https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 21 22 23 24 25 ... 27 28

Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №2


Тақырыбы: Delphi ортасының негізгі элементтері.

Мақсаты Delphi жобасының құрылымы, терезелік қосымша жасау этаптарымен танысу


Тапсырма


Тапсырма №1. Жүгіру жылдамдығын есептейтін программа құрыңыз



Тапсырма №2. м/с-ті км/сағ-қа түрлендіретін программа құрыңыз



Сұрақтар:


  1. Delphi программалау ортасы қалай іске қосылады?

  2. Delphi терезесі неше бөліктен тұрады?

  3. Компонеттің құрылымы қандай терезед көрсетіледі?

  4. Жобаны қалай сақтаймыз?

  5. Жоба программасын қалай іске қосамыз?


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Рысжанова А.С. «Нысанды-бағдарланған программалау» бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей, 2007 ж.- 8-32 бет.


Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №3


Тақырыбы: Қолданба дайындау және оның параметрлерін орнату

Мақсаты Delphi программалау ортасымен танысу. Жоба жасау және оларға өзгерістер енгізу.


Тапсырма

Таратпа материалдағы, өз нұсқаңыз бойынша(журналдағы реттік номерге сәйкес) берілген есептерге жоба құрыңыз


Сұрақтар:


    1. Delphi ортасының компоенттер палитрасының қызметі қандай?

    2. Форма терезесінің міндеті не?
    3. Объектілер тармағы терезесі қандай қызмет атқарады?


    4. Объектілер инспекторы терезесі қандай қызмет атқарады?

    5. Программалар коды терезесінің қызметі қандай ол форма терезесімен қалай байланысады?


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Рысжанова А.С. «Нысанды-бағдарланған программалау» бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей, 2007 ж.- 28-33 бет.


Таратпа материалдар:

Бұл есептердегі мәліметтердің типтері бүтін сандар

1. а-квадраттың қабырғасы берілген. Оның периметрін табыңыз:

2. а-квадраттың қабырғасы берілген. Оның ауданың табыңыз:

3. Төртбұрыштың қабырғалары a және b берілген. Оның ауданын: және периметрін: табыңыз

4. Шеңбердің диаметрі d берілген. Оның ұзындығын: табыңыз. -дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.

5. Кубтың а қабырғасы берілген. Кубтың көлемін: және оның жазықтығының ауданын: табыңыз.

6. Тікбұрышты параллепипедтің қабырғаларының ұзындығы: a,b,c берілген. Оның көлемін: және жазықтығының ауданын: табыңыз.


7. Шеңбердің R радиусы берілген. Шеңбердің L ұзындығын және S шеңбердің ауданын табу керек: және . -дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.

8. Екі a және b сандары берілген. Олардың арифметикалық ортасын табыңыз:

9. Екі теріс емес a және b сандары берілген. Олардың геометриялық ортасын табыңыз:

10. Екі нолдік емес сан берілген. Оларды қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін және жеке жеке квадраттарын табыңыз.

11. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері: a және b берілген. Оның гипотенузасын:с және периметрін табыңыз: және

12. Ортақ центрлі,радиусты ()екі шеңбер берілген. Осы шеңберлердің ауданын: , сонымен қатар сақинаның ауданын: табыңыздар: , , . -дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.


13. Шеңбердің ұзындығы L берілген. Осы шеңбердің радиусын: R және ауданын:S табыңыз. және .-дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.

14. Шеңбердің ауданы S берілген.Оның диаметрн және шеңбер ұзындығын L табу керек. және .-дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.

15. х1 және х2 нүктелері координаталарымен берілген. Осы нүктелердің сандық осьтегі арақашықтығын табыңыз: |x2-x1|.

16. Сандық осьте үш нүкте: А, В, С берілген. АС және ВС кесінділерінің ұзындығын және олардың қосындысын табыңыз.

17. Сандық осьте үш нүкте: А, В, С берілген. С нүктесі А және В нүктелерінің арасында орналасқан. АС және ВС кесінділерінің ұзындықтарының көбейтіндісін табыңыз.

18. төртбұрыштың қарама қарсы төбелерінің координаталары берілген. Төртбқрыш қабырғалары координат осьтеріне параллель орналасқан. Берілген төртбұрыштың периметрін және ауданын табыңыз.

19. Координаттары берілген екі нүктенің арақашықтығын табыңыз. Арақашықтықты келесі формула ойынша есептеңіз:



20. Үшбұрыштың үш төбесінің координаттары берілген. Оның периметрін және ауданын табыңыз. Үшбқрыш ауданын табу үшін Герон формуласын пайдаланыңыз.

21. А және В айнымалыларының мәнінің орындарын ауыстырып, А және В айнымалыларының жаңа мәнін эканға шығарыңыз.

22. А, В, С айнымалылары берілген. Олардың мәндерінің орындарын келесі түрде ауыстырып экранға шығарыңыз: А-ны В-мен, В-ны С-мен, С-ны А-мен.


23. А, В, С айнымалылары берілген. Олардың мәндерінің орындарын келесі түрде ауыстырып экранға шығарыңыз: А-ны С-мен, С-ны В-мен, В-ны А-мен.

24. х тің мәні белгілі, келесі функцияның нәтижесін анықтаңыз:

25. х тің мәні белгілі, келесі функцияның нәтижесін анықтаңыз:

26. Шеңбердің диаметрі d берілген. Оның ұзындығын: табыңыз. -дің мәні ретінде 3,14-ті пайдаланыңыз.

27. Кубтың а қабырғасы берілген. Кубтың көлемін: және оның жазықтығының ауданын: табыңыз.

28. а-квадраттың қабырғасы берілген. Оның периметрін табыңыз:

29. а-квадраттың қабырғасы берілген. Оның ауданың табыңыз:

30. Төртбұрыштың қабырғалары a және b берілген. Оның ауданын: және периметрін: табыңыз


Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №4


Тақырыбы: Delphi тілінің басқарушы құрылымдары

Мақсаты Шартты оператордың әртүрлі форматтарына есептер шығару, жоба жасау

Тапсырма Таратпа материалдағы, өз нұсқаңыз бойынша(журналдағы реттік номерге сәйкес) берілген есептерге жоба құрыңыз


Сұрақтар:


  1. Edit, Button, Label компоненттерінің қызметі мен айырмашылықтарын ата

  2. if, then, else, case операторларының қызметін түсіндір

  3. Негізігі терезенің атқаратын қызметі қандай және ол қандай бөлімдерден тұрады?

  4. Пиктографиялық батырмалардың қызметі қандай және олар қаншаға бөлінген? Қалай аталады?

  5. Компонент дегеніміз не?


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Рысжанова А.С. «Нысанды-бағдарланған программалау» бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей, 2007 ж.- 33-45 бет.


Таратпа материалдар:

1. х, у, z бүтін сандары берілген. max (2x, y, 4z)-ды есептейтің программа құр.

2. х, у, z бүтін сандары берілген. min (5x, 2y, 3z)-ды есептейтің программа құр..

3. х, у, z бүтін сандары берілген. max (х + у + z, xyz)-ды есептейтің программа құр.

4. х, у, z бүтін сандары берілген. min2(x + у + z/2, xyz) + 1-ды есептейтің программа құр.

5. х, у, z бүтін сандары берілген. min (x2 + у2, у2 + z2) -ды есептейтің программа құр.

6. х, у бүтін сандары берілген. х ≤ 0 болғандағы z = max (х, у) және х > 0 болғандағы z = min (x, у)-тың мәнін есептейтін программа құр.

7. х, у (х <> у) бүтін сандары берілген. Осы екі санның кішісін қосындыларының жарты мәнімен, ал үлкенің екі еселенген көбейтінділерімен алмастыратын программа құр.

8. х, у, z бүтін сандары берілген u = max (x, z)/min (y, z)-ты есептейтін программа құр.

9. х, у бүтін сандары берілген. z = max (x, y)/min (x, y)- ты есептейтін программа құр.

10.Үш бүтін сан берілген. (1,3) аралығында жатқан санды анықтайтын программа құр.

11. Бүтін сан берілген. Егер ол оң сан болса 1қосу. Кері жағдайда санды өзгертпеу. Нәтижені Label компонентіне шығару

12. А,В,Х  сандары берілген. ү және z функцияларының мәнін есептеу программасын жаз.

         

13. Кез келген екі сан берілген. Егер екінші саннан бірінші санның абсолют шамасы артық болса, онда бірінші санды беске бөлу керек, ал кері жағдайда өзгеріссіз қалады.

14. Бүтін сан беілген. Сан туралы ақпарат: нольдік сан, теріс жұп сан, теріс тақ сан, оң жұп сан, теріс жұп сан. Бұл ақпарат Label компонентіне шығу керек.

15. 1-999 аралығындағы бүтін сан берілген. Бұл сан туралы ақпаратты Label компонентіне шығару керек: жұп екі орынды сан, тақ екі орынды сан, жұп үшорынды сан, тақ үш орынды сан.

16. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Үшке бөлінетін санды табыңыз.

17. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Беске бөлінетін санды табыңыз.

18. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Тақ сандарды нольмен ауыстырып, сандарды Label компонентіне шығар.

19. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Жұп сандарды бірмен ауыстырып, сандарды Label компонентіне шығар.

20. a,b,c,d бүтін сандары берілген. Екіге бөлінетін санды табыңыз.

21. a,b,c,d реттелген бүтін сандары берілген. Үлкен санның реттік номерін табыңыз.

22. a,b,c,d реттелеген бүтін сандары берілген. Кіші санның реттік номерін табыңыз.


23. Үш бүтін сан берілген. Теріс сандарды олардың квадраттарымен алмастырыңыз.

24. Үш бүтін сан берілген. Егер үшеуі де теріс болса, олардың геометриялық ортасын, кері жағдайда сандардың өзін экранға шығарыңыз.

25. Үш бүтін сан берілген. Егер үшеуі де жұп болса, олардың арифметикалық ортасын, кері жағдайда геометриялық ортасын табыңыз.

26. Үш оң бүтін сан берілген. Бұл сандар тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары бола ма?

27. Үш бүтін сан берілген. Жұп сандардың үлкенің табыңыз.

28. Үш бүтін сан берілген. Тақ сандардың ішінен кіші санды табыңыз.

29. Төрт санның арасынан үлкенің табыңыз.

30. Төрт бүтін сан берілген. Жұп сандардың ішінен үлкенін табыңыз.

Студенттің оқытушымен бірге орындайтын өздік жұмысы №5


Тақырыбы: Object Pascal тілінде процедуралар мен функциялар дайындау.

Мақсаты Объект параметрлері, бульдік объектілер, объект типі. Сплайн түрлері, сплайн параметрлері.


Тапсырма

Таратпа материалда берілген тапсырмаларды әдістемелік нұсқауды пайдаланып орындаңыз.


Сұрақтар:


  1. Процедура дегеніміз не?

  2. Функция дегеніміз не?

  3. Процедура мен функцияны қай уақытта қолданған ыңғайлы немесе пайдалы?

  4. Процедураның сипатталуын көрсетіңіз

  5. Функцияның сипатталуын көрсетіңіз


Тапсыру формасы

Тапсырманы әдістемелік нұсқаға сүйене отырып орындаңыз, оқытушыға көрсетіңіз, қалай орындалғанын түсіндіріңіз. Жұмыс нәтижесін электронды нұқада оқытушыға тапсырыңыз.Берілген сұрақтарға СОӨЖ дәптеріңізге жауаптар жазу. Ауызша қорғау.

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

Рысжанова А.С. «Нысанды-бағдарланған программалау» бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқау, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей, 2007 ж.- 100-115 бет.



<< предыдущая страница   следующая страница >>