https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Жаңашыл ұстаз -2011” қашықтық жобаның 3-тапсырмасы.

Конкурстың қатысушылары компьютердің көмегімен қазақ тілі пәнінен сабақ жоспарын құру және (интерактивті құрал-жабдықтарды қолдану арқылы) Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Скакова З.С бекіткен сабақ кестесі бойынша өткізу керек. Сабақтың тақырыбы базистік оқу жоспарына сай болу қажет. Сабақтың материалдарына аймақтық компоненті кіру керек.


  1. Сабақтың жоспары Microsoft Word бағдарламасында келесі параметрлерге сәйкес орындалады:

Беттің жолы: сол жақ – 3см, оң жақ – 1,5см, жоғарғы және төменгіде – 2см.

Қайырма. Тегістеу - ені бойынша, бірінші жолдың бос жері – 1см, екінші жолдың ара қашықтығы-бірыңғай.

Әріп – Times New Roman, көлемі – 12

Беттерді нөмірлеуі: беттің аяғында, орта шенінде

Жоспарда сабақтың тақырыбы, сынып, мақсаттары, кесте түріндегі мұғалім мен оқушының хронометражы, қосымша. Файлдың атауында мектеп нөмірі және тегі, мысалы, жоспар_57 ом _Иванов.doc.

Мысалы, қазақ тілінен сабақ жоспары

Тақырып: ………….

Сынып: ………….

Мақсаттары: 1. …………. 2. ………………. 3. ………………

1 минуттың уақыты

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ескерту, қандай материалдар қолданылады

………….

………….

………….

……………










Тапсырма 1 (қосымша 1)

Қосымша 1.

………….

Қосымша 2.


  1. Электрондық оқулықты қолданған кезде қосымшада оқулықтың шыққан деректерін көрсету, ілкі беттің бейнесін орналастыру, оқулықтағы қолданған материалдардың нақты орналасуын көрсету керек.

  2. Сабақта тестілеуді қолдану кезінде қосымшада бағдарлама-тестілеушінің ілкі бетін көрсету қажет (ескерту: «Print Screen» пернесі бейнені экраннан алмасу буферіне көшіреді), сонымен қатар дұрыс жауабы бар сұрақтардың тізімін беру (дұрыс нұсқаумен), сұрақтарды нұсқауларға бөліп тастау.

  3. Әрбір тапсырманың қосымшасында дұрыс жауабы көрсетілсін (тапсырманың орындалу кілті).

  4. Сабақтың презентациясы (керек жағдайда) Power Point бағдарламасында орындалады. Файлдың атауында сіздің тегіңіз бен мектеп нөмірі болу керек, мысалы: Презентация_57 ом _Иванов.ppt.

  5. Жоспар қосымшасымен және презентация мұрағат түрінде электрондық пошта арқылы Өңдеу_57ом_Иванова атымен жіберіледі. Мұрағаттың көлемі 500 кб-тан аспау қажет.

Мұрағатты электрондық пошта арқылы келесі мекенжайға жібере аласыздар:

[email protected]

2011 жылдың 14 қарашасынан кешіктірмей.

Егер өзінің сабағыңызда видеоны, музыкалық үзінділерді, көлемі үлкен (мұрағатта 400 кб-тан көп) презентацияны қолдануды қаласаңыз, СD-дискіне нөмірленген керекті файлдарды «ҚжБОМРО» Гастело 14 алып келу (жұмыс уақыты 800- ден 1200-ге дейін,1300ден 1700- ге дейін).

Видео материалдарыңыз түрлеп - түстеп өнделген, оның ұзақтығы-7 минуттан аспау керек.

Ескерту: видео материалыңызды түрлеп - түстеп өндеуді Нурмуханова Гулим Сериковна әдіскерімен (тел. 52-51-59) келісім өткізгеннен кейін видео материалдарыңызды түрлеп-түстеп өңдеу тапсырысыңызды 3 қарашадан -14 қарашаға дейін (тапсырысыңызды Ресурс орталығының диреторы Искаков Б. А атына) жіберуіңізге болады..

Ескерту:

  1. Сіздің шығарған сабақтың материалдарыңызда автордың аты-жөні, мектеп нөмірі көрсетілмеу керек. Әділ-қазылар алқасы әділ баға шығару үшін барлық жұмыстар шифрленеді.

  2. Сабақтың материалдарын жалғыз дискіде емес,сонымен қатар электрондық пошта арқылы жіберуіңіз қажет

Құрметпен, конкурсты ұйымдастыру комитеті.