https://electroinfo.net

girniy.ru 1
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны



Мақсаты:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойынының жүру барысы:

І. Сайысқа қатысушылармен таныстыру.

/Сайысқа 5-6 сыныптан 8 оқушы қатысады/

ІІ. Сайыс шарттарымен таныстыру.


  • Бәйге

  • Дода

  • Жорға

  • «Кім жылдам?»

1. «Бәйге» сайысында барлық сайыскерлерге информатикаға қатысты 15 сұрақ беріледі

1.1. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.

1.2. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.

1.3.”Бәйгенің” сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.

1.4. “Бәйге” айналымында аз ұпай жинаған 3 оқушы ойыннан шығады.

2. «Дода» сайысы бойынша:

2.1.Бұл сайыста 5 ойыншыға экрандағы 3 пән /математика, информатика, логика/ бойынша таңдау ұсынылады.

2.2. Ойыншылар кезегімен ұяшықтарды таңдайды. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай алады.

2.3. Ұяшықтар ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 3 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.

3. «Жорға» сайысы

3. 1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.

3.2. Әр тақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген.

3.3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.

34. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.

3.5 Ұпай саны аз оқушы ойыннан шығады. / екі оқушы қалады/

4. Ақтық сайыс.

«Бәйге» сайысының сұрақтары:

  1. Ақпараттың өлшем бірлігі /бит, байт/

  2. Компьютерлік вирусты жоятын программа /антивирустар/

  3. Дыбыс жазу құрылғысы /микорфон/
  4. Сурет салуға арналған бағдарлама /Пайнт/


  5. Ақпаратты тасуыштарға не жатады? /флешка, компакт дискілер/

  6. Ақпаратты қағазға басып шығатын құрылғы /принтер

  7. Компьютер жұмыс істеуге қажетті ең негізгі құрылғылар / /монитор, пернетақта, жүйелі қорап/

  8. Мәтін теруге арналған қандай программаларды білесіңдер? /Word, WordPad, Блокнот/

  9. Әріптік-сандық ақпаратты енгізу құрылғысы /пренетақта/

  10. 1 кбайт-та қанша бит бар? /8 бит/

  11. Бүкіләлемдік желі /интернет/

  12. Өшірілген файлдар қай папкада сақталады? /себет/

  13. Дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы /колонка

  14. Компьютерде неше жады бар? Олар қалай аталады? / 2.ішкі және сыртқы жады/

  15. Қарапайым есептеу жүргізуге арналған программа. /калькулятор/

«Дода» сайысы бойынша:

Математикаға қатысты сұрақтар:

  1. Көбейтінді қай уақытта нөлге нең болады? /Көбейткіштің біреуі 0-ге тең болғанда/

  2. Шеңбердің диаметрі 20 см болса, оның радиусы нешеге тең?

  3. Тіктөртбұрыштың ұзындығы 10 см, ені 5 см, периметрін тап. /30см/

  4. Ең кіші натаурал сан. /1/

  5. 3 санының кубы нешеге тең? /27/



Информатикаға қатысты сұрақтар:

  1. Ақпаратты енгізу құралдары. /пернетақта, тышқан, сканер/

  2. Монитор алдында тұратын өсімдікті ата. /кактус/

  3. Компьютерлер ақпарттың неше түрін өңдей алады? Оларды ата. /5. Сандық, мәтіндік, графиктік, дыбыстық, бейне ақпарат/

  4. Компьютердің «миы» /процессор/

  5. Компьютердің королі» кім? /Билл Гейтс/

Логикаға қатысты сұрақтар:

  1. Бос орынға керекті сөзді жаз. Астана: Қазақстан, Париж: ...., Түркия /Франция, Анкара/

  2. Келтірілген тізімнен артық сөзді алып таста: Глобус, дискі, доп, қарбыз. /дискі/
  3. Әртіс Сұлтанның мойнында оның әйелі Майра, екі ересек қыздары –Айман мен Шолпан және үш кішкентай ұлдары –Алдияр, Мадияр және Шадияр отырады. Цтрк әртісінің мойнында қанша адам отыр? /6 адам/


  4. Қолдарыңда 10 саусақ бар. Ал 10 қолда неше саусақ болады? /50 саусақ/

  5. Төрт ағайындының әрқайсысының бір-бірден қарындасы болған. Жанұяда неше бала болған? /5 бала/

«Жорға» сайысы бойынша сұрақтар:

Тұлғалар:

  1. Қазақтың тұңғыш саяхатшысы. 10 ұпай /Ш.Уалиханов/

  2. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын.20 ұпай. /Жамбыл/

  3. Балалар әдебиетінің атасы. 30 ұпай. /Ы.Алтынсарин./

  4. Қазақстанның тұңғыш президенті. 40 ұпай. /Н.Назарбаев/

  5. Абайды әлемге танытқан жазушы. 50 ұпай. /М.Әуезов/

Салт-дәстүр:

  1. Бала алғаш қадам басуға талпынғанда жасалатын салт-дәстүр. 10 ұпай / Тұсаукесер/

  2. Өмілдірік деген не? 20 ұпай. /ер тұрман әбзелі/

  3. Қандай ұлттық ойындарды білесің? 30 ұпай. /көкпар, бәйге, күрес, аударыспақ, теңге алу т.б/

  4. Ұлыстың ұлы күні жасалатын тағам. 40 ұпай. /наурызкөже/

  5. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген. 50 ұпай. /Жаңа түскен келін./



Мақал-мәтелдер:

  1. Доссыз өмір -...

  2. Отан - .... басталады.

  3. Еңбек етсең ерінбей, ....

  4. Атаңның баласы болма, /адамның баласы бол/

.......................................

5.Әдепті бала - арлы бала,

Әдепсіз бала- .... /сорлы/

Еркін тақырып:

  1. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері. /Тоқтар Әубәкіров/

  2. Киіз үй бөліктері. 20 ұпай. /Есік, шаңырақ, кереге , уық/

  3. Биыл Пригород жалпы орта білім беретін мектебіне неше жыл болады? /40жыл/

  4. Тайқазан орналастырылған кесене. /Ахмет Иассауи/

  5. Түйенің сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын. /шұбат/

Ақтық сайыс. «Кім жылдам?»

«Ақпараттандыру» сөзінен сөздер құрастыру. Кім көп сөз құрастырса, сол жеңімпаз атанады.

Қорытындылау. Жеңімпазды марапаттау.


Мекен-жайы: Шығыс Қазақстан облысы

Семей қаласы, Пригород жалпы орта білім беретін

мектебінің информатика және математика пәнінің

мұғалімі Азімбаева Нұрпан Мұсабайқызы.