girniy.ru 1
Білім беру мекемесіндегі мектепішілік бақылаудың ерекшеліктері мен жүйесі



Мектепішілік бақылаудың ерекшелігі оның бағалау қызметімен байланысты. Ол бағалау мұғалім тұлғасының ерекшелігін ескеруге бағытталады. Егер бақылаушы жас мұғалім болса, бағалау оның кәсіптік қалыптасуына, еңбек өтімі мол мұғалім болса оның кәсіпқойлық позициясының нығаюы немесе әлсіреуі және мектептегі беделіне байланысты болмақ.

Мектепішілік бақылаудың негізгі мақсаты жоспар құру екенін жақсы білеміз, жұмыс жоспарын құрып, оны орындауға тырысамыз.

Мектепте оқу- тәрбие жоспарын мектептің даму бағдарламасына сәйкес, оқу және тәрбие жүйесінде жалпы мақсатты іске асыратын педагогтар ұжымы жұмыс жасайды. Берілген тапсырмаларды шешу үшін менеджменттің негізі оның қызметін мен міндетінде.

Негізгі төрт қызметі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация, тексеру.




Басқарудың алғашқы төрт қызметі.

Төртінші классикалық менеджменттің атқаратын қызметінің мәні-тексеріс.

Олардың міндеті мұғалімдерді қорқытып, үркіту емес, қайта істің жағдайына әділ баға беріп, педагогикалық қызметті ынталандырып, қолдап, әдістемелік көмек көрсету болуы тиіс. Осы тұрғыдан алып қарағанда мектепішілік бақылауды бірқатар кемшіліктерді атауға болады. Біріншіден, директор мен оның орынбасарлары арасында тексеру нысандарының бөлінбеуі, тексерудің есеп үшін немесе өзара сабаққа енудің санын анықтау мақсатында ұйымдастырылуы байқаудың жүйесіздігі. Екіншідін, бақылауды ұйымдастырудағы немқұрайлылық. Ол жүргізілген тексеру мақсатының анық қойылмауы, бағалаудың әділ критерийлерінің болмауы немесе қолданылмауы түрінде көрінеді. Үшіншіден, тексерудің педагогикалық процесстің бір ғана бағытын, бір ғана қырын қамтудан көрінетін мектепішілік бақылаудың біржақтылығы. Мысалы, тек оқу процесі немесе қазақ тілі мен математика ғана тексеріледі. Төртіншіден, тексеруге тек лауазымды адамдар қатыстырылып, оның есесіне тәжірибелі мұғалімдер мен әдіскерлердің тыс қалуы.

 Мектепішілік тексеруді ұйымдастыруда осындай және бұдан басқа да кемшіліктер мен түсінбеушіліктерді болдырмау үшін бірқатар залпы талаптарды балу қажет. Обдай талаптарға мыналар жатады: жүйелілік - бұл талап мектептегі оқу процесінің бүкіл барысын басқаруға мүмкіндік беретін бақылау жүйесін құрып, бақылау мен тексеруді тұрақты жүргізуге бағытталады; әділдік - бұл талап бойынша мұғалімнің немесе педагогикалық ұжымның әрекеті мемлекеттік стандарт және білім бағдарламалары талабына сай жасалынған және келісілген критерийлермен бағалануы тиіс; ықпалдылық - тексеру нәтижелері анықталған кемшіліктерді жойып, оңды өзгерістер жасауды талап етеді; тексерушінің өз ісін жетік білуі - тексеретін тақырыпты балу, тексеру әдістемесін меңгеру, тексеру нәтижесінің дамуын болжай алуды талап етеді.

Басқару процесі әрқашан сәтті бола бермеуі мүмкін. Жоспарда ойлағандай орындала бермейді. Ұйымдастыру қоршаған орта жағдайының өзгеруіне қарай бейімделуі тиіс. Басшысы өзінің алдына қойған мақсатына жеткенін анықтау үшін өз қатесін және қызметшілерінің қатесін байқауы үшін бақылау қажет. Бақылау функциясы өндіріс процесінің нақты барысының ұдайы бақылаудан, талдаудан, бағалаудан және басқарудың келесі циклінде қажетті іс-әрекеттерді айқындау мақсатында оны белгіленген бағдарлама бойынша салғастырудан тұрады. Бақылау бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасмыз ету процесі. Бақылау бұл қолда не барын және де не болу керектігін ұдайы салыстыру. Басшылар бақылау функциясының мақсат пен міндетін айқындап ұйымды құрған сәттен бастап қолға ала бастайды. Бақылаудың қажеттілігі дағдарыс жағдайының пайда болуын алдын ала сақтандыруға байланысты. Ұйым ішіндегі жағдайды талдаған кез келген пайда болатын қателіктер мен проблемаларды дер кезінде түзетіп, дұрыс арнаға салмаса, кейіннен оны қалпына келтіру қиынға соғатыны сөзсіз. Бақылау функциясы, бұл проблеманы айқындауға мүмкіндік беретін әрі туындаған проблемалар дағдарысқа ұшырамай тұрып, ұйым қызметіне тиісті өзгерістер енгізетін басқару сипаты.


Бақылау басқарудың маңызды әрі күрделі қызметі еңбек өнімділігін қызметкерлердің ынта-жігерін арттырудың басты құралы. Бақылаудың басты принциптерінің бірі бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылаудың келесі принципі, ол басқару процесінің негізгі элементі болып саналады. Барлық басқа функцияларды одан бөлек қараструға болмайды. Бақылаудың негізгі үш түрі бар: алдын-ала, күнделікті және қорытынды бақылау.

Классикалық менеджмент менеджмент негіздері: басқарудағы ой-пікірдің дамуы» кітабында мектептің төрт түрін белгіледі: ғылыми басқару мектебі, әкімшілік мектебі, психология және адамдар қарым – қатынасы мектебі, және басқару ғылымының мектебі. Мектептің төрке бөлінуіне байланысты төрт түрлі тәсілге бөлінеді. Мұнда төрт түрлі көзқараста қарастырылады.

Тексерісті іске асырудың үш аспектісі бар:

• стандарттарды орнату (технологиялар, нормативтер);

• жоспармен салыстыру ;

измерение того, что было достигнуто и сравнение с планом;

• жоспар көрсеткіштерінде ауытқуларды түзету

Тексерудің үш түрі анықталады:


§ Алдын ала бақылау дегеніміз – мұнда бақылауды жүзеге асырудың негізгі құралдары – белгіленген ережелерді, процедураларды және жүріс-тұрыс линиясын жүзеге асыру. Алдын ала бақылау үш салада – адамдар, материалдық және қаржы тарапында жүзеге асасды.

Адам ресурстарын алдын-ала бақылағанда кәсіптік білімі, біліктілігі, жанжақтылығы бақыланады.

Материалдық ресурстарды алдын-ала бақылағанда сапасы, стандартқа сәйкестігі, жарамдылығы ескеріледі.

 Қаржы ресуртарын алдын-ала бақылаудағы ең маңызды буыны бюджет.  

§ Ағымды бақылау. Жұмыс  барысында жүзеге асырылады, объектісі  көбінесе бағынышты қызметкерлер, мұны жүзеге асырушы - тікелей  басшы. Бағынышты адамдардың жұмысын  ұдайы тексеру, туындаған проблемалар  мен ұсыныстарды талқылау белгіленген  жоспарлар мен нұсқаулардан ауытқуға  жол бермейді. Күнделікті бақылауды  жүзеге асыру үшін бақылау  аппаратына ақпараттар, яғни кері  байланыс қажет.


Кері байланыс жүйесі – алынған  нәтижелер туралы деректер. Мысалы: басшының қарамағындағы адамдардың қанағаттанарлықсыз жұмысы туралы хабары. Кері байланыс жүйесі басшыға күтпеген проблемаларды айқындауға, соған  сәйкес тиісті шаралар қолдануға, қойылған мақсаттан ауытқуды дер кезінде  болдырмауға мүмкіндік береді.

         Қорытынды бақылаудың нәтижесі алға қойған мақсатқа қалай жеттік, нені үйрендік, алдағы уақытта не істеуге болатындығын көрсетеді.

§ Қорытынды бақылау. Мұның екі  маңызды қызметі бар:

 нақты алынған нәтиже мен талап  етілетін нәтижені салыстыру арқылы жоспардың қаншалықты дәл жасалатындығын бағалауға мүмкіндік береді. Мұның  өзі пайда болған проблемалар  туралы ақпарат алуға, сөйтіп болашақта  мұндай проблемалардан құтылу үшін жаңа жоспар жасауға ықпал етеді.

 § тиімді бақылау –тексерістің пайдасы, табысы анықталады;

§ тексеріс мақсатының орындалуы– тексеріс ұйым жүйесінің ауытқуын немесе дәл келуін анықтау керек.

§екінші қызметі мотивацияға ықпал  етеді. Егер ұйым басшысы мотивациялық көтермелеуді белгілі бір нәтижелілік  деңгейімен байланыстыратын болса, онда қол жеткен нәтижені дәл бағалауы қажет.

    



МектепішілікМектепішілік бақылау жөнінде Ю.А.Конаржевский бойынша мектепішілік бақылау талдау мен мақсат қою арқылы жүзеге асатын маңызды басқару әрекеті.

Бақылаудың басты принциптерінің бірі – бақылау тұтастай қамтылуы тиіс. Бақылау ісі тек менеджерлердің және олардың көмекшілерінің ғана міндеті  емес. Әрбір басшы, қызмет лауазымына қарамастан, өзінің тікелей жауапты  міндеті ретінде бақылауды жүзеге асыруы тиіс.

  Бақылаудың келесі принципі – ол басқару процесінің негізгі элементі болып саналады. Басқа барлық қызметтерді  одан бөлек қарастыруға болмайды.

 Тиімді бақылаудың басты принциптері  – жүйелілік және жан–жақтылық. Бақылаудағы мақсаттылықтың да маңызы зор, яғни тексеру барысында тек  кемшілікті ашып ғана қоймай, оны жою  шараларын да қарастыру керек.


Мектепішілік бақылаудың құрылымы, түрлері мен әдістері 
Қазіргі кезде мектепішілік бақылаудың құрылымы, түрлері мен әдістерін жіктеу мәселесі пікірталас деңгейін-де қалып отыр Тексерудің түрі - жан-жақты және тақырыптық болып бөлінеді. Тақырыптық тексеру - педагогикалық ұжымның мұғалімдер тобының немесе жекелеген мұғалімнің қызмет жүйесіндегі белгілі бір нақты мәселені тереңдей зерттеуге бағытталады. Тақырып-тық тексерудің мазмұны педагогикалық процестің түрлі бағыттары, жекелеген мәселелерді қамтығанымен ол терең және мақсатты зерттеледі. Ол мазмұн мектептегі инновация, озық педагогикалық тәжірибені енгізу мәселесін де қамтиды. 
Жан-жақты тексеру - педагогикалық ұжымның, әдістемелік бірлестіктің немесе жекелеген мұғалімнің қызметін жан-жақты тексеруге бағытталады. Көп еңбек сіңіруді және тексеруге көп адам тартуды қажет ететіндіктен жаппай тексеруді жылына екі-үш рет қана жүргізу тиімді. Жекелеген мұғалімнің қызметіне жан-жақты тексеру жүргізгенде, мысалы, аттестациялау барысында оның 

жұмысының барлық бағыттары - оқу, тәрбие, қоғамдық-саяси, басшылық әрекеттері түгел зерттеледі. Ал мектепті жан-жақты тексеру кезінде білім беру мекемесіне тән қызметтің барлық аспектілері қамтылады, ол жалпы білм беру заңын, білім беру процессін ұйымдастыру, ата-аналармен жұмыс, қаржы-шаруашылық қызметі және т.б. Тексеру кімнің жүргізетіндігі және нені тексеретін-дігіне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді.  Дербес тексеру жекелеген мұғалім, сынып жетекшісі, тәрбиешілік жұмысын қамтиды. Ол тақырыптық та, жан-жақты да болуы мүмкін. Педагогтар ұжымының жұмысы оның жекелеген мүшелерінің жұмысынан құралатындық-тан дербес тексеру өзін-өзі ақтайды. Мұғалім қызметінде дербес тексеру педагогтың өзін-өзі басқару құралы, кәсіпқой болып қалыптасуының стимулы ретінде аса маңызды. Сыныптық-жинақтаушылық тексеру оқу және оқудан тыс әрекет процессінде сынып ұжымын қалыптас-тыруға ықпал жасайтын факторлар жиынтығын зерттеуде қолданылады. Тексеру түрлерінің арттарында ''жинақ-таушылық'' ұғымының жиі қайталануы педагогикалық процесті басқаруға бақылау- тексеру қызметінің дәлелді, әділ, жинақтаушы ақпаратпен қамтамасыз етумен байланысты. өйткені, осындай ақпарат педагогикалық талдау, мақсат қою, шешім қабылдау және оны іске асыру кезеңінде қажетті шынайы ақпарат алуды қамтамасыз етеді.


Мектеп құжаттарын зерттеу, бақылау, әңгімелесу, ауызша және жазбаша тексеру, анкеталау, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, хронометрия, болжамдау сияқты әдістер де қолданылады. Ол әдістер бірін-бірі толықтырып отырады. Егер істің шынайы жағдайын білгіміз келсе онда мүмкіндігінше түрлі әдістерін қол-данып көру қажет. 
Оқу-тәрбие процесінің сандық және сапалық сипаттамасын жасау үшін мектеп құжаттарын зерттеу әдісін қолдануға болады. Мектептің оқу-педагогикалық құжаттары мыналар; оқушылардың алфавиттік тіркеу кітабы, оқушылардың жеке іс қағаздары, сынып жор-налдары, факультативтік сабақ құралдары, ұзартылған күн тобының жорналы, білім туралы аттестат беру және бланкыларды есепке алу кітабы, педагогикалық кеңестің және мектеп кеңесі мәжілісінің хаттамалар кітабы, оқушылар қозғалысының бұйрық кітабы, жалпы мектептік бұйрық кітабы, мектеп педагог кадрларының есеп беру кітабы және т.б. 
Мектеп құжаттарының қатары аса мол, ал олардан алынатын ақпараттар да сан-салалы, мазмұны бай болып келеді.  Мектеп құжаттары бірнеше жылдық ақпараттарын жинақтайды, қажет болған жағдайда мұрағаттың көмегіне сүйенуге болады. Осылайша жинақталған ақпарат салыстырмалы талдау жасауға, әсіресе педагогикалық әрекетті болжамдауға мүмкіндік береді. 
Мектеп практикасында ауызша және жазбаша тексеру барынша жиі қолданылады. Қолдануға жеңіл әрі оңай болғанымен тексерудің тек осы түрімен шектеліп қалуға болмайды. Сонымен бірге мектеп практикасында ақпарат жинаудың социологиялық әдістері - анкеталау, сұрау салу, интервью алу, әңгімелесу, эксперименттік бағалау да қолданылады. Олар тексеруші қажетті ақпаратты тез алуға мүмкіндік береді. 

Хронометриялық әдіс мектептің жұмыс тәртібін, сабақ және сыныптан тыс оқу уақытын тиімді ұйымдас-тыру, оқушылар мен мұғалімдердің жұмыс бастылығын, оның сабағын, үй тапсырмасының көлемін, оқу жылдам-дығын анықтауға қолданылады. 

Мектепішілік тексерудің түрі мен әдістерін таңдау оның мақсаты, міндеттері, тексеру нысаны, уақыт жағдайына тікелей байланысты. Ал тексерудің түрлері мен әдістерін тиімді етіп қолдану жоспарлауға және тексеруге әкімшілік, мұғалімдер, білім беруді басқару органдарының өкілдерін кеңінен тарта отырып іске асырғанда нәтижелі болмақ.

Бақыланатын, зерттелетін объектілердің түрі мен санына қарай:

1. Жеке бақылау

2. Топтық (сыныптық-талдау, қорытындылау; пәндік талдау, қорытындылау; 

    проблемалық талдау, қорытындылау)

3. Фронтальды (жалпы мектепішілік) бақылау.

Жеке (персональді) бақылау- жеке бағдарлама бойынша бір мұғалім жұмысы бақыланып, жеке қорытынды-талдау жасалады.

Топтық бақылау- педагогтардың бірыңғай тобына бір бағдарлама бойынша жүргізілетін, бір қорытынды-талдау жасалатын бақылау түрі. Оның мақсаты- мұғалімдердің осы тобының жұмыс жағдайын талдап, ондағы әрбір мұғалімнің жеке іс -әрекет ерекшелігін анықтау болып табылады.

Топтық бақылау түрлері:

1. Сыныптық талдау-қорытындылау-бір сыныпта немесе сол параллелде жұмыс жүргізетін барлық пән мұғалімдері мен сынып жетекшісінің жұмысы тексеріледі.

2. Пәндік талдау-қорытындылау кезінде жеке пән немесе сол циклдегі пәндерді оқытатын мұғалімдердің жұмысы тексеріледі.

3. Проблемалық талдау- қорытындылау.

Бұл проблема бойынша зеттеу жүргізіп жүрген мұғалімдер тобының жұмысы тексеріледі.

Кешенді  бақылау (жүйелі бақылау)

Бұл бақылау- бір мұғалімнің жұмыс жүйесінің толық ауқымына, бір топ мұғалім немесе мектептегі барлық мұғалім жұмысына жан-жақты жүргізілетін бақылау.

Кешенді тексеру кезінде сабақ конспектісінен бастап сабаққа қатысу, бақылау жұмыстарын алу арқылы, оқушылардың білім, білік деңгейіне дейін тексеріледі.

  Ескерту бақылау – белгілі бір сұраққа немесе педагогикалық міндеттерді шешуге мектеп мұғалімдерінің назарын аудару үшін жүргізілетін тексеру түрі.


Негізгі  бақылау – ең негізгі кезең, ол мектептің негізгі міндеттерінің орындалу барысын айқындау үшін, оқу-тәрбие процесінің жайы мен оның нәтижелерін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Бақылау жалғасы – келесі қабылданған басқару шешімінің орындалуын анықтауға бағытталған бақылау.

Жоспарлы бақылау- мектептің жұмыс жоспарының негізінде жүргізіледі. Кез келген бақылаудың түрі анықталған тізбек бойынша жүзеге асады.

Олар:

-         тексерудің негізі, себебі;

-         мақсат құруы;

-         болатын тексеруге алдын-ала алгоритімін және құрылымдық схемасын жасау;

-         схема бойынша тексерілетін объекті туралы мәліметтерді жинау, танысу;

-         тексерудің нәтижесі бойынша негізі, қорытынды ұсыныстар, дәлірек айтқанда;

-         негізі жетістіктердің (кемшіліктердің) себептері ашылады.

-         ұсыныстар нақтыланады;

-         әкімшіліктің шешімі қабылданады (мамандарды ауыстыру, тәжірибені тарату);

-         келесі тексерудің мерзімі нақтыланады (керек жағдайда);

-         қажетті деңгейде тексерудің қорытындысы талқыланады (педкеңес, кіші педкеңес, т.б.).

 Белгілі бір бақылау түрі бойынша тексеру тізбегінің мысалы:

 Тексерудің қорытындысын талқылау:

 -         кіші педкеңесте

-         оқушылар жиналысында

-         ата-ана жиналысында

-         сынып жетекшісімен, оқушымен ата-анамен (қажет болса) жеке әңгіме өткізу арқылы.

Тексеру барысында мүмкін болатын қорытындылар.

Жалпы қорытынды:

-         Берілген пәннің оқытылу жағдайындағы мақсатына сәйкес келуі.

-         Берілген пәннің оқыту әдіс-тәсілдеріне қойылатын талаптар.

-         Берілген пәннің бағдарламасына қажетті түзетулер.

-         Осы пәнді бір мұғалімнің немесе барлық мұғалімдердің оқыту тиімділігін анықтау.


 

Тексеру қорытындысы талқылау:

-         ғылыми-әдістемелік консультация орталығының отырысында.

-         әдістемелік кеңестің отырысында.

-         пән кафедрасының отырысында.

-         ата –аналар жиналысында.

 

1.     Мектептегі  әдістемелік жұмыстардың жағдайы мен педагогтардың кәсіби білімін көтеруді тексеру.

2.     Оқу пәндерінің оқытылу барысы мен оқу бағдарламаларының орындалу талаптарын тексеру.

3.     Тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы, мазмұны мен нәтижелілігін тексеру.

4.     Оқушылардың кәсіби бағытта білім алу жағдайын тексеру.

5.     Мектеп, жанұя, қоғамдық орындардың біріккен жұмысының жағдайын тексеру.

6.     Оқушылардың білім, білік дағдыларының сапасын тексеру. (Педмониторинг)

7.     Жалпыға бірдей міндетті оқу заңының орындалуын тексеру.

8.     Мектепішілік құжаттардың жүргізілуін тексеру.

 

 Фронтальді тексеру.

 1.     Тексерудің себептері:

-         өткен оқу жылында мектеп бойынша белгілі пәннен білім сапасының төмен болуы;

-         жаңа енгізілген пәннің жағдайы;

-         белгілі бір пәнді оқытуда жоспарлы тексеру.

 Тақырыптық тексеру.

 1. Тексеру себептері.

Міндетті тақырыптық тексеру мына жағдайларға байланысты болады.

-         мектептің осы жылға немесе бірнеше жылға белгіленген оқыту әдіс-тәсілінің проблемасына байланысты.

-         қажетті тексеру барысына байланысты. (Мысалы, мектеп құжаттарының жағдайы)

-         тақырыптық тексеру мына жағдайларда да жоспарланады: оқушылардың көпшілігінің пунктуациялық ережелерді практикада қолдана білмеуі т. б.

  Бұл үшін берілген проблеманы шешуде ұжымның дайындығын анықтау, осы проблема бойынша ата-анамен педагогтардың теориялық дайындығының деңгейін анықтау. Бұл мәліметтерді жинау үшін алдын-ала тақырыптық тексеру керек.


 


 








Фронтальді тексеру.

 1.     Тексерудің себептері:

-         өткен оқу жылында мектеп бойынша белгілі пәннен білім сапасының төмен болуы;

-         жаңа енгізілген пәннің жағдайы;

-         белгілі бір пәнді оқытуда жоспарлы тексеру.

 Тақырыптық тексеру.

 1. Тексеру себептері.

Міндетті тақырыптық тексеру мына жағдайларға байланысты болады.

-         мектептің осы жылға немесе бірнеше жылға белгіленген оқыту әдіс-тәсілінің проблемасына байланысты.

-         қажетті тексеру барысына байланысты. (Мысалы, мектеп құжаттарының жағдайы)

-         тақырыптық тексеру мына жағдайларда да жоспарланады: оқушылардың көпшілігінің пунктуациялық ережелерді практикада қолдана білмеуі т. б.

  Бұл үшін берілген проблеманы шешуде ұжымның дайындығын анықтау, осы проблема бойынша ата-анамен педагогтардың теориялық дайындығының деңгейін анықтау. Бұл мәліметтерді жинау үшін алдын-ала тақырыптық тексеру керек.

 


 

Тәрбие-оқу жұмысы:

§  жалпы оқытуды орындау;

§оқыту пәнінің   сабақ беру жағдайы;

§  білім сапасы, оқушылардың білу дағдылары;

§  педкеңестің ,жиналыстың шешісдерін орындау т.б.;

§  мектеп құжаттамасын жүргізу;

§  бағдарламалардың орындалуы;

§  емтиханға дайындық және өткізу .

Әдістемелік жұмыстар:

§  мұғалімдердің және әкімшіліктің біліктіліктерін көтеру;


§  әдістемелік бірлестік жұмыстары;

§  жас мамандармен жұмыс;

§  басқа оқыту мекемелерінен келген мұғалімдермен жұмыс.

13) Мектепішілік бақылау технологиялары.

§  педагог «Жеке паспортын» толтырады ;

§  өз жоспарын әдістеме жетекшісімен келістіру;

§  әдістеме жетекшісі жеке педагогтармен жұмыс жоспарын жүйелейді және

Өз әдістемесін тексеру үшін технологиялық карта жасайды;

§ білім меңгерушісі әдістемелік жетекшімен бірге құрылған жоспарыды

әдістемелік бірлестік деңгейінде талқылайды .;

§ әкімшілік әдістемелік бірлестік жоспарын талдайды, әкімшілік және жеке бақылауда нұсқау береді және олармен педагогтарды;

§  директормектепішілік жоспарды бекітеді .

      Мектепішілік бақылаудың негізгі бағыттарын дұрыс анықтау мүмкіндігі оқу білімінің деңгейін нақтылауда, тәрбие деңгейі, баланың жалпы дамуында, оқыту сапасының нақты бағалануында, мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыруында пайда болады.

      Дамыта оқыту мектебінде оқу жылында талдау қортындысы, әр жылдардағы нәтижелерді салыстыру, педагогикалық процестің даму бағытын анықтау, күрделі әлеуметтік педагогикалық жүйенің өзіндік дамуын анықтауда маңызды ие болады.

     Мектептің оқу жылы ішінде істеген жұмысты терең білу, мектеп басшысы мен ұжымның алдындағы оқу-тәрбие үрдісінің нәтижесі ғана емес, педагогикалық істі ұйымдастыру тәжірибесін, өткен жылғы кемшіліктерді қайталамау, зерттелген жолдар мен педагогикалық міндеттерді шешу жолдарын көрсетеді.Бұл білім өткен жыл мен жаңа оқу жылының дәстүрлерін сақтап, мектеп жұмысының белгілі бөліктерін жетілдіруге, қалыптасқан жақсы дәстүрлерді сақтауға, мектеп өмірінің бар саласында үздіксіз алға басуға жәрдемдеседі.

    Оқу жылында педагогикалық талдау әр мұғалім үшін мектептегі педагогикалық үрдіс туралы  толық түсінік қалыптастырады. Мұнсыз мұғалімге оқушылармен жұмыс істеуге жеке мақсаттарды анықтау мүмкін емес. Бұл талдау  әр мұғалімге, сынып жетекшілеріне, басқа педагогикалық ұжым мүшелеріне мектеп туралы жүйелі де толыққанды түсінік бере алады.Жыл қорытындысын талдау мұғалімнің күнделікті жұмысындағы көптеген  жалпы ақиқаттан жеке фактілерге ауысу логикасына көрсету өзегі болып саналады.


      Сауатты, терең жасалған педагогикалық талдау әр мұғалімнің өз сабағының сапасымен және оқушыларының  білім сапасы арасындағы байланысты көруге және өз еңбегіне сырт көзбен баға беруге мүмкіндік береді, мұғалімнің жіберген қателіктерін қайталамау жолдарын көрсетеді. 

     Қорытынды педагогикалық кеңесте педагогикалық ұжымның әр мүшесі бағдарламаны қалай орындады, өз жұмысына қандай  жаңалық қосты және өткен оқу жылындағы жұмыстарында қандай ерекшеліктер болғаны жөнінде естуі керек.

      Дамыта оқыту мектебінде педагогикалық талдау инновациялық үрдістер енгізеді, баға береді, эксперименттік жұмыстарға қорытынды жасайды, ұжымының зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарының тиімділігі мен нақтылығын анықтап көрсетеді.

      Мұндай сауатты, терең талдау болмаса, мектеп  басшылары да, педагогикалық ұжым  және жеке мұғалім де ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін, кемшіліктердің себептерін, ұжымның жеке, жалпы істерінің нәтижелерін және келешекте кеткен кемшіліктерді болдырмау жолдарын  білмейді. Бұл ұжымды ең қатерлі жағдай- жайбарақаттылыққа әкеліп соғады. Оқу жылына қорытынды жасаудың жинақталған,  жүйеге келтірілген, классификацияланған мәлімет базасынсыз іске асыру мүмкін емес.

      Бұл мәліметтер блок бойынша педагогикалық мониторинг көмегімен оқу жылы бойында жинақталады.

      Мониторинг түсінігі педагогикаға экология және социология ғылымынан келді. Экологиядағы мониторинг қоршаған  ортаны төтенше ауытқушылықтан сақтауды үздіксіз қадағалау болып табылады. Педагогикалық, мониторинг педагогикалық жүйедегі мәлімет ақпараттарды жинақтау, сақтау, жүйелеу және таратудың түрі.

       Педагогикалық талдаулар ішіндегі мектеп басшысы үшін  ең күрделісі оқу жылында талдау жасау, яғни мектеп басшыснан тек әдістемелік дайындық қана емес, сонымен бірге талдау обьектісін жан-жақты білуді талап етеді. Әрине, барлық оқу-тәрбие үрдісінде барлық жұмыстардың нәтижесі мен дамуын талдау мүмкін емес. Сондықтан талдау обьектілерінен негізгі бөліктерін  ғана анықтау керек. Осы обьектілерді блоктарға топтау қажет. Блок дегеніміз белгілі бір мақсаттарға бағытталған жүйе