https://electroinfo.net

girniy.ru 1

ҚММУ Ф 4/3-04/03


ҚММУ БЕ 4/03


Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университет

Казақстан тарихы және әлеуметтік- саяси пәндер кафедрасы




ДӘРІС




Тақырыбы: «Жүйе ретіндегі ұлттық экономика. БҰДСЖ. БАДСЖ».

Пән: «Экономикалық теория негіздері»

Мамандығы: «5В13001-Жалпы медицина»

Курс: 1

Уақыт (ұзақтығы): 1 сағат







Қарағанды – 2014ж
Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

Хаттама №____ «____»_______ 2014 ж.

Кафедра меңгерушісі: Қ.А.Темиргалиев



  • Тақырыбы:« Жүйе ретіндегі ұлттық экономика. БҰДСЖ. БАДСЖ».

  • Мақсаты: қоғам дамуындағы ұлттық экономика және оның көрсеткіштері құрылымының, мемлекеттің жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық өнім көрсеткіштерінің мәнін түсіндіру, оларды өлшеу әдістерімен таныстыру, нарықтық ұлттық байлықтың құрамы мен құрылымын қолданудың қажеттілігін, орны мен рөлін анықтауға бағыттау. Мемлекеттік бағдарламаның мақсатын түсіндіру.

  • Дәріс жоспары:




  1. Ұлттық экономика түсінігі.

  2. Ұлттық экономиканың құрылымы.

  3. Ұлттық есеп жүйесі.

  4. Біріңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің мақсаты


Дәріс тезистері:

Ұлттық экономика ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді мақсаттардың және соғай орай фискалдық саясаттың стратегияларын зерттейді және олардың негізгі зерттеу объектісі болып табылады. Ұлттық экономика макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтау, экономикалық тәртіп пен экономикалық саясатты зерттейді. Ұлттық экономиканың негізгі мақсаттары келесідей: экономикалық өсу; экономикалық тиімділік; бағаны тұрақтандыру;


экономикалық еркіндік; табыстардың әділ салынуы; экономикалық қамтылу кепілдігі; сыртқы сауда байланысын нығайту.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;

инфляция мен инфляция қарсы саясат;

экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;

экономикалық дамудың циклдары;

ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады.

Ұлттық байлық - бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай - ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі.

Шабындықтар мен жайылым (162млн. га) көлемі бойынша Қазақстан Австралияны (450 млн. га), АҚШ-ты (320 млн. га) және Қытайды (234 млн. га) ғана алдына жібере алады. Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД- дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

Бұрынғы одақтағы мұнай қорының 9%-ы Қазақстан үлесіне тиесілі болса, ал әртүрлі бағалаушылардың пайымдауынша жалпы әлемдік мөлшердегі мұнайға ТМД үлесі 6-10% құрайды екен. Қазақстанда марганец рудасы (408 млн. т) қорының 13% шоғырланған және мөлшері бойынша тек АҚШ- ты (553млн. т), Украинаны ғана алдына салады.


Қазақстан әлемде хром рудасы қоры бойынша екінші орынды иеленді және республика 1990жылы жалпы одақтағы оны өндірудің 96,6%-ын игерген. Жалпы темір рудасы қоры (16662млн. т.) бойынша Қазақстан әлемде Бразилия, Австрия, Канада, АҚШ, Индия, Ресей мен Украинадан соң сегізінші орынды иеленеді.

Вольфрам қоры бойынша әлемде Қазақстан бірінші орынды, фосфор рудасы бойынша - екінші, ал қорғасын мен молибден бойынша - төртінші орында.

1990жылы бұрынғы Одақтағы 98,2% хромит, 81,7% барит, 64,7% фосфорит, 53% вольфрам, 38,5%-қорғасын, 29,5% молибден, 28,4% мыс, 22,1% боксит, 20,1%асбест, 13%марганец, 11,9% көмір және 9,7% темір рудасының қоры Қазақстан үлесіне келеді. Уран рудасы қорының көптігі бұрынғы Одақтағы уран өндірудің 56% қамтамасыз етті. Республика жерінде Менделеев кестесінің 60-тан астам ең белгілі элементтері табылған.

Қазақстанның ауқымды табиғи байлықтарын терең білу мен тиімді игеру - экономиканы дамытудың ең басты жағдайының бірі болып табылады, сондай - ақ елдің ұлттық байлығының үздіксіз өсуінің ең маңызды екендігі де рас.

Ұлттық байлық өзінің қолданылуы бойынша былай бөлінеді:

а) өндіріс - құрал жабдығына (еңбек құрал - сайманы, шикізат, материал мен табиғи ресурстар және

ә)тұтыну заттарына (тамақ, киім, тұрғын - жай және т.б.), ал өзінің туу тегіне қарай қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал - сайманын, шикізат, материал мен тұтыну құрал - жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер, су байлығы, орман және т.б.). Қоғам аса дамымаса, онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды. Ал, қоғам тым дамыса, онда оның материалдық негізін адам еңбегімен жасалған байлық құрайды.

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар. Елдерге материалдық игіліктердің заттай жиынтығы ұлттық мүлікті құрайды. Онда бұрынғы кезеңдегі барлық ұрпақ өміріндегі адамдардың қорланған еңбегінің бейнесі толық бар.

Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген, ескерілген және өндіріс процесіне тартылған ресурстар қоры енеді – пайдалы қазбалар, орман, су, гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұра – жай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.


Ұлттық байлықтың ең маңызды элементіне өзінің құрамы мен жеке салмағы бойынша ұлттық мүлікті айтамыз, оның үлесіне ұлттық байлықтың жартысынан астамы тиесілі болады. Ол өз бойына халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес қорларын, оның резервті қорын, тұрғындардың өз басының мүлкін енгізеді.

Өндірістік қорлар құрамына барлық еңбек заты мен құралдары енеді.

Олар процесс кезінде қалпына келген құралдарды игеру арқылы материалдық игіліктер процесінде қолданылады немесе қолданылуы мүмкін. Қызмет жасайтын еңбек заттары ғана ұлттық мүлікке енеді. Қоймада жатқан машина, станоктар немесе бекіту процесінде әлі негізгі қорлар бола алмайды және тек іске қосылған кезде ғана негізгі қорға айналады.

Халық шаруашылығының өндірістік емес негізгі қорларына тұрғын үй қоры мен ұлттық байлық элементтері жатады және олар өндірістік емес салаларда қолданылады (денсаулық сақтау, білім беру, ғылым, мәдениет және т.б.). Бұл қорлар тұтыну сипатына ие болады және тұрғындардың алуан түрлі тұтынулары мен қоғамдағы барлық өндірістік емес қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған.

Халық шаруашылығы резервтік қорының құрамына өндіріс құрал- жабдығы мен тұтыну заттары да енеді және олар кездейсоқ жағдайларда, халық шаруашылығының кейбір салалары дамуының жекелеген диспропорциясын және т.б. жою үшін резервтелген.

Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады және ол барлық ұлттық байлықтың шамамен 1\5 бөлігін құрайды. Тұрғындардың өз бастарының мүлкінің құрамына ұзақ мерзімге қолданатын заттар енеді –олар: үй - жиһазы, картина, жеңіл машиналар және т.б. Тұрғын үй, саяжайлар және басқа құрылыстар негізгі өндірістік емес қорларға жатады, ал ірі қара, омарта, ауыл шаруашылығы құрал - саймандары – негізгі өндірістік қор болып табылады.

Жоғарыдағы көрсетілген мәліметтерге қарасақ, ұлттық байлықтың басты элементіне негізгі қорлар (өндірістік және өндірістік емес) жатады және олардың үлесіне елдің ұлттық байлығының көп бөлігі келеді.


Мынандай көзқарастар бар: ұлттық байлық ұғымы материалдық емес құндылықтарды да – ақпарат, ғылым білім ауқымы, тұрғындардың мәдениет деңгейін және т.б. – қамтуы қажет. Шын мәнінде,ақпарат әлеуметтік - экономикалық процестер мен құбылыстарды моделдеу мен болжаудың негізі болып табылады. Нақты ақпарат көмегімен қоғамның экономикалық әлеуетін толық іске асыруға болады – кәсіпкерлік қызметті ақпаратсыз елестету мүмкін емес. Кәсіпкерлік қызметте экономикалық ақпараттың құны шексіз, сатылуы да мүмкін, дер кезінде өткерілмегендіктен уақыт бойынша құнын жоғалтады.Мысалы, АҚШ-та жыл сайын фирма ғылыми - техникалық ақпаратты қорғау үшін орташа10-15млрд.долл.шығын жұмсайды. Сондықтан да ақпарат өндірісінің негізі болып табылып, кез келген экономикалық жүйені дамытады және оның өсуін қамтамасыз етеді.

Ұлттық байлық өзінің аса маңыздылығына қарамай - ақ, оны біліп - бағамдаудың әлі кезге дейін қоғам тұтынысынан, экономиканың басқа да жұмыстарын жасау мәселері деңгейінен қалып отыр. Ұлттық байлықтың теориялық мәселелерін жасаудың кенже қалуына байланысты, оны болжау мен есептеудің партиялық сауалдары шешілмей отыр.

Алдағы уақытта ұлттық байлықты жетілдіру көбінесе оның сапалық жақсаруымен, табиғи байлықты тиімді игерумен, қоғамның қоршаған ортаны барынша сақтау қамқорлығымен, экологиялық қауіпсіздікті қолдау деңгейімен анықталады.

емлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.

Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).


Қоғамдық өндірістің макроэкономикалық көрсеткіштердің ең маңыздысы: жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс болып табылады. Белгілі бір мерзім аралығында ұлттык экономиканың қызмет етуінің нәтижесіне жалпы сипаттама беру үшін макроэкономикалық көрсеткіштер колданылады.

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады. Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ

баға индексі

Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өнімнің дефляторы деп атайды.

ЖҰӨ дефляторы = номинальды ЖҰӨ

нақты ЖҰӨ


  1. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

  • жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;
  • кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.


  • тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

  • таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы; І – жалпы инвестициялар,

Х – таза экспорт.

  1. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо

Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.


ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.

Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.

ЖТ = ҰТ – С+Т

мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;

Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс - тұрғындардың билігінде болатын табыс.


Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі 2008 жылы қазан айында мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әзірленді. Халықтың дамуы, нығаюы және өсіп- өркендеуінің ұзақ жылдарға арналған бағыт- бағдары 1997 жылы Қазақстанның 2030жылға дейінгі Даму стратегиясымен бекітілді.

Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу нәтижесінің қол жетімділігінің тетігі мыналар:


  • медициналық қызметті жеткізушілер үшін нақты экономикалық ынталар;

  • қабылданған шаралар нәтижесін бағалау үшін көрсеткіштер жүйесі және соңғы нәтиже бойынша медицина қызметкерлеріннің еңбекақысын төлеу;

  • республикалық және жергілікті бюджеттердің функциялық өкілеттіліктерін нақты бөлу;

  • денсаулық сақтау саласына инвестиция тарту;

  • жеке және қоғамдық денсаулық үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ортақ жауапкершілігі теңгерімін белгілеу тетігін енгізу;

  • сыбайлас жемқорлықтың түрлі элементтерін жоя отырып, ашықтық және бақылауға алу.

Бұл қабылданған бағдарлама денсаулық сақтаудың беделін көтеруге мүмкіндік береді. Ұсынылып отырған шаралардың басты идеясы денсаулық сақтау істерінің профилактикалық бағытын нақты басымдыққа көшіру болуы тиіс, жүйе науқасқа және соңғы нәтижеге бағдарланған қызмет көрсету сапасына қауіпсіздік кепілдігі мен жаңа деңгейі арқылы денсаулық сақтау саласына сенімділікті арттыру, мемлекет ресурстарын тиімді пайдалануды арттыру. Өз денсаулығының мәдениетін қалыптастыру, кадрлардың жаңа нысанын және еңбек уәжділігін қалыптастыру. Науқастың дәрігерді және медициналық ұйымды еркін таңдауына жағдай жасау бәсекелестіктің дамуына, медициналық қызмет көрсету үдерісінің айқындылығын көтеруге мүмкіндік береді. Денсаулық үшін ортақ жауапкершілікке негізделген жаңа қаржылық модельді енгізу медициналық қызметтерді ұсынушыларды, медициналық қызметкерлерін нақты экономиткалық ынталандыруға және осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың азаюына әкеледі. Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуді қаржыландыру жүйесінде түпкілікті қайта құру медициналық қызметтің сапасын және оның деңгейін мемлекеттік стандарттарға дейін көтеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан азаматтарының қолжетімді әрі сапалы медициналық көмек алу құқығын іске асыру мүмкін болады.



Иллюстрациялық материалдар: (қолданылмайды)


  • Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Шеденов Ө.Қ Жалпы экономикалық теория Алматы- Ақтөбе, 2002,2004


Қосымша:

1. Әкімбеков С., Баймұхаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория Оқу құралы.- Астана,2002


  • Бақылау сұрақтары ( кері байланысы):

Ұлттық экономиканың құрылымы қандай?

Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге не жатады?

Макроэкономикалық көрсеткіштер қалай есептелінеді?

Ұлттық есеп жүйесі дегеніміз не?

Жалпы ұлттық өнім қалай есептелінеді?

Жалпы ішкі өнім қалай есептелінеді?

Ұлттық табыс: өндіру, бөлу, қайта бөлу кезеңдері қалай жүзеге асады?