https://electroinfo.net

girniy.ru 1



2013 ж. 26 ақпанында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Орал қалалық білім беру бөлімі және қалалық 5 мектеп (№27 мектеп-лицей, №38 мектеп-лицей, №1 ЖОББМ, №7 ЖОББМ, №21 ЖОББМ) арасында үшжақты ынтымақтастық келісім шартына отырды.


«Жоғарғы оқу орны-Қалалық білім беру бөлімі-Жалпы орта білім беретін мектептерінің өзара байланысы арқылы мектептегі білім беруді модернизациялау» жобасы туралы


КЕЛІСІМ ШАРТ


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің ректоры А.С.Имангалиев, бір жағынан, Орал қалалық білім беру бөлімінің бастығы Ж.М.Туремуратова, екінші жағынан, қалалық жалпы орта білім беретін мектептердің №27 мектеп-лицейінің директоры Н.Д.Ергужиева, №38 мектеп-лицейінің директоры Ш.О.Сағынғалиева, №1 ЖОББМ директоры Н.Н.Даулеткалиева, №7 ЖОББМ директоры В.А.Протасов, №21 ЖОББМ директоры М.К.Ахмедьярова үшінші жақтан келісім шартқа отырды:


І. Шарттың мәні

Білім беру мекемелері басшылары мен мұғалімдерінің біліктілігін көтеру, әдістемелік шеберлігін жетілдіру, шығармашылық потенциалын дамыту, озық педагогикалық тәжірибені тарату, пәндер бойынша дарынды балалардан олимпиада резервін дайындау,мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру.


ІІ. Үш жақтың міндеттері:


  1. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті өзіне мына міндеттерді қабылдайды:

  • Әр түрлі өзара іс-әрекеттегі ЖОО-ҚББ-ЖОББМ ынтымақтастығын ұйымдастыру;

  • ЖОО әдістемелік кафедраларымен бекітілген және оқу орнының жоспарына қайшы келмейтін бағдарлы оқыту бойынша оқу бағдарламасымен және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;

  • Қала білім беру ұйымдарының басшыларын, мұғалімдерін озық тәжірибемен және педагогика ғылымының жаңа жетістіктерімен таныстыру;
  • Базалық мектеп мұғалімдері үшін бағдарлы оқыту үшін тақырыптық кеңестер ұйымдастыру және өткізу (семинарлар, дөңгелек үстелдер, мәжілістер)


  • БҚМУ-нің оқу бақылау материалдары негізінде ҰБТ-ға дайындық базасын құру

  • Жоғары сынып оқушыларының әр түрлі олимпиадаларға, байқауларға қатысуға мүмкіндік туғызу;

  • Жоба жоспары бойынша талантты оқушылардың ғылыми жұмысқа қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін анықтауға, оларды интеллектуалды дамытуға жетекшілік ету;

  • Жекелеген мамандықтар бойынша бағдарлы жоғары мектеп үлгісін жасау;

  • Жобалық-зерттеулік және олимпиадалық қызметтің тиімді жүйесін қалыптастыру;

  • Педагогтардың педагогикалық шеберліктерін арттыру бағытында семинар, конференциялар жүргізу;

  • Қалалық мектептерінің педагогтарына білімін әрі қарай жалғастыруда,яғни магистратурада оқуына мүмкіндік жасау.

  1. Қалалық білім беру бөлімі өзіне мына міндеттерді қабылдайды:

  • Қалалық мектеп оқушыларының, педагогтардың және ата-аналардың әлеуметтік жетістігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

  • Бірегей білім беру бойынша ұсыныстар жүйесін ендіру;

  • Әр түрлі өзара іс-әрекеттегі ЖОО-ҚББ-ЖОББМ ынтымақтастығын ұйымдастыру;

  • Орал қаласындағы ЖОО-мен , ҚББ-мен және қалалық мектептермен ынтымақтастықты дамыту;

  • Жобаны жүзеге асыру бойынша қалалық білім бөлімі әдіскерлерінен шығармашылық топ құру;

  • Базалық мектеп мұғалімдеріне бағдарлы оқыту үшін тақырыптық кеңестер ұйымдастыру және өткізу (семинарлар, дөңгелек үстелдер, мәжілістер)

  • ЖОО-на оқуға түсу үшін ғылыми білімді және дайындықты насихаттау мақсатында әртүрлі интеллектуалды жарыстарға қатысуы үшін шығармашыл оқушылардың базалық мәлімет жүйесін құру;

  • Талантты оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыруда көмек көрсету;

  • Қала мектептері бойынша олимпиадалық қозғалысты ұйымдастыру және енгізу;
  • Пән мұғалімдерінің магистратура және жоғары білім алуы үшін мүмкіндік жасау;


  • Жоба жұмысы бойынша жылдық мониторинг жүргізу.

  1. Қалалық жалпы білім беретін базалық мектептері өзіне мына міндеттерді қабылдайды:

  • Қалалық мектеп оқушыларының, педагогтардың және ата-аналардың әлеуметтік жетістігін қамтамасыз ету үшін жағдай жасау;

  • Жоспарланған бірегей білім беру ұсыныстар жүйесін орындау;

  • Әр түрлі өзара іс-әрекеттегі ЖОО-ҚББ-ЖОББМ ынтымақтастығын жүзеге асыру;

  • Орал қаласындағы ЖОО-мен және білім беру орталықтарымен ынтымақтастықты дамыту үшін жүйелі жоспар құру;

  • Жобаны жүзеге асыру бойынша базалық мектептерде шығармашылық топ құру;

  • ЖОО-на оқуға түсу үшін ғылыми білімді және дайындықты насихаттау мақсатында әр түрлі интеллектуалды жарыстарға қатысуы үшін шығармашыл оқушылар бойынша мәліметтер базасын құру;

  • Талантты оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыруда көмек көрсету;

  • Қала бойынша олимпиадалық қозғалыс орнату үшін мектептегі олимпида резерві мүшесінің құрамын анықтау;

  • Пән мұғалімдерінің магистратура және жоғары білім алуы үшін мүмкіндік жасау;

  • Жоба жұмысы бойынша жыл соңында талдамалы –сараптама жасау.


ІІІ. Келісім шарттың мерзімі және шарты:

  1. Келісім шарт 3 жыл мерзімге бекітіледі.

  2. Келісім шарт үш жақты қол қойылған уақыттан бастап күшіне енеді және 2015 жылдың 30 желтоқсанына дейін күшінде қалады.

  3. Келісім шартты өзгеру, толықтыру немесе бұзу үш жақтың өзара келісуі арқылы жүзеге асады.

  4. Келісім шарт 7 дана жасалады.

ІҮ. Келісуші жақтардың заңды мекен-жайлары:

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы

Орал қаласы Орал қаласы

Достық даңғылы Достық даңғылы 145

БҚМУ ректоры ҚББ бастығы

__________ А.С.Имангалиев ___________Ж. Туремуратова


«___»__________2013 жыл «___»__________2013 жыл

Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы

Орал қаласы Орал қаласы

М.Жүнісова көшесі, 12 үй Ихсанов көшесі,111 үй

№1 ЖОББМ директоры №7 ЖОББМ директоры

___________ Н.Даулеткалиева ___________ В.Протасов

«___»__________2013 жыл «___»__________2013 жыл


Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы

Орал қаласы Орал қаласы

М.Жүнісова көшесі, 12 үй Ихсанов көшесі,73 үй

№27 МЛ директоры №21 ЖОББМ директоры

___________ Н.Ергужиева ___________ М.Ахмедьярова

«___»__________2013 жыл «___»__________2013 жыл


Қазақстан Республикасы

Орал қаласы

Некрасов көшесі, 16/1 үй

№38 МЛ директоры

___________ Ш.Сагынгалиева

«___»__________2013 жыл