https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалы, 010000, Астана қ-сы, Бейбітшілік қөшесі, 21-үй, анықтама үшін телефондар 8(7172) 70-33-13, 70-33-31, факс 8(7172) 70-33-37, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне техникалық қызмет көрсететін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлердің санатына жататын қызметке орналасуға конкурс жариялайды:


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Орталық филиалы әкімшілік-шаруашылық бөлімінің аға инспекторы, бала күтіміне байланысты демалыста жүрген қызметкер болмайтын кезеңге.

Функционалдық міндеттері: Рұқсатнамалар мен куәліктердің барлық түрлерін беру және қайтару; рұқсатнамалар мен куәліктердің барлық түрлерінің қайтарылуын бақылау; рұқсатнамалар мен куәліктер бланкілерін есепке алу журналдарын және кітаптарын толтыру; жою актісін жасап, пайдаланылған рұқсатнамалар мен куәліктерді жоюға дайындау; қызметтік бланкілерді пайдалану туралы есепті жасап, қатаң есептегі бланкілерді (бұйрықтар мен өкімдер) есепке алу және бақылау; қолданылып жүрген рұқсатнамалар мен куәліктердің үлгілерін күзет орнына ұсыну; өтінімдерге және бір жолғы рұқсатнамаларға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалардың қол қою үлгілері бар өкімді дайындау, көшірмесін күзет постына табыстау; қажетіне қарай, филиалға келіп түскен хат-хабарларды қабылдайды және оны тіркеуге іс жүргізу жөніндегі аға инспекторына тапсырады; қызметтік нұсқаулықта көзделген басқа міндеттерді және филиал басшылығының тапсырмаларын орындау.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі – жоғары кәсіби. Осы қызметтің тиісті функционалды бағыттары салаларында кемінде бір жыл стажы болған кезде орта кәсіби білімге рұқсат беріледі немесе осы қызметтің тиісті функционалды бағыттары салаларында кемінде екі жыл стажы болған кезде орта (толық)кәсіби білімге рұқсат беріледі. Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, осы қызметтің мамандығына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі. Функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімі. Дербес компьютерде және оргтехникамен жұмыс істей білу. Мемлекеттік тілді білуі құптарлық.

Конкурс Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің 2010 жылғы 23 маусымдағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне техникалық қызмет көрсететін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді іріктеу ережесі негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар қажет:

1) белгіленген нысан бойынша өтініш (1-қосымша);

2) белгіленген нысан бойынша сауалнама (2-қосымша);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрған жерінің мекенжайын және телефондарды, оның ішінде байланыс телефондарын көрсете отырып);

4) жеке куәліктің нотариат растаған көшірмесі;

5) білімі туралы құжаттардың нотариат растаған көшірмелері;

6) еңбек кітапшасының (бар болған кезде) не еңбек қызметін растайтын өзге құжаттарының нотариат куәландырған көшірмесі;

7) белгіленген нысан бойынша денсаулықтың жай-күйі туралы анықтама;

8) мөлшері 3 х 4 сантиметр бір сурет.


Конкурсқа қатысушылар олардың біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежесі мен атағын тағайындау туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды үміткерлер конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде (2011 жылғы 14 сәуірді қоса алғанда) жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қолма-қол немесе почта бойынша ұсынады.

Конкурс мынадай кезеңдерден тұрады:

1) конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау;

2) конкурстық құжаттардың конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізу;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін бағалау мақсатында үміткерге тест жүргізу;


4) үміткерлермен әңгімелесу.

Конкурсқа қатысу бойынша шығыстардың (сынақ жүргізілетін және/немесе әңгімелесетін орынға барып қайту жолы, тұрғын үйді жалға алу, тұру, байланыс құралдарының барлық түрлерінің қызметін пайдалану және басқалары) конкурсқа қатысушылар өз есебінен төлейді.

Сынақтан өткізуге (тест жүргізу) жіберілген үміткерлер, жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша конкурстық құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Орталық филиалында өтеді. Үміткерлердің біліміне тест жүргізу уақыты, күні және орны туралы электронды почта және/немесе телефон байланысы құралдары арқылы хабарланады.

Үміткерлерді бос техникалық қызметке орналасуға арналған үміткерлерді сынақтан өткізу бағдарламасы: Қазақстан Республикасы Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» (20 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Заңдарын білуге арналған сұрақтар енгізіледі;

осы қызметтің мамандығына сәйкес келетін салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуге арналған сынақ (Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі) (25 сұрақ).

Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер, тестілеу өткеннен кейін он бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Орталық филиалында өтеді. Үміткерлердің біліміне сынақ жүргізу уақыты, күні және орны туралы электронды почта және/немесе телефон байланысы құралдары арқылы хабарланады.

Осы қызметке орналасқан тұлғалар үшін көтерме ақы төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.


1-қосымша


__________________

(органның атауы)


ӨТІНІШ


Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос қызмет орнын иеленуге конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.


Ұсынылған құжаттардың түпнұсқада болуына жауап беремін.



________________

қолы

________________

аты-жөні


2011 жылғы "___" ___________


2-қосымша


САУАЛНАМА

(өз қолымен толтырылады)


1. Аты-жөні ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2. Азаматтығы

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Егер азаматтығыңызды өзгертсеңіз, қашан екенін көрсетіңіз _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



3. Сотталдыңыз ба, қашан және не үшін _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


4. Шетелдегі оқу немесе жұмыс Барған елі ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Барған уақыты __________________________________________________________________________________

Жұмыс немесе оқу орны ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


5. Заңды күшіне енгізілген сот үкіміне сәйкес белгілі бір қызмет орнын иелену немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылдыңыз ба, қашан және не үшін? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


6. Белгілі бір уақыт ішінде мемлекеттік органдарда қызмет орнын иелену құқығынан айрылдыңыз ба, қашан және не үшін? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

7. Конкурс жарияланған бос қызмет орнына орналасқан жағдайда тікелей бағынысында қызмет істеуге тура келетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қызметкерлерімен жақын туыстық немесе туысқандық (ата-анаңыз, жұбайыңыз, аға-іні, апа-қарындас, ұл-қызы, сондай-ақ жұбайыңыздың аға-інісі, апа-қарындасы, ата-анасы және балалары) қатысыңыз бар ма _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


2011 жылғы «____»_________________ ____________________

қолы