https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3

Студенттерге арналған пән бағдарламасы





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/11



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі


С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Ќаржы кафедрасы


Күндізгі оқу түріндегі

«Корпоративтік қаржы» пәні бойынша

050506 «Экономика» мамандығының студенттеріне арналған

СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ


Павлодар


Студенттерге арналған пәннің бағдарламасын бекіту парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/11








БЕКІТЕМІН




Қаржы-экономика факультетінің деканы




___________Т.Я. Эрназаров

200__ж «____»________



Құрастырушы: аға оқытушы Имангалиева И.Т.____________

ассистент Закриянова Н.М._______________


«Қаржы» кафедрасы


СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Күндізгі оқу түріндегі

«Корпоративтік қаржы» пәні бойынша пәні бойынша


050506 «Экономика» мамандықтың студенттеріне арналған орта кәсіптік білім, және жоғары кәсіпкерлік білім сырттай оқитын негізінде


Бағдарлама 200__ж «___»_________жұмыс оқу бағдарлама негізінде өнделіп


№ __хаттама «___»_____________200__ж кафедра мәжілісінде ұсынылған


Кафедраның меңгерушісі ____________________ Н.С. Кафтункина


№ __хаттама «___»_____________200__жылы қаржы - экономикалық факультетінің оќу - әдістемелік кеңесімен мақұлданған


ОӘК төрағасы _______________ Л. А. Сидорова


1 Оқытушы туралы деректер



Имангалиева Индира Тлеубергеновна – «Қаржы» кафедрасының аға оқытушысы.

Закриянова Нагима Мылтыкбаевна - «Қаржы» кафедрасының ассистенті

Кафедрадағы қабылдау сағаттары кеңес беру кестесіне сәйкес жүргізіледі.

Кафедраның телефоны 67-36-43, ішкі 318, 542 аудиториясы.


2 Пән туралы деректер

Пәннің мақсаты мен міндеттері, оқу процессіндегі орыны


2.1 Пәннің мақсаты


Курс мақсаты – корпорация қаржысын ұйымдастыру, қаржылық тұрақтылыққа жету мақсатында тиімді басқару мен оңтайландыру, алынатын таза табысты жоғарылатып, компания иелерінң меншігі мен жағдайын жоғарылату негіздерін қамтамасыз ету.


2.2 Пәннің міндеттері


Осы мақсатты жету үшін келесі міндеттері орындалу керек:

  • корпорация қаржысының қызметін, ұйымдастыру негіздерін, мәнін, мемлекеттің қаржы жүйесіндегі рөлін, кәсіпорындардын қаржылық қатынастарын теореилық түсіндіру;

  • қаржы ресурстарының корпорация активтері мен олардың пайда болу көздерінің оңтайлы құрамы мен құрылымын мәнін ашу;

  • қаржылық есептеулер әдістері туралы түсінік беріп тәжірибелік біліктілікті арттыру;
  • қаржылық жоспарлаудың әдістерін, қағидаларын, құрылымы мен мазмұнын түсіндіру;


  • корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдарын, қаржылық дәрменсіздік және банкроттықты болдырмауды қарастыру;

  • қаржылық құралдарды стратегиялық және ағымды қаржылық жоспарлауда қаржылық-шаруашылық қызметті талдауда, нақты экономикалық жағдайларда кәсіпорындардың инвестициялық және қаржылық саясатянда басқару шешімдерін қабылдауда қолдану мүмкіндігі үшін талдаулық ойлау қабілетін дамыту.


2.3 Пререквизиттер


Пәннің зерттеуі «Қаржы», «Мемлекеттік бюджет», «Экономикалық теория» «Ақша, несие, банктер», «Бағалы қағаздар нарығы», «Сақтандыру», «Салық және салық салу» оқу пәндерімен тар байланыста тұрады.

«Корпоративтік қаржы» пәнінің зерттеуінен нәтижесінде студенттер білуге тиісті:

  • нарықтық экономиканың жағдайларындағы қаржы байланыстардың теориясымен тәжірибесін білуге тиісті;

  • шаруашылық етуінің және меншіктің түрлі формаларының қаржыларының ұйымдастыруының ерекшеліктері;

  • корпорацияның қаржы жағдайларын бағалау, қаржы жоспарларды және болжамдарды құрастыру;

  • экономиканың тұрақсыз жағдайларында корпорациялардың әртүрлі жұмыс істейтін салаларында дұрыс қаржы есептерді қабылдау;

  • кәсіпкерлік тәуекелдің деңгейді бағалау.



3 Негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі


Негізгі

  1. Белолипецкий А.Т. Финансы фирм. ИНФРА. М., Москва, 1998г.

  2. Бородина Г.И. и др. Финансы предприятия. М., “Банки и биржи”, ЮНИТИ, 1995г.

  3. Бочаров В. Корпоративные финансы. – СПб: Питер, 2001. – 256 с.:ил. – (Серия «Ключевые вопросы»).

  4. Ван Хорн Дж. К. Основы управления финансами. М., “Финансы и статистика”, 1996г.

  5. Законодательные и нормативные акты РК по вопросам финансов, налогообложения, учета, правовых форм предпринимательства.
  6. Ковалев В.В. Управление финансами: Учебное пособие. – М.: ФБК-ПРЕСС, 1998. – 160 с. (Серия «Академия бухгалтера и менеджера»).


  7. Ковалев В.В., Вит. В. Ковалев. Финансы предприятий. Учебное пособие. – М.: ООО «ВИТРЭМ», 2002. – 352 с.

  8. Колпина Л.Г., Марочкина В.М. Финансовые планы предприятий. – Мн.: Выш. шк., 1997. – 114 с. – (Справочник руководителя).

  9. Половинкин С.А. Управление финансами предприятия: Учебно-практическое пособие. – М.: ИД ФБК ПРЕСС, 2001. – 376 с.

  10. Романовский В.Т. Финансы предприятий. М.: Финансы и статистика, 2000 – 540 с.

  11. Справочник финансиста предприятий. – 3-е изд., доп. и перераб. – М.: ИНФРА-М, 2001 – 493 с.


Қосымша

  1. Балабанов И.Т Основы финансового менеджмента. Как управлять экономикой. М., “Финансы и статистика”, 1996г.

  2. Дж.К. Шим, Дж. Г. Сигел. Финансовый менеджмент. М., “Филинъ”, 1996 г.

  3. Крейнина М.Н. Финансовый менеджмент. М., Издательство “Деловой сервис”, 1998г.

  4. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы, Каржа-каража, 1997г.

  5. Моляков Д.С. . Финансы корпораций отраслей народного хозяйства. М., “Финансы и статистика”, 1997г.

  6. Павлова Л.М. Финансовый менеджмент. Управление денежным оборотом корпораций. М., “Банки и биржи”, 1995 г.

  7. Финансовый менеджмент: Практикум: Учеб. Пособие для вузов / Л.А. Бурмистрова, Е.Ю. Ветрова, О.А. Жеволюкова и др.; Под ред. Н.Ф. Самсонова. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 269 с.



4 Пәннің мазмұны


4.1 Пәннің тақырыптық жоспары


4.1.1 050506 «Экономика» мамандығы бойынша жалпы орта білім негізінде күндізгі оқыту түрі, 2007 жылы түскен


Пәннің тақырыптық жоспары





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.2/11




















ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ



Тақырыптардың атауы

Сағаттың саны

Дәріс

Тәж

СӨЖ

1

2

3

4

5

1

Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржылық ортасының мазмұны

4

2

9

2

Қаржы-несиелік шешімдер қабылдауда қаржылық-экономикалық есептеулердің математикалық негіздері

4

2

9


3

Корпорациялардың негізгі капиталы

2

1

9

4

Корпорациялардың айналым капиталы

2

1

9

5

Корпорация өнімін өндіруге және өткізуге шығындар және оларды қаржыландыру

2

1

9

6

Корпорациялар табысының құралуы, бөлінуі және қолдану тиімділігі

2

1

9

7

Корпорациялардың меншікті капиталы

2

1

9

8

Корпорацияны қаржыландырудың қарыздық көздері

2

1

9

9

Корпорация капиталының құны мен құрамы

2

1

9

10


Корпорацияны қаржылық жоспарлау

2

1

9

11

Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау және қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

4

2

5

12

Корпорацияның қаржылық дәрменсіздігі және қаржылық сауықтыру

2

1

5

ҚОРЫТЫНДЫ:

30

15

90


5 Курс компоненттері

5.1 Дәріс сабақтарының мазмұны


Тақырып 1 Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржылық ортасының мазмұны

Корпоративтік қаржының түсінігі мен мазмұны, оның функциялары, Корпорациялардың қаржы механизмі, компанияның қаржылық құрылымы.

Корпорация қаржысының ұйымдастыру принциптері және рөлі: олардың мазмұны және кәсіпкерлік қызмет тиімділігіне әсері.

Корпорациялардың қаржылық службасының міндеттері. Компания қызмет етуінің сыртқы ортасы. Компанияның капитал нарығындағы қызметі. Бюджетпен, коммерциялық банктермен, сақтандыру және басқа компаниялар мен ұйымдармен қаржылық қатынастардың сипаты.


Тақырып 2 Қаржы-несиелік шешімдер қабылдауда қаржылық-экономикалық есептеулердің математикалық негіздері

Ақшаның уақыттық құндылығының түсінігі, компания капиталының (қәзіргі) және болашақтағы құны. Дисконттау және компандентеу. Саудалық пайыздардың жай және күрднлі ставклары жай және күрделі есептеу ставкалары.


Түрлі типтегі проценттік ставкалардың эквиваленттілігі. Қаржылық шешімдер қабылдауда ақшаның инфляциялық құнсыдауының есебі.

Аннуитеттер бағалы қағаздар бойынша дивиденттер мен проценттер бағалы қағаздармен операциялардың табыстылығы. Қаржылық құралдарды бағалау акция мен облигациялар. Таза келтірілген құн.


Тақырып 3 Корпорациялардың негізгі капиталы

Негізгі капитал түсінігі, оның құрылымы және корпорация қаржысын ұйымдастырудағы рөлі. Негізгі құралдардын материалдық емес активтердің, аяқталмаған капиталды құрылыстың, ұзақ мерзімді инвестициялардың экономикалық табиғаты құрамы және құрылымы. Негізгі капиталды бағалау әдістер. Бастапқы, қалпына келу, жойылу және қалдық құндар негізгі қорларды қайта бағалаудың мәні.

Амортизация, оның аударылуы және негізгі капиталды жаңартудағы рөлі. Амортизацияны аудару әдістері. Негізгі қорларды қолдану тиімділігінің көрсеткіштері.

Корпорацияның инвестициялық қызметінің қаржылық аспектілері, жинақтардың мәні және инвестициялар мен инвестициялық қызметтің экономикалық мазмұны. Қазқстандағы қәзіргі кезде корпорациялардың инвестициялық саясатының ерешеліктері. Капиталсалымдарды негезгі капиталды ұдайы өндіру тәсілі ретінде. Инвестициялар түрлері: тікелей, портфельдік және венчурлық инвестициялар. Негізгі қорларды жөндеуді қаржыландыру инвестицияларды негізгі қорларға және материалдық емес активтерді қаржыландыру көздері.


Тақырып 4 Корпорациялардың айналым капиталы

Айналым капиталының экономикалық мазмұны және жіктелуі. Айналым капиталын ұйымдастыру принциптері, олрдың құрамы мен құрылымы.

Компания өндірістік запастары: запастағы қаражаттар, өндірістегі қаражаттар. Дебиторлық қарыз: оның көлемінің деңгейі және басқару. Компанияның қаражаттар, олардың түсі мен жұмсалу арналры. ақша қаражаттары ағымын болжамдау. Қолмақол ақшаны басқару моделі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздар тез өтімді бағалы қағаздардың портфелінің ерекшелігі мен құрылу принциптері.


Компанияның айналым капиталының құрылу көздері, кредиторлық қарыз; оның айналым капиталының құрылуындағы қажеттілігі.

Меншікті айналым капиталы. Айналым капиталының өсімі, оны қаржыландыру көздері. Меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігі, оның пайда болу себебі. Толысу көздері. Ағымдағы қаржылық қажеттіліктерді үлгілеу.

Айналым капиталын қолданудың экономикалық тиімділігі, оның компанияның қаржылық жағдайына әсері және жоғарылату жолдары.



следующая страница >>