https://electroinfo.net

girniy.ru 1


2009 жылдың 9 айлығында атқарылған жұмыстар


Ауылшаруашылығы саласы:

2009 жылдың 1 қаңтарында жүргізілген санақ бойынша мал саны:

Ірі қара - 5153 бас

Қой-ешкі - 12456 бас

Жылқы - 1113 бас

Түйе - 28 бас

Құс - 1650

01.07.2009 жылғы жүргізілген санақ бойынша:

Ірі қара-6283 бас

Қой-ешкі-17297 бас

Жылқы-1347 бас

Түйе-30 бас

Құс-2820

2009 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда ірі қара-1130 басқа, қой-ешкі 4841 басқа, жылқы-234 басқа, түйе-2 басқа, құс-1170-ке көбейгенін көруге болады.

Округте малдың жұқпалы ауруларын болдырмау мақсатында барлық профилактикалық шаралар жүртгізіліп отырылды.

2009 жылы шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары 408 гектар егістік алқабына дәнді-дақылдарын егіп, 575 тонна өнім, 150 га тары егіп, 270 т өнім алды.


Салық төлемдері бойынша:

Шағылған жанұя саны-437


  1. Мүлік салығы-41626 теңге

  2. Жер салығы-152011 теңге

ЖИЫНЫ: 193637 теңге


Оның ішінде жеңілдікке шыққан жанұя саны-45

1. Мүлік салығы-2306 теңге

  1. Жер салығы-16320 теңге

ЖИЫНЫ: 18626 теңге


9 айда орындалғаны:

  1. Мүлік салығы-39320 теңге

  2. Жер салығы-135691 теңге

  3. Орындалғаны және шағылған жанұя саны-392

ЖИЫНЫ: 175011 теңге

Спорт саласы бойынша:

Ауылдық округте жастар және спорт нұсқаушысының ұйымдастыруымен спорттық шаралар барлық мерекелерде үнемі өткізіліп отырылады.

2009 жылдың 30 мамырында өткен аудан әкімінің ХІІІ халықтық спорт ойындарында округ спортшыларының қатысуымен гир көтеруден ІІ-ші орын, қол тірестен ІІ-ші орын, қазақша күрестен ІІІ-ші орын, жалпы командалық есеп бойынша 4-ші орынды иелендік. Зайсан аудандық спорт біріншілігінде футболдан ІІІ-ші орын алды.


Көкпардан 4-ші орын иеленді.

19 қыркүйек 2009 ж. күні өткен Зайсан ауданының 140 жылдығында қол тірестен І-ші орынды иелендік.


Мәдени-көпшілік жұмыстар:

«Жол картасы» негізінде мәдениет үйіне бюджеттен 3 млн. 997 мың теңге қаржы бөлініп, ауылда жұмыссыздыққа тіркелген 10 ауыл жастары жұмысқа тартылды.

«Көңілді жігіттер» көңілді тапқырлар клубы мүшелерінің өнерлері көрсетіліп, осы клуб мүшелері аудандық сайыста І-ші орын, облыстық сайыста ІІ-ші орынды иеленді.

«Махаббат сыры» атты ауыл жастарына арналған концерт өткізілді.

Зайсан шекара заставасының құрылғанына 85 жыл толу мерейтойына орай «Шаған-Оба» заставасына барып, бағалы сыйлықтар табыс етіліп, концерт қойылып, қолма-қол фотосуреттерге түсіру қызметі көрсетілді.

«Ауған ақиқаты» атты ауған соғысының 20 жылдық мерекесіне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылып, ауған соғысы ардагерлері қатысты.

«Жан сұлулығы» атты қыз-келіншектер кездесу өткізілді.

22-наурыз Ұлыстың ұлы күні мерекесі ұйымшылдықпен өткізіліп, киіз үйлерден конкурс, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, жүлделі орындарға ақшалай сыйлықтар беріліп, халыққа наурыз көже таратылды.

1-сәуір «Күлкі күні» аталып өтілді.

1-9 мамыр мерекелері өз дәрежелерінде өткізіліп, соғыс және тыл ардагерлері балық зауытында күтіліп, заттай сыйлықтар табыс етілді.

«Сағынып жеткен 20 жыл» мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектермен кездесу өткізіліп, әр түрлі спорттық жарыстар, соңынан концерттік бағдарламен аяқталып, аса құнды сыйлықтарын табыс етті.

Әнші, сазгер Б.Тұрғанбаевтың шығармашылық кеші өткізілді.

19 қыркүйек 2009 ж. күні өткен Зайсан ауданының 140 жылдық мерекесіне орай концерт өткізілді.

«Оралмандар күндері» аталып өтіліп, киіз үй тігуден бас жүлдені, «Қара жорға» биінен ІІ-ші орын иеленді.

1-қазан «Халықаралық қарттар және мүгедектер» күні аталып өтіліп, онда қарттармен кездесу өткізіліп, дастархан мәзірі жасалып, заттай сыйлықтар табыс етілді. Және жүріп-тұра алмайтын мүгедек қарттардың үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтап, музыкалық сәлемдеме жолданды.

Кітапхана даталы және мерекелі күндерге орай үнемі іс-шаралар жүргізіп отырылады.

Абай орта мектебінің ұжымы аудандық көркемөнерпаздар байқауында бас жүлдені иеленді.

Мектептің электр желісін жөндеуге аудандық бюджеттен 1 млн 750 мың теңге қаржы бөлініп, толығымен игерілді.

Ауыл орталығында Абай, Б.Момышұлы көшелерінің су құбырларын жөндеуге жергілікті бюджеттен «Зайсан» КМҚМ-не 779975 теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылып жатыр.