көп (5-сурет).


-сурет – Алматы қаласындағы барлық бағыттағы дәрігерлер саны, адам


Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті


Орта медицина құрамы санында да осындай серпін байқалады (6-сурет).


-сурет – Алматы қаласындағы орта медицина құрамының саны, адам


Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті

2009 жылы алдындағы жылмен салыстырғанда орта медицина құрамы санының 16% азайғаны, 2010 жылы 10% өскені байқалады. Мәселен, егер 2009 жылы орта медицина құрамы 10 213 адамды құраса, 2010 жылы 1 023 адамға ұлғайып, 11 236 адамды құрады. Орта медицина құрамының саны 2011 жылы 2006-2007 жылдардағы деңгейде болды



<< предыдущая страница   следующая страница >>