https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 11 12

Мүмін әйелдерге қатысты үкімдерге ескертулер



1-бөлім

Жалпы үкімдер

1-Әйел адамның Ислам келуінен бұрынғы жағдайы.

Исламнан бұрын деп жалпы жер бетіндегі адамдардың, атап айтқанда арабтардың өмір сүрген жәһілет дәуірін айтады. Сол кезде адамдар пайғамбарлардың келуі тоқтаған және тура жолдың жоғалған кезеңінде еді. Аллаһ Тағала оларға қарап хадисте айтылғанындай олардың ішінен кітап иелерінің қалдықтарынан басқа арабтарды да, араб еместерін де жақтырмады. Сол уақытта әйел адам әсіресе араб елдерінде көбінше өте қиын кезеңде өмір сүрген еді. Арабтар қыз баланың дүниеге келуін жақтырмайтын, олардың кейбіреулері оны топырақ астында өлсін деп тірідей жерге көметін болған. Кейбіреулері оны Құранда айтылғанындай қорлық-зомбылық пен қиыншылық өміріне тастап қоятын еді. Аллаһ Тағала айтады:

«Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе, (әйелінің қыз тапқанын естісе) оны ашу басып, беті қап-қара бола бастайды. Өзіне келген жаман хабардың салдарынан елден жасырынады. Оны қордыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе?-дейді. Олар нендей жаман үкім береді»[1];

«Тірідей көмілген қыздың қандай күнасы үшін өлтірілгендігі сұралған кезде»[2].

Егер жаңадан туылған қыз тірідей топырақ астына көмілуден аман қалса, ол қор болып өмір сүретін еді. Оған өзінің бір туысы өлсе, егер сол туысының малы қандай көп болса да, және ол қыз пақырлық пен мұқтаждықтан қандай қиналып жүрсе де, оған туысының малынан ешқандай мирас берілмейтін. Өйткені олар мирасты тек еркектерге беретін. Ал әйел, егер оның ері өлсе оны ерінің туыстары малды мирасқа бөліп алғандай бөліп алатын еді. Бір еркектің қол астында көптеген әйел өмір сүретін болған, өйткені еркектер әйелдердің сол себепті таршылық пен зұлымдықты тартып жатқандарына қарамастан сан шектемей әйелдерге үйлене беретін еді.

2-Әйелдің Исламдағы дәрежесі.

Ислам келіп әйелді бұл зұлымдықтан құтқарды және оған адамзат есебіндегі құнын қайтарып берді. Аллаһ Құранда былай дейді:


«Әй адамдар! Шындығында біз сендерді бір еркек және бір әйелден жараттық»[3].

Аллаһ Тағала әйелдің адамзаттың бастапқы жаратылуында еркектің серігі екендігін айтты, сол сияқты әйел еркекке амалдағы сауап пен жазада серік екенін баяндады:

«Ер немесе әйелден кім иман келтірген бойда ізгі амал істесе, әлбетте оған жақсы өмір сүргіземіз, әрі олардың сауаптарын істегендерінен жақсырақ қылып береміз»[4];

«Аллаһ мұнафық еркектер мен мұнафық әйелдерді, мүшрік еркектер мен мүшрік әйелдерді азаптауы үшін»[5].

Аллаһ Тағала әйелді өлген ерінің мирасына жатқызуды арам етіп былай деді: «Ей момындар, сендерге әйелдерді мәжбүрлеп мирас етіп алуларың дұрыс емес»[6].

Сөйтіп Аллаһ Тағала әйелге жеке бас бостандығын беріп, оны мирасқа берілетін емес, керісінше мирасқа ие болатын және өз туысқанының малынан мирас алуға ақылы қылды. Бұл жайында Аллаһ Тағала былай дейді:

«Еркектерге ата-аналары мен жақын туыстары қалдырып кеткен мирастан үлес бар. Әйелдер үшін де ата-аналары және жақын-туыстары қалдырып кеткен мирастан үлес бар. Бұл үлестер аз-көптігіне қарамастан, парыз етілген ақылардан»[7];

«Аллаһ перзенттеріңе тиісті мирас турасында бір ұл үшін екі қыз үлесі, не барабар мирас беруді әмір етеді. Егер, мирас алушылар екіден артық қыз болса, оларға ата-аналары қалдырған нәрсенің үштен екісі, егер жалғыз қыз болса, оған мирастың жартысы тиеді»[8].

Үйленуге келсек, Аллаһ оның жоғары шегін төртке шектеді және әйелдердің арасында шама келгенше әділдікті орнатуды шарт етті. Сондай-ақ олармен жақсы қарым-қатынас жасауды бұйырып былай деді: «Олармен жақсы қарым-қатынас қылып, тыныш-тату жасаңдар»[9].

Ислам әйелге мәһірды алуға құқылы қылды және оны әйелдің шын көңілімен кешіргенінен басқасын толық беруге бұйырды:


«Әйелдердің мәһірін ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер өздері көңілдерінен сендерге мәһірден бір нәрсені кеңшілік етсе, онда оны адал және берекелі деп біліп жей беріңдер».[10]

Аллаһ Тағала әйелге күйеуінің үйіндегі жауапкершілікті жүктеді, оны үйде бұйырушы, тыйым салушы және балаларына әмірші қылды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Әйел өз күйеуінің үйіне жауапты және жауапкершілігінен сұралушы» - деді. Күйеуіне әйелдің нафақасына, оның киім-кешегіне дұрыс қарауды уәжіп етті.

3-Ислам жаулары және олардың бүгінгі күндегі көмекшілері әйелдің құн-қасиеттерін жоғалтуды әрі оны ақысынан айыруды қалаулары.

Шындығында кәпірлер мен мұнафықтардан және жүректерінде ауырулары болған Ислам жауларын, тіпті бүгінгі күні бүкіл адамзаттың жауларын мұсылман әйелдің бұл құрмет пен ізетке жеткендігі және исламның қорғауына кіргендігі өте қатты ашуландырды. Өйткені мұнафықтар мен кәпірлерден болған Ислам жаулары әйел затын бүлдіргіш әрі құрту құралы болуын және онымен өздерінің кернеген шаһуаттарын қандырғаннан кейін иманы әлсіз, көңілдері бос адамдарды аулайтын ау болуын қалайды. Аллаһ Құранда былай дейді: «Шаһуаттарына берілгендер сендердің (тура жолдан) мүлде ауып кетулеріңді қалайды».[11]

Сондай-ақ жүректерінде ауытқуы болған мұсылмандар әйелді шаһуаттары мен шайтанның азғыруына ергендердің көрмесінде арзан тауар болуын, олардың көз алдарында оның әдемілігіне қарап ләззат алатын ашық тауар болуын қалайды. Немесе одан да жаман нәрсеге жетеді. Міне осы үшін әйелді еркек пен қатараласып жұмыс істеуі үшін оны үйінен шығаруға тырысады. Әйелді ауруханада бөтен еркекке қызмет қылуына, немесе ұшақтарда стюардесса болуына, немесе еркектермен аралас оқу сыныптарында оқушы немесе мұғалім, не циркте клоун немесе әнші болуына, не теледидарда өзінің ашық-шашық түрімен және дауысымен фитналандырушы әр түрлі хабарларда жүргізуші болуына әрекет қылады. Сол сияқты әр-түрлі көргенсіз порнографиялық журнал иелері өздерінің журналдарын өткізу үшін оның бетіне жалаңаш қыздардың суретін шығарады. Кейбір саудагерлер мен завод фабрикалар өз тауарларын өткізу үшін шығарған заттарына сол қыздардың суреттерін жабыстыратын болды. Міне осындай қатерлі шаралар себебті әйел өзінің үйдегі негізгі қызметінен айырылып қалды. Тіпті олардың күйеулері балаларын тәрбиелеу үшін және үй жұмыстарын атқару үшін шеттен қызметші әйел жалдауға мәжбүр болды. Ал бұл нәрсе көптеген фитналардың тууына себеп болып көптеген жаманшылықтар әкелді.


4-Біз егер келесі шарттар орындалса әйелдің үйінен тыс жерде жұмыс істеуін қайтармаймыз.

1-Әйелдің ол жұмысты істеуге мұқтаж болуы, немесе оны атқаратын еркек болмағандықтан қоғам әйелдің сол жұмысты атқаруына мұқтаж болуы.

2-Бұл жұмысты әйел өзінің үйдегі негізгі қызметтерін істеп бітіргеннен кейін істеуі.

3-Бұл жұмыс тек әйелдер ортасында болуы, әйелдер медресесі не әйелдер дәрігері сияқты еркектерден алшақ жерде болуы.

4-Сол сияқты әйел өз дінін үйренуінен қайтарылмайды, керісінше оны үйрену оған уәжіп болады. Сондықтан әйел оны білуге мұқтаж болған дін істерін үйренуінен қайтарылмайды. Бірақ оның білім алуы әйелдер ортасында болуы керек.

Әйелге алғашқы ислам әйелдерінің білім алып оны басқаға үйреткендеріне әрі мешітке келгендеріне сүйеніп жұмыс істеулеріне, оқуларына және мешітке келулерінде оқасы жоқ.

2-бөлім

Әйелдің тұла бойын әдемілеуге байланысты үкімдер.

1-Әйелден оның өзіне қатысты және өзіне лайықты болған туа біткен қасиеттерді істеу талап етіледі. Соның бірі тырнақ қысқарту және оның күтімі.

Өйткені тырнақ қысқарту білім иелерінің келісімі бойынша сүннетке жатады және ол хадисте келген туа біткен қасиеттерден. Сондай-ақ тырнақ қысқарту – ол тазалық пен әдемілікке жатады. Ал оны ұзын қылып өсіру – ол кейіпсіздік әрі жыртқыш аңдарға ұқсау болып табылады, әрі оның астына кір жиналып ол кірдің астына су тимейді. Кәзіргі кезде кейбір мұсылман әйелдер тырнақтарын өсірумен бәлеленген, бұл олардың кәпір әйелдерге еріп, сүннет жайында надандық танытқандықтарынан.

Әйелге осы жайында келген хадистерге амал қылу және әдемі болу мақсатында қолтық және астыңғы жүндерді кетіруі сүннет болады. Оны әр аптада алып отыру жақсырақ, не болмаса қырық күннен асырмай алу керек.

2-Әйелден оның шашы мен қасына байланысты талап етілетін нәрселер және бояну үкімі.

А) Әйелден шашын өсіруі талап етіледі және оны қыру харам болады, тек оны алуға қажет болған жағдайда ғана алуға болады. Сауд-Араб мемлекеттілік муфтиі Шейх Мухаммад Иброһим былай дейді: «Әйелдің шашына келсек, оны қыруға болмайды. Өйткені имам Насайи өзінің сунан кітабінда Әлиден (оған Аллаһ разы болсын) және Әл-Баззар Османнан (оған Аллаһ разы болсын) және Ибн Жәрир Икримадан: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әйелді шашын қырудан қайтарды» - дегенін риуаят етті.


Егер пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) қайтару келсе, оған қарама-қайшы нәрсе келмейінше, ол оның харам екенін білдіреді.

Сондай – ақ Мулла Әли Қорий «Мұрқат» - деген «Әл-Мушкат» атты кітаптің шархында пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Әйелдің шашын қыруы» деген сөзіне былай деп түсіндірме берді: «Әйелдің шашын қыруға болмайтыны өйткені әйелдің өрілген шашы көріністе және әдемілікте еркектің сақалы сияқты» - деді.

Әйелдің шашын қысқартуы егер ол әдемілік үшін емес бір қажет үшін болса, шашқа қажетті керек заттарын таба амау сияқты, не тым ұзын болып өсіп әйелге қиыншылық тудыратын болса, оны қажетіне қарай қысқартуға болады. Өйткені пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әйелдері ол кісі өлгеннен кейін зейнетті тастағандықтарынан және ұзын шаштың оларға қажет болмағандықтан шаштарын қысқартатын еді.

Егер әйелдің шашын кесудегі мақсаты кәпірлердің пасық әйелдеріне немесе еркектерге ұқсау болса, бұның харам екендігінде еш күмән жоқ. Себебі жалпы кәпірлерге ұқсаудан және әйелдердің еркектерге ұқсаудан қайтару келген. Ал егер мақсат әдемілену болса, бізге білінгені – бұл болмайды.

Ұстазымыз шейх Мұхаммад Әмин Шинқитий «Адуауль-Баян» атты кітапта былай дейді: «Көптеген елдерде еліктеушілікке айналған әйелдің шашының түбіне жақындатып кесу ғұрпы – мұсылман әйелдеріне әрі Исламнан бұрыңғы араб әйелдерінің әдетіне теріс европалықтардың әдеті. Сондай-ақ бұл діндегі әрі мінез-құлықтағы және одан да басқа жерлерде кең тараған жалпы тура жолдан ауытқу түрлеріне жатады»-деді.

Кейін: ««Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әйелдері шаштарын құлақ сырғалығына дейін қысқартатын»- деген хадиске былай деп жауап берді: «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) әйелдері шаштарын тек ол кісі өлгеннен кейін қысқартты, өйткені олар пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) тірі кезінде әдеміленетін болған және олардың ең зейнетті жерлері шаштары еді. Бірақ пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) дүниеден өткеннен кейін оның әйелдерінің үкімі ерекше, олардың бұл үкіміне бүкіл жер бетіндегі бір әйел де серік бола алмайды. Ол үкім — күйеуге шығу үміті түбегейлі үзілуі. Және осы олардың оған ешқандай күйеуге шығу деген қалау араласуы мүмкін болмаған күдер үзулері. Сондықтан олар пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) себепті өлімге дейін күйеуге шығуға ақысы жоқ кезеңдегі қамаудағы (тұтқындалған) әйелдер сияқты. Аллаһ Құранда былай дейді: «Сендер үшін Аллаһтың пайғамбарына зиян қылу және оның артынан әйелдеріне үйленулеріңе ешқашан болмайды. Өйткені бұл – Аллаһтың алдында ұлы (күнә) болған іс»[12].


Күйеуге шығудан толық күдердің үзілуі — зейнеттің кейбір нәрселерін тастауға рұқсат етеді. Одан басқасы себепті әйелге зейнеттің бір нәрсесін де тастауға болмайды»[13]-деді. Сөз соңы.

Сондықтан әйел өз шашына ұқыпты қарап оны ұзын күйінде сақтауы және шашты өріп қоюы керек. Оны төбеге не қара-құсқа түйіп қоюға болмайды.

Шейхуль-Ислам ибн Таймия былай дейді: «Кейбір жезөкшелерге ұқсап шашты бір өрім қылып екі иықтың арасынан жіберіп қою сияқты»[14].

Сауд- Арабия мемлекетінің муфтиі Мухаммад ибн Иброхим былай дейді: «Кәзіргі заманда мұсылман әйелдері (европа әйелдерінің істегендері сияқты) шашты бастың жанынан бөліп оны төбеге түйюлерін алсақ, оны істеуге болмайды. Өйткені бұл – кәпірлердің әйелдеріне ұқсау. Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) былай дейді: «Мен екі түрлі тозақтың адамдарын көрмеймін, (яғни олар пайғамбарымыздың саллаллаһу алейһи уә сәлләм өмір сүрген уақытында болмайды) олардың біреулері: қолдарына сиырдың құйрығына ұқсаған қамшы ұстаған қауым, онымен олар адамдарды ұрады. Екіншісі: киінген жалаңаш әйелдер, олар еркектердің назарларын өздеріне тартады және оларға өздерінің зейнеттерін көрсету арқылы олардың жүректерін пасықтыққа бұрмалайды, (яғни еркектерді өздерімен пасықтық істеуге шақырады) олардың бастары түйенің теңселген өркеші сияқты. (Яғни бастарын орамалмен немесе басқа нәрсемен орап, оны түйенің өркеші сияқты қылып қояды) Олар жаннатқа кірмейіді және оның иісін де сезбейді, расында жаннаттың иісі пәленше пәленше қашықтықтан білінеді»[15].

Кейбір ғұламалар бұл хадистің мағынасы жайлы: «Олар шаштарын жезөкше әйелдердің шашындай қылып қояды және басқалардың шаштарын да сондай қылады» - деген. Ал шашты бұлай етіп қою европа әйелдерінің және оларға ерген кейбір мұсылман әйелдерінің ісі»[16].


Әйел адамға шашын қажетсіз қысқартуы немесе қыруы тыйым етілгендей оған басқа шаш қосуы немесе жалғауы да тыйым салынады. Сахих Бухарий мен Мусимде келген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) шаш жалғаушыны және жалғатушыны лағынетеді». Өйткені бұл – жалған, бояма нәрсе. Сол сияқты бояма шашқа кәзіргі замандағы парик те кіреді.

Имам Бухарий мен Муслим және басқалары Мұғауияның Мединеге келгенде құтпа қылғанын риуаят етті. Сонда Мұғауия (оған Аллаһ разы болсын) бір түйір иірілген немесе бір тұлым шаш шығарды да: «Әйелдеріңе бастарына мына сияқты нәрселерді тағып не болды? Мен пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уә сәлләм): «Қандай да бір әйел басына басқа біреудің шашын тақса, ол алдау болады» дегенін естігем»-деді. Сол сияқты парик та адамның шашына ұқсайтын қолдан жасалған шаш, оны кию де алдауға жатады.

Б) Мұсылман әйелге қасын немесе оның кейбір жерлерін алу харам етіледі. Ол қандай жолмен болсын; қыру не кесу, немесе оны кетіретін заттарды пайдалану жолдарымен болсын оны алу харам болады. Өйткені бұл — пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оны істегенді лағнеттеген «ән-намсқа» жатады. Ақиқатында пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) ән-намисаны және әл-мутанаммисаны лағнеттеді.

Ән-намиса: ол өзінің ойынша әдемі болады деп қасын не оның кейбірін терген әйел.

Әл-мутанаммиса: ол осыны өзіне істеуді талап ететін әйел. Ал бұл шайтанның адам баласына соны істеуге бұйырамын деп уәде еткен Аллаһтың жаратылысын өзгертуге жатады. Аллаһ шайтанның былай дегенін айтты: «Мен оларға бұйырамын, сонда олар Аллаһ жаратқан жаратылысты өзгертіп-бұзады».[17]

Сахих Бухариде Ибн Масғұдтан (оған Аллаһ разы болсын) ол кісінің былай дегені риуаят етілді: «Аллаһ теріні шанышқылап, бояп әшекейлеген[18] және соны әшекейлеп беретін әйелдерді және қастарын жұлатын және оны жұлып беретін әйелді және әдемілік үшін тістерінің арасын ажырытқан, Аллаһтың жаратқанын өзгерткен әйелдарді лағнеттеді». Сосын ол кісі: «Аллаһтың елшісі (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) лағнеттеген адамды лағнеттемеймін бе, ол Аллаһтың кітабында бар ғой?!» - деді. Яғни Аллаһтың:


следующая страница >>