https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 9 10 11 12 13

Негізгі әдебиеттер


  1. Ахметов Ш. Ќазаќ совет балалар єдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1976.

  2. Ергµбек Ќ. ¤тебай Т±рманжанов. –Алматы: Рауан, 1992.

  3. Қ.Ергөбек. Арыстар мен ағыстар. А. 2003.

  4. Ќазаќ совет балалар жазушылары. –А., Жалын. 1987.

  5. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. А. 1980.

  6. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы: Тұрманжанов Ө., Әлімбаев М., А.,Жалын, 1984.

  7. Ө.Тұрманжанов. Таңдамалы шығармалар. А.1965.

  8. М.Әлімбаев. Балдәурен, шіркін, балалық. А.1973.

  9. Е.Ерботин. Далаға саяхат. А. 1991.

  10. М.Жаманбалинов. Мықтылардың мықтысы. Ә.Дүйсенбиев. Не деу керек? Ж.Смақов. Сылдырмақ. Ж.Кәрібозин Көшпелі тымақ. А. 2003.

  11. Ж.Смақов. Ж.Кәрбозин. Т.Молдағалиев. А. 1992.


Қосымша әдебиеттер

  1. Қазақ балалар поэзиясының антологиясы, А., Жалын, 1977.

  2. Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы, А., Балауса, 1992.

  3. Тұрманжанов Ө. Менің кітабым, ҚМКӘБ, А., 1962.

  4. Тұрманжанов Ө. Таңдамалы шығармалар, А.,1965.

  5. Тұрманжанов Ө. Жаңа туған жас бұлақ, А., Жазушы, 2003.



&&&

$$$002-014-000$3.2.14 №14 дәріс.


М.Әлімбаев және балалар әдебиеті

&&&

$$$002-014-001$3.2.14.11 1.Қзіргі балалар поэзиясы.

&&&

$$$002-014-001$3.2.14.2 2.Қазақ әдебиеті стилі, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер.

Қазақ балалар әдебиетінің, оның ішінде балалар поэзиясының түп- төркіні, бастауы қазақ халық ауыз әдебиетіндегі бесік жыры, мал баласын сүю, санамақ, жаңылтпаш, өтірік өлең т.б. жатқандығы сөзсіз. Қазақ поэзиясының тарихын бағдарласақ, мүнда балаларға арнап өлең жазбаған қаламгер кемде – кем. Мұны өзі қазақ қаламгерлерінің жас ұрпаұ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлгендігін көрсетеді. Қазақ балалар поэзиясының шын мәнінде өркендеуі ғасыр, кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті кезіңі болғандығы белгілі. Аталмыш дәуірінде Б. Майлин, І. Жансүгіров, А. Тоқмағамбетов, М. Жаманбалинов, Ж. Кәрібозин, т.б. қазақ балалар поэзиясына айтарлықтай үлес қосты.


Қазіргі қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, аудармашы, әдебиетші, балалар ақыны, Абай атындағы мемлекеттің сыйлықтың иегері, Қазақстан халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың балалар поэзиясында орны ерекше. Ол кісі 1923 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Маралды селосында дүниеге келеді. Ұлы Отан Соғысына қатысқан. Армиядан оралған соң, С.М.Киров атындағы Қазақ университетін бітіреді. «Пионер» журналының бөлім бастығы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарып, КПСС мүшесі болған. Оның «Менің ойыншақтарым» (1953), «Орақ - олақ» 1962, «Шынықсаң шымыр боласың» (1969), «Балдаурен, шіркін, балалық» (1973), «Ақсерек те көксерек» (1977) , «Аспандағы әпке» (1982) , «Екі тақтай бір көпір» (1992) «Қоянның құлағы неге ұзын?» (1996), сияқты т.б. жинақтары кішкентай оқырмандардың сүйікті кітаптарына , ұстаздардың, тәрбиешілердің балалар тәрбиесінде, олардың ой- өрісін дамытудағы көмекшісіне айналды. 1984 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін М. Әлімбаев Абай атындағы мемлекеттік сыйлық иегері атанды.

М. Әлімбаев жинақтарының оқырмандарын тез тауып, сүіктісіне айналуында, сөз жоқ, дарын мен ізденімпаздықтың нәтижесі, балалар психологиясымен жете таныс болуы жатыр. Бұл жөнінде автордың өзі : «Ақындықтың негізгі сыры, басты құпиясы, біздіңше, қиял ұшқырлығында, талант құдіреттілігінде... шын ақын өрнектеп ойлайды, өлеңмен толғайды. Шын ақынға қара сөзден гөрі өлең жақын»(1), -деп шынайы дарын иесінің ішкі жан дүниесін сипаттайды. Өзінің шығармашылық жолында М. Әлімбаев әрқашан «өрнектеп ойлап, өлеңмен толғайды». Ақын шығармашылығы жөнінде ақын- жазушыларымыз, әдебиетші ғалымдарымыз көптеген құнды пікірлер айтқан.

Белгілі әдебиетші – ғалым, сыншы, профессор Н.Ғабдуллин : «...М. Әлімбаев – қазақ балалар поэзиясының өркендеп дамуына үлкен еңбек сіңіріп келе жатыр. Ақынның балалар поэзиясының мазмұны мен түрін байытуға қосқан көп сапалық жаңалықтары, көркемдік үлгілері бар» (2), - деп ақынның балаларға арналған шығармаларын жоғары бағалаған.


Әрине, балалар ақыны болуы үшін, жоғарыда айтып өткеніміздей, бүлдіршіннің жан - дүниесін білуі қажет. Біліп, ұғып қана қоймай, ол білгенін өлеңмен өрнектей білу керектігі осы сәтте туындайды. Ақын өз ізденімпаздылығы мен еңбекқорлығын осы арада да танытады. М. Әлімбаевтың кішкентай оқырмандары оның кейіпкерлерінен өздерін таниды, себебі ақын кейіпкері «жанды», әр қырынан көрінеді. Ал, М. Әлімбаев өз кейіпкерлеріне «түсіністікпен қарап , олармен бірге қуанып, ренжиді де» (3) Кейде өзінің кішкене кейіпкерлерінің балалық қылықтарына суйсінеді, зілсіз мысқылмен қағытып қояды, әзілдеп қояды, енді бірде пәк бала көңілін жағымсыз мінездермен сақтандырады, адамдық қасиеттерге шақырады. Алайда ақын бүлдіршіндерді жақсы қасиеттерге шақырса да, жағымсыз қылықтан сақтандырса да, ол мақсаттарын құрғақ уағыз негізінде емес, жанды бейнелер арқылы танытады, оқырмандарына ой салады, қорытынды жасатады, ойландырады.

Автордың балаларға арналған өлеңдері қысқа болғанмен, белгілі сюжетке тартымды ойға, терең пікірге құрылған. Ақын балалардың қызығып та қуанып оқуын көбірек ойланады. Сондықтан да Мұзафар өмірдің кішкене көріністеріне үлкен мән беріп, түйінді ойлар айтуды өзіне зор мақсаи етіп қояды.

Ақынның әсіресе мектеп жасына дейінгі балдырғандар мен бастауыш мектеп оқушыларына арнап жазған өлеңдері тым қызық, өте әсерлі. Оны үлкен кісілер де сүйсініп оқып, балалық шақтарын еске түсіреді. Ақын «Кім ұтылды, кім ұтты...» өлеңінде тау асып ойнап кеткен үш баланың қарны ашып, қолдарында қалған екі алманы бөлісе алмай жатқандарын сөз еткен, Екі алманы үшке бөлісе алмай таласып, керілдесіп жатқан екі жолдасына үндемей тұрған үшінші бала былай дейді:

Қиын емес бұл мүлдем, Сен бер маған жартысын

Теп- тең етіп бөлейік. Екеуі оған көніпті,

Екеуін ал бір- бірден . Жарты-жарты бөлікті

Мен- ақ соған көнейін, Басу айтқан балаға

Не керек сол айтысып. Өз қолынан беріпті.

Сен бер маған жартысын Кім ұтылды, кім ұтты?


Не керек сол тартысып Кім ұқпады,кім ұқты?


Ақын өлеңін сұрақпен аяқтап, оқиға шешімін балалардың өз талқысына салады, сөйтіп олардың ойын дамытуға, өздерінше пікір таласын тудыруға сілтейді. Ақын өлеңі тартымды ойға құралатын осыдан ап - айқын көрінеді.

«Әріптер сыры» өлеңінін мамандық таңдауға жол ашатын сыр сипаты бар.

«А» - Алтай бала дәрігер,

Аурудан сақтар ол мені,

« Ә» - Әнуар өнер біледі.

Әдемі етік тігеді

«Б» - Бауыржан сақшы- жауынгер

Батыр деп сүйген қауым ел

«В»- Володя мастер мен дейді

Вагондарды жөндейді.

«Г» - Гүлжамиля бақшашы,

Гүлге толған бақшасы.

«Ғ» - Ғажап бояу жағады.

Ғали сурет салады.

Мұндағы әр әріптің түрлі мамандықты таңдайтындай мазмұнға құрылған, және 1сынып оқушыларының жаттау айтуына ыңғайлы. 36 әріпті тугел танып шыққан 1- сынып оқушылары ата –аналар жиналысы кезінде мектеп сахнасына шығып, бірі «а»,екіншісі «б» үшіншісі «ә» болып рольдесіп, жатқа айтып шықса, жарты жылдық оқудың білім қорытындысы болып, ата - ананы зор қуанышқа бөлер еді. Педагогтардың ақын- жазушыларға қояр- тілек, талаптары шығармаларының тәрбиелік мәні басым болумен қатар, білімділік мазмұнға құрылуын тілейді. Оқушылардың сөздік қорын байытатын талғам, ойлы, парасатты көркем сөздер болуын талап етеді. Өлеңдерді тез жаттап айтуына икемді боп тұруын жақтайды

Сөзіміз жалаң болмас үшін ақынның еңбекке шақырған бір – екі өлеңін мысалға келтіріп өтейік:

Ара тыңбайды

Ұшып зырлайды,

Шарлап қырларды,

Шырын жинайды.

Гүлдер өсірсең,

Балың сыйлайды.

«Сыйға - сый» өлеңінде М. Әлімбаев аранын күнделікті зырлап ұшып, тыным таппай , еңбектенген тірлігімен бүлдіршіндерді таныстыра отырып, оларды да ара құсап тынбай еңбектенуге шақырады. Сөйтіп, «еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей» деген ұлы Абай афоризміне жақын ой түйеді. Бүлдіршіндерге бал жегің келсе, гүл өсіріп, айналанды көгаландыр деген ой тастайды. Балалар не нәрсені де нақты, конкретті түрде түсінеді, ақын сондықтан да оқырмандырына гүлзарларды көбейту идеясын ұсынады. Ақын ойын жинақы әрі өте ұтымды берген, өз орнын таппаған басы артық сөз жоқ.


Оқырманның көз алдына төңіректі шарлап, гүлден – гүлге қонып, шырын жинаған еңбекқор жәндік, жайқалған көк майса елестейді. Бейне бір сол араның ызыңын естігендей боласың. Н. Севостьянова өз мақаласында : «Егер сіздер М. Әлімбаев өлеңдерін мұқият оқысаңыздар, онда , әрине, олардың балалар салған суреттерге ұқсайтындығын, солар сияқты көркем, бейнелі түрлі- түсті екндігін көресіздер», - дейді (5).

Жоғарыда келтірілген өлеңдерінде мүмкіндігінше ашық дауыстыларды қолданады. Мұның себебін ақын: «..олақ ақындар бұл талаппен санаса бермейді, дауыссыз дыбыстарды қаптатып, өлеңді оқыған кіп- кішкентай баланы былдырлатып, тұтқыртып әуреге салады»(1), - дейді. Жоғарыдағы өлең балалар өлеңіне қойылатын осы талаппен де ұштасып жатыр. Демек өлең сөздерінің дыбыстық, буындық жағынан дұрыс үйлесім табуы, оның бүлдіршіннің тіліне орамды, жүрегіне жылы тиюіне әсер етеді. 3- 4 тармақтардағы ш дыбысының сәйкесігі де өлеңге ойнақылық, көркемдік дарытып тұр.

«Сыйға сый» өлеңі небәрі алты тармақтан құралған. Әр тармақ бес буынды болып келеді. Алғашқы төрт тармақ пен соңғы тармақ өзара ұйқасады да, бесінші тармақ қалыс қалады. Мұның себебі, ақын бақылауынша, «бірыңғай үйлесімдер жас бөбекті жалықтырып жібереді, жаттауға бөгет жасайды»(1)., және айта кететін бір жайт, қалыс қалған жол белгілі бір мағыналық жүк көтереді. Демек, оқырманды еңбек етуге шақырады.

Өлең көлемінің шағындығы тағы да, балалар поэзиясының шарттарынан келіп туады. Өйткені бүлдіршіндер зейіні өте құбылмалы. Сол себепті ұзын- сонар баяндауларға қарағанда, олар ойнақы да қызғылықты, шағын да көркем өлеңдерді тыңдауды ұнатады.

Еңбек тақырыбына арналған тағы бір шағын өлеңді мысалға келтіре кетсек:

Кіп – кішкентай күрекпін,

Күнде саған керекпін.

Күре қарын ауланың,

Қопсыт түбін теректің..

Еңбек сүйгіш күрекпін,

Елгезекке керекпін (4).

«Күректің жыры» өлеңі еңбек сүйгіш күректің монологы түрінде жазылған шағын өлең. Автор күрекке жан бітіре суреттей отырып, оны үнемі тынымсыз еңбек үстінде көрсетеді.Күрекше баланы қол қусырып отырмай, ауланың қарын күреп, теректің түбін қопсытуға шақырады. Өзінің еңбек сүйгіш, елгезек балалармен ған дос екендігін айтады. Аталмыш өлеңі арқылы ақын бүлдіршіндерді шама – шарқынша еңбектенуге үндейді. Күректің кіп – кішкентай болуы оның бүлдіршіндерге арналғанын меңзейді.


Өлең небәрі алты жолдан тұрады. Әр тармақ жеті буыннан құрлған. Өлең ұйқасына келсек, ол егіз ұйқаспен жазылған. Бұл жөнінде қаламгердің өзі : «Бала өлеңінінң ұйқастары бір – біріне таяу орналасқаны құлаққа жағымды. Меніңше, кішкентайлар егіз ұйқасты өлеңді тез жаттайды» (1). Демек, қаламгер саналы түрде өз өлеңінде егіз ұйқасты қолданады.

«Балалар өлеңінің әр шумағы, тіпті егіз- қос жолына бір – бір сурет салынғандай болғаны – оның көркемдік құндылығына айғақ»(1), - деген ұстанымын ақын «Күректің жыры» өлеңінде қолданған.

Өлеңдегі дыбыстық қайталаулар - аллитерация (к, қ дыбыстарының тармақ басында, аралығында қайталанып келуі) ассонанс ( е дыбыстарының сәйкесігі) өлеңге әуенділік сыйлап тұр. Мұндай дыбыстық қайталаулар өлеңнің тез жатталуына өз септігін тигізеді.

«Еңбектен асқан есті ұстаз жоқ» деп М. Әлімбаевтың өзі айтпақшы, еңбек адамды ширатады, өмірге дағдыландырады, жалқаулық, жатыпішерлік, еріншектік тәрізді мінездегі міндерден ада етеді, адамгершілікке, адалдыққа еңбексүйгіштікке баулиды.

Қорыта келгенде, М. Әлімбаевтың еңбек тақырыбындағы өлеңдері бүлдіршіндерді игі қасиеттерге тәрбиелеудегі бірден – бір құнды құрал.


&&&

$$$002-013-100$ Бекіту сұрақтары:

1.Қзіргі балалар поэзиясы.

2.Қазақ әдебиеті стилі, жанр, түр жағынан күрделенуі, түрленуі. Шығармашылық ізденістер.

3. Балалар әдебиетінің бағыты, басты міндеті.

4. М.Әлімбаев шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі.

5. Балаларға раналған өлеңдерінің тақырыптық молдығы, мазмұн байлығы.

6. Ақын өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері.


&&&

$$$002-015-000$3.2.15«Балалар әдебиеті» пәні бойынша


15-ДӘРІС


Туысқан халықтар әдебиетіндегі балаларға арналған шығармалар


&&&

$$$002-015-001$3.2.15.111.Орыс балалар әдебиетінің дамуы


&&&

$$$002-015-001$3.2.15.211Орыс әдебиеттанушылары балалар әдебиеті ерекшеліктері жайында.

&&&

$$$002-015-001$3.2.15.311Орыс балалар әдебиеті шығармалары


  1. Орыс балалар әдебиетінің дамуы.

Орыс балалар әдебиеті сынын қалыптастыруға Н.И.Новиков, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский сынды орыс педагогтары мен жазушылары мол үлес қосты. Олардың балалар кітаптарының тәрбиелік мәні, балалар әдебиетінің ерекшеліктері жайындағы ой-пікірлері үлкен мәнге ие болды. В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, А.И.Герцен, Д.И.Писарев қалдырған мол мұра да аса қымбат қазына санатында. Ол мұра орыс балалар әдебиеті сынының негізін қалады. Орыс балалар әдебиеті мен сыны дамуында дәстүр мен жаңашылдық мәселесі басты орын алды. Орыс балалар әдебиеті сынының профессиональды деңгейге жетуі – ХХ ғасырдың 20-жылдары. 1921 жылы балалардың кітап оқу институты(институт детского чтения) ашылды.

1922 жылы Ленинградта пединститут жанындағы балалар кітапханасында үйірме жұмыс істей бастады. Үйірмеде сыншылармен қатар С.Маршак, Б.Житков, В.Бианки және т.б. жазушылар қоян-қолтық қызмет атқарды. 1932 жылы «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті» бюллетені шыға бастады. Ол 1935 жылы «Балалар әдебиеті» журналына айналды. Балалар әдебиеті сыны саласында өнімді еңбек еткен дамдар шоғыры пайда болды. Баспасөз беттерінде Н.Крупская, А.Луначарский, М.Горький, Д.Фурманов, А.Фадеев, А.Макаренко, К.Федин, Ю.Олеша, Ю.Тынянов сияқты қоғам қайраткерлері мен жазушылар балалар кітаптары жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті.

Балалар әдебиетінің есейіп, өзіндік үлкен дәстүрге ие болғанын көреміз. Бұл дәстүрдің басында орыстың көрнекті жазушылары Аркадий Гайдар, Самуил Маршак, Корней Чуковский, Сергей Михалков, Валентин Катаев, Борис Житков, Лев Кассиль, Агния Барто, Виталий Бианки, тағы басқалары тұрады. Орыс әдебиеті біздің ұлттық балалар әдебиетіміздің дамуына жаңа бағыт сілтеді. Н. А. Некрасовтыц «Мазай атай мен қояндары», В. В. Маяковскийдің әр алуан кәсіп туралы, еңбек сұлулығын жырлаған атақты «Кім боламыны» мен С.Я.Маршактын «Балмұздағы», К.Чуковский, С. Михалков, А. Бартоның өлеңдері — айта берсе, классикалық орыс және кеңес балалар поэзиясының бұл сияқты тамаша үлгілері қаншама!


Қазақ балаларына арнап қазақ әдебиетінің негізін салушы классик жазушыларымыз С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқановтар шығармалар жазды. Сәкеннің жастарды жаңа заман кұруға үндеген отты өлеңдері, Бейімбеттің «Хан күйеуі», «Өтірікке бәйге» сияқты өлеңмен жазылған ертегілері, Ілиястың балаларды өмір тануға үйрететін табиғат жырлары, Мұхтардың «Көксерегі» мен Сәбиттің «Бақташының баласы», «Менің мектептерім» атты кітаптары қазақ балаларының алғашқы кезінен бүгінге дейінгі ұрпағына талмай қызмет етіп келеді. Бүгінгі қазақ балалар әдебиеті осы бір құнарлы топыраққа дән тастап, содан нәр алып өсті.

1941 жылы маусым айында «Балалар әдебиеті» журналының соңғы саны шықты. Соғыстан кейінгі жылдары балалар әдебиеті саласында ғылыми-зерттеу жұмысы кең қанат жайды. Балалар әдебиеті баспасы жанынан Балалар кітабы Үйі ашылды. Бұл лаборатория әдістемелік және библиографиялық құралдар шығаруды жүзеге асырды. 1952 жылдың сәуір айында балалар әдебиеті бойынша Бүкілодақтық мәжіліс(совещание) өткізілді. Кеңес балалар әдебиеті сыны дамуындағы жаңа кезең 50-жылдардың ортасынан басталды. 1953 жылдан бастап Балалар кітабы Үйі кеңес балалар жазушылары жайында сын-библиографиялық очерктер сериясын шығара бастады. 1966 жылы «Балалар әдебиеті» журналы өз жұмысын қайта жандандырды. 1941 жылы маусым айында «Балалар әдебиеті» журналының соңғы саны шықты.Қолдарына қару алып майданға аттанған қаламгерлер А.Гайдар, Л.Кассиль, С.Михалков, Л.Пантелеев, В.Катаев т.б. болды. 1941 жылдың күзінде А.Гайдар қаза тапты.Отан соғысын балаларға арналған кітаптарда бейнелеу принциптері А.Толстойдың, А.Фадеевтің, Н.Тихоновтың, И.Эренбургтің әдебиет жөніндегі мақалалары мен баяндамаларында, С.Маршактың, К.Чуковскийдің, В.Смирнованың балалар әдебиеті туралы сын мақалаларында ұсынылды. Аталмыш принциптер біртіндеп әдебиет практикасында орнықты.

Балалар әдебиеті дамуы мәселелеріне баспасөз үлкен мән берді. Соғыс кезіндегі баспасөз балалар әдебиетінің тәрбиелік мәніне баса назар аударыды. Партия Басқармасының Х пленумына 1945 жылдың мамырында «Балалар әдебиеті соғыс жылдарында» деген тақырыпта А.Кононов баяндама жасады.


Балалар әдебиеттінің негізгі мәселелері жайындағы мақалалар мен ой толғаулар «Правда», «Комсомольская правда», «Учительская газета», «Литература и искусство» газеттерінде және «Новый мир», «Знамя», «Звезда», «Октябрь» журналдарында жарық көрді. Бұл жарияланымдарда балалар шығармаларындағы өмірлік шындық пен көркемдік шындық нақты мәселе ретінде қойылды.

Балалар әдебиетінің соғыс кезіндегі халықтың шынайы өміріне бет бұруы, жас оқырманның халық тәжірибесіне иек сүйеуі оны үлкендер әдебиетімен жақындастырды. Үлкендерге арналып жазылған, соғыс туралы ең жақсы кітаптардың көпшілігі(толықтай немесе үзінділері) балаларға арналып басылды.

Балалар үшін ең жақсы классикалық туындылар мен кеңестік дәуірдегі кітаптар, бірінші кезекте кеңестік Ресейдің өткені жөніндегі кітаптар бірнеше мәрте басылып шықты. Соғыс кезінде орыс аңыздары, Пушкиннің «Полтавасы», Лермонтовтың «Бородиносы», Гогольдің «Тарас Бульбасы», Л.Толстойдың «Севастополь әңгімелері», Фурмановтың «Чапаевы», Серафимовичтің «Железный поток», Н.Островскийдің «Құрыш қалай шынықты?» және т.б. кітаптар жарық көрді.

Қиын-қыстау кезеңдегі халықтың күрделі қат-қабат өмірі әдебиеттің барлық жанрлық түрлерінде көрініс тапты: лирикалық өлеңдермен, публицистикалық мақала, очерк, қысқа әңгімелермен қатар, соғыстың басында поэма, баллада, повесть, ал кейіннен тіпті романдар пайда бола бастады. Бір жанр элементінің екіншісінен көрінуі, әр қилы әдеби жанрлардың өзара кірігуі байқалды. Лирика публицистік сипатта көрінсе, эпос лирикалық қасиетпен ерекшеленді.

Соғыс кезіндегі туындылардың арасынан тарихи жанрдағы кітаптар, «жеңгендігіміз туралы ғана емес, біз кімбіз және біз неліктен жеңуіміз керек» дегенді түсіндіретін кітаптар басты орынға ие болды.

Балаларға арналған драматургия, фантастика, ғылыми-көпшілік әдебиет, жасы кіші балаларға арналған түрлі кітапшалар - осының бәрімен де балаларды балалар баспасы қамтамасыз етіп отырды.

Балалар мерзімді баспасөзі ел өміріндегі маңзды оқиғаларға ұйымшылдықпен үн қосып отырды, мектеп, пионер өмірі жайында хабарлаумен болды. «Пионер», «Дружные ребята», «Мурзилка» журналдары шығып тұрды. Біраз үзіліспен Ленинградтық «Костер» журналы шықты. Свердловскіде 1942 жылдан балаларға арналған «Боевые ребята» альманағы шыға бастады.


Соғыс кезіндегі балалар әдебиеті жас ұрпақты ерлік істерге баулу, тәрбиелеу жолында көп шаруа атқарды. А.Гайдардың, С.Маршактың, А.Бартоның, М.Пришвиннің, В.Катаевтың, Л.Кассильдің, В.Кавериннің және тағы басқа көптеген ақын-жазушылардың шығармалары балалар әдебиеті тарихына теңдессіз ерлік куәгерлері ретінде енді.

Соғыстан кейінгі жылдары балалар әдебиеті саласында ғылыми-зерттеу жұмысы кең қанат жайды. Балалар әдебиеті баспасы жанынан Балалар кітабы Үйі ашылды. Бұл лаборатория әдістемелік және библиографиялық құралдар шығаруды жүзеге асырды. 1952 жылдың сәуір айында балалар әдебиеті бойынша Бүкілодақтық мәжіліс(совещание) өткізілді. Кеңес балалар әдебиеті сыны дамуындағы жаңа кезең 50-жылдардың ортасынан басталды. 1953 жылдан бастап Балалар кітабы Үйі кеңес балалар жазушылары жайында сын-библиографиялық очерктер сериясын шығара бастады. 1966 жылы «Балалар әдебиеті» журналы өз жұмысын қайта жандандырды.

2.Орыс әдебиеттанушылары балалар әдебиеті ерекшеліктері жайында. Ересектер әдебиеті мен балалар әдебиетінің жалпы міндеттері мен принциптері, көркемдік әдістері мен тарихи тағдыры бірдей. Бірақ балалар әдебиеті әдебиеттің жеке бір саласы болып есептеледі, оған ерекше қасиеттер тән. Балалар әдебиетінің ерекшелігі жайындағы мәселе талай рет талас өзегіне айналды. Көбінесе бір-біріне кереғар пікірлер легі толастамады. Кейбір сыншылар балалар әдебиетінің басты ерекшелігі – оның тематикасында, басқалары – оның ұғынықтылығында, үшіншілері – оның балаларға лайықталған ерекше тілінде деп түсінді.

1971-1973 жылдары «Детская литература» журналы беттерінде балалар кітаптарының өзіндік ерекшеліктері жайында жазылған мақалалар жарық көре бастады. Мақала авторларының паймдауынша, жазушының ерекше таланты, яғни дүниені бала көзімен көре білетін тума қабілеті, оның алдын-ала ойластырылған педагогтік және көркемдік ішкі есебі болуы керек. Ол өз идеяларын белгілі бір жас мөлшеріндегі бала оқырманға жеткізе білуге ұмтылуы қажет.

Балалар әдебиетінің ерекшелігін бала оқырманның жас өзгешелігін есепке алу да айқындайды.«Әйтпегенде, - дейді М.Горький. – жазушы қаламынан балаға да, ересек адамға да қажетсіз, адрессіз кітап тууы мүмкін». Балалар әдебиеті баспасы жұмысының күрделілігін С.Маршак оның үш тілде кітап шығаруымен байланыстырады, өйткені бес жастағы бала бір тілде, он жастағы бала екінші тілде, ал он бес жастағы бала үшінші тілде сөйлейді. «Жастан-жасқа толуымен өзгеретін бала табиғаты дәуірден дәуір, ұрпақтан ұрпақ ауысқан сайын да өзгеріске түседі. Адамзат та есейеді. Кезінде үлкендердің өздері үшін шығарылған көне мифтер қазіргі уақытта балаға арналған ертегіге айналған» - дейді И.Мотяшов.

Балалар жазушысы болу үшін оған білім қажет. Жазушы білімді қайдан алады? Өз балалық шағынан алады. Балалармен арадағы қарым-қатынастан, оларды бақылау нәтижесінен тірнектеп жинайды. Балалар кітаптарының тематикасына шектеу қоюға болмайды, онда адамның бүкіл қоғамдық және жеке өмірі қамтылады. А.Макаренконың айтуы бойынша, бұл жерде «не туралы?» деген сұрақ блмауы тиіс, «қалай?» деген сұрақ қойылуы керек. Балалар әдебиетінің тағы бір қасиеті – юмор. Онсыз ол балалар әдебиеті болмақ емес. Бұның өз балалар табиғатымен белгіленеді.

Балада К.Чуковскийдің айтуы бойынша, «күлуге деген үлкен қажеттілік»(есть великая потребность смеяться) бар. Осы қажеттілікті өтеу үшін жарамды материал ұсынылуы қажет. Көркем шығарма балаларды көңілдендіру үшін ғана күлдірмейді, олардың бойында юмор сезімін тәрбиелеу үшін күлдіреді. Өйткені юмор сезімі бала өскенде оның кез келген қолайсыз ортаға қарсы қорғаныс қабілетін арттырады және ұсақ-түйек қажетсіз кикілжіңдерден жоғары тұруға үйретеді. Ашықжарқындылық балалық шаққа тән болатыны сияқты юмор балалар әдебиетіне тән.

Балалар әдебиеті – балалар өмірінің энциклопедиясы. Бала кітап арқылы өзін, өз өмірін танып біледі. Балалар өмірінің энциклопедиясы халық өмірінің энциклопедиясын да танытады, өйткені бала тағдыры халық тағдырынан ажырағысыз. Бұның өзі балалар әдебиетінің халық әдебиетімен органикалық бірлікте екендігін байқатады.


3. Орыс балалар әдебиеті шығармалары. Орыс ғалымы Ф.И.Сетин орыс балалар әдебиеті даму кезеңдерін төмендегіше бөледі: 1.Балаларға арналған ежелгі орыс әдебиеті(ІХ-ХҮІІғғ.) 2. ХҮІІІ ғасырдағы орыс балалар әдебиеті.3. ХІХ ғ. Орыс балалар әдебиеті. 4. ХХ ғасыр орыс балалар әдебиеті. Ал басқа зерттеушілердің(Н.В.Чехов, А.В.Бабушкина) пікірінше, орыс балалар әдебиеті ХҮІІІ ғасырда қалыптаса бастады. ХҮІІІ ғасырда орыс балалар әдебиеті үлкендер әдебиетінің бір саласы есебінде бой түзей бастады. Алғашқы онжылдықта алфавитке реформа жасалды, кириллица графикасы жеңілдетілді. І Петр тұсында оқулықтар көптеп шыға бастады. Бұл кезеңде үлкендер мен балалар әдебиеті арасындағы айрым-белгі анық байқала қоймады.

ХҮІІІ ғасыр әдебиеті классицизм және сентиментализм бағыттары арнасында дамыды. Кезең тынысына қарай ағартушылық әдебиеттер – ғылыми-көпшілік, энциклопедиялық әдебиеттер пайда бола бастады. Чех педагогы Я.А.Коменскийдің «Сурет әлемі» кітабы Ресейдегі балалар энциклопедиялық басылымдарының жарық көруіне жол салды. Д.Дефоның «Робинзон Крузо» романының ықпалы болды. Немістің уағыздық әдебиетінің әсері де біліне бастады. Н.М.Карамзиннің(орыс сентиментализмінің негізін салушы), В.А.Жуковсийдің, А.С.Пушкиннің, П.П.Ершовтың ертегілері пайда болды. А.Погорельскийдің «Қара тауық және жер асты тұрғындары», В.Ф.Одоевскийдің «Табакеркадағы қалашық» шығармалары ертегілік шығармалар қатарынан саналды.

ХІХ ғасырдың екініш жартысы – орыс балалар әдебиетінің гүлденген кезеңі. Л.Толстой, Н.Некрасов, К.Д.Ушинский, С.Аксаков, Н.Гарин-Михайловский балаларға арнап жаза бастайды. Кезең соңында баланың қоғамдағы, отбасындағы орны мен жағдайына назар аударыла бастады. 80-90 жылдары авторлар түрлі тақырыптарға(теңіз, зауыт жұмысшыларының өмірі) құлаш сермеді. ХІХ ғасыр соңында, ХХ ғасыр басында А.Н.Куприн, А.Н.Толстой, И.А.Бунин, А.П.Чехов, А.М.Горький, К.М.Станюкович, Д.Н.Мамин-Сибиряк балаларға өз шығармаларын ұсынды.

ХХ ғ. 20-30 жылдардағы балалар әдебиетіне К.Г.Паустовский, М.М.Пришвин, В.П.Катаев, Б.С.Житков, К.Чуковский, С.Я.Маршак, А.Гайдар, А.Платонов өз шығармаларымен үлес қосты. К.Чуковскийдің түгелге жуық ертегілері(«Мойдодыр», «Тараканище», «Муха-Цокотуха», «Бармалей», «Айболит» т.б.)20-30 жылдары жазылды. Бала бойына адамгершілік дәнін егу ақынның басты мұраты болды. С.Маршак фольклордың шағын формалары мақал-мәтел, частушкаларды қайта жаңғыртады. Бұл кезең орыс балалар әдебиеті лирикалық өлеңдермен толыға түседі. 40-50 жылдардағы орыс балалар әдебиетінің өкілдері С.В.Михалков, Л.А.Кассиль, А.Л.Барто, Н.Н.Носов болды. 60-80 жылдардағы орыс балалар әдебиетінің өкілдері есебінде В.В.Медведев, С.А.Баруздин, В.Ю.Драгунский, В.К.Железниковты айтуға болады. В.В.Медведевтің «Баранкин, будь человеком» шығармасы Г.Х.Андерсен атындағы халықаралық конкурс дипломын алды.


Шығармасын балаларға арнаған драматургтердің ескеретін тағы бір міндеті — балалардың жастық ерекшеліктеріне байланысты өзіне тән өзгеше қасиеттерін жете меңгеріп, дұрыс түсіну қажеттігі. Орыс дра-матургиясында С. Михалковтың «Үйге қайтқым келеді», Л. Гераскинаның «Кәмелеттік аттестат», В. Розовтың «Оның достары» сияқты тартымды жазылған бірнеше шығармалардың аттарын атауға болады.

Орыс және қазақ мәдениетінің өзара байланысы ерте замандардан басталған еді. В.Бартольд, В.В.Радлов, А.Н.Веселовский, И.Березин, А.Алекторов, Н.Потанин, Ф.Достоевский, В.И.Даль, А.В.Васильев, П.М.Мелиоранский, В.Катаринский, Н.Пантусов, Мамин-Сибиряк т.б. жазушылар мен шығысты зерттеушілер орыс пен қазақ арасындағы өзара әдеби және мәдени байланыстар мен қатынастарды күшейтуге мейлінше мол еңбек сіңірді.

Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Көбеев аударған Крылов мысалдарынан бастап, 1889 жылы А.Пушкиннің “Балықшы мен балық хақында”, “Салтан патша туралы ертегісі” Орта Азия халықтары ішінде ең бірінші болып қазақ тіліне аударылған еді. Сол кездің өзінде-ақ бұл қазақ балалар жазба әдебиетінің ірге тасын қаласқан теңдесі жоқ мол мұра боп қала берді. М.Әуезовтің сөзімен айтқанда мұның өзі “Ол(Пушкин) мәдениет қазынасынан жаңа бір заманды бастап келіп кірді… Оның ықпалымен жаңа бір орта қалыптасты және бұл ықпал әрдайым тарихи перспективалы болды, белгілі бір әдебиеттің бұжан былайғы бүкіл даму жолы үшін құтқарушы ықпал болды” – дейді. Д.Дефоның “Робинзон Крузо”, Ч.Диккенс пен М.Твеннің повестері, Ж.Верннің романдары, Сетон Томпсонның әңгімелері қазақ тіліне аударылып, балалар әдебиетінің қорын молайта бастады.

1936 жылдан 1957 жылға дейін К.Чуковскийдің “Доктор Айболиті”, Н.Некрасовтың “Генерал Топтыгині”, С.Маршактың “Бұл не деген жаңғалағы”, А.Бартоның “Ормандағы жұлдыздары”, В.В.Маяковскийдің “Жақсы деген немене, жаман деген немене?”, “Кім болам?”, Гайдардың “Тимур және оның командасы” кітаптары қазақ тіліне аударылып басылды.

Қазақ кеңес балалар әдебиеті өзбек, қырғыз, татар, башқұрт, азербайжан, түрікпен, тәжік, қарақалпақ, дағыстан және т.б. халықтар әдебиеті шығармаларының қазақ тіліне аударылуымен да толығы түсті. Қазақ балалары өзге халықтар әдебиеттерін оқып, олардың өмірімен танысуға мүмкіндік алды. Тәжік жазушысы Садриддин Айнидің “Мектеп” атты өмірбаянық повесі, М.Миршакардың “Алтын қыстақ” атты поэмасы, өзбек ақыны Қуддус Мухаммадидің “Мектеп балалары және көктем”, Эрназар Рузиматовтың “Достық” өлеңдер жинағы, 1960 жылы “Жазушы” баспасынан өзбек жазушыларының балаларға арналған “Сахара самалы” атты әңгімелер жинағы басылып шықты.


1973 жылы түрікпен ақыны Каюм Тангрукулиевтің балаларға арналған өлеңдер жинағы шықты. Қырғыз жазушысы Ш.Айтматовтың “Менің алғашқы мұғалімім”, “Ақ кеме” повестері, “Солдат ұлы” әңгімесі қазақ тіліне аударылып, үлкендермен қатар балалардың да сүйіп оқитын шығармаларына айналды. Қазақ балалары басқа халықтар әдебиетін оқу арқылы олардың тарихымен, әдет-ғұрып салтымен, мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды.

&&&

$$$002-013-100$ Бекіту сұрақтары:

1.Орыс балалар әдебиетінің дамуы

2.Орыс әдебиеттанушылары балалар әдебиеті ерекшеліктері жайында.

3.Орыс балалар әдебиеті шығармалары

Негізгі әдебиеттер

  1. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. А., 1976.

  2. Советская детская литература. М. Просвещение. 1978. Под ред.

В.Д.Разовой.

  1. Дет. литература. М. Просвещение. 1989. Под ред. Е.Е.Зубаревой.


Қосымша әдебиеттер

  1. Зарубежная детская литература. М. Просвещение. 1974. Под ред.

И.С.Чернявской.

  1. Русская литература для детей. М. Изд. центр. Академия. 1998. Под

ред. Т.Д.Полозовой.


&&&

$$$003-000-000$3.3 Тәжірибелік сабақтарының қысқаша сипаттамасы

&&&

$$$003-001-000$3.3.1 № 1 тәжірибелік сабақ:

&&&

$$$003-001-001$3.3.1.1 1. Балалар ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің алтын қоры

&&&

$$$003-001-002$3.3.1.2 2.Балалар фольклоры үлгілері.

&&&

$$$003-001-002$3.3.1.3 3. Бесік жыры мен тұсау кесу жырының көркемдік-эстетикалық табиғаты.

&&&

$$$003-001-002$3.3.1.4 4. Төрт түлік мал туралы өлеңдердегі халық даналығы.


&&&

$$$003-001-002$3.3.1.5 5. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер – тіл дамыту құралы

&&&

$$$003-002-001$3.3.2.1 2- семинар Жұмбақ,мақал-мәтелдер.Ертегілер.

&&&

$$$003-002-002$3.3.2.2 1.ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиетінің қалыптасуы..

&&&

$$$003-002-002$3.3.2.3 2. Махамбет жырларының халықтық негізі.

&&&

$$$003-003-000$3.3.3 3- семинар. Ы.Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы.

&&&

$$$003-003-001$3.3.3.1 Педагог- жазушы шығармаларының жанрлық ерекшеліктері,халықтық, ұлттық сипаты..

&&&

$$$003-003-001$3.3.3.2 Шығармаларының тәрбиелік мәні.

&&&

$$$003-004-000$3.3.4 4- семинар Қазақ балалар әдебиеті тарихында Абай Құнанбайұлының орны.

&&&

$$$003-004-001$3.3.4.1 Абайдың балаларға лайықты өлеңдері.

&&&

$$$003-004-001$3.3.4.2 Қарасөздерінде халық ағарту мәселелерін көтеруі. Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары.

&&&

$$$003-005-000$3.3.5 5- семинар ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар әдебиеті.

&&&

$$$003-005-001$3.3.5.1 Көрнекті балалар ақын-жазушылары.

&&&

$$$003-005-002$3.3.5.2С.Көбеевтің ұстаздық қызметі,әдеби мұрасы.Жинақтарының оқулық ретінде пайдаланылуы.

&&&

$$$003-005-002$3.3.5.3 С.Торайғыровтың шығармаларының жасөспірімдер тәрбиесінде алатын орны.


&&&

$$$003-005-002$3.3.5.4С.Дөнетаев шығармаларының жанрлық ерекшеліктері.Мысалдары..

&&&

$$$003-006-000$3.3.6 6- семинар Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

&&&

$$$003-006-001$3.3.6.1 Қоғамдық-тарихи жағдай. Көрнекті балалар ақын-жазушылары.

&&&

$$$003-006-001$3.3.6.1 Балаларға арналған туындылардың идеялық-тақырыптық негізі.

&&&

$$$003-007-000$3.3.7 7- семинар

&&&

$$$003-007-001$3.3.7.1 1.С.Сейфуллин балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі.

&&&

$$$003-007-001$3.3.7.2 2..Б.Майлиннің ұстаздық қызметі.

&&&

$$$003-007-001$3.3.7.3 3.І.Жансүгіровтің балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі

&&&

$$$003-008-000$3.3.8 8-семинар.Ж.Аймауытовтың ағартушылық, педагогикалық бағыттағы ғылыми еңбектерінің мәні.

&&&

$$$003-008-001$3.3.8.1 Психология, әдістеме, эстетика саласынан жазған ғылыми еңбектерінің танымдық негізі.

&&&

$$$003-008-002$3.3.8.2 Балалар әдебиетіне қосқан үлесі.

&&&

$$$003-009-000$3.3.9 9- семинар М.Әуезов және балалар әдебиеті.

&&&

$$$003-009-001$3.3.9.1 Өмірі мен жазушылық қызметі.

&&&

$$$003-009-001$3.3.9.2 “Жетім” әңгімесі мен “Көксерек” повестерінің көркемдік-эстетикалық табиғаты.

&&&

$$$003-010-000$3.3.10 10- семинар Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті.


&&&

$$$003-010-001$3.3.10.1 Кеңес халықтарының ерлік істерінің балалар әдебиетіндегі көрінісі.

&&&

$$$003-010-002$3.3.10.2Жамбыл поэзиясындағы патриоттық жалын.Қ.Қайсеновтің партизандар өмірінен алынған повестеріндегі балалар бейнесі,өршіл рух.

&&&

$$$003-011-000$3.3.11 11- семинарҒ.Мүсіреповтің “Қазақ солдаты” романының тарихи-көркемдік ерек шеліктері.

&&&

$$$003-011-001$3.3.11.1 Ғ.Мүсіреповтің новеллаларындағы бала тағдыры үшін күрескен ана бейнесі.

&&&

$$$003-011-001$3.3.11.2 “Қазақ солдаты” романының балалар әдебиеті тарихында алатын орны.

&&&

$$$003-011-001$3.3.11.3 Бала психологиясы мен эстетикалық мұратын, ой-арманын бейнелеудегі жазушы шеберлігі.

&&&

$$$003-012-000$3.3.12 12- семинар Балалар әдебиетінің соғыстан кейінгі жылдарда дамуы.

&&&

$$$003-012-001$3.3.12.1 1.Ө.Тұрманжанов шығармашылығы.Аудармалары.

&&&

$$$003-013-000$3.3.13 13- семинар 1. Қазіргі балалар поэзиясы Қ.Мырза Әли шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі.

&&&

$$$003-013-001$3.3.13.1 Балаларға арналған өлеңдерінің тақырып молдығы, мазмұн байлығы.

&&&

$$$003-013-001$3.3.13.2 М.Мақатаев өлеңдерінің баланың танымдық қабілетіне әсері.

&&&

$$$003-014-000$3.3.14 14- семинар Қазіргі балалар прозасы.

&&&

$$$003-014-001$3.3.14.1 Өмір шындығын көркемдік тұрғыдан игеру ауқымының кеңдігі, образдар табиғатының күрделілігі, адамгершілік-моральдық мәселелердің өткірлігі


&&&

$$$003-014-001$3.3.14.2 тақырып аясының әралуандығы.


&&&

$$$003-015-000$3.3.15 15- семинар Қазіргі балалар драматургиясы.

&&&

$$$003-015-001$3.3.15.1 Балалар драматургиясындағы ұлттық рең, дәстүр мен жаңашылдық, стиль ерекшелігі.


    1. Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмысы шеңберіндегі тапсырмалар.



Тақырыптар

Жұмыс түрі

Тапсыру мерзімі

Балл

  1. 1

Халық ауыз әдебиеті – балалар әдебиетінің бастауы.Жаңылтпаш, өтірік өлеңдер және даналық сөздер – тіл дамыту

Ауызша баяндау.

жаттау

І апта

4

  1. 2

ХІХ ғасырдағы қазақ балалар әдебиеті.

Махамбет Өтемісұлы жырларының халықтық негізі.Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы»,өлеңдері Абайдың тәрбие мәселесіне байланысты педагогикалық көзқарастары. Оқу, білім,өнерге арналған өлеңдері

Жаттау,талдау

ІІ апта

5

  1. 3

І.Жансүгіров,С.Сейфуллин, Т.Жомартбаевтардың балалар фольклоры үлгілерін жинап, оқытуда жүйелі пайдаланулары.


Жаттау,

конспект

ІІІ апта

4

  1. 4

Қазақ кеңес балалар әдебиеті.

С.Сейфуллиннің “Бандыны қуған Хамит” әңгімесінің идеясы, тәрбиелік мәні

талдау

ІҮ апта

5

  1. 5

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы балалар әдебиеті.


Жаттау

Ү апта

4

  1. 6

», Ө.Тұрманжанов поэзиясындағы еңбекке баулу идеясы.

талдау

ҮІ апта

5

  1. 7

С.Бегалин өмірі мен шығармашылығы.Повестері,әңгімелері.

Ауызша баяндау,

жаттау

ҮІІ апта

5

  1. 13

М.Әлімбаев,Ә.Дүйсенбиев,Ж.Смақов шығармалары

Әдеби талдау

ҮІІІ апта

4

  1. 14

Б.Соқпақбаев «Балалық шаққа саяхат», «Менің атым-Қожа» повестері

Талдау,

ІХ апта

4

  1. 15


С.Сарғасқаевтың өмірі мен шығармашылығы.

Конспект

Х апта

4

  1. 8

. Қазіргі балалар поэзиясы Қ.Мырза Әли шығармаларының идеялық-тақырыптық негізі

жаттау

ХІ апта

5

  1. 10

М.Мақатаев шығармаларының бала тәрбиесіндегі маңызы

жаттау

ХІІ апта

5



Қазіргі балалар драматургиясы.

Балалар драматургиясындағы ұлттық рең, дәстүр мен жаңашылдық, стиль ерешелігі.


Картотека,талдау

ХІІІ апта

5



Е.Елубаев драмалық туындыларындағы тартыс

Әдеби талдау

ХІҮапта

5

15

Қазіргі балалар әдебиеті . Ізденіс арналары

конспект

ХҮапта

4



<< предыдущая страница   следующая страница >>