https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 12 13
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы


Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444 Заңы


(Соңғы редакциядағы күні: 30.08.2009)

      Ескерту. Тақырыбы өзгердi, кіріспе алып тасталды, мәтін бойынша "Жарлыққа", "Жарлығымен", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлықтың", "Жарлық" деген сөздер тиісінше "Заңға", "Заңымен", "Заңмен", "Заңда", "Заңның", "Заң" деген сөздермен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен, Бүкіл мәтiн бойынша "(мүдде)" деген сөз алып тасталды - 2005.07.08. N 69 Заңымен.

I Бөлiм
Банкiлердi құрудың және олардың қызметiнiң
негiздемесi мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Банк, оның мәртебесi және тұрған жерi

      1. Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

      2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi.

      3. Банкiнiң ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.

      4. Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 1999.07.16. N 436 Заңымен, 2001.03.02. N 162 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      РҚАО-ның ескертуі!

      2-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.


      2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бақылау - мынадай шарттардың бірі:
      бір тұлға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не басқа тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акцияларды шегере отырып) елу процентінен астамына дербес не бір немесе бірнеше тұлғамен бірлесіп тікелей немесе жанама иеленген не оның басқа заңды тұлға акцияларының елу процентінен астамымен дербес дауыс беру мүмкіндігі болған;
      бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының кемінде жартысын сайлау мүмкіндігі болған;
      Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының қаржылық есептілігін қоспағанда, бір заңды тұлғаның қаржылық есептілігін аудиторлық есепке сәйкес басқа заңды тұлғаның қаржылық есептілігіне қосқан;
      бір заңды тұлғаның шартқа (растайтын құжаттарға) сәйкес немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда өзгедей түрде басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі болған кезде туындайтын бір заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

      2) банк акцияларын жанама иелену (олармен дауыс беру) - банктің, банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің немесе заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иелену арқылы банктің бірлескен ірі қатысушысы, банк холдингі болып табылатын тұлғалардың шешімін айқындау мүмкіндігі;

      3) банк конгломераты - бас ұйымнан және оның еншілес ұйымдарынан, сондай-ақ бас ұйым және (немесе) оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардан тұратын және мынадай шарттардың біріне сәйкес келетін:
      банк бас ұйым болып табылатын немесе еншілес ұйымдардың бірі банк болып табылатын;

      банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топтың қызметі негізінен банк секторында шоғырланған, яғни банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жиынтық активтерінің топтың жиынтық активтеріне қатынасы қырық және одан да көп процентті құрайтын;

      банк бас ұйым болып табылмайтын, бірақ топта бір банк және өзге қаржылық ұйым болатын заңды тұлғалар тобы.
      Егер құрамына банк кіретін заңды тұлғалар тобында бас ұйым ұлттық басқарушы холдинг болып табылса, онда:
      банк;
      банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдинг;
      банктің, банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдингтің еншілес ұйымдары;
      капиталына банк, банктің еншілес ұйымдары, банктің бас ұйымы болып табылатын банктік холдинг қомақты түрде қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады.
      Егер заңды тұлғалар тобында бас ұйым - Қазақстан Республикасының резиденті емес банк болатын болса, онда Қазақстан Республикасының резиденті - еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары, сондай-ақ еншілес банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдар банк конгломераты болып танылады;

      4) банк холдингі - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды қоспағанда) немесе:
      банктің дауыс беретін акцияларының жиырма бес немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде банк қабылдайтын шешімдерді айқындауға немесе бақылау жасауға мүмкіндігі бар заңды тұлға;

      5) банктің реттеуші меншікті капиталы (бұдан әрі - меншікті капитал) - банктің инвестициялары шегерілген капитал сомасы;

      6) банктің ірі қатысушысы - уәкілетті органның жазбаша келісіміне сәйкес банктің орналастырылған (артықшылықты және банк сатып алған акцияларды шегере отырып) акцияларының он немесе одан астам процентін тікелей немесе жанама иеленетін (мемлекет немесе басқарушы холдинг осындай иеленуші болып табылатын жағдайларды, сондай-ақ осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда) немесе:

      банктің дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентімен тікелей немесе жанама дауыс беруге;
      шарттың күшіне қарай не өзгеше түрде уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын тәртіппен банк қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар жеке немесе заңды тұлға;

      7) бас ұйым - басқа заңды тұлғаға бақылау жасайтын заңды тұлға;

      8) депозит - бір тұлға (депозитор) басқа тұлғаға - банкке, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі - Ұлттық Банк) және Ұлттық почта операторына олар номиналды түрде (ислам банкіндегі инвестициялық депозиттен басқа) қайтарылатын шартпен, алғашқы талап етуі бойынша немесе қандай да бір мерзімнен кейін толық немесе бөліп-бөліп, алдын ала келісілген үстемесімен не онсыз, депозиторға тікелей не оның тапсыруымен үшінші тұлғаға берілетініне қарамастан, беретін ақша;

      9) еншілес ұйым - басқа заңды тұлға тарапынан бақылау жасалатын заңды тұлға;

      10) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерін жанама иелену не акцияларын иелену (олармен дауыс беру) - заңды тұлғаның, заңды тұлғаның ірі қатысушысының немесе басқа заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) иелену (олармен дауыс беру) арқылы бірлесіп заңды тұлғаның ірі қатысушысы болып табылатын тұлғалардың шешімдерін айқындау мүмкіндігі;

      11) заңды тұлғаның ірі қатысушысы - заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының он немесе одан астам процентін иеленетін (осындай иеленуші мемлекет немесе басқарушы холдинг болып табылатын жағдайларды қоспағанда) жеке немесе заңды тұлға;

      12) капиталға қомақты қатысу - дауыс беретін акциялардың
(жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жиырма және одан астам

процентін тікелей немесе жанама, дербес немесе бір не бірнеше тұлғамен бірлесіп иелену не акциялардың жиырма және одан астам процентімен дауыс беру мүмкіндігінің болуы;


      13) мінсіз іскерлік бедел - кәсіпқойлықты, адалдықты, алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы жоқ екенін растайтын фактілердің болуы .
      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2008.11.20 N 88-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз),  өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.13  N 135-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      2-1-бап. Банктің аффилиирленген тұлғалары

      1. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  64-бабындаайқындалған тұлғалар, сондай-ақ банк конгломератының қатысушылары банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылады.
      Ұлттық басқарушы холдингте банктің ірі акционері белгісінің болуы банктің аффилиирленген тұлғаларын "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес айқындау үшін негіз болып табылмайды.

      2. Ұлттық басқарушы холдинг не дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) жүз проценті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбедегі заңды тұлғалар, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтің және жоғарыда көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары банктің аффилиирленген тұлғалары болып табылмайды.
      Банктер акционерлерінің құрамында ұлттық басқарушы холдингтің болуы осы банктерді бір-біріне қатысты аффилиирленген тұлғалар деп тануға негіз болып табылмайды.
      Ескерту. 2-1-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының  2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңымен.

      3-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi

      1. Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.

      2. Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.

      Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.
      Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.
      Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған. P090006

      3. Қазақстан Республикасының заң актісімен белгіленген ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, өзге банкiлердiң бәрi банк жүйесiнiң төменгi (екiншi) деңгейiне жатады.

      4. (алып тасталды)

      5. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен астамы:

      а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;

      б) орналастырылған акцияларының немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерiнiң үштен бірiнен астамы Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не соларға ұқсас Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң - заңды тұлғаларының;

      в) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң не осы баптың 6 (б)-тармағында көрсетiлген заңды тұлғалардың қаражаттарына билiк етушiлер (сенiм бiлдiрiлген адамдар) болып табылатын Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң иелiгiнде, меншiгiнде және/немесе басқаруында болатын екiншi деңгейдегi банк.

      5-1. Ислам банкі - уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметін жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк. P090857

      Ислам банкі депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылмайды және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесімен ислам банкіндегі депозиттерге кепілдік берілмейді.
      Ислам банкін құрудың және оның қызметінің ерекшеліктері осы Заңның 4-1-тарауында белгіленген.

      6. Мемлекетаралық банк - халықаралық шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып, жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары Қазақстан Республикасының Үкiметi (немесе ол уәкiлдiк берген мемлекеттiк орган) мен сол шартқа (келiсiмге) қол қойған мемлекеттердiң үкiметтерi болып табылатын банк.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11 N 154, 2001.03.02 N 162, 2001.04.25 N 179, 2003.07.10 N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.08 N 72 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.12 N 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз)  Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      4-баптың жаңа редакциясы қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      4-бап. Банкiлердiң қызметiн құқықтық реттеу

      Банкiлердiң қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен, Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттармен (келiсiмдермен), сондай-ақ өздерiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заң құжаттары мен Президентiнiң Заңдары негiзiнде және оларды орындау үшiн шығарылатын уәкiлеттi органның, Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық құжаттарымен реттеледi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн

             жүзеге асыратын ұйым


      Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым - уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес осы Заңға көзделген жекелеген банк операцияларын жүргiзуге құқылы, банк болып табылмайтын заңды тұлға.
      Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      6-бап. Уәкiлдiк берiлмеген қызметке тыйым салу

      1. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң тиiстi лицензиясы жоқ бiрде-бiр адамның:

      а) негiзгi немесе қосымша қызмет ретiнде банк операцияларын атқаруға;

      б) алып тасталды - 2006.05.05. N 139 Заңымен.

      в) өзiнiң атауында, құжаттарда, хабарландырулар мен жарнамалық "банк" сөзiн қолдануға немесе содан туындап, ол банк операцияларын атқаратындай әсер қалдыратын сөздi (ұғымды) қолдануға құқығы жоқ. Бұл тыйым Ұлттық Банкiге, банкiлердiң филиалдары мен өкiлдiктерiне, банктердің еншілес ұйымдарына, халықаралық қаржы ұйымдарына қолданылмайды.

      2. Уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары, мемлекеттiк органның, кредиттік серіктестіктердің, Ұлттық почта операторының, сондай-ақ Қазақстан Даму Банкiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде бекiтiлген өкiлеттiктерi шегiнде жүргiзетiн қызметiн (операцияларын) қоспағанда, жарамсыз деп табылады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгертулер енгізілді, 2-тармақ алынып тасталды, 3-тармақ 2-тармақ болып саналды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154, 2001.03.02. N 162, 2003.07.10. N 483 (2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.08. N 69, 2005.12.23. N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05. N 139, 2007.02.19. N 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптанқараңыз) Заңдарымен.

      РҚАО-ның ескертуі!
      7-бапқа өзгерту қарастырылған - ҚР-ның 2009.07.11. N 185-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

      7-бап. Банкiлер мен мемлекеттiң жауапкершiлiгiн шектеу.

следующая страница >>