https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4 ... 12 13

39. Өндірістегі пластикалық массаларды стандарттау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Пластикалық массалардан материалдар мен өнімдерді стандарттаудың технологиялық процесін жүргізу. Норма бойынша әр топтамадан мөлшерленген өнімдерді есептеу. Араластырудың технологиялық процесін жүргізу және материалдарды, өнімдерді мемлекеттік стандарт бойынша орнатылған нормаға дейін жеткізу. Жабдықтардың жұмыс жасау режимдерін реттеу. Өнімнің даярлық деңгейін анықтау және анализ үшін сынаманы сұрыптау. Шикізат пен дайын өнімнің есебін жүргізу.

Білуі тиіс: пластикалық массалар өндірісіндегі стандарттау процесін; жабдық құрылғылыры мен жұмыс принциптерін; бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану ережелерін; өнімдерді қабылдау мен тапсыру ережелерін; дайын өнімді анықтау тәсілдері мен анализ үшін сынаманы сұрыптауды; шикізат пен дайын өнімнің техникалық шарттарын және мемлекеттік стандарттарын.


40. Термоылғалды өндеу аппатаршысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Автоклавтарда немесе алдын-ала көпірткен қалыптастырылған әзірлемелермен әткеншек машиналарында термоылғалды өндеу технологиялы процессін жүргізу. Автоклавты, әткеншек машиналарды, бушығаратын коммуникацияларды және бақылау-өлшеу құрылғыларын тексеру және жұмысқа дайындау. Термоылғалды өндеуді марка, сорт, құрамы және полистирол шикізатының көлемді салмағына және өнімнің түріне технологиялы картамен сәйкес режимін белгілеуАвтоклавтарға бу беру, буды және конденсантты жіберу. Температураны, қысымды және бақылау-өлшеу құрылғылары брйынша циклдың жалғасуын бақылау және реттеу.

Білуі тиіс: термоылғалды өңдеу процесінің параметрлерін; жабдық құрылғылары мен жұмыс принциптерін; коммуникация сызбасын; бақылау-өлшеу құрылғыларын қолдану ережелерін; қысымда жұмыс жасайтын ыдысты эксплуатациялау ережесі және құрылғысын; өңделген өнім сапасына қойылатын талаптарын; жылутехника негіздерін.



41. Пластмассалар бұйымдарын термоөңдеу аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ванналарда және пластмассалық бұйымдарды тұрақтандырудағы термоөңдеудің технологиялық процесін жүргізу. Термошкафтардағы құйылған материалдарды жұмсарту бойынша жұмыстарды орындау және жарамсыз бұйымдардан арматураларды шығару. Ванналарды әзірлеу: суды құйып, белгіленген температурасына қыздыру. Кассетаға бұйымдарды салу, ваннаға кассетаны ыстық сумен жіберу. Орнатылған технологиялық режимге сәйкес бұйымдарды ұстау. Кассеталарды шығару және ваннаға салқын сумен түсіру, кассетадан бұйымдарды шешу және ыдысқа салу. Белгіленген өлшем бойынша бұйымдардың өлшемдеріне сәйкес өлшеуіш құралдарымен тексеру.

Білуі тиіс: термоөңдеу процесінің негізгі кезеңдерін; ванна қызу ережелерін; термоөңдеуге жатқызылған материалдардың негізгі өзіндік қасиеттерін; өлшеуіш құралдарының қолдану ережелерін.


42. Пластмассалар бұйымдарын термоөңдеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Май термостаттары мен термошкафтардағы бұйымдарды термоөңдеудің технологиялық процесін жүргізу немесе термоөңдеуге фторопласттан бұйымдар және дайындамалар әзірлеу. Бұйымдарды әзірлеу: кассеталарға немесе тіреулерге салу, термостатты маймен толтыру; термостатты, термошкафты берілген температурасына дейін қыздыру; бұйымдарды тиеу; термостат пен термошкафтағы бұйымдарды полимерлеу мен термоөңдеудің технологиялық процесін жүргізу; бұйымдарды түсіру, қоршаған ортасына сәйкес температураға дейін суыту және оларды майдан тазарту максатымен бензинмен ваннаға тиеу; майдан тазаланған бұйымдарды кептіргіш шкафына жіберу; кептірілген бұйымдарды кейіңгі өңдеуге тапсыру.Фторопласттан бұйымдар мен дайындамаларды әзірлеу барысында – құрал-саймандарды әзірлеу; пешке тиеу және дайын бұйымдарды немесе пештен дайындамаларды түсіру; бұйымдарды престеп салу, немесе арнайы ұстағыштар үшін жабдықталған құрал-саймандарға асу;


Білуі тиіс: термоөңдеу процесі мен оны реттеуді; жабдық құрылғылары мен жұмыс принциптерін; термоөңдеуге ұшырайтын пластмасс бұйымдарын ақойылатын талаптарды; жабдықты іске қосу мен тоқтату ережелерін.


43. Пластмассалар бұйымдарын термоөңдеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі едәуір төмен аппаратшыларды басқара отырып, ұзындығы 5 метрге дейіңгі фторопласттан бұйымдар және дайындамалардың термоөңдеуінің технологиялық процесін жүргізу немесе біліктілігі едәуір жоғары аппаратшының басшылығымен ұзындығы 5 метрден жоғары, фторопласттан бұйымдардың термоөңдеуінің технологиялық процесін жүргізу. Жұмысқа пеш пен қосалқы механизмдерін әзірлеу. Аспаптарды берілген технологиялық режиміне қондыру. Пешті қыздыру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша термоөңдірудің берілген технологолиялық режимді бақылау және реттеу: температураларды, ысыту мен суыту жылдамдықтарын, ұстамдылықтың ұзақтығын және т.б. Бұйымдарды немесе термоөңдірістен кейіңгі дайындамаларды ұстау. Термоөңдіріс процесінің аяқталуын көзбен шолу арқылы анықтау. Өндірістік журналға жазу.

Білуі тиіс: термоөңдеу процесінің негізін; жұмыс жасап жатқан жабдықтардың қондырғысын; бұйымның сапасының, өлшемі мен түріне қарамастан технологиялық өнімді жүргізу ережелерін; термоөңдіріске ұсынылған техникалық талаптарды; пешті режимге қою ережелерін; жабдықтардың іске қосу мен тоқтату ережелерін.


44. Пластмассалар бұйымдарын термоөңдеу аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ұзындығы 5 метрден жоғары фторопласттан жасалған бұйымдар мен құбырларды жентектеудің технологиялық процесін жүргізу, физикалық-химиялық өзіндік қасиеттерін өзгерту мақсатымен келесі термоөңдеумен және берілген геометриялық өлшемдерді газды, электрлі пештердегі басқарудың күрделі автоматикалық схемаларымен алу және электронды аспаптарды пайдалануды бақылау. Физикалық-механикалық қажетті өзіндік қасиеттерін алу үшін және өлшемдері, қалыңдығы мен бұйымдардың термотұрақтылығына сәйкес орнатылған технологиялық режимді таңдау. Пеш, қосалқы механизмдермен жұмыс жасауға әзірлену. Автоматика мен бақылау-өлшеу аспаптарын тексеру және аспаптарды белгіленген режимге қондыру. Пешті жылуалмастырғышты реттеумен қыздыру және суыту, пешке бұйымдарды тиеу және одан түсіру. Үлкенкөлемді бұйымдарды пешке салу үшін электротельфермен жұмыс жасау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша термоөңдеу, жентектеудің технологиялық режимін бақылау мен реттеу. Автоматты газды оттық, газды арматура және құбырлармен жұмыс жасауы. Геометриялық өлшемдер мен бұйымдардың физикалық-механикалық өзіндік қасиеттерін өлшеуіш құралын пайдалана отырып бақылау. Өндірістік журналына жазу.


Білуі тиіс: термоөңдеу процесінің негізін; жұмыс жасап жатқан жабдықтардың қондырғысын; арматура сызбасы мен коммуникацияны; көтеру-транспорт құралдарымен жұмыс істеу ережелерін; автоматика мен бақылау-өлшеу приборларын дайындау және реттеу; фторопласт өнімдері мен трубаларға және дайын өнімге қойылатын талаптарды.


45. Форполимерлеу аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары аппаратшының басшылығымен монометрді вакуумдау және форполимерлеу процессін жүргізу. Желімдейтін лактарды, перкалиларды, негізді дайындау. Қоймадан силикатты экрандарды, органикалы жастықшаларды алу; экрандарды жуу, кесіктерді қағазбен желімдеу, жастықшаларды пастамен жылтырату. Форамаларды құрастыру, оларды желімдеу, тазарту және оларды құятын орынға тасымалдау. Негізгі шикізаттың компоненттерін мөлшерлеу және оларды реакторға тиеу. Фильтрды, құйғышты дайындау; форполимермен қалыптарды құю. Полимерлеу шкафына тиеу; дайын қалыптарды шкафтан түсіру, сүрту, тазарту және кейінгі өндеу үшін тасымалдау. Пленкалы желімдеуде – силикатты экрандарды негізбен қаптау. Өнімді пластифицирлі пленкамен жапсыру.

Білуі тиіс: вакуумдау, форполимерлеу технологиялы процесінің негізі, жабдықтарды қолдану ережелерін; желімдеуші лактардың жасалу рецептурасын; негізгі шикізатқа, силикатты экрандарға, органикалы жастықшаларға, дайын өнімдерге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.


46. Форполимерлеу аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Монометрді вакуумдау және форполимерлеу технологиялы процесін жүргізу. Талдаудың нәтижесі және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялы процессті қадағалау. Қалыптың шамасын және форполимердің саның есептеу. Калибрлардың көмегімен техникалы өнімдердің формасын құрау. Шикізатты және дайын өнімді есептеу.

Білуі тиіс: вакуумдеу мен форполимерлеу процесінің параметрлерін; шикізаттың және қосалқы материалдардың физико-химиялы құрылымы; дайын өнімге мемлекеттік стандарттар мен техникалық талаптарын.



47. Мипор блоктарын ұрғыш

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Қатайтылған мипор блоктарын формасынан шығару үшін станокты әзірлеу. Қатайту камераларынан блоктарды қабылдау. Дайын блоктарды станокта сырғытумен формаларын орнату. Қатайтылған сулы блоктарды қырлы форма қабырғаларынан қолмен істеу арқылы бөліп алу. Форманы тазалауға ұсыну. Блоктарды итергіш станоктарда айналдыру. Түптерді блоктан ажырату және кесу. Түпті тазалауға беру. Блоктарды рамкаға орнату, арабаға тиеу және кептіргішке жіберу. Кезекті өндіру есебін жүргізу.

Білуі тиіс: блоктарды ұру жұмыстарын орындау барысында операциялар реттілігін; дайын өнімнің техникалық шарттарын.


48. Винипластты гофрирлаушы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Әзірлемелерді және винипласт және басқада термопласттан өнімдерді арнайы прессте гофрирлау, гофрирлаушы прессті дайындау – берілген температураға дейін жылыту, техникалы талаптарға сәйкес гофтың биіктігін икемдеу, материалды пресске салу. Гофрирлау процесін жүргізу, гофрирлаушы пресстің жұмыс режимін бақылау және реттеу - плиталардың температурасы, өнімнің биіктігі және жалпы өлшемі. Өнімді түсіру және белгіленген орынға қою.

Білуі тиіс: гофрирлау режимі; гофрирлауға арналған материалдарға техникалы талаптары; прессті белгіленген өлшемге икемдеу және оларды реттеудің тәсілдері; дайын өнімге қойылатын техникалы талаптар.


49. Бөлшектерді жетілдіруші

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. R_а 0,32 органикалы шынылардың бөлшектерін болат пластиналармен жетілдіру. Техникалы пластиналарға сәйкес. Қолдан және тік-дискті станокта техникалы талаптарға сәйкес. Станокты және үйкелейтін плитаны жұмысқа дайындау және икемдеу. Бөлшектерді өндеу режимін орнату. Станокқа және құрылғыға қарапайым жөндеу жұмыстарын жасау.

Білуі тиіс: жылтырататын тік-дискті станокты және үшкірлейтін-үйкелейтін жабдықтың құрылымын; оргшыныдан бөлшектерді жетілдіру және өндеу режиміне қойылатын техникалы талаптар; оргшынының физико-химиялы құрамы; жетілдірудің ережесі.



50. Бөлшектерді жетілдіруші

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. R_а 0,16 оргшыны бөлшектерін қолдан болат пластиналармен техникалы талаптарға сәйкес жетілдіру. Үйкелейтін плитада бөлшектерді үйкелеу және белгіленген оптикалы көрсеткіштерге дейін жылтырату. Оптикалы көрсеткіштерді проекциялы-айналы құрылғыда тексеру және оптикалы бұзылуларды толықтай жоюдан сәуленің түспеуін толықтай тексеру. Оргшыныны арбаларда немесе тельферлермен апару немесе жеткізу.

Білуі тиіс: проекциялы-айналы құрылғының, көтеру-тасымалдау жабдығының құрылымы; жетілдіретін бөлшектердің жинағы; өнімнің номенклатурасы және олар бойынша оптикалы рұқсатнамалар; оптикалы көрсеткіштерді тексеру ережесі.


51. Бөлшектерді жетілдіруші

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Оргшынының бөлшектерін және органикалы және R_а 0,08 силикатты шынылардың жинақтағы бөлшектерді қолдан техникалы талаптарға сәйкес болат пластиналармен жетілдіру. Бөлшектердің оптикалы көрсеткіштерін ығысу бұрышы бойынша келтіру және техникалы талаптардың нормасына сәйкес суретті деформациялау. Бейне деформацияларының оптикалы бұзылуларды түзейту және ығысу бұрыштарын нормадан бөлшектермен қолдан металды пластиналардың көмегімен түзейту.

Білуі тиіс: проекциялы-айналы құрылғының құрылымы; геометриясын және үшкірлеу ережесі және бөлшектерді жетілдіру үшін металды пласиналардың кесетін бөліктерін кайрау; бөлшектердегі оптикалы бұзылуларды қолдан жою тәсілдері; органикалы және силикатты шыныдан желімденген бөліктердің композициялы құрылымын; өнімнің номенклатурасын және оларға оптикалы рұқсатнамалар; металды пластиналарды қайрауға арналған оргшының және пастаның физико-механикалы құрамы.


52. Қалыптарды полимерлі қоспамен құюшы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Құюдың технолггиялы прцесінің жеке операцияларын жүзеге асыру; қосымша, дайындық және қортынды жұмыстарды орындау (мөлшерлеуіштерді толтыру, қалыптарды мөлшерлеуішке немесе калибровкаға жылжыту).


Білуі тиіс: полимерлі қоспамен құю ережесі, жабдықтарды белгілеу, шикізатқа қойылатын талаптар.


53. Қалыптарды полимерлі қоспамен құюшы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Полимерлі қоспаларды қалыптарға құю. Оргшынының әртүрлі номиналы үшін дайындалған қалыптың сапасын тексеру. Қалыптарды құю учаскесіне қалыптарды рольганг бойынша жіберу.

Білуі тиіс: қалыпты дайындау және қалыптарды полимерлі қоспамен құю ережесі және технологиясы; шикізатқа қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттын.


54. Қалыптарды полимерлі қоспамен құюшы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Полимердің белгіленген номиналын қатаң түрде сақтай отырып қалыптарды полимерлі қоспамен құю. Зертхананың талдауы бойынша дайындалған полимерлі қоспаның сапасын тексеру. Қоспаларды қабылдау және қалтқы мөлшерлеуіштерді толтыру. Өндіріс журналында жазба жаау. Оргшының әртүрлі номиналы үшін полимерлі қоспаның мөлшерін кесте бойынша есептеу. Технологиялық журналға жазу.

Білуі тиіс: полимерлі қоспаны құю ережесі және технологиясы; қалтқы мөлшерлеуіштердің, аналитикалы таразылардың, қалыптардың құрылымы және жұмыс мақсаты; дайын өнімге мемлекетті стандарттар және техникалы талаптар.


55. Қалыптарды полимерлі қоспамен құюшы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Полимерлі қоспаны құю және қалыптарды калибрлеу жұмыстарын бақылау және үйлестіру. Құю технологиялы процесін бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіштері бойынша реттеу. Қалыптарды олардағы ауаның түсуін толықтай жойғанша герметизацялау. Полимерлі қоспаны құю және қалыптарды калибрлеу учаскесінің барлық жабдықтарының жұмысын және жағдайын қадағалау. Қалтқы мөлшерлеуіштердің және рольгангты конвейрдың ұсақ жөндеу жұмыстары. Құйылған және калибрланған формаларды номинал және партия бойынша мөлшерін есептеу.

Білуі тиіс: қалыпты құю технологиялы процесі, полимерлі қоспаны құю процессін реттеу тәсілі және ережесі; негізгі және қосалқы жабдықтың, бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы; дайын өнімге мемлекетті стандарттар және техникалы талаптар.


56. Пенополиуретан блоктарын әзірлеуші

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі неғұрлым жоғарғы аппаратшының басқаруымен көпірту тәсілі арқылы пенополиуретанды дайындау. Машинаны дайындау – механизм жұмысының дұрыстығын тексеру (сорғыны, қоспаны беруді, араластырғышты, каретканы, тасымалдаушыны және т.б.). мөлшерленетін қоспаны дайындау (қыздырту, араластыру). Артқы еніне щектарды және біркелкі көпіртуге арналған бағыттағандарды орнату. Каретка мен тасымалдағышты берілген жылдамдық пен ылди бұрышына күйіне келтіру. Тасымалдағышқа қағаз салу. Тасымалдағышқа қағаздың біркелкі жіберілуін бақылау мен байқау. Сынамалар алу. Өнімнің құрылысын талдау деректері бойынша және көбіктің көтерілуінің дұрыстығы бойынша анықтау. Қайық жұмысын байқау, араластыратын бастиектің камерасын, аралстырғышты, сорғыны, байланысты жуу мен жинау. Технологиялық журналда жазу жүргізу.

Білуі тиіс: пенополиуретан блоктарын дайындаудың технологиялық режимін және процестің мәнісін; құрал-жабдықтың және бақылау - өлшеу құралдарының құрылысын, белгіленуін; блоктарды дайындау үшін бастапқы шикізатқа техникалық шарттарды; алаңдар бойынша технологиялық процессті бақылау тәсілдері; тасымалдағыш пен каретканың жұмысын бақылау ережелерін; сынамаларды алу және өнімнің құрылымын анықтау тәсілдерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарды.


57. Пенополиуретан блоктарын әзірлеуші

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Көпірту тәсілі бойынша пенополиуретанды дайындау. Машинаны жұмысқа дайындау. Бастапқы өнім маркасына арналған рецептура есебі. Берілген жылдамдық пен ылди бұрышына каретка мен тасымалдағышты қалыпына келтіру. Сорғының қоспаны беру өнімділігін есептеу, изводительности насоса подачи смеси, басқару қалқанынан машина механизмдерін жұмысқа бағыттау (гидравликаны, араластырғышты, қоспа беру сорғысы, тасымалдағышты). Технологиялық процессті жүргізу - реакциялық алаңдармен машинаның жұмыс тәртібін бақылау (құю, көбіктендірудің басталуы, қоспаның қатаюы), тасымалдағышқа қағаздың біркелкі жіберілуін байқау мен бақылау, байқауларды таңдау, Өнімнің құрылысын талдау деректері бойынша және көбіктің көтерілуінің дұрыстығы бойынша анықтау, қоспаның қызуын, каретка мен тасымалдағышқа жылдамдық пен еңіс бұрышын бақылау. Технологиялық журналда жазу жүргізу.


Білуі тиіс: пенополиуретан блоктарын дайындаудың технологиялық режимін және процестің мәнісін; құрал-жабдықтың және бақылау - өлшеу құралдарының құрылысын, белгіленуін; қоспа беру сорғысы өнімділігін есептеу тәсілін; блок сынамаларын сұрыптау әдістемесін; машина механизмдерін баптау әдістерін; шикізат пен дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттар.


58. Пластмассалардан құбыр тораптар мен бөлшектер әзірлеушісі

1-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Алдын ала қыздырусыз қарапайым бейімделулермен қолдан пластмассадан жасалған қарапайым бұйымдарды майыстыру. Бұйымдарды жұмыс орнына алып келу. Бұйымдарды бейімделулерге салып беру. Бұйымдарды шешіп алу. Ыдысқа салу. Бекітілген орынға апарып салу.

Білуі тиіс: алдын ала қыздырусыз пластмассадан жасалған бұйымдарды майыстыру тәсілі мен негізгі құралдар; бейімделулер мен құқрал-саймандармен жұмыс істеу ережелерін.

Жұмыс мысалдары

Қырқалар мен тарақтар – шеткі ұштарын майыстыру.


59. Пластмассадан құбыр тораптар мен бөлшектер әзірлеуші

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Шаблон бойынша пластмассадан жасалған бұйымдар мен құбыр тораптарын дәнекерлеу ге, жабыстыруға, майыстыруға және басқа байланыстыруларға дайындау. Жеткізу партиялары бойынша, сыртқы беттері бүлінуісіз, үлгілі байланыстыру бөлшектері мен құбырларын таңдау. Тегістейтін қабықшамен дәнекерленетін шеттері мен пластмассалық құбырлардың мен үлгілі байланыстыру бөлшектерін өңдеу. Дәнекерлеу құралын тазарту. Пластмассадан жасалған бұйымдарды термошкафтарда, ыстық суымен астауда қыздырту және т.б. бір кеңістікте немесе машинада бір немесе бір неше бүсісі бар бейімделулер көмегімен шаблон бойынша майыстыруда. Қарапайым үлгі бойынша белгілеу. Майыстырудан кейінгі түйістірілінетін бөлшектерді қалыптастыру.

Білуі тиіс: пластмассадан жасалған бұйымдар мен құбыр тораптарын дайындаудың технологиялық процесін; қолданылатын үлгілі байланыстыратын бөлшектер мен арматураның түрлерін; бұйымдар мен пластмассадан жасалған құбырлардың торабын өңдеу мен байланыстыру әдістерін; пластмассалы құбырлардың кемшіліктері мен олардың сапасына жасалатын ықпалы; пластмассадан жасалған құбыр тораптарын дайындағанда қолданылатын нығыздату және қосымша материалдардың қасиеттерін.



60. Пластмассадан құбыр тораптар мен бөлшектер әзірлеуші

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Слесарлық аспап көмегімен бұйымдар мен пластмассдан қолдан жасалған құбыр тораптарын дайындау барысындағы қарапайым жұмыстарын атқару. Резиналы нығыздаушы шығыршықтармен байланыстыру үшін құбырларды кесу және жүздерін шешу. Пластмассалы құбырларда тесік бұрғылау. Құбырладды дәнекерлеу астына қаспақ тік қою. Құбырларды дәнекерлеу астына қонышқа шеттерін ұштау. 50 мм сыртқы диаметріне дейін пластмасса құбырларын майыстыру.

Білуі тиіс: бұйымдар мен пластмассадан жасалған құбыр тораптарын дайындау технологиялық процесін; қызмет көрсетілетін құрал-жабдықтардың құрылысын және пайдалану ережесін; пластмассаның негізгі қасиеттерін, пластмасса құбырлары мен үлгілі байланыстыру бөлшектерін механикалық және термиялық өңдеу тәсілдері мен ерекшеліктері; құрал-жабдықтар мен бақылау- өлшеу құралдарын пайдалану шарттарын және белгіленуін.

61. Пластмассалардан құбыр тораптар мен бөлшектер әзірлеуші

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Арнайы құрал-жабдықтар мен станоктардың көмегімен үлгілер мен сызбалар бойынша бұйымдар мен пластмасса құбырлары тораптарын дайындау барысында орташа күрделі жұмыстарын атқару. Пластмасса құбырларының барлық үлгілі өлшемдерін, ернеулеуін, кертпек немесе қоныш жасақтауын кескіндеу. Пластмасса құбырларының ұштарын калибрлау. әр түрлі құбыр майыстыру құрал-жабдықтарында әр түрлі бейімдеулер арқасында алдын ала қыздырылған пластмасса бұйымдарының әр түрлі кеңістіктерінде күрделі үлгілер бойынша дүркін-дүркін күрделі майыстырулар. Майысқақ бастиектердің барлық диаметрлі және дорндарын орнату. Жоғары жиілікті қыздыратын аппаратын қыздыру үшін қолдану. Белгілеу. Майыстыру құрал-жабдықтарын қалпына келтіру. Күрделі үлгілерді дайындау. Желімді, пісірім, бұрандау, қоныштау, муфталық және басқа байланыстарды сыртқы диаметрі 110 мм арын құбырлары мен сыртқы диаметрі 315 мм арынсыз құбырлар үшін пластмасса құбырларын өндіру. Жеке құбырлар мен пластмасса құбырлары бұйымдарының гидравликалық сынау өндірісі.


Білуі тиіс: бұйымдар мен пластмассадан жасалған құбыр тораптарын дайындау технологиялық процессі; пластмасса құбырларын механикалық және термиялық өңдеуге арналған станок және бейімдеулер қондырғысы; техникалық бұйымдарға қойылатын талаптар; құбырлардың сызықтық ұзындатылу мен өзгеру коэффициенті; құбырлардың гидравликалық сынауы мен пластмасса құбырларының бөлшектерін өндіру тәсілдері мен ережелерін; пластмасса маркаларының негізгі қасиеттерін; дайын өнімге қойылатын техникалық талаптар.



<< предыдущая страница   следующая страница >>