https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 12 13

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2009 жылғы 30 қарашадағы

№ 343-ө бұйрығымен

бекітілген


Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің

бірыңғай тарифті-біліктілік

анықтамалығы


27 шығарылым


«Полимерлі материалдар өндірісі

және одан жасалған өнім» бөлімі


Астана 2009

Кіріспе


Жұмыстың және жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифті-біліктілік анықтамалығы (БТБА), 27-ші шығарылым, «Полимерлі материалдар өндірісі және одан жасалған өнім» бөлімі.

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылдың 10 маусымдағы № 130-п бұйрығымен бекітілген, бұрын қолданылып келген БТБА 27-шығарылымы негізінде әзірленді.

«Полимерлі материалдар өндірісі және одан жасалған өнім», Жұмысшылар мамандығы мен жұмыстың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы (БТБА) бөлімдері ұйымның алдағы уақытта қызметін жандандыру мен еңбекті мөлшерлеуді ескере қайта өңделді. Бөлімдерде сәйкес жұмыстардың тарифтендірілуін жетілдіру жүзеге асырылды, жұмысшылар мамандықтары сипаттамасының тарифтік-біліктіліктері, олардың мамандықтары мен білімділіктерінің жалпылай біліктілігі мен арнайы дайындық сапасы талабының өсіп, ғылыми-техникалық өркендеу ықпалымен жұмыс мазмұнының өзгеруімен байланысты нақтыланды.

Бұл бөлімдерде аталмыш өндіріске немесе жұмыс түрлерінің өзіндік ерекшеліктеріне тән, жұмысшылар мамандықтары енгізілді.

Жұмысшылардың қайсы бір нақты өндіріске немесе жұмыс түріне өзіндік ерекшеліктеріне тән емес жұмысшы мамандықтары «Экономиканың баршаға ортақ болып табылатын салалардағы жұмысшы мамандықтары» бөліміне енгізілді.

Жұмысшы мамандықтарының тарифтік-біліктілік сипаттамалары алтыразрядты тарифтік торшаға сәйкес өңделді. Жұмыс деңгейі ережеге сәйкес еңбек шартынсыз, олардың күрделілігі бойынша орнатылды.


БТБА-ны анықтама ретінде қолдану барысында, тарифтік-біліктілік сипаттамаларды қамтитын, жеке шығарылымдарға толықтыру үшін: «БТБА –ның бұрын-соңды қолданыстағы шығарылым және бөлімдерінің біліктілік атауларын нұсқаумен, БТБА-да орнықтырылған біліктілік тізбесі», «БТБА шығарылымдарына енгізілген, БТБА-ның өзгертілген біліктілік атаулары мен бөлімдерін нұсқап, БТБА-ның қазіргі таңдағы шығарылымдарымен қарастырылған, біліктілік атаулысының тізбесі», және сондай-ақ «БТБА шығарылымдарындағы бөлімдер мен шығарылымдар тізбесі» баспадан шығарылды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасын қолдану тәртібі, біліктілік деңгейін иемдену мен көтеру, өзгерістер мен толықтырулар енгізу БТБА-ның 1-ші шығарылымында орнықтырылған, жұмысшылардың мамандығы мен жұмыстың Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасының «Жалпы ережелерінде» келтірілді.

Тарифтік-біліктілік сипаттамасы осы бөлім(дер)-де көрсетілген, жұмыс түрлері мен өндірісі бар мекемелердегі, жұмысшылардың біліктілік дәрежелерін иемдену, олардың құқықтық-ұйымдастыру түрі мен меншік түріне қарамастан қолданылады.


Синтетикалық қарамай, илемді массалар өндірісі

және оларды қайта өңдеу өндірісі

Тарифтік-біліктілік сипаттамасы


1. Ацеталдау аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ацеталдаудың технологиялық процесін жүргізу. Жұмысқа телім жабдықтарын даярлау. Ерітінді әзірлеу, катализаторда даярлау. Ацеталяторға шикізат жіберу. Процесс сатысы бойынша шикізат тиеу және мөлшерлеу есебі. Өнімді босату және тұрақтандыру, тазарту. Анализ үшін сынаманы сұрыптау. Анализ нәтижелері мен бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері бойынша технологилық процесті бақылау мен реттеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысын бақылау.

Білуі тиіс: қызмет көрсетіліп жатқан телімнің технологиялық схемасын; негізгі және қосалқы жабдықтарының жұмыс жасау принциптері мен құрылымдарын; процесті реттеу ережелері мен технологиялық тәртіпті; процестің физикалық-химиялық негізін, ацеталдауды, аспаптан дайын өнімді босатудағы талапты; сынаманы сұрыптау ережелерін; дайын өнім мен шикізатқа ұсынудағы талаптарды.



2. Ацеталдау аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ацеталдаудың технологиялық процесін жүргізу. Жұмысқа телім жабдықтарын даярлау. Анализ нәтижелері мен бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштері бойынша технологилық процестерін бақылау мен реттеу. Технологиялық регламент нормаларынан ауытқуларды ескерту және туындайтын бүлінулерді жою. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысы мен жағдайын бақылау.

Білуі тиіс: ацеталдау технологиялық процесін және оны ретттеу; негізгі және қосалқы жабдықтарының құрылымдарын; қызмет көрсетілетін телімнің коммуникация сызбасын; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс жасау принціптері мен құрылымдарын;; бақылау-өлшеу жабдықтарымен жұмыс жасау ережелерін; шикізат және дайын өнімдерінің техникалық шарттары мен мемлекеттік стандарттарын.


3. Қайнату аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі едәуір жоғары аппаратшының басқаруымен мақталы целлюлозаны сілті ерітіндісімен қайнату технологиялық процесін жүргізу. Технологиялық жабдыққа қызмет көрсету. Қайнату қазанына бу мен сілтінің жұмыс ерітіндісін жіберу. Сілтіні қазан мен масса құбырынан ағызу. Реакционды массамен шаю аппараттарын іске қосу. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысы мен бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процесс барысын бақылау.

Білуі тиіс: мақталы целлюлозаны сілті ерітіндісімен қайнатудың технологиялық процесін; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс жасау принциптері мен құрылымдарын; қызмет көрсетілетін телімнің коммуникация сызбасын; бақылау-өлшеу аспаптарының пайдалану ережелерін; шикізат пен дайын өнімдерді пайдалану бойынша талаптарды.


4. Қайнату аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Сілті ерітіндісімен мақталы целлюлозаны қайнатудың технологиялық процесін жүргізу. Қайнату қазанына сілті ертіндісінің жіберілуін даярлау. Айналым сорғыштарын, қоспаның айналымын бақылау. Қайнату қазанын герметикалау және алынған қоспаны берілген температураға дейін қыздыру. Бақылау-өлшеу аспаптарымен және қайнату тәртібін реттеу: температураны, құбыраралық кеңістік пен қазандағы қысымдар, шыдамдау уақыты мен басқа да бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша параметрлері. Сорғыштарды өшіру, қайнау қазанындағы қысымды атмосфералық қысымға дейін азайту. Тазартқыш аппаратын даярлау. Қоймалжың кесек заттарды езу. Қоймалжың кесек заттарды тазарту. Жумалы суларда сілтінің концентрациясын анықтау үшін сынаманы сұрыптау. Өнімдерді кейінгі кезеңдерге жіберу. Қызмет көрсетілетін аппараттарды тазарту. Кезекті жүктеуге жабдықтарды даярлау, аппараттарды тазарту.


Білуі тиіс: қайнату процесінің негізі мен технологиялық тәртібін; жабдықтардың құрылғысы мен бақылау-өлшеу аспаптарын; бастапқы шикізаттардың техникалық құрылғыларын; қайнату мен тазарту аппараттарын даярлау және тоқтату ережелерін; қайнату қазанын герметикалау мен герметикадан тазарту әдістерін; алынған жартылай өнім мен бастапқы шикізатқа қатысты техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарын.


5. Қайнату аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Сілті ерітіндісімен мақталы целлюлозаны қайнатудың технологиялық процесін жүргізу. Қызмет көрсетілетін телімдегі жұмыс координациясы. Бу коллекторының қызметін, қайнату қазанына бу мен сілті ерітіндісін жіберуді, қоймалжың кесек заттарының реакциялық жуу аппараттарын жүктеуді, айналым сорғыштарын қосуды, қосындының айналымын бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптары мен қайнату тәртібін реттеуді бақылау. Кезекті жүктеуге жабдықтар даярлауды бақылау..

Білуі тиіс: технологиялық қайнату процесін; жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс принципін; технологиялық процесті реттеу тәртібі мен бақылау-өлшеу құралдарын қолдану ережелерін; қайнату процесінің схемасы мен технологиялық тәртібін;; қайнату қазанын герметикалау мен герметикадан тазарту әдістерін; алынған жартылай өнім мен бастапқы шикізатқа қатысты техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарттарын.

6. Көбіктастарды көбіктендіруші аппаратшысы

2-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі едәуір жоғары аппаратшының басшылығымен көбіктастарды көбіктендіру процесін жүргізу. Жұмыс орнына көбіктас қалыптарын жеткізу, оларды кассеталарға орналастыру. Пенопласттар дайындамалары бар кассетталармен көбіктендіруші камераларын жүктеу. Көбіктастардың дайын блоктарын босату. Жиектерді арамен кесу. Белгіленген орынға блоктарды (плиталарды) тасымалдау. Камераны тазарту.

Білуі тиіс: пенопласттардың көбіктену технологиялық процесінің негізгі кезеңдерін; жабдықтардың құрылғысы мен жұмыс принципін; көбіктендіруші камераға кассетті жүктеудің ережелерін.



7. Көбіктастарды көбіктендіруші аппаратшысы

3-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Көбіктендірудің бірқаттамалы камерасына көбіктастарды көбіктендіру процестерін жүргізу. Дайындамаларды (өлшемі мен көлемді салмағы бойынша пішу және сорттау) жүктеуге даярлау, жұмысқа жабдықтарды даярлау. Полистиролды бункерге жүктеу, оны пневмотранспорт көмегімен қоректендірушілерге және көбіктендіру алды құрылғысына мөлшерлегішті жеткізу. көбіктену процесінің технологиялық параметрлерін реттеу және бақылау: температура, су буының қысымын, вакуум дәрежесі және т.б. Көбіктендіру процесінің аяқталуын көзбен шолу арқылы анықтау. Бүгілген жердің сабақтары мен көбіктастардың дайын блоктарының салмағын өлшеу.

Білуі тиіс: көбіктастарды көбіктендірудің технологиялық процестерін; қызмет көрсетіліп жатқан құралдар мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылымдарын; дайын өнімнің техникалық талаптарын.


8. Көбіктастарды көбіктендіруші аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Көпқаттамалы көбіктендіру камерасында көбіктастардың дайындамаларын көбіктендірудің процесін жүргізу. Дайындамаларды жүктеуге даярлау. Жұмысқа жабдықтарды даярлау. Орнатылған технологиялық регламентті бақылау және реттеу: вакуумның, су буының қысымын, қызуын. Біліктілігі едәуір төмен жұмысшыларды басқару. Өндіріс журналына жазып жүру.

Білуі тиіс: көбіктастарды көбіктендіру процестерінің технологиялық тәртіптері мен схемаларын; қызмет көрсетіліп жатқан құралдардың жұмыс жасау принціптері мен құрылғылар тағайындауын; көбіктендіру процестерінің негізі мен технологиялық тәртібін; бақылау-өлшеу аспаптарының қолдану ережелерін; дайын өнімнің техникалық талаптарын.


9. Көбіктендіру аппаратшысы

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы: Полистиролды бастапқы көбіктендіру технологиялық процесін жүргізу және көбіктендірцу алды құрылғысына шикізатты жүктеу және мөлшерлеу процесін басқару. Қабылдау бункеріне шикізаттың түсу процесін бақылау. Шнектік қоректендіргіш тораптарының, жүктеу құрылғыларының және салмақ дозатор жұмыстарының координациясы. Полистиролды бастапқы көбіктендірудің технологиялық сызығындағы салмақ дозаторын жұмыстың тиімді режиміне баптау және қажетті параметрлерді компьютер жадына енгізу. Қызмет көрсететін жабдықтар жұмысындағы қателіктерді жою.


Білуі тиіс: полистиролдың бастапқы көбіктену технологиялық процесін; салмақ дозаторын, шнектік қоректендіргіш және т.б қызмет көрсетілетін жабдықтарды пайдалану ережелері мен амал принциптерін; қызмет көрсетілетін жабдықтардың сигнализациялау мен электрблоктау схемасын; қолданылатын компьютер құрылғылары мен жұмыс ережелерін; көбіктенген полистиролдың сарылатын сүрлемдерін толтыру тәртібін; араластыру рецептурасын, өнім даярлығын анықтау әдістерін; қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдерін; қолданылатын шикізатқа талап етілетін мемлекеттік стандарттарды.


10.Көбіктендіру аппаратшысы

6-шы дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Полистиролды бастапқы көбіктендіру технологиялық процесін жүргізу және көбіктендірцу алды құрылғысына шикізатты жүктеу және мөлшерлеу процесін басқару пультімен жүргізу. Полистиролдың бастапқы көбіктенуінің технологиялық сызығын автоматты жұмыс режиміне баптау. Шлюздік қоректендіргіш, көбіктендіру алды тораптары, қайнап жатқан қабаттағы кептіргіш, көбіктендіру камералары, дайын өнімді өлшеуге арналған электронды таразылар жұмыстарының координациясы. Көбіктендіру процесінің технологиялық параметрлерін компьютер жадына енгізу: мөлшерленетін материал санын, бу қысымын, полистиролдың көбіктену уақытын, оның тұрақтану мен кебу уақытын. Орнатылған технологиялық режимді бақылау. Қолданылатын шикізат пен алынған өнім өнімділігінің шығын есебі. Технологиялыық журналда жазба жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою.

Білуі тиіс: полистиролдың бастапқы көбіктену технологиялық процесін; қызмет көрсетілетін жабдықты қолдану ережесін; реттелетін сақтандырғыш арматурасының міндеттерін, құрылғысын және принциптерін; қауіпсіздік құрылғыларының сигнализация және электрблоктау сызбасын; желдеткіштерді іске қосу тәртібін, көбіктенген полистиролды сарылану сүрлеміне жеткізу; қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдерін.



11. Көшіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесті ендіру арқылы қарапайым эфир целлюлоздары (этилцеллюлоздер) біліктілігі едәуір жоғары аппаратшы басшылығымен балқытылған лакты қондыру немесе ацетонға поликарбонатты лакты технологиялық процес арқылы қондыру. Қондырғышты жұмысқа дайындау. Көшіру аппаратын реагенттермен жүктеу, көшіру процесін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау немесе көзбен шолу. Сынаманы сұрыптау және бақылау анализдерін жүргізу. Поликарбонатты лагын көшіру процесін жүргізу барысында компоненттерді есепке алу. Көшіруші аппараттар мен қосалқы механизмдерде жұмыс жасау. Жабдықтарды ағымдағы жөндеуде қатынасу.

Білуі тиіс: көшірудің технологиялық процесін; жұмыс жасап жатқан аппараттардың, механизмдер мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғыларын; пайда болған химиялық реакциялардың негізін; сынаманы сұрыптаудың ережелерін; анализдер жасау.


12. Көшіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесті қондыру арқылы қарапайым эфир целлюлоздары (этилцеллюлоздер) біліктілігі едәуір жоғары аппаратшы басшылығымен балқытылған лакты қондыру немесе технологиялық процес арқылы күрделі эфирлер целлюлоздарды (этилцеллюлоздер және триацетатцеллюлоздер) қондыру. Целлюлозаның күрделі эфирін көшіру процесін жүргізу барысында көшіру аппараттарын герметикалау және даярлау, бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерінің дұрыстығын тексеру, өлшеуіштерді, сорғыштарды, құбырларды, уатқыштарды және т.б. даярлау. Көшіру аппаратына жүктеу үшін шикізаттарды даярлау. Көшіру аппаратына шикізатты жүктеу. Ыстық буды жіберу. Өнімді шығару. Дайын өнімді сүзу, тазалау, бейтараптандыру мен тұрақтандыру. Дайын өнімді уату. Ұшатын заттарды жинақтау және айдау, бақылау-өлшеу аспаптары көрсеткіштерімен технологиялық процесті реттеу және бақылау. Мөлшерлеуіш, өлшеуіш, сорғыш құралдары мен коммуникация системасында жұмыс жасау. Негізгі технологиялық жабдықтардың жұмыс жасау барысындағы ақаулықтарды шеттету. Өндіріс журналына жазба жүргізу.


Білуі тиіс: өндірістің технологиялық схемасын; технологиялық процес бағытының реттеу ережелері мен тәртібін; негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмыс жасау принціптері мен құрылғыларын; шикізаттардың физикалық-химиялық қасиеттерін; дайын өнімнің техникалық талаптарын.


13. Көшіру аппаратшысы

6-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық процесті күрделі эфир целлюлоздарын әртүрлі конструкциясын біруақытта күрделі эфир целлюлоздарын қондырып, біліктілігі едәуір төмен аппаратшыларға басшылық ету және жұмыстарын үйлестіру. Шикізаттардың, ерітінділердің, жабдықтардың даярлығын бақылау және оларды көшіру аппаратына жүктеу. Көшіру аппаратына шикізаттар мен ерітінділерді жіберудің температуралық тәртібін реттеу. Ұшатын заттарды жинақтау, айдау процесін бақылау, шарбаттың сынамасы мен бейтараптандыру ерітіндісі сынамасының анализін сұрыптау. Бейтараптандыру ерітіндісін даярлау. Мөлшерлілікті есептеу. Гидролиздеу процесін жүргізу. Бейтараптандыру процесін бақылау. Уатындыларды жүктеу мен уатудың процесін бақылау. Көшірудің түрлі сатыдағы ұзақтығын есептеу.

Білуі тиіс: күрделі эфирді өндірудің технологиялық схемасын; көшіру процесін жүргізудің технологиялық тәртібін; көшіру процесінің жеке сатыдағы ұзақтығының есептеу методикасын; анализ үшін сынаманы сұрыптау ережелері мен бақылау анализдерін орындаудың методикасын; технологиялық процесті реттеудің ережелерін; алынған өнімнің сапасының техникалық талаптары.

Арнайы орта білім талап етіледі.


14. Илемді массаларды біртектестендіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипатттамасы. Илемді массаларды біртектестендірудің технологиялық процесін, оларға берілген қасиеттерді орнықтыру мақсатымен жүргізу. Компоненттерді даярлау және есептеу. Аспаптың берілген температурасына дейін қызуы. Аспапқа компоненттерді жіберу. Берілген жылдамдықпен дірілге електерді икемдеу. Өнімді біртектендірудің технологиялық процесін жүргізу. Сәйкес үйлесімдіктердегі компоненттердің жіберілуінің біркелкілігі мен жылдамдығын, електер дірілдерінің жылдамдығын, аспаптың қызу тәртібін реттеу. Біртектестендірудің технологиялық процесін бақылау-өлшеу аспаптары арқылы бақылау. Анализ үшін сынамаларды сұрыптау. Дайын өнімнің сапасына көзбен шолу арқылы бақылау. Қоймаға дайын өнімді тапсыру. Жабдықтардың сықыр бөліктерін майлау және тазарту. Технологиялық журналға жазу.


Білуі тиіс: біртектестендіру процесінің негізін; бастапқы компоненттер мен дайын өнімнің құрамын; мөлшерлеп өлшеу компоненттерінің есебін; берілген жылдамдықтағы электр толқынының икемдеу ережелерін; жеке тораптар мен үйлесімділігін, олардың жұмыстарын, жұмыс тәртібін реттеу тәсілдерін; анализ үшін сынаманы сұрыптау ережелерін; бастапқы компоненттер мен дайын өнімнің техникалық жағдайы мен оларға тиесілі мемлекеттік стандарттарын.


15. Илемді массаларды біртектестендіру аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипатттамасы. Илемді массаларды біртектестендіру процесін енгізу. Есептердің дұрыстығы мен компоненттердің дайындықтарын тексеру; технологиялық режимге барлық жылы аймақтардағы біртектестендірілген машиналарды шығару. Сәйкес үйлесімдіктердегі компоненттердің жіберілу біркелкілігі мен илемді массалардың біртектестендіру тәртіп жылдамдығы мен температурасын реттеу. Дайын өнімнің сапасын бақылауға алу. Технологиялық журналға жазу.

Білуі тиіс: біртектестендіру технологиялық процесінің параметрлерін; қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмыс принциптері мен құрылғыларын; қажетті есептеулер жүргізудің әдістемесін; қызмет көрсетілетін жабдық тораптарының жұмыс үйлесімділігін қамтамасыз ету әдістерін; бастапқы компоненттер мен дайын өнімнің техникалық жағдайы мен мемлекеттік стандарттарын.


16. Іріткіш аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Өндірісте себациналық қышқылды ірітудің технологиялық процесін жүргізу немесе өндірісте біліктілігі едәуір жоғары аппаратчиктің басшылығымен жоғарғы қысымды полиэтиленді ірітудің технологиялық процесін жеке сатысын орындау. Шикізат пен жабдықтарды жұмысқа даярлау. Былғауышты іске қосу, касторлы май мен ерітілген каустиктің мөлшерімен іріткіш аспабын жүктеу, берілген температураға дейін жылытып, су мен касторлы майдың мөлшеріне дейін жүктеу. Ірітудің технологиялық процесін жүргізу. Тоңазытқышта алынған қосындыны мұздату. Іріту процесін бақылау-өлшеу аспаптарымен бақылау және реттеу. Мөлшердің қышқылдығын анықтауда сынаманы сұрыптау. Берілген мөлшер қышқылдығына жеткеннен кейін - өнімді еріткішке түсіру. Берілген температураға дейін бұрамдық прессті қыздыру. Полиэтиленді пресске жүктеу, бұрымдық прессті іске қосу, полиэтиленді біртектестендіру мен процестің технологиялық араластыруын жүргізу. Азот жіберу, пешке полиэтиленді тиеу. Бұрамдық пресске полиэтиленнің түсірілу жылдамдығын реттеу. Жылуалмастырғыш қысымын, қабыршықтандыру процесінің жылдамдығын, пештің қысымын аймақтар бойынша реттеу. Технологиялық журналға жазу.


Білуі тиіс: іріту процесінің негізі мен технологиялық тәртібін; жабдықтар құрылғысы мен бақылау-өлшеу аспаптарын; ірітудің реттеу тәртіптерінің тәсілдері мен ережелерін; ірітуді жүргізу процесін; анализ үшін сынаманы сұрыптау ережелерін; өнімнің даярлығын анықтау әдістерін; даяр өнімнің техникалық шарттары мен оған тиесілі мемлкеттік стандарттарын.


17. Іріткіш аппаратшысы

5-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Жоғары қысымды полиэтиленнің өндірістегі себациналық қышқылды іріту процесін жүргізу. Барлық жабдықтардың жағдайы мен жұмысты бақылап және есептік қызметті орындау. Даяр өнім мен шикізаттың есебін жүргізу.

Білуі тиіс: Жоғары қысымды полиэтиленнің өндірістегі себациналық қышқылды іріту процесін жүргізу параметрлерін; құрылғыларды, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс режимдерін реттеу әдістері мен пайдалану ережелерін; қажет есептеулер жүргізудің әдістемесін; дайын өнімге тиесілі техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.


18. Ерітіп жетілдіру аппаратшысы

4-ші дәреже

Жұмыс сипаттамасы. Ионоалмастырғыш қара майды ерітіп жетілдіру процестерін жүргізу. Жабдықтарды жұмысқа даярлау. Ерітіп жетілдіргіш аппараттарын май мен қара май түйіршіктерімен жабдықтау. Ылғалдылықты үрлеу үшін жылытылған азотты ерітіп жетілдіргіш аппаратына жіберу. Ротаметр көрсеткіші және тікелей ықпал ететін реттеуіштің көмегімен беріліп жатқан азоттың мөлшері мен қысымын реттеу. Ерітіп жетілдіру аспабының қаптамасы мен реттеуіш сорғыштың, суды реттейтін жылуалмастырғыштан құралған, реттеуіш системасы көмегімен ерітіп жетілдіру аспабындағы қысым мен тоңазытқыштағы берілген суды реттеу, пневматикалық қақпақша мен реттеуіш блогымен жіберілген буды реттеу. Реттеуіш системасына қолмен салқын су жіберу. Қалдық майларды - қоймаға, ал канализацияға суды жинау үшін сауыттан мерзімді құйып отыру қажет.

Білуі тиіс: ионоалмастырғыш қара майды ерітіп жетілдіру процесі мен оны реттеу ережелерін; жабдықтар құрылғылары мен жұмыс принциптерін; бақылау-өлшеу аспаптарының пайдалану ережелерін; дайын өнімге тиесілі техникалық талаптар мен мемлекеттік стандарттарын.



следующая страница >>