https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 14 15 16 17 18


Бағалау критерийлері

Бағалау түрі

балл за работу

Орындалған жұмыс көлемі

Дәрістегі белсенділік

100

15

Семинардағы (практикалық жұмыстағы белсенділік)

100

15

Зертханалық жұмыста белсенділік


100

15

СОӨЖ-дағы белсенділік

100

15

СӨЖ орындауы

100

15

Жеке тапсырмалар

100

6

Рубеждік бақылау

100

2

Аралық аттестация (Р1, Р2)

100

N

Ағымдық бақылау

100

2

Емтиханға жіберілетін рейтинг

100

Барлық бағалардың орта арифметикалық сомасы


Қорытынды бақылау (емтихан)

(Р1+Р2)/2




Қорытынды

Ағымдық бақылау * 0,6




Жеке тапсырмалар

100*0,4




Рубеждік бақылау

Емтиханға жіберілетін рейтинг + қорытынды нәтиже






Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.

Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Бағалау

Бағаның әріптік баламасы

Бағаның сандық баламасы

Бағаның проценттік баламасы

Бағалаудың дәстүрлі жүйесі

A

4,0

95-100

өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

жақсы

B


3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлықсыз

Тапсырма №1. Қазақстан тарихы бойынша бақылау жұмысы.

Студенттердің білімін тақырыптар бойынша тексеру.

1-7 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:

  1. Тас дәуiрiнiң даму кезеңдерiн ата.

  2. Алғашқы қауымдық құрылыстағы меншiк сипаты қандай?

  3. Қола дәуiрiнiң ерекшелiктерiмен даму кезеңдерi.

  4. Биғазы-Дәндiбай мәдениетiнiң Андронов мәдениетiнен ерекшелiгi қандай?

  5. Қол дәуiрiндегi қоғамдық қатынаста қандай рулық қатынас орнады?

  6. Ежелгi грек авторлары сақтар жөнiнде қандай мәлiмет бередi?

  7. Сақтар мен сарматттардың әлеуметтiк құрлымымен тұрмысы.

  8. Батыс Қазақстанның сармат саврамат мәдениетi.
  9. Ғұндар туралы деректер, ғұндардың қоғамы.


  10. Ғұндар шаруашылығының жүйесiн қалай сипаттауға болады.

  11. Үйсiндердiң археологиялық ескерткiштерiн ата.

  12. Қаңлылардың археологиялық ескерткiштерiнiң табылу орындары.

  13. Түрiк этнонимi туралы түсiнiк.

  14. Батыс Түрiк қағанатының құрылуының алғы шарттары.

  15. Түркештердiң саяси тарихы.

  16. Қарлұқтар туралы жазба деректер және олардың шығу тегi.

  17. Оғыздардағы басты шаруашылықтың түрi қандай?

  18. Қазақстан жерiндегi көшпелi қоғамдардың саяси құрылымдарынан қарахандықтардың мемлекеттiк ұйымының басты айырмашылығы неде?

  19. Наймандардың, керейiттердiң, жалайырлардың ертеректегi мемлекеттерi Қазақстанға шектесiп жатқан Манғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихына қандай тiкелей қатынасы бар?

  20. Дештi Қыпшақ атауы қалай пайда болды және Қыпшақ мемлекетi қандай территориялық аумақты алып жатты.

  21. Ұлы Жiбек жолының қазақстандық бағыттарымен тармақтарын ата.

  22. Манғолдардың шығу тегi және олардың жазба деректерден көрiне бастаған кезеңдерi.

  23. Шыңғыс хан мемлекетiнiң құрылуы: саяси-әкiмшiлiк құрылысы, шапқыншылық саясатының мәнi.

  24. Ұлыстардың құрылуы, территорияларын ата.

  25. Әбiлхайыр ханның мемлекеттiк әкiмшiлiк құрылысы.

  26. Қазақстан аумағындағы XIV-XV ғасырларда өмiр сүрген мемлекттердiң VI-XIII ғасырлардағы мемлекеттерден қандай даму ерекшелiктерi болды?

  27. Қазақ халқының құрылып, қалыптасуының тарихи алғы шарттары қандай?

  28. Қазақ жүздерiнiң қазақ халқының қалыптасуындағы орны.

  29. Қасым хан тұсындағы мемлекеттiң саяси өрлеуiн неден көруге болады?

  30. Тәуке хан тұсындағы Ресеймен және көршi халықтарымен өзара қарым-қатынас қалай жүрдi.

  31. 1726 жылғы Орда басы жиынының тарихи мән маңызы неде?
  32. Жоңғар мемлекетiнiң агрессиялық саясатының үдеуi қай уақыттан басталды?


  33. Қазақ халқының азапты босулармен айбынды жеңiстерi қай жылдары болды және бұл шайқастар қалай аталады?

8-15 апталардағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:

  1. Әбiлхайыр ханның тамаша қолбасшылық дарыны қандай шайқастарда көрiндi.

  2. Қазақ Ресей саяси байланыстарында Әбiлхайырдың жеке мүддесi болды ма?

  3. Абылай хан Қазақ елiнiң экономикалық дамуына қандай өзгерiстер енгiздi.

  4. Абылайдың саяси билiгi Үш жүзге түгелдей жүрдi ме?

  5. Қазақстанның тәуелсiздiк үшiн күрес жолындағы Абылай ханның тарихи орны.

  6. Қазақтардың Е.Пугачев көтерiлiсiне қатысуының басты себептерi неде?

  7. Көтерiлiске қатысты Нұралы ханның ұстанған саясаты оның хандық билiгiне және Ресеймен қатынасына қалай әсер еттi?

  8. Е.Пугачев соғысымен Сырым Датұлы көтерiлiсiнiң аралығындағы патша үкiметiнiң Кiшi жүздегi саясаты.

  9. Сырым батыры мен Нұралы хан қарым-қатынасы.

  10. Сырым батыр бастаған халық көтерiлiсiнiң қазақ тарихындағы орны.

  11. XIX ғасырдың I-жартысындағы шаруашылық саласындағы жаңа бағыттар.

  12. 1822 жылғы Жарғының өлке тарихындағы орны.

  13. Сiбiр қазақтарының жарғысындағы ақсүйектердiң, сұлтандардың жағдайы қалай анықталды?

  14. Бөкей хандығы тарихи құжаттарда нелiктен iшкi Орда деп аталды?

  15. Исатай батыр бастаған көтерiлшiлердiң әлеуметтiк құрамының ерекшелiктерi қандай?

  16. Махамбет Өтемiсұлының поэтикалық мұрасындағы көтерiлiс мәселесi.

  17. Тарихи тұлға Кене ханның күресi сол заманда жеңiспен аяқталуы мүмкiн бе едi.

  18. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық соғыстың жеңiлу себептерi мен маңызы неде?

  19. Есет Көтiбарұлы бастаған көтерiлiстiң XIX ғасырдағы Қазақстандағы басқа ұлт-азаттық қозғалыстардан жеке ерекшелiгi бар ма?
  20. Жанқожа Нұрмұхаметұлы басқарған көтерiлiстiң негiзгi себептерi қандай?


  21. Қазақстанда отарлық басқару жүйесiн бекiтудегi 1867-1868 жылдардағы әкiмшiлiк реформалардың маңызы.

  22. Реформаға байланысты Шоқан Уалихановтың қандай ұсыныстары болды?

  23. Патшалық Ресейдiң шаруаларды қазақ жерiне жаппай қоныс аудартудағы мақсаты не?

  24. XIX ғасырдың 60-жылдардың аяғы 70-жылдардың басында азаттық күресiнiң жетекшiлерi?

  25. 1905-1907 жылдардағы орыс ревалюциясының Қазақстанға әсерi.

  26. 1916 жылғы патша үкiметiне қарсы Қазақстанда неге тек қазақ халқы көтерiлдi?

  27. Алаш Орда үкiметiнiң мүшелерi, олардың алға қойған мақсаттары.

  28. 1917 жылғы жалпы қазақ съездерi, шақырылу себептерi, қаралған мәселелер және қабылданған шешiмдер.

  29. Қазақ АКСР-iнiң құрылуы.

  30. Қазақстанда индустрияландыру саясаты қалай жүрдi?

  31. 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың себебi неде?

  32. Қазақстанда тұңғыш ашылған жоғары оқу орындарын ата.

  33. Ұлы Отан соғысы кезiнде Қазақстанда құрылған дивизиялар.

  34. Қазақстандық неше жауынгер Ұлы Отан соғысының батыры атағын алды, оның iшiнде нешеуi қазақ?

  35. Тың және тыңайған жерлердi игеру, оның әлеуметтiк-экономикалық салдары.

  36. Экологиялық дағдарыс: “Невада – Семей”, “Арал”, “Нарын” қозғалыстары.

  37. “Жариялылық” саясаты: жетiстiктерi мен кемшiлiктерi.

  38. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының себебi?

  39. Мемлекеттiк егемендiк туралы Деклорация және Тәуелсiздiк туралы Конститутциялық заң.

  40. “Қазақстан – 2030” бағдарламасының мазмұны.


Тапсырма №2

Қазақстан Республикасы тарихы пәні бойынша тест сұрақтар жинағы

1. Ертедегі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті туралы негізгі мәліметтерді археологиялық материалдардың қандай түрі береді ?

A) Қыштан жасалған заттар


B) Қолдан жасалған заттар

C) Адамдар мен жануарлардың сүйектері

D) Тастан жасалған еңбек құралдары

E) Жануарлардың сүйегінен жасалған заттар

2. Андронов мәдениетін қалыптастырған тайпалар қай жерді мекендеді ?

A) Жетісуда

B) Батыс қазақстанда

C) Шығыс қазақстанда

D) Орал мен Енисей арасында

E) Орталық Қазақстанда

3. Қазақстан территориясында табылған алғашқы адам іздері қай дәуірге жатады ?

A) Неолит

B) Жоғарғы палеолит

C) Орта палеолит

D) Төменгі палеолит

E) Қола дәуірі

4. Қола дәуірінің мәдениетін ата:

A) Тасмола

B) Беғазы-Дәндібай

C) Нұра

D) Атасу

E) Кодекс Куманикус немесе қыпшақтың жазба кітабы

5. Бумеранг қай ғасырға жатады ?

A) Мезолит

B) Неолит

C) Жоғары палеолит

D) Төменгі палеолит

E) Темір ғасыры

6. Қазақстанда теңсіздіктің шығуы қай кезеңде болды ?

A) Палеолит

B) Мезолит

C) Неолит

D) Қола

E) Энеолит

7. Сақ тайпаларында мал шаруашылығының қандай түрі басым болды ?

A) Түйе шаруашылығы

B) Қой шаруашылығы

C) Жылқы шаруашылығы

D) Мүйізді ірі қара

E) Құйрықты қой өсіру

8. Үйсіндердің астанасы Чигучен қай жерде орналасқан?

A) Шу алқабы

B) Таласта

C) Ыстықкөлде

D) Іле алқабында

E) Қытай шекарасы маңында

9. Ғұн қоғамында қанша ру болды ?

A) 25

B) 24

C) 17

D) 19

E) 30

10. Қазақстанда алғаш пайда болған тайпалық одақтар қалай аталады ?

A) Ғұн

B) Үйсін

C) Қаңлы


D) Сақ

E) Түркі

11. Сақтардың билеушісі кім ?

A) Кир

B) Дарий

C) Тұман

D) Оғыз

E) Томирис

12. Алтын адам ескерткіші Қазақстанның қай жерінен табылды ?

A) Отырар

B) Ақтау

C) Қарқаралы

D) Аспара

E) Есік

13. Қаңлылардың территориясы қай жерде орналасқан:

A) Жетісу

B) Оңтүстік қазақстан

C) Шығыс Қазақстан

D) Маңғыстау

E) Орталық Қазақстан

14. Үйсіндердің жоғары билеушісінің титулы:

A) Хан

B) Патша

C) Шаньюй

D) Гуньмо

E) Шах

15. Қимақ қағанының орталығы қайда орналасқан?

A) Сырдария

B) Талас

C) Іле

D) Ертіс

E) Ыстықкөл

16. Қаңлылардың астанасы болған қала:

A) Ұйғу

B) Битянь

C) Суяб

D) Янгикент

E) Чигучен

17. Рулар қай дәуірде пайда болды ?

A) Ерте палеолит

B) Орталық палеолит

C) Соңғы палеолит

D) Неолит

E) Мезолит

18. Махмуд Қашғаридың еңбегі :

A) Жылнамалар жинағы

B) Орынбор тарихы

C) Сібірдің сызба кітабы

D) Диуани луғат ат түрк

E) Құдатғу білік

19. Кімдерді шошақ бөріктілер деп атаған ?

A) Тиграхауда сақтары

B) Хаумаварга сақтары

C) Массагеттер

D) Аландар

E) Савроматтар

20. Түркі тайпаларының бірінші ерте феодалдық мемлекеті қалай аталды ?

A) Түргеш қағанаты

B) Қарлұқ қағанаты

C) Қарахандар мемлекеті.

D) Батыс Түрік қағанаты

E) Түрік қағанаты

21. Қай тайпаның жылжуы ұлы қоныс аударуға бастама болды ?


A) Сақтар

B) Ғұндар

C) Андроновтар

D) Түріктер

E) Наймандар

22. Қазақ хандығы қай жерде құрылды ?

A) Дешті Қыпшақ, жетісу.

B) Самарқанд

C) Мәуереннахр

D) Жоңғария

E) Алтын Орда.

23. 552 жылы түрік қағанатының негізін қалаған қаған кім ?

A) Мұқан

B) Бумын

C) Жеғұй

D) Тон Жабғу

E) Үш Елік.

24. Қарлұқ тайпаларының көсемдері қандай лауазыммен аталады ?

A) Гуньмо

B) Шаньюй

C) Қаған

D) Жабғу

E) Елтебер

25.Ұлы Отан соғысы жылдары 316-атқыштар дивизиясы Қазақстанның қай қаласында жасақталды ?

A) Орал

B) Ақтөбе

C) Қостанай

D) Алматы

E) Өскемен

26. 9-10 ғасырларда Оғыз этникасы қай аймақта құрылды ?

A) Сырдария

B) Жетісу

C) Іле алқабы

D) Тянь-Шань сілемдері

E) Балқаш маңы.

27. Оғыздар қандай дін ұстанды ?

A) Ислам

B) Христиан

C) Будда

D) Католик

E) Пұтқа табыну

28. Қарахан әулетінің негізін салушы:

A) Сатұқ Боғрахан

B) Үш Елік

C) Мұқан

D) Сақал

E) Сұлу

29. Көктемде қазақтар маусымдық жайылымның қай түрін пайдаланған :

A) Жайлау

B) Күзеу

C) Қыстау

D) Көктеу

E) Көктемде жайылым болмаған.

30. Қорқыт кім ?

А) Шығыстағы белгілі ғалым

B) Жырау, сазгер

C) Мұсылман дінінің негізін қалаушы

D) Алтын Орданың ханы

E) Отырар қаласын қорғаушы

31. Моғолстан мемлекетіне қандай тайпалар кірді ?

A) Дулат, қаңлы, үйсін,

B) Найман, қыпшақ, арғын.


C) Өзбек, қазақ, қырғыз.

D) Татар, хорезмистілік,

E) Дұнған, ұйғыр.

32. 15 ғасыр аяғында құрылған Сібір хандығының ханы:

A) Жәдігер

B) Бекболат

C) Тұрсынмұхамед

D) Көшім

E) Ибақ хан.

33. Қожа Ахмед Яссауи мавзолейі қай жерде орналасты?

A) Отырар

B) Тараз

C) Мерке

D) Сауран

E) Түркістан.

34. Алтын Орда кімнің жеке иелігінде болды ?

A) Үгедей хан тұқымының

B) Төле хан

C) Шағатай

D) Жошы

E) Жоғарыдағының бәрі

35. Ақ Орда хандығының территориясы қай жерлер

A) Сырдария, Орталық Қазақстан

B) Еділ мен Жайық

C) Маңғыстау

D) Оңтүстік Шығыс Қазақстан

E) Хорезм

36. Куликова шайқасында Алтын Орда әскерін кім басқарды ?

A) Ноғай

B) Тоқтамыс

C) Едіге

D) Орыс

E) Мамай

37. Алтын Орданың астанасы қай қала ?

A) Темір қақпа

B) Отырар

C) Сығанақ

D) Сарай

E) Самарқанд

38. Шыңғыс хан енгізген заңдар :

A) Шариғат

B) Жеті Жарғы

C) Яссы

D) Қасқа жол

E) Ескі жол

39. Алтын Орданың негізгі тілі :

A) Шағатай тілі

B) Оғыз

C) Қыпшақ

D) Монғол

E) Парсы

40. Жүз деген атау қандай мағына береді ?

А) Жеке мемлекет

B) Жеке халық

C) Тарихи шаруашылық аймақ

D) Бір мемлекетте әртүрлі тілде сөйлейтін тайпалар территориясы

E)Бір мемлекетте әртүрлі шаруашылықпен айналысатын тайпалар территориясы

41. Кіші Жүздің рулары :

A) Найман, арғын

B) Қыпшақ, дулат

C) Үйсін, албан

D) Керей, жалайыр

E) Адай, қаракесек.

42. Ноғай Ордасының территориясы :

A) Дон мен Дунай

B) Еділ мен Дон

C) Қырымда

D) Еділ мен Жайық

E) Сырдария

43. Әбілқайыр хандығының астанасы :

A) Сығанақ

B) Отырар

C) Сауран

D) Ташкент

E) Тура

44. Жоңғар хандығы қай жылы құрылды ?

A) 1635

B) 1580

C) 1644

D) 1687

E) 1654

45. Жеті Жарғы қай ханның тұсында құрылды ?

A) Есім

B) Тәуке

C) Хақназар

D) Жәңгір

E) Шығай

46. 1643 жылы қазақ жоңғар ұрысында қазақ әскерін қай хан басқарды ?

A) Тәуке

B) Жәңгір

C) Тәуекел

D) Есім

E) Абылай

47. Жоңғариядағы жоғары билеушінің титулы :

A) Хан

B) Шах

C) Патша

D) Әмір

E) Қонтайшы

48. Керей мен Жәнібек хандар қай мемлекеттен бөлінді?

A) Ноғай

B) Сібір

C) Моғолстан

D) Әбілқайыр хандығы

E) Ақсақ Темір мемлекеті

49. Қазақ хандығының алғашқы іргетасы қайда қалыптасты ?

A) Сырдария бойы

B) Еділ мен Жайық

C) Шу мен Талас

D) Іле бойы

E) Ертіс

50. Қазақ халқының Жоңғар басқыншыларының Ақтабан Шұбырынды жылдарынан кейін берген соққысы қалай аталады ?

A) Аңырақай

B) Қалмақ Қырылған

C) Жауқашты

D) Алтын Емел

E) Іле бойындағы шайқас

51.Тәуке хан тұсында сот міндетін кім атқарды ?

A) Сұлтан

B) Батыр

C) Билер

D) Хан

E) Хан туыстары

52.17 ғасырда қазақ хандығына қауіп төндірген ел :


A) Сібір хандығы

B) Ноғай Ордасы

C) Хиуа хандығы

D) Жоңғар мемелекеті

E) Ақ Орда

53. Жоңғарларға қарсы күрес жүргізу үшін үш Жүз өкілдері қай жерде бас қосты ?

A) Ордабасы

B) Ұлытау

C) Түркістан

D) Қарқаралы

E) Атырау

54. Абылай хан хандық билікке қандай өзгеріс енгізді ?

A) Хандық кеңес

B) Хан билігін шектеді

C) Хан билігін шектеусіз етті.

D)Хан, билер кеңесінің шешімімен есептесетін болды

E) Хандық билікті жойды.

55. 17 ғасырда қазақ хандығының астанасы қай қала болды ?

A) Сығанақ

B) Сауран

C) Тараз

D) Сарай

E) Түркістан

56. Қазақ хандығының құрылуы қандай ортағасырлық жылнамада айтылған ?

A) Геродот жылнамасы

B) Қытай

C) Парсы

D) Тарихи Рашиди

E) Монғол жылнамасы

57. Кіші Жүз Ресей құрамына қашан енді ?

A) 1751

B) 1784

C) 1789

D) 1731

E) 1780

58. Орта Жүзде хандық билік қашан жойылды ?

A) 1814

B) 1825

C) 1816

D)1822

E) 1834

59.18 ғасырда Әбілқайыр кім болды ?

A) Батыр

B) Би

C) Сұлтан

D) Хан

E) Елші

60. Кіші Жүздегі хандық билік қашан жойылды ?

A) 1818

B) 1820

C) 1822

D) 1824

E) 1826

61. 1867-1868 жж. реформаға дейін қазақ даласы неше генерал-губернаторлыққа бөлінді ?

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

E) 1

62. Игельстром реформасының мәні :

A) Қазақстанды округтерге бөлу

B) Билер билігін жою

C) Кіші Жүздегі хандық билікті айырбастау жолы


D) Орта Жүздегі хандық билікті айырбастау жолы

E) Ұлы Жүздегі хандық билікті айырбастау жолы

63. Бөкей Ордасының территориясы :

A) Орталық Қазақстан

B) Жетісу

C) Маңғыстау

D) Еділ мен Жайық

E) Солтүстік Қазақстан

64. Қазақстан Ресейден қандай өнеркәсіп тауарларын алып отырды ?

A) Жібек- мата

B) Жеміс- жидек

C) Тері

D) Киіз -кілем

E) Қазан, самаурын, балта

65. Шоқан ғылымда қандай жаңалық ашты ?

A) Қазақтарды зерттеді

B) Манасты зерттеді

C) Орта Азияны

D) Қашғарды

E) Сібірді

66. 19 ғасырдың басында Қазақстан мен Қытай арасында ірі сауда орталығы болған қала :

A) Бұқтырма

B) Верный

C) Әулиеата

D) Ақмешіт

E) Семей

67. 1822 жылы Қазақстанда қай жерде алғаш жәрмеңке ашылды ?

A) Жетісуда

B) Аралда

C) Батыс Қазақстанда

D) Ертісте

E) Семейде

68. Кіші Жүздегі 18 ғасырдағы шаруалар көтерілісіне кім басшылық етті ?

A) Исатай

B) Кенесары

C) Амангелді

D) Сырым

E) Есет

69. Сырым Датұлы көтерілісі неше жылға созылды ?

A) 4

B) 8

C) 1

D) 10

E) 14

70. 1836-1838 жылдардағы Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс кай жерде болды ?

A) Ұлы Жүз

B) Шығыс Қазақстанда

C) Оңтүстік Қазақстан

D) Солтүстік Қазақстан

E) Бөкейде

71. Кенесары көтерілісі Қазақстанның қай бөлігін қамтыды ?

A) Орта Жүз

B) Кіші Жүз

C) Ұлы Жүз

D) Кіші Жүз бен Ұлы Жүз

E) Барлық Қазақстан

72. 1867-1868 жж. реформаның отаршыл сипатына қарсы Қазақстанның қай бөлігінде көтеріліс толқулары болды ?


A) Сырдария, Семей

B) Жетісуда

C) Ақмола

D) Сыр бойы мен Ақмолада

E) Орал мен Торғайда

73. Столыпиннің аграрлық саясаты нәтижесінде қазақ халқы неше млн. десятина жерден айырылды ?

A) 5 млн

B) 10 млн

C) 14 млн

D) 17 млн

E) 20 млн

74. Жәңгір ханның ұсынысы бойынша Бөкей Ордасында алғашқы діни емес мектеп қашан ашылды ?

A) 1830

B) 1854

C) 1841

D) 1856

E) 1874

75. 19 ғасырдың соңы-20 ғасырдың басында Қазақстан өндірісінің қай саласына шетел акционерлік қоғамдары назар аударды ?

A) Тау кен өндірісі

B) Өңдеу өндірісі

C) Мұнай

D) Ет консервілеу

E) Диірмен өндірісі.

76. Әлихан Бөкейханов қай облыста уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды ?

A) Торғай

B) Орал

C) Петропавел

D) Семей

E) Ақтөбе

77. Қазақстанда кеңес билігін орнату неше айға созылды?

A) 2

B) 5

C) 3

D) 4

E) 6

78. Қазақ тілінде алғаш оқулық жазған кім ?

A) Байтұрсынов

B) Аймауытов

C) Жұмабаев

D) Алтынсарин

E) Құнанбаев

79. 20 ғасыр басында Қазақстанда өнеркәсіптің қай түрі жақсы дамыды ?

A) Машина жасау

B) Жеңіл өнеркәсіп

C) Кен өндірісі

D) Химия өнеркәсібі

E) Түсті металлургия

80. Қазақстанның қай облысында 1916 жылғы көтеріліс ұзаққа созылды ?

A) Торғай

B) Орал

C) Семей

D) Сырдария

E) Ақмола

81. 20 ғасырда “Қазақ”апталық газетінің редакторы кім?

A) Дулатов

B) Шоқай

C) Байтұрсынов

D) Тынышбаев


E) Қаратаев

82. Тұңғыш қазақ мұғалімдік мектебі қай жылы қай жерде ашылды ?

A) 1881, Орынбор

B) 1883, Орал

C) 1885,Семей

D) 1872, Омбы

E) 1882, Әулиеата.

83. 20 ғасыр басында Қазақстанда іске қосылған құрылыстың бірі ?

A) Орынбор -Ташкент темір жолы.

B) Успен кеніші

C) Спасск Мыс қорыту зауыты

D) Риддер полиметалл комбинаты

E) Қарағанды көмір шахтасы.

84. Түркістан автономиясының алғашқы президенті :

A) Шоқай

B) Бөкейханов

C) Байтұрсынов

D) Тынышбаев

E) Әшкеев

85. Алаш партиясының бағдарламасы қай газетте жарық көрді ?

A) Қазақ

B) Айқап

C) Ақжол

D) Еңбекші Қазақ

E) Правда

86. 19 ғасырдың 2- жартысында қазақтың қай музыкант қуғынға ұшырады ?

A) Асан қайғы

B) Дина Нурпейсова

C) Е.Хасанғалиев

D) Сүйінбай

E) Құрманғазы

87. Азамат соғысы жылдары Қазақстандағы Қызыл Армия бөлімдеріне кім басшылық етті ?

A) Панфилов

B) Жуков

C) Фрунзе

D) Момышұлы

E) Иманов

88. Қазақ Республикасының алғашқы астанасы :

A) Ташкент

B) Қызылорда

C) Орынбор

D) Орал

E) Омбы

89. Қазақстанда азамат соғыс қашан аяқталды ?

A) 1916

B) 1917

C) 1918

D) 1919

E) 1920

90. Алашорда үкіметінің алғашқы төрағасы :

A) Шоқай

B) Тынышбаев

C) Бөкейханов

D) Меңдешев

E) Сейфуллин

91. Алаш партиясы қашан құрылды ?

A) 1916

B) 1918

C) 1919

D) 1917

E) 1913


92. Орал облысында кеңес үкіметі толығымен қашан орнады ?

A) 1919,маусым

B) 1917,қазан

C) 1919,жылдың соңы

D) 1916,маусым

E) 1920,мамыр

93. Алашорданың орналасқан жері ?

A) Семей

B) Орынбор

C) Ташкент

D) Орал

E) Омск

94. Қазақ АКСРін құру туралы декрет қашан шықты ?

A) 1920,20тамыз

B) 1920,6 қазан

C) 1920, 1 тамыз,

D) 1921, 6 тамыз

E) 1919,26 тамыз

95. Кіші Қазан идеясының авторы кім ?

A) Сталин

B) Сәдуақасов

C) Голощекин

D) Бухарин

E) Жандосов

96. Қазақтың ірі байларын тәркілеу қашан іске асырылды ?

A) 1931

B) 1930

C) 1929

D) 1928

E) 1927

97. Уақытша үкіметтің Қазақстандағы комиссарлары :

A) Бөкейханов пен Тынышбаев

B) Дулатов пен Байтұрсынов

C) Жангелдин мен Бокин

D) Сейфуллин мен меңдешев

E) Ақбаев пен Қаратаев

98. Қазақ АКСРі Орталық Атқару комитетінің тұңғыш төрағасы :

A) Пестковский

B) Радус Зенкович

C) Сейфуллин

D) Байтұрсынов

E) Меңдешев



<< предыдущая страница   следующая страница >>