https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4 5

Word – Windows жүесіндегі құжаттарға мәтінді енгізуге, оларды редакциялауға, графиктерді безендіруге, суреттерді, формуларды, кестелерді, фото орналастыратын графикалық редактор.

Word іске қосу ПУСК + Программы + Microsoft Word.

Word-тан шығу – Файл + Выход. немесе ALT + F4

Курсорды мәтін бойынша жылжыту.

Курсорды құжат бойынша жылжыту үшін келесі пернелерді қолдануға болады:


  • ағымдағы жолдың басына қою

  • ағымдағы жолдың аяғына қою

  • құжаттың басына

  • құжаттың аяғына

Құжатпен жұмыс


  • Жаңа құжатты құруФайл + Создать + Обычный + ОК. немесе құралдар тақтасында «Создать» батырмасын басу.

  • Шаблон бойынша жаңа құжатты жасау - Файл + Создать + құжаттың типін таңдау (Письма и факсы, Записки, Другие документы, Web-страницы).

  • Құрылған файлды не құжатты ашу - Файл + Открыть, дискіден керекті файлды тауып оның атына екі рет шерту немесе құралдар тақтасында «Открыть» + ... батырмасын басу. WORD құжатының кеңейтілуі – .DOC

  • Басқа ашық құжатқа ауысу үшін менюден Окно + керекті құжатқа шерту. Немесе құжаттардың тізімін қарау үшін Ctrl + F6 пернелерді басу керек.

  • Тез сақтау– Shift + F12.

  • Құрылған құжатты сақтау– Файл + Сохранить как, құжатты сақтайтын қапшықты таңдау, «Имя файла» өрісінде құжаттың атын енгізу.

  • Автосақтау. - Сервис + Параметры + Сохранение + Автосохранение каждые және уақытты минутпен беру + ОК.


Қолданылған әдебиеттер [13-16], [18], [25-26], [27-28]


Тақырып 5 Кестелік процессор. Excel кестелік процессоры

Microsoft Excel-де кесте құру.

Microsoft Excel – кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.


  1. Жұмыс кітабы:

Excel құжаттары Книга деп аталады. Ол кез келген сан беттерден тұруы мүмкін.

    • Жаңа жұмыс кітабын құру: Файл – Создать.

    • Жұмыс кітабын сақтау: Файл – Сохранить как.. – сақтайтын қапшықты таңдау – атын беру – ОК. Excel құжаттарының кеңейтілуі “.XLS” болады.

  1. Беттер – жұмыс кітабындағы құжаттар.

Бет – мәліметтерді енгізуге арналған өріс. Бұл өріс бағандар және жолдар бойынша координаттары бар ұяшықтардан тұрады.

    • бетті қосу. Вставка – Лист

    • бетті жою: Оның атына маустың оң батырмасын шертіп, Правка – Удалить лист

    • беттің атын өзгерту: оның атына маустың оң батырмасын шертіп, Переименовать – атын енгізу – Enter басу.

  1. Ұяшықтар – кестенің координаталары бар элементі. М-ы: А1, ВК43. Ұяшықтар диапазоны қос нүктемен ажыратылады. М/ы: А2:А5

Ұяшықтар келесі типті мәліметтерді қабылдай алады:

  • Сандар, егер ұяшыққа сан толық симаса, оның орнына «#» символдары шығады.

  • Мәтін. Ұяшықтағы мәтін 255 символдан тұра алады.

  • Күн, уақыт. М-ы: 4-4 не 4/4 енгізсеңіз оны 4 сәуір болып есептейді, ал 10:00 таңғы сағат он деп есептейді. Excel – ді күндерді есептеуде қолдануға болады. Екі күннің айырмасын санауыңызға болады.

  • Формулалар. Формулалар «=» символынан бастап жазылады.

Жұмыс беті жол мен бағандардан тұрады.
  1. Абсолютті және салыстырмалы сілтемелер

Ұяшықтардың салыстырмалы адресі-бұл кестені беттің басқа жеріне көшіргенде өзгеретін адрес. Ұяшықтың абсолютті адресі-кестені беттің басқа жеріне көшіргенде өзгермейтін ұяшық адресі. Мысалы : $A$1 деп жазылады.Егер $ белгісі қойылмаса, адрес аралас болып есептеледі.Мысалы: Егер $А5 болса,А-тұрақты,ал жол номері салыстырмалы немесе А$3 болса,3 жолы тұрақты, ал А бағаны кестені басқа жерге көшіргенде өзгеріп отырады.

Беттерді байланыстыру

Excel-де 256 беттерді қолдануға болады.

Мысалы : = А1+В1 файлдар адрестер ағымдағы беттен алынады.

= Лист1! А1+ Лист2!В1- мұнда А1 ұяшығының адресі Лист1-ден алынады, ал В2 ұяшығының адресі Лист2-ден алынады.


<< предыдущая страница   следующая страница >>