https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 14 15 16 17

«Қастандық» пен «Шеттетуші тетіктен» қашып құтылудың жалғыз жолы ғана бар. Ол мынадан тұрады,текетіресті «қатаң» амалмен тоқтатпау жолы. Біздің сізге,мектеп мүдіріне, арнап жазған жолдарымызды мұқият оқи отырып,мектеп өміріндегі текетіресті басталмай жатып аңғарып,тез шеше білсеңіз осы кітапты бекер қолға алып оқып шықпағаныңызды сездіреді. Істің мәнісін біле әрекет ету-демек,өз әрекетіңнің қандай нәтиже беретінін білу деген сөз.


Енді бізге қалғаны осы бөлімде айтқан ойларымыздың түйінін шығару ғана.

Сонымен,конфликтінің дамуын мектеп мүдірі тоқтата ала ма,егер де ол инцидент деңгейіне ойысып кетсе? Әлбетте. Егер ол істің мәнісінің тереңіне бойлап,қара қылды қақ жарып,ұжымының көңілінен шыға білсе. Егер де ол текетіресті жоюға тырыспаса немесе инцидентті тоқтатуға шамасы жетпей, конфликтіге түсуші жақтың бірінің жетегінде кетсе,онда текетірес бірінші жағдайдағыдай өрбиді.

Бұл дегеніңіз,кері кетушіліктің кесірінен екі жақ бір шешімге келе алмай зорға басылады. Бірақ ешкім жеңіп шықпайды. Неге? Себебі текетірестің осылайша шешілуі нәтижесінен ешкім ұтпайды,қайта оған қатысушылардың барлығы жеңіліс табады. Сондықтан бірінші тәртіп негізінде текетірес нәтижесі төмендегідей болып келеді:

а) конфликті шешусіз қоздаған қоламта күйінде қалады;

ә) өзінің тақырыбы мен қатысушылары бар жаңа конфликтілік жағдай туындайды. Текетірес қанша ұзаққа созылады,сол уақыт аралығында жаңа конфликтілік ахуалдар туындап отырады. Олар өзіне жаңа мүшелер тартып,ұжым өмірі бітпейтін даулардан тұратын дозаққа айналады.

Сонымен,шындығында барлық текетірес бірінші жолмен дамығанда,ешкімге жеңіс әкелмейді. Тіпті текетірес барысында өз позициясы қорғап шығып, онысын басқаларға таңған жақта еш нәрсе ұтпайды.Егер басшы текетірес кең өріс алып,өршіп кетпей тұрғанында баса білуге бар күш-жігерін жұмсаса тіптен жақсы.

Бұл арада мүдір көзсіз қадамдар жасаудан немесе енжарлықпен «қайда бар дейсіңге?» салынбауы керек-ақ. Бұндай жағдайда күш қолдану мүлдем тиімсіз,ол жағдайды мүлде ушықтырады. Басшы бұндай жағдайда сауаттылық пен сардабалдық таныта конфликтінің даму тетігіне психологиялық талдау жасауға иек арта білуі қажет.

Қалай және қандай жолмен және қандай қажырмен мүдір текетіресті өзіне тиімді тоқтата алады және оны бірінші жолмен дамитын ұжым үшін қолайсыз даму мүмкіндігінен айыра алады?

Ол мұны алдын орап істейтін бір ғана жағдаймен тоқтата алады. Ол: өз басының осы конфликтіге араласпауы,конфликті текетіреске ұласпай тұрып, мүдір қарсыласушы жақтардың біріне енетін болса,ол өзін текетіресті бейбіт шеше білу құқығынан айырып,оның есесіне онсызда шатқаяқтап тұрған жағдайды одан әрмен қиындата түседі. Егерде ол конфликтіге араласпаған болса,онда текетіресті тоқтата отырып,оның дамуын екінші арнаға түседі.


Екінші жол бірінші текетірестің дамуына қарағанда өзінен өзі басыла салмайды,мүлде жойылады. Текетіресті тоқтату жолында мүдір не «қатаң», не «жұмсақ» амалдардың біріне жүгінеді. Қандай амалдың тиімді екені? Жағдайға байланысты болып келеді. «Жұмсақ» амалды қолданып,инцидентті тоқтатқанымен конфликті тоқтамайтынын басшы жақсы ұғынуы керек. Ол тек бастапқы кезеңіне қайта оралады. Басшы бұл арада өзіне белгілі стратегиясы бойынша конфликтіні түбегейлі шешуге мүмкіндік ала алады. Оның үстіне, «жұмсақ» амалмен текетіресті тоқтатуда оны орынды қолдана білсе,басшыға жеңісті психологиялық позицияға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Басшы мынандай жағдайда қалады:

а)ол конфликтіні шешу үшін уақыт ұтады. Осы өзіне тиселі мерзімді қалайша пайдалану басшының еркіндегі дүние;

ә) ол екі топтыңда көсемінің алдына өз ұстанымдарын өзінің алдына келіп баяндап беруінің қажеттілігін қояды. Ендігі жерде басшы олардың артынан жүгіріп олардың кімдер екенін анықтаймын деп әлекке түспейді. Олар мүдірге өз аяқтарымен келіп, кім екендіктерін танытады. Ал,басшының қол жеткізген осы артықшылығын өз пайдасына асыра білуі өзіне байланысты. Дәлірек айтар болсақ,көсемдермен тиімді жұмыс істеу стратегиясын қалай игергендігіне қатысты.

Осылайша,тіпті текетірес үстінде болсын,тіпті ол аяқ астынан туындайтын болсын,басшының қолында психологиялық құрал бар. Ол оны орынымен қолдана отырып,жеңіп шығады,өз мүмкіндігін кемітпейді, қайта арттырады. Басшы осы арқылы конфликтіні шешудің қосымша мүмкіндігіне қол жеткізе алады.

Егер мына жағдайда егер басшы:

а)конфликтіге тартылатын болса;

ә)инцидент барысында бір жақты не тікелей,не жанама қостаса;

б) егер инцидентті «жұмсақ» амалмен тоқтата алмаса, «қатаң» амалмен тоқтатуға күш сала алады.

Бұл жағдайда, инцидентті тоқтатудың қолда бар бірден бір жолы-«қатаң» амал болып табылады.

«Қатаң» амалды дұрыс қолдану-текетіресті тоқтатуда төмендегідей міндеттерді шешуге көмектеседі:


1.Текетірестің өрбуін барша кері салдарлар туғызатын бірінші жолмен дамуына жол бермеу;

2.Жағдайды қайыра қалпына келтіріп,оны басқарылатын ету.

Сонымен, «қатаң» амалды қолдану нәтижесінде текетіресті тоқтату, бәрі бір конфликтіні тоқтатып түбегейлі жоя алмайды. Ол тек шектеліп,бастықтың не тақырыппен,не көсемдермен жұмыс істеудің стратегиясы арқылы шешімін табуға мүмкіндік береді.

Басшы «қатаң» амалды қолдану арқылы текетіресті тоқтатқанда мынаны жадынан шығармауы керек,ол осы әрекетімен өз қолымен,өз ісімен көсемдердің бірігуіне,яғни, «қастандық» немесе «жағдайға байланысты оппозицияға» объективтік психологиялық алғышарт жасайды. Бұл дегеніңіз,сайып келгенде, аталған жағдайдың ең ауыр салдары болып табылады.

Оның не орын алатын,не орын алмайтынын әрбір нақты жағдайға байланысты тамыршыдай тап басып айту өте қиын. Сондықтан,біздің ұсынарымыз «қатаң» амалды тек шетін жағдайда ғана,басқа жол қалмағанда ғана қолданған ләзім.

Кейбір басшылар «қатаң» амалды қолданып текетіресті шешудің мүмкін болатын кері салдары бар екенін біле тұра немесе еш көңіл аудармай одан қашады не болмаса,текетіреске араласпауға тырысады,тіпті болмаған жағдайда мәселенің байыбын одан сайын қиындатып,күш қолданып, шешуге барын салады. Бірақта,барлық жағдайда қалыптасқан жағдай одан қай кезде басқарушылық шешім мен басқарушылық әрекетті талап еткенде оның таңдауы,ең құрығанда,мәселенің байыбына барып қабыландануы керек. Кез келген жағдайда егер мүдір шын мәнісінде жағдайды тиімді басқарғысы келсе,өзім білемділікке салынуға құқы жоқ,өзінің қалауымен емес,жағдайдың аңысымен әрекет етуге тиісті. Ол конфликтіні басқарудың объективті психологиялық за�